Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


Әміре – сирек талант, таданарлы абілет иесі. ара



Pdf көрінісі
бет5/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Әміре – сирек талант, таданарлы абілет иесі. ара 
танымаса да өзі ойнайтын рөлдерді сөзін біреу ш-төрт 
рет оып берсе болды, жаттап ала оятын. Тыңдап-
тыңдап отырады да, бір кезде «бопты» дейді. Сенбей сұрай 
қалсаңыз, кез-келген жерін зулатып тұрады.
Әншілігімен осыншама әйгілі Әміренің адамгершілік 
қасиеттері де бөлек еді. Ашулану дегенді білмейтін, 
жолдастыққа риясыз жан болатын. Әсіресе, кісі көңілін 
құрметтеуі әлі күнге таңдандырады. Егер көшеде келе 
жатқанда бір адам тоқтатып: «Сіздің әніңізді ести алмай 
жүрмін», – десе, «Қай әнді қалайсың?» – дейді де, сол жерде 
тұрып алып бес-алты ән салып береді.
Әдетте, Әміре есімін атағанда біздің бәріміз атақты 
Париж, Майндағы Франкфурт сапарларын еске аламыз. 
Әрине, бұл заңды да. Сонымен қатар, Әміре өнерінің, Әміре 
өмірінің қалың жұртшылық назарына онша ілікпей келе 
жатқан тұстары да аз емес. Ең алдымен, Әміре Қашаубаевтың 
драма театрындағы көп жылдық жемісті еңбегі жан-жақты 
зерттелмей келеді. Әміре – қазақ театрының тұңғыш актері. 
Оның «Еңлік – Кебектегі» - Жапал, «Бәйбіше–тоқалдағы» 
- қойшы, «Айман – Шолпандағы» - ақын, Д. Фурмановтың 
«Бүліншілігіндегі» - шайхана қожасы, М. Тригердің «Сүңгуір 
қайығындағы» – қарт секілді рөлдері – арнаулы сөз етуге 
тұратын күрделі образдар, 1934 жылы дүние салған Әміре 
музыкалық театрдың сахнасына шыға алмай кетті. Шіркін, 
сол әсем дауысты, сол актерлік шеберлікті классикалық 
операларды орындау сәтінде көрер ме еді! Батыс Еуропа және 
орыс музыкасының классикалық үлгілері Әміре әншілігінің 
бұрын байқалмаған жаңа қырларын, тың мүмкіндіктерін 
ашар еді.
1925 жылдан 1934 жылға дейін театрда өнер көрсеткен 
Әміре халқымыздың сол кезеңдегі рухани мұқтажын өтеуде 
қыруар еңбек сіңірді. Әміре қатысқан әр спектакль, әр 


13
кон 
церт сол ауылдың ұмытылмас мерекесіне айналатын. 
Әнқұмар ынта-ықыласы айрықша еді. Кейде спектакль 
барысында ән орындағанда дуылдасқан жұртшылық оны 
сахнадан жібермей қоятын. Талай рет ойынды ортасынан 
бөліп жіберіп, Әміреге бес-алты ән айтқызуға тура келгені 
бар... Қай өнер адамының да қадір-қасиетін ең алдымен 
оның өз туған халқына еткен қызметімен өлшеген жөн. Ал, 
Әміре осы он жылға толмас кезеңнің өзінде сан мыңдаған 
адамдардың жүрегіне өнер сұлулығымен ізгі дәнін себе 
білді, солардың ақ алғысына бөленді. Әміре Қашаубаевтың 
санаткерлік қызметіне, халыққа мәдени қызмет көрсетудің 
алғашқы қарлығаштарының бірі екеніне жарқын мысал-
дардың бірі – театрымыздың 1927 жылғы жазғы гастролі.
Сол жолы Әміренің суырып салмалық шеберлігі, ең 
бастысы – азаматтық белсенділігі, суреткерлік парызды 
терең сезінуі айрықша көрінген болатын. 
Осы «Социалистік Қазақстанның» 1974 жылғы 12 март 
күнгі саны бүкіл халқымызға айрықша қуанышты хабар ала 
келді. Елу жылға жуық уақыттан кейін бәріміз сарғая күткен 
Әміре даусы табылды. Осынау құнды қазынаны оның туған 
халқына қайта оралтқан Жарқын Шәкәрімовтің игі ісіне 
ризалығымды қайталай айтқым келеді. Әміре үні жазылған 
валикті реставрациядан өткізіп, күйтабақ етіп шығарған. 
Жарқын онан кейін зор талант иесі әншіміз туралы «Әміре», 
«Ән жұлдызы» деген екі кітап жариялады. Бұларда да дәйекті 
деректер, маңызды материалдар мол.
Әміре Қашаубаевтың артына қалдырған мұрасын игеру 
мұнымен шектеліп қалмауға тиіс. Әншілік өнерін жан-жақты 
зерттеу, тың мәліметтер табу оның ән орындау мәнерін, 
қайталанбас шеберлігін үйренумен ұласса, нұр үстіне нұр.
Өнерге салыстырушылық, теңестірушілік жүрмейді. 
Солай дей тұрааза халы шін өле атасы – Абай, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет