Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет96/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   130
ОГПУ басты ы Каширинге арыз.  
«Бүгін, яғни 1927 ж. 14-мамыр күні сіздің уәкілдеріңіз 
біздің (Әміренің –Х.Қ-А.) үйге тінту жүргізді. Тінту кезінде 
Иса Байзақовтың екі поэмасы (өлеңдері) алынды. Неге алғаны 
бізге мүлде белгісіз. Осы баяндалған жағдайға байланысты 
тінту кезінде алынған поэмаларды қайтару жөнінде нұсқау 


335
беруіңізді сұраймыз және не себепті тінту жүргізілгенін 
хабардар етсеңіздер. 
Қол қойғандар: Байзақов пен Қашаубаев.» 
Әміре Қашаубаевтың ОГПУ мекемесінде тергеушілерге 
1927 ж. 6-маусым күні берген жауабының хаттамасы 
(үзінді). 
« ...1925 жылы маусым немесе шілде айының бірінде 
мен барлық ұлттық республикалардан жиналған 14 актер-
мен бірге Парижге бардым. Барған бойда «Дария» отеліне 
орналастым. Екінші күні қонақ үйге Мұстафа Шоқай 
келіп, менімен әңгімелесті. Ол Қазақстанда болып жатқан 
жағдайларды сұрады. Арасында: «Үкімет басында кімдер 
тұр? Қазақтар бар ма?» – деген сауалдар да қойды. Мен 
«бар» деп жауап бердім. Бірақ, олардың кімдер екенін 
айтқаным жоқ, ол да менен сұраған жоқ. Сонан соң ол менің 
білімімді сұрады. Мен оған: «Ешқандай білімім жоқ», –
дедім. Әңгіме үстінде ол Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып 
Дулатовтың хал-жағдайларын және немен айналысып 
жүргендерін сұрады. Мен: «Байтұрсынов Қызылордада 
мұғалім, ал Дулатов әдебиетпен айналысып жүр», – дедім. 
Мұстафа өзінің Сұлутөбеде туып-өскенін және сол жердегі 
туыстарынан хат алып тұратынын, сондай-ақ Кеңес Одағына 
барғысы келетінін айтты. Кеңес Одағының елшісі Красин 
оған елге қайтуды ұсынған екен. Бірақ, ол жолға көп қаражат 
керек екендігін және өзіне қауіпті болатынын ескертті. Тағы 
бір жолы Мұстафа Шоқаев мейманханаға келіп, актерлердің 
бәрін ресторанға қонаққа шақырды. Бірақ, актерлер 
әртүрлі себептерді сылтау етіп, ресторанға тек мен ғана 
бардым. Ресторанға барған соң ол екі саптаяқ сыра сатып 
алды. Екеуміз небәрі он бес минуттай бірге болып тарадық. 
Кетерінде ол Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовқа 
сәлем айта бар деп өтініш білдірді. Сөйтіп, өз қолымен менің 
қойын кітапшама олардың аты-жөндерін қазақшалап жазып 
берді.
Парижден Қызылордаға келген соң мен Дулатов пен 
Байтұрсыновқа бірнеше рет жолықтым. Оларға Мұстафа 
Шоқаевтың жолдаған сәлемін жеткіздім. Екеуі де оның 
шетелдегі хал-жағдайын, өмір сүруге қаражатты қайдан 
алып жүргенін сұрады. Мен Мұстафа Шоқаевтың Париждегі 
француз және орыс баспаларында қызмет атқарып жүргенін 
айттым. Бірақ, оларға Мұстафаның хатын көрсеткен жоқпын, 
ұмытып кетіппін. Кейіннен кітапша із-түссіз жоғалып кетті, 


336
іздеп таба алмадым. Бұл хатпен бұрын Қызылорда қаласында 
«Еңбекші қазақ» газетінің қызметкерлері Ахмет Елшібаев 
(Әміреге туыс, менің әкем Кәрімжанның немере ағасы – 
Х.Қ-А.) пен оның екі жолдасы танысқан.Соңғы екеуінің аты-
жөндерін білмеймін...»
олхат  
Мен, төменде қол қоюшы азамат Әміре Қашаубаев, 
Қазақстандағы Біріккен Бас саяси басқарманың өкілетті 
өкіліне жауапта көрсетілген мәліметтерді, өзімнің Парижде 
болғанымды, Мұстафа Шоқаевпен кездесуімді, оның 
Байтұрсыновпен және Дулатовпен байланысы бар екенін 
құпия сақтайтынымды айттым, оған Байтұрсынов қызмет 
істеп, Дулатов әдебиетпен айналысып жүр дедім. Мұстафа 
Шоқаев өзінің Сұлутөбеде туып-өскенін, сол жердегі 
туыстарымен хат алысып тұратынын айтты. 
Сонымен қатар, бұл жөнінде ешқандай жағдайда да 
ешкімге айтпаймын. Егер бұл қол қойған шартты бұзатын 
болсам, қылмыстық кодекстің баптарымен қылмыстық 
жазаға тартылатыным ескертілді.
Осыны растап қол қоямын.
Қашаубаев, 5.ҮІ.1927 ж. 
Осы құжаттардың әрқайсына түсініктемелер бере отырып, 
полковник Ә.Бәкірұлы мақаласында: «Осылайша, қанша 
ант-су ішсе де қауіпсіздік органдары Әміре Қашаубаевқа 
оншалықты сене қоймаған. Сондықтан оны аңдуды одан әрі 
жалғастыра түскен...
Не дегенде де, жазалаушы топ Қазақстандағы қайдағы 
бір қиялдан туғызған ұлтшыл-буржуазиялық ұйым мен 
Мұстафа Шоқай байланысты Әміре арқылы жүргізіп 
отырған деген болжамы осы тергеу материалдарынан 
айдан анық аңғарылады. Архивтік деректерге қарағанда, 
Әміре Қашаубаев Алашорда ұйымының мүшесі ретінде Иса 
Байзақовпен және Мұхтар Әуезовпен бірге бір тергеу ісінен 
өтеді. Тергеу көбінесе түнгі мезгілде алынған және әр жолы 
олар 3-4 сағатқа дейін созылып, жауапқа тартылғандар 
түн жарымынан ауа қайтарылған. Бір тәуірі, аталмыш 
тұлғалар жауап алу кездерінде қаншама қысым мен қиянат 
көргендерімен, өздеріне жағылған жаланы мойындамапты. 
Дегенмен, осы үшеудің ішінде әйгілі әншінің шеккен зардабы 


337
бізге басым көрінеді. Себебі жоғарыдағыдай тергеулерден 
кейін ол үлкен сахнаға көп жіберіле бермейді. Шын мәнінде 
Әміре өз қызметінен шеттетіліп, қоғам өмірінен тыс қала 
бастайды. Бұл – бір. Екіншіден, ұзақ уақыт бойы ОГПУ 
органдарының бақылауында жүруі замандастары арасында 
оны сол қауіпсіздік қызметімен байланысы бар деген күдік 
туындауына бірден-бір себепші болады. Сөйтіп, қайран әнші 
екі жақтан күйеді. Ақиқатын айтсақ, Әміре ешқашан ГПУ-ға 
қызмет жасайтын жансыз болған жоқ еді. Парижде Мұстафа 
Шоқаймен бір рет кездесемін деп, соншалықты зобалаңды 
бастан кешкен ол 1934 жылы аяқ астынан, жұмбақ жағдайда 
бақилыққа озып жүре береді. Бар-жоғы бір сапардың 
барысындағы кездесуден туған дүрбелең осындай болатын...
Әмірені «Орта Азия және Қазақстандағы ұлтшыл 
ұйымдардың тапсырмасымен шет елдегі Мұстафа Шоқаймен 
байланыс жасады» деп айыптаған. Сол себепті Әміре 
Қашаубаевтің кімдермен кездесіп, оларға қандай әңгімелер 
айтып жүргенін, яғни жүріс-тұрысын тұрақты түрде 
бақылауға алған. Оған дәлел – ОГПУ құжаттары», – деп 
жазып, Ә.Бәкірұлы мынадай да құжатты келтіреді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет