Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш



Pdf көрінісі
бет36/46
Дата30.04.2022
өлшемі17,29 Mb.
#32972
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Байланысты:
Шортанбай Қанайұлы шығармалары

ЗАР ЗАМАН САРЫНДАРЫ
ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ең көрнекті өкілдерінің 
бірі  Шортанбай  мұрасы  күні  бүгінге  дейін  жұртшылыққа 
жаңсақ  немесе  жадағай  ұғындырылып  келді.  Бұл  түсінікті 
де.  Шортанбай  сөздері  –  елдігінен,  мемлекеттік  жүйесінен 
айырылып,  отарлық  халге  түскен  арда  жұрттың  ащы  зары, 
өшпес  өкініші,  арман-мұратынан  нәр  алған  еді.  Сондықтан 
да,  Октябрь  төңкерісінен  соңғы  кезеңде  ұлттың  рухын  жа-
ныштап,  өткенін  ұмыттырып,  жаңа  ұрпақты  меңіреу,  мәңгүрт 
кейіпте  тәрбиелеуді  мақсат  тұтқан  ресми  саясат  Шортан-
байды  халыққа  жат,  кертартпа,  зиянкес  ақын  деп  жарияла-
ды,  оның  шығармаларын  жарыққа  шығаруға  тыйым  сал-
ды.  Тіпті,  ақын  есімі  жамандап  болса  да  атала  бастаған, 
оның  мұрасы  там-тұмдап  баспа  бетіне  жол  тапқан,  аз-маз 
кеңшілік  кезеңнің  өзінде,  күні  кеше  ғана,  «идеялық  тазар-
ту»  науқандарына  Шортанбай  елдің  алдымен  ілініп  отырды. 
Бұл  ретте  «Бес  ғасыр  жырлайды»  жинағының  алғашқы  ба-


324
сылымында  (1984)  теріліп,  тіпті  біраз  «түзеліп»,  «күзеліп» 
жарыққа  шыққалы  тұрған  ақын  сөздері  жоғарыдан  –  бас-
таушы,  нұсқаушы  мекемелер  тарапынан  түскен  бұлтартпас 
жарлық нәтижесінде түп-тамырымен жыртылып, сыдырылып 
алынып қалғанын айтудың өзі жеткілікті. Рас, «әділдік жеңіп», 
Шортанбай  аталмыш  кітаптың  екінші  басылымына  енгізілді; 
сондай-ақ,  бұдан  бұрын,  алпысыншы  жылдарда  акаде-
мия  жинақтарына  кірген  болатын.  Бірақ  мұның  бәрі  –  ақын 
сөздерінің шамалы бөлігі, әрі ең мәнді, нәрлі жерлері сылы-
нып қалған, аталы жырдың өзі емес, көлеңкесі ғана еді. Енді 
«Жұлдыз» оқырмандарына Шортанбай біздің заманға жеткен 
бар кейпімен көрінбек.
Шортанбай  1818  жылы  туып,  1881  жылы  қайтыс  бол-
ған.  Асыл  сүйегі  қазіргі  Жезқазған  облысының  Шет  ауда-
нының  жерінде  тыныс  тауыпты.  Шортанбай  Октябрь 
төңкерісіне  дейінгі  кезеңде  жекелеген  кітап  түрінде  де, 
әртүрлі  қолжазбалар  арқылы  да,  ауызша  да  кеңінен  тара-
лады,  ақын  мұрасын  жинастыру  ісіне  В.Радлов  сияқты  ұлы 
ғалым, Н.Коншин сияқты білімдар адвокат – орыс халқының 
парасатты,  зиялы  ұлдары  айрықша  мән  береді,  оның  қазақ 
халқының сөз өнерінде, рухани өмірінде алатын орнын анық 
бағамдайды. Ақынның әдебиет тарихынан шығарылып, туған 
елінен алыстауы – «көз ашылған», «тереңдікке жеткен» кейінгі 
кезеңде ғана.
Шортанбайдың шынайы бағасын тану үшін оны іждағат пен 
оқу  керек.  «Жұлдыз»  (1991,  №3)  оқырмандарына  ұсыны лып 
отырған топтамадағы «Зар заман» – Қазақ ССР Ғылым акаде-
миясы  кітапханасының  қолжазбалар  қорынан,  №780  бума-
дан алынды; «Алдаушы жалған» – Исмаилов Темірғали деген 
азаматтың академияға 1946 жылы тапсырған жазбасы бойын-
ша беріліп отыр. Ал «Бала зар» толғауы «Қисса-и Шортанбай, 
Шортанбайдың бала зары» деген атпен алғаш рет 1888 жылы 
Қазанда  жарияланып,  содан  соң  1890,  1897,  1901,  1906 
жылдары қайыра басылған еді. Сол басылымдар негізінде жа-
риялап  отырмыз.  «Бала  зарды»  баспаға  әзірлеуде  филология 
ғылымының  кандидаты,  ежелгі  мұраларды  жарыққа  шығару 
ісінде көп шаруа тындырып жүрген жас ғалым Сәрсенбі Дәуітов 
қатысты.  Шортанбай  туралы  түбегейлі  зерттеулер  –  болашақ 
үлесінде демекпіз.


325


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет