«ЖИЫРМА БЕС» ӘНІ
1
Шыңжаң қазақтарының атақты әншісі Хамит Ысқақұлы
Шортанбайдың бұл әнін Қазақстаннан алып қайтқан. Ән ком-
позитор Ілия Жақановтың қолында сақтаулы тұр.
Сауғанмен жалғыз сиыр іркіт болмас,
Өнерді бойға біткен іркіп болмас.
Мысалы, әр нәрсенің бәрі сондай,
Қаңқылдап қара қарға бүркіт болмас.
Ит қызыл болғанменен түлкі болмас,
Ойнақтап сиыр үркіп жылқы болмас.
Мысалы, әр нәрсенің бәрі сондай,
Ағашқа саясы жоқ бұлбұл қонбас.
Қайырмасы:
Ахау, өтті-ау заман,
Хош бол, аман, жиырма бес
Қайта айналып келмес маған.
Жабыдан айғыр салма, жалды екен деп,
Жаманмен жолдас болма, малды екен деп.
Жүйрікті жол үстіне тастап кетпе,
Қан түсіп аяғына қалды екен деп.
Жабыдан жүйрік шықпас баптағанмен,
Жаманнан асыл шықпас мақтағанмен.
Ителгі қайырсаң да түлкі алмайды,
Алтындап томағасын қаптағанмен.
Қайырмасы:
Өлген соң арыстаннан тышқан артық,
Мейірімсіз жаман достан дұшпан артық.
Қолына кей жаманның алтын түссе,
Қадірін біле алмайды мыстан артық.
Кісі емес, кісі артынан жамандаған,
Дос емес, дос көңілін таба алмаған.
1
Қанайұлы Шортанбай. Қайран халқым. – Алматы: «Раритет»,
2002. – 216 б.
134
Қолына кей жаманның тұлпар түссе,
Қандырып тақым құрышын шаба алмаған.
Қайырмасы:
Жақсы атқа жасық темір таға болмас,
Ит тері илегенмен жаға болмас.
Үлгісіз үлкендерді үрлесең де,
Қарыны қампайғанмен аға болмас.
Жайлауда сән болмайды жайламаса,
Болмай ма құлын асау байламаса.
Өлген соң жылағанның керегі не,
Тірлікте бірін-бірі сыйламаса.
Қайырмасы:
* * *
Атамыз – Адам пайғамбар
1
,
Топырақтан жаралды...
Сол адамнан таралды,
Ұрлық пенен қорлықтан,
Өтірік, ғайбат, зорлықтан
Бойыңды тартып тек жүрсең,
Көрмессің деген залалды.
Белгісі деген бейіштің
Жазғы салқын самалды.
Тәркі деген тамұқтың
Қысқы суық амалды.
Ауыл малы бұралқы
Ақылы жоқ жаманға.
Атасын алдар баласы,
Жақсылықтан нәрім жоқ,
Жамандық асқан заманда,
Мегежіннен ұл тумас,
1
Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. – Алматы: «Жазушы», 1989.
Т1. – 344 б.
135
Қайын болмас қабанда.
Балам бар деп мас болма,
Өзіңнің болсын аяңда.
Болмағанның бәрі – сол
Ерлі-зайып араңда.
Малдан зекет бермеген
Аузына құдай кірмеген,
Қайыры жоқ сараң-ды.
Алақандай ай мен күн –
Ғаламның орта жарығы,
Жаббардың екі болмайды
Әмір қылған жарлығы.
Құбылаға бас қоймақ –
Мұсылманның тарығы.
Ораза, намаз қылғанның
Көңілінде құдай барлығы.
Жаяулық пен жалғыздық –
Жалғанның жаман тарлығы.
Түшіркенген ұйқы жоқ –
Қайғының асқан зарлығы.
Қолыңнан құсың қашырсаң,
Қайтып қонбас қолыңа.
Ісің түссе жаманға,
Жағаңнан алар сорыңа.
Көп ішінде аз болсаң,
Әр неме түсер ойыңа.
Ел ішінде жоқ болсаң,
Мін тағылар бойыңа.
Жолдас болсаң жақсымен,
Қолың жетер қырымға.
Топқа кірсең әркіммен,
Таласарсың орынға.
Текті құс қарар Қырымға,
Ит айналар жырымға.
136
Парақорлар қызығар
Бір қалаштық тиынға.
Құдіреттің жарлығы:
Титтей нәрсе қалсашы
Бұрынғы жаннан ырымға.
... Көп – жалғыздың саясы,
Нар – түйенің жақсысы,
Бауыры сүтті маясы.
Тайып кетсе аяғың,
Дұшпанның қанар табасы.
Арам пиғыл залымның
Тату да болмас құдасы.
Құдай деген мүһминнің
Ауыздан кетпес тобасы.
Иманы бардың белгісі
Тілінен тамар шырасы...
«Сен» демек қиын емес пе
Бұрынғы туған үлкенге?
Атыңды берсең азбассың,
Епті туған ілкімге
Мал-дүниенің жарығы,
Жаратып шырай көркіңе,
Қызықпаңыз бес күнге
Бұл дүние қалмас әркімге
Ағаш көркі жапырақ,
Адам көркі шүберек,
Ақиретте жалған жоқ,
Таразысы басқа бір бөлек,
Өлімге де мал керек.
Өлмей тұрып, тіріңде
Мініп-киіп, ішіп-же,
Айдап барып малыңды
Ғазап үшін бермейсің,
Алтын-күміс абзалың
Өлгеннен соң не керек?
Өлген малың – иманың,
Тіріде қамын жиғаның.
137
Аманатын алғанша
Жалғанда бар ма қиғаның?
Аз тартайын десең кінә
Сахарменен
1
тұрғаның...
Өлшеулі күнің жеткен соң,
Бұйрық дәмің біткен соң,
Төстіктей қазған бір жерге
Қырыңнан кіріп сыйғаның.
Медресе, мешіт салдырып,
Мүфтиге берсең балаңды,
Азан тәкбір
2
айттырып,
Мешітке қойсаң молдаңды,
Сираттың
3
желі соққанда,
Ораза-намаз панаң-ды.
Тірлікте есіңе ал
Өлгенде жанға пайданы...
Жалғанда титтей пайда жоқ,
Адамның аз күн албауы.
Жорға мініп теңселтіп,
Торғын тоның белсентіп,
Мамық төсек салдыртып,
Ыңырантып тұрғызып,
Дүрия көрпе жамылтып,
Дүниенің қалай алдауы?
Мал бақтырар пайдаға,
Зекетсіз мал айдама,
Қайыры жоқ ас сақтап,
Дәмді харам шайнама...
Ит жүгіртіп, құс салған
Өнерпаздың өнері.
Өтіп кеткен нәрсеге,
Өкінсең жоқ келері...
1
Сахар – ертемен.
2
Тәкбір – азан айту.
3
Сират – қыл көпір.
138
Құбылып тұрған қызыл гүл
Қураса кетер мәнері.
Сабыр қылсаң жетерсің
Құданың болса берері...
Жиырма бес жасында
Жігіт жетер кемелге.
Он сегізде қыз толып,
Апа болар бір елге.
Құрбыңнан қорлық көрмесең
Құда болсаң бір елге.
Жапырағын жайқалтып
Жайлауда қонсаң бір жерге...
Жылқының құты айғыр-ды,
Ат тумайды атасыз.
Көсегесі көгеріп,
Көбеймейді батасыз.
Ғайбаттың жаман екенін
Біле тұра айтасыз...
Алланың берген ақ дәмін
Шайтанға қайтып сатасыз.
Түйенің құты бура-ды,
Келесі қысыр қалмаса.
Күнә қайдан шығады,
Жаралып жан болып тумаса.
Әділ деп соны айтыңыз,
Турасын қисық бұрмаса.
Бұйрықсыз бәрі харам-ды
Шариғатқа сыймаса.
Жер тырнадай қор болмас,
Жетекшіден айрылса.
Тұрымтай торғай қуа алмас,
Қанаты сынып қайрылса.
Қасақана бітер мал
Қайыры жоқ қабанға.
Айдасаң қиық жүрмейді
139
Төрт түлігі аманға...
Жақсыны жаман көре алмас,
Тіс тиген соң өзіне.
Шын екен деп иланбаңыз
Жалғаншының сөзіне.
Сырттан ғайбат қылғанша
Айт көзі мен өзіне.
Құдайдан қорыққан мұсылман
Қарауыл қояр сөзіне.
Айтқан жөнге жүрмеген,
Менменсіген зор кеуде
Қиық жүріп кете алмас,
Аспанменен өте алмас,
Алдыңдағы жолығар
Құдайдың құрған тезіне.
Жігерлі туған жігіттің
Кім қой дейді талабын.
Жалғыз аяқ бар болса,
Кісі үшін дер шалабын.
Атасы топқа кірмеген
Сөзге салмас құлағын.
Құдайдан қорыққан мұсылман
Қонаққа сояр лағын.
Өткен соң қайтып келмейді,
Өлгенге мал ермейді.
Бұ дүниенің шолағы.
Жиырма тоғыз әріптің
Жайын білмек керек дүр.
Төрт жардан
1
шыққан би болыр.
Ақылы асқан дүр болар.
Мынау бір жалған дүниеде
Малы көп кісі би болар.
Көпке тентек, ез қисық
Қамшыменен и болар.
1
Төрт жар шадияр – Мұхаммедтің төрт серігі.
140
Ер басына күн туса,
Бұта түбі үй болар,
Ат басына күн туса,
Көксімдегі
1
күй болар.
Көңіл азып, тон тозса,
Берген көйлек кез болар.
Аштықта жасық та болса
Ұдай абзал сол болар.
Мейір кетті пендеден,
Сөйтіп ердің алдынан,
Ақыл сұрасаң азбассың,
Көпті көрген көнеден.
Қасиет кетті төреден,
Ғаділдік кетті билерден,
Абырой кетті әкімнен.
Қайын енесі ас ішпес,
Қабағын түйген келіннен.
Жалғыз құдай болмаса,
Енді үміт жоқ өзгеден.
Ей, мүһмин, құлшылық қылсаң не етеді?
Ажал болдырмай қуып жетеді.
Мінезге бағым табылмас,
Ғадетіне кетеді.
Тақуада болған ғалымдар
Бұл жалғанда не етеді?
Баяны жоқ шіркінді
Бір күн тастап кетеді.
Дүние, малын сүйгендер
Мінбей, кимей өтеді.
Бір кісі емес, әркімнің
Басында бар, сөйтеді...
Ақыл – дария білгенге,
Бұ жалған жоқ өлгенге.
Байлықтың алды – иман-ды,
1
Көксімдегі – көк тулақ, көк сілімтік.
141
Тәңірім сөйтіп берген-ді.
Жан жоламас жатқанға,
«Ілінер жөргем жүргенге»
1
.
Бұ дүние арман емес дүр,
Бір кезек дәурен сүргенге.
Ит жерімес арамнан,
Құдай безер харамнан,
Меһірдан
2
қатты мал бітіп,
Кетпесе мал қораңнан.
Пайда қылсаң залалсыз,
Өзіңе біткен қараңнан.
«Қой, әй!» десең, «не?» дер дүр
Ақыл айтсаң ақымаққа.
Кенеуі жоқ кейбіреу
Құр зорлайды тақпаққа.
Атаңды сыйла анаңмен,
Мекені іздеп таппаққа.
Ұмытпассың тәубеңді,
Түзу салар соқпаққа:
Түзу жолдан қисайсаң,
Жолығарсың күрзі менен тоқпаққа.
Жерге біткен тау пияз
Жегенмен тамақ болар ма?
Шернеуде жазған несіпке
Дария құйсаң толар ма?..
Сүмбіле туып күз болмай,
Көкорай шалғын болар ма?..
Кәрілік пенен мінезге
Білсеңіз, бағым болар ма?
Сүтке біткен мінезге
Сүйекпен кетпей болар ма?..
Ерден қайыр кетпесе,
Өлтірмейді есікте,
1
Түпнұсқада «жүргенге жөргем ілінер» деп келетін бұл жол
өлеңнің ұйқас ретіне қарай берілді (Ред.).
2
Меһірдан – ешбір шығынсыз деген мағынада.
142
Өлшеп берген несіпке.
Сөйлес деген мейманға
Сөз қатқанша кешікпе.
Халықпенен қас болып,
Оңбас түске өшіпе.
Ердің құны сот емес,
Қисабын тапқан сабазға,
Төрден орын тимейді
Патша болса да малы азға.
Мойнын бұрып сөз қатпас
Көңілі қалған аразға...
Шынарға біткен мақтадай
Шырайлы болса алғаның,
Халал сүт емген жолықса
Болар ма еді арманың?
... Бай бол – малың не керек?
Патша бол – тағың не керек?
Жалғыз-ақ ойла дүниені
Сапардан жалғыз қалғаның.
Сөзіміз бітті, мен болдым,
Енді шықпас әңгіме.
Бәйіт айтып, баян қып,
Жанастырдым әрнеге.
Мәселе кітап шығардым
Кейінгі қалған пәндеге.
Бес ауыз сөз айттым деп
Мақтандың, тілім, сен неге?
Қой, көмейім, тәубе қыл,
Асылық қылма иеге!
Жасың жетті алпысқа,
Жеті ғалам астында
Даусың кетті алысқа.
Өзіңнен өрнек жайылды
Жақынға, туған, қалысқа.
Юзанысы
1
зар көрген
1
Юзанысы – тілек.
143
Өзімнен қалсын балаға,
Кетпесе сөзім далаға.
Жоғалтпаса өзімді,
Жоқ қылмаса сөзімді,
Мен риза аллаға.
Бұ бәйітті шығарған
Біз, бейшара ғаріп Шортанбай.
Есте де болар әр топта –
Мұны білген (қоймас) ойламай...
Сөзім қалсын артымда,
Бір күн болар қиямет.
Дұға қылып, қол жайғай
Мұны есіткен әлеумет.
* * *
Шортанбай әл үстінде жатқанда әмме отыған халайық:
«Біздерге бір насихат айтыңыз», – дейді. Сонда айтқаны:
Адамның жалған дүниесі,
Дүние – жолдыс қимасы.
Дүниені жолдас демеңдер,
Көп болар-ды күнәсі.
Өлгеніңше тою жоқ,
Түңілмей ырза болу жоқ.
Жалғанның арты жақын деп,
Жегенің қазақ қою жоқ.
Сәлем айтып кетейін,
Ағайын мен туғанға,
Бала менен қатынға,
Насихат шашып кетейін
Аз ғана сөзді артыма.
Не ғаріптік десеңіз,
Бүгін менің басымда:
Жетім болып ұл қалды,
Жесір қатын тұл қалды.
144
Ала көжеге қаңсыған,
Қаратауда халық едім,
Қожа емес едім, сарт едім,
Көк есекті мінуші ем,
Масақ теріп жүруші ем,
Арқаға шығып нан жедім,
Нен жеген соң дәндедім
Қазақтың жүйрігін мінсем деп,
Сұлу болса сүйсем деп,
Күннен күнге сәндендім.
Арқадан қылдым жайлауды,
Әркімнен алдым байлауды
Қиямет күн болғанда
Қандай жерде мекенім
Мен ғаріптің сайлаулы?
Әмме алдына шай қойды, шайдың жарымын іше алмай,
шыныаяқты жерге қойды, бұ сөзді айтады:
Қалықтаған сұңқар ем,
Қанатым сынды ұша алмай,
Қиядан қуға түсе алмай.
Нәпсім, қарар таптың ба
Дүниеге тоймайтын,
Бір шыны шай іше алмай,
Жалғаннан дәмім таусылды...
Билер, пара жемеңдер
Жалғанда жолдас демеңдер.
Ақирет қамын іздеңдер
Жалған бетті кезбеңдер.
Кісі хақын алмаңдар,
Аузыңа харам салмаңдар.
Дүние жиып өткен жоқ
Бізден бұрынғы пайғамбар.
Сөзін айтайын үлкендер:
Әлің келсе, Меке бар,
Артық дәулет біткендер!
145
Старшын, болыс болам деп,
Ысырап қылып малды төкпеңдер!
Таяндың енді өлімге,
Алты табан көріңе.
Сатып алған күнәнің
Кешуі болмас күнінде.
Ұл атаны сыйлайды,
Ендігі туған балалар,
Атаңның сөзін бұзбаңдар!
Сәлем айттым бәріңе:
Қызмет етіп жүріңдер
Басшы біткен кәріңе.
Өлгеннен соң қоймайды
Тірідегі халіңе.
Үлкендер, саған айтайын:
Мал басына бармаңдар,
Ақирет қамын қармаңдар,
Дүниенің бағы үшін,
Сірә, тіпті азбаңдар!
Тентек болма балаға,
Безер болма келінге.
Қадірің кетер еліңе,
Қарауыл қой сөзіңе.
Қанша нәрсе ереді
Өлгеннен соң өзіңе.
Қарай алмай жүрерсің
Таңда махшар күнінде
Құдайдың жүзіне.
Атаның тілін ұлы алмас,
Ананың тілін қызы алмас.
Айта беріп қайтейін,
Өлінің тілін тірі алмас.
Жақыннан шыққан жақсыны
Ағайын жұрты көре алмас.
Заман ақыр белгісі –
Бірге туған бауырың
Тату да болып жүре алмас...
146
Қызмет етпей мен өттім
Ата менен анама,
Қарнақтағы сәлем айт
Үш қайтара бабама.
Бабама қол бермедім,
Меке жүзін көрмедім.
Қайғылы болып барамын
Жалғанда жеген парадан.
Және сәлем айтайын
Бауырлас туған ініме,
Дүние деген осы ғой,
Жалғыз маған ерді ме?
Не деп жауап береміз
Қияметтің күнінде?
Жұрт тамаша болушы ед
Жалғыз ауыз сөзіме.
Дүние ыстық көрінді
Құрғыр менің көзіме.
Жалғанға тіпті тоймадым,
Өлмеймін деп ойладым.
Дүниенің боғы осы деп,
Өлгенімше сайрадым.
Тәубе қылмай жасымда,
Қанша пәле болады
Қиямет күн басымда?
Қасықтап жиған көп малым
Қалды менің артымда.
Жігіттің жасы жиырма,
Өлім деген қиын ба?
Жұртты жеген Шортанбай
Төрт қарыс бөз бұйырмай
Қалды менің артымда.
Дұғай сәлем айтайын
Бесатаның ұлына!
Дүние малы ермеді
147
Өлген ердің соңына.
Жалған жақсы көрінді
Мен байғұстың сорыма.
Опасы жоқ сұм дүние
Оттан ыстық болар ма,
Қалды ма көрдің астында?
Қарындас ермес қасыңа,
Тіріде көрген ағайын,
Дұға қылып жүріңдер
Өлгеннен соң басыма.
Дұғай сәлем айтайын
Карсон менен кернейге
1
Қазақтан алған қарызым
Көлденең тұрды көмейге.
Ақын, шешен көрсем деп,
Айласпаңдар мендейге!
Дұғай сәлем айтайын
Тобықтыда Құнанбай!
Кімнің тағы қалады
Өлгеннен соң суалмай?
Осы дәулет барында
Талап қылсын Мекені
Ақиреттен құр қалмай.
Аз ғана қорған болып өт
Ағайын мен туғанға.
Жалғанда жиған нәрсенің
Пайдасы жоқ қу жанға.
Дұғай сәлем айтайын
Көппай менен Нұрланға!
Харамды мал демесін,
Зәбір болар иманға.
Қазақтан пара алмасын,
Ұмытпай жүрсін Алласын,
Құдайдан қапы қалмасын,
Өлгенді менен барласын.
1
Түпнұсқада бұл жол «Қарсу менен керейге» деп берілген (Ред.).
148
Дұғай сәлем айтыңыз,
Шорман ұлы Мұсаға!
Дәулеттің барында –
Қорқынышты жер алдында,
Тәубесіз өтіп кетпесін
Бес күндік жалған қызыққа.
Дұғай сәлем айтайын
Қуандықта Қоңырға!
Қуанбасын көңілге,
Мал деген хайуан доңызға.
Тура келген ажалға
Дәулеті ара болар ма?
Ақиретте көз салсын
Баратұғын орынға.
Білсін Алла жарлығын,
Алдында өлім барлығын,
Құдай досты Мұхаммет,
Оның да алған жалғызын.
Көргенімше күн қанша,
Мұхаммет өтті, Мұстафа,
Дүниеге тоймаған,
Өлгенінше шайнаған,
Енді де болдым бек қапа.
Дұғай сәлем айтыңыз
Қатын менен балаға,
Тапсырдым енді жалғызды
Расул Алла құдаға.
Дүниенің боғы үшін
Мендей болып қаңғырып
Көп шықпасын далаға.
Қастық қылмасын жақынға,
Қайырлы болсын халқына,
Не ғаріптік десе де,
Енді түсті басыма,
Жетім қалды-ау жасыңда!
Дұғай сәлем айтайын
Жесір қалған қатынға,
149
Тоқтасын сөз бен ақылға...
Қайғының ісін салмасын
Жалғызының басына
Қалмасын көздің жасына.
Ә, дариға, жалған-ай
Жалғанның енді қалғаны-ай,
Шортанбайды алғаны-ай,
Қайғыны басқа салғаны-ай,
Не шара бар, құдайдың
Әзелде жазған пәрмені-ай!
Тағы да сәлем айтайын
Қалың жатқан Сарымға,
Бай менен жарлы көп жедім,
Құдайдың берген бағында.
Өлімнің жақын екенін
Біле алмап едім алдымда.
Шүкір де қылмай қайтейін,
Ажал келсе тұрмайды
Патшалар да тағында.
Тәубе деп қылмай қапы өттім,
Өлерімнің шағында.
Құдайдың ісі бұзық па,
Әуелде менің ғұмырым
Құдіреттің жазған сызықта.
Ұл атадан айрылған,
Әркім де біздей қайғырған...
Әмме отырған халайық «Ендігі заманның адамда қандай
болар, біздерге бір жауап айтыңыз?» – дейді. Сонда айтқаны:
Бір насихат айтайын,
Тыңда мұны, балалар!
Есіткендер ұмытпа,
Қайсыңда сенің сана бар?
Жақсың аттан жығылса,
Жаманың тұрып табалар.
150
Ендігі сорлы бейшара
Қорыққанға барып паналар.
Қария қалды ақылдан,
Қастық шықты жақыннан
Ендігі күнің кем болған,
Тәубе қылмай қапы өттің
Әуелгі бұрын жасыңнан.
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді,
Қызметін бір күн қылмаса
Майлы сорпа бермейді –
Әне байдың қайыры!
Бұрынғы өткен адамның
Міне, келді тайыры
Жалғанда қылған ісінің
Алдыңнан шығар ғайыбы.
Байды құдай атқаны –
Жабағы, жүнін сатқаны.
Кедейің қайтып күн көрер,
Жаз жатақта жатқаны.
Жаздай арық қазады,
Күздей пішен шабады.
Оны-мұны жиғанын
Шығын деп тілмаш алады.
Жалғыз сиыры бар болса,
Соғымына сояды,
Қағаздатып бұзауын
Ноғайына қояды.
Кедейге салып шығынды
Негізі байдың тояды.
Қылымсыған қатыны
Қызыл көйлек киеді,
Өзінің байын менсінбей,
151
Көрінгенді сүйеді.
Осы мінез болған соң,
Дозаққа пенде күйеді.
Ендігі байға мал бітсе,
Елубасы, онбасы.
Шайдан басқа асы жоқ,
Жақыннан басқа қасы жоқ,
Ендігінің мырзасы.
Әмме отырған халайық: «Мына Асан қожаға ғарыз айты-
ңыз?» – дейді. Енді айтқаны:
Сөз айтайын Асанға,
Дүниеңе мақтанба!
Япырмай, неге мақтандың,
Дәулетің судай тасқанға?
Дүниеқордың маясы
Жетпіске келді бұл жасың,
Дүние болды жолдасың.
Әндіжандық сарт едің,
Қай жеріңнен қожасың?
Қаратауда туылдың
Пәленше деген мырзасың.
Сарыарқаға келген соң
Төрт аяқты жорғасың.
Жәдігөй жауғыш атанып
Осынша жиған мүліктен
Не көреді қу басың?
Талабың бар жалғанда
Әлі де болса аспаққа,
Дүниенің боғы үшін
Күнде түсіп аптықпа.
Әуелден күнә жанға қас,
Қазаққа келіп болдық мас.
Менің тегім сарт еді,
Сенің тегің қызылбас.
Екеумізді пар тұтып
Жәдігөй жауғып болмаңыз
152
Ақирет қамын ойлаңыз.
Жасың жетті жетпіске,
Иман бер деп сұраңыз.
Аталас туған жақыным
Қиямет күн кез болса
Пайдасы болмас қапыңның.
Арттағы құдай басыңды –
Өлшеп берген жасыңды.
Уай, уай, менің басым-ай,
Келе көр, Жәке, қасыма-ай.
Амалым нешік құдайға
Жүгірмек болған жасым-ай!
Қолыңнан сусын бере алмай,
Өлгенін әке көре алмай,
Дұға сәлем айтыңыз
Жетім бір қалған жас ұлға-ай!
Бұл сөзімді айтыңыз
Менен қалған балаға.
Бұ дүниенің боғы үшін
Қаңғырмасын далаға.
Тіріде көзім тоймайды
Тәңірінің бергені – қараға.
Жалған деген осы ғой,
Маған да еріп бара ма?
Білсін бір сүннет, парызды –
Қазақтан алдым қарызды.
Өлеріме таянып,
Жұртыма айттым арызды.
Үш қайтара сәлем де
Ағайын мен туғанға
Дүние шіркін ермеді,
Бейнетпен жиған қу жанға...
Енді есен бол, ерлерім!
Құсымды салған көлдерім!
Замандас құрбы, теңдерім!
153
Ғибрет менен алыңдар
Өлгенімді көргенің...
Өлгенде көрі қараңғы,
Бір күнгідей болмайды,
Мың күн тірі жүргенім.
Мынау менің өлгенім,
Қасықтап жиған дүниеден
Кәне, пайда көргенім?
Өлуі болмай қалмайды
Туғаннан соң пенденің.
Жұртты жеген тауық ем,
Жалғанның ебін тауып ем.
Қаратауда жүргенде
Сарыарқаның наны үшін,
Шалқып жатқан малы үшін.
Бері таман ауып ем,
Бозбалаға сауық ем.
Сауығым кетіп, күл сөнді,
Жұрттан асқан көсемді,
Алмай ма құдай шешенді!
Өлеріне келгенде
Жан мұндар енді сескенді.
Ескендір өткен дүниеден
Жиырма тоғыз жасында,
Перзент қалмай артында.
Шариғатқа сыймайды
Екі тілек тілеген.
Ғаріп пәнде басыңа,
Ғаріп пен нашар сүйенген,
Он сегіз мың ғаламға
Патша болған Сүйлеймен,
Олар да өткен дүниеден...
Жалғызыма сәлем де,
Алладан бұйрық жеткен соң,
Асқар тауы құлады,
Ағар бұлақ суалды.
Жетім-жесір сүйетін
154
Ағайын-туған жоғалды.
Ей, пенделер, мүһминдер,
Мен не деген есермін
Дүниеден қашпаған,
Қорқыныш қылып құдайдан
Қарызды ойлап саспаған...
Тіріде қорықпай осындай
Күнә іздедім шошынбай.
Кеудемді дерт қамады,
Хамалда кетіп барады.
Есендікте бол, Жәке,
Қияметтік досым-ай!
Және сізге тапсырдым
Бала менен қатынды.
Жалғанда досым, сіз едің,
Аяй көрме ақылды!..
Таяндық енді өлерге,
Күн қанша дүр көрерге.
Дұға сәлем елдерге,
Елдегі жақсы билерге.
Жақсыдан дұға жетер ме,
Өлді деп бізді білген жұрт
Дұға да қылсын ерлерге.
Жасымнан қылдым қастықты.
Жаныма қылдым қастықты.
Жан жарға таянды,
Қоя көр, Жәке, жастықты.
Алпыс үштен асырмай
Өлім бір келіп асықты,
Аралап келіп түсуші ем,
Алтай менен Қарпықты.
Ыңғайы жаман аурудың
Жаманнан көңлім қорықты.
Артқы қалған жалғызға
Бір қасірет жолықты.
Мен өттім арманда,
Көре алмадым артымда
155
Ағайын мен туғанды.
Жантәсілімге таянды,
Айта көр, Жәке, иманды?!
Бір тәңірге аян-ды,
Он екі құйрық, қырық шалғы
Қияда сұңқар таранды.
Достығыңды қастық дер,
Ойламай ескі жаманды.
Пірлерден кетіп керемет,
Алайын деп қай күні
Аманат малдай бағып тұр.
Бір пәндеге ұл бермей,
Біреуін малға зар ғып тұр.
Жөнсіз оқтай қаңғып тұр.
Жан шіркін-ақ берік екен,
Үзіліп кетпей не ғып тұр?!
Құдайға мақұл ісің жоқ:
Біреудікін іздедің,
Өзіңдікін көздедің?
Күшің жеткен адамды
Мұнша неге тездедің?
Ұрлық пенен зорлықтан
Үмітіңді үзбедің.
Алмаған неме қоймадың,
Еш нәрсеге тоймадың.
Аузы қарыс алаштың
Айтқанына болмадың.
Болмағанның белгісі:
Бұлғақтап едің асаудай
Бойыңа жанды теңгермей.
Басыңа бір тас тиіп тұр.
Не қылайын дүниені,
Би қалмады шүйделі,
Шұнақ бидің тұсында
Ағаш атты тізгіндеп,
Шананы міндік күймелі.
Ақылыңды алып тұр,
156
Саумалы бар биелі.
Көш-қоныңды билейді,
Қомы да сыйған түйелі.
Біз айтқандай не қалды
Қай ғақыл бар жүйелі?
Әзелде жазған іс болса
Несіне мұның күйеді.
Күйіп бір күймей немене,
Құр қызады делебе.
Сақтасын жалғыз қайғыдан,
Көппен көрген – селебе.
Халқы менен баланы
Бір алған соң аузына
«Алмайды» деген немене?!
Ұзын аққан Сарысу,
Аға бер жайылып құйыла,
Айдамай тұрып солдатқа,
Зар қылмай тұрып жалды атқа,
Жүйрік пенен жорғаңды
Өзің бір мініп жебеле.
Жалаңаш болып жауға шап,
Ажалдан бұрын өлер ме?
Ноқталы басқа бір өлім,
Өлмей де адам жүре ме?
Қатын-бала қамы үшін
Қарсы шап та, мылтық құш,
Құр жабырқап жүдеме.
Аламын деп талпынды,
Жаудан да зорлық көрілген
Өлтіріп ерлер алқынды.
Мың-мың жылқы айдаған,
Сары қазы шайнаған,
Қымызын судай сапырған,
Оны ішкен соң мас болып,
Аюдайын ақырған...
Күннен күнге тартылып,
Заманақыр кезінде
157
Ұл сыйламас атасын.
Арам сідік болған соң,
Атасы бермес батасын.
Қазы, болыс қойыпты
Некесіз туған шатасын.
Өзі қылған өкінбес
Күнінде содан тартарсың,
Абақтыға жатарсың.
Қыз сыйламас енесін,
Арттым деп егесін.
Салыстырар денесін,
Пысықсыған немесі,
Көзіңді ойып барады,
Күнде тесіп төбесін.
Ақсақалдан әл кетті,
Болмаса тәңірім демесін.
Азаматтар, әлеумет,
Мұның да несін сөгесің?!
Жас сыйламас ағасын,
Алып жыртты-ау жағасын!
Бірі-біріне көпсініп
Қуат қылар баласын.
Шыдай алмай ызаға,
«Қой!» деп айтса тіл алмас,
Ақсақалдан ұялмас.
Жүгірісер қалаға,
Қаныққан соң жалаға,
Алып бір шығар далаға.
«Дұшпаның кім?» деп сұраса,
Алып бір келер ауылына –
Өзінің туған бауырына.
Келген соң кімді аясын,
Жығып салар дүреге
Қызыққан соң параға.
Екі үлкен есесіп,
Қошқардай басын теңесіп,
Сол жерде заман оңалмас,
158
Оңалар заман дер едім,
Жауға алдырдың әуел бас.
Іс асқынды болмастан,
Мейір сөз кетті сырластан,
Ойын кетті құрдастан,
Жастар үміт үзіпті
Жұрт тосынған жолдастан.
Қатыным қолы тоңар деп,
Қар жауғанда үй қақтың
Балам адам болсын деп,
Ұйқыдан безіп мал бақтың.
Асыраймын деп баланы,
Желіп бір жортып аулақтың
Балаң халал болмаса
Азаматтар, жігіттер,
Пайдасы жоқ шырақтың...
Ертістің басы қара дөң,
Еңкейе біткен қара адыр.
Арқа деген құба жон,
Аядай біткен көл екен
Атты кердең естірген
Арқаның тарал шөбі екен
Жігітті кердең өсірген
Ат пенен малдың демі екен
Ұрлық қылып мал жидың,
Өтірік сөйлеп жан жидың,
Ойлап тұрсам, жігіттер,
Не қылса құдай еп екен.
159
* * *
Зар-зар заман, зар заман
1
Зарлап өткен бір заман,
Сөздің басы – бисмилла,
Біз айталық сіз тыңда,
Мұсылманның тарихы:
Төрт аяқты хайуан
Бұ дүниенің жарығы.
Бағасы кеткен жігіттің
Бетінен алар зайыбы
Бір Алладан басқаның,
Көп-ті қылған айыбы.
Кесепаттың кесірі
Келе ме деп керт басқа
Сол себептен қорқамын!
Қыс көбейді, жаз аз боп,
Бай таусылды мал аз боп.
Ағаны іні көрмеді,
Атаға бала араз боп.
Әр нәрсенің болжалы
Келе жатыр жақындап.
Ағашты тауға үй салып,
Алды кәпір ақымдап.
Елді еркіне қоймады,
Буыршындай тақымдап.
Дәурен бексіп болыс тұр,
Кәпірдің сөзін мақұлдап.
Бейшараның пұлы жоқ,
Қорыққаннан қақылдап.
Жарысқа кірген жақсылар,
Аша алмассың көзің деп
Сол себепті қорқамын!
Елге егін жайылды,
Байға қоңсы жоламас.
1
ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы ӘӨИ қолжазба қоры. Т. Ысмайылов
тапсырған.
160
Алдап-арбап жүрем деп,
Өз тілегін тілемес.
Арам сулы балаға,
Атаның сөзі ұнамас.
Заман ақыр боларда,
Алуан-алуан жан шықты.
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Жарлы, кедей жоқ десек,
Қорлықпенен күні өтер.
Таңда махшар күн туса,
Таразыны аударар,
Жаһаннам деген дұзақта
Шайтан болар жолдасы,
Қыбласын білмей құл
Сонда тартар жазасын.
Кешірмейді құдайым
Бес намаздың қазасын.
Құрт-құмырсқа жиылып
Сонда алады мазасын.
Жаһаннамның белгісі.
Жалғанға болар расың
Мұқып қылмай құдайым
Ол залымның таубасын.
Сақта құдай солардан,
Сол себепті қорқамын!
Бір пара жанды қорсынды,
Бір пара жанды зорсынды.
Жеті жұрт кеткен қожадан
Сен тұрмайсың бүлінбей,
Байлар жейді параны
Сақтап қойған сүріндей
Заманың сенің құбылды
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріңдей.
161
Жеті жұрт кеткен қожадан
Сен тұрмайсың бүлінбей.
Қазақ ұлы жиылып,
Құдайына сиынып,
Құдыгерге хат жазып,
Кешіктірмей тат жазып,
Өлместің де қамын қыл,
Басың сотқа ілінбей.
Мына заман, қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман.
Тарлығының белгісі
Жақсы жаннан түңілген,
Жаман малдан түңілген.
Мұның өзі – зар заман.
Зарлығының белгісі
Бір-бірлерін күндеген,
Жай-жайына жүрмеген –
Мұның өзі қар заман.
Қарлығының белгісі
Ұл сыйламас атасын,
Арам сідік болған соң,
Атасы бермес батасын.
Қазы, болыс, хан қойып
Қайдағы бір нехақсыз шатасын.
Өзі қылған өкінбес,
Қыз сыйламас анасын.
Өзім бойға жеттім деп,
Салыстырар денесін.
Старшын қойған болыпты,
Бір некесіздің баласын!
Көзіңді ойып барады
Ол жаңылып тәубәсін.
Мұсылманнан хал кетті,
Тәңірім болғай демесін.
Жасы кіші інісі
Сыйламады ағасын.
162
Бір-біріне көпсініп,
Көмек қылар баласын.
Қой деп айтса қоя алмас,
Ақсақалдан ұялмас,
Жүгірісіп қалаға.
Қаныққан соң жалаға.
Көшеде жүрген көп тілмаш,
Көк қағазды көрген соң,
Мініп шабар шанаға.
Дұшпаным менің осы деп,
Алып келер аулына –
Өзінің туған баурына.
Келген соң ол кімді аяр,
Жығып салар дүрені.
Қызықққан соң параға.
Көшіп кетер жерің жоқ,
Айырып алар кісің жоқ,
Сүйтіп қалмай не қылдың
Құтылмастай бәлеге.
Ант жұқпас бойыңа,
Әр не түсер ойыңа.
Жалмауыз болды үлкенің,
Қазақ, сенің сорыңа.
Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ қазақта,
Енді сенің торыңа.
Орыс – бүркіт, біз түлкі,
Аламын деп талпынды.
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды.
Мың-мың жылқы айдаған,
Сары қазы шайнаған.
Қымызын судай сапырған,
Ішіп мас боп ақырған,
Арқаның жазын қашырған.
Жылқының етін жемес-ті.
Жағаласқан мынау жау
163
Кетірер сөйтіп сыйқыңды.
Қолыңды қойса айдарға,
Жарар сол да жылқыңды.
Бұхарға жетер күн болса,
Тыншытар ма едің ұйқыңды?
Қонар кәпір халқы
Көп жасады неліктен?
Көтерілді керемет,
Кәламдағы алыптың,
Тәубасы қабыл бір жан жоқ,
Қазақ деген халықтан.
Сөйлеген сөзі жалған-ды
Шайынан асы арам-ды.
Кім мұсылман, кім кәпір,
Бір Аллаға аян-ды.
Он екі құрық, қырық шалғы,
Қайдағы сұңқар таранды.
Дос кісіге қас қылсаң,
Өз бойыңа жаман-ды.
Атасы ұлға нанбайды,
Көңіліне қуаныш қылмайды.
Уәліден кетті керемет,
Патшадан кетті ғаделет,
Ақыр заман таянды.
Таянбай енді нағып тұр,
Артынан кәбір біліп тұр,
Тірі жаннан хал кетіп,
Жөнсіз оқтай қаңғырып,
Жан шіркін ақыр берік екен,
Үзіліп кетпей нағып тұр.
Енді не амал қыламыз,
Тырнақтап жиған малына,
Басы мұштай би шығып
Қалмайды енді шошайып,
Шұнағыңыз тұсында
Ағашы мұның күйелі.
Ақылыңды алып тұр,
Сүт, саумалы биелі.
Қонысыңды алып тұр,
164
Қомы сыйған түйелі.
Шернеуде салған іс болса,
Несіне оған күйелі.
Бұл асылық асқан заманда,
Ұл туады атаменен егесіп
Анаменен теңдесіп.
Баласы кетті тыюдан
Масқаралар таймайды
Жас сыйласып тұрудан.
Адал зада баланы
Табалмассың рудан.
Ұлың киді дүрия,
Ұстараның жүзіндей
Аударылған дүния.
Қызың киді бақасап,
Терген кимей байқастап,
Кешкітұрым болғанда
Құнан менен бұландай
Үйде тұрмас ойқастап.
Қыз-жігітте әдеп жоқ,
Үшбу күнде халықтың
Домбыра болар шерткені.
Зина болар қылғаны,
Деген екен бұрынғы
Ол бір өткен сапасы
Бұрынғының сөзінің
Қатасы болсашы!
Дәулет бақтан әуелден
Жесір қатын, жетім ұл
Бір қараны сан қылып
Айдаған бұ дүниеге тойсашы!
Қартайғанша мал дейді,
Өлгенінше жан дейді,
Бұ дүниенің қызығын
Көңіл шіркін қоймайды.
Патша жұртын қанады,
Байлар жөргем санады.
Жарлының жаны берік екен,
165
Мал үшін он екі ай қой бағып,
Жалғыз тоқты алады.
Тоқты берсе ісек деп,
Құнан шығар тұсақ деп,
Саулық берсе өгіз деп,
Қыстан шыққан семіз деп,
Жарлының тыншын
құрттай санап мал алды.
Ел қамқоры сандалды,
Кетейін десе алдың тар,
Тұрайын десе кәпір бар,
Қайсы бірін айтайын,
Қазақтың ұлы қамалды.
Қамалмай енді нағып тұр
Тәубасын қазақ жаңылды.
Тұс-тұсынан жау шығып,
Дұшпанға жаман табынды.
Көдесі қалың арқаңыз
Ақ шөбін қимай бағынды.
Бағынғанның белгісі
Билік кетті басыңнан,
Қорлық көрдің жасыңнан.
Ұл-қызыңнан үміт кетті.
Айрылдың құда, досыңнан.
Мұнан қатты не болсын,
Өмір менен осыдан.
Жамандықтың белгісі
Ұлың көңлі – бір бөлек,
Қызың көңлі – бір бөлек,
Өзіңнің көңлің – бөлек,
Алысар түсшің болса да,
Әлсіз айбар не керек?
Ендігі жанның ақылы –
Отқа түскен көбелек.
Көбелектен несі артық,
Өлген қазақ көрмедік.
Жалға жүрген жалшыдай
Жан керегін білмедің.
Білмегеннің белгісі
Балаңды бер деп орыс тұр,
166
Қайтемін деп болыс тұр.
Қорқар ма орыс қой дегенге,
Қазақты қамай түсіп тұр,
Басыңнан билік кеткен соң;
Малыңнан асып, балаңды
Бер деп ақыл тапқан соң;
Тоғайды жеңіп қолға алған,
Өз ақылы жеткен соң;
Бұл құсаған ел қайтіп шыдасын,
Шабынан шоққа түрткен соң.
Қазақ кез мойын атқа міне алмас,
Кең шалбарды кие алмас,
Шалғын жайлар күйретіп,
Мың кісі мінер үйретіп.
Ақылы жоқ есер құл,
Бір қайрылмас кеткен соң.
Көтерер ме осы жақ,
Кетірмей ме осы жоқ,
Кеткенде қайда барасыз.
Алдыңызда Қоқан бар,
Орыстан жаман тым-ақ жау,
Қазаққа атар таң бар ма?
Мұнан өзге заң бар ма?
Қом туған сылты қазақты
Қашарға бірме-бір шағып тұр,
Дуанға қағаз салып тұр.
Асылық асқан заманда.
Сүйтсе де жұртта ар бар ма?
Қатын ұрыс болып тұр,
Аяғыңды қия бастырмай.
Малыңды билеп басшы тұр
Дос-жарыңа шаштырмай.
Сыртыңнан билеп келіп тұр,
Ақ-құласын қостырмай.
Жүгіңді билеп қызың тұр.
Басыңа ине шаныштырмай.
Күңнен туған көбеген
Қонаққа қазан астырмай.
Құлың кетті құтырып,
Күң көтіне қыстырмай.
167
Осы күнде адамның
Ешнәрсе жоқ ойында:
Адам қылар ұрлығын,
Әдет қылар қорлығын,
Қасиет қалмас бойында,
Арамға баулыр баласын,
Құда-тамыр келерде,
Ине жүрмес арадан.
О дүние азабын,
Бұ дүниеде не деп айтайын,
Көңілінде иман бар адам
Бір пара жанды малды қып,
Бір пара жанды малсыз қып.
Бір пара жанды ғалым қып,
Бір пара жанды залым қып,
Бір пара жанды дінді қып,
Бір пара жанды дінсіз қып.
Шерке үшін жанды жаратты.
Мұсылманды бір бөлек,
Кәпірлерді бір бөлек,
Ауылларны бір бөлек (?)
Өз дініне қаратты.
Алладан жырлық келгенде,
Соң тараған сауал шығарып,
Шар тарапқа тарапты,
Алты мың да алты жүз
Алпыс алты аятты,
Кітап пенен Құранды,
Мақлұхатты жаратты.
«Сопыалдияр» кітаптан,
Сұрап тұрсаң осымды,
О, тәңірі-ай, қымбат-ты.
Әр руға бас бітті,
Бас бермейін дегеннің
Жаңғызын жардан құлатты
Мал бермейін дегеннің
Үстіне шекпен кигізіп,
Иніне қоржын ілгізіп,
Ақ таяғын ат қылып,
Айуаннан жат қылып,
168
Елден тамақ сұратты.
Байлар сәнге мінеді
Жазы-қысы құр атты.
Жара да өлім қылған жоқ,
Оның көңілін жұбатты.
Жалғанның беріп жарығын,
Бишара жанды қуантты.
Мінер атқа кем қылып,
Азды-көпке жем қылып
Бір пара жанды жылатты.
Ашты-тоқты болсаң да,
Иманың сақта ұят-ты.
Ардан кеткен ұятсыз
Дінсізге қылар мұятты.
Қолында тұрып ұрлығы,
Мойында тұрып зорлығы.
Ойында тұрып жалғаны,
Көңілінде тұрып арманы.
Баласын беріп моллаға,
Көңілін беріп Аллаға,
Дүниеге көңіл жұбатты.
Зар заманның аяғы
Заманың кетті баяғы.
Ықылас-ниет қалмады,
Үлкенге билік салмады,
Ұлықсыған ұл туып,
Бұлықсыған қыз туып.
Заман жауға кеткен соң,
Кім үлкенін сыйлайды?
Жан есінен адасты,
Жамандық мұнша ұласты
Жарысқа кірген жақсылар,
Жақыным деп жан тартпай,
Кәпір менен қынасты.
Аузына кәпір қаратты
Бұ дүниенің тұтқасын.
Ойлап тұрсам мал екен,
Соған енді жігіттер,
Кәпір, қазақ таласты.
169
Заманың енді өткен оқ,
Адам қайтып қуансын:
Жандарал болды ұлығың.
Майыр болды сыйынғаның.
Айрылмайтұғын дерт болды,
Кедейге қылған қорлығың.
Кәпірді көрдің піріңдей
Тілмашты көрдің жеңгендей.
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда,
Қазылған қара көріңдей.
Байлар ұрлық қылады,
Мал көзіне көрінбей.
Байлар жейді параны
Сақтап қойған сүріндей.
Заманың сенің құбылды,
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріңдей.
Айтса қайтып таймайды,
Қайсарысып тілін тартпайды,
Ұрайын десең артыңнан,
Баласы шоқпар саптайды;
«Қартайған бұл итім» деп
Сыртыңнан келіп боқтайды.
Сызылып тұрған келін жоқ,
«Сіз» деп тұрған қайын жоқ,
Тергеп тұрған заман жоқ,
Күйерсің де пісерсің,
Жанған отқа түсерсің.
Өлімге жаның қиналмай,
Төбелес болып күткенің.
Өрт орына түсерсің.
Бұл асылық, асқан заманда
Қожа-молда көбейіп,
Өре тұрған шөмейіп,
Жамандығы ішінде,
Жан-жағына қарасып...
Достарыңызбен бөлісу: |