Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет70/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Қонақ һәм  қонақасы 
Қонаққа берілетін ас «қонақасы» делінеді.Ауыл арасының 
қыдырмасы алдына не  қойса, соны ішіп-жеп, барға  қанағат ету-
ге мәжбүр.  Қыдарма сыбаға дәметпейді. Оны да құр жібермейді 
үй иесі. Мал сойылмаса да, әлі ет асып береді. Шай  қойып, 
қымыз сапырады. «Қуыс үйден құр шықпа» деген сөз содан қал-
ған. Бүгінгінің қыдырмалары арақ дәметеді. Әлгінің үйіне барып 
едік, бір жарты құюға жарамады деп өсектеп кетеді. Арақ дәмет-
кен  құлқынқұмарды мейман деуге келмейді. Тілемсек десе бола-
тындай. «Қонақ  қойдан жуас, май берсе де жей береді» дегенде 
атам қазақ төрге шығып алып, міндетситіндерді меңзегені. 
Қонақасы арнап келген мейманға тиесілі. Ат сабылтып 
алыстан келеді. Жапсарлас ауылдардан да келе береді. Сәлем 
бере келдім деп сылтауратады. Ондайда үй иесі «сәлемшіл бол-
саң, жоғары шық» деп пейіл білдіреді. Өзімсінген сый  қонақ 
347 


сыбаға дәметеді.  Қонақасыға мал сойылғанын  қалайды. Бар 
адамнан ішіп-жегісі келеді. Сондай өзімсінудің соңы өкпе-араз-
дыққа  ұласады. Сараңсыған отағасының  қырпынан ішін танып 
немқұрайлығын бетіне айтады. Халық «Жоққа жүйрік 
жетпейді» деп ескертеді. Бардың сараңсығанын кешіре алмайды. 
Бірде жоғарыда айтылып кеткен Шөмішбай батыр тарақты 
Алтыбай байдың /1850-1916 ж.ж/ үйіне келе  қалады. Сараң 
бай батырды кәрі  қойдың етімен сыйлапты / «Кәрі  қой ептеп 
сойған байдың үйі,  қай жерінде кедейдің тұрсын күйі...» деп 
Абай осыдан айтқан ғой/. 
Шөмішбай батыр аттанып бара жатып: «Уа, Алтыбайым, 
мың  қара бас  қойды айдап,  құйрық-майды шайнап сен де 
өтерсің бұ дүниеден. Айбалтамды тарақтап, көрінгенді  қарақ-
тап мен өтермін дүниеден. Қош, Алтыбайым, қош!» — депті ат-
танып бара жатып. 
Қонақасы айрықша сыйға,  құрметке жатады. Ғұмыр-
тіршіліктің бір күнгідей болмай өте шығарын ата-бабаларымыз 
әрқашан жадында  ұстаған. Бір ішкен  қымыз, бір жеген ет ай-
лық азық, жылдық үнем болмайды. Әркім сыйластықтың 
құлы. Сөйткен Алтыбай бай да өтіпті өмірден. Көктемде соқ-
қан май боранда ықтаған  қойдың алдынан шығамын деп, бо-
ранда  қойды  қайырмалап жүргенде ат үстінде жүріп кетіпті. 
Жүрегін май басқан семіз адам болса керек. 
Дәстүрдің өмірге ыңғайластығы болады. Озығы мен то-
зығы болады. Халықпен бірге жасасып, дағдыға айналған сал-
тымыз бірегей үрдіске жатады. Бүгінде  қонақасы о дүниелік 
адамға  қарата айтылатын болды. Одан тартынудың жөні жоқ. 
Адам пақыр жарық жалғанда жатып та ішеді, тұрып та ішеді, 
сұлуды сүйеді, жорғаны мінеді. Көк  қақпалы үйге де кіреді. 
Жақсы мен жайсаңды төріне шығарып, төредей күтеді. Келген 
қонаққа жайылып төсек, иіліп жастық болады. Кедейлігіне 
қарамастан мырза атанады.  Қонақуарлығымен жақсыатты бо-
лады. Сөйткен пақырыңыз да күндердің күні дүниеден озып, өз 
үйіне өзі қонақ болады екен. Арысы өліп аһ ұрған туыс-туғанда-
ры марқұмды жерлеуге  қамданады. Діни ғұрыпта /Исламда/ 
кісісі өлген үйден үш күнге дейін дәм татуға болмайды.  Қазақ 
салтында бұл тәртіп оғаштау. Ойдан-қырдан жиналған жақын-
жуық жора-жолдасты  қалайша аш жібереді? Және олар жана-
заға жиналған ағайын-туыс марқұмның азасына деп шапан-
шақпыт әкеледі, ақша  ұсынады. Сол себепті өз үйіне өзі  қонақ 
болып оң жақта жатқан марқұмның  қазасына арнап берілетін 
асты «қонақасы» дейтініміз былайша, салтымызға жат емес. 
Құдайы  қонақ та  қонақасы дәметеді. Ішіп-жесе, мақтап 
348 
кетеді. Бір жолы қаракесек, оның ішінде керней Жарылғап ба-
тырдың  ұрпағы Бейсейіт бидің баласы Нұрлан мырза жолау-
шылап келе жатып бір ауылға аялдап, ат шалдырады. Түскен 
үйі жоқ-жітіктеу екен. Отағасы жалғыз сиырдың бұзауын 
сойып тастапты  қонағына. Үй иесінің мәрттігіне риза болған 
Нұрлан келесі бір жолы кедейдің жомартына сәлемдемеге бір 
көген мал айдатып жіберіпті. 
Қонақасыдан жығылмау — мәрттікке жатады  қазақ 
ғұрпында. Бар мәзір, жоқ жайға ризаланбай жоқтан ілік шыға-
ратындар кесірлі  қонақ делінеді. «Қонақ кесірленсе, астан 
қағылады, жолаушы  ұйқышыл болса, аттан  қағылады» деген-
дегі аңғарды түсінген жөн. 
Құтгы  қонақ түскен үйіне  қуаныш ала келеді. Шаттыққа 
бөлейді шаңырақты. Шай  құйған келінді мақтайды. Тағамың 
дәмді екен деп жылы шырай танытады.  Қонаққа үйір балаға 
ертегі айтып беріп, жиналған  қауымға ғибратты сөз арнайды. 
Ескілікті әңгімені жырдай толғап, тәрбиелік мәні бар әңгімеге 
дес береді. 
Ас ішіліп болған соң,  қонақ кәдеге кезек тиеді. Мейман 
өнерін паш етеді. Домбыра шертіп, ән салады. Өнерден мақұрым 
қонақты аяғына шалма іліп, арқалыққа асып қою, әйтпесе, шамға 
қарап кісіне деп шарт  қою әбестікке жатпайды.  Ұяңдау жас 
қонақты үйдегі келіннің атын ата деп мазақ етуі-де жарасымды. 
Желінген етті, ішілген тамақты бойға сіңіріп, аздап теріні кеңітіп, 
жүйкені жайландырудың амалы «қонақ кәдеге» жатады. Тамақты 
іше салып жатсаң,  қан айналысың бұзылып, жүрекке салмақ 
түседі. Ұйқың бұзылады. Соны жақсы білген ғой атам қазақ. 
Төр —  қастерлі орын. Есіктен бас сұққан кісіге «жоғары 
шығыңыз» деу бұлжымайтын тәртіп. Үй иесі олай демесе, кел-
ген кісіні  қошуаға алмағаны. Кісіні табалдырықтан оздырмай, 
босағадан жіберу — жаман ырымға саналады. Асығыс жүрген-
дер де тізе бүкпей кетпейді. 
Ерте замандарда, жаугершілікте, тосын табиғат апатында, 
қаралы жағдайда, ел шетіне жау келгенде суық хабарды үй-
үйге бас сұғып, ишаралайтын болған. Бірден айтса, бала-шаға-
ның зәресі  ұшып, жүрегі  қозғалар деп шетін жайды үнсіз 
мәлімдеген. Үйге бас сұққан хабаршы /жаушы/ екі  қолымен 
есік керіп, әйтпесе, табалдырық басып ишаралайды екен. «Та-
балдырығымыз жаттың табанына тапталып, есігіміз жабылып 
қалатын болды» дегені. Әдетте, балаларға үлкендер «есік кер-
ме, табалдырық баспа» деп жатады. 
Үйге келген мейман төрге озуға тиісті.  Қазақ ғұрпында 
жас адам, келін мен бойжеткен, сары қарын бәйбішелердің өзі 
349 


төрге шығуды ерсі көреді. Онысы - төрді  қастерлегені, шаңы-
рақты сыйлағаны. Төр, негізінде, үлкендерге,  қонаққа тиесілі. 
Қонақ та төрге байқап-байқап шығады. «Есіктен кірмей жатып 
төр менікі» деп омыраулаған  қонақ төрде отыруға лайықты бо-
луға тиісті. «Жаман мал жершіл келеді, жаман адам төршіл 
келеді» дегендегі аңғарымда көп мән жатыр. Жадағайлау дара-
қыны: «Аяғы жаман төрді былғайды, аузы жаман елді былғай-
ды, арты жаман көлді былғайды», - деп тіке уытты сөзбен 
түйреп тастайды. Өз үйіне өзі  қонақ болып келгенге кекірейе 
қарайтындарға: «Түрікмен төрін бермес», - деп емеуріндейді. 
Сонымен, төрге озу бір жағы  құрмет, бір жағынан сын. 
«Төріме шығып, текеметімді тіліп, тұнығымды лайлап кетті» 
дегізбес үшін қонақтың сыпайы, сыпа болғанына не жетсін! 
Кісіні арнап шақырудың орны бөлек. Шақырумен төрге 
шыққан  қонақ етек-жеңін кең тастап, емін-еркін ішіп жейді. 
Шақырудың, кәделеудің жөні ерекше. Әдетте,  қонақты бала 
жіберіп шақырту оғаштыққа жатпаған. Осы күні ондай әдетті 
немкеттілікке жатқызады. Өзі шақырмай, баласын жібергені 
несі деп кекірейеді кейбір кісімшіл. Балаға  қонақ шақырту-
дағы мақсат - адамдармен араласып, жөн-жоба көрсін, үлкен-
дерден бата алсын дегендегісі. 
Хош, сонымен, шақырудың кәдесіне тоқталайық... 
Ауылға көшіп келіп ірге  қосқан таныс-біліс, туыс-туғанды, 
сырт ағайынды, атасы бөлек бөгдені кәделеп дәмге шақыруды 
«ерулік беру» дейді. Ерулікке шақырмау - білместікке, жөн-
жобаны  қаперіне алмайтын сараңдыққа жатады. Ерулік беру-
ден жалтарған әшкереге  ұшырап, ақсақалдардан сөгіс алған. 
Ерулік бермегендер бір-бірімен өкпелесіп жүріп, ат  құйрығын 
кесісіп те жатады.  Қазақтың бөлінбейтін еншісінің бірі ерулік 
екенін бүгінгі озық ойлы азаматтар да  қаперден шығармасын. 
Ерулік беру - таныс-білістіктің дәнекері. Бұл кәдені мансұқ-
тау -  ұлттық үрдістің бір шегесінің майысып  қалуымен бірдей. 
Қазақта өзге  ұлттың аузынан шықпаған ішті сөз бар. «Таспен 
ұрғанды аспен  ұр» деген. Исламның бір парызы -  қайыр-са-
дақа беру. Оны «малдан — зекет, астан -  құшыр» дейді. 
Құдайыға шақыру осыған жатады. 
Әдетте,  құдайы беру мынадай себептерден туындайды: Үй 
иелері басына шаңырақ көтеріп жаңа үйге кіргенде. Жұрт жа-
ңалап соны еріске орныққанда. Басқа жаққа көшетін болған-
да. Жүйрігі бәйгеден келіп, баласы оқуға түскенде. Бір  қатер-
ден аман қалғанда. Көрген түсін ырымдағанда. Өлгендер түсіне 
енгенде. Малы жоғалып табылғаңда, ауырып жазылғанда. Ба-
ланы сүндетке отырғызғандағы той. Мектеп есігін ашқандағы 
350 
тілашар кәдесі. Астына көлік мініп, жаңа үйге кіргендегі қоныс 
тойы. Өлген адамның жетісі, қырқы және жылын беру, т.т. 
Құдайы беру - сыбағаға жатады. Астан берілетін сауапты 
садақа. Жаратушы иеден тілек тілеп, бар мәзір, жоқ жайды да-
старқанға жаю жарасымды. 
Құдайыға келген адам үй иесінен жол-жоралғы сұрап, 
дәметпейді. Келгендерге ырымдап шапан-шақпыт, жыртыс 
/орамал, байлам/ берем десе, оған жол ашық. Шақырған үйге 
бірдеңе  ұстай келу (шашу әкелу, ақша  ұсыну) ежелден бар 
үрдіс. Әсіресе, бәйбішелер, шешелеріміз шақырған үйге 
құрқол баруды қолайсыз санаған. 
Құдайыға шақырылғандар артық сөзге,  ұрыс-керіске, бір-
біріне өкпесін білдіруге тиісті емес. «Құдайы асты бидей 
сөйлеп,  құлдай  құлдық ұра отырып ішсе» сауабы артады. Дас-
тарқанға жиналғандар ән салып көңіл көтерсе, оның айып-
шамы жоқ. Әсіресе, тілек айтып, бата беру үйлесімді. 
Бата 
Бата - үлкендік жол. Үлкеннен кішіге ықылас. Үлкеннің 
батасын алу - балаға, жастарға мерей. Бата берудің жолы сан 
тарам. Ығыты мен  қисыны әрқалай. Сойылатын малдың 
(қонаққа,  құдайыға, асқа, соғымға, тойға) аяғы буыларда «Сен-
де жазық жоқ, менде азық жоқ, бұйыртып жегізе көр» десе жа~ 
расымды. «Алланың ырзалығы үшін осы  құрбандықты бастың 
амандығына, малдың түгелдігіне деп шалдық,  қабыл ете көр» 
десе де олқы соқпайды. 
Ас  қайыру - дастарқанның  құрметіне берілетін бата. Та-
мақ ішіліп болған соң, үй иесі  қонақтарға ықылас танытады. 
Батаның мазмұны бата берушінің ниетіне орайласып,  қысқа да 
нұсқа айтылуы тиісті, Жаттанды, жайдақ бата адамды тартпай-
ды, ығыр  қылады. «Асқа адалдық, басқа амандық берсін» деу 
де үйлесімді. «Бай дәулетін, пайғамбар берекесін берсін» десе 
де жарастықты. Бата берудің бір қалыпқа түскен нұсқасы жоқ. 
Әрқалай айтылады. Нағыз жүректен шыққан тілек  қарапайым 
болса да, ойға қонады. 
Бата беру - тойбастар емес. Әйтсе де, оның да өзіндік 
тәртібі бар. Үй иесі кімге ыңғай берсе, сол беруге тиісті бата-
ны. Дуалы ауыз  қарияға жол ашық. Ақ шашты әжеге де бата 
беру жарастықты. Әдетте, үлкендер, бүгінше айтқанда, зият-
керлер соңынан ерген шәкіртіне, інісіне, әйтпесе, дарынды 
жасқа тілегін айтып, жол болсын деп тілек білдіреді.  Ұстазы 
шәкіртіне жақсы сөз айтса да, батаға жатады.  Қысқасы, бата -
351 


«жақсы сөз - жарым ырыстың» жоралғысы? Үлкеннің батасын 
алу, бүгінше айтқанда, марапаттың төресі. Үлкеннен тілек тілеп, 
жолашар дәмету естілікке жатады. Содан халқымыз «Баталы ұл 
— арымас, батасыз ұл — жарымас» деп емеуріндейді (Біз «құл» 
сөзін «ұл» деп бейімдедік, оқырманға түсінікті болсын деп). 
Көңілде тиянақ болмайды - өзгермелі. Көңіл бір атым на-
сыбайдан да  қалады. Жол-жоралғы, сый-сияпатқа да 
өкпелеушілер табылады. Тарту-таралғыны  қомсынады. Керек 
десеңіз, батаны да  қомсынатындар бар.  Қомсынуды ушықты-
рып, дау-дамайға ұластырып жіберетіндер де бар. Көңіл толма-
удан, сыбағаны  қомсынудан ел  құлағында  қалатын өлең-жыр 
да туындап жатады. 
Қаракесек ішінде Кәрсеннің аралбайына жататын 
Сәрінжіп ақын /кезінде Сәкенмен сөз  қағыстырған/ ағайыны 
Ақбұзау байдың үйіне түстенуге барады. Байдың сараң 
бәйбішесі ақынның сыбағасын жөндеп бермепті. Соған ша-
мырқанған Сәрінжіп: 
Ақбұзау, бұзау емес, торпақ болдың, 
Ішінде тамам кәрсен қорқақ болдың. 
Асқаның көзің қиып жалғыз жауырын, 
Оған да өзің келіп ортақ болдың, — 
депті. 
Төрге шыққан  құдайы мейманға мал сөюға ниет еткенде, 
отағасы малды бауыздамас бұрын  қонақтан бата сұрайды. 
Қонақ өзіне арнап сойылатын малды көріп тұрып бата береді. 
Малды келген  қонақтан бата сұрамай бауыздап тастау 
білімсіздік саналған. 
Қойын сойып,  қолын  қусырған отағасы тарапынан да  қом-
сынған сыңай байқалып  қалады. Сондайда үй иесі  қонағының 
қырпын бағады. Сый  қонақ дәм  қайырып, дастарқанға бата 
жасағанда: «Бар пәле, жоқ жәледен сақтасын!» — деп  қысқа 
ғана  қайырыпты. Отағасы: «Осындай да бата бола ма?! — деп 
қомсыныпты. - Бар пәлесі жөн, жоқ жәлесі несі?!» 
Қонақ әлгінің сөзін  ұстап  қалады. Үйге келіп сүйкенген 
атты серігіне нұсқап, «көре салшы» депті. Аттың күрек  т і с і сы-
нған, кетік екен. 
Ет желініп,  қымыз ішілген соң, отағасы ескілікті тәртіппен 
қонағының нендей бұйымтаймен келгенін сұрапты.  Қонақ жай-
жапсарын түсіндіріп, мана үйге келіп сүйкенген аттың түр-түсін 
қолмен қойғандай етіп айтып береді. Атты барып көріп, осы деп 
нұсқайды. Ауыл ағасы шала бүлініп: «Өзімнің төл атым!» — деп 
жеңістік бермейді. Мейман да сынбай, қиықтана түсіпті. Жоқты 
352 
қисындырып, үй иесінің ит жынына тиіп, әлек шығарады. «Осы-
дан екі жыл бұрын  қасқыр  қуып келе жатқанда жануар оқыс 
сүрініп, тасқа жығылып, алдыңғы күрек тісі опырылып кетіп 
еді» деп төндіреді ғой. Шарасы таусылған ауыл ағасы аттың тісін 
көріп жіберіп, отыра кетіпті.  Қонақ ішерін ішіп, жерін жеп, 
қымызға әбден  қанып алған соң, жоғалтқан атын жетекке алып 
былай шығыпты да, қайтып келіпті. 
«Уа, мырза! Сен ғой, бағана менің берген батамды қомсын-
дың, - депті ширығысты үнмен отағасына  қарап. — «Жоқ 
жәлесі несі» деп күңкілдедің. Жоқ жәле деген осы болады, 
қисынын келтіріп жәле жауып едім, ақ адал малыңды  қолың-
нан тартып әкеттім...» 
Ықылас-ниеттен, сыйластықтан туындаған тілек-бата 
жөнімен айтылса, орынды. «Жақсы сөз - жарым ырыс». Жоқ-
тан өзгеге сұғынып, сұраншақтану, тілемсек ниетте тілмәрсу — 
батаның бағасын түсіреді. Шешендер мен тілмар  қариялардың 
бүгінгі берген батасы ертеңге жарамай, тыңнан туындатады 
екен. Бұдан дәстүрлі,  қалыптасқан, классикалық батаны манс-
ұқтау деген ұғым тумаса керек. Тіршілікте өкпе-араздық, 
түңіліс-нала болмай  қоймайды. Алладан соңғы адамға ең жа-
қыны - әке-шеше. Ата-анасын налытқан, оларды сыйламаған 
балаға екі дүниеде жақсылық бұйырмайды. Бұл - дәлелденген 
шындық. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді». Бүкіл әлемнің 
қожасы - Жаратқан иені танымай, танау көтеру - надандық-
тың ең асқынған түрі болса, ботадай үлпілдетіп әлпештеген 
ата-анаңды өз  қолың өз аузыңа жеткен соң, көзге ілмей,  қар-
тайғанда оларға  қолұшын бермей, бағып-қақпасаң, тасжүрек 
атанасың. Атаның күшін, ананың сүтін ақтамағандардың 
тіршілікте жүзі шіркеулі болса, о дүниеде жазасы тіптен ауыр 
екен. Бұлайша таусыла сөйлеуіміздің мәнісі — теріс батаға бай-
ланысты. Әке-шеше бауыр еті — баласына  қарғыс айтпаған. 
Әсіресе, ананың алды кең келеді. Содан да «Атаның қарғысы -
оқ, ананың  қарғысы - боқ» делінеді. Айғайы ауладан озбай-
тын шешенің қадіріне кім жеткен?! 
Бұрынғы замандарда әке  қарғысына  ұшыраған  қара 
жүректі елден бездіріп жіберген. Мойнына  құрым киіз іліп, 
жұртқа әйгілеген.  Қайырымсыздық былай  қалып, әкеден 
төмен туған ынжық  ұлды да халық жаратпаған. «Жетесіз, ата-
дан  қор туған ынжық» деп кейіген. Есер, әңгүдік, алаңғасар-
ларды: «Жау танымас жаман неме!» — деп таңбалаған. Ақын-
дар және жырмен түйреген. «Ақымақ бала алдында көрініп 
жүрген жынмен тең» деп таусыла термелеген. Кейістіктің ең 
жаманы — «Балаңнан тап!» 
23-2628 
353 


Ата-бабаларымыз кең пейіл келген ғой. «Кең болсаң, кем 
болмайсың» деп өкпе-араздықты жуып-шайған. Кешірімді 
болғанға не жетсін! Шектен шыққанның жазасы — теріс бата. 
Теріс батаға тоқтамағандар, оның асқынған түрі -  қарғысқа 
ұшыраған. Қарғысты елемейтіндерге түңілгенде «Құдайдан 
тап! Аруақ атсын!» деп назаланады. 
Теріс бата шарасыздықтан туындаған. «Жаны күйінген 
тәңірісін  қарғардың» кері. Ру мен  ұлысқа, керек десеңіз, ха-
лыққа таңба болып  қалған теріс бата. Ежелгі әдебиет 
үлгілерінде, шежіре деректерде молынан сақталған. Арғын, 
оның ішінде  Қуандық, одан Алтай, одан Мойын, одан 
Аманқұл, Рақпанқұл, Сарша, Саңай,  Қареке, Мұрат тарайды. 
Рақпанқұлдан-Әлібек,  Қалыбек туады. Әлібектен Аралбай, 
Сармантай, Ботақан, Барақ, Бекше туады.  Қалыбектен - Ал-
тыбай, Атаң, Талас,  Қараша тарайды.  Қарашадан тоғыз туған. 
Қараша заманында бай болыпты. Киелі адам екен.  Қарашаның 
үйір бастайтын  құтпан айғырын ағайындары Ботақан мен Ба-
рақ байға ерегесіп сойып алыпты. Назаланған  Қараша бай 
екеуіне: «Егіз екі болма, екі үйің  қатар  қонба» деп теріс бата-
сын беріпті дейді. Содан, Мойыннан тарайтын Алтайдың бір 
бұтағы Ботақан мен Барақтың тұқымы өспей  қалыпты. Ақса-
қалдар күні кешеге дейін айтатын еді осы аңызды. Ондағысы -
табалағандық емес, теріс батадан жас  ұрпақты сақтандыру. 
Тарақты Байғозы батыр /1705-1803 ж.ж/  ұзақ жасаған. 
Кіндікті. Төрт әйелден туған балаларының бәрінен де  ұрпақ 
бар. Бір әйелінен тарағандар аурушаң келеді,  қолы-басы жы-
бырлап,  қалтақтап отырады дейтін үлкендер. Батыр бір әйелінің 
үйінде қона жатқаңда, күңдестікке берілген екінші бір әйелі ба-
тырдың үстіндегі көрпесін жұлып алыпты. Батыр назаланып: 
«Тұқымың адам емін таппас ауруға  ұшырасын!» - деп әлгі 
әйеліне кейіпті.  Қол-аяғы селкілдейтіндер  қызғаншақ әйелінен 
туған балалары екен. Мұндай мысал айта берсе өте көп. 
Ақ  қашып,  қызыл  қуған кеңестік кезеңде кедейден шық-
қан шолақ белсенділер бай-жуандарға,  қожа мен молдаға, 
текті атаның балаларына айтуға ауыз бармайтын небір  қиянат-
ты көрсетіп баққан. Жазықсыз атып, асқан. Сондай  қандықол 
әпербақандардың көбісі өз жазасын тартты. Біразы  ұрпақсыз 
өтті. «Жалғанның  қысасы ақыретке кетпейді». Кімде-кім 
біреуге қылған қиянатын тіршілікте өткереді. 
Теріс бата — өшпейтін таңба, баланың баласына кететін 
жаза. Жас  ұрпақ қарғыс емес, алғыс алуға бейім болсын.  Қар-
ғыстан сақтансын. Теріс бата - өзің былай  қалып, тегіңе таң-
ба.  Ұрпағыңа мін, адамшылық дидарыңа жағылған қара күйе. 
354 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет