Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш



Pdf көрінісі
бет37/46
Дата30.04.2022
өлшемі17,29 Mb.
#32972
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
Байланысты:
Шортанбай Қанайұлы шығармалары

Кәмел Жүністегі
ҒҰМЫРНАМА
1
Өткен  ғасырда-ақ  өзінің  терең  философиялық  көзқара-
сымен  де,  еркіндікті  аңсаған  асау  жырымен  де  түркі  әлеміне 
қатты  әсер  еткен  Шортанбай  мұрасы  ХХ  ғасырда  сан  дауға 
түсіп,  бар  ғұмырын  жіктеп  айтатын  кешегі  ауылдағы  дуалы 
ауыз қариялардан өмір жолы толық жазылып та алынбады.
Ақынның  нағашы  жұрты  Есмағамбет  қариядан  бір  кезде 
Ғабиден Мұстафин ғана жазып алғанын Ескең қария да, оның 
баласы  Әбдісадық  та  үнемі  айтып  келді.  Бұл  түбегейлі  ойды 
жеткізуші  арамыздағы  тірі  қарт  ұстаз  Жұматай  Құтжантегі 
екенін де айта кетелік.
Шортанбай  туралы  алғашқы  мәліметті  17-18  жасында 
оның  атқосшысы  болған  Әбеу  ақсақал,  Көпжан  Бәйменұлы 
берсе,  кейінде  Ескей  жыршыдан,  толғауларын  айтқаны  үшін 
жиырма жылға жуық ғұмырын саяси лагерьде өткізген Анар-
бектен, тоқсанға келіп көз жұмған Қази ақыннан алған едік.
Күні бүгінге дейін қожаның бәрі Қаратаудан деген сарын-
мен  оның  туған  жері  туралы  да  жаңсақ  пікір  қалыптасқан. 
Шортанбайдың  анасы  кім  екенін,  нағашысының  атын  біле 
бермейтін,  әкесі  Қанай  туралы  еш  дерегі  жоқ  адамдардың 
жаңсақ пікірі жұртты шатастырады.
ХVІІ  ғасырда  Шұбыртпалы  руы  Арқаға  қоныстана  ал-
май,  Сыр  бойын  мекен  етіп  жүргенде  Шортанбайдың  баба-
лары  сол  румен  қыз  алысып,  араласып  бірге  көшіп  жүрген. 
Ақынның  әкесі  Қанай  Арқадағы  Айыртауды  (Ақадыр  маңы) 
мекен етіп, Сарым ішіндегі Нақып қожаның қызы Шүкіманға 
үйленеді.  Нақып  –  осы  деректерді  айтушы  Есмағамбет 
қарияның үлкен әкесі. Нақып қожаның үлкен қызы Гүлімжан 
Кәрсөн  Бидайтегі  Базарға  тұрмысқа  шыққан.  Гүлімжан 
ақылды да өткір адам болған. Онан күйеуі Базар да ығып от-
ырады екен.
Базар:
Хан алдына барғанда
Хан таппаған мінімді.
Би алдына барғанда 
1
 Қанайұлы Ш. «Қайран халқым» Алматы: «Раритет», 2002 ж.


326
Би таппаған мінімді.
Гүлімжанның алдында
Көрмей-ақ қой күнімді, – 
деген.  Гүлімжанның  мазары  Босаға  стансасы  жақын.  Бәйбі-
шенің  өзі  ұстаған  кебеже,  сандықтарының  беті  мазардың 
маңдайшасына  қондырылған.  Шортанбайдың  әкесі  Қанай 
осы  маңдағы  –  бүгінде  Қанай  бұлағы  атанған  жерге  бұлақ 
суын бұрып, егін салған. Егін арығының ізі әлі сайрап жатыр. 
Осы мәліметті алғаш айтқан Шортанбай үшін 18 жыл түрмеде 
отырған  Анарбек  жыршы  –  Базардың  немересі.  Базар  – 
Шортанбайдың әкесі Қанаймен туған бажа.
Қанайдан  Шүкіман  төрт-бес  жыл  ішінде  екі  қыз  туады. 
Сол  шақта  Қанайдың  әкесі  дүниеден  қайтып,  бір  себептер-
мен  інісі  Қаратау  жаққа  көшіп  кетеді  де,  жалғыз  үй  қалған 
Қанай  қайын  жұрты  Нақыптың  ауылына  қоныс  аударып, 
қалған  ғұмырын  Нұра  бойында  өткізеді.  Келер  жылы,  яғни 
1818  жылы  көктемде  осы  нағашысының  ауылында  (қазіргі 
Жалпақсаз қыстағы) болашақ жазба әдебиеттің көшбасшысы 
– Шортанбай ақын дүниеге келген. Бала жасынан ел ішіндегі 
ақын,  шежіреші  шешендерді  естіп  өскен  Шортанбайдың 
өнерге деген құмарлығы ерте оянған. Ол Бесатаның болашақ 
иелері – Жанқұтты, Дүйсенбай билермен жастайынан арала-
сып  өссе,  Абылай,  Кенесары,  ағасы  Саржанның  ерлігі  тура-
лы ертегідей әңгімелерінен көкірегі ашылып, Ресейге қараған 
елінің мұңын ерте таныған.
Болашақ  ақын  бала  кезінен  бірер  шумақ  өлең  тас-
тап  жіберуге  шебер  болған.  Есмағамбет  қарияның  айту-
ына  қарағанда,  Шортанбай  бозбала  шағында  Жанғұтты 
ауылының  жоғалған  түйесін  іздесіп,  Аюлының  Ақсай  де-
ген  жерінің  бас  жағында  атын  оттатып  отырса  керек.  Қолды 
болған  түйені  сол  ауылдың  ұрылары  байқамай  үстіне  айдап 
келеді. сол жерде Шортанбай алғаш рет «Бала зарын» айтқан 
екен.  Бозбала  ақынның  «Бала  зары»  кейінде  сан  өзгеріске 
ұшырағаны даусыз. 
Сауатын  ауыл  мектебі  молласы  Ыбырайымнан  ашқан 
Шортекең  кейін  Шаяндағы  медіресені  тәмамдап,  онан 
Бұхар  оқуын  бітіріп,  17  жасында,  шамасы  1835  жылы 
елге  біржола  оралады.  Шешендігімен  де,  білімділігімен  де 
көзге  түскен  Шортанбайды  Жамантай,  Құсбек  төрелер,  әрі 


327
әкесімен  немере,  Құнанбайды  аға  сұлтан  сайлатқан  атақты 
Күдері  қожа  шақыртып,  Қарқаралыға  барады.  1852  жылы 
Қарқаралыда  Құнанбай  Өскенбайұлы  аға  сұлтандыққа  сай-
ланарда  сол  әйгілі  жиынға  Күдері  қожа  да  құрметті  бидің 
бірі  ретінде  қатысады.  Жиын  ұзаққа  созылып,  билердің  сөзі 
әрқилы  шығып,  Құнанбайды  сайлау-сайламасы  екіұдай  дау 
туғызыпты. Сонда Күдері қожа Орта жүздің барлық билеріне 
арнап былай деп басалқы айтады:
Атаңнан артық тусаң ту ұстарсың,
Ез болсаң тезегіңді уыстарсың.
Біріңді бірің түртіп не қыласың,
Түсің бір исі қазақ туысқансың.
Құнанбай Орта жүздің тұзы емес пе,
Көнеден арнасы бір із емес пе,
Қарадан хан болса да реті бар,
Салмаңдар қу кеңірдек, қыл өңешке.
Су екеш су ағар да жүйесімен,
Жарасар көштің сәні түйесімен.
Кімің бар Құнанбайдан озып туған,
Айырма елдің нағыз иесінен.
Арғымақ қанша шапса айрылмаған,
Қиыннан жол табады дарын адам.
Сыртынан алтын сары, мыс та сары,
Жақсыны жарымжандық танымаған, – 
деп өлеңдетіп келіп, әрі қарай тақпақтай жөнеліпті. 
«Тұз болмаса ет бұзылады,
Дін болмаса ниет бұзылады.
Ел – ерімен көркем,
Жер – көгімен көркем.
Ақылы асқанды хан тұт,
Білімі асқанды пір тұт.
Жақсыңды қадірле, 
Жаманыңды тәрбиеле.
Арбаға тоқпақ көргенді жекпе,
Соқпақ көргенді жек», – 
деп,  «әңгімені  төлдете  бермей,  төрелі  сөздің  түйініне  келің-
дер» деген екен.


328
Сонда  Орта  жүздің  билері  су  сепкендей  сап  тынып: 
«Қожеке, «әруағынан айналайын, кешіріңіз» деп бәрі орын-
дарынан  тұрып,  Күдері  қожаның  қолын  алыпты.  Сөйтіп, 
Күдері қожаның алдына келіп, жүгініп оты рып: «Алла тағала 
пайғамбарлықты  сіздерге  берген.  Сіз  оның  ұрпағысыз. 
Батаңызды  беріп,  маңдайымнан  бір  сипаңызшы»  деп  Шор-
танбай  да  қолын  жайған  екен.  Міне,  осы  жерде  ол  біраз 
жылдай  тұрады.  Арқаның  сөз  өнері  мектебіндей  болған 
Қарқаралыда  кездесіп,  шыңдала  түседі.  Міне,  дәл  осы 
қалада жас Шортанбайдың тарлан ақын Орынбаймен айты-
сы өтеді. 
Осы тұс бала жасынан бірге өскен достары Дүйсенбай мен 
Жанғұттының  Кенесары  қолына  біржола  қосылып  та  кеткен 
шағы  еді.  Орыс  ұлығы  қалқитып  «Хансымақ»  сайлап  қойған 
Құсбек  пен  Жамантайдың  қолында  еш  билік  жоқ,  халқына 
көмектесер  дәрмені  аз  екеніне  көзі  жете  түскен  Шортанбай 
Кенесарыға тілеулес болып, Айыртаудың ол Орта жүздің ханы 
сайланғанында  барып  қатынасқанын  Анарбек  жыршы  бізге 
жеткізген.
Ортауда Кенесары хан көтерген,
Орта жүз соңына ерген тым ертеден.
Бесата баласынан Жанғұтты бар,
Бәйсәйіт, Дүйсенбай мен Есбай, Қара
Бір қол боп көрінетін жеке-дара, –
дейтін Шортанбай сөзі сақталған. 
Ресей  империясы  отаршыл  саясатының  негізгі  бағыты 
қазақ  халқын  шөлге  ығыстыра  отырып,  қазақ  жерін 
біржолата  иемдену  екеніне  көзі  жете  бастаған  ақын  Кенеса-
ры ханның ұлт-азаттық қозғалысына тілеулесі де жақтасы бо-
лып  шыққан.  Ұлытауда  Кенесарыны  бүкіл  ел  ақ  кигізге  са-
лып  хан  көтергенде,  бұл  жолы  Бесатаны  бастап  барған 
Керней  Бәйсейіттің  тобы  ішінде  Шортанбай  Жанғұтты, 
Дүйсенбайлармен  бірге  екенін  Қази  ақын  1980  жылы  баса 
айтқан. Ақын сол жолы:
Ұлары шулап Ұлытау,
Орыс, қазақ қылған дау.
Алаша хан, Жошы хан,
Қазақтың басы қосылған.


329
Жалаңаш шапқан ер жігіт
Қолдаса құдай келер сау, – 
деп басталатын толғау айтқан екен. Бұл жырды тоқсанға кел-
ген Қази ақсақал бізге толық жеткізе алмады.
Тәуелсіздік  үшін  Кенесары  бастаған  ұлы  шайқастың 
шын  жақтаушысы  болса  да,  Шортанбай  да,  Құнанбай  да 
оның  қолына  анық  қосылмай,  әлде  бір  себептермен,  не 
сол  қозғалыстың  қажеті  үшін  Қарқаралыда  қала  берген. 
Шортанбайдың  Кенесарыға  тілеулес  екені,  әрине,  сезілмей 
қалған жоқ. Бұл жағдай Құсбек пен екеуінің сан рет кездесіп 
қалуына,  араларының  ашыла  түсуіне  себеп  болған.  Оның 
үстіне, Кенесары қолының сарбазы, түрмеден қашып шыққан 
Керней  Тықыны  үйіне  жасырғаны  да  білініп  қалады.  Ояздық 
қалада  мән  шықпасына  көзі  жеткен  соң,  ол  1850  жылы  ша-
масында Нұра бойындағы елге біржола оралады.
Бұл  уақыт  жан-жақтан  жау  қыспағында  қалған  Кенеса-
ры  ханның  да  Арқа  жерінен  еріксіз  сырғып,  түстік  жаққа 
ауған шағы еді. Кенесарымен тілеулес Бәйсейіт те, Дүйсенбай 
да  осы  тұста  елге  қайтқан  еді.  Кенесары  ханның  соңғы 
шайқасына  дейін  бұл  Арқа  жұртынан  ханмен  бірге  Ағыбай 
батыр, Жанғұтты би, Шөмішбай батырлардың соңынан ерген 
ауылдар болатын.
Арқасын  орыс  оязына  сүйеген  Құсбекпен  араздасып  кел-
ген  Шортанбайды  нағашы  жұртымен  бірге  әуелде  Бәйсейіт 
пен  Дүйсенбай  қамқорлығына  алған.  Бәйсейіт  Құнанбай 
қатарлас та, Дүйсенбай Жанғұттыдан 3-4 жас үлкен екен. Ке-
несары  хан  дүниеден  өткен  соң  бір  жылдан  кейін  Арқаға 
ақынның  бала  кезден  бірге  өскен  досы  Жанғұтты  да  ора-
лады.  Бұл  кезде  дін  оқуын  тауыса  тамамдаған,  бірақ  бала 
кезінен өлеңге аңсары ерекше ауып, ірілі-ұсақты сан ақынмен 
қағысып қалып жүрген Шортанбай өнерге біржола бет бұрған 
еді. Бұл жөнінде Бәкірұлы Зекен қария қызықты жағдай айта-
ды. Отызға жаңа іліккен Шортекең жолаушылап келе жатып, 
Аюлымен жалғасқан көлденең қырдағы оба басында ат шал-
дырып  отырып  қалғып  кетсе,  жарқырай  киінген  адам  түстес 
екі  кісі  келіп,  жыршылық  етуіне  аян  беріп  кеткен  деседі  екен 
бұрынғы өткен үлкендер.
Кенесары  хан  жеңіліп,  халы  ауырлай  түскен  осы  шақта 


330
Шортанбайдың  замана  зары  туралы  сан  толғаулары  туғаны 
еш күмән келтірмейді.
Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті, амал жоқ, қазағым
Түсті барып торына, – 
деген шумақтар көтерілістен кейінгі торығу кезеңінде тууы дау 
тудырмаса керек.
Ақынның өзі де Бесата ішіндегі Қояншытағай – Сарымның 
бір қызына үйленсе (қазіргі үлкендер оны жіктеп айта алмай 
отыр),  баласы  Аязбайды  Жанғұттының  Қасенінің  қызына, 
Алдабергенін  Есбайдың  немересіне  үйлендіріп,  қызы 
Бәтішті  Бөрлібай  Ақпанбайға  тұрмысқа  ұзатқан.  Ал  жалғыз 
қарындасы Қалаулыны кезінде Кәрсөн – Қозыбақ Бейсен де-
генге  берген  еді.  Одан  туған  Кәрібек  күйші  белсенділердің 
қолынан қаза тапқан.
Қасен  қызына  үйленген  Аязбай  әкесінен  бұрынырақ 
70-жылдардың  орта  шенінде  қаза  болған.  Онан  зұлмат  за-
маннан өтіп бізге жеткен тұқым жоқ. 
Қызы Бәтіште ер бала тұрмаған. Одан қалған жалғыз қыз 
Ұлбаланы  Балта  Әлікейдің  інісі  Тұяқ  алған.  Онан  туған  Кен-
же  1943  жылы  Ақсу-Аюлыда  Әлкеев  Изатбектің  үйінде 
дүние  салды.  Ер  бала  тұрмаған  Бәтіш  Ақпанбайдың  ағасы 
Ертісбайдың  баласы  Құлшықты  нәрестесінен  бауырына  са-
лып  бала  еткен.  Құлшық  ұрпағы  бүгінгі  күнде  өзін  Шор-
танбай  жиені  санайды.  Шортанбайдың  Алдабергені  1927 
жылдары  шамасында  белсенділер  зорлығына  шыдай  ал-
май  түстік  жаққа  кетіп  қалған  да,  1931  жылы  нағашылары 
Есмағанбеттің үйіне келіп, бір ай жатып қош айтысқан. Қиын-
қыстау  кезеңде  елден  кетуге  мәжбүр  болған  Алдабергеннен 
тараған ұрпағы бар-жоғынан еш хабар жоқ.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы патшаның отаршылдық са-
ясаты шығандаған кезі еді. Қазақ халқын жер бетінен көшіру 
амалы  тек  жерін  тартып  алып,  шөлге  қуып  тастау  емес,  оны 
мәдениетінен,  дінінен  аластап,  басыбайлы  крепостнойы  ету 
де  еді.  Міне,  осы  саясатты  жылдамдату  үшін  қазақты  алдап-
арбау, күштеу, зорлау жолын қатар қолданып, шоқындыру са-
ясатын де тезірек жүзеге асыруға көшті.


331
Елдің  болашағын  ойлаған  адамдар  бұл  саясатқа  қарсы 
тұрды,  халықты  ата-бабасының  дінінде,  ислам  жолын-
да  сақтап  қалу  үшін  де  күрес  жүргізді.  Тобықтыда  Құнанбай 
Қарқаралыда мешіт салдырса, Бесатада Бәйсейіт, Көпбайлар 
осы іске мұрындық болды.
1855-57жылдар шамасында Жанғұтты би Аюлы тауының 
батыс  жағындағы  Қойкөл  өзеніне  таяу  тұстан  мешіт  сал-
дырды.  Бұл  кезде  ақындығымен  де,  діни-философиялық 
көзқарасымен  де  елге  әйгілі  болған  Шортанбай  досы 
Жанғұттының  өтініші  бойынша  осы  мешітте  жыл  жарымдай 
уақыт  имамдық  етіп,  бала  оқытады.  Табиғатынан  сөз  өнерін 
қуған,  жыраулық  дәстүрді  мықтап  ұстанған  Шортанбай  онан 
кейінгі  уақытта  имамдығын  жалғастыра  бермеді  деп  ешкім 
сөккен  емес.  Міне,  осы  тұста,  бір  жағы  Қуандықты,  екінші 
жағы  Тарақтыны  аралап  жүрген  Шөже  ақын  сөз  өнерін  жа-
рыстырып, сынасып көрмекке Шортанбайды іздестіріп келеді. 
Шөженің осы сапарында Тарақты Сапаққа, Қара биге, Бөдеге 
айтқандарын «Заман» газетінде 1992 жылы жарияладық.
Шөже  мен  Шортанбайдың  ақындық  өнер  жарысы 
Жанғұтты  бидің  ауылында  өтеді.  Дала  көкжалындай  адуын 
Шөже  мір  оғындай  сөзін  қадай  айтса  да,  Шортанбай  жеке 
бастың  мүддесі,  бақталастығы  емес,  ел  мұңын,  туған  халқы 
қамын көлденең тосып, Шөжені сөзбен буа береді. Асау бол-
са да ақылды Шөже бұған ден қойып, екі ақын рухани табы-
сып тарайды. Бұған Шөженің:
Шортеке, ел сыйлаған пірім едің,
Сенімен айтысуға тұрып едім.
Басқадай қу соқыр деп кемсітпедің,
Басқа ақын тап өзіңдей ірі ме еді.
Осымен мен сөзімді тоқтатайын,
Алланың сөзін айтып, ғаділет жол,
Алды-артты бірдей орап жібермедің, – 
дегені дәлел. Шортанбай – Шөже, Орынбай сияқты ай тысты 
негізгі  мақсаты  тұтқан  ақын  емес,  ол  жыраулық  дәстүрді 
ұстана  отырып,  жазба  әдебиеттің  есігін  ашқан  алғашқының 
бірі,  не  нақ  өзі.  Бірақ  реті  келген  жерде  айтыстан  қашпаған, 
әрі  өзі  тұстас  ақындармен  тең  түсіп,  өзінің  терең  пәлсафалы 
ойымен шоқтығы асып көрініп отырған.


332
Шортанбайдың  Бесата  ішінде  Елемес  ақынмен  жұмбақ 
айтысы  аса  қызғылықты.  Сол  сияқты  өзінің  замандасы,  әрі 
құрдасы  Асан  Бұғымен  арасындағы  айтысы  да  бір  ғана 
қақтығыс  емес,  құрбылардың  арасындағы  қылжың  ретінде 
талай  жылдарға  созылған  жағдай.  Шортанбайдан  кейін  та-
лай өмір сүрген Асан Бұғы «Ей, қу сөз-ай, жеңем деген дал-
баспен  Шортанбайға  тілім  тиіп  кетті-ау»  деп  сан  өкінгенін 
Қази  ақын  да,  Анарбек  жыршы  да  ескертіп  айтып  отыра-
тын.  Асан  Бұғының  осы  өңірде  40-жылдарға  дейін  болған 
немересі  Әбукарин  де  оның  сол  өкінішін  ел  құлағына 
қалдырған.
Кенесары хан қазаға ұшырағаннан кейін уақытша тыншы-
ған ұлы Даланы, кешегі асқақ Алтын орда елін көруге патша 
тұқымы құмар-ақ еді. Соның бірі – ұлы князь Владимир 1867 
жылы  Омбыға  жетіп,  қазақ  даласына  сапар  шекті.  Жоғарғы 
жақтың ерекше үкімімен оның алдында қазақ бар жақсысын 
жайып,  жайсаң  азаматтарын  көрсетуге  тиісті  болды.  Сол 
жақсы-жайсаңның бірі болып Құнанбай тобымен Шортанбай 
да барған. Сол жолы қазақтың бар жақсы-жайсаңын суретке 
де түсірген. Онан құралған альбомдар 1917 жыл төңкерісіне 
дейін сақталғаны белгілі.
Шортанбайдың  князь  Владимирге  барған  сапарын  бізге 
жеткізуші  Қази  ақын  «Шортанбай  патшазадаға  Құнан-
баймен  бірге  барыпты.  Сый-сыяпат  көріпті»  дей  келіп, 
Шортекең  Ертістің  бойына  сыңсып  мұжық  қоныстанып 
жатқанын көріп:
Ертістің бойы ен жайлау,
Көшіме түсті бір байлау.
Алғанын мұжық аз дейді,
Жер қосып тағы жаз дейді.
Келіп те қапты төресі,
Жоқ шығар бізге бересі, – 
деп  налып  та,  түңіліп  те  оралған  екен  дейді.  Осы  сапарға 
Шортанбай  Құнанбай  ауылынан  аттанған.  Ақынның  ойға 
толы жырын қатты сыйлаған Құнанбай оны өз ауылында жиі 
қонақ еткен. Міне, бұл жағдай бала Абайға қатты әсер еткені 
дау  тудырмаса  керек.  1864  жылы  Есбай  асына  қатынасқан 
Шортанбаймен еш ақын айтыспаған. Бұл оны елдің құрметтеу 


333
белгісі  еді  деседі  үлкендер.  Сол  аста  ат  жарысы  бас  бәйгесін 
аты озса да орта жүз өзі алмай, қонақтарға берген екен. Бұл 
жөнінде Шортанбайдың:
Бәйсейіт бас төреші халқы сенген,
Төбекең, Есекеңе – мен соңына ерген.
Жанғұтты бас бәйгені өзі берген,
Екіншіні жетелеп Кәдір келген.
Орта жүз «той біздікі, алмаймыз» деп,
Үлгі еткен өнегені былайғы елден, –
дегенін Ескей жыршыдан алған едік.
Шортанбай  –  1868  жылғы  Ереже  бойынша  жерінен  бір-
жола  айырылған  қазақ  халқының  ендігі  болашағы  қатерлі 
екенін де жақсы түсініп, ашына үн қатқан ақын:
Кетейін десе алды тар,
Тұрайын десе кәпір бар,
Қазақтың ұлы қамалды, – 
деп, жерінен айырыла бастаған елінің барар жер, басар тауы 
қалмағанына қамықса:
Билік кетті басыңнан,
Қорлық көрдің жасыңнан, – 
деп те елі үшін егіледі.
Шортанбай  –  жырлап  қана  қоймай,  ол  өмірді  түзеу  үшін 
өз  жолын  ұсынып,  күресе  де  білген  қайраткер.  Бір  кезде 
отаршылдық саясатқа қарсы:
Жалаңаш мін де, жауға шап,
Қатын-бала қамы үшін, – 
деп  тікелей  көтеріліске  шақырған  ақын  бірте-бірте  енді  елді 
сақтап  қалу  –  қазақы  қоғамды  сақтап  қалумен  тікелей  бай-
ланысты  екеніне  көзі  жетіп,  хан  билігі  жойылса  да,  жұртты 
бірлікке,  бірлік  арқылы  қазақ  мәдениеті  мен  қазақы  өмірді 
қорғау үшін ақсақалдықты қорғауға үндеген.
Бүкіл  қазақ  жұртының  жерден  ада  қалуынан  қауіптенген 
ақын елді отырықшы болып, жерге иелік етіп қалуға шақыра 
отырып,  өз  басы  жеке  үлгісін  көрсеткен.  1873–74  жылда-
ры  Нұра  өзенінің  Қойкөлмен  қиылысынан  бірер  шақырым 


334
төменгі  жерден  су  диірмен  салдырып,  тоған  бөгеп,  егінші-
лікке елді баулыған.
Міне,  осы  тұста  алпысты  алқымдап  қалған  Шортанбай 
Ойыл, Қостанай, Қызылжар, Кереку, Семей, Жетісу, Шу өңірін 
аралап,  ел  мұңын  жырлап,  насихатын  айтудан  бір  тынбаған. 
Оның 1881 жылғы Семей сапары да, осының бірі еді. Бара-
рында да, қайтарында да Қарқаралыға соғып, Құнанбай ау-
ылында болады. Ауылға күншілік жол қалғанда түнде далаға 
түнеген  екен,  сонда  дүниеден  қайтары  туралы  аян  беріліпті 
дейді  қариялар.  Аязбай  тоғанындағы  өз  үйіне  жете  алмаған 
ақын  әрі  досы,  әрі  құрдасы  Жанғұттының  үйінде  болашақты 
болжаған жырын айта отырып, дүниеден көшеді.
Шортанбай  Жақсы  Жәкеңе  өзін  нағашы  Ыбырайымның 
мазары  іргесіне  жерлеуін  тапсырып,  ертең  ертемен  Жәкең 
қабірінің  басына  келсе,  рухы  бұл  маңнан  кетіп  бара 
жатқанының куәсі боларын да айтыпты.
Ақын қабірі басына әзірше мазар салмауын, оны бүлдіріп 
тастар  заман  да  болатынын,  кейінгі  ұрпақтар  тұсында  ғана 
рухы көтерілетінін, сол ұрпақтар қабірін қамқорлыққа аларын 
ескертіп кеткен екен.
Шортанбай  досының  бар  айтқанын  көзі  көрген  Жақсы 
Жәкең  келер  жылы  Мекеге  қажылық  сапарға  шығып,  сонда 
– Мекеде дүниеден қайтқан. Жанғұтты әрі досы, әрі құрдасы 
Шортанбай қазасын оның отбасы, бала-шағасына былай деп 
естірткенін Анарбек жыршыдан алған едік:
Алланың бір мекені Түртағы еді,
Шортанбай әулиенің ұрпағы еді.
Мұңдасқа бала жастан бірге өскен – 
Жақсыға жол үстінде ажал келді.
Елі  мен  жерінің  мұңын  жырлап,  қолынан  келгенінше 
қамқоры болған  ақын  рухы  көтерілер  заман да,  оның  ойлы, 
ырысты  мұрасын  дәріптер  ұрпақ  та  дүниеге  енді  келгендей. 
Ұлы ақынның арманы орындала бергей.
 


335


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет