Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(«Дала кйлерi» кiтабынан. 1968 ж.)



Pdf көрінісі
бет100/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   130
 («Дала кйлерi» кiтабынан. 1968 ж.)
Сейсенбек АХМЕТ
ЖАЗМЫШ
Әміре әншінің жалаң қабат қазақы үйінің ауласына 
кіргенде есік алдында «Тобылғы торы» жатаған жас жігіт 
кесе-көлденең тұра қалды. Оның амандық жоқ, саулық жоқ, 
бұл мінезінен күдік алған композитор Ерзақ тіксініп бойын 
жиды. Абыржып қалған ол:
– Сәлеметсіз бе? – деді оқыстан. «Тобылғы торы» үн-
түнсіз көзінің астымен қарады, жүзі салқын, ызғарлы. Осы 
үйді торуылдап жүрген жанға ұқсайды, кейпі Ерзақты одан 
әрі жібермеуге ыңғайланғандай.
– Ерзақ сескене қарап, әлденені айтайын дегендей сыңай 
білдірді.
– Сіз... – деп мүдіріңкіреп еді, «Тобылғы торы» іліп әкетті.
– Кідіре тұрыңыз, – деп зекіп қалды. Мүлде абыржыған 
Ерзақ қолтығындағы нота қағаздарын түсіріп, шашып алды. 
Ол қағаз парақтарын асыға-үсіге жинап жатқанда «Тобылғы 
торы» мелшиіп сұстана көз тігумен болды. Ерзақ қағазын 
жинап болғанда:
– Сіз кімге барасыз?... – деді бірден дүрсе қоя беріп.
Әміре науқас-тын. Төсек тартып жатқан. «Қор болды 
жаным», «Біреуден біреу артылса» деген Абай әндерін 
өзінен жазып алуды өте қиылып өтінген еді. Осыны айтып, 
«Тобылғы торыға» түсіндірді. Ерзақ үйге кірді. Сүзек соққан 
Әміре төрде салынған жер төсекте жатыр.
– Құдайдың әмірі «Жердің иісін» сезбесем, дөңбекшіп 
ұйықтай алмаймын, - дейтін. Ерзақ мұны қалжың, өзінің 
«жоқшылығын» бүркеу болар деп ойлайтын.
Әміренің қарсы алдында тағы да бір «Тобылғы торы» 
отыр. Екі қолын тізесінің арасына тыққан Ерзақ тіктеп 
жүзіне қарамады, әрі әлденеден жүрегі шайылып, мысы 
құрып, қарағысы да келмеді. Ол Ерзаққа қара көлеңкедей 
боп көрінді, іштей қипақтаған Ерзақ Әміремен ыммен 
амандасты. Әміренің алдында отырған әлгі сұлба жылыстап 
барып шығып кетті.


362
Төрде жатқан Әміренің домбырасы сүйеулі, жанына 
қойылған. Түлкі тымағы, қазақы зерлі жеңіл шапаны ілулі 
тұр. Үй жиһазы жұпыны, пәлен дерліктей дүние-мүлкі 
көрінбейді.
– Мен өлгенде, көмер алдында ән айтылса, аунап түсуім 
кәміл, - деп қалжыңдайтын.
Ән дегенде Әміре диуана, ес-түссіз бақсы болатын.
Ерзақтың келгенін жаңа аңғарғандай кеудесін 
көтеріңкірей, оған қарады да:
– «Әлгілер» кетті ме? – деп сұрады. Ерзақ жаңағы сұлбаны 
айтқанын бірден түсінді де үнсіз иегін қақты. Әміренің 
«әлгілер» деген сөзінің түбінде ауыр зіл, еңсені басқан тастай 
салмақ жатыр еді. Мұны Ерзақ сезе қойды.
Үй-іші жандары неге жоқ? Ана екеуінің келісі де, кетісі 
де суыт, Ерзақтың ойына келгені осы жайттар болды. Бірақ, 
бажайлап сұрауды дәл қазіргі жағдай көтермейді.
– Жазасыз ба? – деді Әміре әлден уақытта барып, 
ұйқысынан оянғандай күйде.
– Қазір үй-іші кісілері келеді, уақыты болған шығар, - 
деді Әміре олардың қайда, неге кеткенін Ерзақ білетіндей рең 
танытып.
– Жазайық, жалпы халіңіз қалай, денсаулық тәуірленетін 
бе? – Ерзақ айтайын деген ойына жаңа жеткендей көтеріліп 
қойды.
Даладан дабыр-дұбыр етіп Әміренің жұбайы бастаған үш-
төрт адам келіп кірді. Жұбайы жан-жағына ұрлана жалтақтап 
қарап, әлденені іздегендей көрінді.
– Кеткен бе әлгілер, – деді өзіне-өзі.
Әміре қос жастыққа шалқалап сүйене отырып, үкілі 
домбырасын қолға алды.
– Ерзаке, суға түсіп, шомылып, сорпаға езілген суық құрт 
сусын ішіп әлденген едім.
«Әлгілер» келіп біраз мазалады...
Ол домбырасын күйлеп, әдеттегісіндей шырайлана түсті. 
Еңсесі көтеріліп қомданғандай болды. Оны қадағалап 
отырған Ерзақ «тәубе, беті бері қараған екен» деп, іштей 
қанағат етті.
– Ерзаке, сәл кідіре тұр, жазба, өзіме-өзім келіп алайын,- 
деп өтінді нота қағазын ыңғайлап отырған Ерзаққа. Ол 
серпіле түсіп, тек өзімен-өзі бола берді. Төңірегіндегінің 
бәрін ұмытқандай, ұйып, ұмсынып тебіреніп отыра берді....


363
– Әлгілер ГПУ-дің адамдары, – деді осы сәтте Әміренің
жұбайы Ерзаққа сыбыр етіп.
Ерзақ селк ете түсті, бірақ ләм деуге шама жоқ, іштей 
тынды.
– Біздің бәрімізді бір сағатқа далаға шығарып жіберді, 
тірі жанға тіс жарып сөйлемеңдер деді, - деп қосты да, Ерзаққа 
ернінің үстін басып, сұқ саусағын көрсетті. Ерзақтың бойы 
тітіркенді, ауру адамнан сұрақ алған ба, әлде қалай, ә?!
– Ал, жаз, - деді Әміре. Домбыра сайрап тұра жөнелді. 
Әміре науқасын ұмытқан... Оның үлбіреген нәзік, тебіренте 
салған әні шетсіз-шексіз даланы, мөлдіреген сахараның 
көкжиегін, асқақ таудың көк майса алқабын тұп-тұнық 
ауасымен қоса көз алдыңа алып келіп, елітіп баурап алатын. 
Оның алдына отырған адам әннен басқа дүниені ұмытатын. 
Бұл жолы да солай болды. Ерзақ қайда отырғанын ұмытып, 
нотаға түсіруді ғана білді.
Қор болды жаным...
Бек, бітті халім,
Тағдырдан келген зұлым..
– Шіркін дүние-ай! Бір әннің өзін әрең айттым-ау!
– Жо-ға, жақсы шықты, тағы да ойнап көріп, мінеп-
қынаймыз.
– Ерзаке, айтарға ғой, сұм сырқат табын түсірмей қоя ма, 
құрғыр.
Біраздан кейін тағы да домбыраның даусы аңқылдап, 
Әміренің асқақ күміс үні шырқала шығып, «Біреуден біреу 
артылса» әні нотаға түсірілді.
Ән жазылып бітті. Бұрын Әміре әнін айтып болғанда, оны 
тәптіштеп жүйе-жүйе етіп,сала-салалап,мүшелеп, егжей-
тегжейіне қанығатын.Бұл жолы жұмған аузын ашпады. 
Пышақпен кескендей тыйылды да қалды.
Ерзақ нотаны ойланып көшіріп жазып, фортепианода 
ойнап тексеріп көріп, ертең келуге уәде етіп үйіне кетті.
Ерзақ үйіне келгенде жазу үстелі үстінде жатқан бір парақ 
қағазды көрді.Оны алып оқып еді, арасынан бір пропускі 
қағаз жерге түсіп кетті. Оны іліп алды да, хат-қағазды 
шүйіліп оқып шықты. Мұнда түнгі сағат дәл 11.00-де ГПУ
үйіндегі 17-ші бөлмеге келуі бұйырылған. Ал, пропуск сол 
үйге кіру рұқсаты екен.
Ерзақ дал. Неге шақырды? Нені сұрайды? Анау Әміренің 
үйінен жылысып кеткен екі «тобылғы торы» адамды есіне 


364
алды. Бұлар кім? Әміре жұбайының «әлгілер – ГПУ 
адамдары» дегені есіне түсті. Ауру адамның үйінде олардың 
несі бар? Мүмкін көңілін сұрай келген болар. Әміре бүкіл 
елдің әйгілі де ардақты әншісі ғой. Иә, солай болар! Япыр-ау, 
ГПУ адамдары сондай ілтипатты, қамқор болғаны ма, тегі!
Ерзақтың қолқа жүрегінде әлдене кілкігендей боп 
түйіліңкіреді. Нотаға ән әуенін түсіре алмаған сәтте осылай 
болатын әдеті бар еді. Әміре әндерінің жоғарғы және төменгі 
реестрін қарап шықты. Бәрі де дұрыс тәрізді. Нотаны қолымен 
аялап, стол үстіне қойды да, қайтадан ойға шомды. Енді 
ГПУ жайындағы ой-сана мұны билеп алды. Еріксіз орнынан 
тұрды. Үй ішінде әрі-бері жүрді. Даладан әйелі кіріп, қасына 
келгенін білмей қалыпты.

Стол үстіндегі қағазды оқыдың ба? Бір жас қазақ 
жігіті әкеп тастап кетті. Міндетті түрде келсін, бір жай шаруа 
бар дейді.
Жай шаруа.... ГПУ.... Өмірде есігін ашып көрмеген 
мекемесі. Жалпы осы мекеме не істейді өзі? Аңырып, дегбірі 
қашқан Ерзақ сергиін деген оймен далаға шықты. Жоқ. 
Шырмаған ой еңсере берді. Айтқан уақытқа дейін әлі 5-6 
сағат бар. Күнде осы уақытта бірер сағат көз шырымын алып, 
түнде жұмыс істеуші еді. Енді ол жоқ. «ГПУ-де не сұрайды, 
не деп жауап беру керек?». Міне, соңынан шудай сүйретіліп 
көзге «көрініп» ілескен бұлдыр үрей осы....
Фортепианоға Әміренің әндерін ойнап көрді, тәуір, біркелкі 
шыққан тәрізді. Салыстыру үшін Әміренің бұрынғы жазып 
алынған «Ағашаяқ», «Смет», «Жалғыз арша» әндерін ойнап 
байқады. Ойланды. Манағы «Қор болды жаным», «Біреуден 
біреу артылса» әндерінің төменгі реестрінде сәл босаңдау леп
лып ете түсті. Жоқ. Әміреде мұндай кілт-мілт болмаушы еді 
ғой. Оның әні кездікпен тіліп алған үлгідей біркелкі болады, 
жеңіл де желпінді, үйірімді-тін.Науқасының салдары, табы 
болар, ол Әміренің әлгі әндерін қайта ойнады. Ән әуенді, 
Әміренікі.... Көңілі жай тапқандай болды.
Түн.... ГПУ ғимаратына жақындап келеді. Ерзақтың ойы 
онға, саны санға бөлінген, құлазыған, меңіреу-мылқау, бос, 
кеуек. Ғимаратқа жақындай бергенде қарсы алдынан бір жас 
жігіт қылт етіп шыға келді.

Сіз азамат Ерзақпысыз?

Иә.
Рұқсат қағазды алып, ғимараттың оң жағынан сол жағына 


365
қарай ертіп барды. Сұрықсыздау, елеусіз бірінші қабаттағы 
есікті ашып кіргізді де, тағы бір адам қосылып, екеуі екі 
жағынан тұра қалып ертіп, екінші қабатқа көтерілді. Осы 
қабаттағы тар дәліздің ең түкпіріндегі 17 санды бөлмеге 
алып барып енгізді де, өздері кірмей, әрі ләм-лим демей 
тайып тұрды. Кейінгі қосылғаны таңертеңгі «тобылғы торы» 
болатын.
Бөлме іші тым-тырыс. Жалғыз кісі, тегі бағанағы Әміреден 
шыққан адам болса керек. Ерзақ түстеп қалмаған еді. Ол стол 
басында отыр.Ту сыртында керегеде бір портрет. Ежов болар, 
білем. Ала-көлеңке. Әлден уақытта барып:
– Отырыңыз, - деді түксие. Танысу, жылы ишарат білдіру 
деген жоқ.Тағы бір кішкене шамды жағып, бөлменің ішін 
сәл жарықтау ете түсті. Бірақ, бұдан бөлме ішіне жылы леп, 
көңілді рең енбеді. Ол тағы да алдында жатқан қағаздарға 
шұқшияды. Тіпті Ерзаққа қарайтын да, елейтін де емес. 
«Отыра бер, отыра бер, менің сенде, сенің менде ешқандай 
ісіміз жоқ» дегендей сыңай аңғарылады. Әлден уақытта 
барып, қағазын жинады да, стол жәшігіне салып, одан бір-
екі парақ ақ қағаз алды: алдына жайлап қойды. Аты-жөнін 
сұрады. Жазды.
– Сіз Әміре әншіні қашаннан білесіз?
Сұрақ төбеден түскендей болды. Бірақ жауабы дайын еді.
– Өзіңіз біліп отырсыз. Мен – радиостудияда музыка 
бөлімінің меңгерушісімін. Ал, Әміре – әлемге әйгілі әнші, 
білмеске менің лажым жоқ, – деп Ерзақ тоқтап қалды.
– Ол 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Майнадағы 
Франкфуртте даусын сатқан, патриоттығынан айырылған. 
Германия, Франция буржуазиясының құлы, мұны да білесіз 
ғой.
Сол үшін де қазір, осы жақында оған республика халық 
әртісі деген атақтың берілмей қойғанын да білетін боларсыз....
Ерзақ тілі күрмеліп, не айтарын білмей қалды. Отағасы 
тағы да бір шамды жақты. Бөлме іші жарқырап кетті. Ол енді 
Ерзаққа шұқшиып тесіле қарады. Көзқарасында ауыр зіл, 
мұқатқандай рең білінеді. 
– Иә, сіз бәрін білесіз, бірақ хабарламағансыз, 
жасырғансыз, - деп зіл тастап барып тынды.
– Музыка әлемінде даусын, әнін нотаға жаздырған өнер 
адамының бәріне сыйақы төлейді, қай елде болсын...
Ерзаққа ойын түгел айтқызбай, ол бөліп жіберді кес-
кестеп.


366
– Жо-оқ. Сіздің түсінгіңіз келмей отыр, турасын айтыңыз, 
бұл арада бұлтақтауға болмайды. Ол сатылған, даусын сатқан 
шет елге. Партия орындары мұны бізден бұрын ертерек 
аңғарған. Шыныңызды айтыңыз, білуге тиіссіз. Сізді осында 
шақырған себебіміз – ақиқатына жету. Анау атақ бермеуінің 
ең басты себебі – осы. Дұрыс емес пе?
– Бүгін мен оның аузынан екі әнді жазып алдым, қарадай, 
оны әлі редакциялаймын. Ал, тегі қазақ халық әншілері 
менің пайымдауымша, әнін жаздырғанын мақтан етеді, 
соған мәз.
Тегі халық әншілері өз халқының мінез-құлқындай сауда-
саттықты жеңсік етпейді....
– Иә, иә, – деп отағасы ойын бітіртпеді, - біздің айтып 
отырғанымыз сол ғой, өзінің патриот әріптестеріндей болмай, 
ол шет елге сатылған. Сатқын.....
Отағасы үш шамның біреуін сөндірді. Бөлме іші сәл 
алакөлеңке бола түсті. Уақыт түн ортасына қарай ауысты. Ал,
анау сықпыртып жазып отыр.Толық үш бетті жазып бітіріп, 
төртінші бетке ауысты да, орта шеніне барғанда тоқтады.
Тырп етпей, жансыз мүсін болып отырған Ерзаққа қарады.
– Сіз ақылды адамсыз, осы арада болған әңгімені тірі 
жанға айтпаңыз. Мына жазбаларды оқыңыз да аяғына растап 
қол қойыңыз, бүгін оның сәл тәуір болғанын аңдып жүріп 
сұрақ алдық. Міне, қол қойып берген жауабы.
Ол үшін жарым бет жазбаға қосып, Әміренің қол қойған 
жауабын «таныс» деген ишаратпен Ерзаққа ұсынды.
Ерзақ түгелдей оқып шығып, отағасының қол қой деген 
жеріне қолын қойды, растап, пәлен дерлік ештеңе көрінбейді, 
отағасы үшінші шамды жақты. Ол енді Ерзаққа тіктеп көз 
жүгіртті. Ерзақ та батыл қарады. Бұл да тобылғы торы жігіт 
екен, өзі жас, бет-әлпетін мықтап есіне түйді.
– Сіз, – деді бір кезде,- ақылды адамсыз, мамансыз, 
бізге көмектесуіңіз керек. Әміре – шет елдің агенті. Соны 
қадағалап, барлық іс-әрекетін жіпке тізіп, бізге, органға, 
дәл маған хабар етіңіз. Ол сауыққанда, біз оны мықтап қолға 
аламыз. Бізде ісі бар. Біздің бұл кездесуіміз жайында тірі 
жанға тіс жарып, ләм демеңіз. Олай ете қалсаңыз, жауапқа 
тартыласыз, қол қойдыңыз ғой. Іске сәт, кірісіңіз. Кездесіп 
тұрамыз. Хабар менен....
Осы сәтте аңдып тұрғандай бір жігіт (құдай-ау, бұ да 
тобылғы торы) жып етіп кірді. Оны ертіп ала жөнелді. Артына 
қарамады, қарағысы да келмеді.


367
Тобылғы торы жігіт рұқсат қағазды алды да, оны сыртқа 
шығарып, үн-түнсіз біраз жерге барды да, сонан соң кілт 
бұрылып қайтып кетті....
Түн ортасынан ауған. Аспанда жартыкеш Ай... Ерзақтың 
көңілі де жартыкеш. Кімге не дерін білмейді. Тынық көшеде 
аяғын сүйрете басқаны естіледі, тік иығы түсіп кеткен, мұны 
көріп тұрған ешкім жоқ, өзі де білмейді. Ол енді Әміреден 
қашқақтауға тиіс, үйіне сүмірейіп, еңсесі түсіп келе жатыр...
келе жатыр.....
Ерзақ ОГПУ үйінен түн жамылып түнеріп сүйретіліп 
қайтқаннан кейін бір жұма өтпей жатып, әйгілі әнші Әміре... 
дүниеден көшті.
Ақ кебінін киіп оң жақта жатқан Әміренің жүзі шырайлы 
еді. Әнеукүнгі «Қор болды жаным», «Біреуден біреу артылса» 
әндерін жаздырғандағыдай тоқ көңіл, ризалық қалпында 
болатын.
Әмірені жерлеуге өз халқы, өрен жұрты көп жиылды. 
Осы жұрттың арасында көзге шыққан сүйелдей бір ОГПУ 
полковнигі жүрді. Бір әлім шақта Ерзақ онымен ұшырасып 
қалды. Көз қыры шалыса кетті. Сол ОГПУ үйінде өзінен сұрақ 
алған қасірет. Оның қиастаған күлгін жанары. «Тұра тұр, 
бәлем, сені ме?!» дегендей болды. Ерзақ жалт беріп бұрылып 
кетті. Әміре жерленді. О дүниеге кетті. Жиналған жұрт 
тарады. Оның басында айтылған, күңіренген, зарланған, 
асқақ Әміре әндері де төрт құбылаға, тау, тас арасына, байтақ 
сахара төсіне, елге қайтып тарап бара жатты.
Осы кезде манағы ОГПУ полковнигі жалғыз оқшау тұрды, 
оған тараған жұрт та, самғаған ән де қарамады, елемеді.
....ОГПУ тарапынан жасалған «қамқорлықтың» арқасында 
Әміре оқшау қорымның түкпіріндегі бір шетке жерленген 
еді. Тобылғы торы полковник оның зираты басына келгіштеп 
жүрді. Ал, басқа келетін туған-туыстарын, Әміренің 
сыйластарын ол қақпалады, сырғытты, келтірмеді....
Бірде композитор Ерзақ Әміре қабірінің басына келді. Ойы 
басына белгі қойылған ба, жоқ па, соны білу еді. Аяқ астынан 
шыға келген тобылғы торы:
– Сіз мұнда неғып жүрсіз, Әміренің басына келушілерді 
қоғамдап жүрген жоқсыз ба?- деп тіке сұрады. Сыңайы 
әлденені тексергісі келгендей, суыт. Тура қарамайды, бірақ 
түксиеді.
– Беті түсіп, шөгіңкіреп кеткен бе? – деп сұрағына жауап 
бергендей боп аңырды Ерзақ.


368
Шынында да бір түрлі қабір үйіндісі зорланып 
жапырылғандай, жайылыңқыраған-ды...
Тобылғы торы ләм демеді. Ерзақ та қабірді бір-екі айналып, 
көріп, байқап, сырғып кете барды. Ауыр ой биледі Ерзақты: 
бұл немене? Қабірді күтіп жүр ме? Жо-оқ! Мыжырайған, 
берекесі кете бастаған, оны күтсе, жан-жағын жиыңқырамас 
па еді?! Құдайға шүкір, бір тал отырғызса, ертең екі тал 
болады... Жо-оқ, ондай түр көрінбейді. Әкеу, осы қабір 
топырағы суымай жатып құрып бара жатқаны несі?
Ерзақ қорым алдында күзетшілерге жолықты.
– Сізді де, немене, сырғытып жіберді ме? – еді ол. Кімнің 
олай етіп жүргенін бірден іші біле қойған Ерзақ тура тартып 
сұрады.
– Әйтеуір, келген жұртты жуытпайды. Қазір келуші де 
бітті. Өзі тіс жарып жауап қатпайды. Ал, топырағы өзінен-
өзі шашылып жермен-жексен болып барады.
Ерзақ үйіне қайтты.
– Япыр-ай! ГПУ оған о дүниеде де тыным бермей жүр ме? 
– деген ой оны дендеп сала берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет