Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


СОР*АЛАУ  Ән шырап бой жаза алмай



Pdf көрінісі
бет118/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   130
СОР*АЛАУ 
Ән шырап бой жаза алмай,
шалыта алмай,
алытап айран дние,
анат талды.
(«анатталды» әнінен)
Бар қазақ «Әміре» деп мақтанады,
Сонда да қиын осы шақта халы.
Байқалды өзі сенген ортасының
Біртіндеп шеттетуді бастағаны.
Даңқ шыңы болмайтындай құт-несібе,
Күншілдер қоймайтындай түспесіне.
Тыңдаған Франкфуртте Бетховеннің
Бесінші симфониясы түсті есіне.
Қараулар қара күйе жақпасын деп,
Шашпаған секілді еді жатқа сыр көп.
Мұның да, ұлы неміс айтатындай,
Тағдыры қақты бір күн қақпасын кеп.


458
Үш қара түнделетіп неге келді,
ГПУ-дің тәлкегі ме керегі енді?
«Бізбен жүр, Қашаубаев» дегеннен соң,
Амалсыз соңдарынан ере берді.
Сұр дәліз,темір есік, тас қабырға,
Жаңғырды әрбір қадам басқанында.
Күлімсі иіс қолқа қауып қоя берді,
Алдынан бір есікті ашқанында.
Жылмиған біреу отыр күтіп мұны,
Барады шылымының бітіп түбі.
Әншінің сайран салған қайран басы,
Қалғаны-ай мыналарға түсіп күні.
Бұрышта ұзынтұра бүкшиеді,
Жанында төртбақ қара түксиеді.
Жылмиған суыртпақтап сөз бастады,
Жыбырлап майлы беті, түкті иегі:
- Мұқият тыңда, жолдас, сөзімізді,
Бір жайтқа жеткізейік көзімізді.
Шарлаған Еуропаны сапарыңнан
Отырмыз күмәнді бір сезіп ізді.
Жайым жоқ малтаны көп езбек менің,
Жөніңе дұрыс шығар тез көшкенің.
Құртуға бір басыңды жетіп жатыр,
Парижде Шоқаевпен кездескенің.
Семейге қай сәлемін ала бардың,
Келе ме көргеніңнен тана қалғың?
Шетелден қайтқаныңда тойлапсыңдар,
Үйінде Үкібаев Қаражанның.
Демек, бұл – барлық шектен аттағаның,
Қалдығын Алашорда жақтағаның.
Барып ап «Қазақ тілі» газетіне,
Бізге аян Шоқаевті мақтағаның.
Дұшпанмен бірге түсіп суретке де,
Қонақ боп , бөленіпсің құрметке де.


459
Үніңді жазып алды капиталист,
Бетіне түкірмедің «түу» деп неге?
Бәрі бар бір басыңда жат істердің,
Киініп бастан-аяқ қатып келдің.
Кімдерге ашып келдің құпияны,
Қаншаға дауысыңды сатып келдің?
Кеңестің үкіметін өзім десең,
Қасынан тап жауының көрінбес ең.
Дулатов, Байтұрсынов,Аймауытов
Үйінің шалжиыпсың төрінде сен.
Сұрақтар жауып жатыр қорғасындай,
Бір түссе біткені ғой торға мұндай.
Әміре мойынға алмай көп нәрсені,
Шыдады сын сағатта зорға сынбай.
Бастаған ісін олар тастасын ба,
Түндерде жиі қақты қақпасын да.
Бүкшиген, түксигендер ұрып-соқты,
Сан рет салып қойып қақпақылға.
Басына түскен жайтты кімге айтады,
Азабын онда бәлкім ұлғайтады.
Соңынан аңду қойды, тінтіп үйін,
Кім көрген айуанды мұндай тағы.
Барады күннен-күнге күйі кетіп.
Не жазды? Ұғар емес миы жетіп.
Ыржиған анау әнші жолын тосып,
Арақпен суарады жиілетіп.
Сөйлейді танытқандай жанашырлық:
«Әміре, өзіңді ойлап сан ашындық.
Театрдан сені мүлде қудырмас ек,
Жан бар ма біздің сөзді алатын құп.
Үш әріп тыңшысы деп сені де атап,
Достарың қаралайды тегі, нақақ.
Әйтпесе, саған неге бұйырмайды,
Басқалар алып жатқан тегін атақ?»


460
Ыржиған айтқан сөздің жаны бардай,
Өзегін ыстық темір қарығандай.
Жан-жақтан қысқан құрсау мысын құртып,
Әнші жүр күйініштен арыла алмай. 
***
Көңілсіз күндер өтті тізбектелген, 
Жүректен із кетпеді, мұз кеткенмен. 
Бір күні есік қағып, ескі достар, 
Иса мен Жұмат екен іздеп келген.
- «Сарыауыз, тұрмадың ба әлі ұйқыдан,
Тапсаңшы нысанаға даритын ән.
Жаңадан бір опера жазылмақшы,
«Қыз Жібек – Төлегеннің» тарихынан.
Кім қалай қарайды оған, не қылайық,
Қазаққа керек өнер деп ұғайық.
Рөліне есіл ғашық Төлегеннің,
Көреміз біразымыз сені лайық.
Жасыңнан ән жолында аққан терің,
Әуен ғой өне бойың жатқан сенің.
Жақсы әнмен «Қыз Жібекке» үлесің қос,
Елімнің тереңдегі ақтар кенін».
Дос сөзі толқытқандай Әмірені:
«Оның жөн, бар байлығым әнім еді.
Соңымнан шырақ алып түссе-дағы,
Әнімнен айыра алмас бәрі мені.
Ән үшін керегі жоқ сыйақың да,
Аталсын,аталмасын жиі атым да,
Халықтан ән аяйтын мен емеспін!»,-
Солай деп әнші келді театрға.
Иса айтты: «Операға жалғасты аңыз,
Авторы – мына отырған нар қасқаңыз!».
Сыпайы Евгенгорш
11
басын изеп,
Отырды рояльға: «Ал, бастаңыз!».
----------------
11
Евгений Григориьевич Брусиловскийді осылай атаған.


461
Әміре шырқап кетті салған жерден,
Қозғайтын жан-жүйені зарлы әндерден.
Аһ ұрған ішкі жалын бірге шықты,
Адамға зияны жоқ арманды ерден.
Қойғандай тор ішіне салып құсты,
Әншіні ауыр сезім анық қысты.
Байқаусыз шыығып кеткен бір тамшы жас,
Рояльдің пернесіне тамып түсті.
Жыбырлап бірде ерні, бірде қасы,
Ән жазған Евгенгорш мүлде разы.
Әнімен Әміренің беки берді,
Болашақ операның іргетасы.
***
Кешқұрым. Шеткерілеу тыныш көше.
Тарылтты ыстық ауа тынысты өте.
Бұрыштан қараң еткен екі-үш сұлба
Әншіге жақындады жүріп төте:
- «Не жүріс? Театрға жай бармадың.
Келе ме тағы сонда тайраңдағың?
Ескерткен сияқты едік, Қашаубаев,
Қалжуыр құйрығыңа байланғанын.
Салмағын айыбыңның кім кемітер,
Тыңдамай қиқаңдасаң түрме күтер.
Күнің де өзің талай шырқап келген,
Кертартпа ескі әндермен бірге бітер.
Тек жүріп, тоқ жүруді қаласа жан,
Дәметсең кешірім мен арашадан.
Ән салма, дауысыңды естімейік,
Сау жүрер сонда ғана бала-шағаң!».
Аңдып жүр басқан ізін бұлар қайдан,
Күн бар ма бұған қарсы тынар майдан?
Түнеріп, тісін қайрап қала берді,
Жоқ еді Әміреде қылар қайран.


462
***
Алматы. Отыз төрттің қоңыр күзі.
Үйінде Наркомпрос шоғыр кісі.
Ішінде көп әншінің Әміре тұр,
Бір түрлі жүдеу, сынық оның жүзі.
«Өнердің бұрылыпты арбасы оңға, -
Дегендей, - не тұрыс бар,жармас онда».
Жақсы да, жасық та бар арман еткен,
Дауысым жазылса деп граммофонға.
Бұл жолы үздіктерді саралайды,
Озғанның атты дей бер таңы арайлы.
Дауысы күйтабаққа түсіріліп,
О, ғажап, әрбір үйді аралайды.
Қазақта әнші аз емес, аяулы ән көп,
Бәрі де барын салды «аянбан» деп.
Кеш біте, бір сәтке жұрт аңтарылды,
Ортаға Әміре екен таянған кеп.
Құлағы естіп тұрды сыбырды жай:
«Әміре ән салмайды бұрынғыдай.
Дауыстан айырылған, күйі нашар,
Кенеуін кетіріпті мұның құдай».
Әншінің көкірегіне намыс толды,
Жауабы бұл сыбырдың дауыс болды.
Қырандай тік самғаған ғаламат үн
Шыңдардың ең биігін тауып қонды.
«Ныспымыз Қанапия...» - асқақ айғай,
Бейне бір жер қозғала бастағандай.
Жаңғыртып Наркомпрос қабырғасын,
Сәл болса, төңкеріп те тастағандай.
Елімен қоштасты ма асыл жүрек,
Бір әнін бір әнінен асырды кеп.
Ешкім де білмей қалды, ұлы тенор,
Ән айтып тұрғандығын ақырғы рет.
«Жаса! – деп, - дәл өзіңдей дара кім бар!»
Жас алды көздеріне жанашырлар.


463
Тұншығып өз деміне қала берді,
Табалап жүрген кейбір қарасұрлар.
Ортаға ұсыныспен Серке шықты:
«Граммофон Алматыға келсе, тіпті,
Жазуды Әміреден бастау керек!»
Амал не, оның сөзін ел кеш ұқты.
Ел кешікті...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет