Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет93/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   130
айтан еске алуында. 
Ал 1934 жылы құрылған Қазақстанның Музыкалық 
театрының директоры, қазақтың тұңғыш операсы «Қыз 
Жібекте» Төлегенді орындаған Қанабек Байсейітов «Құштар 
көңіл» атты (Алматы,1977 ж.180-бет) кітабында: «Адамдар, 


323
әсіресе өнер адамдары өз қатарластарын оңайлықпен 
мойындай қоймайды ғой; бірі мойындаса, бірі қыңырайып, 
бірауыздан жоғары баға бере салмайды. Ал, Әміре жөнінде 
ондай «ары тарт-бері тарттар» болған жоқ. Жақсы әншімін 
дегендер де, орташа әншілер де – бәрі Әмірені ұстаз тұтып, 
одан бұрын ән салуды әбестік санайтын. Оған әншінің 
жұмсақ мінезі де біршама себеп болған шығар, бірақ негізгі 
себеп - Әміренің теңдессіз әнші екендігі. Ән оның стихиясы 
еді. Соншалық әндердің ішкі-сыртқы әдеміліктерін келтіріп, 
мән-мағынасын ап-айқын етіп айтқанда, «мына Әміре мұнша 
ақылдылықпен қалай айтып отыр өзі?!» деп таңғалуға 
болатын еді. Әншіде Әміредей, ақында Исадай талант енді 
туар деп өз басым сене қоймаймын», – дейді. 
Қазақ театрының көнекөзі Серәлі Қожамқұлов 1974 
жылы Әміренің фонографтағы дауысы табылып, күйтабаққа 
шығарда айтқан естелігінде: «Талай әншілерді көп естіп 
жүрдік, бірақ тап Әміредей әнді нақыштай, қуаныш, күйінішін 
жүрекке жеткізе айтатын әншіні кездестірген емеспін. Әміре 
алғаш рет «Еңлік-Кебектегі» Жапал рөлінде ойнады. Онда 
ол «Көк көбелек» әнін салатын еді. Спектакль біткен соң 
жұрт сұрап отырып, оған ән салғызатын. Әміре кей әндерді 
өзі өңдеп, жанынан жаңаша әуен, үн қосып, түрлендіріп 
жібергенде, сүйсіне тыңдаушы едік. Сол кезде жалпақ 
елге даңқы кеткен Әміренің мінез-құлқы, кішіпейілдігі, 
көпшіл-қарапайымдылығы өз алдына бөлекше еді. Әміре бір 
ренжуді білмейтін, ақкөңіл еді. Әміре жол жүргенде де ойын-
сауықтың қызығы, алтын қазығы сияқты көрінетін. Әміре 
– бәрімізге ұстаз еді», – десе, атақты актер Қапан Бадыров 
та өзінің «Өткендер мен өткелдер» кітабында (Алматы,1974 
ж,183-бет): «Бүгінгі Қазақ Республикасының еңбегі сіңген 
әртістері мен халық әртістері бастаған тобының және лек-
лек өсіп келе жатқан әртістер тобының ағасы болған Әміре 
Қашаубаев пен Иса Байзақовтың көркемөнерді өркендетудегі 
зор еңбегін халқымыз ұмытпайды», – деуінен Әмірені тек 
қана әншілер емес, театр әртістерінің де өздеріне ұстаз 
санағанын көреміз. Шынында да, алғаш 1925 жылы құрылған
Қазақтың Мемлекеттік театрының №1-ші бұйрығымен 
театр әртістігіне ең бірінші болып Әміре Қашаубаев және Иса 
Байзақов қабылданған. Осы театр өнерпаздарының алғашқы 
легіндегі жасы үлкені Әміре болған.
Иә, Әмірені тыңдау бақытына ие болып, әншінің өнеріне 
тәнті болған адамдардың жүрекжарды пікірлері көптеген 


324
мақалаларда, кітаптарда молынан жазылған. Бұл мақала 
мақсаты Әміренің әлдеқашан мойындалған әншілігін 
қайталап дәріптеуден өзге мәселелерге арналатындықтан, 
ол пікірлердің күллісін қайталамай, жоғарыда келтірілген 
бірнеше мысалмен қазіргі оқырманға Әміренің әншілігінен 
мағлұмат беруді жеткілікті санадық.
Әміре Қашаубайұлы мен оның туыстарына қатысты әкем 
Кәрімжан Қожахметұлының естеліктерін, өз білетінімнің 
бірқатарын бұрын да жазған едім («Әміре аға» - «Қазақ 
әдебиеті» газеті, 23.08.1985 ж., «Көне сурет, тың дерек»- 
«Парасат» журналы, 2002 ж. № 11 ). Бірақ, байқар болсақ, 
Әміренің өміріне қатысты беймәлім, жұмбақ жайлар әлі 
де баршылық екен. Мысалы, оның 1926 жылы Бакудегі 
«Түркологтар съезіне» іссапарға А.Байтұрсынов, Е.Омаров 
тағы басқалармен бірге жіберілуі, Сібірдегі Иркутск 
қаласына концертпен баруы туралы әлі зерттеле қоймаған. 
Тіпті, Әміренің қаза болу жағдайы да әлі күнге дейін жұмбақ
күйде.
Жуырда қазақ музыкасында еуропалық үлгідегі опера, 
симфония сияқты ірі жанрлардың пайда болу кезеңі жайында 
мақала жазу барысында «1934 жылы тұңғыш қазақ операсы 
«Қыз Жібек» жазылып, қойылымға дайындалған кездері 
Әміре тірі бола тұра, оның әншілік деңгейінің өзгелерден 
биіктігі жаппай мойындала тұра, неге оған Төлегеннің немесе 
Шегенің рөлі берілмеген?» – деген сұрақ ойыма қайта оралды. 
«Қайта» деу себебім, осынау сауал бұрын, 1970-ші жылдары да 
туындаған. Бірақ, «Әміре қайғылы жағдайға қонақтан үйіне 
қайтар жолда ұшыраған екен», «ауруханадан үйіне түнде 
кетіп қалған екен» деген пікірлерді естігенмін. Сондықтан, 
ол кездері Әміренің Парижде Мұстафа Шоқаймен кездескені
жайын білмегендіктен, әнші туралы естелік жазған кейбір 
өнер қайраткерлерінің сөз сыңайлары сол жұмбаққа жауап 
сияқты болғандықтан, оны әрі өрбітуді ыңғайсыз санаған 
едім. Мысалы, алғашқы қазақ операларын жазған композитор 
Е.Брусиловский (1905-1981 ж.) өмірінің соңғы бес жылында 
жазған «Естеліктерінде» («Жалын» журналы, 1994 ж.№1-
2,) Әміре туралы: «Ал, сол тенор дауысты әнші қайда? Соның 
өзі осы екені рас па? Париж бен Страсбургтің сахналарында 
жарық жұлдыздай жарқ етіп көрінген Әміре Қашаубаев сенің 
алдыңда тұрған. Көзі қанталап мөлиген, денесіне тер сіңген, 
даусы қарлыққан, еңсесі пәс адам сол Әміре Қашаубаев 
па? Цивилизацияға жанаса кеткен Әміре арақ ішуге бой 


325
алдырыпты. Бірақ, ол белгісі жоқ, менің бөлмеме келіп тұр, 
тұла бойынан арақ исі аңқиды. Әлі де болса маған бірдеңені 
дәлелдемек болады. Рояльға сүйеніп алып, сол баяғыша 
«Ардақты» шырқамақшы. Бірақ, алғашқы «әу» дегеннен-
ақ даусы жетпей, сүрінеді. Оған қарамастан «Ардақ» деп 
ышқынады. Ентіккен демін алмастырып, әрі қарай созбақ 
болады. «Сен ақ қоян» деп даусы барлыға күбірлеп кетеді 
де, көзіне жас іркіледі. Көпе-көрінеу жылап тұр. Бірақ бұл 
мастықтың әсерінен төгілген көз жасы емес еді. Есектің 
күші – адал, еті – арам. Қазір даусынан айрылған шағында 
оның кездесіп, бас қосар адамы да шамалы, оған көңіл 
бөліп жатқан ешкім жоқ, өзінің жалғызсырап қалғанына, 
елеусіз қалғанына қатты қамығады ол»... – деген жолдар 
бар. Брусиловский «Естеліктерін» архивтен алып, журналға 
жариялатушы Сапар Байжанов: «Әлбетте «Естеліктерде» 
қайсыбір оқиғалар мен адамдардың іс-әрекетін бағалауда 
даулы, тіпті жаңсақ қорытындылар да болуы әбден мүмкін»,
– дей тұра, оны қазақшаға аударғанда «мөлиген» т.с.с. 
қышқыл сөздермен неге қоюлатқаны түсініксіз! (Оданша, 
Брусиловский «Естеліктерінің» орысша түпнұсқасының 
өзін жариялатқаны жөн еді.) 
Ал, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында 
Төлеген 
ді орындаған Қанабек Байсейітов те жоғарыда 
аталған кітабының 180-беттегі Әміре туралы естелігінің 
жалғасында: «Әміре десе, оның жолынан қай қазақ дүниесін 
аяп қалушы еді? Ең сараңының өзі әйтеуір бір сый көрсетіп 
қалуға тырысатын. Жалпы, халық оған сый көрсетуге 
таласатын, алғысын білдіруге асығатын. Аса жақсы 
көретіндігімізді аспен білдіріп әдеттенген елміз, Әміреге де 
сөйтетін: бірі қымызын, бірі арағын аямайтын. Ал, сыйлап 
тұрған жұрттың меселін қайтару Әміренің де әдеті емес-тін, 
соның арты барып кейде ауырлау жағдайларға соғушы еді. 
Одан ерте айырылып қалғандығымызға өзіміз де кінәліміз 
бе, кім біледі...» – дейді. 
Әрине, мұндай «естеліктерді» оқыған жұрт «Әміре 
ішкілікке салынып, даусынан мүлде айрылғандықтан «Қыз 
Жібек» операсына қатыстырылмаған екен» деген қорытынды 
шығарары түсінікті. Тек Брусиловский оның «ішкілікке 
салынуы» себебін дала қазағының батыс цивилизациясына 
жанасуынан көрсе, ал Қ.Байсейітов мұны халықтың Әмірені 
тым қатты сыйлауынан көреді.
1888 жылы туылып, Абыралы-Дегелең өңірінен Семей 


326
қаласына 1900 жылы келген Әміре қала «цивилизациясымен» 
12 жасынан бастап-ақ таныс болған. 1918 жылы жасы отызға 
келген Әміре Кеңес үкіметі орнамастан бұрын-ақ әйгілі 
әнші ретінде аты шыққан ғой. Әншінің жерлесі, жазушы 
Сапарғали Бегалин естелігінде: «Мен Семейде Әміремен 
танысқан кезімде, ол аты әйгілі әнші еді. Ол кезде ар жақ, бер 
жақ атанатын Семей қаласының той-думаны, арал серуені 
Әміресіз өтпейтін. Әміренің сол кездегі өте мәнеріне келтіре 
айтатын әндері «Үш дос», «Ағашаяқ», «Бесқарагер» болатын. 
Мен Әміренің осы әндерді айтқанын 1913 жылы аралдағы
бас қосудағы бір мәжілісте тыңдап сүйсінген едім. Әміренің 
сондағы үні әлі күнге құлағымда күмбірлеп тұрғандай», –
дейді. 
Сәбит Мұқанов та: «Әміренің әншілігіне жүрген 
жерінің бәрі қызығып, ойын-тойына таласып шақырады. 
Біраздан кейін Әміренің атағы зорайып, маңайдағы қала-
дала қолдан қолға түсірмейді. Абайдың өлуіне он жыл 
толуына байланысты, 1914 жылы Семей қаласындағы қазақ 
интеллигенциясы әдебиет кешін жасағанда Әміре ән айтып, 
жиынды таңғалдырады да, атағы көтеріледі», – дейді «Өмір 
мектебі» атты кітабында.
Семейден өзге де орыс қалаларын аралаған Әміренің, 
қажет етер болса, ондай «цивилизациямен» Батыс Еуропаға 
бармастан әлдеқайда бұрын танысуына мүмкіндігі болды 
емес пе?! Мысалы, 1925 жылы А.Затаевич Әміремен Орынбор 
қаласында танысып, содан Қызылордада (ел астанасы) өтетін 
Қазақстан Советтерінің V съезіне екеуі де делегат болып 
пойызбен бірге келген екен. Ендеше, арағы Парижден де мол 
орыс қалаларында талай той–думандардағы қошеметтерден 
жас, жігіт кездерінде бұзылмаған Әміре неғып ұлғайған, 
45-46 жасында ішкілікке салынбақ?! (Қазақтың талай 
азаматтары ХІХ-ғасырдан Петербор, Мәскеу т.б. еуропалық 
қалаларға барып, оқу оқып, «цивилизацияға жанасқаннан» 
арақ ішіп кетпеген ғой! )
Негізінде, мұндай жағдайға ұшырау қошеметке дандайсу, 
«семіргенді көтере алмаудан» болады емес пе? Әміреден 
көптеген әнді нотаға түсіріп, бірге жүрген А.Затаевич оның 
мінезі туралы «аса қарапайым жан» деп жазса, ал Әміре 1925 
жылдың маусымында Мәскеудің Үлкен театрында концертке 
қатысып, шілдеде Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық 
фестивальда ән шырқап, жүлдемен оралғаннан кейін де 
мінезінің еш өзгермегенін Қалибек Қуанышбаевтың 1925 


327
жылы желтоқсан айында әншімен алғаш кездескені жайлы 
естелігінен байқаймыз: «Қызылордаға келісімен Әміренің 
үйін іздедім. Біреуден біреу нұсқап, көрсетіп, әйтеуір таптым-
ау. Келген бетімде есігін қағып едім, қысқа маңдай, үлкен 
ауыз, шашын тап-таза қып қырған, кіршіксіз таза киінген, 
тығынын алған шақшадай таңқиған, жап-жас түрі сарылау, 
бір инабатты жігіт есік ашты. Маған жақсылап тұрып сәлем 
берді. Түлкі тымақты шалқайта киіп, қара шапанды желбегей 
салып, ойда-жоқта есігінің алдында тұрған мені өзінен бес-
алты жас кіші деп ойламаған сияқты. Амандасқаннан кейін: 
«Әміренің үйі осы ма?» – деп сұрадым. «Осы» дегесін үйге 
кіріп шешініп, жуынып жатқанымда, Әміренің өзі орамалды 
ұстап, күтіп тұрды. Жайланып болып, шайға отырғанымда, 
әйелімен амандасып, аз кідіріп: «Әміре ағай қайда?» – 
дедім. Ерлі-зайыпты екеуі біріне-бірі қарап күлді. Сол сәтте 
Иса (Байзақов) кіріп келді. Ол екеуміз бұрыннан таныс 
болатынбыз. Аржағын Иса «жөндеп әкетті», – дейді. Тағы 
бір естелігінде Қ.Қуанышбаев: «Әміренің адамгершілігі 
аса зор еді. Барынша адал жүректі еді. Қаннен-қаперсіз, 
қалай болса–солай жүретін. Дүние үшін қабақ шытып, бір 
тарықпайтын. Қоң етін кесіп беретін жомарт еді. «Біздің 
Әміре – Атымтай-жомарт қой» деп күлуші едік. Кейде бір 
нәрсеге үлкен ерні томпайып, балаша өкпелейтін. «Ой, сорлы 
Қашаубайдың баласы-ай!» – деп, бір саусағыңды шошайтып 
қытықтасаң, күліп, ол өкпесін әп-сәтте ұмытып кететін...» – 
дейді. 
Яғни, Әміренің өз даңқына мастанып, мадақты көтере 
алмай «бұзылуы» көңілге қонбаса, оны масаң кезінде 
кездестіріп, «Ардақ» әнін айта алмады екен деп әншіні 
даусынан мүлде айырылған деу де сенімсіз. Өйткені, аспаппен 
тексеріп, өз дауысына сәйкес тональдікті тауып алмай бастап 
кетсе, «Ардақ» сияқты бірден жоғары дыбыстан басталатын 
әнді «сау әнші» де айта алмай қалады емес пе?! Мұны, 
композитор ретінде Брусиловский біле тұра, неліктен олай 
жазғаны түсініксіз.
Ал, «ішпейтін» әншіні өз басым кездестірмеппін. Бірақ, 
олар бүгін ішсе, ертесіне қайтадан әнін айтып жүрмеуші 
ме еді?! Тек қана әнші я басқа өнер адамы ғана емес, не бір 
мамандығы бар жұмысшылар, қызметкерлер де ішеді, 
ертесіне қызметіне барады ғой?!.
Әміренің даусынан айрылмағанына дәлелді дәл осы 
«Естелігінде» Брусиловскийдің өзі де айтады: «Мен Шегеге 


328
(операдағы кейіпкер. – Х.Қ-А ) арнап, Әміреден оның айық-
қан сәттерінде бірнеше ән жазып алдым. Олардың ішінде 
«Көбелек» («Көк көбелек» болар!-Х.Қ-А) және «Жапалақ»
дейтін екі ән Шегенің партиясына тұрақты енді» – десе, 
тағы осы «Естеліктерінде»: «Қазақтың талантты жазушысы 
Сәбит Мұқанов, турасын айту керек, пәлендей музыкалық 
дарынды кісі деуге келмейді, сонда да болса ол халықтың 
бірнеше әнін орындап, әннің ең дәл нұсқасы осы деуі мүмкін, 
әйтсе де одан гөрі әйгілі қазақ әншісі, халық әндерінің 
білгірі Әміре Қашаубаев айтқан нұсқаға жүгінген мақұл. 
Ересен музыкалық дарынды, кең диапазонды әнші өзінің 
вокалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халық әндерін 
еркін, кең көсіле, асқақтата шырқайтын еді. Айталық, Сәбит 
Мұқанов әнді орындағанда өзінің отбасынан ұзай қоймайтын 
даусына икемдеп, өзі де байқамай, әнді тым келте қайырып, 
қарабайырландырып жіберетін болса, Әміре Қашаубаевтың 
әні айнала төңіректегі он шақырымдай жерге жетіп жатушы 
еді...» – дейді! Ендеше, Брусиловский «Естелігінің» қай 
тұсы ақиқат?! Егер Брусиловский Әмірені көп жылдан бері 
білетін адам болса «Бұл пікірін Әмірені даусы жойылмаған 
кезінде тыңдап, жазған ғой» дер едік. Бірақ, Брусиловский 
Қазақстанға тек 1933 жылдың жазына қарай келіп, Әміре 
қаза боларға шейін оны бар-жоғы бір жыл ғана көрген ғой. 
Тіпті, ол Әміре даусын Қазақстанға келе сала 1933 жылы 
естіген десек, келесі,1934 жылы әнші «Қыз Жібек» операсына 
қатысуға жарамастай болып, даусынан айрылғаны ма?!
Қ.Байсейітов кітабында (100-бет): «Әлі опера дайын емес, 
бірақ ойнайтын әртістер дайынбыз, мен Төлеген екенімді, 
Күләш Жібек болатынын, Құрманбек Бекежан болатынын 
біліп алғамыз, сондықтан ән таңдағанда өз дауысымызға 
лайық жағын да ұмытпаймыз. Брусиловский Әміреден төрт-
бес ән алды, тіпті «Затаевичтің жинағында бар әндердің де 
бір-екеуінің айтылуы өзгешелеу екен», – деп қайта жазды. 
«Қос барабан», «Аққұм», «Көк көбелек», «Жиырма бес» 
тағы бірер әндер сол Әміренің айтуынан алынған», – деуіне 
қарағанда, Әмірені «Қыз Жібекке» қатыстырмау опера жазу 
басталмастан бұрын-ақ шешіліп қойылғанын, бірақ оның 
операның жазылуына белсене көмектескенін, дауысы еш 
жойылмағанын, операға қажет бірнеше әнді Брусиловскийге 
орындап беріп, нотаға жаздырғанын айқын біле аламыз.
Дәл осы «Қыз Жібек» операсының репетициясы жүріп 
жатқан (премьерасына бір жарым айдай мезгіл қалған) 


329
кездегі болған мынадай жағдайды А.Жұбановтың Әміре 
туралы мақаласынан келтірелік: «1934 жылдың қыркүйек
айында Қазақстан Халық ағарту Комиссариатының үйінде 
көптеген өнерпаздар бас қосқан үлкен мәжіліс болды. Оған 
әншілерден: Әміре Қашаубаев, Темірболат Арғынбаев, Қуан 
Лекеров, Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла 
Құрманғалиев, Биби Сәрсенбаева тағы басқалары келді. 
Мәжіліс алдағы 1935 жылда Алматыға келетін граммафон 
пластинкаларына ән-күй түсіретін бригаданың жұмысына 
дайындық, музыкалық нөмірлерді, орындаушыларды 
саралап алудың басына арналған болатын.
Әнді сазбен, асықпай, қоңырлатып айтатын, баритон 
дауысты Темірболат, салған жерден қырандай аспандап, 
шырқап кететін Қуан, әр нотасынан сахараның кең тынысы 
сахнаға ере келіп тұрған Манарбек, әнді еркелетіп, уілдетіп, 
лебізімен жыланды іннен шығаратын Жүсіпбек, даусының 
жоғарысы әйелдің сопраносының «бақшасына кіріп кететін»
Ғарифолла, жүрекке жылы тиетін, жұмсақ меццо-сопрано 
Биби – бәрі де, бәйгеге түсетін болғансын, бірінен бірі 
оздырамын деп, бар шеберліктерін салып, не бір сүбелі әндерді 
комиссияның алдына табақтай тартып жатыр. Қазанның
арқасында еркіндік алған елдің ән шеберлерінің дауыстары 
да еркіндеп, сонау Алатаудың басынан асып кеткендей болып 
жатыр. 
Ең артынан бір бұрышта бүкшиіп қана, жұпыны киімде 
отырған Әміре басын көтерді. Аздап сырқаттанып жүрген 
кезі болатын. Сондықтан біреулер оны келмес деп, енді 
біреулер келгенімен жай басқаларды тыңдап, ән айта 
қоймас деп отырған. Бірінші қараған кісіге сырт түрі қораш 
көрінетін шын жүйріктей, айқай шыққаннан кейін Әміре 
лезде басын көтеріп, бет-аузына жаңа бір өң еніп, қысқа 
мойынды, өзінен басқа кісі құлақ күйін түсіріп тарта 
алмайтын қара домбырасын дыбысын қатты шығармай бір-
екі тықылдатып бұрады да, әншейіндегі мойны жуандап, 
алқымы кебіңкіреп, екі ұрты бір томпайып, бір қусырылып, 
алдыңғы отырысынан тікейіңкіреп алды да айқайға басты. 
«Ағашаяқ», «Үш дос», «Екі жирен», алдында Манарбек 
айтқан «Смет» тағы басқа әндер кетті. 7-8 әнді бірінің 
артынан бірін тастап жібергенде, отырғандар біріне-бірі 
қарап, бір сәт пауза болды. Алдыңғы әншілер де бастарын 
шұлғып: «О, сорлы-ай, сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны 
кетпеген екен ғой», – десіп, рахаттанғандықтарын білдірді. 


330
Әміренің әні Наркомпростың аласа төбелі кабинетін көтеріп 
тастай жаздады. «Әміренің дауысы қалды, енді бізбен таласа 
алмайды», – деп, әншілердің кейбіріне тән әңгүдіктеніп, 
барын ортаға салып, «қырдым» деп отырғандар, бүгінгі 
Әміренің әніне тең келе алмағандарын сезсе де, сыр 
бермегенсіп, жасанды күлкіге салып, басқалармен бірге 
мақтау хорына қосылып жатты. Өзінің адресіне деген 
осындай өсектің барын білетін Әміре соңғы әнінің аяғында 
маңдайдан аққан терімен бірге, жұртқа білдірмей ғана 
көзінен шыққан ызалы жастың моншақ тамшыларын да 
сүртті де, ар жағындағы оқиғаның не болатындығында 
жұмысы болмай, кабинеттен жылдам басып шығып кетті. 
Әміренің бұдан кейін сахнада ән салмағанын көрген біздер 
үшін осы бір күн халқы сүйген, қазақтың ән абыройын Сена 
мен Майн (Франция мен Германиядағы өзендер. Х.Қ-А.) 
өзендерінің ағысымен жалғастырып дүниеге әйгі еткен, 
өзіне тиісті құрметті өнер атақтарын ұсақ өтірік-өсек үшін 
ала алмай кеткен ардақты әншісінің «бой жасағаны» сияқты 
болып көрінді», – дейді А.Жұбанов («Замана бұлбұлдары» 
кітабы, 346-347-беттер). Мақаласының соңында ол Әмірені 
1933 жылдың күзінде жеке кездесіп тыңдағанын айтып: 
«Мен онда да Әміренің дауысынан тоқырауды таппадым», –
деп, оның әншілігіне ұзақ тоқталып, аса жоғары баға береді 
де, Әміренің «әсіресе басқада жоқ, өз алдына бір музыкалық 
«әңгіме» болып жататын домбырадағы сүйемелі» туралы, 
қазір де еш зерттелмеген ерекше мәселені қозғап өтеді.
Әміре туралы көптеген зерттеулер жасап, жүздеген 
адамдардан деректер жинап, төрт кітап шығарған өнер 
зерттеуші Жарқын Шәкәрім де «Әміренің дауысы өмірінің 
соңына дейін еш жойылмаған» деген қорытынды жасап: 
«Оның көз жұмғанға дейінгі бар қызығы да, қуанышы да 
саф алтындай мұқалмаған дауысы, айтқан әндері болды», –
дейді «Әміре Қашаубаев» атты кітабында (Алматы, «Арда», 
2006 ж.,157-бет).
Кеңес үкіметі кезінде жарық көрген мақала, кітаптардың 
өзінен-ақ Әміре өмірінің соңғы кезеңі жайында екі түрлі 
«естеліктерді» кездестіруге болатын. Байқасақ, өзге адамдар-
дың пікірлері бір жақ та, «Қыз Жібек» операсының авторы 
Е.Брусиловский мен опера премьерасы кезінде Музыкалық 
театр директоры болған Қ.Байсейітов қана «сол жылдары 
Әміренің дауысы кеткен, өзі ішкілікке салынған» деген пікір 
айтады.Тұңғыш қазақ операсының қойылуы тарихи маңызды 


331
оқиға, ол туралы талай мақалалар жазылып, зерттеулер 
жүргізіледі, күндердің-күні «қазақтың бірінші операсына, 
бірінші әншісі Әміре неге қатыстырылмаған?!» деген сауал 
туары хақ. Сондықтан, тұңғыш опера мәселесіне тікелей 
жауапты екі адамның Әміре туралы әлгіндей «естеліктері» 
ондай сауалға алдын ала жауабын дайын етіп қою үшін 
арнайы тапсырыспен істелінген жұмысқа ұқсайды. Ендеше, 
кейіннен есімдері елге танылған осы өнер қайраткерлерін
мәселені басқаша айтуға итермелеген кімдер? Музыкалық 
спектакльдер мен операға ән дүлдүлі Әмірені шақырмай, өзі 
«Құштар көңіл» кітабында жазғандай, әнші болуға ықыласы 
жоқ Қанабек Байсейітовті қолқалауға нарком Темірбек 
Жүргеновті мәжбүр еткен не?!
Бұл жұмбақтың сыры тек соңғы жылдары, Әміренің 
1925 жылы Парижде қазақ ұлтшылы Мұстафа Шоқаймен 
кездескені, сол үшін әншіні өмірінің соңына дейін тоталитар-
лық Кеңес үкіметі мекемелері қудалауға ұшыратқаны 
туралы деректер ашылғанда ғана түсінікті болды. Бұл 
туралы Жарқын Шәкәрімов: «Ұлт театрының шаңырағын 
бірге көтеріскен Социалистік Еңбек Ері, халық әртісі Серәлі 
Қожамқұлов 1974 жылы маған айтқан естелігінде: «Бүкіл 
халық қошеметіне бөленіп, атағы жер жүзіне кеткен Әміре 
Парижден өте көңілді де шатты оралды. Арада бір-екі ай 
өтпей жатып бір күні бет әлпеті көгерген, көзі ісінген күйі 
жұмысқа келді. Не болғанын сұрадық. Ол: «Сұрамаңдар, 
мен айтпаймын», – деді. Оның осы көрінісі арасына айлар 
салып, қайталанып жүрді. 1929 жылы ұлт театры Алматыға 
көшті. Мұнда келген соң да Әміреде сол күй үзілген жоқ.
Ұмытпасам, 1931 жылдың көктемі еді. Бір ойын-сауықтан 
соң Иса, Әміре үшеуміз айлы түннің аспанында үйді-үйімізге 
бірге тарастық. Сонда Әміре: «Мына пәлелерді менде не 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет