Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш. Қ 34



Pdf көрінісі
бет35/40
Дата26.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#144373
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Мүбәрак Үмбетаев 
ШОРТАНБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛ
1
Жалғанда жамандық әр қилы жасырын, жымысқы, жабық 
жолдармен баспалап келіп қалады. Шыққан күннің қалай 
батқанын, туған айды қалай бұлт басқанын білдіртпейтін 
бейдауа бейқамдық, “неғылар дейсіңге” салынатын ма-
мыражай тоқмейіл көңіл, аңырт-аңғалдақ, елдің шетін бос 
қойған қамсыз хан-сұлтандардың самарқаулығы, жайбасар 
марғаулығы ұлттық рухты әлсіретіп, бойкүйез халге жеткізеді. 
Жат жұрттық басқыншылардың қанды жорықтарына есік 
ашады, олардың ең жағымсыз қасиеттерін, ең зиянды, за-
лалды іс-әрекеттерін дәп бір керемет жаңалықтай қабылдап, 
жамандыққа жабыла бой алдырған адамдар тобы көбейген 
үстіне көбейіп, мүлде ырыққа көнбей кететін болады. Міне, 
сол келеңсіздіктерді бұлжытпай аңғарған Бұқар жырау за-
мана азарда пайда болатын неше түрлі пәлекеттерді, за-
лалды нышандарды өзінше санамалап жақсы түсіндірген. 
Мәселен, әрбір қолға алған істің күмәнділігі, келешектің көзді 
көлегейлеген тұман іспеттілігі, қайрат етер жақсылар азайып, 
жасық жамандардың көбейіп бара жатқандығына күйінген. 
“Арғымағын жоғалтып, Тай жүгірткен, заман-ай!”, “Азама-
тын құлатып, Ел талыққан, заман-ай!”, “Жабылар жалымен 
теңелген”, “Жамандар малымен теңелген”, – заман-ай деп 
1
Мақала осы жинаққа арнайы әзірленді. – 
Құраст
.


349
толғануында бүгіндері де мәнін жоймаған терең, тағлымды 
сыр бар. Сонымен, бір кезде Асан Қайғының:
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң түзіп жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Балалардың дәурені тамам болар [1, 111], –
деген болжамын Бұқар жырау расқа айналып келе жатқан 
шындық деп бағалаған.
Күшейіп келе жатқан Ресей империясының тарапынан 
ең алдымен қазақ даласына төнген бұл қауіп арысы бүкіл 
Орта Азиялық түркі халықтарына да зор қатер еді. Мұны, 
әсіресе, ежелден етене жақын көршіміз қырғыз жұртының ел 
ақындары шығармашылықтарынан әбден жақсы байқаймыз. 
Гәп мынада – адамзат мәдениеті өркен жайған негізгі, 
көне ошақтардың бірі Тұрандық ұлы далаға ежелден көз 
сұғын қадап келген қаскөй дұшпандары салған лаң, зұлмат 
оқиғалардың от-жалын ұшқыны алдымен қырғыздарға қатты 
білініп, таяп қалған нәубеттей әсер тастаған. Демек, қазақтар 
көрген жамандықты да, жақсылықты да ізінше қырғыздар 
да бастан кешкен. “Қазақ-қырғыз бір туған” деп есептейтін 
Алатау, Ыстықкөл, Ферғана өлкесі қырғыздарының орта-
сында Асан Қайғы, Бұқар жырау, Дулат, Сүйінбай, Шортан-
бай, Құлмамбет, Жамбыл есімдері кеңінен мәлім. Содан да 
кейде өздерінің тура төл ақындарындай аңызға айналдыра 
әңгімелеп, олардың жырларын құлақ түре тыңдайтындықтары 
тегін емес. Әрі қазақ даласында арғы-бергі кезеңдерде туған 
философиялық ойға тұнған замана жайлы толғаулары мен 
торықтырған тар замандағы халық басындағы гөй-гөйі үдеген 
зарлы күйдің үні әлемдік биіктердің қатарындағы Алатау-
дан да асып кеткен. Мінеки, осындай ғасырлар бойғы сән-
салтанаты келіскен бейбіт тұрмыс рахаты мен сырт дұшпаннан 
көрген зәбір, қорлықтың ұқсастығы, сұм уақыттың зәрлі 
демі қырғыздың ел ырчыларының да көңіліне қаяу салған. 
Мәселен, қырғыздың Қалығұл, Арыстанбек, Балық, Солто-
бай, тағы басқа ХVІІ-ХІХ ғасырлар аралығында өмір сүрген 
ақындары алдағы ел тағдыры, заман бет алысын ойлап, 
терең толғанысқа түскен. Айтқан толғауларының мазмұндық 
желісі, ішкі психологиясы қазақ халық ақындарының сезім-
күйлерімен аса жақын қабысып жатады.


350
Ал біздер, ХХІ ғасыр басындағы ұлы Тұран тұрғындары, 
кешегі кеңестік қызыл идеология кезіндегідей қырғыз ша-
йыры Қалығұл мен Шортанбай сынды ақындарды бұлай-
ша зарығуларына қарай, бірыңғай кертартпа, феодалдық 
салтты аңсаушы, жаңалықтан бойын аулақ салушы 
деп таңбалауымызға бола ма? Біздіңше, енді болмай-
ды. Қыстап айттыратын, өзіңе өзіңді қасақана жамандата-
тын кеңестік үстемдік кетті. Ақыл таразысына салып, халық 
ақындары шығармашылығының түпкі сырларына бойлау-
ымыз шарт. Бұлай дегенде біз олардың жақындап жанаса 
бастаған жаңа күндерден, жаңа заманнан үрейленіп, өңкей 
ыңғайсыздықтар күткенін түсіне білуіміз керек. Өйткені, басы 
ашық даусыз жайт – кім де болса жақсылықтан, өнерпаздық, 
ғылым табыстарынан, қол жететін тиімді игіліктерден 
қашпайды. Ондай игіліктердің шет жағасын Дулат, Мұрат, 
Шортанбай, Сүйінбай, Қалығұл, Арыстанбек, Жеңіжоқтар 
көрген де білген, тым құрымаса, естіп хабарланып отырған. 
Адам бейнетін жеңілдететін құрал-саймандардың ойлап 
табылғандығына, әрине, ғажап қалысып сүйінген. Негізінде, 
оларды күңіренткен – қылыштарын жалаңдатып, мылтық 
асынған, пушка сүйреткен техниканың жаңа жетістігін қиянат 
жасауға, қан төгуге қолдана бастаған, көршілерін құлдана 
бастаған солтүстіктегі бұзық империяның әрекеті екендігі – 
қазіргі ұрпақты бұлтартпай мойындататын шындық.
Басқыншылар жүзеге асырып жатқан жаппай қырып-жою, 
көнбегенді күшпен көндіру, сөйтіп әр кімнің ата қонысын, 
ата салтын аяққа басып, таптап тастаушылық Дулат, Мұрат, 
Шортанбай, Сүйінбай, Қалығұл, Арыстанбек, Жеңіжоқ 
секілді қазақ-қырғыздың өз уағының көзі ашық, есті аза-
мат ақындарын, әрине, ашындырды, сақтандырды. Аталған 
жыр жампоздарының шығармаларынан көрініп тұрғандай, 
олар қорқып үріккенде ауыр тұрмыс күйді жақсартатын ма-
шиналардан емес, қазақ пен қырғыздың түркілік-исламдық 
діліне, имандылыққа ұйыған мейірбан ниетіне, аққу құстай 
сұлу тіліне нұқсан келеді, жуса кетпес қара дақ түсе ме деп 
түршіккен, ол бәлелердің кетпей, орнығып қалу қауіпінен 
шошынған.
Осы аз ғана мысалдар арқылы қазақ пен қырғыз халық-
тарының басында ұзақ уақыт бойы күндей күркіреп тұрып 


351
алған аса қайғылы кезеңдердің ащы дәмін татқандай бола-
мыз. Жан түршігерлік түрпідей сүреттері жасаураған көз ал-
дымыздан бұлдырап өтіп жатады. Аса зор географиялық 
аймақта, Атырау-Еділден бастап, Алтай-Енесай аралығын-
дағы қалың елдің қатыгез империялардан көрген қорлығы 
мен зәбір-жапасы жазылмас жанды жарасындай болып, 
ауық-ауық сыздап ауырып-ауырып қояды. Ал, өнер туынды-
ларында, айрықша сөз өнерінде халық есінен кетпестей болған 
мұндай тарихи оқиғалар терең із қалдырған, өлең-толғау, 
жыр-дастан, айтыс, термелерге сюжеттік арқау, нәр берген. 
Қалай болғанда да ежелден қуаныш-қайғысы қос өрім қатар 
өрілген қос халықтың ащы-тұщысы аралас тарихнамасының 
ең әдепкі айтушысы, суретшісі, сәулетшісі, сырлап-әрлеушісі, 
мүсіншісі халықтың суырып салма ақындары екендігі ай-
дай ақиқат. Олардың соңында қалған мол әдеби мұралары 
халықтың өткенінен баға жетпес тың мәлімет, сирек дерек 
беретін көркем дүниелер қатарына жатады.
Қазақ пен қырғыз халықтарының соңғы мың жылдық та-
рихында ұстанып келе жатқан дүниелік нанымы – ислам 
діні. Күнделікті отбасылық тірлігінде, әлеуметтік қарым-
қатынасында басшылыққа алып, әділетті заң-қағида ретінде 
қолданылып, олардың әдет-ғұрып салтына мұсылманшылық 
үрдістері көпшіліктің санасына әбден тереңдеп сіңген. Жаман 
сөз айтпайтын, жаман жер баспайтын, біреуге біреу залал 
тигізсе күнә саналатын, ізгілік, рахымшылдық, мейірбандық, 
парасаттылық қастерленген, үлгі етілген ортада тәрбиеленген 
Қалығұл, Балық, Арыстанбек, Солтобай, тағы басқа да 
қырғыз халық ақындары замана жайлы толғанғанда со-
нау тым арыдан бастау алатын ұлттық игі дәстүр ғұрыптарға 
көңілдегі сенімге көлеңке түсе ме деп қауіптенген. Мұндай 
тамыры тереңге тартатын игілікті істер өсиет етілетін, 
имандылыққа ұйытатын атадан балаға сан ғасырлар көшінде 
көнермей мирас ретінде беріліп, бірге жасап, халықтың 
тұтастығын сақтауға өлшеусіз қызмет атқарған қалыпты діл, 
салттар, наным-сенімдердің жойылып кетпеуіне қазақтың 
Бұқар, Дулат, Мұрат, Шортанбай сияқты халық ақындары да 
қатты алаңдаған. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бабалар жолы-
нан ауытқымай, сырттан таңылатын өрескел қылықтардан 
бойларын аулақ салып, оларды діл тазалығын құнттауға 


352
үндеген. Дегенмен де қазақ, қырғыз импровизатор шайыр-
лары жамандықтың бой көрсетпей қоймайтындығын сезген. 
Сезгендіктен де ет жүректері езіле отырып күңірене күйзелген. 
Өлең-толғауларында ондай анайы, кесірлі кеселдердің 
қоғамға дақ түсіретін кесепаттардың қалай танылатындығын, 
ондай жағымсыз жайсыздықтардың атын атап, сыпаттап бер-
ген. Келер күннің басты келеңсіз түрлерін қырғыз ақыны 
Қалығұл секілді бажайлаған қазақ ақындарының бірі Шор-
танбай Қанайұлы еді.
Жүз жылға дерлік созылған Жоңғар шапқыншыларына 
қарсы күресте ұлы даланың азаттық жолындағы қимыл-
дарына бірде бір рет көмек қолын созбаған, тек қана аңысын 
аңдып, қазақ пен қырғыздың сыртқы жаудан мейілінше көп 
қырылып, әбден әлсіреуін күткен солтүстіктегі бұзық ойлы 
көршіден жақсылық көреміз деушілік амалсыздықтың ісі 
еді. Тура осыған ұқсас саясат ұстанған Қытай аждаһасы 1758 
жылы қазақ хандығынан таяқ жеп шыққан Жоңғарияны 
тып-типыл етіп талқандап жіберді де Тарбағатай-Алакөл, 
Қаратау-Талас, Шу және Алатау-Балқаш өңірлеріне сұқтана 
көз тікті. Міне, осындай пұшайман халде, шарасыз кезеңде 
кіші жүз ханы Әбілхайыр орыс мемлекетімен өзара әскери 
көмек беруді көздейтін келісім-шартқа қол жеткізді. Ал, оры-
стар үшін ұлы патша саналатын Петр бірінші тұсынан бермен 
қарай олардың ең тәтті арманы – жалпақ жатқан қырғыз-
қайсақ мекенін қайткен күнде де іс қылып жаулап алып, оның 
аржағындағы Үндістанға шығу болатын. Олардың бұл арам 
ойы осылайша оп-оңай шешіле кетті. Әскери көмек беруді 
сылтау етіп, орыстың әйел-еркегі аралас патшалары әбден 
титықтаған қазақ хандарын бірінен соң бірін дегеніне күшпен 
көндіре бастады. Күш болмаған жерде үй, сарай салып беріп, 
алтын-кеміс шашып алдарқатты, арқадан қағып, шапан жап-
ты. Шынында да қазір ойлап қарасақ, шығыс-түстіктен ау-
зынан от шаша жылжыған қызыл жалды айдаһардан гөрі, 
солтүстіктен алаңғасар қалыпта талталақтап келе жатқан 
қоңыр аюдың далалықтардың көзіне әп дегенде момақан-
монтаны көрінуі ғажап та емес! Мұның үстіне күн өткен сай-
ын әл бермей, күш алып, араны ашыла түскен патшалық 
Россияның ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарымен 
мұздай қаруланған әскеріне, жаңаша соғыс жүргізу өнеріне 


353
қазақ пен қырғыздың қарсы қояр дәнемесі де бола қойған 
жоқ-ты. Әрі үздік-создық сан жылдарға ұласқан Орта 
Азиялық хандықтардың шабуылдарынан, әрі өздерінің 
ішіндегі алауыздық пен бақталастықтан, тақталастықтан 
әбден қажып, есі шыққан күйдегі хан-сұлтандар да, 
қарашоғыр еңбекші-малшы халық та үмітсіздікке бой ал-
дырды, орыстың өктем билігіне бірте-бірте мойынсұнды. 
Тіпті, базбіреулері орыс үкіметі берген мансап, көрсетілген 
қолпаштауларға сүйеніп, бірін-бірі мұқатуды шығарды. Ал, әр 
жер-әр жерден көрінген наразылықтар мен толқулар толық 
жеңіліске ұшырап жатты.
Қазақ елінің алғашқы ұлттық толқулары отарлаудың ең 
бірінші жанға батқан аймақтарында, атап айтқанда, Батыс 
Қазақстан мен Солтүстік-шығыс Қазақстан өлкелерінде өрттей 
лаулады. Мәселен, ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы Қазақстанның 
батыс аймағын түгелдей шарпыған Сырым Датұлының, Иса-
тай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы-ның, Жанқожа, До-
сан батырлардың көтерілістері аяусыз жаншылды. Ең әйгілі, 
аса зор ауқымдағы Кенесары Қасымов бастаған азаттық 
қозғалысы ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін созылады. Қазақ 
халқының дәстүрлі хандар билейтін мемлекеттік жүйесін 
сақтап, тәуелсіздікті сөзсіз орнықтыруды мұрат тұтқан, 
орыс отаршылдығына қарсы бағытталған бұл қозғалыс аса 
қасіретті жағдайда сәтсіздікке ұшырады. Сәтсіздікке ду-
шар болатындай мықты себептері де бар еді. Себебі, Аты-
рау–Астраханнан бастап, Алтай–Өскеменге дейінгі мыңдаған 
шақырымдық қазақ-орыс шекарасының өнбойында Ресейлік 
әскери-соғыс бекіністері салынып тасталған болатын. Бір 
жағы Атырау-Астраханнан басталып, екінші тұсы Омбы-
Семей өңірлерін қамтыған империялық қару-құралы сай 
жыртқыш әскер қазақ даласын қаусыра құшағына ала алға 
қарай өңмендей ұмтылды. Осы орасан зор кеңістіктегі қазақ-
қырғыздар тарапынан болған көтеріліс, қарсылықтардың 
бәрін отаршыл империя тегіс тұншықтырды, атты-асты, үрейі 
ұшқан бай-манаптарды, сұлтан, төрелерді алдап-арбады, 
қоныс-жай тұрғызып берді, әскери шен-шекпендер үлестірді.
1847–1848 жылдары бүкіл ұлы даланы, қырғызды толық 
тепкісіне түсірген Ресей жаулаушылары ақырында, 1864-
1865 жылдары Ташкент, Бұқара, Хиуа, Самарқанд секілді 


354
Орта Азияның шаһар-мемлекеттерін талқандап бағындыр-
ды. Сонысымен тек қазақ-қырғыз жерлері ғана емес, бүкіл 
Кіндік Азияның бірден бір әмірші қожасына айналды. Бұл – 
қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, тәжік, т.б. ұлт-ұлыстар үшін 
шыққан күні батып, соңғы үміті үзілгенмен бірдей еді.
Сөйтіп, бас еркінен айырылған қалың елдің мұң-зары 
күннен-күнге үдей берген. Артта қалған жайлы тұрмысты, 
жайбарақат өмір қызығын көксеген жұрттың сарғайған 
сағынышы, күйінішті зары неше алуан әфсана-аңыздар мен 
өлең-толғаулардың басты тақырыбына айналды. Қазақ по-
эзиясында бұл тақырыпты алдымен көтерген Дулат, Мұрат, 
Шортанбай сынды ақындар болды. Шортанбай Қанайұлы 
өзінің “Зар заман” атты өлеңінде:
Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман.
Сөздің басы – бисмілла,
Біз айталық, сіз тыңда…
Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы – жаннан түңілген,
Жаман – малдан түңілген,
Мұның өзі-зар заман.
Зарлығының белгісі:
Бір-бірлерін күндеген,
Жай-жайына жүрмеген
Мұның өзі – тар заман.
Тарлығының белгісі:
Мұсылманнан хал кетті,
Тәңірім болғай демесін…
Орыс – бүркіт, біз – түлкі,
Аламын деп талпынды,
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды [2, 10-12],–
деп торыққан. Ұлттық поэзиямыздағы осы сарындас ақын-
дардың әдеби мұраларына назар аудара келіп, академик-
жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезов былай деген: “Зар 


355
заман деген – ХІХ ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның 
заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі 
ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір 
араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір 
дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына 
“зар заман” ақындары деген ат қойдық. Бұл ақындардың 
дәуірі – жоғарыда айтқан тарихи дәуірді туғызған дәуір. Зар 
заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан ба-
сталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан, қазақтың та-
рихымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға со-
зылады” [3, 192]. 
Асылында, адам баласы басына күн туып тарыққанда, 
үміті үзіле торыққанда зар илейді. Жан-жағын қарманады, 
қолға ілігер тым құрыса тал-шыбық іздейді, оны таппай-
ды. Содан көкірегі қарс айырылып қайғырады, күңіренеді, 
бір кездегі бейқам күндерді ойлап, уайым шегеді, аһ ұрады. 
Кіріптарлыққа түсіріп, шерменде қылған уақытқа қарғыс 
айтады, бұл жағдайдың түп себептерін іздейді, салдары-
на күйзеле ой жібереді. Ақырында олар күллі кесапатты 
әкелушілер жат жұрттық отаршылдар деген тоқтамға келеді. 
Міне, осындай зіл батпан ойға түскен ақындар қазақ поэзи-
ясында Дулат, Мұрат, Шортанбайлар болса, қырғыз поэзия-
сында Қалығұл, Балық, Арыстанбектер екендігі байқалады. 
Олар қазақ, қырғыз елдерінің басындағы кер заманның, тар 
заманның, зар заманның дүние қарап болардағы ақыр за-
маннан несі кем дейтін қорытынды түйген. Ақыр заманның 
көріністері мен белгілерін атап шыққан. Мысалы, Шортанбай:
Сөйлеген сөзі жалған-ды,
Шайнаған асы арам-ды.
Кім мұсылман, кім кәпір, 
Бір Аллаға аян-ды.
Дос кісіге қас қылсаң,
Өз бойыңа жаман-ды.
Атасы ұлға нанбайды,
Көңіліне қуаныш қылмайды.
Уәліден кетті керемет,
Патшадан кетті ғаділет.
Ақыр заман таянды!
Бұл асылық асқан заманда,


356
Ұл туады атаменен егесіп,
Қыз туады анаменен теңдесіп.
Баласы кетті тыюдан.
Масқаралар таймайды,
Жас сыйласып тұрудан [2, 13], – десе, 
қырғыз ақыны Қалығұл:
Азиздер айтып кетиптир,
Ақыр заман болжолун.
Ак азирети пайғамбар, 
Адам ата баш болуп,
Акыр заман кишиси, 
Кичине болор мүчесү, 
Илгери өткен адамдан,
Башка болот деп айтқан…
Акыр заман адамы,
Бакыл болот деп айтқан.
Мал азайып арымдан,
Жакыр болот деп айткан.
Эгини өнүп, чөп чыкпай,
Такыр болот деп айтқан.
Андан кийин замана, 
Акыр болот деп айтқан.
Ақыр заман адамы,
Алым болот деп айтқан.
Аяттық сөзүн бек тұтпай,
Залим болот деп айтқан.
Аганын тилин ини албай,
Кыйын болот деп айтқан.
Биринин тилин бири албай,
Жайыл болот деп айтқан.
Қапыр менен аралаш,
Ошондо, айыл конот деп айтқан [4, 27], – дейді.
(Әзіздер айтып кетіпті,
Ақыр заман болжалын.
Ақ әзіретті пайғамбар,
Адам ата бас болып,
Ақыр заман кісісі,
Кішкене болар мүшесі,


357
Ілгері өткен адамнан,
Басқа болад деп айтқан…
Ақыр заман адамы,
Бақыл болад деп айтқан.
Мал азайып арамнан,
Кедейлік болад деп айтқан.
Егіні өніп, шөп шықпай,
Тақыр болад деп айтқан.
Одан кейін замана,
Ақыр болад деп айтқан.
Ақыр заман адамы,
Алым болад деп айтқан.
Аят сөзін ұстанбай,
Залым болад деп айтқан.
Ағаның тілін іні алмай,
Қиын болад деп айтқан.
Бірінің тілін бірі алмай,
Жаһил болад деп айтқан.
Кәпір менен аралас,
Осындай, ауыл қонад деп айтқан.)
Аталған шығармашылықтардан ХІХ ғасырдағы қазақ 
пен қырғыз халықтарының өзгерген дүниеге көзқарасы, 
оған берген бағасы көрініс тапқан. Әдепкіде ел ішінде 
орын алған оғаш, сорақы қылықтарды санамалап, сар-
най зарлаған Шортанбай, Қалығұл сияқты ақындар сол 
келеңсіздіктердің бара-бара мүлде бас бермей, тереңдей 
түскендігін көріп қайғырған. Бейнелі түрде осының 
барлығын ақыр заманның белгілеріне ұқсатқан. Өзегін 
өкініш өртеген Шортанбай Қанайұлы мына заманда жалған 
сөйлеушілер, арамды адал көретіндер, досына қастық 
қылатындар көбейді, бала атаға қарсы шығып, қыз анаға 
қарсы шығып, жасы үлкенді сыйламайтын масқаралар пай-
да болды, “Ақыр заман таянды” десе, Қалығұл Байұлы 
өз кезегінде қырғыз ішіндегі жайсыздықтарды термеле-
ген. Ол өз түсінігі тұрғысынан “Ақыр заман адамы бақыл бо-
лот”, арамға әуес, ниеті бұзықтардың кесірінен “Эгин өнүп, 
чөп чыкпай, такыр болот”, заман ақыр боларда өнегелі сөзге 
құлақ аспайтын, білгенін жамандыққа жұмсайтын залым 
оқығандардың молаятындығын, “қапыр менен аралаш” өмір 
басталатындығын болжаған.


358
Және де олар қазақ, қырғыз халықтарының дүние 
танымдық негізі, күллі тәрбие-тәлім дағдыларының ба-
сты ұстыны, қоғамдық тіршіліктің рухани тіні ислам дінінің 
қағидаларын елемейтін, ата жолын сыйламайтын зәу-
заттар тобының қарасы зорайып, өсіп келе жатқандығын 
да қоса байқаған. Өздерінің өлеңдеріне қарағанда, халық 
ақындарының бір парасы сол ХVІІІ–ХІХ ғасырларда-ақ 
медіресе-мектеп көріп, сауат ашқан ба дейміз. Оған на-
зар аударарлық негіз де бар. Орта Азия тұрғындарына ис-
лам діні VІІІ–ІХ ғасырларда тарай бастаған. Соған орай, араб 
дүниесінде қарыштап өркендеген ғылым жетістіктерімен, 
оның аса көрнекті ғұламаларының, педагог-психологтарының 
есімдерімен, құнды-құнды еңбектерімен танысудың реті 
жүзеге асты. Араб қарпін үйретіп, білім беретін оқу орында-
ры – медіреселер ашылған. Самарқанд, Бұқара, Хиуа секілді 
шаһарларда жоғары деңгейдегі білім-ғылым ғимараттары 
жұмыс істеген. Бір ғана Ұлықбектің өңшең білгіш мұғалім-
зерттеушілер сабақ берген медіресесінің өзі неге тұрады! Ал 
оның аспан шырақтарының қозғалысын анықтаған және 
күннің шығып-батуы туралы әрі жыл он екі айдың ұзақтығын 
дәл өлшеген обсерваториясы ше? Мінеки, осы исламдық 
шалқар өркениет табыстары ұлы далаға да кеңінен жол сал-
ды. Нәтижесінде қазақ, қырғыз арасында жаппай арабша-
парсыша сауаттандыратын, мұсылмандықтың алғышарттарын 
ұқтыратын, Алланың бірлігін пайғамбардың өкілдігін негіздеп 
түсіндіретін ауылдық молда-мұғалімдер көбейеді. Осыдан 
барып, молданың алдын көрген, өздерінің хал-қадерінше 
әліпті таяқ деп білген, шама-шарқынша кітап оқи ала-
тын адамдар қатары молая түскен. Бұл пікірімізге дәлел – 
халық ақындарының өлең жолдарында мейірім, шапағат, 
инабаттылыққа үндейтін және ислам дінінің пайда болуы, да-
муы, қаһармандары, әр дәуірде жасаған пайғамбарлары, 
әулие-әнбиелері жөнінде кездесетін қызғылықты мәліметтер 
дер едік.
Мысалы, Шортанбай өлеңдерінде мынандай пайымдау-
лар бар:
1. Күнәкәр болма, жігіттер,
Алланың жазған хаты бар.
Кәләм-шәріп құранда,


359
Мың бір есім аты бар.
Бұл сөзімді ұғады,
Иман нұрлы заты бар [2, 19].
2. Атамыз – Адам пайғамбар
Топырақтан жаралды.
Мұсылман, кәпір – халық боп,
Сол адамнан таралды [2, 21].
Қоғамдық ортадағы сан қилы аумалы-төкпелі, қым-
қиғаш құбылыстарды, адамдар ара қатынасындағы жөнсіз-
діктерді мінеп, олардың ата-баба дәстүріне қайшы келетін 
тұстарын нұсқаған кездерде Шортанбай ақын әрқашан да 
мұсылмандықтың адамгершілік турасындағы үлгі-өнегелерін 
алға тартып отырады. Оның түгелге дерлік әдеби мұраларында 
Алланың ақ жолы, шариғаттағы, пайғамбарымыздың 
хадистеріндегі 
қасиеттілік 
пен 
қасиетсіздік 
жөніндегі 
моральдік өлшемдер дәйектеледі. Соған қарағанда, біз 
Шортанбай Қанайұлы және одан өзге де қазақ, қырғыз 
халық ақындарының өз мезгіліне сай білім-біліктерінің 
болғандығына, кейбірінің арабша хат танығандықтарына 
көз жеткіземіз. Әйтпесе, олар “Құран кәрім”, “Сияр шәриф” 
және басқа да имандылықты насихаттайтын киелі кітаптарда 
баяндалған, тіпті, тұжырымдалған ежелгі ғылыми қисындарды 
қайдан біледі? Әрине, білгендіктен де ол өз кезіндегі әлеуметті 
күнәкәр болмауға шақырып, Кәләм-шәріп құранды Алланың 
адамдарға жазған хаты деп таныған. Алланың мың да бір 
есімі бар екендігін мәлімдеген. Кәләм шәріп мағыналарын 
түсіндірушілердің еңбектеріне көз салсақ “Алланың күш-қуаты 
өлшеусіз, қаһарланса он сегіз мың ғаламды тарының жар-
ты қауызына сыйғызады. Алланың ұлы-ұлы сипаттарын, са-
паларын, қадір-қасиеттерін санай берсек, мың да бір болады. 
Соларға лайықты мың да бір есімі бар. Оның біреуін Алланың 
өзі ғана біледі, жаратқан пенделерінің бірде-біреуі білмейді. 
Мыңыншы есімі де құпия. Бірақ оны періштелер біледі… Адам-
дардан Алланың аса сүйікті құлдары білсе білген болар, бірақ 
олар ешкімге айтпаған… Сонымен мұсылмандардың ең мықты 
деген ғұламалары Алланың 999 есімін ғана біледі. Мың да 
бір есімінің ішінде аса ұлық болып есептелетіні – жүз де бір. 
Олардан біз білмейтін екі есімді шегерсек – 99. Тәспиқтың 


360
тастарының саны тоқсан тоғыз болатындығы сондықтан. Шын 
тақуа әр тасты тартқанда Алланың бір есімін айтып отыруы 
қажет” [5, 26-27].
Мұндай байыптауларға мән берсек, соңында қалған жоға-
рыдағыдай өлеңдеріне қарай отырып, арысы Асанқайғы, 
Бұқар жырау бастаған, берісі Дулат, Шортанбай, Қалығұл 
қостаған қазақ-қырғыз халық ақындарын тақуа өнерпаздар 
десек те боп қалады.
Ал, жамағат басындағы бұдан өзге де алуан түрлі 
пұшайман тірлік-халді Шортанбай Қанайұлы былай толғаған:
1. Осы күнде заманың,
Осылайша болып тұр.
Мұсылманды бұл күнде,
Орыс кәпір жеңіп тұр [2, 20].
2. Мынау ақыр заманда
Алуан-алуан жан шықты.
Арам, араз хан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты [6, 233].
Айтқандары рас-ақ қой! Тұпа-тура өздері бастан кешіп 
жатқан шындықты жауып-жасырмай, ешкімнен де жасқанбай 
жайып салған. Тіпті, бүгінгі біздің тәуелсіздікке жеткен 
заманымыздың өзінде де бұл өкінішті жайыттардың өзектілігі 
арта түспесе кеміген жоқ. Өзектілігі сол, орыс империясының 
тепкісінде ұзақ уақыт ары, намысы тапталған, ұлттық 
дәстүрлері мен тілі, діні ұмытыла жаздап барып, әупіріммен 
егемен елдікке жеттік пе деп отырған қазіргі қазақ пен 
қырғызға отаршылдықтан мұралыққа қалған орыстанған пси-
хологияны, құлдық дүниетанымды түзетудің, оңға салудың аса 
қиын да қатерлі жолдары оңайға соқпасы анық. Ұлттық жад-
ты жаңғыртып, өшкенімізді үрлеп тұтатып, мәдениетімізді 
өркендетудің амалдарын қарастыруды қолға ала бастаған 
тәуелсіз күндерімізде Қалығұл, Арыстанбек, Шортанбай сын-
ды халық ақындары жырлағандай, қазір алуан-алуан арам, 
арсыз жандар бой бермей, қайыры жоқ байлар, тілден, ділден 
жұрдай мәңгүрттер шаужайға жармасып жатыр.


361
Патшалық Ресей, оның қанқұйлы мақсат-мүддесін жалғас-
тырған кешегі Кеңес өкіметі тұсында, ең алдымен, өзіміздің 
бұрын надан, хат танымайтын сауатсыз, артта қалған ме-
шеу аймақ екендігімізді паш етіп, содан соң барып, ілім мен 
ғылымның даңғыл жолына жетелеп шығарған орыстардың 
бірсыдырғы “мейірбан қамқоршылар” екендігін дәріптей 
жөнелуші едік. Бұдан екі мың жылдан астам уақыт бұрын, Иса 
пайғамбар дүниеге келмей тұрып, осы күнгі роман-герман, 
славян этностарының қайда жүргені белгісіз кездерде, түркі 
текті бабаларамыздың шаһар тұрғызып, кент жайлаған, ме-
талл қорытып, тоқымашылық өнерін дамытқан, егін са-
лып, су құбырларын тартқан, ақырында, әріп ойлап тауып, 
жазу жазған теңдесі жоқ жетістіктері, көбінесе, қаперімізге 
кіріп те шықпағаны, әрине, өкінішті. Каперімізге ала қалсақ, 
жан-жағымызға бұға қарап, сыбырлай сөйлестік. Жыраулық 
поэзиямыздың жарық жұлдыздары, бұлбұл үнді бір туар да-
наларымызды лайықты бағалауға кеңестік қызыл импе-
рия мүмкіндік бермеді, қатал тыйым салды. Сол жығылған 
жағынан тұрмайтын қасаң цензура кейінгі жетпіс төрт 
жылға созылған кеңестік кезеңде көркем әдебиетіміздің 
тарихын зерттеушілерімізді өз ойларын еркін де ашық 
білдірулеріне бөгет болды. Сондықтан, өткен дәуірлердегі 
ақын-жырауларымыздың шығармашылықтарының өрнек-
кестесі мен қоғамдық сыр-сипаттарын бажайлауға келген-
де, қасақана (компартияның кәрінен қорыққандықтан) 
оларға бірыңғай феодальдық өмірді аңсаушылар, жаңалыққа 
қарсы шығушылар деген баға берілді. Қазақ әдебиеті та-
рихында мәңгілік орны бар Дулат, Мұрат, Шортанбай, Ны-
санбай, Нарманбет тәрізді ақындарға әдейі жала жабыл-
са, қырғыз әдебиетінде Қалығұл, Балық, Арыстанбек іспетті 
ел ырчыларының есімдерін ататтырмады. Ал, шындығында 
олар өз халқының келешек қамын ойлаған сұңғыла ойлы, 
ұлтжанды кемеңгерлері еді.
Сонымен, аңғарып қарағанда, ХVІІ–ХІХ ғасырларда 
қазақ, қырғыз еліне патшалық империяның көрсеткен қор-
лығын, қатыгездігін әділетсіз, солақайлығын, түгелдей құртып 
жіберуге бағытталған отаршыл саясатын сол замандардың 
өзінде-ақ именбей ашық айыптаған, ең алдымен, халық 
ақындары болды. Бұқара басына түскен барлық қасірет пен 


362
қайғы-мұңның себепшісі Ресей басқыншылары екендігін 
анықтаған Дулат, Мұрат, Шортанбай, Нысанбай, Нарман-
бет және Қалығұл, Арыстанбек, Солтобай, Жеңіжоқ сын-
ды ақындар шын мәнінде ел жанашары, ұлт болашағын 
көрегендікпен болжаған патриоттар еді. Бұған олардың 
соңдарында қалған әдеби мұралары куә.
Әсіресе, қырғыз ақындары Қалығұл Байұлының Ор-
ман ханға жасаған ескертуі қазақ ақыны Шортанбай 
Қанайұлының келешек күндер жайлы айтқан болжамымен де 
дәлме-дәл сәйкес келеді.
Келеуі жоқ кей білер,
Сол заманда шығады,
Құр жағдай таппаққа.
Айтуға сөзің жетпейді,
Арызың тіпті өтпейді,
Жапақтап көзің тұрарсың
Не айтамын деп ақымаққа.
Балаңды алар солдатқа
Міне алмассың жалды атқа,
Алақандай бет қағаз,
Табынарсың мандатқа! [2.51], – 
дейді Шортанбай.
Аталған шумақтарда орыс отаршылдығына амалсыз 
мойынсұнған сұлтан, төрелер мен бай-манаптардың әлдінің 
алдындағы дәрменсіз, бейшаралық халі дәл бейнелен-
ген. Мал-жанын қағазға тізген империяның дегеніне бай-
манаптардың көнбеске де лажы жоқ еді. Көзсіз дүлей күш 
– патша әмірі тас керең, мылқау түндей тілсіз де көзсіз, оның 
өзгенің мұң-қайғысын естігісі де, білгісі де келмейді. Соны 
ұққан қазақ пен қырғыздың халық импровизаторлары өз 
ішіндегі сұлтан төре, манаптардың мынадай соры қайнаған 
күйіне бір жағынан мүсіркей қарайтындығы да айқын 
сезіледі. Шортанбайдың «Жапақтап көзің тұрарсың, Не ай-
тамын деп ақымаққа» деген сөзі сол жайдан мағлұмат беріп 
тұр. Бірақ сол билеушілердің енді бірқатары орыс ұлығына 
арқа сүйеп, жағынып, өз жағдайын жақсартып, өкімін бе-
кемдей түсуді көздей бастағандығы да расқа айналды. 
Олай болатыны орыс отаршылдары, ең алдымен, жергілікті 


363
аймақтардағы дәулетті, көпке сөзі жүретін, ықпалды адам-
дарды құрығына іліндіруді барынша қолға ала бастаған еді. 
Қазақ, қырғыз ішіндегі Әділ сұлтан, Сөк сұлтан, Тезек төре, 
Әбілез Әлиев, Ноғайбай би, Сарыбай би, Сыпатай би және 
Орман хан, Қара Бәйтік, Боромбай, Жантай, Шәбден, тағы 
басқа да манаптармен жылы-жылы сөйлесіп, оларға қолдау 
көрсеткен, сонымен қатар, кейбір ержүрек батырларды да 
өз жақтарына тарту әрекетіне жанталаса ұмтылды. Бұл жол-
да әр түрлі амалдар қолданды: әуелі алдап-арбап көрді, оны-
сы жүзеге аспаса, тікелей күш көрсетіп, қорқытып ықтырды, 
қару-жарағын шошаңдатып, қауіп-қатер төндірді. Сон-
да барып, мысы құрыған қазақ, қырғыздың хандары мен 
сұлтандары еріксіз мойын бұруға көнді.
Нақтылай түссек, бұл амалсыздық әріден басталған. 
Ілгеріде, ХVІІІ ғасырда, патшалық империя қазақтың азу-
лы ханы Абылайдың өзін дегеніне айбат шегіп иліктіргені 
тарихтан белгілі. Жаратылысында ақылды, көреген кісі 
болғандықтан Абылай хан Ресейдей алпауытпен тіресіп, елді 
бақытсыздыққа душар еткеннен гөрі лаждай тұруды жөн 
санаған. Деректерге сүйенсек, «Абылай орыс мемлекеті мен 
Қытай арасында алма-кезек дипломатиялық саясат жүргізді. 
Екі бірдей күшті жауға қарсы күресте Абылай Россияға арқа 
сүйеп, онымен одақтас болды, ал одан ызғар көргенде 
Қытайға қарай ойысып отырды. 1740 жылы Әбілмәмбетпен 
бірге Россияға бағынуға уәде етті. 1772 жылы бұл жайын-
да екінші рет ант берді» [7.35-36]. Әрине, екі жаққа бірдей 
жалтақтап күн кешу – бейбітшілікті сақтаудың, аман қалудың 
басқа жолының сарқылғандығының белгісі. Бертінде осы хал 
асқына келе ақырында, бүкіл қырғыз елі мен жерінің және 
алып Қазақстанның патшаға бодан болуымен аяқталды. 
Бодандыққа түскен халықтың бетке шығарлары – хан-
дар мен сұлтандарын, төрелері мен бай, манаптарын Ре-
сей әкімшілігі қайткенде де өздеріне табындыруға және 
күшпен тұншықтырып, үндерін шығармауға әрекеттенді. Сол 
мақсатта қулық пен сұмдықтың, зымиян залымдықтың неше 
түрін қолданып бақты. Бұндай қатерлі уақыттың ендігі бет 
алысы қазақ пен қырғыздың атақты ел ақындарының жеке 
адамдарға қаратылған арнау өлеңдерінде барынша шынайы 
көрініс тапқан. Аңғарып қарағанда, халықтың бейбіт өмірін, 


364
азаттық жолындағы қаһармандық күресін, елдік тұтастығын, 
оны ұйымдастырып ұйтқы болған ел батырларының ерлік 
қимылдарын тек рухы биік азамат ақындар ғана жеріне 
жеткізіп жырлап берген. Ал, рухы аласалар бақай есеп-
ке көшеді, ағайын арасын аздырады, қара басының 
қамын күйттейді. Шынында да психолог, философтардың 
зерттеулеріне шамалы ой жіберсек, тыныс-тірлігіне қарай 
адамдар 
рухының 
бірнеше 
сатыларға 
бөлінетіндігін 
аңғарамыз. Асылында, рухы таза, тау суындай мөлдір жан-
дар сирек кездессе, жүріс-тұрысымен төңерегіне жайсыз ру-
хын шаң басқан, кір шалған, рухы күңгірт тартқан адамдар 
әр заманда да ұшырасып отырған. Азын-аулақ билікке ара-
ласып, там-тұм назарға іліккенімен, ондай жаны лас пенде-
лер ұлты үшін отқа түскен рухы асқақ, оң ниетті адамдардың 
игілікті, ізгі жұмыстарын кешіре алмаған. Өйткені, олардың 
өзегін өшпенділік, қазымырлық тұманы басқан, көкірегін 
түндей қара түтін бітеп қалған. Ондай оңай олжаға мел-
дектеген, бүгін бар да, ертең жоқ арзан байлыққа алданған 
шенді шенеуніктер Махамбет, Дулат, Шернияз, Сүйінбайдай, 
Жанақ, Шөже сияқты, айбынды, өрттей лапылдаған, кіршіксіз 
тұлғалардың отаным, елім, жерім деп соққан жүрек дүрсілін, 
арман-мүддесін түсіне алмаған. Тіпті, мұның өзі – со-
нау Тоныкөк, Күлтегін, Сыпыра жырау, Асан қайғы кезінен 
жалғасып келе жатқан күрделі проблема.
Халықтың талай-тағдыры безбенге түскен алмағайып 
кезеңдерде өмірге көзқарасы, таным-түсініктері ұқсас та-
лай ақын-жыраулар туған елі мен жерінің еркіндігі 
жөнінде ұзақ-ұзақ толғанған. Бұл мәселені өздерінің 
шығармашылықтарының өзекті тақырыбына айналдырған. 
Әсіресе, бұл жай – импровизатор өнерпаздардың арнау 
өлеңдерінің мазмұндық арқауынан өте анық байқалады. 
Сондықтан, 
қазіргі 
таңда 
ілгеріде 
жасаған 
халық 
ақындарының арнау жыр жолдарын жаңаша зерттеу қажеттігі 
туып отыр.
Арнау өлеңдері қазақ-қырғыз ел ақындарының шығар-
машылықтарындағы аса өзекті, жете назар аударуды ке-
рек ететін зәру мәселелердің бірінен саналады. Олай бо-
латыны, ең алдымен, ел ақындарының арнау өлеңдерінен 
белгілі бір кезең, дәуір, ғасырлардағы қоғамдық жүйе 


365
түзілісі, идеологиясы, оны жүзеге асырып жатқан адам-
дары турасында бағалы мәліметтер аламыз. Сондай-ақ, 
тұрмыс-күйіне қарай әлеуметтік ортаның ішкі жіктелісі, 
олардың айналада болып жатқан сан түрлі құбылыстарға, 
өзгерістерге көзқарасы, өзіндік пайымы да аңғарылады. Ең 
маңыздысы сол, бұл жерде шығармашылық иесінің өскен 
ортасы, өмірлік іс-тәжірибесі, білік-білім деңгейі, мінез-
құлық қалпы мен отаншылдық түсініктері, ұлт-ұлыс тыны-
сы, келешегі, халықтың азат өмірі туралы толғаныстары шы-
найы көрініс тауып жатады. Және де ақын-ырчының өзі куәсі 
болған оқиғаларға, өзі жеке жете танып білген кісілеріне бер-
ген мінездемелері де соны, тосын қызғылықты болатындығы 
рас. Сайып келгенде, арнау өлеңдері белгілі бір нысанға 
бағытталып айтылғанымен, тура сол уақыттардағы әлеумет 
өмірінен, дәулет-дәрежесі әр қилы жандардың күн көрісінен, 
жасырын психологиялық бітімінен де мейлінше мол 
ақпараттар береді. Нәтижесінде, өткен кезеңдердегі қоғам, 
оның мүшелері жөніндегі түсініктеріміз өсе түседі.
Жалпы, арғы-бергі әдебиеттанушы теоретиктеріміз бен 
әдебиет тарихына қалам тартқан көрнекті зерттеушілеріміз 
көркем шығармашылықтың мұндай ерекше саласына мән 
беріп, өздерінің тұшымды пікірлерін білдірген. Мәселен, про-
фессор Қажым Жұмалиев былайша анықтама берген: «Жа-
зушы не өзіне, не біреуге, не көпшілікке қайырыла сөйлесе, 
арнау дейді. Бұл үшке бөлінеді: жарлай арнау, сұрай ар-
нау, зарлай арнау» [8, 132]. Осыдан кейін барып, олардың 
әрқайсысына тән сипаттарын атап дәлелдеген. Ал, академик 
Зейнолла Қабдолов «Айталық, арнау – жазушының, көбіне 
көп ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа ар-
найы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей 
кеңесуі» [9, 244-245] дей келіп, Қ.Жұмалиевтің топтастыруын 
(классификациясын) құптап шығады. Бірақ, айырмашылы-
ғы – арнаудың өлең сөзде көп жолығатындығына баса назар 
аударады. Шынында да зер салсақ, прозалық шығармаларға 
қарағанда, поэзияда, әсіресе, халық ақындарының әдеби 
мұраларында арнау өлеңдер өте жиі ұшырасады. Әрі арнау 
сөз поэзияда жан-сезімге тез тигіш, нақ сол айтылған сәтінің 
өзінде-ақ, нысанаға алынған объектіні күйдіріп түседі. Өмір 
шындығына суарылған сыншыл ой дәлдігімен, құйылған 


366
қорғасындай орнықтылығымен көп көкейіне жол тауып, ел 
есінде ұзақ сақталады. Тура осы қасиетінен де болар, қа-
зақ пен қырғыздың өткен ғасырларда өмір сүрген даңқты 
шайырларының белгілі бір кісіге, не әлеуметке, не заманға 
қайырылған өлеңдерінің мән-маңызы аса жоғары, күні бүгінге 
дейін өздерінің құндылық қадір-қасиетін жойған жоқ деп 
білеміз. Қайта, қазіргі қазақ-қырғыз елдері бастарынан кешіп 
жатқан қоғамдық тұрмыспен де керемет үйлесіп тұрғандай. 
Қай кезеңде болмасын, ақын өз тұсының тамыр соғысын 
білдіретін барометрі іспетті десек қателесе қоймаспыз.
Осы ретте қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ғұмыр кеш-
кен Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы, Шернияз 
Жарылғасұлы, Сүйінбай Аронұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Шор-
танбай Қанайұлы, Шөже Қоржаубайұлы, Майлықожа 
Сұлтанқожаұлы, Бақтыбай Жолбарысұлы және қырғыздың 
Қалығұл, Арыстанбек, Қалмырза, Солтобай, тағы басқа да 
ақын-ырчыларын атай аламыз. Аталған ақындардың арнау 
өлеңдері мазмұндық түзілісі, қаратылып, бағытталып, жырла-
ну тақырыбы жағынан алуан қырлы, алуан сырлы. 
Сондықтан да бәріне ортақ байқалатын бір жағжай – 
олар тек тағдыр сағаты таяп, Алланың аманатын тапсыратын 
тұста ғана қалың ойға шомып, соңында не қалатындығына 
көз жіберген. Алатау, Талас, Балқаш, Іле, Шу, Нарын, Кемин 
өңірлерінде шашылып қалған өлең-жырларының бас-аяғын 
жинап алудың мүмкін еместігін кеш сезінген. 
Мұндай халді Шортанбай, Құлмамбет, Базар жыраулар 
да бастан кешкен. Айталық, «Шортанбайдың өлер алдында 
қатын-бала, ел-жұртына арыздасып айтқан насихат сөздері» 
сақталған. Онда ақын жолаушылап келе жатып, түс көріп, 
түсінде суық кісілер оған былай депті:
«Өлгенде имансыз құл жолда қалған,
Мен – Ғазрайыл, пенденің жанын алған.
Шүкір қыл иман айтып, Шортанбайым,
Құдайдан жетті бұйрық, келді саған» [10, 48].
«Сұбүхан Алла!» деп тұра келген ақын бұл жайды қасына 
еріп жүрген жол серігіне айтады да, тезірек жан досы 
Жанқұттының ауылына жетуге асығады. Сол үйде жатып, 
жиналған жұртқа ішіндегі мұң-шерін, құпия-сырын аша-


367
ды. Жарық жалғанда пендешілік істерінің көп болғанын, 
қызыл-жасыл дүниеге көп қызыққанын және ол істерінің қате 
екендігін енді түсініп жатқанын өлеңіне қосады.
Қожа емес едім, сарт едім,
Көк есекті мінуші ем,
Масақ теріп жүруші ем,
Арқаға шығып нан жедім, 
Нан жеген соң дәндедім.
Қазақтың жүйрігін мінсем деп,
Сұлу болса сүйсем деп,
Күннен-күнге сәндендім.
Арқадан қылдым жайлауды,
Әркімнен алдым байлауды.
Қиямет күні болғанда
Қандай жерде мекенім,
Мен ғаріптің сайлаулы [10, 50], – 
деп тарығады. «Біздерге бір насихат айтыңыз» дескен 
көпшілікке өз тіршілігінде жіберген кемшіліктерді қайта-
ламауды өтінеді. Адам бойында кездесетін дүние құмарлық, 
аш көздік, кісі ақысын жеушілік, арамға қол салушылық, 
парақорлық, ысырапшылдық тәрізді келеңсіз күнаһарлық 
істерден аулақ жүруді ұсынады. Тіршілікте бір бірімен сый-
ласып, кішіге қамқор, мейірбан болып, үлкенге ізет, құрмет 
көрсетіп жүрудің абзалдығын алға тартады. 
Бұл өлең шұмақтарынан Шортанбай Қанайұлының ХІХ 
ғасырдағы қазақ елінің атақты, ел билеген адамдарымен жақын 
таныс-біліс болғандығы байқалады. Мол дәулет бітіп, көпке 
үкімі жүрген аға сұлтан Құнанбай, Шорманұлы Мұсаны аз күндік 
дүниеге алданбай, ақырет күнін ойлауды, имандылық іс істеуге 
шақырады. Аңдай қарағанда, қай өлеңін алсақ та Шортанбай 
әманда он сегіз мың ғаламды жаратқан бір Аллаға сиыну ды, 
имандылықты насихаттап, ақырет күнін еске салып отыра ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет