XIII. ТЫНЫМ-ТЫНЫШТЫҚ
Құштарлық
Өмірдің қозғаушы күші - құштарлық. Құштарлықсыз
тірлік мәнсіз. Ынтасыз жұмыс өнбейді, қолға алған ісіңде бе-
реке болмайды. Құштарлық пен ынта адамды алға құлшынды-
рып, жігерін өткірлейді. Жігер — адамды жарыққа бастайды.
Жарық — сенің бағдарың. Жарық - ғұмырың. Бір қатерден
аман қалғанда, басыңа іс түскен адамды «көрейін деген жа-
рығы бар екен» деп мүсіркейді. Жарықтың ұлғайған түрі —
сәуле. Сәулені бейнелеп құштарлыққа, жігер-қайратқа, ақылға
балаймыз. «Сәулең болса санаңда, мына сөзге құлақ сал» деп
жастарға өсиет айтады үлкендер. Санасына сәуле түскен жан-
ның көкірек көзі ашылып, білімге, еңбекке құлшынады. Түтін
түтегіп, үйлі болуға қам жасайды. Перзентті болып, өнік шаш-
сам дейді. Тырбанады, ізденеді адам пақыр. Кәсібін шындап,
дәулет жияды. Тырбаныстың түпкі мақсаты - жан сақтау.
Жан асырау оңай шаруа емес. Біреуге масыл болмаймын де-
сең, кәсіп ет, мал тап. Екі қол, екі аяғынды қозғалысқа келтір.
Жан асырауға тырбан. Ой мен қиялыңды да жұмылдырасың..
Содан барып арманға жол ашылады. Армансыз адам қанатсыз
құс есепті. Кісі армандамай, қиялдамай жүре алмайды. Осы-
ның бәріне күш керек, қуат керек. Бойға күш жиып, әлдену
үшін үш мезгіл тамақ ішесің. Одан соң, тыныштық алып,
ұйықтайсың.
Тыным-тыныштық алаңсыз жағдайда ғана. Тыныштықты
бұзатын жағдай толып жатыр. «Көңілге алаң кірсе, көзден
ұйқы қашады». Тыныштықтың ұясы — береке-бірлік. Береке-
бірлік татулықпен нығаяды. Татулықтың жауы - ұрыс-керіс.
«Бір күн ұрыстың қырық күн кесірі болады» дейді дана ха-
лық.
Тыныштыққа дәнекер — өзіңсің. Не болса соған киліге
берсең, жоқтан дау тілесең, тыныштық былай қалып, керт ба-
сыңа қатер төнеді. Дау-дамайды, пәлені өзгеден көретін
ештеңесі жоқ. Бәрі өзіңе байланысты. Өзіңде сабыр-тоқтам
болса, пәледен қашып жүрсең, көнтерлі көмпістікті шыдамды-
лықпен шыңдасаң, көңілінде кіршік қалмайды. Әйгілі орыс
жазушысы Л. Толстой «Дүниеде жамандық жоқ, жамандық
кісінің өз көңілінде» дегені халық даналығымен ұштасып жа-
375
тыр. Бала кезімізде әкелеріміз «Үкіметке өкпелеген өзіне
өкпелесін» дейтін колхоздың, (ұжымдық шаруашылықтың)
кеңшардың жұмысынан жалтарғандарға қарата. Халық ты-
нышсыздықты ұнатпаған. «Асықпаған арбамен қоянға жетеді»
деп дәйексіздерді тоқтамға шақырады.
Ұйқы
Саушылықтың сандаған тетігі бар. Соның ең бастысы
ұйқы. Ғылым ұйқының тәни қажеттігін дәлелдеп, мидағы те-
желуден болатын нәтиже екенін анықтаса да, жұмбағын әлі
күнге шеше алмай келеді. Ұйқыға халықтың берген бағасы сол
шешімсіздікті төңіректейді. «Ұйқы - дұшпан». Көрдіңіз бе,
тап басады. «Ұйқы - өлгенмен тең» деп және айтады. Енді несі
қалды? Қаперсіз ұйқыдағы адам қорғансыз халде болады.
Дұшпанға жем боласың. Содан да дұшпан делінеді ұйқы.
«Өлгенмен тең» дегені шешусіз жұмбақ. Ұйқының өлімнен
несі кем? Түк сезбейсің. Сыртқы дүниеден бөлініп, ештеңеден
қаперсіз берілесің ұйқыға.
Ұйқы әрқалай, үнемі алаңсыз ұйықтау деген болмайды.
Басы жастыққа тиісімен қөр ете қалатындарға рахат. Ұйқысы
бірден келмей, төсекте дөңбекшігеннің халі онша емес. Қазақ-
та аз ұйықтайтын кісіні «құс ұйқы» дейді. Құс сергек келеді,
соған қарата айтылған. Бес-он минут тынығысты «көз
іліктіру», «көз шырымын алу», «мызғып алу» дейді. Ұйықтар
алдында қалғисың, мүлгисің.
Алғы тарауда айтылды, ет жүректі пенде үш қажеттіліксіз
жүре алмайды. Ұйқы, күлкі және тағам. Соның бірі — ұйқы.
Ұйқы иектесе, ай-шайға қаратпайды. Содан да арсыз. Қисын-
сыз жерде қыстайды. Қаптаған жау қоршауында қалып, қан
кешкен жауынгерлер жүріп келе жатып құлай салады екен
ұйқы қысқанда. Демек, ұйқы қажеттілік болғаны. Тән мен
жанға тыныс. Онсыз өмір сүру мүмкін емес. Халық мұны
жақсы біледі. Сергек те сесті адамдар аз ұйықтайды. Ұйқы-
ның сергек болуы тәннің шымырлығына, әке-шешеден ауыс-
қан қасиетке байланысты. Кәсіпке, күнкөріс амалдарына да
тәуелді.
Ұйқы - тыныштық бесігі. Мейлі бала, мейлі үлкен болсын,
алаңсыз тәтті ұйқыдан айырылса, бойына дерт жамап алуы
кәдік. Алаңсыз ұйықтап тұрған кісі ынталы кіріседі іске.
Оқуда да, еңбекте де өзіне міндеттелген жұмысты тиянақты ат-
қарады. Әсіресе, ой еңбегімен айналысатындарға пайдалы
376
алаңсыз ұйқы. Тұжырғаңда, ұйқы - тән мен жанның қуат көзі.
Ұйқысыздық дертке шауып кетеді. Оның соңы, пәлесінен
аулақ, жындануға апарып соғады. Ұйқысыздыққа тосқауыл —
тіршілік ырғағының ретті болуы. Оны қалай реттеуге болады?
Жұмысты сәтті өрістетумен қатар, адамдармен қарым-қатына-
ста жарасымдылықпен, түсіністікпен ыңғайласу нәтижелі бол-
мақшы. Содан соңғы ұйқыға /тыныштыққа/ әсер ететін тағам-
ның жұғымдылығы. Арам ас жүйкені бұзады. Жүйкенің за-
қымдануы ұйқының бөлінуіне әкеп соқтырады. Осының бәрі
көңіл күйге ықпал етеді. Көңіл күй — жан дүниеңнің
барометрі. Ұйқыны қашыратын - ашу мен ыза. Біреудің сөзі
өтіп кетеді, енді біреудің тікелей қиянаты қинайды шыбын
жанды. Еріксіз ашуға берілесің, қиянатшыл дүниеден безіп,
торығушылыққа тап боласың. Арақ-шараптың саған килігетін
тұсы осы кез.Арақ ішіп, шылым шегу ұйқының жауы. Бұл
екеуі қосарланғанда, тіршілік ырғағынан жаңылып қаласың.
Мезгілімен ұйықтауды естен шығарасың. Кісіден көрген
қ ияна т жүйкеге жетіп, бүтін тәніңді, онымен қоса жа н
дүниенді сілкіндіреді. Ызаға булығып, қастасыңмен майданға
шығасың. Біткен жерің осы. Ашудың дұшпан болатыны осы-
дан. Ашуға беріле берсең, ұйқы былай тұрсын, керт басыңа
қатер төнеді. Сондайда халық даналығына /педагогикасына/
жүгінуің керек, үлкендерден сөз тыңдауың керек. «Ашу —
дұшпан, ақыл — дос, ақылыңа ақыл қос». «Жоғарғыны желге
беріп, төменгіні селге беріп, ешкіні «апа», текені «жезде»
қылып, сабырлық сақта, қарағым». «Кең болсаң, кем болмай-
сың» дейді әкең. Тоқтамды бол дегені, сабыр сақта дегені,
ақырын күт дегені. Ашу демекші, тарақты Тайжан батырдан да
сөз қалған. Батырдың ақбозын қасқыр жарып кетіп, ашу қыс-
қан Тайжан жылқышы Ережепке кіжініп ашуға баспай ма
Найзамен қосты олай бір түйреп өтіп, былай бір түйреп өтіп:
«Ашу кәпір, ақыл дос. Салып кетермін, іліп кетермін! Өліп
қ аларсың . Шы қ п а Ережеп шы қ па!-де п ашуын ақылға
жендіріпті дейді.
Халық — аямпаз. Ақылын кісіге майдалап жеткізеді. «Жақ-
сы жерде жатсаң, жақсы түс көресің, жаман жерде жатсаң, жа-
ман түс көресің» деп ұйқының бөлінуіне көрген түс те себеп-
кер екенін аңғартады. Көңіл қылт еткенді құтқармайтын
сезімтал келеді. Не болса соны көңілге ала берсең, кінәмшіл
әрі өкпеші болып, мінезің құбылмалы адамға айналасың. Адал
еңбекпен айналысып, аузыңа арам ас салмасаң, жанның бәрін
дос тұтсаң, үнемі көңіліңді кеңге салып жүрсең, жақсы ұйық-
тайсың. Жақсы түс көресің.
377
Пайғамбар хадисінде былай делінеді: «Адал кәсіппен айна-
лысып, содан шаршап ұйықтаған адам күнәлары кешірілген
халде болады». Көрдіңіз бе, өнікті де жемісті адал еңбекпен
шұғылданып, қаскүнемдік пен жалақорлықтан ада адамның
ұйқысының өзі сауапқа жатқызылады екен. Тәтті ұйқы — шар-
шап келіп ұйықтағанда пайда болады. Сал бөксе жалқаулық
ұйқышылдыққа киліктіретін жаман әдет. Тамақсаулық, кісіге
үнемі жаманшылық ойлап жүретін күншіл адамдар кісінің
ұйқысын ашып, қиянатқа ұрындыратын нағыз қаскөй. «Жақ-
сы жерде жатсаң, жақсы ұйықтайсың» деудің мәнісі түсінікті.
Әр жан өзін ұйқыға дайындау керек алдын ала. Ұйықтардан
бір сағат бұрын телесериалды көруді тоқтатып, далаға шығып ,
аздап таза ауа жұтып, өзіңді бейбіт жағдайда ұстауың керек.
Екіншіден, жатар орның тыныш, төсектің жайлы болғаны
жақсы. Сонда сені ұйқы құшаққа алады. Жалғыздық ұйқыны
қашырады. Үйлі-күйлі адамның ұйқысы тұшымды келеді. Жар
құшағы, балаға деген мейірім сені тәтті ұйқыға бейімдейді.
Дәрі ішіп ұйықтау деген жанға қастық. Үнемі дәрімен ұйықтау
өзіңе өзің жасайтын қастаңдық. Кей жағдайда ішуге болады,
дәріге сүйеніп алсаң, ұйқыдан береке қашады.
Достарыңызбен бөлісу: |