Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет69/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

ХІІ. жөн-жосық 
Тарту-таралғы 
Үйге келген  қонаққа,  құдаға, сыйлас  құрбыға аттанарда үй 
иелерінің «Қалаған, сұрағаның бар ма?» деген ықылас, бұлжы-
майтын тәртіп бар  қазақ ғұрпында. Ондай ниеттен жалтарсаң, 
онда сарандыққа басқаның. 
Қалау - халықтың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайласа кіріккен 
байырғы рәсім. Бұйымтай -  қалап сұраудың жеңіл түрі.  Қонақ 
аттанарда отағасы мен бәйбіше тарапынан айтылатын ықылас. 
Ал  қалаудың жөні бөлек, келген адам бірдеңе  ұстай келеді. 
Қалағанын алу үшін жол-жоралғымен, өзіндік жөнімен ат ба-
сын туралайды.  Қоржыны тоқ болғаны жөн. Сонда қалап сұра-
ғанына  қолы жетеді. Мәселен, кіндік шеше перзентті болған 
ата-анаға жол әкеледі. Сосын барып  қалағанын сұрайды. 
Қалаудан жалтару  ұлттық үрдіске сыйымсыз.  Қалаудың да 
өзіндік ыңғайы бар. Әркім өз шама-шарқына  қарау керек. Бу-
ынсыз жерге пышақ  ұрып, жарлының жылтырағанына  қызығу 
— көрсеқызарлыкқа жатады. 
Әдетте, жомарт,  қолы ашық мырзалар жаяуға астындағы 
атын түсіп беріп жатады. Той-томалақта алған тарту-таралғы-
сын үлкендерге,  қасына ерген жолдасына сыйлайды. Бұл тар-
туға жатады. Алған олжасы мен сый-сияпатын ата баласына, 
көлденең көк аттыға тарту ету - мәрттік.  Ұлттық үрдіске жа-
татын кең  қолтық мырзалық деп осыны айтады. Хандар мен 
сұлтандар, белгілі ақсүйектер, елшілер сапарлап шыққанда, 
басқа жұрттың тақ иесі мен дуалы ауыз көсеміне тарту-таралғ-
ымен барған. Бұл рәсім бүгін де бар. Түрікменбашы (пре-
зиденті) Сапармұрат Ниязов 2001 жылы  Қазақстанға жұмыс 
бабымен келгенде, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына арғымақ 
әкелді. Бұл тартуға жатады. Тартудың  қайтарымы болуға 
тиісті. «Сыйға - сый, сыраға - бал». Тарту - кәденің төресі. 
Астындағы атын түсіп беру екінің бірінің  қолынан келе бере 
ме. Мұндай жомарттық жас 
ұ рпа қ т ы мәрттікке , 
еркөңілділікке, көпшілдікке баулиды. Дүниеқоңыз сараңдар 
тарту-таралғыны есепке  құрады. Сый-сыбағаның  қайтарымы-
на  қатты көңіл бөледі. Тым  қонағуар, асыра шашпалық та өз 
деңгейінде болуға тиісті. Мырза атанамын деген есеппен кім 
көрінгенге тарту әзірлеп, ашылып-шашылған адамды 
343 


«әсірежомарт дарақы» деп әжуалайды былайғы сыншыл 
көздер. Дарақылық мақтаншақтыққа жатады. Халық дарақы-
лықты ерсілікке жатқызады. Бүгінгі жаңа экономикалық 
қарым-қатынас, базарлық баға саясаты, бір сөзбен айтқанда, 
нарық заңы тарту-таралғы, сый-сияпат,  қайыр садақаның жо-
лын кесіп тастады. Жаппай сараңсу етек алып кетуі кәдік. 
Онда  ұлттық  қасиетімізге жататын кәде-жоралғымыздан көз 
жазып  қалуымыз бек мүмкін. Сондай сараңсудың алдын алу 
сан ғасырғы  қалыптасқан салт-дәстүр, жол-жоралғы үрдісін 
ұрпақ санасына сіңіру болып табылады. 
Дүние - дәнекер, онсыз өмірдің сәні енбейді. Адам пақыр 
дүниемен алданады аз ғұмырында. Бірақ /бүгінше долларға/ 
байлыққа  құнығып,  ұлттық ерекшелігіңді мансұқтап, жоғал-
тып алма десек,  құрғақ ақыл деп білмеңіз. Өмірдің өзегі - сый-
ластық. Сыйластыққа дәнекер - халықтық кәде-жоралғы, 
сый-сыбаға, тарту-таралғы. Онсыз ағайын-туыс, жора-жолдас 
арасындағы дәнекерлік бекімейді. Әлсірейді керісінше. Ең со-
рақысы, басқа  ұлттардың жағымсыз әдет-ғұрпына көзсіз 
беріліп,  қазақтық қасиетімізден алыстаймыз. 
Сыбаға - парыз-қарызы жоқ жоралғы. Кішілер тарапынан 
үлкендерге көрсетілетін  құрмет. Кәделі сый-сыбаға. Үлкен 
ауылға, сыйлы ел ағасына, әулеттің би атасына, үлкен шаңы-
рақтың иесіне, еркек бағалы бәйбіше мен ақ шашты анаға 
келіндері мен қыздары құрқол келмей, сыбаға әкеледі. Сыбаға-
ның бастысы кәдімгі  қыстан алып шыққан сүр ет, тәтті-дәмді 
дастарқан мәзірі болып келеді. Мал сойып әкелу де сыбағаға 
жатады. Оған  қосатын шапан-шақпыты, көйлек-көншегі бола-
ды. Атұстарын ерте келген келіндері мен қыздары сыбағаға ба-
сқаша  қайтарым дәметпейді. Бата сұрайды.  Қария ақ батасын 
береді немере мен жиеніне. 
Қазақтың кәделі асы — соғым сыбағасы. Біреуге біреу 
«Омыртқаңды, сыбағаңды жеп кет» деп жатады. Әдетте, үлкен 
шаңырақтан өрген үрім-бұтақ алыста сыртта жүріп, анасы мен 
жеңгесінің қолын сағынады. Соны білетін аңғарлы бәйбіше ба-
лаларына  қыстан алып шыққан сүр етін сары майдай сақтайды. 
«Сақтағаныңды ассаң, сағынғаның келеді» деген содан қалған. 
Сыбаға дәмету сұраншақтыққа жатпайды. Жуастау момын 
адамды «Ылғи да сыбағасынан  құр  қалып жүреді» деп 
мүсіркейді үлкендер. Ал сұғанақтарды жақтырмай «Ұялмаған 
бұйырмағаннан жейді» дейді. 
Қолқалаудың этимологиялық мәні тереңде. Өтініш білдіру, 
өтініш айта келуге келіңкірейді.  Қазақ  ұғымында  қолқа салу 
сирек айтылады.  Қолқалаған екенсің,  қалайда айтқаныңды 
344 
орындатуың керек, сұрағаныңды алуың керек.  Қолқа салған 
адамның  қиналып: «Буынсыз жерге пышақ  ұрдың-ау!» - деп 
дағдарғаны керек.  Қатар жүрген құрбың,  қимас досың, сыйлас 
жолдасың ғана саған  қолқа сала алады. Асылады, өтінеді. Ас-
тыңдағы атыңды,  қолыңдағы  қамшыңды  қолқалайды. Негізі, 
қолқа салу ерлер арасындағы  қарым-қатынасқа жатады. 
Қолқалау,  қолқа салу - өте ауыр шарт. Оны орындай  қой-
маған, тартынған азаматқа сын кәдімгідей. Достықтан кету 
қиынның қиыны. Мәрттіктің сыналар жері осы тұс.  Құдаласып 
қыз айттыру да  қолқаға жатады. Бұл рәсімнің шарты әрқалай. 
Мәселен, біреу мен біреу жүз шайысып қалғанда, ағайын арасы 
дүниенің боғына бола ашылып кетуге бет алғанда, құрбы-құрдас 
шекісіп  қалғанда, ара ағайындыққа жүрегін адам өкпесі  қабы-
нып, кетісуге бекінгенде  қолқа салып: «Бір ашуыңды маған 
бер!» - деп,  қиылып өтінеді. Кекшіл жандар  қолқалауға тоқтай 
қоймайды. Сондайда ара ағайындыққа жүретіндердің: «Ол өзі 
бір  қыңыр адам,  қолқаға тұрмайды», - деуі заңды. Сонымен, 
қолқа салу,  қолқалау мәрттікке, кісілікке сын  ұлттық  қасиетке 
жататын шарт екен.  Қастерлі де қасиетті үрдіс. 
Жоғарыда айтқанымыздай, сыбаға бірегей кәдеге жатады. 
Сыбағаны сұрамайды, дәметеді. Жол-жоралғы көш-жөнекей-
де, той-томалақта, аста,  құда шақырысып, келін түсіріп,  қыз 
ұзатқанда көрсетілетін сый-құрмет. «Жолымды бер, әкел!» деп 
сұрау жарасымды. Әсте-әсте өкпе-араздыққа  ұласпасын. 
Бүгінде «приз» деп аталатын сыйлық «жолға» жатады. «Жо-
лымды берсеңші, жолдан  құр  қалмайын» деп ескертіп, еске 
салу жарастықты. Сыйлықтан дәметкендер жолдасады. Дуалы 
ауыз билерге, үлкендерге жүгінісіп, бітісіп жатады. Жол-
жоралғының түрлері көп.  Құдалықта «киіт» делінеді. Жағалы 
киім, қымбат заттар кәдеге жүреді. 
Жолдасу дау-дамайға жатпайды. Әркімнің өз бағасы бола-
ды. Бағам түспесін дегендікке жатады жолдасу.  Қазақта ата ұлы 
деген бар. Ата  ұлы - кешегі жақсының көзі, аруақты атаның 
баласы, бүгінше айтқанда, еңбегі елге сіңген, өнерде бірегей 
атанған, халыққа  қайраткерлігімен танылған азамат. Сондай 
жақсы әкенің баласы жол /сый-сыбаға/ сұраса, оның несі айып. 
Ата-бабаларымыз аралас-құраластыққа  қатты мән берген. 
Сапарға шығып жолаушыламай шаруа бітпейді. Батыр ел ты-
ныштығын күзетіп, жер шолады, билер мен шешендер дау-да-
майды өршітпей, басалқы айтқан.  Қыз төркіндейді, жігіт 
қалыңдығына  ұрын барады. Сырт жұрттың адамына да айрық-
ша пейілді болғанбыз. Жолаушыға сыбағадан  қалдырмай үлес 
беру - айрықша кәдеге жатады. Көлденеңнен кезіккен көк ат-
345 


тылыға, жолаушыға аңнды байлау, той-томалақта сый-сияпат-
тан  құр  қалдырмау - ежелгі дәстүрге жатады. Жолаушыға 
жол беріп, сияпаттан  құр  қалдырмау - ежелгі ғұрпымыз. 
Қазақта жақсы сөз бар: «Қырықтың бірі -  Қыдыр», - деген. 
Қыдыр /Бәлкім,  Қызыр пайғамбар/ адамдарға ырыс-несібе 
сыйлайтын киелі адам деген аңыз бар халық арасында. 
Дәмету - орынды, өзімсінуге жатады. Мың сіз-бізден бір 
шыж-быж артық. Көңіл бір атым насыбайдан  қалады. Деген-
мен, әсте-әсте, үнемі сый-сыбағаға дәмету тілемсектікке жата-
ды. Тарту-таралғыға таласып, жолда  қалғандарды да көріп 
жүрміз. Халық ондайларға: «Аларманға алтау аз, берерменге 
бесеу көп», — деп ескертеді. 
Кісі үйге жай келмейді, дәметіп келеді.  Қымыз ішкісі кел-
ген шығар. Әйтпесе, базарлап  қайтқан үй иесінен базарлық 
дәметіп келуге тиісті. Болмаса,  қарны ашып, өзегі талған адам 
болуы да мүмкін. Әлгі адам үйден  құрауыз шықса, «тамағы 
іседі» делінеді. Емшекте баласы бар әйел болса, «емшегі іседі» 
делінеді. Үйге келген адамды  құр ауыз шығаруды жаман 
ырымға жатқызады үлкендер. Әйтсе де, төрге озғанды төредей 
күтудің де шекарасы бар.  Қонақтың да сыйсызы болады. Өз 
жөнін білмеген мейман сүйкімсіз  қонаққа жатады. Ондайда 
атам қазақ «Қонақ, өз үйіңде ойлай отыр» деп ескертеді. 
Жолаушылап келе жатып  қоналқаға ат басын туралаған 
жүргіншіні  қазақ «құдайы  қонақ» дейді. Аттан түсіп, төрге 
озарда бейтаныс адам «құдайы  қонақпыз» деп ескертеді. «Кел-
генше  қонақ  ұялады, келген соң, үй иесі  ұялады» деген 
аңғарымды сөз бейтаныс жолаушыға  қарата айтылған.  Ұлан-
байтақ далада етек-жеңін кең жайған халқымыз  қонаққа тар-
шылық жасамаған. Содан да «Өлім болжаусыз,  қонақ болжау-
сыз» дегенді үлкендер келін-кепшікке, бәйбішесіне айта түсіп 
отырады. Онысы  қонаққа деп сақтаған сыбағаңды түгесіп алма 
дегені. Аңғарлы бәйбіше,  қабақ баққыш жеңге, ізетті келін 
қонаққа деп дәмді сыбағаны іркіп  ұстаған.  Қонақты  қондыр-
май жібергендер әшкере болған. 
Ертеректе Арғын, оның ішінде  Қуандық, одан Алтай, оның 
ішінде Нұрбайға жататын Шөмішбай батыр Ақмоладан 
ауылына  қайтып келе жатып бір  қыстауға келіп ошарылса, 
есіктерін ашпай  қойыпты. Шәмішбай  қасындағыларға бұйы-
рып,  қораның  қақпасын бұздырады да, жемде тұрған сүліктей 
қос арғымақты жетекке алып, айсыз  қараңғы түнде ілгері оза-
ды.  Қалың қыс ортасы болса керек. Содан жүргіншілер суыт 
жүріспен  Қарағаштағы атақты би тоқа Телғозының Шоңының 
ауылына жетіп жығылады. Ертеңінде  қуғыншы жетеді. 
346 
Шөмішбай арғымақтың біреуін бауыздатып тастайды. Ат иесі 
биге жүгінеді. Сонда Шоң: «Ойда сен  қондырмайсың,  қырда 
мен  қондырмаймын. Сонда бұл Шөмішбай  қайда  қонады,  қай-
да  қонады?» - депті пышақпен кескендей етіп. Уәжден 
жығылған бай дымы  құрып, түк айта алмапты. 
Арнайы  қонақ - әр  қалай.  Қыдырмасы да болады.  Қыдыр-
ма - ел ақтаған, халық үстінен күнін көретін сыпайы  қайыр-
шы. Ондайды «кезбе» деп те атайды.  Қазақ халқының етек-
жеңі кең. Тегін  қонақасы, тегін түстеніс, тегін коналқа, тегін 
қымыз, тегін ас - тек ата-бабаларымызға тән жомарттық. Заң-
дастырылмаған үрдіс.  Ұшы-қиырына көз жетпейтін байтақ да-
лада селбесіп жан сақтаудың амалынан туындаған.  Қонақ кел-
се,  қолыңды  қусыр,  қойыңды сой. Жолаушыға ілтипат 
көрсетіп: «Жоғары шығыңыз!» - деп айтуға тиістісің.  Құдайы 
жүргінші тамағыңа  қарамайды,  қабағыңа  қарайды.  Қошуаға 
алмады деп өкпелеп кетеді. Сөзге  қалдырады. 
Бірде тарақты Тұяқ шешен уез орталығы Ақмолаға сапар-
лап бара жатып, бір үйге түсіп сусыңдамақшы болады. Байдың 
өр тоқалы қошуаға ала қоймапты. Келгендерге салқын қабақ та-
нытқан кісәпір әйелдің  қырпынан аңғарын байқаған би оның 
«отырмадыңыздар ма» деген немкеттілеу сөзіне шыдамай: 
«Сөзің бар болсын! Тақыр жерде мен отырмын, тарғақтай бо-
лып сен отырсың!» - деп етегін  қағыныпты. Етекті  қағыну 
ишарасы назаланудың белгісі.  Қазақ ғұрпында  қонақты дұ-
рыстап  қарсы алмау дәстүр-салтымызға кереғар одағайлыққа 
жатқызылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет