Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4133
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
СƏКЕННІҢ ҰЛТЖАНДЫЛЫҒЫ
Біздің  жалпы  түсінігімізде  коммунист,  революционер, 
большевик  болу  қып-қызыл  интернационалист,  Ахмет 
Байтұрсынов  атауымен  атасақ,  бибауырмал  болуға  тиіс, 
яғни  «бауыр  керек  емес,  ел  керек  емес,  жұрт  керек  емес, 
адам  баласы  керек»  деп  ойладық,  ойлап  келе  жатқандар 
да  жоқ  емес.  Кеше  бұған  құлай  жығылсақ,  бүгін  ойлана 
кекірейгенімізбен  ішімізді  қалай  беріп  қойғанымызға 
таң  қаламыз.  Осы  түсінікті  теріске  шығаратын  тұс  қайсы, 
құбылмалы өмір өткелінде тиімді қолданатын, пайдаға асы-
ратын  тұс  қайсы?  Ахаңша  айтқанда, «жасасын  би-бауыр-
малдық!»  деп  айғайлағанмен  адам  баласының  арасын-
дағы  «жік»  жоғалмайтынын  тəтті  тəнімізге  ащы  шыбық 
емес-ау, сырғауыл сойыл тиген кезде көрдік, сез дік, бірақ екі 
жарым ғасыр бойына қалыптасып қалған құлдық психоло-
гия  тұяқ  серпуге  мүмкіндік  бермеді.  Басқа  ұрды,  соқты, 
көндік,  көнбегенді  атты,  асты.  Зорлықтың  күштілігімен 
жалғыз  қанатпен  «ұшып», «жасасын  интер национализм» 
дегенімізді күні бүгінге дейін қоймай келеміз.
Коммунизм  идеясын  өзінің  ыңғайына  жығып  алып 
дəуірлеген  «ұлыдержавалық  шовинизмнің»  жамылғысы, 
бет  пердесі  болған  «интернационализм»  екенін  анық  тү-
сініп болмағандар əлі де аз емес. Совет өкіметін қайта ор-
натып, билікті КОКП қолына берейік деген Зюгановтарды 
былай  қойғанда,  Ресей  парламентіне  депутаттар  ұсыну 
жəне сайлау кезінде Солженицын, Жириновский, Лысенко, 
Руцкой, Скоков, Лебедь, Стерлиговтардың арманы не еке-
нін  естігенде  шошымай  қалғандарға  не  демекпіз.  Тарих 
доңғалағы  өз  айналуын  тоқтатпайды, «маған  ұлт  керек 
емес,  бауыр  керек  емес»  дегендерді  мансұқтамай  қоймай- 
ды, опық жегізбей тынбайды.
Елі-жұртын,  ата-анасын  сүймейтін  пенде  еш  уақытта 
болған емес. Мұны ешқандай жəреуке сөз жасыра алмайды. 

65
Мұны  тіпті  В.  И.  Лениннің  өзі  жасырмағанын,  яғни  «ұлт-
тық  мақтанын»  аспандатқанын  ол  өлгеннен  кейін  ұмытып 
кетсек  те,  əр  адам,  əр  коммунист,  большевик,  əр  интер-
ноционалист  өзінің  ұлттан,  қай  халықтан  екенін  ұмыта 
алмағаны  рас,  бірақ  өз  еліне,  жұртына  деген  игі  тілегін 
сыртқа  шығара  алмай  тұншыққаны  тағы  рас.  Сөзінің 
жалғандығын көзі айтып қойған сəттер аз болды ма?!
Сəкеннің  ұлтжандығын  айтар  алдында  осындай  қа-
лыптасқан  көріністі  қайтадан  көзге  елестетіп  алмасқа 
болмайды, өйткені бұл жай көбіне-көп 1937 жылдан кейін 
мейлінше дендеп кеткен, тіпті індетке айналған қылымсы-
ған қылық болатын.
Сонымен,  коммунист,  большевик  бола  жүріп  ұлтшыл, 
ұлтжанды болу мүмкін бе? Əбден мүмкін, тіпті əрі-беріден 
соң қажет, шын ел-жұрт тілеуін тілегендерге, сол үшін ар-
ұятын,  арман-мұратын  арнағандарға,  сол  үшін  қасықтай 
қанын,  шыбындай  жанын  беруге  бел  буғандарға.  Ал  ком-
мунист,  большевик  болғандардың  бəрі  осындай  пиғылда 
болмағанын, бола бермейтінін тарих көрсетті.
Тағы  да  алдын  ала  жасалатын  бір  ескертпе,  біз  кеңес 
құлағанша  Сəкеннің  қызыл  жағын  бадырайта  көрсетуге 
айрықша  құмар  болдық. «Анау-мынау  еркелігін»  төңке-
рісшілдігінің  құрбандығына  шалдық.  Сөйтіп,  біздің  көз 
алдымызда «Қызыл сұнқар» ашық аспанымызда еркін сам-
ғады, титығы қалмай жауыр болған «Қызыл атымыз» бəй-
генің  алдын  бермеді,  Бұған  бүкіл  ел  болып,  жұрт  болып 
қол  соқтық,  қуандық,  шаттандық.  Сонда  Сəкеннің  ішкі 
дүниесінде  алай-дүлей  борасындар  жүріп,  дауыл-құйын-
дар  соғып  жатқаны  ескерусіз  қалды.  Оны  ескерейік  десек 
ұна тпады,  айтайық  десек  ауызға  ұрды,  əбден  билеп  алған 
идеологияға  ол  келісе  қоймады.  Амалсыздан  аузымыз-
ды  жаптық,  тілімізді  байладық.  Əйтпесе  Сəкеннің  көңіл-
кү йі барлық кезде бірдей бола бермегенін оқыдық, білдік, 
сездік.  Енді  осыған  сабырмен  бір  қарайықшы,  мүмкін, 
біз  айтпай-жазбай  келгендеріміздің  ішінде  кеше  де,  бүгін 
де  өтпелі  заманға  тап  болған  қазақ  халқына,  оның  ойлы 
азаматтарына айтар ғибраты, елге еңбек етудің үлгі-өнегесі 
болар.  Соларды  саналыларымыз  сараптан  өткізіп,  мөлдір 
қайнардан сусындар, шөлін басар.

66
Ұлтын,  халқын,  елі-жұртын,  ата-анасын  сүймейтін 
пенде  жоқ,  бұлар  əр  түрлі  аталғанмен  саяр  жері  біреу-ақ, 
ол – ұлтжандылық, патриотизм.
«Қазақ  энциклопедиясы»  таяуда  «қазақ  елінің  эко но-
микасы  мен  саяси  жағдайы,  тарихы,  мəдениеті  мен  оқу-
ағарту  ісі,  тілі  мен  əдебиеті  хақында  келелі  сөз  қозғаған, 
шығармаларының денін ғылыми əрі көркем туынды түрін-
де  жариялаған  «Айқап»  журналының»  сүбелі  материал-
дарын Ү. Суханбердина мен С. Дəуітовтің құрастыруымен 
38  баспа  табақ  қылып  басып  шығарды.  Бұрын  оқыған-
дарымды  қайтадан  пысықтай  оқып  келе  жатқанымда  Сə-
кеннің  «Туған  жерім – өз  елім» (шетте  жүргенде)  деген 
(№ 11. 1914) өлеңінің  соңғы  түйінді  екі  жолы  «Сөйткен 
жерге  хахол  келіп  орнады,  Арманда  боп,  жылай-жылай 
қалғаным» дегенін оқып, «шошып» кеттім демей-ақ, қояй-
ын, көптен бері ойлап жүрген, яғни Сəкеннің ұлтжандығы 
жөнінде жазсам-ау деп жүрген ойыма қамшы болып отыр. 
Бұл  өлеңді  Сəкен  өзі  көзі  тірісінде  шыққан  кітапта ры-
на  ұмытып  кеткендіктен  қоспаған  болса  керек,  ал, 1960 
жылы Сəкен шығармаларының 2-томының 271-бетіне «Жа-
ңадан  табылған  өлеңдері»  деген  айдармен  қайтадан  жа-
рияланғанда əлгі екі жол ғана емес, сол ойға алып келетін 
бір  шумақ  түгелдей  алынып  қалыпты.  Оны  істегендер 
60-жылдардағы лито болуы да ғажап емес. Қалай болғанда 
Сəкеннің атамекенге арнаған жырларында:
Сағынып, Нұра, мен келдім, 
Бұрынғы иең-байғұсың. 
Айырылған сенен көп елдің 
Жатырсың көрмей қайғысын, –
деген ойларды қысылмай айтқаны анық. Бұл шумақтар, сөз 
жоқ, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағындағы» пікірлер-
ден  бастау  алғаны  сөзсіз.  Сəкеннің  бұл  өлеңдері  жалпы 
арнаға əр саладан келіп құйылып жатқан бұлақтар, өзектер 
іспеттес  дүниелер.  Жер  мəселесі – туған  елдің  тағдыры – 
XX  ғасырдағы  əдебиетіміздің  үлкен  бір  тақырыбы  ғана 
емес,  елдік  пен  ерліктің,  тірлік  пен  болашақтың  ең  үлкен 
проблемасы.  Мұны  бұрынғыша  жалаңаш  ұлтшылдыққа 
апарып  тели  салуға  болмайды.  Орыс  отаршыларынан  тізе 

67
көрген, езілген, ашынған халықтардың – «бұратаналардың» 
көкейіндегі  ой-пікір  болғандықтан  ғасыр  басындағы 
əртүрлі  қозғалыстарға  алып  келген  соқпақтар,  жолдар  еді. 
Мен  мұны  Сəкеннің,  сондай-ақ  осы  кезде  қолына  қалам 
алған  дарындардың  жалпы  дүрмекке  ергендігі  екенін  біле 
отырып,  елге,  ұлтына,  халқына  еңбек  сіңірудің  жолын 
іздеудің бір сорабы деп ұғамын.
Осы  мақсат  жолына  түскендердің  ішінде  əрқилы  дең-
гейдегі  дарындар  болғаны,  уақыт  тезіне  шыдамай  бұры-
лып  кеткендері,  тірлік  күйбеңінде  қалып  қойғандары  көп 
болғаны да өтірік емес. Мұндай игі іске шын мəніндегі ер 
азаматтар  ғана  төтеп  берді.  Солардың  ішінде  Сəкеннің  өз 
жолы, өз түсінігі болғаны ел-жұртқа аян.
Кезінде  Сібір  университеті  аталған  Омбының  оқы ту-
шылар семинариясында оқыған Сəкеннің өмірге көзқарасы 
1914  жылдан  бастап  көріне  бастаған. «Бірлік»  қауымын 
құрып,  оның  сол  қанатын  басқарған  уақытта  Шəймерден 
Əлжанов екеуінің «егер восстание бола қалса қазақ халқы 
орыстың  шаруа-жұмысшыларымен  бірге  боларына  кəміл 
сенеміз» (кейін  осы  кезді  еске  алғанда  «революция  болса, 
қолымызға қару алып, революцияшылдармен бір боламыз» 
деп  баяндапты)  деулері  əшейінгі  мəлімдеме  емес  екенін 
кейінгі  өмір  жолдары  айқын  көрсетіп  берді.  Солай  бола 
тұрса  да  Сəкенді  бірден  төңкерісшіл  реюлюционерлер  са-
натына қосуға бола қоймас.
Сəкен  осылай  дегенмен  Омбыдан  демократиялық  ой-
тілек, яғни жұрттың бəрін «теп-тегіс бірдей қылсам» деген 
жалпы  мұратпен  оралады.  Ол  түсініктен 1916 жылғы  ұлт-
азаттық  қозғалыс  кезінде  де  безіне  алмады. «Толқын» 
өлеңі  оған  дəлел.  Қолынан  келері  болмаған  шақта  елде 
жасалып  жатқан  қиянаттардың  бəрін  жіпке  тізіп, «кім 
біледі,  əлі  əділеттік  те  келер,  жауыздардың  да  жазаларын 
тартатын  уақыт  жетер»  дегеннің  өзін  жасырын  атпен 
жазғаны,  Орынборда  «Қазақ»  газетін  шығарып  жатқан 
ағаларына  алаңдағанын, «шіркін,  қазақ  жастары  солдатқа 
барып, əскердің өнерін үйреніп келіп, мылтықпен патшаға 
қарсы тұрса жақсы болар еді-ау» деп ойлағанын «Тар жол, 
тайғақ кешу» роман-эссесінде ашық жазды. Ахмет, Əлихан, 
Міржақыптардың  «Ашық  хатында»  айтылған  пікірге  ден 
қойған кезі де жоқ емес.

68
Сəкеннің  ізін  бақылағандар  «С.  Сейфуллин  в  своей 
книге  «Тяжелый  путь,  трудный  переход»  совершенно 
неправильно оценивает восстание 1916 года и неправильно 
излагает  позицию  националистической  интеллигенции 
и  казахского  байства – он  по  существу  оправдывает  их 
позицию» («Большевик Казахстана» 1932, № 5, 21-бет) деп 
айыптаулары  тегін  емес.  Сондай-ақ, 1917 жылғы  жалпы 
қазақ съездерінің шешіміне де жалтақтап қарайлаған шағы 
аз болмаған.
1917  жылғы  Ақпан  төңкерісі  Ресей  империясының 
езілген  халықтарына  да,  орыстың  өзіне  де  ұлы  жаңалық, 
ғажап  өзгеріс  əкелді.  Енді  оның  əрі  ойланып-толғануға 
болмайтынын  сезген,  кешегі  қазақ  қозғалысына  белсене 
араласа  алмағанына  іштей  күпті,  халық  алдында  кінəлі 
адамдай  сезініп  жүрген  Сəкен  «қуантуға  ел-жұртты  асы-
ғып тез аттанды» да Ақмолаға келіп, саясаттың мыс қазанына 
күмп  беріп  түсіп  кетті. «Патшаның  не  себепті  түскеніне 
алғашқы уақытта қазақ елі түсіне алған жоқ. Бі-рақ қуанды 
(«Тар жол, тайғақ кешу», 1927, 38-бет). «Құрама комитеттің» 
сайлауына тап болған Сəкен қоғамдық іске араласып жүре 
берді. «Қысқасы,  аз  уақытта  Ақмолада  талай  жиналыс 
болып,  талай  рет  комитет  сайлауы  болды.  Сөз  көп,  пəтуа 
жоқ. Жиналыс көп, тиянақ жоқ. Үкімет əлсіз. Жұрттың бəрі 
өзі бек, өзі төре. Жұрттың көбі бостандықты енді өз еркімен, 
өзінше түсіне бастады» (17-бет). Омбы қаласында 1917 жылы 
сəуір  айында  облыстық,  Ақмолада  уездік  қазақ  комитеті 
сайланды.  Омбыдағы  облыстық  қазақ  комитетінен  келген 
Дінмұхамет Əділұлы, Қошке Кемеңгерұлымен Сəкен жəне 
Бірмағамбет  Айбасұлы – төртеуі  уездік  қазақ  комитетінің 
бір  бөлмесінде  құшақтасып  бірге  жатады,  Керен скийдің 
уақытша комиссарын бірге қаралайды, қуы сады. 1916 жылы 
қазақ  еліне  озбырлық  жасаған  екі-үш  болыстың  үстінен 
іс  қозғағандар  «Төлеубайды  облыстық  қазақ  комитеті 
құрамынан шығарыңдар» дегенге облыстық комитет құлақ 
аспаған  соң,  Ақмола  уездік  комитетіндегі лер  секем  ала 
бастайды. «Жас қазақ» ұйымын ашып, оның платформасына 
«Россияның  ең  дұрыс  жобалы  төңкерісшіл  партиясымен 
бірге майданға шығады. Россияның құрама (федеративная) 
республика  болуын  қуаттайды» (1977 ж. 52-бет)

69
деп  жазған  кезде  Ақмоланың  уездік  комитеті  мен  «Жас 
қазақ» ұйымының ауыз бірлігі күшті еді, талай игілікті істі 
бірге тыңдырған-ды.
Ал,  уақытша  үкіметтің  Торғай  облысындағы  төтенше 
комиссары  болып  белгіленген  Əлихан  Бөкейханов  келіп 
жеткенше  Орынборда 2-8 сəуірде  Ахмет  Байгұрсыновтың 
басшылығымен Торғай облыстық қазақ съезі өтіп «Россия 
мемлекеті»  демократиялық,  парламенттік  жəне  орта лық-
танбаған  (децентралистская)  республика  болуын»  қалаған 
шешім  қабылдады. (Қараңыз:  К.  Нүрпейісов.  Алаш  һəм 
алашорда. «Ататек» баспасы, 1995, 95-бет).
Ал, 1–13 сəуір аралығында өткен Жетісу облыстық қазақ 
съезі  мемлекетті  басқару  түріне  келгенде  əскери  генерал-
губернаторлық  билікті  азаматтық  билеумен  алмасты-
рып,  соғысты  жеңіске  жеткенше  жалғастыруға,  уақытша 
үкіметке  бағынып,  оған  қолдау  жасауға  қаулы  қылды. 
Ақмола  мен  Семей  съездерінде  айқындық  жетіспеді. 
Орал  облыстық  қазақ  съезі  мемлекет  билеу  мəселе-
сінде  «Киргазский  народ  приветствуют  идею  демокра-
тической  республики,  оставляя  вопрос  о  национально-
территориальной  федерации  пока  открытым,  в  особую 
феде ративно-демократическую  Республику  с  учредитель-
ного собрания» («Алаш-орда». Составитель Н. Мартыненко. 
«Айқап» 1992, стр. 37. Соңғы  сөйлемінде  бір  құйтырқы 
бар) деп шешті.
Ел-жұртты басқаруға қажетті мемлекет түрі туралы 1917 
жылдың  сəуір-мамырына  дейін  Құрама  (федера тивная) 
республика,  парламенті  орталықтанбаған  (децен тра лис-
тская)  республика  түрлері  айтылып  оның  демократиялық 
сипатын жақтады. Ал, осы жөнінде бүкіл алаш қозғалысы-
на  көсем  болған  Əлихан  Бөкейханов  қандай  көзқараста 
болды деген сауалды тарата баяндасақ, жалпы дүниетаным 
мен көзқарастың, сөз бен істің арасындағы сырлардың шеті 
ептеп болса да ашылып қалуы ғажап емес.
1917  жылы 15 наурызда  Минск  қаласынан  Əлихан 
Бөкейханов бас болған 15 зиялы Қазақстанда əлеумет ісіне 
араласып  жүрген 36 азаматқа 25 адрес  бойынша  жедел 
телеграмма  жолдайды.  Ол  «Қазақ»  газетінің 1917 жылғы 
223  санында  жарияланды. «Россиядағы  барша  халыққа 

70
ағайындық,  теңдік,  бостандық  күні  туды.  Жаңа  құрылған 
үкімет  дүкенін  сүйеу  үшін  қазаққа  ұйымдасу  керек.  Біз 
қалайтын  патшалық  түрі – демократачески  республика, 
яғни,  мал  өсіріп,  егін  салып,  жерге  ие  боларлық  түрі. 
Құдайдан  басқа  ешкімнен  қорықпаңдар!  Түзулікпен  іс 
етіңіздер,  жаңа  үкіметті  сүйеңдер!»  деп  ұсыныс  жасады. 
Қазақ  зиялылары  буржуазиялық-демократиялық  ақпан 
революциясын,  ол  тудырған  уақытша  үкіметті  толық  қол-
дады,  елді  соған  шақырды,  оның  анығырақ  сөзін  Əлихан, 
Мұстафа,  Міржақыптың  «Алаш  ұлына»  жазған  ашық 
хаты əбден айқындай түседі. «Азаттық таңы атты. Тілекке 
құдай  жеткізді.  Күні  кеше  құл  едік,  енді  бұ  күн  теңелдік. 
Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Енді бүгін теңеліп, 
түсімізде  көрмеген  жақсылықты  өңімізде  көріп,  төбеміз 
көкке жетіп отыр» (Қараңыз: Ə. Бөкейханов. Шығармалар, 
«Қазақстан», 1994, 234-бет).  Осы  қуанышқа  кім  жеткізді, 
кімге  борыштымыз  деген  бел  қайыстырар  сауалды  қояды 
да, соның есесін қалай қайтарудың жолын ашық жазады.
«Еккенде  жоқ,  сепкенде  жоқ  қазақ  халқы  бостаншы-
лыққа  ортақ  болып  отырмыз.  Біз  қазіргі  əділ  үкімет,  азат 
Россиямен  бір  тілекте,  бір  кемедеміз.  Кемедегінің  жаны 
бір.  Тілек  бірге  болған  соң,  тірі  болсақ  бір  төбеде,  өлсек 
бір  шұқырда  болуымыз  керек.  Соның  үшін  жаңа  үкіметке 
қолдан  келген  көмегімізді  аямауымыз  керек»  (Ə.  Бөкей-
ханов.  Шығармалар, 235-бет). 1916 жылғы 25 июнь  жар-
лығын  еске  ала  келе  «біздің  жігіттер  соғысқа  əуелде  зор-
лықпен  келсе  де,  енді  орыс  халқының  жақсылары  һəм 
əскері арқасында бостаншылық алған соң, соғыс біткенше 
аянбай  қызмет  етсе,  алған  бостаншылығымыздың  қолқа-
сын  түгел  қайтара  алмасақ  та,  орыс  халқының  алдында 
ұялмас едік. Міне, біздің көмегіміз осы болуы керек. Мұны 
жігіттер  де,  жұрт  та  ойласын.  Алмақтың  да  салмағы  бар. 
Жақсылығына  ортақпыз,  жамандығыңнан  аулақпыз  десек, 
құдайға  қас  болармыз,  жұртшылығымызға  таңба  болар. 
Орыс  халқы  бостаншылық  жолында  жанын  құрбан  қыл-
ғанда, біз терімізді қиялық. Жаңа үкіметтің күшеюіне қыз-
мет қылалық, кешікпей ашылатын Учредельни Собраниада 
һəм Государственный Думада бəйгеге қосылып, жүлде алып, 
халқымыздың бақ-берекесіне жол ашалық» (бұл да сонда) 

71
дегеннің  жалпы  демократаялық  сипатының  астында  талай 
дүдəмал күпті мəселелер жатқаны айтпаса да түсінікті.
Осындай  көзқарас  бүкіл  алаш  қозғалысына,  əсіресе, 
оның  басшыларына  тəн  болғаны  белгілі.  Жалпы  халық, 
жалпы  көмек  дегендерді  ол  кезде  əрқилы  түсінгендер, 
қолына  қару  алып  майданға  шыққандар  болғанын  елемеу 
орынды  болмасы  айдан-анық.  Шырылдаған  шындықтың 
сырын сөзден емес, нақты істен іздеу шарт.
Қазақстанның  мемлекеттік  құрылысы  туралы  мəселе 
бірінші  жалпықазақ  съезінде  шешілді.  Ол 1917 жылы 21-
28  шілдеде  Орынбор  қаласында  өтті.  Съездің  қараған 
бірінші  мəселесі – мемлекеттік  басқару  туралы. «Алаш-
Орда»  деген  құжаттар  жинағында  еш  түсіндірмесіз: 
«1. О государственном управлении. В России должна быть 
демократическая федеративная парламентская республика.
2. 0б  автономии  Киробластей:  Киргизские  области 
должны получить областную автономию, смотря по нацио-
нальным  различиям  и  бытовым  условиям» (46-47-беттер) 
деген  қаулы  беріледі.  Сонда  қалай,  Қазақстан  Россияның 
құрамына  кірген  уақытта  іштей  облыстық  автономияға 
бөлінбек пе?
Жалпы  осы  федерация  дегенді  қазақ  зиялылары  қалай 
түсінді  жəне  ол  жөнінде  кім  не  айтты  деген  мəселені 
Сəкенге  байланыстыруымыздың  бір  сыры  бар.  Біз  кейде 
біреуді  мақтау  керек  болса  бəрін  үйіп-төгіп  соған  таңа 
саламыз,  ал  даттап  қаралағымыз  келсе  оның  бадырайып 
тұрған ізін, қазаққа сіңірген еңбегін көрмей, көз жұмып өте 
шығамыз.  Соның  бір  көрінісі  соңғы  кезде  алаш  қозғалы-
сын  зерттей  бастаған  ғалымдар  арасынан  кездесіп  жатуы 
тарихи  шындықты  тағы  да  бұрмалауға  апарып  соқтырып 
аламыз-ау деген ойды қылаңдатады.
Жалпықазақ  бірінші  съезі  ашылардан  бір  ай  бұрын 
«Қазақ»  газеті  ең  негізгі  мəселелерді,  əсіресе  мемлекет 
түрі мен партия ұйымдастыру туралы жұртқа ой саларлық 
пікірлер  жариялады  жəне  съезге  келген  делегаттар  белгілі 
бір  топтың,  аймақтың,  өлкенің  тұжырымын  ұстай  келуді 
өтінді. «Даярлықсыз адамдардың келгенінен қазаққа келер 
түк пайда жоқ» деп кесіп айтты.
Қазаққа  керегі  «мемлекеттік  автономия  ма,  яки 
уалаяттық  автонония  ма?»  деп  негізгі  сұрақты  қояды  да, 

72
олардың айырмашылығын түсіндіреді. «Мемлекеттік авто-
номия  болса  өз  государственная  думасы  болмақ:  өзіне 
керек  закондарды  сол  думасы  шығармақ;  ақшасын  өзі 
жасап шығармақ; барша шаруашылық ісі: темір жол, почта, 
телеграф  сияқты  істерінің  бəрі  де  өзінде  болмақ.  Жер-
суының билігі де өзінде болмақ. Өз алдына əскер ұстамақ; 
қысқасы,  мемлекетке  керек  жабдықтарын  өзі  жайғастыр-
мақ,  өз  қамын  өзі  жемек« («Қазақ», 1917, 24 маусым, 
№ 234), яғни шет мемлекеттермен қарым-қатынасын жалпы 
мемлекет арқылы жүргізеді жəне онда өкілетті уəкілі ғана 
болады. «Мемлекеттік автономияның бас мемлекетпен жал-
ғасатын  жері  осылар  ғана»  дегендеріне  қарағанда  бүгінгі 
Қазақстан  республикасының  жай-күйі  көзге  елестегендей 
болады.
Ал, «уалаяттық  автономия  болса,  оның  өз  алдына 
ақшасы,  темір  жолы,  почта,  телеграфы,  əскері  болмайды. 
Жалпы-мемлекеттік  Думасына  уəкілдерін  жібереді.  Өз 
думасы  сол  жалпы  мемлекет  Думасында  шыққан  законға 
қайшы  келместей  закондарды  шығаруға  ықтияры  болады. 
Жер-судың  билігі  жалпы  мемлекет  қолында  болады» 
дегені  қазіргі  Ресейдегі  Шешен  мен  Татарстаннан  басқа 
республикаларды еріксіз еске түсіреді.
Жалпықазақ  съезін  шақырудың  дабылы  «Қазақ»  газеті 
мен  ұйымдастыру  бюросының  телеграммасы  арқылы  жə-
не  Шəймерден  Əлжановтың  Сəкенге  жазған  хаты  арқылы 
белгілі болған уақытта, араларына алалық кірмеген «Ақмо-
ла  уездік  қазақ  комитетінің  жалпы  жиналысын  аштық. 
Баяндама жасап, пікір алысқаннан кейін, Орынбор съезінің 
қарайтын  мəселелері  туралы  қаулы  шығардық – деп  еске 
алады Сəкен Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешуінде». 
–  Қаулымыз  «Жас  қазақ»  ұйымының  жобасымен  болды. 
Біздіңше,  ең  зор  мəселе – Россияның  болашақ  үкіметінің 
түрі. Орынбордағы съезге телеграмма соқтық:
«Біз  федеративни  республикаға  ғана  дауыс  береміз. 
Басқа  түрге  қарсы  боламыз».  Біздің  телеграмма  съездің 
ашылуына дəл барыпты». (1977, 61-бет).
Көріп  отырсыздар,  Торғай,  Орал  облыстық  қазақ  съез-
деріндегі  тұжырымдар  жəне  «Қазақ»  газетіндегі  ойлар, 
Ақмоладан жеткен телеграмма, сөз жоқ, съезд мəжілісінде 

73
міндетті  түрде  талқыға  түсуге  тиіс  пікірлер  ғой.  Ол 
жайында  газет  хабарын  кездестірмегендіктен  Сəкеннің 
роман-эссесіндегі мына дерекке айрықша құлақ салған жөн 
сияқты.
«Біздің  телеграмма  съездің  ашылуына  дəл  барыпты. 
Кейбіреулер  осы  федеративни  республиканы  қуаттап  сөй-
лепті.  Съезд  шақырушылардың  ағасы  Бөкейханұлы  кадет 
партиясының  жобасын  съезге  алғызбақ  болыпты,  едəуір 
далбастапты. «Россия  үкіметі  Англия  үкіметіндей  пат-
шасы  бар,  парламентті  болуы  жөн»  деп  таласыпты. «Бұл 
деректі  сол  бірінші  съездің  екі  хатшысының  бірі  болған 
Асылбек  Сейітов  Ақмола  уездік  қазақ  комитетінің  съезін 
өткізуге келгенде жасаған баяндамасында айтқан. «Орынбор 
съезінің  баспаға  басылған  қаулыларын  əкелді.  Съездің 
қалай  болып  өткенін  сөйледі.  Съезде  Бекейханұлдарының 
кадет  партиясының  жобасын  жүргізбек  болғанын  айтты. 
Россия  мемлекетінің  үкімет  құрылысы  ағылшындікіндей, 
конституция  парламентті  болғанын  дұрыс  деп,  ақырында; 
федеративни республикаға көнгенін айтты» (62-бет) деген 
мəні  өте  зор  мəлімдеме  жасаған.  Ал,  осыған  біздің  қазіргі 
зерттеушілеріміз  дұрыстап  назар  аудармай,  съезде  айтыл-
ған  ой-пікірлерді  сараптамай  қаға  берісте  қалдырып,  не 
айналып өтіп жүрген жайы бар. Сөйтіп барлық жоба-жос-
пар  Əлихан  Бөкейхановтың  қолынан  шықты  дегендей 
сыңай танытады.
Бірінші  мəселеде  осындай  ойлар  айтылмаса  күн  тəрті-
бінде он екінші кезекте тұрған партия құру мəселесі тұсында 
айналып  соқпас  еді  ғой.  Тарих  ғылымдарының  докторы 
М. Қойгелдиев: «Съезге қатынасқан бір топ делегат партия 
құру ісіне байланысты сөйлеген Ə. Бөкейхановтан ресейлік 
кадет партиясына қатынасын ашық мəлімдеуді талап етеді» 
(М.  Қойгелдиев.  Алаш  қозғалысы. «Санат», 1995, 303-бет) 
деген  тың  деректі  хабарлады.  Əлихан  Бөкейханов  кадет 
партиясы  құрамынан  шығатынын  бірінші  съезд  өткен 
шілдеде  емес, II жалпы  қазақ  съезінде  айтып, «Қазақ» 
газетінің 23 желтоқсанындағы 256 санында  «Мен  кадет 
партиясынан  неге  шықтым?»  деген  мəлімдеме  жасаған 
болатын.  Осы  уақыттық  алшақтықта  мəн  жоқтай  сыңай 
танытамыз. Жəне Əлекеңнің мəлімдемесіне дейін, яғни 21 
қарашада «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы 
жарияланып қалғаны да қалтарыста қала беруде.

74
Шындығына  келгенде,  жалпықазақ I съезінің  «Қазақ» 
газетінде жарияланған қаулысының сөзімен айтсақ, «Ресей 
демократиялық  федеративтік,  парламенттік  республика 
болып,  қазақ  облыстары  қоныс – ұлт  жігіне  қарай 
облыстық  автономия  алуға  тиіс»  дегенді  оқимыз.  Сонда 
қалай,  бүкіл  Қазақстан  емес, «қазақ  облыстары  қоныс – 
ұлт  жігіне  карай  «облыстық  автономия»  болып,  сиырдың 
бүйрегіндей  қырық  бөлек  болуға  тиіс  пе?  Бұл  шешім 
керегімізді  айта  алмағандық  па,  əлде  пікір  алалығынан 
туындаған бұлдырлық па? Бұған дейін нені болса да айқын 
түсіндіретін  тілдің  орашолақтанып  қалғаны  несі?  Мұны 
ғылыми проблема ретінде терең қазу тарихшылардың мой-
нындағы  міндет  десек,  енді  осы  мəселенің  Сəкендердің 
Алаш  басшыларымен  байланысына,  қарым-қатынасына 
тигізген кесірін айтпай кетуге болмайды, өйткені бұл бүкіл 
қазақ зиялыларының ел болашағы туралы ойларының жол 
айырығы сияқты үлкен мəселе.
Шынын  айту  керек,  Сəкендер  осыған  дейін  алаш  аза-
маттарының  ықпалынан,  айтқанынан  шыға  алмай  келе 
жатқан  болатын. 1917 жылы  тамыз  айында  Ақмоланың 
уездік  қазақ  комитетінің  сайлауы  болды.  Комитетке  «Жас 
қазақтың»  бастықтарынан  ешкімді  кіргізбеді.  Сөйтіп,  ко-
митеттен шығып қалдық. Омбыдан Орынбор съезіне барып 
келген əлгі Ақмоланың облыстық қазақ комитетінен келген 
А.  Сейітұлы  енді  бізді  қуды.  Комитетке  ылғи  байлардың, 
бұрынғы азулылардың, молдалардың адамы кірді (62-бет). 
Кеше  ғана  қазақ  комитетінің  бір  бөлмесінде  құшақтасып 
жатып,  игілікті  істі  бірге  атқарып  жүрген  Қошмұқамбет 
Кемеңгерұлы, Дінмұхамет Əділұлы Омбыға, I қазақ съезіне 
жолданған  телеграмманы  жазған  Бірмағамбет  Айбасұлы 
Атбасарға кетеді. «Жаңарған қазақ комитеті өзінің кім еке-
нін  тезінен-ақ  іс  жүзінде  көрсете  бастады.  Ешбір  пəтуасы 
болмады. Бостандық, теңдік, əділдік іздеген адамдар «Жас 
қазақ»  ұйымына  келетін  болды.  Біз  «Тіршілік»  газеті  мен 
«Жас қазақ» ұйымын күшейте бердік» (63-бет) дейді. Бөліну 
басталып, арасына аңдысу кірді. Əркім өз білгенімен қазақ 
халқына азаттық жолын іздемек.
Сəкендер,  яғни  «Жас  қазақ»  ұйымының  мүшелері 
əуелі  Ақмола  уездік  қазақ  комитетімен  алысты,  өйткені, 

75
ол  «губерниялық  комитеттің  əмірі  бойынша,  елден  ақша 
жинамақ болды. Үй басына жеті жарым сомнан! Байдан да 
жеті  жарым  сом,  кедейден  де  жеті  жарым  сом.  Өздерінің 
батагөйлері,  мың-мың  жылқылы  байлар – Сағынайдың 
Нұрмағамбеті,  Олжабайлардан  да  жеті  жарым  сом,  Ақмо-
ладағы  жатақ  Балапаннан  да  жеті  жарым  сом!» (63-бет). 
Байқайсыздар  ма, 1916 жылы  да,  Ақпан  революциясы 
тұсында да.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет