Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет97/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   130
Меморандум ВО ПП ОГПУ Казахстана 
«За Кашаубаевым установить наблюдение, с целью 
выявления его связей, а также не привез ли он кому-нибудь 
переписку от М.Чокаева и не передал ли от него более 
серьезные сведения или задания».
Осылайша, 1925 жылдан «қауіпті саяси қылмыскер» 
саналып тергеу, қудалануда жүрген Әміренің, Қазақстан 
тарихындағы маңызды мәселе – тұңғыш ұлттық операға 
қатысуына жол берілмейтіні түсінікті ғой.
Міне, Қ.Байсейітов жазғандай, «Әмірені қазақтың тым 
қатты сыйлап бұзып алғанын» ОГПУ құжаттары осылай
дәлелдейді. Бірақ, қысастық үкіметтің қаһарлы мекемесінен 
жасалғанын жасыру мақсатында, кінәні әншінің өзіне арту 
үшін Әміренің дауысын жоғалтқаны туралы «ресми өтірік» 
ойлап шығарылып, осы жалғандық жалғаса беру үшін, 
көп жыл өте тұра, операға ең жауапты адамдарға «естелік» 
жазу тапсырылған сияқты. Дегенмен, «Естеліктерін» жазған 
Е.Брусиловский оны жариялатпай, архивке тастап, өзі 
Мәскеуге көшіп кеткен. (Қ.Байсейітовтің «Құштар көңіл» 


338
аталатын, оның айтуы бойынша Бексұлтан Нұржекеев 
жазған кітабы 1977 жылы шыққан).
Ал, А.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» кітабында 
(Алматы-1975 ж.) Әміре дауысының еш жойылмағаны 
туралы шындықты жазуы себебі, әншінің оған 1933 жылы 
жолығып, екі қызын музыкаға оқытуын аманат етуінен, 
сондай-ақ, А.Жұбанов ағасы Құдайбергенді 1937 жылы 
атқан, өзін де 1948 жылдары қудалаған үкімет әділетсіздігін 
Әміре жайында таратылған жалғандықты жоққа шығару 
арқылы әшкерелемек болған сияқты. 1925 жылы Париждегі 
Дүниежүзілік этнографиялық фестивальда екінші жүлдені 
алып (бірінші жүлде өзбек бишісі Фатимаға берілгендіктен, 
шын мәнінде әншілер ішінен бірінші жүлдені Әміре 
алды), сол қалада 11 концертке қатысып елге оралған 
Әміренің «цивилизацияны» көріп бұзылмағаны, даусынан 
айырылмағанына оның 1927 жылы Майндағы-Франкфурт 
қаласында концерттер бергені де дәлел. Егер Парижде 
Мұстафамен жолыққан «қылмысына» байланысты Әміре 
1926 жылы Лондон шақыруына (бұл үшін КСРО–ға қажет 
валюта түсетініне қарамастан) жіберілмесе, ал 1927 жылы 
оның Германияға концертпен баруына рұқсат етілуінің 
себебі ОГПУ-дің «ұлтшыл-буржуазияшылдармен күрес 
бөлімі» Әміренің шет елден Қазақстандағы ұлтшылдарды 
әшкерелейтіндей тағы қандай «сәлемдер» әкелетінін 
байқамақ болуынан да шығар.
Бір түсініксізі, М.Шоқайдың өзі Франциядағы КСРО 
елшісі Красиннің елге оралу жайындағы ұсынысын 
репрессиядан қауіптеніп қабылдамай отырып, КСРО-дағы 
саяси ахуалды өзі біле тұра, Әміреге екі рет келіп, оны қонаққа 
ертіп әкетуі және А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтарға хат 
жазуы, сөйтіп оларға «шетелмен байланысы бар» деген ОГПУ 
күдігін туғызуы...
Ал, осы аталынған «Ұлтшыл-буржуазияшылдармен 
күрес бөлімі» жазалаушы мекеменің ГПУ аты КГБ деп 
өзгертілгенде де сақталып, 1986 жылғы Желтоқсан 
көтерілісіне байланысты да «табысты» жұмыстар жүргізген. 
Әмірені, өзге де қазақтың арыстарын қуғындап, жазалаған
осы бөлімнің қызметкерлерінің тірілері қазір «Құрметті 
зейнеткерлер» болса, ал осы «бөлімді» Желтоқсан көтерілісі 
кезеңінде басқарған кісі, 1989 жылы көктемде бостандыққа 
шыққанымда мені де шақырып алып: «Егер КГБ-ға 


339
көмектеспесең қайтадан түрмеге жібереміз», – деп қоқан-
лоқы жасады. Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін 
көп жыл КГБ институтын басқарды, одан соң Қазақстан 
Парламентінің депутаты болды!..
Әміренің Парижде М.Шоқаймен кездесуі туралы 
С.Мұқанов өзінің «Өмір мектебі» кітабында былай депті: «1926 
жылы (дұрысы 1925 ж.-Х.Қ-А.) Әміре Парижге барғанда, 
революция жылдары сонда қашып барған алашордашыл 
Мұстафа Шоқаев мейманханасына іздеп барып жолығады. 
Саясаттан хабары жоқ Әміре дүниеде бұндай кісі барын 
білмейді екен, сондықтан Мұстафа Шоқаев өзін таныстырып: 
– Мені естіген боларсың? – десе, Әміре шынын айтып:
– Естіген жоқпын, – депті.
– О, қалай?! – депті Мұстафа, – әлде мені атамайтын 
болғаны ма жұрттың?
– Сені атаған кісіні көрген жоқпын,- депті Әміре.
– О қалай болғаны?!-депті Мұстафа,- большевиктер мені 
ататпайтын болғаны ғой, тегі?
– Білгілікті кісі болсаң неге атамасын, ешкім білмейтін 
біреу шығарсың, – депті Әміре. 
– Неге білмейді?..- деп Мұстафа революцияға, Совет 
үкіметіне қарсы болған қылықтарын айта бастағанда:
– Әй, доғар, әр қарай сөзіңді! – депті Әміре жекіріп, –
Бет-аузың құрт тескен жапырақтай боп (Мұстафа қалың 
бұжырлы, кескінсіз, арық, талдырмаш денелі қара кісі болса 
керек), ілбиіп өлейін деп жүріп, өзің соқтыққыш біреу екенсің 
ғой. Не әкеңнің құны бар еді, әліңді білмей Совет үкіметімен 
жұлқысатын? Енді жұртта қалған күшіктей ұлы да жүр!.. 
– Ә-ә, солай болған екен ғой! – Мұстафа жылап шығып 
кетіпті. 
Осы сөзді айтып келген Әміренің өзі. Соны тыңдап 
отырып, турасын айтатын Сәкеннің Әміреге: «Апырай, 
сенен де бір ақылды сөз шыққан екен»,- дегені бар. Парижде 
жарты ай жатқан Әміренің есінде бұл ғажап қаланың ғажап 
сипаттарынан ештеңе де қалмаған. Бар есте тұтқаны–жалғыз 
Мұстафа Шоқаев» – делінген екен. (С.Мұқанов. Таңдамалы
шығармалар.11-том, «Өмір мектебі»,115-116 бет, Алматы, 
1977 ж.).
Егер Әміре мен М.Шоқай арасында әңгіме С.Мұқанов 
кітабында баяндағандай болса, мұны қудалаудан құтылу 
үшін Әміре ОГПУ қызметкерлеріне жазып берер еді ғой. 
Ал, ілгеріде келтірілген ОГПУ құжаттары және Әміренің 


340
А.Байтұрсыновқа, Е.Омаровқа М.Шоқай жайында айтқаны 
С.Мұқанов жазуымен мүлде сәйкес келмейтінін көреміз. 
С.Мұқанов мұны үкімет Әмірені қудалауын қойсын деген 
оймен жазған болар деуге, кітап Әміре қайтыс болған соң 
ширек ғасырдан кейін жазылған. Сондықтан, Әмірені тілге 
тиек еткен С.Мұқанов 1960-жылдардың басында жазған 
бұл кітабында өзінің саяси қарсыласы М.Шоқайды (ол 1941 
жылы қайтыс болса дағы) «мұқату» арқылы Кеңес үкіметімен 
өзінің бір көзқараста екендігін және бір дәлелдемек ниет 
көздеген сияқты.
Архивтен алынған ОГПУ құжаттары Әміренің «Қыз 
Жібек» операсына қатыстырылмауынан өзге де оның 
өміріндегі, мінезіндегі көп мәселенің себептерін түсінікті 
қылады. Мысалы, Әмірені жұрттың «ішкіш» деуінің екі 
түрлі себебі болуы мүмкін. ОГПУ-дің Шұғыл ақпаратында 
мәлімделгендей, Әмірені аңду, қудалау 1925 жылдың 
тамызынан-ақ басталған. Мұны Парижден келгеннен соң көп 
ұзамай-ақ Әміренің бетінен жарақат көрген С.Қожамқұлов 
сөзі де растайды. Түні бойы ұйықтатпай тергеуден, ұрып-
соққаннан есеңгіреген, беті жараланған адам мас сияқты 
көрінбеуші ме еді?! ОГПУ тергеуінде болдым деп айтсаң, бала-
шағаңды қырамыз деп қорқытқандықтан, айтпауға Қолхат 
берген Әміре таяқ аса қатты тиіп, қызметке бара алмай қалған 
кездерінде басшыларына шын себебін айта алмай, «мас болып 
жатырмын» деуден емес пе – оған қызметте жарияланған 
сөгістер себебі?! Әміренің жағдайының сырын ол бұрын 
қызмет қылған театр директоры Беков те, көп әріптестері 
де, Брусиловский де білмегенімен, бұрын Талдықорған 
облысындағы Қарабұлақ ауылында милиция бастығы болып 
істеген, екі адамды атқан жазасына кешірім жасалып, 
Алматыға оқуға алынған, көп ұзамай Музыка театрының 
директоры болған, үкімет сеніміне ие адам Қ.Байсейітовтің, 
сондай-ақ оны тағайындаушы нарком Т.Жүргеновтің білмеуі 
мүмкін бе?!.
«Сталин үкімет аппаратындағы әріптестеріне жиі 
думан жасап, мас бола ішкендерін сенімді санап, ал 
тартынғандарынан күдіктенген екен» дегенді естігенім бар.
Сондықтан 1979 жылы түрмеден босағаннан соң, КГБ мені 
саясатты қойды деп санасын, шығармаларымды бұқаралық 
ақпарат құралдарында жариялатуыма кедергі келтірмесін 
деген оймен сол жылдары түнде қонақтан жорта, мас адамдай 
қатты әндетіп, баянды құлаштай тартып, көрші тұратын екі 


341
КГБ қыметкерінің ұйқысын бұзатынмын. ОГПУ азабынан 
құтылу үшін, саясатта шаруасы жоқ екенін жорта мас болып 
дәлелдемек Әміренің де бір сәтін Брусиловский көрген 
шығар?! Қазақтың тұңғыш театрының №1-бұйрығымен 
қабылданған әртісі болғандықтан Әміренің масты ойнауы 
менікінен әлдеқайда сенімді шығары белгілі ғой!
А.Жұбановтың кітабынан жоғарыда келтірілген: «Әміре-
нің дауысы қалды, енді бізбен таласа алмайды» деп, 
әншілердің кейбіріне тән әңгүдіктеніп, барын ортаға салып,
«қырдым» деп отырғандар, бүгінгі Әміренің әніне тең келе 
алмағандарын сезсе де сыр бермегенсіп, жасанды күлкіге 
салып, басқалармен бірге мақтау хорына қосылып жатты...»
– деуіне қарағанда, Әміренің сол кездегі жағдайына, әсіресе 
«оның шәкіртіміз» десіп жүрген қызметтестері ортасында 
күйінгендер де, сүйінгендер де болған сияқты. Мұның 
себебі өнер адамдары арасында кездесетін бәсекелестіктен 
болар. Мысалы С.Мұқанов, аталған кітабында (115 – бет): 
«Ол кезде ұлттық театры жоқ қазақ тыңдаушылары Әміре 
қатынасқан кештерде одан басқаны тыңдағысы келмей, оны 
сахнаға ең кемінде он шақты рет шақыратын еді. Кейбір 
кештерде жұрт Әмірені сахнадан босатпай, бірнеше рет 
көрінгеннен кейін сахнаға шыға қоймаса, сәкіні тепкілеп, 
қол шапалақтап отырып алатын, содан кейін амалсыз 
шығып, бүкіл кешті бір өзі ғана өткізетін. Әміренің әндерін 
қазақ қана емес, басқа ұлттардың да адамдары аса зор 
бейілмен тыңдайтын», – десе, ал Әміремен бірге 1926 жылы 
Шымкент, Ташкент қалаларында концерт беруге барғаны 
жайында Қ.Жандарбеков: «Әміренің залды күңірентіп 
жіберген ащы айқайы мен сыңғыраған көмейінен бұралып 
шыққан үнге таңырқамаған жұрт болмады. Бір кешті 
Әміренің бір өзі алды», – дейді, «Әміре- топтан озған әнші» 
деген мақаласында. 
Қайсыбір жиындарда сөз тимей қалса, қарапайым адам-
ның өзі де өкпесі қара қазандай болып жатады емес пе? Ал, 
өзін осал әнші санамайтын, талай жерде өздері де қошемет-
теліп жүрген өнерлі адам үшін, Әміренің артықшылығын 
мойындай тұрса да, онымен жүздеген шақырым бірге 
іссапарға шыққанда сахнада бір ән салу мүмкіндігі тимей 
қалғанда ішінде реніш неге пайда болмасын?! 
Әмірені ғана емес, сол жылдардағы сталиндік тотали-
тарлық жүйенің қазақ қоғамының қаймақтарын жоюы 
орта 
қолдыларға жол ашып, қазақ қоғамына сол «жаңа 
жұлдыздарды» қанағат етуге тура келді. Әлі есімде


342
1950-жылдардың аяғында, үйімізге радио орнатылғанда, 
кейбір әншілердің дауысын естіген әкем: «Әміре ағамдай 
қайдан айтсын, ән емес, айқай ғой мынау!» – деп, радио 
даусын өшіріп тастаушы еді. Енді 1975 жылы, фонографтан 
көшіріліп шығарылған сапасы нашар күйтабақтан 
тыңдағанның өзінде, байқасам, Әміре даусының өзге қазақ 
әншілеріне ұқсамайтын себебі – онда көмекей дыбыстарынан 
гөрі, дауысты ашып айтатын италиялық бельканто бояуы
басым сияқты.
М.Шоқайдың Францияда жүріп КСРО үкіметін 
сынап жазған мақалалары қазақ халқына жетпегенімен, 
Мәскеудегі үкіметтің шамына тиіп жатты. Бірақ, онымен 
Парижде жолыққан Әміреге үкімет «қатты ренжісе» де, 
Мәскеу, Париж, Франкфурттағы концерттерімен аты 
әлемдік баспасөздерде жария болған әншіні ашық жазалай 
алмай, астыртын азаптап,1934 жылы оны, кейінірек, 1940 
жылы Мексикада эмиграцияда жүрген Троцкийге қолданған 
тәсілмен өлтірткенін көреміз. М.Шоқайдың Әміре арқылы 
сәлем жолдаған адамдары, басқа да 1919 жылы Кеңес үкіметі 
кешірім жасаған алашордашылар 1929 жылы түрмеге 
қамалып біткен кезде Әмірені үкімет сау қойсын ба?! Сталин 
жендеттері 1934 жылы әншінің көзін жоймаса да, 1937 
жылы, тіпті болмаса 1941 жылы, М.Шоқай Германияда 
«Түркістан легионын» құрған кезде Әмірені үкімет бәрібір 
аман қалдырмас еді.
Замандастарының естеліктеріне назар аударсақ, Әміренің 
М.Шоқайға қатты сөйлегенін жазған С.Мұқановтан өзгелері, 
оны ақкөңіл, момын, кісіге сенгіш, жомарт дейді. Бірақ,
«Батыр – аңғал» дегендей, Әміре ақкөңілділігі - оны осал
деген пікір болмаса керек. Кеңес үкіметі кезінде саяси 
қуғын-сүргінге ұшыратылғандардың барлығын «жазықсыз» 
деу үрдіске айналды ғой. Ал, шындығында, сол жылдары 
Әмірені «халық жауы» ретінде соттауға негіз бар-тұғын. 
Мысалы, Е.Омаровтың ОГПУ тергеушілеріне жауабында 
Әміре: «Жил Чокаев хорошо», – деп айтты деуі – сталиндік 
кезең түгіл Брежневтік, тіпті Горбачевтік кезеңнің өзінде 
де «капиталистік қоғамдағы тұрмыстың артықшылығын 
дәріптеген антисоветтік үгіт-насихат» деп есептеліп, бұл үшін
жазалайтын Қылмыстық кодексте арнайы бап та болған. 
Дәлел ретінде мынадай оқиғаны айтайын: 1986 жылдың 
жазында Халық музыкалық аспаптары музейінде қызметте 
жүргенімде, туристік топпен Батыс Германиядан келген 


343
қазақ жігітімен сөйлескен едім. Желтоқсан көтерілісіне 
қатысып қамауға алынғанымда тергеуші егер көтеріліске 
қатысқанымды мойындаттыра алмаса, бәрібір: «Кеңес 
үкіметінің қоғамдық құрылысына қасақана жала жапты» 
деп, 1977 жылы соттаған баппен мені қайта соттататынына 
сөз берген еді. Төрт ай тергеуден соң «Қылмыстық ісіммен» 
таныссам, әлгі, Германиядан келген жігітпен әңгімемді сеніп 
айтқан танысым 1986 жылдың күзіндегі бір реніштен кейін 
КГБ-ға арыз түсірген екен.
Соған орай тергеуші «Шетелдіктен еңбекақы көлемі 
т.б. туралы сұрастырып, капиталистік қоғам тұрмысына 
қызығушылық танытты» деген де айыптау даярлап қойған 
еді...
Ал С.Мұқановтың: «Парижде жарты ай жатқан Әміренің 
есінде бұл қаланың ғажап сипаттарынан ештеңе де қалмаған. 
Бар есте тұтқаны – жалғыз Мұстафа Шоқаев», – деп жазуына 
қарағанда, Әміреге Париждегі Эйфель мұнарасы, Лувр 
сарайы т.б. ғажайыптардан гөрі М.Шоқай әңгімесі (әрине, 
қазақтың ұлт-азаттығы жайында) аса қатты әсер етсе керек. 
М.Шоқайдың Кеңес үкіметіне қарсы адам екенін біле тұра, 
ол қонаққа шақырғанда өзгелер үкімет қаһарынын қорқып 
бармағанда Әміренің бір өзі баруы, ал елге оралған соң 
көптеген таныстарына Мұстафа туралы айтуы (сталинизм 
кезінде!) ерлік емес пе?!
Ал, Әміре тергеуге алынып, ұрып-соғуға ұшыратылғаны 
туралы, бала-шағасына зияндық жасаймыз деп қорқыт-
қандықтан, ешкімге айтпауға ОГПУ-ге Қолхат бере тұра 
С.Қожамқұлов пен И.Байзақовқа, т.б. достарына үкіметтің
қиянатты ісін жария етуі – ол кездің жағдайын ескерсек, 
нағыз батырлық қой!..
2006 жылы шыққан «Әміре Қашаубайұлы» кітабында 
Ж.Шәкәрім Әміренің руы тарақты жайына тоқталып, 
шежіре кітаптар авторларының әртүрлі пікірлерін келтірген 
екен. Олар бірде тарақтыны «Орта жүздің ноқта ағасы, арғын, 
найман, қоңырат, қыпшақ дейтін елдерге қосылмайтын ескі 
ел» десе, енді бірде «Арғынның ноқта ағасы» деген. (Егер 
тарақты тек арғынның ноқта ағасы болса, онда Орта жүздің 
ноқта ағасы кім?!) Қазақ қоғамының ғұлама білгірі Мәшһүр-
Жүсіп Көпеевтің жазуы бойынша, Тарақтының әкесі төре 
де, шешесі – арғын қызы. Ал, Рәшид ад-Дин, Әбілғазы хан 
сияқты өткен заман тарихшыларының рулық туыстықты 
таңба бірлігіне, ұқсастығына қарап анықтау керектігін 


344
айтқанын ескерсек, төре мен тарақтының таңбаларының 
бірдей «тарақ» болуы (және қазақтың өзге руларындай 
емес, тарақтының да төре, қожалардай еліміздің әр тұсында 
шашырап орналасуы) Мәшһүр-Жүсіп сөзінің растығын 
дәлелдейтіндей. Сондай-ақ, қазақта «Төре жоқта Тарақты 
баласы төре болуға жарайды» деген нақыл сөз де бар 
(М.Сәрсекеев. «Тарақты және Қаракесек шежіресі» 23-бет, 
Алматы, Атамұра-1995 ж.). Тек, төрелерден сан жағынан 
көп болуы тарақтының Шыңғысхан ұрпағынан тараған 
кейінгі төрелерден емес, әріден, Шыңғысхан аталарымен 
туыстығын байқатқандай. Қазақстан Ғылым академиясының 
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 
ізденушісі М.Қарамендина «Тарақ таңба – билік рәмізі» деп 
аталатын мақаласында («Қазақ тарихы» журналы, 2007 
ж.,№ 6.) Түрік қағанаты кезіндегі ел басқарушылардың 
таңбасы – тарақ болғанын айтып, П.Небольсиннің 1852 
жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Очерки Волжского 
низовья» кітабынан: «Тарақ таңбасы тек «ақсүйектерге» ғана 
берілетін болғандықтан оны «хантаңба» деп те атайды...Кез 
келген ру өздігінен белгілі бір елтаңбаны себепсіз иемдене 
салуы мүмкін емес», – деген пікірін келтірген. Жоғарыда 
айтылған және басқа да пікірлер қазақ халқы құрамындағы 
тарақ таңбалы рулар: төре және үш жүздің ноқта ағалары: 
жалайыр, тарақты, табын тарақтысының жақын туыстығын 
білдіретін сияқты. (Әрине, бұл мәселе әлі де тереңірек 
зерттеуді қажет етеді. Менікі тек Ж.Шәкәрім кітабында 
келтірілген тұсқа байланысты туындаған ой.) 
Шынында да, Кеңестік тоталитарлық кезеңде Әміренің 
ерлік мінез шығаруы ілгеріде келтірген «Тарақтының 
төре болуға жарайтындығы туралы» халқымыздың нақыл 
сөзінің растығын дәлелдегендей. Өйткені, ол кезең орыс 
отаршылдары ғасыр бойы жүйелі түрде жүргізген хан-төре 
тұқымын ел билігінен шеттету саясаты салдарынан, кезінде
Абылайдың түсін Бұқар жырау жоруы дәл келіп, шынында 
да, ХХ-ғасыр басындағы ұрпағы төрелік айбардан айрылып,
«жоққа» барабар күйге түсірілген еді...
Е.Брусиловский «Естелігінде»: – Содан 1934 жылы 7 
қараша күні «Қыз Жібектің» премьерасы болды. Жұрттың 
бәрі көңілдері толқып жүрді, сырттай әсердің олқылығына 
қарамастан, спектакльді аудитория ықыласпен қабылдар 
деп үміттенді. Бірақ та амал нешік, бірден, кенеттен 
революция бола қойған жоқ. Пушкин көшесіндегі театрдың 


345
шағын залының өзіне кісі тола қоймады. Жиналған жұрт 
спектакльді әлдебір сенімсіздеу, әлдебір бейжай күймен 
көргендей болды», – депті.
Шынын айтсам, осы мақалаға кірісуіме Брусиловский 
«Естелігіндегі» осы тұс түрткі болған еді. Өйткені, мұның 
алдында Брусиловский М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» 
музыкалық пьесасы (музыкасын И.В.Коцых жазған) жайында: 
«Сонымен театр 1934 жылғы қаңтарда М.Әуезовтің «Айман-
Шолпан» атты музыкалық пьесасымен ашылды.Спектакль 
кең дулы табыспен өтті, бірнеше мәрте қатарынан халық лық 
толы болды. Театрдың Пушкин көшесінің бойындағы үйі 
небәрі 450 орындық еді, әлбетте, оған келгісі келген жұрттың 
бәрі қайдан сыйсын...» – деп жазған-ды. Ендеше, дәл сол 
450 орындық театр үйінде 10 айдан соң қойылған «Қыз 
Жібек» премьерасына халықтың тым аз келуі неліктен? Ол 
кезде қазіргідей үйде ермек етер теледидар жоқ, киноның өзі 
сирек болғандықтан рухани шөліркеген жұрт үшін қандай да 
бір жаңа өнер туындысы, қойылым үлкен оқиға болды емес 
пе?! «Қыз Жібек» опера делінгенмен, Вагнер шығармасы 
емес қой. Түгелдей-дерлік халыққа белгілі қазақ әндерінен
тұратын, речитативтер орнына музыкасыз, кәдімгі сөйлеу 
тілі қолданылған «Қыз Жібек» операсының күрделілігі, 
шын мәнінде, «Айман-Шолпан» музыкалық пьесасынан 
айырмасы аз еді ғой! Премьера болған 7-қараша, Кеңес 
үкіметінің мереке күні болғандықтан көшедегі «Салтанатты 
шеруге» қызмет орындары міндеттеп, еріксіз шығарғанда да 
наразылығын жасыра білетін жұртшылық «Қыз Жібекке» 
келе тұра неліктен «бейжай» күйде болды? Рухани қажет ете 
тұра премьерасына халықтың бармай, «бойкот» жасауы – 
«Қыз Жібек» операсының сапасына еш байланысты болмаса 
керек. Өйткені, алғашқы қойылым болғандықтан, әлі оны 
ешкім көрген жоқ та ғой.
Сондықтан маған: «Бойкот себебі – бір күн бұрын 
ғана қаза болып, жерленген қазақтың ұлы әншісі Әміре 
Қашаубайұлының өлімі, оның үкімет тарапынан істелінгенін 
сезген жұртшылық наразылығынан болды-ау?!» – деген 
ой келді. Осынау, Әміреге қатысты трагедиялық жағдай: 
«Сталиндік зұлмат кезеңде де қазақ халқы үкімет қуғындаған
арыстарын жоқтауға сескенбей, өз наразылығын көрсете 
алған екен ғой!» – деген оптимистік ой тудырып, халықтың
өр рухын баян ету ниеті қолыма қалам алғызған еді.


346
Р.С.: 2008 жылы Әміренің туғанына 120 жыл толады. 
Бірақ, ұлы әнші азаматымызға қатысты бүгінгі ұрпақтың әлі 
де атқармай отырған парызы баршылық. Мысалы, Қазақстан 
үкіметінің Әміреге Алматыда ескерткіш орнату туралы 
1934 жылы 19 қарашада шығарылған № 540 қаулысы күні 
бүгінге дейін орындалмай келеді. Соңғы үш-төрт жылда бұл 
мәселе баспасөз беттерінде бірнеше рет көтерілсе де үкімет 
жағы үнсіз. Ал, сол жылы Әміре Қашаубаев аты берілген 
еліміздегі №1 музыкалық мектептің ғимараты мемлекеттік 
тәуелсіздік алғанымыздан кейін көп ұзамай-ақ сатылып 
кетіп, мектептің Әміре есімі қазірде «Көкіл» аталатын 
колледждің көлеңкесінде қалған жағдайда. 
Әміре ағасының Парижден лауреат болып Алтын медаль-
мен оралғанын, Әміре даусы Францияда жазып алынғанын, 
бірақ ол елдің үкіметі тек алтынға сататындықтан КСРО 
үкіметі оны алғысы келмей отырғаны жайлы бала кезімде 
әкемнен сан рет естіген едім. 1974 жылы жазушы С. Бегалин 
де өз естелігінде Париждегі Сорбонна университетінің 
профессоры Перноның Әміре даусын фонографқа жазып 
алғаны туралы айтқан. Бүгінде, тәуелсіз ел болған кезімізде 
ұлы әншісінің даусын халқымыздың есітіп қуанып, рухани 
нәр алуына, есімін ардақтауына не бөгет?! Сондықтан, 
ұлы әншінің 120 жылдық мерейтойына орай халқымызға 
сыйлық ретінде Қазақстан үкіметі Парижден Әміре дауысын 
алдыртуға тиіс. Мәдениет министрлігі осынау жауапты істі 
жүзеге асыруды Әміретанумен көптен айналысушы өнер 
қайраткері Жарқын Шәкәрімге жүктесе жөн болар еді.


347


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет