Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш



Pdf көрінісі
бет34/46
Дата30.04.2022
өлшемі17,29 Mb.
#32972
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46
Тұрсынбек Кәкішев
АЛАҚАНДАЙ БЕТ ҚАҒАЗ, 
ТАБЫНАРСЫҢ МАНДАТҚА...
1
Ұлттық сана-сезімнен айырылудың біз талай кезеңдерінен 
өттік. Патша заманында ешқандай адамшылыққа жатпайтын 
жарлық пен омыраулыққа кездескен соң басына ноқта түскен 
ой-пікіріміз  тулады,  бұлқынды,  ашынды.  Өйткені,  «Россия» 
көптомдығының қазақ даласына арналған 18-кітабында «по-
корив  край,  русские  не  могли  перейти  к  культурной  работе 
потому, что первоначальное завоевание совершилось исклю-
чительно с целью обогощения и первые завоеватели были со-
вершенно неподготовлены к культурной роли. Это были гру-
бые, невежественные люди с первобытной нравственностью» 
делінген  анайылықты  Бұқар,  Дулат,  Шортанбай,  Мұраттар 
көзбен  көрді.  Көргенін  айтпай  тұра  алмады.  Осы  әуен  біздің 
әдебиетімізде  ХІХ  ғасырдың  ортасына  дейін  мейлінше  анық 
көрінді, айтылды, аяғын жиған ешкім болған жоқ. Оны «Зар 
заман» дәуірі деп те атадық.
Бодан  елді  бұлай  ашындыра  беру  көздеген  мақсатқа 
жеткізбейтінін сезген соң, Россияның шығысқа шығатын алып 
қақпасы  болған  Қазақстанға  басқаша  айла-амал  қолдану 
қажет екенін түсініп, 1822 жылы хандықты жойып, жіктелуге 
ыңғайлы тұрған елді өлке, облыс, округтерге бөліп, бұрынғы 
династиялық  жүйенің  орнына  сайламалы  дәрежелерді 
шығарды.  Төреден  айырылған  ел  «қарадан  шығып  хан 
болған» аға сұлтандарды мақтан тұтып, қолына теңдік тиген-
дей сезіне бастағанда, болыстық сайлауларды енгізіп, ағайын 
1
 Қанайұлы Ш. «Қайран халқым» Алматы: «Раритет», 2002 ж.


314
арасының араздығын қоздатты. Міне, осы тұста елдік мақсат 
аяқ асты болып, рулық аталық түсінік күшейді.
Бұқар  жыраудың  «бауыздамай  ішер  қаныңды,  өлтірмей 
алар  жаныңды,  қағазға  жазар  малыңды,  есепке  алар 
барыңды»  деген  көрегендігі  айна-қатесіз  келді.  Кешегі  Иса-
тай,  Кенесарылардың  ұлт-азаттық  көтерілісі  жаңғырығының 
өзі сөніп, енді заманға ыңғайлану кезеңі туды. 
Міне, осы тұста отаршылдықтан құтылудың ең бір оңтайлы 
жолы  –  оқу-білімге  жетілу  деген  ұлы  идея  жайыла  бастады. 
Қару  ұстап,  қан  төгіп  ештеңе  бітіре  алмаймыз,  «білекті  бірді 
жығады,  ақылды  мыңды  жығады»  дегенге  көштік.  Қазақтың 
бодандыққа шындап көндіккені – ХІХ ғасырдың екінші жар-
тысы.  Ақыл-парасат  күшіне  шақырған  кемеңгерлеріміз  Шо-
қан, Ыбырай, Абайлар күрестің осы жолын таңдап алды.
Қазақ  жері  80-жылдары  екіге  жыртылып,  көбі  Ресей-
де,  шағыны  Қытайдың  қолында  кетті.  Көрген  қорлық 
бұрынғыдан  да  күшейе  түсті.  Міне  осы  тұстан  бері  қарай, 
әсіресе  ғасырлар  айырығында  қазақтың  революцияшыл  де-
мократтары  Әлихан  Бөкейханов,  Міржақып  Дулатов,  Ах-
мет  Байтұрсынов  бастаған  зиялылары  «Оян,  қазақ»  ұранын 
көтерді.  Ұлттық  сана-сезімді  ояту  үдерісі  1920  жылға  дейін, 
яғни  Алаш-Орда  ресми  таратылғанға  шейін  созылды.  Онан 
кейін  пышақ  кескендей  тиылып  қалған  жоқ.  1929-30  жыл-
дары  қазақ  оқығандарының  ең  үлгілі,  озық  өкілдерін  ұстап, 
түрмеге жауып, атқанын атып, ит жеккенге айдағаннан кейін 
ұлттық  таным-түсінік  социалистік  құрылыс  диірменінде 
ұнтақталып, жым-жылас болуға айналды.
Шортанбай  жайында  ой  айтпақ  болғанда  осындай  та-
рихи  экскурске  амалсыз  барады  екенсің.  Өйткені,  Ұлы  Отан 
соғысына  дейін  әдеебиетіміздің  тарихында  өз  рет-жөнімен 
аталып,  зерттеліп  келе  жатқан  Дулат,  Шортанбай,  Мұраттар 
«Совет өкіметінің қас жауына» қалай айналып кеткенін бүгінгі 
жас ұрпаққа түсіндірудің өзі оңай емес.
Біздің  айрықша  жан  салып  күрескеніміз  екі-ақ  мәселе 
ме  деп  қаламын.  Біріншісі  –  дін.  Ол  мұсылман  діні  ме, 
әлде  христиандық  па,  буддизм  бе,  әйтеуір  дін  атаулыны 
әшкерелеуге тиіс болдық. Онсыз «жеңіске» жету мүмкін емес 
еді.  Сондықтан  шіркеу,  мешіт,  синагог  ғимараттарын  қирату, 
атқораға  айналдыру  керек  деген  нұсқау  жүзеге  асырыл-


315
ды.  Ұялмай-қызармай  қираттық,  орындадық.  Бұл  халықтың, 
адамның  ниетін,  пиғылын  бұзу,  ар-ожданды  аяқасты  етудің 
таптырмайтын амалы болды.
Ал  екінші  мәселе  –  ұлы  халық,  аға  ұлт  қатарында-
ғылардың  біріншісі  деген  желеумен  ұлы  орыс  шовинизмін 
насихаттау,  таным-түсінікке  айналдыру.  Мәскеудегілер  анда-
санда  ұлтшылдықпен  күресу  қажет  екенін  сездірсе  бол-
ды,  жергілікті  жандайшаптар,  нигилистер  желді  дауылға  ай-
налдырып,  басымызға  әңгір  таяқ  ойнатты.  Соның  бәрі  ашық 
социалистік бояумен жүзеге асырылды. Мұның сыры не екен 
деуге  шамамызды  келтірмеді.  Арам  да  ожар  пиғылдың  өзін 
емес,  шетін  сезіп  күмәндана  бастағандарды  ағаш  атқа  теріс 
мінгізіп, тескен таудан әрі өткізіп жіберді. 
Міне,  біздің  Дулат  пен  Шортанбайды  «құртқан»  мәселе 
осы. Советке қарсы болды деуге алашорданың ата-бабалары 
тумай тұрып-ақ айтып кетіпті көзі көрген шындықты. Өткенге 
таптық  көзқараспен  қарау  керек  деген  желеумен  әйтеуір 
оң  жамбасымызға  келмегендерге  лағынат  қамытын  кигізе 
бердік.
Шортанбай  –  осы  екі  үлкен  айыптың  екеуіне  дәл  келетін 
ұлы жарын, зар заманның зор да адуынды ақыны, гөй-гөйді 
мейлінше  шегіне  жеткізе,  шындық  деңгейінде  айтып,  зарлап 
кеткен қоғам қайраткері, ірі идеолог. Онда діндарлық та бар, 
отаршылдыққа қарсылық та бар. Бұл екеуін енді ашық айтып, 
инабатпен баяндау шарт.
Шортанбайдың аруағынан кешірім сұрау үшін кешегіге ай-
налып  соқпасқа  тағы  да  шараң  жоқ.  Біздің  не  айтып,  не  жа-
зуымыз  –үшін  жарықтық  партиямыз  алдын  ала  бәрін  де 
өлшеп-пішіп  қойды  ғой.  1957  жылы  сол  тұстағы  идеологы-
мыз марқұм Н.Жанділдин хатшылыққа қолы жеткеннен кейін 
«Қазақ  халқының  әдеби-поэзиялық  және  музыка  мұрасын 
зерттеуді  сын  тұрғысынан  қарап  пайдалану  жайы  және  оны 
жақсарту  шаралары  туралы»  қаулы  алдырды.  Аты  қалай 
қолапайсыз  да  тұманды  болса,  заты  да  одан  асып  түсті.  Ста-
лин культі әшкереленіп, Хрущев жылымығы жылылық таныт-
пай  жатқан  шағында,  1959  жылы  Қазақ  КСР  Ғылым  акаде-
миясы  қазақ  әдебиетінің  негізгі  проблемаларына  арналған 
республикалық  ғылыми-теориялық  конференция  өткізді.  Та-
рих  мәселелерін  шешуді  ғалымдарға  тапсырғандары,  дау-


316
лы  тақырыптарды  ашық  та  анық  айтуға  шақырғаны  сырт-
тай  қарағанға  ұнамды  болып  көрінгені  болмаса,  түпкі  идея 
Орталық  Комитеттің  қолында  болды.  Ғалымдардың  не  ай-
тып,  қандай  қорытындыға  келері  белгісіз  болса  да,  күні 
бұрын  алынар  шешімнің  жобасы  дайындалды.  Ол  «Қазақ 
әдебиетінің  негізгі  проблемаларына  арналған  ғылыми-
теориялық  конференцияның  ұсыныстары»  деген  моп-
момақан  түрде  дүниеге  келді.  Екінші  бөлім  «Қазақтың  ХVІІІ, 
ХІХ, ХХ ғасырлардағы әдебиетінің тарихын зерттеу жайында» 
деп  аталып,  он  бір  тұжырымнан  тұрды.  Соның  үшінші  бабы 
түгелдей  Шортанбайға  арналды.  Соны  түгел  келтіріп,  Дулат 
пен Мұратты да қамти кетейік. 
«Шортанбай  Қанаевтың  творчествосы  жайында  конфе-
ренция сол дәуірдің негізгі идеялары мен әлеуметтік өмірдегі 
ерекшеліктерін  еске  ала  отырып,  ақын  бір  жағынан  пат-
ша  өкіметінің  Қазақстанды  отарлау  саясатының  нәтижесінде 
туған  әлеуметтік  жағдайларды  сынай  отырады  да,  екінші 
жағы нан  хандық  дәуірді  мадақтайды,  шығармаларында  ис-
лам  дінінің  идеяларын  уағыздайды»  деп  қорытады.  «Бұл 
сияқты  ақындардың  творчествосына  жоғарғы  мектеп  про-
граммаларында орын беріліп, негізінде ағартушылық, халық-
тық  бағыттағы  әдебиеттің  осындай  кертартпа  ақындармен 
күрес  үстінде  дамығанын  көрсету  үшін  аталуы  керек»  деп 
түйді.
Ал,  Дулат  пен  Мұраттың  ақындық  шеберлігінің  «өзіндік 
ерекшелік  сипаттары»  бар  екендігіне  ептеп  жеңілдік  жа-
сап,  «Дулат  пен  Мұрат  творчествосы  жоғарғы  мектепте  сол 
кездегі  тарихи  әдеби  процестің  сипатын,  әдебиеттің  қандай 
қайшылық  жағдайда  дамығанын  көрсету  мақсатымен  ата-
луы тиіс. Жалпы білім беретін мектептердің ерекшелігін есеп-
ке  ала  отырып,  бұл  ақындардың  творчествосын  орта  мек-
тепте оқыту қажетсіз деп саналсын» («Әдеби мұра және оны 
зерттеу». Стенограмма. 1961. 372-бет) дегенді жалпақ қазақ 
тіліне  түсірсек,  Дулат,  Шортанбай,  Мұрат  өнерпаздықтары 
ағартушы-демократтық  бағытқа  қарсы  болғандығын  көрсету 
үшін ғана аталуға тиіс болды да, мектептерде оқытылмасын, 
яғни қазақтың жас ұрпағы өзінің тарихын білмесін, ауыздан-
бай-ақ  қойсын  деп  тапты,  яғни  қайнар  бұлақты  суал-
тып,  түсінігін  лайлады.  Осы  тұжырым  1988  жылға  дейін 
бұлжымай келді. Мектеп оқулықтарына кіре қоймады. 


317
Әрине,  ешкімді  кінәлауға  болмайтын-ақ  шығар,  бірақ 
осы конференцияда айтылған оң ойлардың ескерілмеуі, оны 
қақпайлап күні бұрынғы шешімге қарай икемдей бергендері, 
әсіресе  өзінің  даңқы  дүние  жүзіне  мәлім  болып,  аузына  ел-
жұрт қарап отырған шақта Мұхтар Әуезовтің Шортанбай мен 
Дулат  жайындағы  баяндамаларында  сыннан  арашалап,  ар-
шып алмау жағы баса сөйленді.
Осы  сияқты  Ханғали  Сүйіншәлиевтің  Дулат  турасындағы 
тексеруі  де  сыңаржақ  болып  шықты.  Дулаттың  идеялық, 
тарихтық  кертартпалығы,  міні  деп  айтылып  жүрген  жайлар-
дың  бәрін  баяндамашы  бүркемелеп,  көмескілей  сөйледі. 
«Баптап,  ептеп  «өткізу»  бұл  конференцияның  мақсаты  емес» 
деген  (353-354  беттер)  сөздер,  әрине,  Орталық  Комитет 
пен  ғылым-білімге  желімше  жабысып  жүргендерге  таптыр-
мас  «қару»  боларын,  әсіресе  Мұхаңның  аңғармауы  қайран 
қалдырады.
Міне,  осылай  Дулат,  Шортанбай,  Мұраттар  әдебиет  та-
рихынан  аластатылды,  атала  қалса  тек  қайшылығы  мен 
қарсылығы  тұрғысынан  көрсетіліп,  оқушыны  шошындыр-
ды.  Соның  нәтижесінде  дүмше  бас  редакторлар  мен  баспа 
басшылары  Шортанбай  жырларын  «Бес  ғасыр  жырлайды» 
жинағынан жұлдырып, өзіне «саяси капитал» жиғандарын да 
білеміз.
Сөздің  қысқасы,  қазақтың  азаматтық  тарихы,  оның  ру-
хани  дүниесі  қолдан  тоналып,  құлдырай  түскен  сайын  бізді 
«адам»  қылғандар  мәртебесі  өсе  берді,  саяси-ғылыми 
жағынан өз елін тұқыртқандар шен-шекпеннен құр қалмады. 
Ал  қазақ  халқы  тарих  бетінде  артта  қалған,  ештеңе  ой-
лап,  айтып  көрмеген  мылқау,  не  істеп  жүргенін  өзі  білмейтін 
мәңгүрт  болып  шыға  келді.  Жоқ,  мың  мәртебе  жоқ,  тари-
хымыз  мүлде  ондай  емес-ті.  Халқымыз  біреудің  шөмшегін 
теріп  күн  көрмегендігі  соңғы  жылдары  кең  анықтала  бас-
тады.  Бұл  біздің  тарихи  қозғалысымыздың  басы  ғана, 
әлі  тереңдену  мен  тарамдану  шаралары  тұр.  Батырлары-
мыз  бен  билерімізді,  хандарымыз  бен  қараларымызды 
әлі  де  анықтай  түссек,  өз  дәуірінің  үні  бола  білген,  ұранын 
жырлаған,  аруағын  шақырған  өнерпаздарымыз,  әсіресе 
ақын-жазушыларымыз  атаусыз  қалмайды.  Басқаны  бы-
лай  қойғанды,  Бұқар  жыраудың,  Дулаттың,  Шортанбайдың, 


318
Мұраттың,  Сұлтанмахмұттың,  Мағжанның....  мүшел  той-
лары  атала  бастауының  өзіне  ойлана  бір  қараңыздаршы. 
Қазір  қолымыз  жеткенге  құрмет  көрсетіп  жатсақ,  ертең 
ой  жететіндерге  назар  аударып,  ғылыми  жүйемен  салта-
нат  жасайтынымыз  айдан  анық.  Сондықтан  тарихқа  жаңа 
көзқарасты  жеңілдетпей,  «ұлтшылдандырмай»,  тереңнен 
қазып,  шындық  деңгейінде  әңгімелеуге  тырысайық, 
ұмтылайық,  әйтпесе  тағы  біреулердің  ескі  шапаны  етегіне 
оралып, өзімізден өзіміз безініп жүруіміз мүмкін. 
Шортанбай  жайлы  сөз  осындай  ірі  де  ауыр  ойларға  бас-
тайтын  болса,  онда  бұл  дарынның  шығармашылығы  жеңіл-
желпі,  оңайлықпен  алдыра  қоймайтын  сом  да  іргелі  дүние 
екендігі өзінен-өзі айқындала беруге тиіс.
Бұқар  жырау  қазақ  аспанына  қара  бұлт  жиналарын  сез-
се,  Дулат,  Махамбет,  Шортанбайлар  «алды  кәпір  аңқылдап, 
елді  еркіне  қоймады»  деген  зілді  ойлармен  заманның 
бүлінгендігін  көрсетті.  Қай  дарын  болмасын,  өзі  өмір  сүрген 
дәуірді  түсінуге,  бейнелеуге  ұмтылады.  ХІХ  ғасырдың  орта-
сында  «азулыға  бар  заман,  азусызға  тар  заман»  келгендігін 
қысылмай  суреттеген  Шортанбай  болды.  Оның  «Зар  заман» 
мен «Бала зары», «Алдаушы жалған», «Келер заман сипаты» 
кезең  шындығын  айнытпай,  сөз  өрнегін  түсірді.  «Жалмауыз 
болды үлкенің қазақ сенің сорыңа» дей келіп:
Аяқты қия басу жоқ,
Орыстың салған жолы бар.
Емін-еркін заман жоқ,
Ендігі жүрген жігіттің
Маңдайында соры бар, – 
немесе, 
Кәпірді көрдің піріңдей,
Тілмәшті көрдің жеңгеңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда
Қазылған қара көріңдей, – 
деген  Шортанбайдың  адуынды  жырларынан  қалай  қатты 
үріктік.  Өмірде  мұндай  іс  болмағандай  отаршылдарға 
жарбаңдадық. Шындықтың бетіне ит сарыған соң, ұят-аятты 
ұмытып, тарихты бұрмаладық. 


319
Тарихқа  жаңа  көзқарас  айқындалып,  ұлттық  идеоло-
гия  деп  жатқанымыз  қазақтың  жоғын  жоқтар  болса,  онда 
Шортанбайдың  отаршылдарға  қарсылығы  кешегі  Бұқар 
мен  Дулаттың,  Махамбеттің  ащылау  айтылған  бір  түрі  деп 
түсіндірген  абзал.  Өмірде  болмаса,  ойға  оралатын,  сөз 
кестесіне өрілетін шындық болмайды.
Нысапсыз екен бұл кәпір,
Жеріңді алды, малды алды.
Пәлесі жоқ салмаған,
Қайысады қабырғаң,
Көтере алмай салмағын, – 
деген  шындықты  айтқаны  үшін  Дулат,  Шортанбай,  Мұрат-
тарды  бопсалай  соғып,  кертартпалығы  мен  хандық  тұрмысты 
ұнатқандықтары деп таңбалап, даттай бергеніміз тарих алдында 
ұят-ақ  болған.  Шындықты  айта  алмағаннан  қатты  ұтылғанбыз. 
Қазақ  әдебиетінде  ауызша  және  жазбаша  әдебиеттер  ара-
лығына алтын көпір салып келе жатқан реалистік дәстүрдің мән-
мағынасын ұға алмай, таптық тантыққа ауып кеткенбіз.
Мен Шортанбайдың діндарлығын, ақырзаманды жырлаға-
нын  әбес  дей  алмаймын.  Өйткені  Абайдың  «Алланың  өзі  де 
рас, сөзі де рас» дегенін бойына сіңіргендер үшін Шортанбай 
діншілдігі уағыз деңгейінде ғана болып көрінеді. 
Шортанбайдың  отаршылдыққа  қарсы  боп,  «дінді»  өлер-
дей  насихаттауы  меніңше,  қазақ  жұртының  адамгершілік 
арнасына  сыймайтын  іс-әрекеттері  мен  қылықтарына, 
имандылықтан  кеткендерге  қарсы  қолданылатын  ең  өткір 
идеологиялық  қару  болғандығын  енді  ұғынуымыз  керек. 
Ыңғайына  келмесе  құдайдың  өзін  сыбап  жіберетін  қазақты 
қалай  оң  жолға  түсіремін  деп  толғанғанда  құран-хадиске 
көнбегендерді  отаршылдықпен  қорқытты.  Осы  бетімен  жүре 
берсе  құрдымға  барып  тынарын  сезген  Шортанбайдың 
ақырзаманмен  қорқытпасқа  басқа  амалы  қалған  жоқ.  Дәуір 
тынысын, беталысын жіті бақылай білген. Қазақ әдебиетіндегі 
«Зар  заман»  дәуірін  идеялық-эстетикалық  деңгейге  көтерген 
Шортанбайдың ірі де беделді тұлға болатыны осыдан.
Өйткені Шортанбайдың ащы зарына, улы қаламына іліккен-
дер  тек  отаршылдар  емес,  адамшылықтан  айырылған  «дуан 
басы  мен  болыстар»,  жебір  тілмәштар,  әке-шеше  тәрбиесін 


320
тәрк еткен ұл мен қыз, байына закон соғып тұрған қар қатын, 
елді  теспей  сорған  қожа,  молда,  бір-біріне  қастық  ойлаған 
ағайын-туыс,  не  керек,  әлеуметтік  өмірдің  алуан  түрлі  типтері 
мен  пенделері  дараланып  та,  топтанып  та  көз  алдыңнан 
өтіп  жатады.  Солардың  адамшылдығы  артсын  деп  дінмен 
қорқытады. Оған өзі сенеді, басқаларды да сендіргісі келеді. 
Уақыт  жыршысы  бола  білген  Шортанбай  замана  келбетін 
сөз  өрнегіне  түсіріп,  тарих  бетіне  өзінің  өшпес  таңбасын 
қалдырды.  Оңды-солды  сілтеген  уақытта  Шортанбайдың  бар 
арман-тілегі  адам  өзінің  адамгершілігі  мен  имандылығынан 
айырылмаса  екен  деген  пәлсафаға  ойысты.  Оның  дидакти-
калық  ақыл-парасаты  да,  моралистік  ой-пікірі  де  адамдық 
қалыптан  адастырмау  мақсатын  көздеді.  Бүгінгі  қорқынышты 
көрініс ертең зорая түсетініне имандай сенді. Келер заманда:
Атаның тілін ұлы алмас,
Ананың тілін қызы алмас.
Айта беріп қайтейін,
Өлінің тілін тірі алмас. 
Жақыннан шыққан жақсыны
Ағайын жұрты көре алмас.
Заманақыр белгісі – 
Бірге туған бауырың
Тату да болып жүре алмас, –
деп,  жалпы  адамгершіліктің  құлдырау  үдерісін  көрсету 
арқылы әлеуметтік мәселелерді табиғи жолмен жанастырып, 
«Келер  заман  сипатын»  көз  алдымызға  елестетті.  Мүсәпір 
күйге түсер шағымызда:
Жапақтап көзің тұрарсың,
не айтамын деп ақымаққа.
Балаңды алар солдатқа,
Міне алмассың жалды атқа,
Алақандай бет қағаз,
Табынарсың мандатқа, –
дегені өтірік емес қой. Кейінгі төрелер одан да асырып жібер-
ген жоқ па?!
Сол заманның ішінде
Сиыр деген пұл болар,


321
Ұрғашыдан би болар,
Әркімменен ыржақтап,
Қатын деген тұл болар,
Өзіне-өзі ерік алып,
Жанның бәрі құл болар, – 
дегенді де бастан өткердік. Енді Шортанбайдың келер кезең-
дер  қайшылығын  көзімен  көріп  тұрып  айтқан  мынау  сөзін 
қалайша құлаққа іліп алмаймыз.
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ
Ақша деген мал шығар,
Жеткізе алмай онысын
Қалтыраумен жан шығар, – 
дегені жеке пенденің ғана емес, талай әлеуметтік топтың ба-
сына түскені өтірік пе?!
Шортанбай  жырларын  ойлана  оқып,  көңілге  тоқығандар 
талай  шұрайлы  да  қомақты  ойларға,  түйінді  тұжырымдарға 
кезігіп,  шынайы  адамгершілік  жолын  іздеген  үлкен  дарын 
екендігін көреді. 
Дулат,  Махамбет  бастап,  Шортанбай  мен  Мұрат  қостаған 
әдеби  бағыт  кешегі  Бұқар  жырау  дәстүрін  жалғастыра  от-
ырып,  шын  өмір  айнасына  айналуды  мақсат  тұтты.  Арна-
лы ағымға айналды. Ауыз әдебиеті дәстүрін дамыта отырып, 
бұл профессионалды әдебиет жасау жолындағы ізденіс бол-
ды. Сондықтан да қазақ ақын-жырауларының ХІХ ғасырдың 
орта  тұсында  қолы  жеткен  көркемдік  билігі  –  Абай  негізін 
қалар  жаңа  жазба  әдебиеттің  алдына  салынған  алтын  көпір 
еді.  Абайдың  Шортанбай,  Дулат  пен  Бұқар  жырау  жайын-
да айтқаны ендігі көркемдік дамуымызға басқаша жол, соны 
өнеге  керек  деп  білетін  зор  эстетикалық  таным-талаптың 
дүмпуі болатын. 
Сонымен,  Шортанбай  Дулат  пен  Махамбеттен  баста-
латын  үлкен  көркемдік  үдерісті  дәйектеп  шығып,  қазақ 
әдебиетінде  реалистік  ағымның  орнығуына  өлшеусіз  үлес 
қосты.  Ол  шырқыраған  шындықты  тұздықтап  жеткізген  зор 
тұлға.  Елді,  жұртты  адамгершіліктің  асқар  биігіне  шақырған 
дәуір ұраншысы. Қазақ әдебиеті тарихында зар заман кезеңін 
аяқтандырып,  көркем  сөздің  қадірін  аспандатқан  от  ауызды, 
орақ тілді ұлы ақын.


322


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет