Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4133
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  бір  жа-
ғынан  тарих,  екінші  жағынан  –  саяси
сауат  ашқыш,  үшінші  жағынан – 
оқушыны  өзіне  еріксіз  тартып  оты-
ратын өте көркем шығарма
(СƏБИТ МҰҚАНОВ, 1936)
Сəкен  Сейфуллин – қазақ  əдебиетінің  бар  жанрында 
еңбек етіп, соңына бай мұра қалдырған классик.
«Тар жол, тайғақ кешу» – Сəкеннің елеулі бір туындысы 
ғана  емес,  бүкіл  қазақ  əдебиетінің  төрінен  орын  алатын 
өміршең шығарма.
Сəкен  Сейфуллин  шығармашылығы  əдеби,  ғылыми 
тұрғыда  əр  қырынан  зерттелген.  Абайдан  кейін  шығарма-
шылығы көбірек зерттелген ақын да Сəкен.
Ақиық  ақын,  дарынды  жазушы  шығармашылығы  ха-
қында М. Əуезов, Т. Нұртазин, Б. Кенжебаев, Б. Шалабаев, 
М. Қаратаев, М. Базарбаев, Р. Бердібаев, Ш. Елеукенов, т.б. 
əдебиетші ғалымдар əр кезде əр түрлі пікірлер айтқан.
Сəкен  Сейфуллин  талантын  жоғары  бағалаған  С.  Мұ -
қанов, Ғ. Мүсірепов, Г. Серебрякова, X. Бекхожин. Т. Əлім  -
құлов, Ə. Көшімов, С. Сейтхазин, Ə. Тəжібаев, С. Тал  жанов, 
А. Тоқмағамбетов сынды ақын-жазушылар көркем шығар-
ма,  очерк,  естеліктер  арнаса;  С.  Мұқанов,  Е.  Ысмайылов, 
С.  Қирабаев,  Т.  Кəкішев,  Р.  Нұрғалиев  сынды  əдебиетші, 
ғалымдар  Сəкен  Сейфуллин  шығармашылығын  əр  қыры- 
нан қарастырып, зерттеу еңбектерін жазғаны белгілі.
Əрине бұл атқарылған істерге қарап Сəкентану осымен 
аяқталған екен деген ой тумаса керек. Алда талай атқары-
лар  істер  бар.  Сəкен  өнерпаздығына  жаңа  заман  тұрғысы-
нан қарап, кейбір артық қызыл бояулардан арылту, əсіресе 
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  жөнінде  қалыптасқан  таптаурын-
нан  безініп,  шын  тарихи  шындық  деңгейінде  əңгімелеу 

143
қажет.  Сонсын  əр  жылдар  басылымдарындағы  көлемі 
жағынан да, саны жағынан да бірде өсіп, бірде кеміп бара 
жат қан туындыларына салыстырмалы зерттеулер жүргізіп, 
ұлт əдебиетінің классигінің академиялық шығармалар жи-
нағын  даярлау  жеке  зерттеушілерге  емес,  ғылыми  меке-
мелерге  үлкен  міндет  екені  айтпаса  да  түсінікті.  Ал  «Тар 
жол,  тайғақ  кешу»  роман-эссесінің  шығармашылық 
та  ри хын  əлі  де  болса  індете  қазу,  салыстырмалар  жасау 
арқылы  бар  шындығын  жарқырата  көрсету  қажеттігі,  əсі-
ре се қазіргі кезде күн тəртібіне қатты қойылып отыр.
Аты шулы шығарманың қуанышты да қасіретті тарихы 
бар.  Замана  өзгерісіне  қарай  əр  түрлі  бағаланып,  əр  алуан 
қадір-құрмет  көріп  келеді,  кейде  датталып,  мансұқталып 
та  жатады,  бірақ  қалың  оқушы  жұртшылық  қана  емес, 
саяси  қайраткерлер  де,  ғылыми  қызметкерлер  де,  əдебиет 
қауымы да еш уақытта енжар қалмай, оның əрбір тарауы-
на,  жеткізген  дерегіне,  жасаған  ықпалына,  еріксіз  берген 
лəззатына  құныға  түседі.  Біреулер  інжу-маржан  іздейді, 
біреулер  қаскөй  дерек  жинайды.  Əйтеуір  жаңасып  кеткен 
жан  өзіне  керектіні  іздеп  табады.  Олжасыз  кеткен  пенде 
жоқ осы уақытқа дейін.
«Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  алғашқы  тараулары 1923 
жылы  «Қызыл  Қазақстан»  журналының  бетінен  көріне 
бастады. 1923 жылғы 19–21, 22, 23-24; 1924 жылғы 3, 
4, 7-9; 1926 жылғы 11–14, 15–18 сандарында  үзінділері 
жарияланды.  Сол  кезде  «Сəкен  жақсы  ақын  ғой,  қара 
сөзде  несі  бар?»  деген  мүлəйім  сөздер  кейбіреулердің 
аузынан  шығып  жатқанда  жазушы  позициясын  түгел 
қолдай  бермейтін  Ерғали  Алдаоңғарұлы 1926 жылы  жел-
тоқсанда  «Жазушылар  мен  көркем  əдебиет»  деген  мақа-
ласында  «Сəкен  үш-төрт  жылдан  бері  «Тар  жол,  тайғақ 
кешуді»  өзінің  «төңкерісшіл»  болып  жүрген  уақыты нан, 
сондағы  жолдастарымен  бірге  істеген  жұмыстары нан, 
тар тыстарынан  бастап  жазып  жүр.  Бұлай  жазу  əдебиет 
заңына  дұрыс  нəрсе.  Төңкерісшіл  романтизмге  (социаль-
ная  романтика)  бұл  түгел  косылады,  гəп  тарихқа  кіретін 
материалға  бояуды  тым  қоюландыруда»
1
 – деген  тұңғыш 
1
 Е. Алдаоңғарұлы «Жазушылар мен көркем əдебиет». «Енбекші қазақ» 
газеті. 03.12.1926.

144
пікірдің, Сəкенше айтқанда, «көркем əдебиет ретінде бізге 
онша  қосылмайтын»
1
  адамның,  дəлірек  айтсақ 20-жылда-
ры  көптеген  сын  жазған  дарынның  аузынан  шығуы  еді. 
Ұнатқанын да, ұнатпағанын да түсіну қиын, қалай болған-
да  да  «Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  атаусыз  қалмайтын 
шығарма екендігі қазақ сынында осылай көрінген-ді.
Онан  кейін  ел-жұрттың  ынтасын  күшейту  мақсатымен 
болсын,  қаражат  зəрулігінен  шығу  үшін  болсын,  əйтеуір 
1927  жылдың 7 ақпанынан  бастап  «Еңбекші  қазақ»  газеті 
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  басылып  жатыр»  деген  хабарды 
үзбей  жариялап  тұрды. «Кітап  өте  қызықты.  Алдырамыз 
деушілер осы бастан сұрата беруге болады. Кітаптың шы-
ға тын  саны  аз  болғаңдықтан  алдын  ала  қамданбаған дар 
бос  қалады»
2
  деп  оқушыны  əбден  ынтықтырып  қойды. 
Ал 27 наурызда  «Тар  жол,  тайғақ  кешуді»  жіберіңіз  деп 
«Еңбекші  қазақ»  газетіне  хат  жазушыларға  ақшаны  қалай 
аудару  жөнінде  нұсқау  берілді.  Баспа  мен  оқушы  тікелей 
хабарласып,  кітаптың  барлық  данасы  пышақ  үстінен 
дүкенге  түспей  бөлінді.  Бұл  да  көрінген  шығарма  көре 
беретін бақыт емесі өзінен-өзі түсінікті. Өзінің осы дəстү-
рін  газет  қатаң  сақтап, 1927 жылы 1 жəне 21 маусымда 
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  басылып  шықты  деп  хабарлады, 
елден сүйінші сұрады.
Қолына тиген ел-жұрт кұныға оқып, қайсыбірі Сəкенге 
хат  жазып  жатты,  бірақ  баспа  бетінде  бір  жарым  жылға 
дейін  не  құптаған,  не  қарсы  шыққан  пікір  жазыла  қой-
ған  жоқ.  Тегінде  бұл  шығарманы  үнсіздікпен  түншықты-
райық деген пиғыл да болмай қалмаған сияқты. Алаш қоз-
ғалысына  қатысқан  адамдардың  төрт  көзі  түгел,  əлі  еш-
қандай  пəле-жалаға  ұшырамаған  кезі  екенін  естен  шығар-
майық.  Сəкеннің  əрбір  адымың,  əсіресе  сүрінер  сəттерді 
аңдып  отыратын  сыншылардың  лəм-мим  демеуі  ойлан-
дырар жай. Осы үнсіздікті Сəкеннің осыған дейінгі шығар-
маларына  ащы  сын  жазып  келе  жатқан  Нəзір  Төреқұлов 
бұзды.

С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, төртінші басылым, 1977, 385-бет.

«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  басылып  жатыр. «Еңбекші  қазақ»  газеті, 
07.02.1927.

145
Н.  Төреқұловтың – «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  туралы 
бір  екі  сөз»  дейтін  мақаласы 1928 жылдың 28 желтоқса-
нын да  шығып,  қара  аспанды  түсіріп  жібермегенімен, 
ро ман-эссені  даттауды  мақсат  тұтқаны  қалың  көпшілікке 
бірден  мəлім  болды.  Редакция  өз  тарапынан  жазған  тү-
сін дірмесінде  «Нəзірдің  Сəкен  кітабынан  түк  пайда  жоқ 
деуі  де  қате.  Нəзірдің  сын  жазғандығы  бет  алысы  дұрыс 
емес. Қанша қателері, теріс пікірлері болғанмен де, Сəкен-
нің «Тар жол, тайғақ кешуі» қазақ жұртшылығы, қазақтың 
саяси  тұрмысы  жағынан  бірінші  кітап.  Рас,  Сəкен  кітабы 
тарих  емес.  Бірақ  тарих  болмағанмен  тарих  жазушылар-
ға пайдасы бар» кітап
1
 деп тапқанына қарамастан біреудің 
осы кітапты мақтай-мадақтау, екінші біреулердің уақытына 
қарай, қоғамдық ой-пікірдің эволюциясы негізінде даттап-
қаралау  процесі  алма-кезек  жүріп  жатты.  Ол  күні  бүгінге 
дейін толастаған жоқ.
Сонымен,  алғашқы  «ресми»  сын  Нəзірдікі  болған  соң, 
одан едəуір үзінді келтірген орынды болмақ.
«Бұл  затты  əдебиеттің  қай  түріне  қосарын  (история, 
очерк,  монография,  мемуар,  воспоминание,  автобиогра-
фия и. др), жазушы өнерінің қай саласына санарын ешкім 
де  ажырата  алмайды. «Бұл  астаудағы  судың  дəмін  та тып, 
сонан  соң  күріш  салса,  май  құйса,  ет  тураса,  сарымсақ, 
сəбіз салса, тұз сепсе сонда дөкейбай палау болады» деген 
екен Қожанасыр. «Тар жол, тайғақ кешу» туралы да осыны 
айтуға болады.
Мұны  тіпті  жазбай  қойғаны-ақ  дұрыс  болар  еді. 
Бірақ,  не  керек,  ант  ұрған  жазып  шығарды.  Қайдағы  бір 
Тəтімовтардың,  Угарлардың,  Мүкеевтердің,  Шəріпов тар -
дың жəне басқалардың ақтармен, алашордамен майдандас-
қанын  айтты.  Өзінің  төңкеріске  қатысқанын,  өзінің  құба 
қыздарды,  құла  қыздарды,  ерні  қызылша  қыздарды,  белі 
ұзынша  қыздарды  көргенін  айтыпты.  Өзін  мадақтайды... 
Алашорданың қашқанын мазақтай суреттейді.
Сəкен – баяғы  Сəкен.  Сəкен  өзінің  ту  баста  таңдап 
түскен  жолында.  Ол  əлі  Азияның – қазақтың  көткіншек, 
1
 Н. Төреқұлов. «Тар жол, тайғақ кешу» туралы бір-екі сөз. «Еңбекші 
қазақ» газеті, 28.12.1928.

146
дарашылдық  ескі  жолымен  əлі  кетіп  барады.  Сəкен  шала-
шарпы европаласқан «сал» үлгісінде қараңғы қазақшылық 
жолымен əлі келе жатыр.
Француз жұртының мақалы бар «Сұлу əйел қанша сұлу 
болса  да,  бойындағы  барынан  басқаны  бере  алмайды», 
Сəкен де солай».
Тоғыз  айдан  кейін  Əбділда  Тəжібаевтың  «Тар  жол, 
тайғақ кешу» мен Нəзірдің сыны туралы» үлкен мақаласы 
шықты.  Бұл  осы  кітапқа  арнайы  жазылған  екінші  мақала. 
«Кітаптың  саяси  маңызы  күшті.  Қазақ  тарихының  көбі 
содан табылады. «Тар жол, тайғақ кешу» реализм, шындық 
жолымен жазылған суретті шығарма. Кітаптың жаңа өрбіп 
келе  жатқан  жастарға  жолбасшылығы  мол.  Нəзір  қанша 
жамандағанымен де «Тар жол, тайғақ кешудің» қадірі енді 
күшейе  бермек.  Кітаптың  суреттілік  жағы  күшті,  тілге  де 
бай. Ал Нəзірдің сыны толық сын емес, қыңыр, бір жақты 
сын,  бет  тырнау»
1
  дегеніне  редакция  тағы  да  түсіндірме 
беруді, «құйрық»  жалғауды  жөн  көріпті. «Қай  күнде  бол-
сада бір беткейліктен түзу сын шықпайды. Түзу сын жазам 
десе жақсысын да, жаманын да бірдей көре білу керек» деп 
Əбділда  мен  Нəзірдің  сындарына  тақымы  толмағандығын 
төмендегі ойларымен білдірген.
«Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  жақсылығы  тарихи  мате-
риал дарының  молдығына,  кезең  идеологиясын  ашып 
көр сеткенінде,  қазақ  коммунистерінің  шығу  жолы,  олар-
дың  игілікті  істерінде»  деп  табады  да,  кемшілігі – «ма-
те риалдарды  дұрыстап  сұрыптамағандығында,  Көлбай, 
Байсейіт,  Мұқандарды  орынсыз  мақтағаны,  коммунист 
етіп  көрсеткендігінде,  қыздардың  көптігінде  (кітапта 
жазылар ешбір орны жоқ), роман, повесть шартында емес, 
мемуар түрінде жазылған кітаптың санына қосуға болады. 
Олай болса кейбір жолдастардың «Тар жол, тайғақ кешуді» 
көркем  əдебиет  деуі  де  дұрыс  емес»
2
  деген  редакция 
қосымшасы  ескерусіз  қалуға  тиіс  емес,  өйткені  ол  пікір 
1
  Ə.  Тəжібаев». «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  мен  Нəзірдің    сыны  туралы. 
«Еңбекші қазақ» газеті, 15.09.1929.

Ə.  Тəжібаев. «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  мен  Нəзірдің  сыны  туралы. 
«Енбекші қазақ» газеті, 15.09.1929.

147
күні  бүгінге  шейін  тиянағын  таппағанын  ескерер  болсақ, 
шығарманың жанры жайында да арнайы тоқтала кету шарт 
болмақ.
1936  жылға  шейін  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  роман-эс-
сесі  туралы  не  мақтаған,  не  даттаған  арнайы  мақалалар 
болмағанымен  əдебиетімізді,  оның  ішінде  прозаны  өркен-
дету  жолындағы  табыстарымыздың  бірі  ретінде  жеке  де, 
көппен бірге де аталып келгені белгілі.
Алғашқы  мақалалардың  даттауы  мен  мақтауы  да 
Сəкенге үлкен ой салғандықтан кітаптың өңделген, толық-
тырған  басылымына  кірісуге  ниеттенгенін  Сəкен  əркезде-
гі  сұхбатында  айтып,  жазып  отырған  көрінеді.  Алайда 
мынадай  тарихи  шындықтар  мен  жағдайларды  еске  сала 
кеткеннің артықтығы бола қоймас.
1928  жылдың  желтоқсанынан  бастап  Голощекиннің 
арандатуымен  алаш  қозғалысына  қатысқан,  əсіресе  оған 
көсем,  басшы  болған  адамдарды  «совет  өкіметіне  қастан-
дық  жасамақ  болып,  жасырын  ұйым  құрып  (сондағысы 
«Алқа»  жазушылар  ұйымын  құру  жөніндегі  Мағжан  да-
йындаған  бағдарламаның  жобасы  тілге  тиек  болды)  жүр» 
деген  желеумен  қазақтың  жетпіс  екі  жайсаңын,  əсіресе 
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, 
X.  Досмұхамедов,  тағы  баска  қайраткерлерді  тұтқындап, 
əкімшілік жаза тартқызды. Бұлардың тергеу ісі Қазақстан-
нан  тыс  жерде,  көбіне  Мəскеуде  жүргізіліп,  тағдырлары 
сонда шешілді.
1932 жылы 10 қаңтарда Қазақстан өлкелік комитетінің 
насихат  жəне  мəдениет  бөлімдері  мен  Қазақстан  марк-
сизм-ленинизм институтының «Сталин жолдастың хатына 
байланысты  Қазақстанның  теориялық  майданындағы  кү-
рестің  міндеттері  туралы»  түсіндірме  хаты  қабылданып, 
алаш  қозғалысына  қатысқандардың  бəрі  де  ұлтшыл,  қас-
күнем,  біздің  арамызға  арам  пиғылды  таратушы,  олардың 
ісінде біздің пайдамызға шығатын ештеме жоқ деген пікір-
ді  қалыптастыру  қажет  екендігі  ашық  айтылып,  жазылды. 
Бұған  көнбеген  коммунист  Т.  Рысқұлов,  С.  Сейфуллин, 
Ғ. Тоғжановтардың қате-кемшіліктері бадырайтыла айтыл-
ды. С. Брайнин, III. Шафиро, Тимофеевтардың алаш тари-
хын «зерттеушілер» болып, əдейі бұрмалағандары, шығар-

148
ған  зымиян  кітаптары  мен  мақалалары  Өлкелік  партия 
комитетінен  қолдау  тауып,  оның  органдарында,  əсіресе 
«Казахстанская  правда»  газетінің  бетінде  үзбей  шығып 
тұрды. Саяси ахуалдың өзгеруінен Сəкен «Тар жол, тайғақ 
кешуді»  қайтадан  өңдеп,  толықтыруға  мəжбүр  болды. 
Ол  екінші  рет 1936 жылы  басылып  шықты.  Міне  бүгінде 
Сəкенге жəне оның ғана емес, бүкіл қазақ əдебиетінің атақ-
ты  шығармасы  «Тар  жол,  тайғақ  кешуге»  қарсы  айтыла-
тын  қысыр  да  қыңыр  пікірлердің  біразы  осы  кездегі 
түзетулерге,  қоспаларға  байланысты  болғанын  нақты  мы-
сал дармен дəлелдей көрсетсек, көп мəселе анықтала түседі, 
біраз түсінбестіктің сыры ашылады.
1936  жылы  Сəкен  шығармашылығының 20 жылды-
ғына  арналған  мерекеде  Сəбит  Мұқанов  «Тар  жол,  тайғақ 
кешу» туралы өзінің ғылыми толымды пікірін айтты.
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  бір  жағынан – тарих,  екінші 
жағынан – саяси сауат ашқыш, үшінші жағынан – оқушыны 
өзіне  еріксіз  тартып  отыратын  өте  көркем  шығарма»
1
 
десе,  бір  жыл  өтпей  жатып, 1937 жылдың  қара  құйыны 
соққан кезде М. Қаратаев «Всего лишь несколько месяцев 
тому  назад  он  переиздает  свой,  с  позволения  сказать, 
«исторический» роман «Трудный путь, тяжелый переход», 
где  не  постыдился  изображать  себя  героем  и  привести 
целую  серию  контрреволюционных  алашординских  доку-
ментов  и  портретов  врагов  народа.  Это  своеобразная 
вражеская  энциклопедия»
2
  деп  шыға  келуі  таң  қаларлық 
жай емес еді.
Ал Сəкен ақталып, тарихымызға қайтып оралғанда сол 
автор  «Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  орысша  аударылуына 
бағыштап  алғы  сөз  жазды.  Сонда  «Тернистый  путь – 
не  свод  исторических  фактов  и  сведений,  а  цельное 
произведение,  то  есть  роман,  в  котором  исторические 
события  переплетаются  с  судьбой  частного  человека.  В 
нем  слились  действительность  с  вымыслом,  эрудиция  с 
1
 С. Мұқанов. Қазақ совет əдебиетінің тұңғышы.
«Қазақ  əдебиеті»  газеті. 20.07.1936 немесе  «Өсу  жолдарымыз» 
1960,178-бет.
2
 «Казахстанская правда» газеті, 16.09.1937.

149
фантазией.  Богатству  материала,  документов  и  фактов, 
которыми  располагал  писатель,  может  завидовать  целое 
научно-исследовательское  или  архивное  учреждение. 
В  этой  книге  Сейфуллин  выступает  летописцем,  но  не 
бес страстным,  добру  и  злу  внимающим  равнодушно,  а 
страстным  борцом,  живым  участником  того,  о  чем  он  по-
вествует.  Скромность  сдерживала  Сейфуллина  рисовать 
этих людей батырами, ведь тем самым он поэтизировал бы 
и  самого  себя.  Вероятнее  всего,  тут  сказалось  изумитель-
ная скромность Сейфуллина»
1
 дегенін оқимыз.
Сəкен  Сейфуллин 1957 жылы 30 наурызда  ақталды. 
Сол  жылдың 21 қазанында  Есмағамбет  Ысмайловтың 
құрастыруы  жəне  алғы  сөзімен  Сəкеннің  «Өлеңдері  мен 
поэмалары»  жедел  басылып  шығып,  сағынған  елімен 
қауышты. Онан кейін «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссе-
сінің 1936 жылғы  варианты 1960 жылдың  наурызында 
басылып шықты.
Бұдан кейін Сəкен Сейфуллин шығармаларының 6 том-
дығын шығару ісі қолға алынды. Шығарушылар алқасы «III 
том  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  романы  болады»
2
  деп  хабар-
лағанымен бұл басылымға ілікпеген. 1964 жылы орыс тіліне 
басылайын  деп  жатқанда 3. С.  Кедрина  «Тар  жол,  тайғақ 
кешудің» үстінен ұлттар достығына зияны тиетін кітап деп 
КҚЛ  Орталық  Комитетіне  шағым
3
  түсіргеннен  бастап  бұл 
ұлы  шығарманы  сығалай  оқушылар  көбейіп,  редакторлар 
айрықша  сақтық  жасағандықтың  белгісін 1960 жылғы 
80  мың, 1964 жылғы 350 мың  тираждың 1977 жылы 50 
мыңға түсуінен жəне кейбір беттерінің қасқыр тартқандай 
жұлмаланып, қалам ұшы тигенінен-ақ байқауға болады.
1986–88  жылдары  М.  Əуезов  атындағы  əдебиет  жəне 
өнер  институты  бұрынғы  алты  томдықтың  орнына  Сəкен 
шығармаларының  бес  томдығын  шығарып,  төртінші  то-
мына  «Тар  жол,  тайғақ  кешуді»  енгізді.  Оған  берілген 
1
 С. Сейфуллин. «Тернистый путь» 1964, 37–40-беттер.
2
 Сəкен (Сəдуақас) Сейфуллин. Шығармалар, 1-том. Өлеңдері мен пье-
салары, 1960 5-бет.
3
  Сəкен  комиссиясының  төрағасы  С.  Мұқановтың  жауабы.  Қараңыз: 
Т. Кəкішев. Ескірмейді естелік, 1994,67–67-беттер.

150
қысқаша  түсіндірмеде 1927 жылғы  басылымының  түбе-
гейлі  өзгеріске,  толықтыруға  ұшырағаны  əңгіме  болмай, 
1960  жылғы  басылым  негізінде  болар-болмас  сөздердің 
жазылуына  ғана  назар  аударылып, «анықтай  түсуді 
керек  ететін  жайлар  түптеп  келгенде,  зерттеушілер  мен 
академиялық  басылымды  дайындайтындардың  үлесіне 
тиеді»
1
  деп  қажетті  салыстыруларға  бармаған.  Біз  мүмкін 
қадерінше  осы  жайтқа  көніл  бөлмекпіз  жəне  «Тар  жол, 
тайғақ  кешудің»  салыстырмалы  жаңа  басылымын  дайын-
даудамыз.
Жалпы  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  қазақ  əдебиетінің 
арғы-бергі  тарихынан  ойып  орын  алып  келе  жатқан  кесек 
туынды болғандықтан ел-жұрт құлак қойған, ғылыми орта 
тұжырымдаған  «Қазақ  əдебиеті  тарихындағы»  пікірді 
əрқашан есте тұтқан абзал: «Тар жол, тайғақ кешу романы» 
Сəкен  прозасының  биік  шыңы,  ол  қазақ  əдебиетінің 
қалыптасу  дəуірінде  шешуші  рөл  атқарды.  Фактілердің, 
құжаттардың  молдығынан  да,  жазушының  нақты  көркем 
суреттеуімен де жеткізіп суреттейтін бұл күрделі роман əрі 
тақырып  жаңалығымен,  əрі  тарихшылық  пен  суреткерлік-
тің  жарастық  табуымен  кімді  болса  да  қызықтырады... 
Қазақстанда  социалистік  революция  жеңісі  туралы  ең 
алғашқы  реалистік  роман  жанрының  қалыптасуына  жол 
ашты.  Сонымен  бірге  республикада  қоғамдык  ой-пікірдің, 
тарихтық білімнің дамуына да орасан зор ықпал жасады»
2
 
деген  негізгі  тұжырымды  Сəкен  шығармашылығын  зерт-
теген профессорлар Е. Ысмайылов, С. Қирабаев, Т. Кəкішев, 
Р.  Нұрғалиевтар  əр  қилы  эпитет-теңеулермен  толтыра 
айтып, қазақ əдебиеттану ғылымында орныққаны белгілі.
Алайда  қайта  құру  мен  жариялылық  кезінен  бастап, 
əсіресе  кеңес  өкіметі  құлап,  коммунистік  партия  тараған-
нан  бері  басқаша  əуенде  пікір  айтушылар  кездесуде. 
Өзгені былай қойғанда, «Қазақ əдебиеті» газетінде «Сəкен 
Сейфуллиннің негізгі шығармасы аталып келген «Тар жол, 
тайғақ  кешу»  романы  таза  тарих  үшін  керек  болғанымен, 
1
 С. Сейфуллин. Бестомдық шығармалар жинағы, 1988,4-том, 445-бет.
2
  Қазақ  əдебиетінің  тарихы.  Үшінші  том,  бірінші  кітап, 1967, 320, 
329-беттер.

151
қазақ  əдебиетінің  игіліктері  қатарына  қосыла  қояр  ма?»
1
 
деген  сауалды  қоюдағы  көздеген  мақсатын  түсіну  қиын. 
«Жұлдыз»  журналы  бұған  дейін  «алыптар  тобын»  құрап 
келген  Сəкен,  Бейімбет,  Ілияс,  Ғабит,  Ғабиден  қатарлы 
қаламгерлер  өз  үлестерінің  шама-шарқына  карай  тиісті 
орнын,  бағасын  ала  берер.  Бұрынғыдай  есептеліп  «негізін 
қалаушылар»  ретінде  оқулықтан  оқулыққа  жөңкіле  ал-
мас,  өйткені  сол  құрғыр  «негіз»  дегеннің  өзі – негізсіз 
болып  шықты»
2
  деп  жатқан  уақытта  əдебиеттің  тарихы-
нан  мағлұматы  мол  ғылымның  бірі  саналатын  филоло-
гия  ғылымдарының  докторы,  қазіргі  заман  əдебиеті  бө-
лімінің  меңгерушісі  Мүсілім  Базарбаевтың 1986–88 
жыл  дары  Сəкен  шығармаларының  бес  томдығына  жазған 
алғы  сөзінде  «Тар  жол,  тайғақ  кешуде»  жаңа  социалистік 
мұраттар, биік идеялар, азаматтық асқақ талаптар реалистік 
нақыштармен,  публицистік  пафоспен  ұтымды  бейнелен-
ген. С. Сейфуллин туындысы дəуір шежіресі болумен бір-
ге  революциялық  кезең  шындығын  эстетикалық  тұрғы-
дан игеруде социалистік реализмнің партиялық халықтық, 
шын шылдық принциптеріне сүйену жетістіктерін қапысыз 
танытты»
3
 деген тұжырымын 1994 жылы «Біз Сəкенді қалай 
түсінеміз?»  деген  мақаласында  «Жазушының  проза  сала-
сындағы əйгілі шығармасы, əрине, «Тар жол, тайғақ кешу». 
Бүгінгі  көзқараспен  қарасақ  шығармада  таптық  түсінік 
тым бірыңғай алынып, алашорда қозғалысы мүлде мансұқ 
етілуі,  идеологияны  былай  қойғанда,  тіпті  тарих  алдын-
дағы ұят нəрсе еді. Кітап бұл жағынан əсіреқызыл больше -
виктік  бағытта  жазылған  тарих  жəне  қисық  баяндалған 
та рих»
4
  деуі  əрине  кезеңдік  психологиядан  туған  тұжы-
рым деуге келіңкіремейді. Рас, кейінірек «Егеменді Қазақс-
тан»  газетінде  жазған  мақаласында  бұл  шығарма  жөнінде 
біраз  жылылық  танытқанымен,  түсінік  тоңы  онша  жіби 
қоймағанын көреміз. Басқа авторлардың да қыңыр түсінігі 
1
 «Қазақ əдебиеті» газеті 11.09.1992 ж. 
2
 «Жұлдыз» журналы, №5–6, 1994.
3
 М. Базарбаев. Алғы сөз. Караңыз: С. Сейфуллин, 5 томдық Шығар-
малар жинағы, 1986, 1-том, 15-бет.

М.  Базарбаев.  Біз  Сəкенді  қалай  түсінеміз? «Қазақ  əдебиеті»  газеті, 
01.07.1994.

152
мен  пікірі  кездеседі,  келешекте  де  болуы  ғажап  емес. 
Өйткені,  бұл  роман-эссе  əр  ұрпактың  тарихи  танымы  мен 
эстетикалық  түсінігіне  карай  бағаланатын  өміршең  тірі 
шығарма.  Ал  жазушы  үшін  де,  оның  туындысы  үшін  де, 
бұдан артық бақытты іздеп жатудың қажеттігі шамалы.
Тегінде, Сəкеннің бір шығармасының өзі, əсіресе атақты 
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  роман-эссесі  айрықша  зерттеудің 
объектісі  болып  отыруы  да,  төңкерісшіл  де  жаңашыл  да-
рынның  бұдан  былайғы  бағалануы  да  шындық  деңге й-
інде,  тарихи  дəлелді  болуын  талап  етеді.  Сондықтан  ұлы 
дарындарымызды  жан-жақты  зерттеген  уақытта  олардың 
бойына  сыйымды,  еңбегіне  татыр  теңеулерді  барынша 
жауапкершілікпен айтқан орынды болмақ.
Əрине, ғалым, зерттеушілердің пікірі ертеңгі тарихтың 
үлесіне  тиетінін  айтқан  уақытта  алашқа  айбын  арыстар 
ішінде  Сəкеннің  орны  жайлы  Президентіміз  Н.  Ə.  Назар-
баевтың: «Қазақтың  бір  туар  перзенті,  аса  көрнекті  ақы-
ны  жəне  мемлекет  қайраткері  Сəкен  Сейфуллин  халық 
жадында  мəңгі  сақталар  жан,  асылдардың  асылы,  аяулы-
лардың  аяулысы  деп  еске  аламыз.  Сəкен – біздің  ұлт-
тық  мақтанышымыз,  ел  үшін  еңіреген  ер,  қайтпас  қай сар 
күрескер.  Егер  ол  тірі  болса,  бүгін,  сөз  жоқ,  өзіне  тəн  өт-
кір лікпен,  от  пен  судан  қорықпайтын  батырлықпен  тек 
халық  мүддесі  жағында  ғана  тұрар  еді.  Егемен  ел  атанып, 
тəуелсіздік  туын  тіккен  қазақ  еліне  Сəкеннің  үздік  үлгісі, 
өрелі  өнегесі  өте  керек»,
1
 – деп  білетіні  қазір  жеңіл-желпі 
сөйлей, жаза салатындарға тиісті ескерту екені сөзсіз.
«Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесін зерттеу, талдау, 
баяндау  барысында  Сəкен  өмір  сүрген  кезеңнің  түсінік-
талғамының  сыры  мен  қырын,  себеп-салдарын  мүмкін 
қадерінше  ашып  көрсетуге  талпындық  жəне  роман-эссе-
нің  өн  бойынан  тарамданып  жататын  құбылыстардың  бə-
рін  қамтимыз  деген  ниеттен  безіп,  тап  бүгінгі  күні,  яғни 
алаш  қозғалысы  ақталып,  оның  арманы – қазақ  еліне 
егемендік  пен  тəуелсіздік  келіп  жатқан  өтпелі  заманның 
талай тілектерін ескере отырып XX ғасырдың бас кезіндегі 
1
 Н. Ə. Назарбаев. Алашқа айбын болған арыстар. «Егеменді Қазакстан» 
газеті,

қо ғамдық-əлеуметтік  жəне  адами-пенделік  құбылыстарды 
мүмкіндігінше  ашып  та  ашық  көрсетуді  мақсат  тұттық. 
Міне,  сондықтан  тарих  пен  əдебиетті  шамамыз  жеткенше 
тұтастыра  баяндауды  көздедік  жəне,  жасыратыны  жоқ, 
«Тар жол, тайғақ кешу» төңірегіндегі түсінбестікті де, қаңқу 
сөзді  де  сейілту  қажет  деп  есептедік.  Сондықтан  өмірдің 
ұсақ-түйегін, адамдар арасындағы ілік-шатысты емес, дəуір 
сауалына,  қоғамдық  ірі  мəселелердің  төңірегіне  көбірек 
тоқтауға тура келді.
15.12.1994.

154

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет