Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



Pdf көрінісі
бет2/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4133
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ОҚЖЕТПЕС
Сəкеннің  мұрасы  мен  қоғамдық  қызметіне  біржақты 
баға беру əділетті болмас еді. Сейфуллинді халықтың мақ -
танышына  айналдырған  оның  қаламынан  туған  еңбек-
тері  болды.  Сəкен  ең  алдымен  өзінің  өмір  сүрген  дəуірін 
жырлаған,  оны  қастерлеудің  өр  де  қиын  жолдарын  таба 
білген, өз дəуірінің жаңашыл ұлы ақыны. Табиғи дарынын 
ажарлауға  əнші-композиторлығы  едəуір  демесін  жасағаны 
тағы  рас.  Бұл  оның  өнерпаздық  тұлғасының  бірден  көзге 
ұратын үлкен белгілері.
Сəкен Сейфуллин – ірі мемлекет қайраткері. Қазақстан 
елдік,  азаттық  алады  деп  үміттенген  шақта  Халық  Ко-
миссарлары  Кеңесінің  Төрағасы  болғандығынан  емес, 
өзінің  халқын  өркениетке  қалай  жеткіземін,  басқалармен 
терезесін қалай тең етемін деп ойлағандықтан дараланбақ. 
Ол  өзінің  өлең-жырларында,  көркем  шығармаларында 
ғана  емес,  əрбір  іс-əрекетінде  осы  арманын  көрсетіп,  дə-
лелдеп отырды. Сəкен Сейфуллиннің публицистикасы осы 
мақсаттың  үдесінен  шықты.  Сондықтан  сөзі  мен  ісі  бір 
жерден  шығып  отырған  мемлекет  қайраткерінің  бейнесі 
біздің  көз  алдымызда  əрқашан  өреленіп,  қуанышымызға 
айналды.  Революционерлігі  осы  арманды  ажарлап,  мəнді 
күрескерлікке ұласқанда артық-кем сілтеген кезі де болмай 
қалмады.
Сəкен – ірі  қоғам  қайраткері.  Бұл  «лауазымды»  үлгі-
өнегесі  бар  пенденің  іс-əрекетіне  қарап  ешбір  жарлықсыз, 
мандатсыз халықтың өзі береді. Осының бəрі бір адамның 
бойынан  табылуы  тарихтағы  өте  бір  бақытты  сəт.  Міне, 
сондықтан  Сəкеннің  талай  асыл  қырларымен  дараланып, 
тарих бетінен мейлінше жарқырап көрінетіні осыдан.
Осыншама үлкен парасат, атақ-даңқты өмір өткелдерін-
де аударып-төңкеріп алмай өтуіне Сəкеннің асыл қасиеттері, 

16
əсіресе өтірік айта білмейтін адалдығы, қандай ауыр күйге 
түссе де өкінбейтін табандылығы сүйеніш болады.
Сəкеннің жалғыз ғана арманы – қорлық көрген халық-
тың  туын  ұстап,  əділдік  жолын  іздеп,  бостандық,  кеңдік, 
байтаққа  күн-түн  қатып  жету  еді.  Бұл  үшін  кінəлауға 
болмас,  бірақ  большевиктік  тоңмойындылықпен  жасаған 
қадамдарының  шəлкем-шалыс  болғаны  өтірік  емес.  Сəкен 
өзінің қарақан басының мансабы, бақ-дəрежесі үшін емес, 
елді  өркендету  қамында  жүргенде  артық  сілтеп  алған 
тұстары бар. Сенгеніне құлай берілу, иман деп тапқанынан 
табан аудармау, көзжазбау, алданып қалмаймын ба деп бір 
сəтке  ойланбау,  көзсіз  табандылық.  Осы  принцип  Сəкенді 
əрқилы  істе  бірде  сүріндіріп,  бірде  жарқыратып  көрсетіп 
отырды. Тіпті өзі орнатқан кеңес үкіметі 1937 жылы өзіне 
қатер  төндірген  уақытта  да  ешбір  шүбəланбай,  баяғы 
сенгенімен  кетуі  қайран  қалатын  қасиет.  Сенім  күшінің 
бақыт та, сор да болатыны осы екен-ау деп толғанасың.
Дауылды төңкерістің қазақ еліне, кедей-кепшікке əкеле 
жатқан жаңалықтарын Сəкен жатсынып көрген жоқ. Оны өз 
қолымен орындады жəне халыққа сор болады деп есептеген 
емес.  Көргенін,  білгенін  ашық,  анық  айтып-жазуды  парыз 
санады.  Қаншама  аяулы,  ардақты,  құрметті  ағалар  дегісі 
келсе  де,  Сəкен  «Тар  жол,  тайғақ  кешуде»  шындықтан 
шығандап  кете  алмады.  Қазақтың  қаншама  зиялылары 
тарихтың шарайнасынан қалай көрінеріне назар аудармай, 
көрген-білгенін,  естігенін  жазды.  Олардың  ұрпағы  өсіп-
жетілетінін білмеді емес, білді, бірақ шындық бетіне кірбің 
түсірмеу  қажет  деп  тапты.  Жалған  айтпай,  шындықпен 
боламын деген принциптің өзіне əркімнің əртүрлі қарайтын 
мінезі Сəкенге дарыған емес.
Қазақтың  қуанышы  қордалана  бермей,  бірін-бірі 
ығыс тара  беретін,  яғни  «алдыңғы  қонақты  соңғы  қонақ 
қуа тын»  əдет  қашан  қаларын  құдай  білсін.  Біле-білген 
адамға  совет  өкіметін  өз  қолымен  өзі  орнатып,  соның 
түр месіне  түсіп,  атылып  кетуден  қасіретті  құбылыс  бола 
ма? Советке қарсы болып, айтқанынан қайтпай түрмеге түсу 
де  қасірет,  ал  жақтас,  ниеттес,  тілектес  болып  жүріп  өлу 
одан да қасіретті екенін Сəкен тағдырынан айқын көреміз 
ғой.

17
Біздің  бүгінгі  түсінігіміздің  абайсыздығына  қарамай, 
біздің  ұлы  азаматтарымыз  бірін-бірі  «өкпеге  қиғанмен 
өлімге  қимаған».  Қазан  төңкерісі  қазақ  зиялыларын  екі 
лагерьге бөлді. Азы – революцияны қолдады, көбі – Қазан 
төңкерісін ұнатпады, орнап келе жатқан бостандықты зор-
лықпен тартып алған төңкерістен жақсылық күту қиын деп 
білді.  Осы  үлкен  объективті  себеп  уақыт  өте  келе  нақты 
сипат алып, идеологиялық айтысқа ұласты. Алғашқы сəтте 
төңкерісшіл  зиялылар  аз  ғана  болғанмен,  Совет  өкіметі 
мен  коммунистік  партияның  тікелей  демеу-көмегімен  кө-
бейе  түсіп,  өсіп,  жетіле  бастады.  Газет-журнал  беттерінде 
алашшыл, «ұлтшыл-байшылдар» мен төңкерісшіл, тапшыл, 
кеңесшіл ақын-жазушылардың айтысы 20-жылдары бір то-
ластамады.  Бірін-бірі  мінеу,  сынау,  ожарлана  пікір  айтуда 
ешбір кенделік болған жоқ. Мұның аяғы Ф. И. Голощекин-
нің  «теориясына»  ұласты.  Үкімет  төңірегіндегі  өзіміздің 
атқамінерлер  мен  жандайшаптардың  арандатуымен 1928 
жылдың  екінші  жартысынан  былай  қарай  контрреволю-
циялық күштерді əшкерелеп, тұтқындау процесі басталды. 
Ең жетекші, айбынды, талантты зиялылар абақтыға алынды.
1929  жылы  ВКП(б)  өлкелік  комитетінің  табанды  та-
лабымен  Ташкентте  Қазақ  педагогикалық  институтында 
1927 жылдан бері ректор болып жұмыс істеп жатқан Сəкен 
Сейфуллин  Алматыға  қоныс  аударды.  Əуелінде  тиісті 
жұмыс  берілмей,  бала-шағасын  асырау  қамымен  досы 
Хаскей Өтекиннің жəрдемімен Қазақстан Орталық Атқару 
Комитетінің  əр  мекемедегі  сауатсыздарды  оқытқаны  үшін 
жалақы алып жүрді.
1929  жылы 2 қыркүйекте  «Еңбекші  қазақ»  пен 
«Советская  степь»  газеттерінде  «Менің  қателерім»  деген 
«мойындауын»  жариялады.  Оған  өлкелік  комитетте,  оның 
органдары да сенбеді. «Сəкен жолдас жікшілдік қа телерін 
мойнына  алуға  тырысқан,  алайда  көп  қателерін  айтпаған. 
Көп  қателерін  мойнына  алудың  орнына  қателерін  ақтауға 
тырысқан»  деп  «құйрық»  жалғауда  үлкен  мəн  бар  еді. 15 
қазан  күні  Сəкен  партиялық  тазалаудан  өтті.  Кінəлі  етіп, 
партиядан  шығару,  ағалары  жатқан  түрмеге  апарып  тығу 
мақсаттарына жете алмады.
1930 жылғы 4 сəуірде ОГПУ коллегиясы А. Байтұрсы- 
нов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевты ату жаза-

18
сына  кесіп, «жалына»  өтінбеген  Жүсіпбек  Аймауытовтан 
басқаларына 10 жылдан  айдалу  азабымен  «жеңілдік»  жа-
салып  жатқанда  Сəкеннің  Алматыдан  ешқайда  шығуына 
құқы  болмады.  ҚазМУ-дың  əдебиет  кабинеті  меңгерушісі 
болып жүрді.
Пенделік жайға көбірек тоқтаудың сыры өзінен-өзі аян 
болса  керек,  өйткені  азаматтығы  жетіспегеннің  қоғамдық-
əлеуметтік  қайраткерлігі  мен  ақындығында  мардымды  бе-
реке болмасы айдан-анық. Сəкен – ары таза, жүзі жарқын, 
абырой-атағына дақ түсірмеген өрен тұлғалы азамат.
Сəкеннің  ірі  мемлекеттік  ісі,  қоғамдық  қайраткерлігі, 
сегіз  қырлы,  бір  сырлы  өнерпаздығы  жөнінде,  құдайға 
шү кір,  бірқыдыру  жазылып,  ел-жұрт  едəуір  хабардар  бол -
ған  дықтан,  оның  тарихтан  атын  жоғалтпайтын  ұлы  ақын-
дығының құпиясына азды-көпті назар аударған жөн. Сонда 
ғана біз тұлғалы тұтастықтың ажарлы бетін көріп, осын дай 
азаматымыздың болғандығын мақтан ете аламыз.
Сəкеннің  өзімен  теңдес,  қатарлас,  қанаттас  болған  қо-
ғам,  мемлекет  қайраткерлерінен  өзгешелігі – ұлы  ақын-
дығында.  Ал  ақындықтың  ең  мəнді  сыры – жаңашыл, 
реформаторлығында.  Жаңашылдықтың  ең  негізгі  арнасы 
өзі  өмір  сүрген  заманның  образын  жасауында.  Қай  ақын-
жазушы  болмасын  замана  бейнесін  жасауға  талаптанады, 
бірақ  ондай  бақыт  кім  көрінгеннің  маңдайына  жазыла 
бермейді.
Біз өзімізді, өз дəстүрімізді қадірлеудің жөн-жосығына 
онша  көп  мəн  бере  бермейміз.  Бізге  басқалардың  жасай-
тын  ықпалы  əрі  шипалы,  əрі  құнды  болып  көрінетін  дағ-
дыға  бой  алдырғандықтан,  өзіміздікінің  шын  сырын  жете 
ұғып,  ардақтай  бермейміз.  Тіпті  Абайдың  өзін  орыс  мə-
дениеті  арқылы  жеткізіп  жатамыз.  Сол  сияқты  Сəкенді  де 
Маяковскийге шəкірт етіп қойғанымыз өтірік емес. Əйтеуір 
қисынын тауып бөтенге емінеміз. Ал шындығына келгенде 
Абайдың  ұлылығы  өзіне  дейінгі  ұлт  топырағында  өніп-
өскен  дəстүр,  əдеби  арналарды  түгелдей  бойына  сіңіріп 
барып  биіктесе,  Сəкенге  Абайдың  рухы  дарымағандай 
кежірейеміз. Түптеп келгенде, екі дəуірдің əдебиетіне көш 
басшы бола білгендердің тоқайласар үлкен арнасы бар. Ол 
– жаңашылдық.

19
Абайдың  қазақ  поэзиясына  сіңірген  ұлы  еңбегі – 
жарқын  да  ажарлы  жаңашылдығы  болса,  Сəкеннің  үлгі 
алғаны да, шама-шарқынша ілгері дамытқаны да осы сала. 
Кейбіреулер  Сəкен  Абайға  онша  құлай  қоймады  дегенді 
сылтау  қылып,  Абай  мен  Сəкен  арасына  қытай  қорғанын 
соғып, алшақтатып жіберуге тырысады, жəне бұл мəселені 
көбіне идеялық арнада алып шықпаққа талаптанады.
Қазақ өлеңінің өрнегі жағынан болсын, əуендік мақамы, 
əуездік  ырғағы  жағынан  болсын,  реформа  жасауда  Абай 
мен Сəкеннің орындары ерекше.
Абай  қазақтың  əнге  бейімделген  силлабикалық  өлеңі-
не  тониканың  үлгі-өрнектерін  білдірмей  қосып  отырды. 
Бұл  ақын  қуатының  мықтылығынан,  күштілігінен  болған 
құбылыс. Абай өлеңдерінің өрнегі мен өлшемдері былайғы 
жұртқа  əлімсақтан  бері  қазақ  поэзиясының  төл  түзілісі 
болып көрінеді.
Өйткені Абайдың ақындық диірменінің құдіреті сондай, 
ол қандай жаңа түр-үлгіні болмасын, жаңа мақам-ырғақты 
болмысын  ұнтақтап,  өз  ыңғайына  бағындырған  уақытта 
шүмектен шыққан үннің қай түрі болса да қазақтың таным-
түсінігінен  шыққандай,  ешбір  қоспасы  сезілмей  тұрады. 
Бəрі  де  таныс-бейтаныс  болғандықтан  Абай  сөзі  айрықша 
тартымды  да  қызықты.  Оның  үстіне  өрнек  арқылы  үлкен 
ғибрат-мағына  өріліп,  дестеленіп  шыққан  кезде  Абай 
жасаған  жаңа  дүние  дəстүрлік  сипатқа  ие  бола  түседі. 
Қазақта бұрын бар ма еді, жоқ па еді деуге шамаң келмейді.
Абайдан  басталған  реформаторлық  рух  қазақ  ақын-
дарының  ішінде  Мағжанда  бейнешілдікке  ойысып,  сөз 
құдіретін  асқақтата  беру  жағында  айрықша  көп  болса, 
сыртқы  келбет – екпінді  ырғақ  арқылы  тоникалық  өлеңге 
іш  тарту  Сəкенде  мейлінше  анық  байқалады.  Абай  мен 
Сəкен  осы  салада  бауырласады.  Жаңа  мақам  іздеген 
уақытта Сəкен дəстүр шартынан қорықпаған, осылай жасау 
қажет  деп  ұққан.  Бұл  жолда  оның  тамаша  табысқа  жетіп 
жатқанын  да  көреміз,  орынсыз  ожарланған  кезде  омақа 
аса  құлап,  ерінен  ауып  қалғанын,  қазақтың  өлең  өрнегі-
не  зорлық  жасап,  төсегін  жыртқанын  да  көреміз.  Сəкен 
жасаған өлең өрнектері Абаймен деңгейлес болмағанымен, 
реформаторлық ниеттері мейлінше рухтас екендігі даусыз.

20
Абай  ағартушы-демократтық  бағытқа  берілгенде,  ескі 
арна  арқылы  барамын,  жетемін  деген  жоқ.  Сондықтан  ол 
бұрынғы  дəстүрлі  машықтар  мен  мақамдарды,  терме  мен 
толғауларды өзгерте, іштей түлете, кейде қирата бұтарлады. 
Е. Ысмайылов, 3. Шашкин, С. Мұқанов тұжырымдауынша, 
Абай  жасаған 16 түрдің  көбі  осындай  төңкерісшілдіктің 
жемісі.
Осы рух кезі келгенде, уақыты туғанда кеңес əдебиеті-
нің  серкесі  болған  Сəкенге  дарыды,  жұқты.  Замана  өзге-
рісі,  қиын  өткелдер  жып-жылмағай  болып,  оп-оңай  өте 
салмады.  Ол  ойға  да,  ниетке  де,  өлеңге  де  өзінің  табын 
салып, ою-өрнегіне талай жаңалықтар əкелді. Осы процесс 
Сəкен  творчествосында  алабөтен  болғандықтан,  ол  ұлы 
жаңашыл болып танылды.
Абаймен  сабақтас,  рухтас  өткен  өлең  өрнегіне  келсек, 
онда  Сəкеннің  атақты  «Советстанының»  түрін  алдымен 
ауызға  алу  қажет.  Өйткені,  ол  Сəкеннің  ілгерінді-кейінгі 
ізденістерінің  қорытыңдысы,  қазақ  поэзиясындағы  жаңа-
шылдықтың  үлгісі,  əбден  қалыптасып,  көп  уақыт  өнеге 
шашқан өрнек.
Талай  ғасырдан  бері  əдебиетіміздің  қайнар  бұлағы, 
өркендер  арнасы  болып  келген  поэзия  жаңа  дəуірде  соны 
сипат  ала  бастады.  Көбіне  сюжетсіз  жырланатын  өмір 
шын дығы,  дидактикалық  əуен  Абайдан  кейінгі  көркемдік 
даму  барысында  уақыт  дүмпуімен  эпикалық  масштабқа 
қол  созды.  Осының  нəтижесінде  профессионалды  поэзия-
ның  образ  жасау  бағыты  өрістей  түсті.  Əрқилы  көркемдік 
тəсілдер  тоғыса  келіп,  С.  Сейфуллин  шығармашылығын-
да  өмір  шындығы  өршіл  романтика  арқылы  жарқырап 
көрінді.
«Ақырды асау – жаңғырды дала, тулады, орғыды асау –
дүбірлеп  күңіренді  дала...  Көкіректі  кернеп,  кең  даланы 
күңірентіп,  қатты  айқайлап  əн  салдым.  Əніме  қосылды – 
кең дала, аққулы, қазды шалқар көл, қамысты, құрақты көк 
өзен, – қосылды бəрі шуласып, қосылды бəрі шаттанып» – 
деген  асқақ  романтика  алып  екпінмен  орнап  жатқан  жаңа 
өмірдің  адуындығын  аңғартқандай.  Сондықтан  Асау  тұл-
пар  аумалы-төкпелі  заманды  бейнелеуге  жарайтын  образ 
болды.

21
Бұл  образда  біріне-бірі  сабақтасып,  іштей  қабысып 
жат қан  екі  жай  бар.  Бірі – тұлпар  қазақ  əдебиетінде  ерек-
ше қастерленгендіктен оның дəстүрлік сипаты қалың бол-
ды.  Сəкен  Асау  тұлпарды  жырлағанда  қазақ  халқының 
таным-білігінен  алыстамай,  дəстүрді  пайдалану  арқылы 
əсер ету мақсатын көздеді. Сондықтан да халық Асау тұл-
парды  жатсынбады.  Екіншіден,  Сəкен  трактовкасында 
тұл пардың  тек  сыртқы  түрі  ғана  сақталып,  ішкі  мазмұны, 
көздеген  мақсаты,  мінез-қылығы,  іс-əрекеті  мүлде  жаңа-
ша  суреттелді.  Осы  тұрғыдан  алғанда  қазақ  поэзиясына 
Сə кен  сіңіре  бастаған  жаңалық  новаторлық  əуелінде  ескі 
дəстүрге сыйымды болып, соның бесігінде ер жетіп, заманға 
лайық жаңа түр екенін анық аңғартты. Соның нəтижесінде 
Асау тұлпар жаңа өмірдің апалаң-топалаңы мен ізденісіне 
сай табылған романтикалық астары қалың образ болды.
Сəкен 20-жылдардың  ортасына  жақын  замана  ағы-
мы на  қарай  қара  айғыр – отарбаны  ауызға  ала  бастады. 
Паровозды – қара айғырға теңеу арқылы Сəкен «дайындық 
жұмыстарын»  жүргізіп,  оқушының  поэтикалык  түсінігін 
келесі жаңа образға бейімдеді. Соның нəтижесінде «Біздің 
тұрмыс – экспресс» деп жар салуға мүмкіндік алды.
Бұрын атам – тұлпар еді, бəйге көк,
Енді, міне, поезд болды, тұлпар жоқ.
Ұзақ жолға!
Тұлпар қол ма?
Мейлі жорға!
Тұлпар міну – Сарыарқада жүрсең тек,–
деген  түйінге  мықтап  бекіді.  Негізі  жаңа  қалана  бастаған 
өмірдің бейнесін осылай суреттеу, тілейік мейлі, тілемейік 
мейлі,  қазақ  əдебиетінің  сол  кездегі  дамуының  зор  табы-
сы болғаны даусыз, жəне тарихи шындық көркемдік тə жі-
рибеде романтикамен осылайша қанаттанды. Орнықпа  ған, 
əлі де талай өзгерістерге кезігетін өмірдің не гізгі ба ғы тын 
айқындауда  Сəкеннің  романтикалық  леппен,  пуб ли цис -
тикалық сөзбен жазған «Советстан» жаңашыл дықтың асқар 
асуы болуы осыдан.
Өзінің  шырқау  биігіне  көтерілген  реформаторлық  рух 
«Советстан»  өрнегіне  талай  бұлқыныс-ізденістерді  артқа 
салды.

22
Қазақ  поэзиясының  дəстүрлі  он  бір,  жеті  жəне  аралас 
буынды өлеңдері ұлы Абайдан кейін құбыла молаюы Сəкен 
тұсында  мейлінше  күшейе  түсті.  Өйткені,  қазақтың  ақын- 
дық  аспанында  Мағжан,  Ілияс,  Бейімбет,  Сəбит  сынды 
сəйгүліктердің  бəсеке  жарысы  айқын  естіліп  жатуы  жəне 
жаңа заманның дауылы, толқын-ырғағы өлең өрнегіне жа-
ңалық əкелді. Жаңа мазмұн, жаңа түрді қажетсінді.
Сəкен  поэзиясында  тоникаға  іш  тарту  басым  болды. 
Ұйқастан туатын ырғақты интонациялық екпінмен жеткізу 
қазақ  поэзиясына  сіңе  бастаған  жаңалықтың  нышаны, 
силлабикалық  өлеңге  тоника  элементтерінің  ене  бастауы 
еді. Абай мұны білдіртпей, сездірмей жүзеге асырса, Сəкен 
осы  принципті  «Советстанда»  əбден  орнықтырып,  қазақ 
өлең өрнегінде бұрын кездеспеген жаңа түр жасады.
Замана  бейнесін  жасау  мақсатына  ден  қойған  автор 
кө біне  жеделдікті,  екпінділікті,  өзгеріс-құбылысты  жет-
кізу  үшін  ойды  төгіп-төгіп,  бастырмалатып  айту  замана 
ди намикасына  сай  келетінін  анық  ұғады. «Ақырды  асау, 
жаңғырды  дала»  деген  сияқты  əр  қимылды  тездете  түсуге 
мүмкіндік  беретін  мақамды  көп  қолданды.  Қазақ  өлең-  
дерінің  негізгі  құрылысы  əн-əуенге,  саз  ырғағына  бейім- 
дел гендіктен  интонациялық  принцип  көбіне  тақпақтап, 
түйіп-түйіп айтуға іш тартып тұрады.
Зырла, экспресс, ұш, зырла!
Жұлдыздай-ақ құлдырла! 
Құйындай құтыр, бұлдырла! 
Аямай жүгір бəрің де!–
деген  өлеңінің  бар  динамикасы  дауыс  екпініне  құрылады 
да, өлең ұйқасы екінші қатарға көшіріліп, айтар ой ақырғы 
жол өзгешелігінен табылып отырады.
Егер мінсе – шыдасын! 
Қорқақтар мейлі жыласын. 
Шыдамаса құласын! 
Аямай сілте барыңды!–
деп  жігерлі  түйінделеді.  Аралас  буынды  өлеңнің  ежелгі 
құрылысы сақталғанымен де дауыс ырғағы алғашқы қатар-
ға шығып, жаңа леп пайда болады.

23
Силлабикалық өлең жүйесіне тониканың ырғағын енгізу 
талабы  Сəкен  поэзиясында  ерте  басталған. 1915 жылы 
қарашада жазған «Жазғы түнде» деген өлеңінің əр шумағы 
жеті жолдан құрылып, оның алғашқы екі жолы бір ұйқаспен 
(а,  а), 4-5 жолы  (в,  в)  бір  ұйқаспен, 3-6 жолдары  кейде 
ұйқасып,  кейде  ұйқаспай  ой  екпініне  бейімделіп,  ақырғы 
жетінші  жолы  екінші  жолдың  логикасымен  сабақтасып 
жатуы тегін емес.
Уағдалы жерде отырып, (8) а 
Бір отырып, бір тұрып. (7) а 
Кешіккен соң ғашығың (7) б 
«Не болды бұған, япырым-ау? (8) в 
Келмес деп əлде жатырма-ау?» (8) в 
Тыңдайсың əрбір сыбырды, (8) г 
Ауылды сырттан баққанда. (8) д
Осы  өлеңнің  ішкі  ырғағына  назар  аударғанда  алғашқы 
үш  жолдың  тынысы,  лебі  бір  болып,  ой  ағынының  ал-
ғашқы  бөлегі  тұйықталады,  ал  қалған  төрт  жолдың  тек 
алғашқы екеуі ғана ұйқасқанымен үшінші жолы ой ағы нын 
айқындайды  да,  төртінші  жолы  шумақтағы  негізгі  ойды 
түйіндейді.
Бабына келген, (5) а 
Лепіріп желген (5) а 
Жүйріктей жүйіткіп шабуға, (8) б.
Ұшады көңіл, (5) в
Ұлпадан жеңіл (5) в 
Мұратын іздеп табуға, (8) б 
Еліктей жүйткіп еліктің, (8) г 
Көңілім-ау, босқа желіктің. (8) г
Осының өзінде ойды ырғаққа, интонациялық лепке ба-
ғын дыру  талабы  күшті  екенін  көреміз  де,  Абай  жөргегі-
не  оралып  шыққанын  байқаймыз.  Осының  жетілген  түрін 
«Кел, жігіттер» өлеңінен анық көреміз.
Ал енді Сəкеннің «Түрмеден қашып шыққанда» өлеңі-
нің ұйқасы мен ырғағы тұнып тұрған жаңалық.

24
Уф, шіркін-ай, бұл не шаттық ?! (7)
Мен күшті енді, (5)
мен, (1)
мен (1)
мас (1)
Тіршілік, тұрмыс менікі, (8)
Əуп, (1)
Ауаны жұтайын, (6)
жұтайын, (3)
Кеудемді керіп жұтайын, (8)
Бар ауаны құртайын (7)
Бұл  өлең  өрнегінде  əуен  мен  ырғақ,  бунақ  пен  ұйқас 
ажырамас  тұтастық  тапқан.  Ой,  пікір  түюге  арналған  шу-
мақтардың өзі əрқилы болғанымен дауыс үндестігіне, инто-
нациялық ырғаққа негізделеді де, ішкі ұйқасты аракідік сақ-
тайды. Бəрі де іс-қимылды аңғартатын етістіктен өрі леді...
Мұнан  кейінгі  өлеңдерінде,  əсіресе, «Ұлтшылдық  сан-
дырағы», «Біздің ұлан», «Ленин» атты өлеңдерінің өрнегін 
дамыта келіп «Советстан» түрін жасады.
«Советстан»  алты  жолдан  құрылып,  ішкі  буын-бунақ 
қатаң  сақталады.  Егер  өлеңнің  ішкі  құрылысында  ешбір 
өзгеріс,  жаңалық  болмаса  жол  саны  мен  буын-бунақтың 
мəні  аз  болар  еді.  Бірақ  бəрі  керісінше. «Советстан» 11, 
11, 4, 4, 4, 11 буынды  шумақтан  тұрғанда  силлабиканың 
негізгі  шарты  дұрыс  сақталғанымен  де,  тоникалық  инто-
нация анық сезіледі.
1, 2 жəне 6 жолдар бунақтап айтуды қажет етсе, 3, 4, 5 
жолдар міндетті түрде нəшпеннен бөлшектеуді, тақпақтап 
айтуды  талап  етеді.  Демек  интонациялық  принцип  өлең-
нің  өн  бойына  емес,  тек  белгілі  бір  жолдарына (3, 4, 5) 
дарып,  екпінді  ырғақ  пайда  болады.  Ішкі  ұйқастың  да 
атқарып  тұрған  рөлі  зор.  Бунақтар  əр  жолда  тұрақты 
буынмен беріледі де, дауыс ырғағына əрқашан екпін түсіріп, 
экспрессияны  күшейтеді.  Сонда  бүкіл  өлең  шумағына 
динамика еніп, қимыл-əрекет өзінен-өзі пайда болады.
Айда, отарба, (күш аямай) айдап бақ, (11) а
Дөңгелегің (зырылдасын), тақ-тақ-тақ! (11) а
Шаңқан жарық, (4) б
Шамға қарық (4) б

25
Болсын халық (4) б
Электр жақ (тынбай айда) жол ұзақ. (11) а
«Советстан»  өлең  өрнегіне  интонация  ортақ  қазық 
болып, əрқилы лептердің бəрін өзіне бағындырады, адуын-
ды  тірлікті  жаңа  леппен  жырлауға  мүмкіндік  беретін  өр-
некке айналады.
«Қазақ  поэзиясының  мазмұнына  революция  жасаған 
Сəкен  дəл  осындай  революцияны  оның  лексикасы  мен 
түріне де жасады. Оған көп мысалдың біреуі – «Советстан» 
поэмасы» – деп  түйген  С.  Мұқанов  пікіріне  қосылмасқа 
болмайды.
Сонымен  «Советстан» – қазақтың  силлабикалық 
өлең  жүйесіне  тоникалық  элементтерді  молынан  енгізу-
ге  бола тындығын  əбден  дəлелдеген  туынды.  Қазіргі  қазақ 
поэзиясына осы жаңалық əбден сіңісіп кетті.
Сəкен өлеңді ойға құру, ақ өлеңге іш тарту, мазмұнды 
түрмен  ашу,  беру  сияқты  ізденістерді  өрістете  келіп 
сылқым  сылдыры,  ойнақы  өрнегі  бар  «Сыр  сандықты» 
дүниеге əкелді.
Сыр сандықты ашып қара, (8) 
Ашып қара сырласым (7).
Сым пернені басып қара, (8) 
Басып қара жырласын. (7).
Өленді  дөңгелендіре  өрнектеу  де  қазақ  поэзиясы  үшін 
тың  жаңалық  болумен  қатар,  осы  шырқ  айналған  сөздер- 
дің  сазы  көңіл  хошын  тез  тауып,  еріксіз  би  билеткендей. 
Шалыс  ұйқаспен  жазылуы  да  өлеңнің  инверсиясын  кү-
шейтіп,  динамикасын  ойнақы  еткен.  Сəкеннің  мəнді 
ізде  ністері  осындай  сəтті  түрлерге  жеткізіп,  халықтың 
эстетикалық  талғамын  қалыптастыруға  жəрдемін  тигізді. 
«Советстан»  мен  «Сыр  сандыққа»  еліктеушілер  өте  көп 
болды.
Жаңашылдығын жұрт əбден танып, мойындаған шақта 
Сəкен  эксперимент-тəжірибені  күшейтті.  Жалаң  түр  қуу- 
шылыққа  салынған  кезі  де  болды.  Жаңа  өмірдің  келбетін 
жасау  қажет  деген  ұран  белең  алған  шақта  дыбыс  қуу, 
қимылды  күшейту,  екпіндету  теңденциясы  өлеңнің  маз-
мұнына да, көркіне де кесірін тигізіп, поэзиялық қасиеттен 

26
жұрдай  еткен  кезі  де  бар.  Бүгінгі  күннің  көркін  ұрандата 
жырлау,  плакатқа  айналдыру,  рапорттау  қажет  деп  сырт 
көрініске  табынғанда  тасырлаған  дыбыстар  қаптап,  қа-
ра  дүрсіндік  етек  алған  кезі  де  жоқ  емес.  Оның  үстіне 
Маяковский  болу  тенденциясы  да  көп  ақынның  көңіліне 
ұялай  бастаған  шақта  ішкі  заңдылық  қатаң  сақталмай, 
силлабика  жүйесі  тас-талқан  болып,  өлеңдік  қасиеттен 
жұрдай бола бастады.
 
 
Ала
 
 
 
ту –
 
 
 
 
жасыл,
 
 
 
 
 
ақ.  
 
 
 
Қалш-
 
 
 
құлш,
 
 
 
 
тағы
 
 
 
 
 
тақ.
 
 
Юд-
 
 
 
Дут-
 
 
 
 
Кол
 
 
 
 
 
Чак-
деген  қисынсыздықтар  көп  ақынның  қолынан  шығып, 
поэзияны құлдыратты.
Өлең  өрнегіне  жаңалық  енгізу  үшін  қанша  ақындық 
күш-қуат, шабыт керегін ешкім есептен шығарған жоқ, ал 
ақындықты  күн  көрістің  амалына  айналдырып,  əр  жолдан 
тиын  санап,  күшене  ұйқастырғандардың  қолынан  келмей-
тіні  өзінен-өзі  түсінікті.  Жаңалық  енгізу  үшін  өз  күшіне 
сенумен  қатар  сөз  құдіретін,  образ  жасау  амалын  игеру 
шарт. Құдай берген қабілетті кезінде, ең бір қажетті шағын-
да  шамырқана  пайдаланып,  ел-жұрттың  көкейіндегіні 
айта  білу,  бейнемен  көрсете  білу,  сезіміне  əсер  етіп  жан 
серігіне айнала білу шын ақынның ғана қолынан келеді.
Заман қып-қызыл саясат дауылына кезіккен тұста Сəкен 
де дəуір талабын орындады, тіпті мұрындық болған кезі де 
аз  емес,  өйткені,  ол  жаңа  заманның  жаршысы,  ұраншысы 

27
ғана  болып  қоймай,  оны  орнықтыру  үшін  серке  болу  мін-
деті  өзіне  жүктелгенін  сезді.  Сондықтан  өзгеден  гөрі 
екпіндірек  қимылдағаны  жəне  соның  бəрін  қалтқысыз  ат-
қаруға  еш  ойланбай  жан  салғаны  Сəкен  жайлы  зерттеу-
лердің  бəрінде  толық  жəне  жан-жақты  айтылып,  жазыл- 
ғаны  көпшілікке  мəлім.  Сол  себепті  Сəкеннің  азаматтық, 
əсіресе  саяси  лирикасына  талдау  жасамай-ақ,  социалистік 
реализм  əдебиеті  деген  құбылысқа  назар  аудара  кеткен 
орынды.
Қоғамдық  сананың  мəнді  түрі  болып  табылатын  өнер 
мен  əдебиет  идеологияның  сойылын  соғуға  тиісті  болды. 
Тек  кедей-кепшікке  ұнайтын,  солар  түсінетін  шығармалар 
беруге  міндетті  болды.  Алып  қызыл  империяның  адамда-
ры  мен  қайраткерлері  бір  арнада  пікір  айтып,  яғни  тап-
тық  көзқарастың  төңірегінде  шыр  айналды.  Міне,  осы 
тұста  социалистік  реализм  теориясы  тұжырымдалды  да, 
дүниенің  бəрін  бір  қалыпқа  соқтыратын  болды.  Əуелгі 
кезде мұның жөн-жосығы бары, мəдениет саласынан артта 
қалғандардың  тезірек  ұғынуына  түсінуіне  қолайлылығы 
есте  тұтылғанмен,  кейіннен  мүлде  керіп  кетті,  ожарлыққа 
салынды,  бұлтартпайтын  догмаға  айналды.  Оған  мойын 
ұсынбағандар қашты, пысты, абақтымен аяқтады, сондық-
тан зордың күшімен мойындағандар да көп болды. «Аллаң-
нан ойбайым тыныш» дегендер табылды.
Сəкен осы идеологияның ілкі сəтінен араласқандықтан 
да оның бар жақсылығын да, жамандығын да көзімен көрді, 
қолымен  ұстады.  Əуелінде  романтикалық  леппен  «Кел, 
жігіттер,  болыңдар  ер,  кедей-кепшікке  бақытты  заман 
орнатып  берейік»  деген  ұранның  туын  қазақ  əдебиетінде 
алғаш  көтеріп,  біраз  екпіндеді.  Асау  тұлпармен  қазақ 
даласына  жар  салды.  Мынадай  адуынды  заманға  тұлпар 
қол  болмайтынын  сезген  соң  қара  айғыр – паровозға, 
поезға,  экспреске  көшті.  Олардың  екпінді  күшіне  елігіп 
«Социа  листанды»  орнатуға  шақырды.  Сөз  бен  істің  бір-
тін деп  алшақтай  бастағанын  сезгенде,  зымыраған  «Отар-
ба  терезесінен»  қарап,  бəрі  де  көңілдегідей,  ойлағандай 
болмай жатқанын көріп «Сыр сандық», «Жұмсақ вагонда», 
«Аққудың айырылуын», «Лашын» хикаясын жазды.
Бір  сəт  ойланып,  дүниенің  қандай  қалып-кейіп  алып 
бара  жатқанын  көруге,  білуге  ұмтылған  кезде  «Сен 

28
күйректікке  түстің,  əдебиетке  жат  сарын  əкелдің»  деп 
бас-көзге  соққыладық.  Қателескенін  мойындаттық,  ашық 
хат  жазғыздық.  Бірақ  өмір  оңалмай  қусырыла  берді,  кəм-
пескеден  кейін  колхоздастыру,  индустрияландыру  нау-
қандары біріне-бірі жалғасып, ел бұрынғы күйіне зар болды. 
Аштық жайлап, халық қырылды.
Осы тұста Сəкеннен басқа бірде бір ақын-жазушы тұяқ 
серпуге  жарамай,  орнап  жатқан  завод-фабрика,  колхоз-
совхозды, нефтістан мен көмір коммунизмді жырға қосып, 
социалистік  мадақ  дастандарды  қоздатты.  Рапорт  үстіне 
мəлімет-ақпар,  өлең-очерктер  қаптады. 1932 жылы  аштық 
апаты  асқынған  тұста  ел  басқарады-ау,  халықты  мұратқа 
жеткізеді-ау  деген  ақынды  да  арлы  азаматтардың  азғын-
дық  жолға  түсіп,  рухани  қарсылықтың  шетін  көрсете  бас-
тағанын  Сəкен  «Біздің  тұрмыс»  атты  сатиралық-порно-
графиялық романымен көрсетуге тырысты.
«Қазақстанда 29 жылдан  бері  біздей  адамға  іс-істеуге 
қиын  болған  жоқ  па?!  Сонсын  осындайға  берілмегенде 
қайтерсің» деп ақталмақ болғаны, тіпті тақымдап қоймаған 
партия  адамына  Аян-Сəкен  «төңкерістің,  социализмнің 
дұшпаны бола алмайтыныңды өзің де жақсы білуің керек! 
Партияның  Орталық  Комитеті  қазіргі  Қазақстан  жайын 
біліп  отырған  жоқ.  Мұндағы  отырғандар  мағлұмат  беріп 
отырған  жоқ.  Ал  біз  тəрізділер  білдіре  алмайды:  өйткені 
біз  сияқтылардың  білдіруге  батырлықтары  жетпейді.  Ал 
жоғарғы  іс  басындағылар  білдіруге  қорқады.  Жылы  ор-
ны мыздан  айрылып  қалмасақ  екен  деп  бұғады.  Ылғи  же-
тіскеннен басқа ешбір кемшілігіміз жоқ деп сөйлейсіңдер. 
Əсіресе,  соған  таң  қалам.  Сен  жазушы-ақын  емессің  бе? 
Кемшілікті айтпай, ауыр халді көрмей, ылғи «жасасын» деп 
заулай берудің ақыры совет үкіметіне, партияның жолына 
дұрыс  бола  ма?» (5.270) деген  Сəкен  толғаулары,  жан 
сыры сол қырғын аштық жүріп жатқан кезде жазылып, 1932 
жылы  «Əдебиет  майданы»  журналында  жарияланып  та 
жатты.
Осы  романға  дұрыстап  назар  аударуға  сол  кезде  де, 
Сəкен  ақталғаннан  кейін  де  мұрсатымыз  болмады.  Өйт-
кені социалистік реализм принципіне дəл келмеуі, «порно-
графия»  арқылы  қарсылық  жасамайды  деп  түсінуіміз 
кедергі болды.

29
Көркем шығарма арқылы суреттелген шындықты – Сə-
кеннің азаматтық ерлігі деп тануға мəн бермедік. Əйтпесе 
«Аян крайкомға Голощекинге жолықпақ болып барып еді. 
«Сыпатаевтармен сөйлес» деп қабылдамады. Голощекиннің 
бөлмесінен  шығып  келе  жатып  Аян  ішінен  «Жүні  түскен 
қияли  қарт  бура!»  деді.  Сыпатаевтың  қолынан  ештеңе 
келмейтінін,  пəлен  жерге  бар,  сөйлес  деп  қағаз,  беретінін 
ойлап  тұрғанда  қасынан  «өтіп  бара  жатқан  қазақ  трубка 
сорғылап  барады  екен.  Бұ  да  Голощекин  секілденіп, 
Сталиннің  трубкасына  ғана  еліктейді»  деді  ішінен. «Аян 
Крайкомнан  көңіл  сезімдері  қанағаттанбай  шыққан  соң 
үйдің  үстінде  күн  шығысқа  қарай  қолын  созған  Лениннің 
суретіне  қарап  біраз  тұрды.  Ішінен: «Қырағы  данышпан, 
ұлы  көш  басшы!  Қуат  бер  дағдарған  жанға!  Шаңқанырақ 
жансын  шырағың!  Жолыңнан  адастарма  дала  құлынын» 
деп  тілек  тілеуі  Сəкеннің  ғана  емес,  сол  кездегі  елдің 
көңіл-ауанын  білдіргендей.  Іштей  қарсылықты,  көңілі 
толмаушылықты  үмітпен  жалғастырмасқа  шарасы  қал-
маған пенденің кейпін көреміз.
Ешбір  ақын-жазушы  тұяқ  серіппей  жатқанда  Сəкеннің 
«Біздің  тұрмыс»  романындағы  перделі  шындықты  публи-
цистикалық  «Қызыл  ат»  поэмасына  айналдыруы  əбден 
заңды  еді.  Ал  бұл  поэманы  сол  кездегі  қызыл  көздердің 
қалай  талағаны,  Сəкенді  кеңес  əдебиетінен  қуып  шыға-
рып,  одақтас  деп  қана  табуға  себепкер  болғаны,  кешегі 
«уподничествосын,  сарыуайымын  ұмыта  алмай  жүрген 
ақын» екендігін əлсін-əлі ескертіп отыруға да «социалистік 
реализмнің» шапағаты тиген болатын.
Солай бола тұрса да қазақ əдебиетінде социалистік реа-
лизмнің  орнығуына  мұрындық  болған  Сəкенді  одан  бөліп 
ала  алмаймыз.  Оның  табысына  да,  кеміне  де  Сəкен  елден 
бұрын  жауапкер.  Социалистік  реализмнің  қазанында  қай-
нап піскендігін тасада қалдыруға болмайды.
Сонда  социалистік  реализмнің  принциптерін  сына-
ғанда  оның  орнығуына  себепкер  болған  дарындардан 
безінуіміз  керек  пе?  Жоқ,  жоқ,  мың  рет  жоқ.  Бұл  əдеби 
дамудың  бір  кезеңі,  сондықтан  оның  артықшылдығын  да, 
кемшілігін де ашық айтып, əдебиет тарихынан классицизм, 
романтизм,  сыншыл  реализм  сияқты  ағым-бағыт  болып 

30
тиісті  орнын  алуға,  сарапқа  түсуге  тиіс.  Бұл  бағыттың 
ұлы  да  кемеңгер  дарындары  болғандығы  тасада  қалмауы 
керек. Сəкен, Сəбит сынды тура жолмен ойланбай тартып 
əдебиетімізді өрге сүйрелеген, сөйтіп жүргенде артық-кем 
сілтеген  дарындардың  бəрі  де  өздерінің  қосқан  үлесіне 
қарай тарихтан орын алары сөзсіз. Солардың ішінде айрық-
ша жарқырап көрінер өр тұлға Сəкен екені даусыз. Сондық-
тан  оны  күні  кеше  қана  алаш  арыстарына  көрсеткеніміз-
дей  жұлмалап,  бұрмалап,  жүдетіп  жүрмейік,  қателікке 
қайтадан  ұрынып  калмайық.  Сəкен  дарыны  осылай  тол-
ғануды  талап  етеді,  өйткені  ол  ешкімнен  жеңілдік  сұра-
майтын,  күтпейтін,  кескін-келбеті,  мінез-қылығы  айқын 
ұлы ақындық.
Сəкенді  саясат  үшін  құрбан  етуге  жібермейтін  ұлы 
ақындығын айтқан уақытта қазақ сөзінің құдіретін мейлін-
ше  сезе  білгенін,  үлкен  образ,  жарқын  бейне  жасаған-
дығын, талай көркем шығармалар бергендігін жадымыздан 
шығарып  алсақ,  эстетикалык  таным-біліктің  бейшаралы-
ғы ғана емес, ұлттық қасірет болар еді. Сəкен қазақ сөзін, 
көркемдік талғамын еркін меңгерген, сезім сырын, көрікті 
сөз  бояуын  айрықша  сезе  білген  дарын  екендігін  құнды 
шығармаларында, жан сырларында көрсете білген суреткер.
Тəуекел дарияға салсаң қайық, 
Талмай тұз тұтқан жолдан кетпей тайып. 
Дарияда бірде тыныш, бірде дауыл 
Қаңбақша кезер кемең қанат жайып,–
деген тəуекелмен жолға шығып, өмірдін бар құйтырқысын 
көзбен көрген, жанымен сезген, басынан өткерген, қуаныш-
шаттыққа  да,  азап-бейнетке  де  белшесінен  батқан  ақын 
екендігін  білмейтін  пенде  аз.  Сондықтан  оның  ақындық 
шабыты бірде:
Есіп кеп, майда желдер таудан асып, 
Құшақтап аймалады амандасып. 
Естіген, көрген-білген сырын маған 
Айтысты, қуанысып-сыбырласып,–
деп жандандырып жіберсе, енді бірде:

31
Аузымнан өлеңімді қағып алып, 
Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп,–
деп  бейнелегеніне  сенесің,  ақынмен  бірге  қуанасың,  шат-
танасың, мұңаясың, өйткені алғашқы жауған қар дың көрік-
келбетінің өзінен үлкен сыр тартып, қатты ойландырады.
Михнатты, былғанышты түсіп жерге. 
Кіршіксіз аппақ таза болдың перде. 
Ақша қар, уайымсыз жалғыз-ақ, сен 
Мəңгілік шаттығыңды жанға берме! –
деген  жолдар  кім  көрінгеннің  көңіліне  оралып,  қаламына 
іліге  бермейтін  шумақтар.  Сəкеннің  ақындық  жаны  мен 
жанары табиғаттың əр құбылысынан өзіне ғана лайық, түр-
көрік, бейне-перне табады. Оны суреттеп беруге ақынның 
сөз бояуы еркін жетеді.
Қиырсыздың қиырына жетейік, 
Өлшеуі жоқ көк мұхиттан өтейік. 
Аспандағы алыс қызыл жұлдызды 
Жерге əкеліп, жердің көркі етейік.
Қара жерден аспан асып ұшайық, 
Жерді, аспанды біріктіріп құшайық. 
Аспан, жерді қуыршақтай қапсырып, 
Алып қолға ырғап-шайқап қысайық, 
дегендегі  бейнелі  образдар  жылдар  іздеп  табар  олжа  емес 
пе?! Аспандағы қызыл жұлдызды жердің сəніне айналдыру 
ниетінің өзі қандай өрелі болса, жер мен көкті қуыршақтай 
ойнатудың  өзі  сөз  құдіретін  меңгергендіктің  ұлы  көрі ні-
сі.  Мұндай  ақындықтың  інжу-маржандарын  Сəкеннен  көп 
табамыз,  өйткені  ол,  Ғабит  Мүсірепов  айтқандай, «тұ ла 
бойы  тұнған  ақын.  Сəкеннің  кескініне  қарап,  оның  ақын 
екендігіне  сенетін  едік»  деуі  əшейінгі  табыну  емес.  Сон-
дықтан  Сəкен  сынды  ұлы  ақындарымыздың  абырой йын 
ел  алдында  асқақтата  беру  бізге  парыз.  Басқа  қасиет те рі 
ақындығын  ажарландыратын,  кемеңгер  азаматтығын  ас-
пандататын əшекейі ғана. Ақындықтың шын «Көкшетау – 
Оқжетпесін»  көріп-білейік,  ардақтап  кұрметтейік,  мақтан 
тұтайық!
15.01.1994.

32

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет