«кемпір демеңдер, әже, апа деңдер» деп жастарға қатты
ескертеді. «Кемпірі бар үйдің кәпірі бар» деген қырыс сөз де
айтыдып қалады. Тегіннен шықпаған. Жүрегінде аналық
мейірімі аз, ұл мен қызына сүйкімсіз, келініне тынышсыздар
одан да зорғысы — «мыстан», «қақпас» атанған. Нағыз
жүрегіне мейірім тұнған, пейілі кең кейуананы немерелері «Ақ
әже» деп қастер тұтады. Аялайды, ардақтайды.
Үлкенді сыйлау — халқымыздың ұлттық қасиетіне жатады.
«Үлкені бар ауылдың иманы бар» деген қанатты сөз тегін ай-
тылмаған. Өкініштісі, бүгінгінің қарттары қадірсіз болып бара-
ды. Өтпелі кезеңнің салқыны тиді десек те, ата мен әженің
беделінің күрт төмендеуі олардың өздеріне байланысты. Кінәлі
өздері. Үлкендік жоқ көбісінде. Ішетіні арақ, тартатыны
темекі, айтатыны өсек болса, ондай қарияда қасиет болушы ма
еді? Шал мен кемпірдің қадірінің қашуына тағы бір себепкер —
ақымақ бала мен мекер келін, тас жүрек туысқан, тәрбиесіз
жастар.
Аталар мен әжелер ақылдың кені іспетті. Мұхаммед пай-
ғамбардың хадистерінде де айтылған. «Жасы үлкендермен
сұхбаттасып, ғұламалардан ақыл сұрап, халықпен араласып
тұрыңдар». Халықта үлкендікке байланысты нақыл же-
терлік. Ащысы да, ойлысы да бар. «Бөрі кәрісін жұлмалар»,
«Әкең қартайса құл жалдама», «Тарланды қойға мінбес бо-
лар»...
Ақындар қарттарды көп жырлайды. Жас ұрпақты мейірім-
ді болуға шақырады:
Ардагер көнекөздер көп жасаған,
Жаныңа одан жақын болмас адам.
Жаңылыс жардан озбай жаяуласаң,
Жүйрігін түсіп беріп жолға салған.
Жүреді ізбасарын карағымдап,
Береді болар ұлға бағаны нақ.
Батагөй қара шалдар, дана шалдар,
Тілеген мәңгі ғұмыр саған ұзақ.
Суын тап қалтақ шал деп айта көрме,
Таптырмас ақылшы ғой жайсаң ерге.
Тарланды қойға мінбес есті бала,
Бабын тап кәрі бозды салсаң өрге.
Опасыз пәни жалған бір-ақ күндік,
Кәрілік әлі-ақ жетер саған сырғып.
254
Достарыңызбен бөлісу: