Бала мен келін
Жас өсіп, жарлы байымақ. Үлкен ұл үйленген соң, жеке
отауға шығады. Ортаншы бала да қара шаңырақтан іргесін
бөледі. Кенже бала ғана түп қазықта — әке-шешесінің қолында
қалады. Үлкендер айтушы еді, тұңғыш бала ата-анаға суықтау
келеді деп. Оның мәнісі үйі бөлектің күйі бөлекке саяды. Әке-
шешеге міндет артпай, өз күнін өзі көруге бірінші болып
кіріседі. Содан салқын тартады.
Үлкен бала өзімшілдеу келетіні рас. Ол бауырларына
256
әмірін жүргізуге бейім. Ортаншы да үлкен ағасына жақындау
болады. Кіші ұлдың мінезінде алдыңғы ағаларына қарағанда
кереғарлық байқалып тұрады. Кейбір үйдің кенжесі әке-
шешесіне арқа сүйеп алады. Саналысы сандақ болып шығады.
Ақылгөйлері қасында. Солардың айтқанын екі етпесе болғаны.
Шарап ішіп шатылып, ұрлық істеп ұсталып жатпайды.
Тәртіпті, тәрбиелі өседі кенже ұл.
Ал келіндер ше? Үлкендер айтып отырушы еді балаңның
адал болғанынан келіннің адал болғаны артық деп. Келін —
біреудің көзінің ағы мен қарасындай қызы. Келінмен ілесіп
ырыс келеді дейді. «Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан»
деген мақал келінге іш тартудан шыққан.
Келіннің ырысты болуы ата-енесіне, қосылған қосағына,
қайын жұртына байланысты. «Жақсы елге түскен келін —
келін, жағдайсыз әулетке тап келген келін — келсап». Ежелгі
халықтық үрдісте жаңа түскен келін қонақтарға шай құятын
дәстүр бар. Бүгінде бұл әдет мәнінен айырылған. Жаңа түскен
келінге шай құйдырып, қонақтарға қызмет көрсетуге
икемдегені — қайын жұртының үлкендеріне таныстырудың
жоралғысы. Ата-енелер «Келіннің қабағы ашық, қолы
берекелі екен» деп айтып жүреді.
Жас келіннің үлкендерге сәлем салуының өзі әдепке жата-
ды. Үлкенді сыйлауға тәрбиелеудің алғы шарты. Әдетте, жас
келін ата-енесінің есімін, әулеттің үлкендерінің, қайнағасы-
ның атын атамайды. Оларға ат қояды: «Үйдегі үлкен кісі»,
«етікші ата», «аңшы қайнаға» деп атайды. Қайындарына да
түрлі ат қояды. Олардың мінез-құлқын біліп алған соң байып-
пен бастайды. «Кенжем», «үлкен үйдің тентегі», «мырза жігіт»,
«сері қайным» деп ерекшелейді. Қайындарының мінез сипатта-
ры мен түр-тұлғасына қарата «дәу табан», «жүрдім-бардым
қайным» десе, қайынсіңлілерін «еркем», «танакоз», «кенже
қыз» деп еркелеткен.
Ескілікті ғұрыпта қазақ әйелі күйеуін әсте өз атымен ата-
маған, жанама ат берген. «Рысбаланың көкесі», «біздің үйдің
кісісі», «отағасы», «балалардың әкесі» деп ізет көрсеткен.
Мұның бәрі тәрбиеге жатады. Үлкенді құрметтеудің, жар сый-
лаудың халықтық үлгісі.
Тәрбиелі келін бәйбіше жасына жеткенде кішілерге жөн
көретеді. Ықпал етеді. Ұл-қызын әдептілікке тәрбиелейді. Өзі
отырған үлкен үйдің үлкен-кішісіне қамқор болады. Ізгілік пен
адамгершілік, мейірімділік - сыйластықтан бастау алады.
Өзгені сыйлаған келін өзін де сыйлата біледі. Тарихқа көз
жүгіртсек, елге тұтқа, әулетке ұйытқы болған талай аймаңдай
17-2628
257
келіндердің тәлімі кейінгілерге үлгі болып, халық аузында
аңызға айналған. Найман ұлысына қарасты сондай бір
шежірелік аңызға кезек берейік.
Найманның бес ұлы болған екен. Жаугершілікте бес ұлы
бірдей жау найзасының ұшында кетеді. Тоқбай деген баласы-
ның Әлпеш атты келіншегі жесір қалады. «Атамның атын
үзбеймін» деген келіні арғын, қыпшақ, керей жігіттерінен бой-
ын аулақ ұстайды. Қартайған атасы Найманға қыз алып береді.
Оны Әлпеш «Қызене» деп атапты. Сол Қызене Найманнан
жүкті болады. Алайда Найман баба болашақ тұяқ жалғарын
көруге үлгермейді, Алланың ақ бұйрықты ажалымен дүниеден
озады. Қызене ұл тауып, атын Белгібай қояды (Бұл атаны
«Өкіреш» деп те атайды. Онысы, Найман шалдың өкіріп-бақы-
рып жүргенде артында қалған белгілісі дегені). Белгібай он ал-
тыға келгенде әмеңгерлік салтымен қырықтағы Әлпешке
үйленеді. Екеуінен бір ұл туады. Әлпеш тоқтасып (бала табу-
дан тоқталғаны) қалғанын желеулеп, Белгібайға қыздай әйел
алып береді. Мұнымен де қоймай, үшінші әйелге үйлендіреді.
Белгібай осы үш әйелден үш ұл сүйеді. Найман ұлысы осы үш
атадан тарайды екен.
Ұрпақ жалғастығына дәнекер болған Әлпешті халық «Най-
манның ақнар келіні» атап кеткен. Күні бүгінге дейін ұрпақта-
ры оның рухына бас иеді. Осы Әлпеш сынды ақылды келіндер
әр руда болған. Қазақ халқының қара шаңырағын биіктетіп,
замана дауылына жықтырмаған қазақ әйелдерінің мерейі
әрдайым үстем бола бермек.
Әдетте, келін мен ененің арасындағы алакөздік көп айты-
лады. Үй ішіндегі ұрыс-керістің, түсініспестіктің себеп-салда-
рына тоқталып жатпаймыз. Өзегін жарып шыққан баласын
қай ана басқаға қиғандай. Тәрбиесіздеу, қытымыр келінінен
енесі баласын қызғанса, оған кешіріммен қарау керек. Мұндай
«қызғаныш» адам жанының құпиясына жатады. Оны жіліктеп,
талдау ұшқарылық. Бала тауып беріп, ернін жібіткен келінді
ене жек көрсе, өзіне сын.
Егер келін өзімшіл, қытымыр, қызғаншақ, байжанды,
мейірімсіз атанса, сордың жеңгені. Оған бір жағынан әйелжан-
ды, тоғышар отау иесі кінәлі. Келіншегінің құшағында балқ-
ып, ләззат мастығына батқан мырзамыз әке-шешені есінен
шығарып алуы бек мүмкін. Сондайда сыншыл ана шыдай ал-
май қатты айтады. Міне, мәселе қайда жатыр. Тоғыз ай, тоғыз
күн көтеріп тапқан, өсіріп ер жеткізген ұлы ата күші мен ана
сүтінің қадір-қасиетін білмей, мекер келіннің жолына айтып
жіберетіні жиі кездесетін жағдай. Мұңдайды атам қазақ: «Тоқ-
258
пағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді», — деп
емеуріндейді. Ынжық ұлды қайрағаны. «Бақпасаң мал кетеді,
қарамасаң қатын кетеді» деп және ескертеді. Еркектік сесі жоқ
ұлын әке-шеше «жадыбас» деп кекейді. Еркекке сұс, ызбар
жарасады. «Астындағы атыңа сенбе, қойныңдағы қатыныңа
сенбе» дегенді ұшқары пікір деу қисынсыз. «Баланы жастан,
қатынды бастан» дейді атам қазақ. Әйелдің өр мінезді болғаны
жарасымды. Алайда төрге өрлей бергені, ата-енесін тықсырып,
күйеуін билеп-төстей бастағаны жараса қоймайды. «Еркек —
бас, әйел — қабырға». Мына бір толғау еріксіз тілге оралады:
Атаң болса анаңмен,
Қоршап тұрған қорғаның,
Жақсы болса алғаның,
Ардақтысы ол жанның.
Әдемі-ақ қисын. Ақын (Қайып Айнабеков) термесін
тұздықтай түседі:
...Ақымақ бала алдыңда,
Көрініп жүрген жынмен тең.
Жаман туыс бір масыл,
Арқалаған құммен тең.
Кекесіні келіннің,
Езіп берген умен тең....
Өмір үнемі бір орында тұрмайды. Бүгінгі жас келін мен
үйленген жігіт ертең-ақ қыз ұзатып, келін түсіреді. Халықтың
алды — кең. «Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің» деп толғайды
ақындар.
Кейде ақындардың өлеңі ащылау келеді. Мақсат біреу —
қайтсе ұрпақты мейірімділікке тәрбиелеуге болады? Мейірім-
ділік — ізгіліктің бастау көзі, адамшылық арқауы.
Бала — бал тәттілігі таңдай қапқан.
Қасыңа алып жадырар иіскеп жатсаң.
Қылығы, еркелігі жаннан асып,
Секілді күміс шақша ашу басқан.
Бір сол деп аз ғұмырда тырбанасың,
Кейінге серпіп тастап жыр додасын.
Қасыңа солар үшін сойыл білеп,
Досыңның міне шауып ұрлап атын.
Бала үшін жалпыштанып надандарға,
Жүресің атқосшы боп жамандарға.
259
Өскен соң жетесіз ұл сүрейленіп,
Тездетер ажалыңды, амал бар ма?!
Құдайым сақтай көрсін надан ұлдан,
Бұрындау өлтіреді ажалыңнан.
Достарыңызбен бөлісу: |