Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш



Pdf көрінісі
бет32/46
Дата30.04.2022
өлшемі17,29 Mb.
#32972
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Байланысты:
Шортанбай Қанайұлы шығармалары

Мұхамедрахым Жармұхамедұлы 
ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ
1
Әдебиетіміздегі  Зар  заман  деп  аталатын  әйгілі  кезеңнің 
ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай ақын. Ол бүкіл саналы өмірі 
мен  бойындағы  ақындық  асыл  дарынын  туған  халқының 
отаршылдық  езгідегі  ауыр  халін,  оның  ертеңгі  болашағының 
1
 Қанайұлы Ш. «Қайран халқым» Алматы: «Раритет», 2002.– 216 
бет.


282
мән-жайын  жырлауға  арнады,  өзі  куә  болып  отырған 
заманның  кесел-мерездерін  өзгелерден  бұрын  сезініп,  соны 
аяусыз  әшкерелеуге  аянбай  атсалысты.  Сол  арқылы  ақын 
қамсыз  жүріп  қамалған  ел-жұрттың  сана-сезімін  оятпақ  бо-
лып,  осыған  орай  қөз  тұсындағы  игі  жақсыларға  да  ой  са-
лып,  оларды  имандылық  жолымен  адалдық,  адамгершілікке 
тартып,  дұрыс  жолға  бастамақ  болды.  Діннің  құдірет-күшін 
дұрыс  түсінген  ақын  өз  мақсатын  осы  ертеден  қалыптасқан 
тәсіл  арқылы  жинақтауды  көздейді.  Бұл  діншілдік  оның 
кемшілігі емес,қайта оның мұсылмандық жолын жетік білген 
артықшылығы,  даңғыл  білімдарлығы  болып  табылады.  Бір 
атап  айтарлығы  ақын  ислам  шариғаттарын  жұртқа  бірыңғай 
насихаттауды  көздемеген,  қайта  сол  діндегі  имандылық, 
әділдік, адамгершілік мәселелерін тек халық мүддесіне, оның 
жарқын  болашағына  байланысты,алып  астастыра  жырлай-
ды.  Бұл  –  ақынның  Қожа  Ахмет  Иассауиден  бастау  алатын 
біздегі сопылық әдебиетпен тереңнен жалғасып жатқан көне 
дәстүрдің айқын көрінісі еді. 
Шортанбайдың  өмірі  мен  шығармашылы  жөнінде  қолда 
бар  деректер  тым  шағын.  Бұларға  қарағанда,  ақын  1818 
жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысына  қарасты  Түркістан 
аудынының  Қаратау  бойында  туып,  Арқадағы  Қарқаралы 
өңірін  жайлаған  елде  1881  қайтыс  болады.  Бұл  жаққа  ақын 
ең алғаш ел аралап жүріп таныса келе қоныс теуіп біржолата 
қалып  қояды.  Сол  жердегі  аға  сұлтандар  Жамантай,  Құсбек, 
Саржан секілді ел басшыларының қасында жүріп, елдің ауыр 
езгідегі  қиын  жағдайын  көзбен  көріп  сезінеді,  бұл  мәселе 
оның өзекті тақырыбына айналады.
Шортанбайдың  туған,  өлген  жылдары  мен  өмірлік  дерек-
терін  алғаш  беруші  белгілі  жазушымыз  С.Бегалин.  Бұл  мәлі-
меттер  кейінгі  жылдары  жарық  көрген  Қ.Мәдібаева  мен 
Қ.Жүністегінің Шортанбайға арналған кітапшасында (Алматы, 
«Айқап»  баспасы,  1993  жыл)  толық тырыла  түсті.  Аталған  ав-
торлар мұнда мына төмен де гідей маңызды деректер келтіріп, 
бұлай  деп  жаза ды.  Шортанбайдың  әкесі  Қанай  Балқаш 
бойындағы  Шұбырт палылар  арасына  келіп  сіңген  қожа 
тұқымы. Оның Қаратау дан шыққаны даусыз. Қанай Арқадағы 
Нақып  қожаның  қызына  үйленген.  Ақын  шешесінің  аты 
Шүкіман.  Шортекеңнің  өз  кіндігінен  Алдаберген,  Аязбай  де-


283
ген ұлдары Бәйіш атты қызы болған. Аязбай сол жақта қайтыс 
болған  да,  Алдаберген  Қаратау  жаққа  кетіп  қалған.  Бұдан  әрі 
Қ.Жүністегі өз әкесі Ыбыштың Жүнісінің осы күнгі Ақадыр ау-
даны,  Киікті  стансасында  тұрған  Досбергеннің  Қалиы  деген 
жыршыдан Шортанбайдың көптеген өлең жырларын жазып 
алғанын  соның  ішінде  «Ақжолтай  Ағыбай  батыр»  атты  дас-
тан  да  бар  еді  деп  көрсетеді.  Сондай-ақ  сол  елдегі  Шоқатұлы 
Анарбек  жыршының  да  Шортанбай  шығармаларын  таратып 
насихаттауда елеулі үлес қосқанын айтады. Аталған жинаушы-
лардан  тыс,  бұл  іске  кезінде  жинаушы  Бозтай  Жақыпбаевтың 
тигізген қолқабысын да бөліп атаған жөн.
Шортанбай өлеңдерін тұңғыш жариялаған академик В.В.Рад-
ловтан  кейін  Қазан  қаласында  ақынның  өлеңдер  жинағы 
жарық көрсе, кешегі Кеңес өкіметі тұсында шығармалары әр 
алуан  жинақтарда  үздіксіз  басылып  келді.  Мұның  бәрі  ақын 
өлең  жырларының  ел  жүрегінен  өшпестей  орын  тепкенінің 
айқын куәсі болып табылады. 
Ақын  шығармаларының  зерттеліп  бағалануы  мәселесіне 
келсек,  ең  алдымен  ол  үстем  тап  мүддесін  көздеген  Зар  за-
ман  ақыны  делініп  теріс  бағаланып  келгенімен,  ақынның 
әдебиет  тарихынан  алатын  жоғарғы  орнын  ешкім  де  жоққа 
шығара  алмаған.Ұлы  Абайдың  өзі  де  Шортанбайдың  өлең 
жырларын  сын  тұрғысынан  қатаң  бағаласа  да,  оның  өзіне 
дейінгі  ақындардан  шоқтығы  биік  тұрғанын  мойындағаны 
аңғарылады.
Шортанбай  шығармашылығына  толымды  пікір  айтқан 
ірі  ғалым  М.Әуезов  Абайдың  пікіріне  сүйене  отырып 
«халықты  алға  бастар  өнімді  жолдары  жоқ»  деп  кіналаса  да 
ақынның өлең жолдарының ұтымдылығын тап басып жоғары 
бағалаған. Зерттеуші осыған орай: «Бұл кезде сауда капиталы 
артты.  Бұдан  ол  жеріді.  Оның  жырының  аты  Зар  заман  бол-
ды.  Оның  бағыты  дін  болды.  Осы  жағынан  қарағанда....көп 
үлгі  көп  сарыны  Қожа  Ахмет  Иасауидің  «Диуани  химетіне» 
ұқсайды.  «Ақырзаман  нышаны»  байқалады...Осы  адамдар 
Абай,  Шоқан,  Ыбырайлар  арман  етіп  отыпған  жаңалықтан 
орыс  халқының  Ұлы  мәдениетінен  ел  санасын,  жас  буы-
нын,  бар  ұрпақтарын  алыстатып  ұстауға  тырысқан
1
»  деп 
1
  М.  Әуезовтің  20  томдық  шығармалар  жинағы.  15,  20  томдар 
Алматы: 280-286, 135 беттер.


284
көрсетеді. Рас, бұл тұста Абай қазақ поэзиясын жаңа дәуірдегі 
талаптарға  сәйкес  тың  бағытқа  бетбұрыс  жасау  мақсатында 
айтқан  болса  керек.  Ал,  Шортанбайдың  халықтың  болашақ 
тағдыры  жөнінде  айтқан  жырларының  ел  мүддесінен  аулақ 
емес  екенін  көру  қиынға  соқпайды.  Бұған  сол  тұстағы 
отаршылдық  езгідегі  халықтың  ауыр  тұрмысы  дәлел.  («Су 
түбіне кеттің жұрт, Тал табылмас қаршарға»).
Келесі бір елеулі зерттеу – Қазақ әдебиеті тарихының екін-
ші томының бірінші кітабына арнап белгілі әдебиет тарихшы-
сы  Ы.Дүйсенбаев  жасаған  Шортанбай  Қанайұлы  деген  та-
рау. Мұнда да ақын ескішіл кертартпа, діншіл, зар заман өкілі 
деп  танылса  да  зерттеуші  оның  әдебиеттегі  орны  мен  мәнін 
дұрыс  ашып  бағалайды.  Ол  өз  пікірін  бұлайша  қорытады: 
«Ол  (Шортанбай  –  М.Ж.)  өз  кезіндегі  әлеуметтік  мәселені 
тұңғыш  рет  дерлік  тиісті  дәрежеге  көтере  білді,  сонымен 
соған өзінің шама-шарқынша жауап беруге ұмтылған әдебиет 
қайраткерлерінің бірі болды. Ол, бір жағынан, халықтың бай 
ауыз  әдебиеті  дәстүрінен  қол  үзбей  отырып,  екіншіден  жаңа 
ғана  туа  бастаған  қазақ  халқының  жазба  әдебиетінің  іргесін 
қалау ісіне атсалысты»
1
.
Тағы  бір  Шортанбай  шығармашылығы  туралы  жазылған 
күрделі де құнды зерттеудің иесі – белгілі жазушымыз Сәбит 
Мұқанов.  Еңбектің  көлемі  онша  үлкен  болмаса  да  бұған 
оның  жырларының  қыр-сырлары  түгелдей  дерлік  сыйып 
тұр. Автор осы талаптарға сәйкес: «Реалист ақын Шортанбай 
заманының  ірі  суретшісі,  қырағы  ақыны  болғандықтан,  XIX 
ғасырда ауылда тап қайшылығын күшейтуге себепкер болған 
са яси  шаруашылық  жағдайларды  да,  көреді,  түсініп  жыр-
лайды»
2
,–  деп  жазады.  Рас,  Шортанбай  еңбекші  халықтың 
ауыр  тұрмысын  көзбен  көріп  тебірене  толғады,  бірақ  тап 
тартысының  не  екенін  шын  мәнінде  түсіне  қойды  деп  айту 
қиын.  Сол  себепті  оның  бұқара  мүддесін  қорғай  айтқан  жа-
лынды  жырларына  өмір  шындығын  тани  білу  тұрғысынан 
қараған жөн.
Шортанбай  өз  дәуірінің  шындығын  бұлтарыссыз  жырлап, 
көңілдегісін кімге болса да бетке айтатын болған. Қоғамдағы 
1
  Ы.  Дүйсенбаев.  Шортанбай  Қанайұлы.  Қазақ  әдебиетінің  та-
рихы. ІІ том, бірінші кітап. Алматы: 1961, 149-бет.
2
 С. Мұқанов. Қазақтың XVIII-XIX ғасырдағы әдебиетінің тарихы-
нан очерктер. І бөлім. Алматы: 1942, 124-бет.


285
адамның  мін-кемшілігін  аяусыз  сынап  жөнге  салуды  мақсат 
тұтады. Өзгені сынауды, ол ең алдымен өзінен бастайды. Бұл 
жолдары  Қожа  Ахмет  Иасауидің  өзін  өлтіре  мінейтін  жыр-
ларымен  тереңнен  жалғасып  астасып  отырады.  Шортанбай 
өмірдегі тойымсыздық пен дүниеқорлықтың сырын өз басы-
нан тауып :
Қожа емес едім, сарт едім,
Арқаға келіп нан жедім,
Нан жедім де дәндедім.
Жүйрігі болса мінсем деп,
Сұлуы болса сүйсем деп,
Жарамды тонын кисем деп,
Күннен күнге сәндендім –
дейді.  Осыған  орай  ақын  өзінің  мал-жанды  болып  қана 
қоймай  ел  құрметіне  бөленгенін,  жатсынбаған  Алтай,  Қар-
пықтың қонақжай дархандығын да жырға қосады.
Қуандық жатқан сары бел,
Шағалалы сары көл,
Үйрек пен қаздай қалқытты,
Сары қымызын ішуші ем,
Аралап келіп түсуші ем,
Алтай менен Қарпықты.
Ескіше  сауатты,  Шығыс  әдебиетінен  хабардар  Шорта-
най  ақын  өлеңдерін  жазып  шығарумен  қатар,  қаумалаған 
көп  алдында  жұрт  өтінішімен  түйдек-түйдек  ағытып  төпеп 
те  жырлайтын  болған.  Бұл  суырып  салып  айтқан  жырлары 
өзінің көркемдік сипаты жағынан өзге өлеңдерінен ешбір кем 
соқпайтыны  байқалады.  Осы  ерекшеліктер  ақын  бойындағы 
дарынның  телегей-теңіз  молдығын  танытса  керек.  Ақындық 
өнер  қиыннан  жол,  қиядан  қисын  табатын  тапқырлықты  та-
лап етеді. Мұнсыз ақын деген құрметті атты алып жүру мүмкін 
емес. Айталық Сырдан Арқаға,арғын ішіндегі Қаракесек еліне 
келген  ақын  алғаш  сондағы  билеуші  Жамантайдың  қасында 
болып  өлең  айтып  жүреді  екен.  Келесі  бір  сайлауда  сол 
орынға  Құсбек  төре  ие  болып  Шортанбай  бұрынғы  Жаман-
тайды  жамандауға  мәжбүр  болыпты.  Бұдан  кейінгі  таласта 
Жамантай  қайтадан  жеңіп  ақын  кейінгі  билеушіге  жақындай 


286
алмай, біраз уақыт қашқақтап жүріпті. Бірде ел аралап жүрген 
Жамантай  Шортанбайға  кез  болып  қалып,  сөйле  Шортан-
байым, сөйле десе керек. Сонда Шортанбай бөгелместен 
Сөйлейді сөйле десең бұл Шортанбай,
Әр ханның заманында бір сұрқылтай.
Кешегі Құсбек төре хан болғанда,
Мен түгіл өзің қайда ең, хан Жамантай
1
 – 
депті, сонда тұрып Жамантай Шортанбайым, жоқты сөйлейді 
екен десем барды сөйлейді екен» деп қасына қайтадан ертіп 
алған екен.
Шортанбайдың  өз  шығармаларын  Зар  заман  деп  атауы-
ның  ішкі  сырын  ашуға  кешегі  бір  дәуірде  ешбір  мүмкіндік 
болған жоқ. Мұның ақыры қазақ халқы үшін «ақырзаманға» 
ұласады  деген  ойды  меңзеп,  ақын  бұдан  құтылудың  жолын 
іздеп шарқ ұрады. Отаршылдық езгіде жаншылған халқымен 
қош  айтысып,  қоныс  аударып  көше  қалса,  дін  орталығы 
Бұхарға  қарай  ауған  жөн  деп  табады.  Ақыннан  қалған 
«Зарларда»  ел  басына  төнген  қауіп-қатердің  зардабы  мен 
нәтижесі не болмақ деген өзекті мәселе дамытыла жырлана-
ды. С.Мұқанов осы күрделі сұрақты ұтымды оймен жинақтап: 
«Шортанбайдың үш зары бар, олар: «Зар заман», «Бала зар», 
«Өлең зар». Осы үш зарда да ол халықтың басына түскен зар-
ды  заманының  зарын  айтқан.  Бұл  үш  зарды  үш  поэма  деуге 
болады, сюжет жағынан бір-біріне жалғас, бірінің мазмұнын 
бірі  өрбітетін  поэма»  деп  жазады
2
.  Зар  заман  поэзиясының 
ерекшеліктері  мен  теориялық  негіздемелері  Б.Омарұлының 
«Зар заман поэзиясы» атты монографиясында да әр қырынан 
ашылып талданған
3
.
Шортанбай  жырларының  ұзын  сүре  бір  тақырыпқа 
құрылуының  үлкен  саяси-әлеуметтік  мәні  бар.  Патша 
өкіметі  жыл  санап  отарлаудың  құйтырқы  амал-тәсілдерін 
зымияндықпен  іске  асыруға  жанталаса  кірісті.  Соның 
нәтижесінде  мұздай  құрсанған  патша  әскерлері  қазақ  да-
1
 М. Әуезов атындағы Әдеби және өнер институтының қолжажба 
орталығындағы қор №592 (жинаған Б.Жақыпбаев).
2
 С. Мұқанов. Қазақтың XVIII–XIX ғасырдағы әдебиетінің тарихы-
нан очерктер. Алматы, 1992, 128-бет.
3
 Б. Омарұлы. «Зар заман поэзиясынан». Алматы, «Білім», 2000.


287
ласын  отарлауға  ұтымды  жерлерді  қантөгіспен  басып  алып, 
Атырау,  Қорған,  Петропавловск,  Омбы,  Семей  қорғандарын 
салып  бекінді,  сөйтіп  біртұтас  халықтың  ынтымық-бірлігі 
бұзылды,  жайлау-қонысы  тарылды,  ауыр  қыспаққа  душар 
болды. Бұл отарлау саясатына қарсы Сырымның, Көтібардың, 
Кенесары – Наурызбайдың, Исатай – Махамбеттің, Жанқожа-
ның,  Есет,  Бекеттің  көтерілістері  аяусыз  басылып  жаншыл-
ды.  Мұның  артынша  Кенесарының  ұлы  Сыздық  бастаған 
көтеріліс және Адай көтерілісі бұрқ ете қалды, алайда бұлар 
да  күшпен  басылды.  1841–1868  жылдары  аралығында 
Қапал,  Торғай,  Ырғыз,  Атбасар,  Көкпекті,  Алматы,  Лепсі, 
Ақмола, Ақтөбе, Қазалы қалалары салынып, Ақмешіт, Шым-
кент,  Әулиеата  қалалары  Ресейге  бағынды.  Бұл  қоршаулар 
қазақ  халқын  біржолата  бағындыруға  жол  салды.  Осының 
ең кейінгі нәтижелерін көзбен көрген Шортанбай тығырыққа 
тығылған  ел  жағдайын  жырламай  отыра  алмады,  халықтың 
көзін  ашып,  санасын  оятуға  талаптанды.  Ақынның  жалын-
ды  өлең-жырлары  сол  халық  тағдыры  болашағының  сөз  ет-
кенде,  оның  1890,  1911  жылдары  Қазанда  басылған  «Бала 
зар»  атты  өлеңдер  жинағын  өз  зерттеуімізге  бірден-бір  негіз 
еттік.  Бұдан  тыс  М.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институтының Қолжазба орталығындағы ақын қолжазбалары 
да пайдаланылды. 
Ақынның  «Зар  заман»  топтамасына  кіретін  жырла-
ры  оның  дүниеге  көзқарас,  танымын  ашып  белгілейді. 
Мұнда  ол  заманның  бұзылып,  танымастай  болып  өзгергенін 
үй  іші,  отбасындғы  көріністер  арқылы  дәлелдемек  бола-
ды.  Шортанбайдың  пайымдауынша,  сүттей  ұйып  отырған 
отбасының  адамдары  дәстүрлі  қалпынан  айырылып,  ата-
анасы,  үлкенді  сыйлаудан  қалған,  тіпті  адамдардың  бір-
бірімен  қарым-қатынасы  да  өзгерген,  әркім  өз  білгенімен 
жүріп-тұрып, бас-басына би болған заман болды деп шошы-
нады.  Мұның  ақыры  болмашыны  кек  тұтып,  заң  қуып  арыз 
жазатын, тілмаштарға жем болатын кез болды деп көрсетеді. 
Мұның өзі қар заман,
Қарлығының белгісі:
Ұл сыйламас атасын,
Арам сідік болған соң,
Атасы бермес батасын.


288
Қазы,болыс, хан қойып,
Қайдағы бір неқақсыз шатасын.
Өзі қылған өкінбес,
Қыз сыйламас анасын...
Сыйламайды ағасын,
Алысып жыртар жағасын...
Ақсақалдан ұялмас,
Жүгірісіп қалаға,
Қаныққан соң жалаға!
1
Жеке  кісілер  мен  отбасылардан  тұратын  қоғамның  жай-
жағдайы  қандай  деген  мәселеде  ақын  бұларды  «замана», 
«қазақ халқы», «қазақ елі» деген ұғымдармен астастыра жыр-
лайды.  Шортанбай  заманның  бұзылуын  ел  тағдырымен, 
оның  болашағымен  тығыз  байланыста  алып  қарайды, 
халық  басына  төнген  бұл  пәледен  тезірек  арылудың  жол-
дарын  іздестіреді,  бірақ  оның  да  ретін  таба  алмай  дал  бо-
лады.  Бар  тапқаны  жоғары  жаққа  («Құндыгерге»)  дат  ай-
тып,  ақ  тілекпен  құдайына  сыйынып  хат  жазу  деп  санайды. 
(«Құндыгерге хат жазып, Кешіктірмей дат жазып, Өлместің де 
қамын қыл, Басың сотқа ілінбей»). 
Қазақ  халқы  кез  болған  заман  жайын  ол  жан  қалмай 
қырылатын  ақырзаман  көріністерімен  салыстырады,  сөйтіп 
бір  Алладан  жәрдем  болмаса,  өзге  ешкімнен  де  көмек  жоқ 
деген  қалып  танытады.  Өмірдің  бұлайша  түрленіп  өзгеруіне 
басты  себеп:  қоғамдағы  дәуірлеп  тұрған  әділетсіздік  пен 
зорлық-зомбылықтан деп қорытады:
Мына заман қай заман,
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман,
Тарлығының белгісі –
Жақсы жаннан түңілген,
Жаман малдан түңілген,
Мұның өзі зар заман.
Зарлығының белгісі – 
Бір-бірлерін күндеген,
Жай-жайына жүрмеген!
2
1
 М. Әуезов атындағы Әдеби және өнер институтының қолжазба 
орталығындағы қор №592, 25-бет.
2
 Бұл да сонда, 15-бет.


289
Ақын  заманның  яки  қоғамның  бұзылуы  жеке  кісілердің, 
отбасының  азып-тозуына  әкеліп  соқты  деп  қана  қоймайды, 
соның  ішкі  себеп-салдарын  да  шарқ  ұрып  іздейді,  бұдан 
арылудың жолдарын тауып, ел-жұртты алдын-ала сақтандыр-
мақ  болады,  бәленің  бетін  аударып,  халықтың  сана-сезімін 
оятудың  амалын  қарастырады.  Осы  мақсатта  ол,  ең  алды-
мен,  ел  билеушілердің  зұлымдығы  мен  жауыздығын,  пара-
қорлығын, әділетсіздігін әшкерелеп:
Жамандық мұнша ұласты,
Жарысқа кірген жақсылар
Жақыным деп жан тартпай,
Кәпірлермен қынасты.
Аузына кәпір қаратты
Бұл дүниенің тұтқасын, – 
деп бастайды да, патша ұлықтарының қорлық-зорлығын бы-
лайша сипаттайды:
Жандарал болды ұлығың,
Майыр болды сыйынғаның.
Айырылмайтұғын дерт болды
Кедейге қылған қорлығың.
Кәпірді көрдің піріңдей,
Тілмашты көрдің жеңгеңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда,
Қазылған қара көріңдей!
1
Шортанбай  қазақ  даласындағы  әлеуметтік  теңсіздік  жа-
йын  сөз  ете  келіп,  бай  мен  кедейді  бірін  артық,  бірін  кем 
жаратушы  бір  құдайдың  ісі  деп  қорытса  да,  олардың  ой-
пиғылдарының  әртүрлі  екенін  де  аңғартады.  Ақын  «Бір  пара 
жанды  малды  қып,  бір  пара  жанды  малсыз  қып»  жаратқан 
Аллаға ризашылық білдірсе де, бай мен кедейдің арасындағы 
айырмашылыққа наразылық танытқандай болады:
Байлар сәнге мінеді 
Жазы-қысы құр атты. 
Жарлы да өліп қалған жоқ,
1
 Сонда, 15-бет.


290
Оның да көңілін жұбатты. 
Жалғанның беріп жарығын,
Бишара жанды қуантты.
Мінер атқа кем қылып,
Қара жермен тең қылып,
Бір пара жанды жылатты!
1
Бұдан  тыс  ақын  «Жалғанның  жарығын  бергені  үшін» 
ризашылық  білдірген  кедейді  тәубаға  шақырып,  ал  дәуле-
ті  тасып  шалқып  отырса  да,  ұрлық  қылатын  тойымсыз  бай-
лардың парақорлығын да өлтіре сынайды:
Байлар ұрлық қылады,
Мал көзіне көрінбей.
Байлар жейді параны
Сақтап қойған сүріндей.
Заманың сенің құбылды
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріңдей!
2
Ендігі  бір  күрделі  мәселе:  қазақ  даласына  жаңадан  ене 
бастаған  капитализм  қарым-қатынастары,  яғни  сауда-саттық 
пен  ақша  жайын  ақын  шошына  жырлайды,  тіпті  мұны  адам 
баласын бұзатын бәленің басы санайды. Шортанбай осының 
бәрінің  орыс  тарапынан  келгеніне  де  күмәнмен  қарайды. 
Алайда  сол  сауда  капиталының  қазақ  даласына  біртіндеп 
ене бастауының өзі жаңалық болғаны даусыз, мұны ол түсіне 
алмады.  Бұрынғы  заманның  қаймағы  бұзылмай  сақталып 
қалуын көкседі. Жаңадан келген ақшаны ақын:
Заманақыр боларда
Алуан-алуан жан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты!
3
 – 
деп,  оны  малмен  теңестіре  сипаттайды.  Бұл  тұста  ол  жал-
1
 Сонда, 15-16-беттер.
2
 Сонда, 4-бет.
3
 Сонда, 3-бет.


291
пы  ақшаның  өмірдегі  орны  мен  мәніне  қарсылық  білдіріп 
отырған  жоқ  сияқты,  оның  түпкі  ойы:  халық  басына  төніп 
тұрған  отаршылдық  зардабы,  ертеңгі  күн  жағдайы  болса 
керек,осы  жарқын  болашақ  мәселесі  ақынның  қабырғасына 
аяздай  батып  толғантады.,  түн  ұйқысын  төрт  бөледі,  жарғақ 
құлағы  жастыққа  тимей  қайғы-шерге  бөленеді.  Шортан-
бай  елдің  басындағы  ауыртпалықтың  басты  себебі:  орыс 
патшалығының  қыспағынан,  отаршыл  елдің  жақсы  қоныс, 
шұрайлы жерді басып алып,күнкөріс көзінің тарылуынан деп 
санайды:
Ағашты тауға үй салып,
Алды кәпір алқымдап.
Елді еркіне қоймады,
Буыршындай тақымдап.
Дәурен бексіп болыс тұр,
Кәпірдің сөзін мақұлдап.
Бейшараның пұлы жоқ,
Қорыққаннан қақылдап.
Жарысқа кірген жақсылар,
Аша алмассың көзің деп,
Сол себептен қорқамын!
1
Ақын заман өзгеріп, заң, тәртіп бұзылып, адамдар арасын-
дағы  қарым-қатынастың  тозуын  сол  кездегі  патша  әкімдері 
мен  жергілікті  ел  басшыларының  жең  ұшынан  жалғасып, 
қанау-тонауға  жол  беруінен  де  санаса  да,  жауыздықтың 
көзі  –  патшаның  зұлымдықтарына  алғашында  көп  мән 
бере  қоймайтын  сыңай  танытады.  Бұл  ертеден  мұсылман 
дінінде «ақ патша» деп қастерлейтін дәстүрдің көрінісі де бо-
луы  мүмкін.  Халық  басындағы  ауыр  тұрмыстың  тығырыққа 
тірелген  кезеңін  көріп,  кімнің  кім  екенін  біліп  көзі  ашылған 
Шортанбай  енді  сол  патшаның  отаршылдық  саясатының 
мән-жайын  ұғынған  соң,  мәселеге  басқаша  көзбен  қарауға 
мәжбүр  болады.  Бар  бәленің  басы  сол  патшадан  тарайты-
нын түсінген ол өз тұсындағы халық өмірін «қаңғырған жөнсіз 
оққа» теңеп, былайша сипаттайды:
Уәліден кетті керемет,
Патшадан кетті ғаделет,
1
 Сонда, 2-бет.


292
Ақырзаман таянды.
Артынан кәпір біліп тұр,
Тірі жаннан хал кетіп,
Жөнсіз оқтай қаңғырып,
Жан шіркін ақыр берік екен,
Үзіліп кетпей неғып тұр?!
1
Шортанбай  патшаның  өзінен  шығып  жатқан  сұрқия  тәр-
тіп тің  салдарын  да  тап  басып  жырлады.  Малды  алумен  тын-
бай,  енді  жас  боздақтарды  әскерге  аламын  деп  қоқаңдаған 
ұлықтарға  айтар  амалы  таусылған  би,  болыстардың  дәр-
менсіздігін, алды-артын орап алған патша әкімдерінің озбыр-
лығын  ақын  жеріне  жеткізе  сынап,  аяусыз  түйрейді.  Бұдан 
тыс  «аяқты  қия  бастырмайтын  орыс  тәртібін»  де  ол  еске  ала 
отырып,  тұйыққа  тірелгендей  болады.  Сол  бұлтартпас,  қатаң 
тәртіптің нәтижесінен халықтың ауыр күйзеліске тап болғанын 
бұлтарыссыз бейнелеп:
Аяқты қия басу жоқ,
Орыстың салған жолы бар.
Емін-еркін заман жоқ,
Ендігі жүрген жігіттің
Маңдайында соры бар! – 
дейді  де,  соның  ауыр  зардап,  зиянын,  ел  ішінің  бұзылып, 
адам  құлқының  өзгере  бастағанынн  шындық  күйінде 
суреттейді.  Осының  салдарынан  жұрттың  болмашыны  қуып 
бір-біріне  бәле  қарап,  заң  қуып  кеитетінін,  қалаға  шауып 
арыз жазуға әдеттенгенін бәленің басы ретінде таниды:
Екі кісі ұрысса,
Қалам алар қолына,
Закөннің түсер жолына.
Өте қусаң оралдың
Орыстың жайған торына.
Малыңды бағып,тыныш ұйықта,
Талапты туған ерлелрім,
Абақты түсті сорыңа!
2
1
 Сонда, 7-бет.
2
 Сонда, 18-бет.


293
Осындай  қиын  кезең,  ауыр  сәтте  ақын  жарлы-жақыбай, 
кедей-кепшіктердің  ауыр  халіне  жаны  ауырып,  жұрттың  бір-
біріне мұншалықты мейірімсіз болып бақастықққа жол беруін 
адам  пиғылының  бұзылуынан  деп  санайды,  мұның  бәрі  за-
ман  сазынан  деген  дұрыс  қорытынды  жасайды.  Осылардың 
нәтижесінде  елдің  ауызбірлігі  кетіп,  бас-басына  тірлік  ететін 
заман  болды,  үлкенді  сыйлайтын,  құрмет  тұтатын  уақыт  кел-
меске  кетті,  «қамалған  қазақ  ұлы»  дұшпанына  беріліп, 
оның  табанының  астында  қалды  деп  қорытады.  Сөйтіп,  за-
ман  сазынан  әркім  өз  білгенімен  іс  қылатын  кезең  туды, 
жастардың  үміт  оты  сөнді  деген  ой  айтып,  барар  жер,  басар 
тау қалмағанын атап көрсетеді:
Бағынғанның белгісі,
Билік кетті басыңнан,
Қорлық көрдің жасыңнан,
Ұл-қызыңнан үміт кетті,
Айырылдың құда, досыңнан...
Ұлың көңілі бір бөлек,
Қызың көңілі бір бөлек,
Өзіңнің көңілің бір бөлек...
Ендігі жанның ақылы – 
Отқа түскен көбелек!
1
Ақынның  пайымдауынша,  зар  заманның  тұсында  өз 
тобындағы жарлы-кедейдің қамқоры болып келген байлар да 
қайырымдылығынан  айырылып,  қарасудан  қалды,  «жаздай 
арық, күздей пішен шапқан» момынның тапқанын тілмаш пен 
бай  бөліп  алып,  зорлық-зомбылық  жасайтынын  да  шындық 
күйінде сипаттайды. 
Байды құдай атқаны,
Жабағы жүнін сатқаны.
Кедейің қайтіп күн көрер,
Жаз жатақта жатқаны.
Жаздай арық қазады,
Күздей пішен шабады.
Оны-мұны жиғанын
1
 Сонда, 10-бет.


294
Шығыны деп тілмаш алады.
Жалғызсиыры бар болса,
Соғымына сояды!
1
Шортанбай бай мен кедейдің арасындағы қарама-қайшы-
лықты  құдайдың  жаратуынан  болды,  ол  тағдыр  ісі  десе  де, 
байлардың  қайырымсыздығы  о  дүниеде  өзінің  алдынан 
шығады, түбінде Алла алдында жазасын тартады деген сыңай 
танытады. 
Бай кедейді көрмейді,
Қызметін бір күн қылмаса ,
Майлы сорпа бермейді,
Әне байдың қайыры.
Бұрынғы өткен адамның
Міне, келді таяры.
Жалғанда қылған ісіңнің
Алдыңнан шығар ғайыбы!
2
Шортанбайдың  бүкіл  «зар-жырларын»  көктей  өтіп  зер 
сала  қарасақ,  бұлардың  бәрінің  сопылық  бағытта,  яғни 
діншілдік сипатта жазылғанын көру қиын емес. Ақынның па-
йымдауынша, ең алғаш адамды Алла жаратқанда, бірін адал, 
енді бірін арам, екіншісін ғалым, үшіншісін залым етіп жарат-
ты, сол секілді кәпір мен мұсылман да осы талаптар бойынша 
өмірге келді. тіпті бай мен кедей де құдайдың әмірімен бақас 
болып  жаралған,  елге  қызметімен  жағатын  адал  басшы  мен 
парақор, зұлым билеушілер де сол әлгі талаптың нәтижесі деп 
санайды.  Сондықтан  да  адам  баласына  қанағат,  ынсап  бер 
деп  Алладан  сұрайды.  әсіресе  мұсылмандардың  ораза,  на-
мазды  қаза  жібермей  орындап,  шариғат  жолына  берік  бо-
луын  қалайды,  оларды  әділдік,  адамгершілік,  имандылыққа 
шақырады. Ал заманның бұзылып, адамдардың мейірміділік 
орнына жауыздықққа, зұлымдыққа бейім тұруын ақын ақыр-
заманның  жақындауынан  деп  қорытады.  Сонда  болатын 
құдай  алдындағы  сұрауды,  күнәлілер  мен  күнәсіздердің 
Сират  көпірінен  өту  мерзімін  айтып,  тәубаға  келтірмек  бо-
лады.  Мұны  дәрменсіздік,  әлсіздік,  құрғақ  мистика  деу-
2
 Сонда, 49-бет.
1
 Сонда, 18-49-беттер.


295
ге келмейтіні түсінікті, ақын бұдан өзге тәрбие жолының жоқ 
екенін дұрыс пайымдаған. Осыған орай ол:
Мұсылманды бұл күнде
Орыс кәпір жеңіп тұр.
Ай сайын келіп санатып,
Есебіңді алып тұр.
Қайыр кетіп байлардан,
Бұзауға ақша беріп тұр.
Пәлен теңге торпақ боп,
Тиынға тиын болып тұр.
Залым туған сұмырайлар
Осылайша «кеңіп» тұр.
Шолақ иттей діңкілдеп,
Бір-біріне жетем деп,
Аласұрып өліп тұр,
1
 –
дейді. 
Шортанбай  азып-тозған  заман  жайын  сөз  еткенде  де, 
өзінен  бұрынғы  діндар  ақындардың  ой-пікірін  басшылыққа 
алып отырады. Ол өз жырларында «Сопы Аллаяр» кітабын жиі 
атап,  соған  жүгініп  сөйлесе  де,  көптеген  толғауларында  Қожа 
Ахмет  Иассауидің  бағыт-бағдарынан  әсте  бір  ауытқымайды. 
Бұл дүние мен ол дүниенің мән-жайын әңгіме еткенде де, сол 
төңіректен  табылатынын  көреміз.  Ақын  жырларының  асыл 
табиғаты  өзіне  ұстаз  тұтқан  Кожа  Ахмет  Иассауиден  аулақ 
кетпейді, көбіне көп солармен үндес, мазмұндас. Айталық, за-
ман мен адамдар жайында Қ.А. Иассауидің мына бір жолдары 
Шортанбай жырларымен іштей-тыстай табысып астасып тұр: 
Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ,
Патша мен уәзірлерде әділет жоқ.
Дәруіштердің дұғасында қасиет жоқ,
Түрлі бәле халық үстіне жауды, достар.
Ақырзаман ғалымы залым болды,
Ізгі тілегін үзбеген ғалым болды.
Алланы айтқан дәруіштің жолы болды.
Ғажап сұмдык замана болды, достар!
2
1
 Сонда, 21-бет.
2
  Қожа  Ахмет  Иассауи.  «Диуани  хикмет».  Алматы,  «Мұраттас», 
12-14-беттер.


296
Осындағы  жинақы  ойлар  таратыла  айтылса  да,  Шортан-
бай жырларында дәл сол сипатта көрініс тапқанын көреміз:
Бір пара жанды малды қып,
Бір пара жанды малсыз қып,
Бір пара жанды ғалым қып,
Бір пара жанды дінді қып,
Бір пара жанды дінсіз қып,
Шерне үшін жанды жаратты...
Азды көпке жем қылып,
Бір пара жанды жылатты.
Ашты-тоқты болсаң да
Иманың сақта ұятты.
Ардан кешкен ұятсыз
Дінсізге қылар мұятты...
Зар заманның аяғы,
Заманың кетті баяғы
1
.
Шортанбайдың  тағы  бір  топ  жырлары  күнәдан  ары-
лып,  Құдайға  құлшылық  жасаудың  жолдарын  сипаттайтын 
Қ.А.Иассауи өлеңдерімен егіздің сыңарындай ұқсас өрілетінін 
де атап айтуға тиіспіз. Оқып көрелік:
Аз тартайын десең күнәні,
Саһарменен тұрғаның.
Хақ дидарын көрерсің,
Ақырет қамын қылғаның...
Медіресе, мешіт салдырып,
Мүфтиге берсең балаңды,
Азан-тәкбір айттырып,
Мешітке қойсаң моллаңды,
Сираттың желі соққанда,
Руза, намаз панаң-ды
2
.
Осы  іспеттес  ақынның  өмір  қызығының  шексіздігі  мен 
өткінші,  баянсыздығын  жырлайтын  мына  бір  өлеңдері  де 
жоғарыда айтылған пікірмен терең сабақтас:
1
  Жоғарыда  аталған  Шортанбайдың  институттағы  қолжазбасы, 
1993, 62-бет.
2
 Сонда, 26-27-беттер.


297
Жорға мініп теңселіп,
Торғын тоңын білсентіп,
Мамық төсек салдыртып,
Ыңырантып тұрғызып,
Дүрия көрпе жамылтып,
Дүниенің қалай алдауы?!
Ит жүгіртіп, құс салған-
Өнерпаздың өнері.
Өтіп кеткен нәрсеге
Өкінсең жоқ келері.
Тұтас тұрса жабырамас
Бетіңнен кетсе бедені
Құбылып тұрған қызыл гүл
Қураса кетер мәнері.
Сабыр қылсаң жетерсің,
Құданың болса берері!
Он сегіз мың ғаламның
Құдіретімен жаратқан
Құдайдың қалай шебері!?
1
Ақынның  заманындағы  адамды,  әсіресе,  ел  басшыларын 
дүние-мүлік,  мал  үшін  күнәға  батудан,  дүниеқоңыздықтан 
аулақ  болуға  шақырған  жырлары  да  нақтылыққа  құрылып 
отырады. Бұл орайда ол Мұхаммед пайғамбар мен оның төрт 
шариярын, Ескендір мен Сүлеймен секілді әйгілі тұлғалардың 
да  өмірден  өткенін  үлгі  ете  сөйлейді.  Бұдан  тыс  өз  басының 
мін-кемшіліктерін  теріп  айтып,  ғапылдыққа  ұмсынбауды 
дәлел ретінде ұсынады:
Құдайға мақұл ісің жоқ,
Біреудікін іздедің,
Өзіңдікін көздедің,
Күшің жеткен адамды
Мұнша теге тілдедің?
Ұрлықпенен зорлыққа
Үмітіңді үзбедің.
Алмаған неме қоймадың,
Еш нәрсеге тоймадың,
1
 Сонда, 27-28-беттер.


298
Азуы қарыс Алаштың 
Айтқанына болмадың...
Бойыңа жанды теңгермей,
Басыңа бір тас тиіп тұр,
Не қылайын дүниені,
Тырнақтап жидың инені!
1
 – 
дейді.  Міне,  осындай  Қазақ  халқы  бастан  кешкен  езгідегі 
ауыр  тұрмыстың  күрделі  мәселелерін  құдайдың  басқа  сал-
ғаны деп бағаласа да, ақын ел-жұртты соның бәріне көне бе-
руге  шақырмайды,  халықты,  сабырлылыққа,  басшыларды 
әділдік, шындыққа үндейді. Ал, орыс отаршыларына келген-
де,  «бәледен  машайық  қашыпты»деген  қағиданы  ұстанады. 
Ол  үшін,  ең  алдымен  Қоқан  хандығына  бағынуды  ауызға 
алса  да,оның  бұрынғы  зардаптарын  еске  алып,  бұл  ойынан 
тез  қайтып,  ертеден  дін  орталығы  болған  Бұхар  төңірегіне 
қопарыла  көшуді  ұсынады.  Сөйтіп,  бодандық  жа йын  көп 
жырлап,  Қазақ  елін  «жерұйық»  пен  «жиделібайсынға» 
көшуге  шақырған  Асан  қайғы  мен  Бұхар  жыраудың  айтқан 
ойларын  мақұлдайды.  Мұндағы  мақсат  –  тыныштық,  бейбіт 
өмір болса керек:
Жағаласқан мына жау
Кетірер сөйтіп сыйқыңды.
Қолыңды қойса айдарға
Жарар сонда жылқыңды.
Бұхарға жетер күн туса 
Тыншытар ма едің ұйқыңды
2
.
Шортанбайдың ендігі бір туындылары кейінгілерге өсиет-
насихат түрінде келеді. Бұл орайда ол, ең алдымен шындықты 
бетке  айтатын  адам  бойындағы  сирек  кездесетін  қасиетті 
айрықша бағалап, бұған қарсы сумаңдаған суық сөз– өтірік-
өсектің  зиянынан  сақтандырады.  Мұсылман  дінінде  сырттан 
айтылған  ғайбаттың  кешірілмейтін  күнә  екені  дәлелденген, 
оны құдай түгіл аруақтар да кешірмейді делінеді. Ақын осыны 
өзгелерге өнеге ретінде ұсынып:
Сырттан ғайбат қылғанша
Айт көзіне,өзіне.
1
 Сонда, 57-58-беттер.
2
 Сонда, 6-бет.


299
Құдайдан қорққан мұсылман 
Қарауыл қояр сөзіне.
Құдайдың барын білмеген,
Айтқан жөнге жүрмеген,
Менменсіген зор кеуде
Қиық жүріп кете алмас,
Алдындағы жолығар
Құдайдың құрған тезіне
1
.–дейді.
Бұдан  ары  ақын  жиған-терген  ілім-білімі  бар  ғалым 
кісілерден  ақыл-кеңес  сұраудың  қажеттілігін,  басқа  біткен 
малдың  ішіп-жеп  қызығын  көрудің  керектігін,  ынсап-ұят  пен 
иман тілеу арқылы құдайға құлшылық етудің жайын алға тар-
тады:
Ей, мүһмін, құлшылық етсең не етеді,
Ажал болдырмай қуып жетеді.
Мінезге бағым табылмас,
Ғадетіне кетеді.
Тақуа да болған ғалымдар
Бұл жалғанда не етеді,
Баяны жоқ шіркінді
Бір күн тастап кетеді...
Иман – жанның жарығы,
Кешуі тар болған жолда
Хабардар бол, а, пірім!
2
.
Ақын  жоғары  бағалып,  асқақ  жырлаған  түйінді  мәсе-
лелердің бірі: арамнан безіп, адалдан мал жимақ, үйдегі ата-
наңды  сыйлап  құрмет  тұту,  адамгершілік  жолдан  ауытқымау 
секілді  өмірлік  жәйттар.  Ал  ұрлық  пенен  арамнан  жиған 
малдың  қайырсыздығы  мен  зиянын  да  көрсете  келіп,  он-
дай  адамдарды  «арамнан  жерімейтін»  итке  балай ды.  Осы 
орайда  ол  пара  алатын  би-болыстарды  аяу сыз  сынай  оты-
рып, ел ішіне бүлік алып келген сайлауда болыс,старшын бо-
ламын деп мал шашқан ысрапты қою керектігін басты мәселе 
етіп көтереді. Бұл дертке айналған істі қоздырушылардан сақ 
болуға шақырады:
2
 Сонда, 30-31-беттер.
2
 Сонда, 32-33-беттер.


300
Әлің келсе Меке бар,
Артық дәулет біткендер.
Старшын, болыс болам деп,
Ысырап қып малды төкпеңдер.
Таяндың енді өлімге,
Алты табан көріңе.
Сатып алған күнәнің
Кешуі болмас күнінде
1
.
Осы  секілді  бұл  дүние  мен  ол  дүниенің  мән-жайын  ба-
яндап,  адамгершілікке  шақыратын  жырлар  ақынның 
негізгі  тақырыбы  екенін  бөліп  атаған  жөн.  Осы  сипат  өлер 
алдындағы  ел  басшылары  мен  белгілі  байларға  арнаған 
өлеңдерінен айқын аңғарылады. Ол осы жырларында атақты 
бай  Асан  Қожа  мен  Тобықты  Құанбай,  Шорманұлы  Мұса, 
Қуандық  Қоңыр,  Көпбай  мен  Нұрланға  дұғай  сәлем  айта 
келіп,  оларды  құдай  жолына  берік  болуға  үндейді,  баян-
сыз  өмірден  гөрі,  бақилық  дүниені  ұмытпауға  шақырады. 
Бұл  жырлар  өкініш  пен  үмітке  құрылған  дей  аламыз.  Ой 
жиынтығы,  өзінің  басынан  кешкен  ғапылдығы  мен  өкінішін 
жұртқа  ескерте  отырып,  Алладан  медет  тілеу,  алдын  жарық 
етуді сұрау. Ақын осы талапта кейінгі буынға сенім артып:
Өзіңнен өрнек жайылды,
Жақынға, туған, қалысқа.
Өзімнен қалсын балаға,
Кетпес сөзім далаға.
Жоғалтпаса өзімді,
Жоқ қылмаса сөзімді,
Мен ризамын Аллаға
2
,–
дейді.  Халқын  беріле  сүйген  ірі  ақынның  бұл  соңғы  тілек, 
өсиеті дер едік.
Шортанбайдың бөліп атауға тұрарлық тағы бір туындысы: 
Оның  әйгілі  Орынбаймен  айтысы.  Ақынның  Шөжемен  және 
Асанмен  айтыстары  ды  мәлім.  Алайда  өзінің  құрылысы  мен 
мазмұны жағынан алғанда, оның Орынбаймен айтысы еркін 
қайымдасудың жақсы бір үлгісі болып табылады. Аты белгілі 
Арғын  Орынбай  ақын  ел  басшысы  Тұрлыбекке  еріп,  Құсбек 
2
 Сонда, 42-бет.
2
 Сонда, 36-бет.


301
төренің  еліне  келсе  керек.  Құсбек  төренің  қасында  отырған 
Шортанбайға  бұл  келіс  ұнамайтыны  белгілі.  Бас  қосылып 
ерігіп отырған жұрт екі жүйрікті айтыстырып, қызығын көрмек 
болады.  Алғашқы  сөзді  Шортанбай  бастап,  Орынбайға  жол 
болсын  деген  дәстүрлі  сөзді  айтқанда,  Орынбай  өзінің  алу 
үшін  келгендігін  жасырмай,  «Құдай  берсе  мол  болсын»  деп 
қалады.  Шортанбай  «мол  болсын»деп  қарақшылар  тілейтін 
еді» деп қағытқанда, «ішің тар, хан жарлығын кім екі етеді?», 
Мейрамның малын қызғыштай қорғау жөнсіз деген сыңай та-
нытады.  Бұл  аталы  сөздерге  жауап  ретінде  өлеңге  биік  талап 
қойылатынын  ескертіп,  Шортанбай  пір  тұтқан  Қожаға  тілің 
тиер деп сақтандырады. Ал, Орынбай болса, «ишанның өлең 
айтуы  орынсыз,  қазақтың  өлеңінде  нең  бар?»деп  ұтқырлық 
танытады.
Енді  ақынның  сөз  қолдану,  көркемділік  шеберлігіне  кел-
сек,  Шортанбай,  ең  алдымен,  суырып  салма  дәстүрді  берік 
ұстанған  ақын  болғандықтан,  жыр  үлгісіне  бейім  тұрады. 
Бұлары түйдек-түйдек күйінде жыр ағынымен ағытылып оты-
рады,  алайда  мұндағы  логикалық  байланыс  пен  бірліктің 
бұзыла бермейтінін көреміз. 
Ақын  шығармаларында  сирек  те  болса  ауыспалы 
мағынада  алынған  ұтымды  тіркестер  де  ұшырасады.  Бұлар-
дың бір үлгісі:
Қасақана мал бітер,
Қайыры жоқ қабанға...
Қайны болмас қабанда...
Орыс – бүркіт, біз – түлкі, – 
тәрізді болып келеді.
Ақын  қолданған  теңеулердің  өзі  нысанаға  дөп  тиетін 
өткірлігімен  дараланады:  «Аюдайын  ақырған»,  «Жөнсіз 
оқтай қаңғырып», «Ұстараның жүзіндей, аударылған дүние», 
«Шолақ  иттей  діңкілдеп»,  «Құлан  менен  бұландай,  үйде 
тұрмас  ойнақтап»  т.б.  Ендігі  бір  насихат  сөздер  дәстүрлі 
мақал-мәтел іспеттес болып құрылады:
Ұзынға қысқа жетпейді,
Үлкенсіз нұсқа бітпейді.
Әдепті болса алғаның,
Алдыңнан кесіп өтпейді.


302
Шортанбай  көзі  қарақты,  сауатты  адам  болғандықтан 
Шығыс  әдебиеті  үлгілерін  де  жақсы  білгенге  ұқсайды.  Ол 
Құран-Кәрім  мен  діни  аңыздардағы  өнегелі  істерді  де, 
Пайғамбарлар  мен  әулие-әнбиелер  өмірін  де  рет-ретімен 
орынды пайдаланып отырады.
Шортанбай өз дәуіріндегі қоғамдық, әлеуметтік өмірдің әр 
саласын кеңінен қамтып, көркем бейнелеген ірі суреткер бол-
ды.  Ол  салт-сананы  да,  адам  психологиясын  да,  экономика-
ны  да,  дәуірдің  идеологиясын  да  қамтиды.  Осы  салалардың 
бәрінде  де  ескі  патриархалдық  қалып  бұзылып,  жаңаға  жол 
ашылды. Әрине, ол ақынға ұнамайды... Бірақ оған қарамай, 
Шортанбай  сол  өзгерістер  қалай  басталып,  өрістегенін, 
нәтижесін,  процесті  түгелдей  көркем  суретке  айналдырып 
ұсынады
1
. Осы сипаттарымен ақын жырлары өз дәуірінің ай-
насы іспетті халқымен бірге жасай берері сөзсіз.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет