Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4133
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
первой очеред-
ной задачей нашей партии.
Борьба  за  ликвидацию  фактического  неравенства  на-
цио нальностей, борьба за поднятие культурного и хозяис-
твенного уровня отсталых народов является второй очеред-
ной задачей нашей партии.
Поскольку  пережитки  национализма  является  своео-
бразной формой обороны против великодержавного шови-
низма,  поэтому  борьба  с  националистическими  пережит-
ками  и  прежде  всего  с  шовинистическими  формами 
этих  пережитков  является  третьей  очередной  задачей 
нашей  партии» (XII съезд  РКП(б)  Стенотчет.  М., 1968, 
694-беттер)  деген  тұжырымдарды  Сəкен  өз  құлағымен 
естіп,  көзімен  оқығаннан  бері  көптен  ойында  жүрген, 
оның шет жағасын «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» 
деген 1923 жылы 15 ақпанда  жариялаған  мақаласында 
сездірген,  А.  Байтұрсыновтың  ұлылығы  «оқу  һəм  тіл  құ-
ралдарын  жасап  беруінде»  деп  білген  Сəкен  Орынборға 
орала  сала XII съезд  шешімдерін  қауырт  насихаттауға 
кірісті,  əсіресе: «д)  органы  национальных  республик  и 
областей  строились  по  преимуществу  из  людей  местных, 
знающих  язык,  быт,  нравы  и  обычаи  соответствующих 
народов;  е)  были  изданы  специальные  законы,  обеспечи-
вающие употребление родного языка во всех государствен-
ных  органах  и  во  всех  учреждениях,  обслуживающих 
местное  национальное  население  и  национальных  мень-
шинств – законы,  преследующие  и  карающие  со  всей  ре-
волюционной  суровостью  всех  нарушителей  националь-
ных прав» (сонда, 696-бет) дегені көкейіндегі көп ойларды 
жүзеге  асыра  алмай  жүрген,  отаршылдардың  өктемдігін 

114
жарамсақтанумен  еселеп  жүрген  қазақ  коммунистеріне 
деген  ызасын  сыртқа  шығара  алмай  тұншығып  жүрген 
Сəкен  ерекше  қуанып,  қолына  қалам  алды.  Мəскеуден  əрі 
шабыттанып  əрі  шамырқанып  оралды  да,  алдымен 1923 
жылы 1 мамырда  «Ұлт  мəселесі  туралы  баяндама»  деген 
атпен  И.  В.  Сталиннің  съезде  жасаған  баяндамасының 
сүбелі  тұстарын  қазақтарға  түсінікті  тілмен  өзінше  тол-
ғап  жеткізді. «Руссияда  жаңа  шаруашылық  саясатын 
(НЭП)  жүргізгеннен  бері  орыстың  ұлтшылдығы  өсе  бас-
тады.  Деникиннің  істей  алмаған,  əжетке  шығара  алма-
ған,  бұрынғы  «Ұлы  Руссияны  бөлмей-жармай,  тұтас 
сақтау»  пікірі  қазіргі  уақытта  еппен,  білдіртпей  əжетке 
шығармақ  тілек  те  бар»  деп  ескертіп, «жолдас  Сталиннің 
бұл  қорытынды  баяндамасын  Қазақстан  тəрізді  шет 
республикадағы  коммунистер  көбірек  оқулары  керек» 
деген  ұсыныс  жасайды.  Қаулыны  əрі  түсіндіре  беру  үшін 
27 мамырда «12-ші партия жиналысы ұлт мəселесін дұрыс 
шешуге  жаңа  жоба  көрсетті», 1 маусымда  «Партияның 
12-ші  жиналысының,  қарарларын  іске  асыруға  кірісу 
ке рек»  деп  негізгі  мəселелерге,  оның  ішінде  кеңселерде 
істі  қазақ  тілінде  жүргізу  проблемасына  біртіндеп  дайын-
дық  жасады.  Əсіре  солшылдарды  шошытып  алмау  үшін 
бомба сипатты мəселеге олардың құлағы мен көзін үйретіп 
алайын  деп  жалпылама,  жанға  оңша  тимейтін  жайлардан 
бастады.
«Біз  ұлтшылдықпен  (национализм),  отаршыл  өзімшіл-
дікпен  (шовинизм,  колонизаторство)  қатар,  бірдей,  тең 
күресу керек деуші едік. 12-ші партия жиналысы бізден де 
əрмен,  бізден  де  қатты  кетті. 12-ші  партия  жиналысының 
ұлт  мəселесі  туралы  белгілеген  жобасы  өте  қолайлы» 
(5, 356) деп  қуанды  Сəкен.  Өйткені, «12-ші  жиналыстың 
айтқандарын  орнына  келтірсек,  коммунист  партиясының 
бұрынғы кемдік көріп қалған Россиядағы уақ ұлттар былай 
тұрсын,  күллі  күншығыс  халықтарына  алақаны  жайы-
лады. Сонда ғана совет үкіметінің негізі бекіп, жер дүниеге 
қанатын еркін жаяды» (5, 361) деген көтеріңкі көңіліне қа-
рағанда Сəкеннің таяу арада жақсылық орнай қалатынына 
еш шүбəсі болмағанын, баладай сенгендігін көреміз. Өзінің 
адалдығы  мен  пəктігін  елге  осылай  танытқан  Сəкен  өз 

115
өмірінде  ғана  емес,  бүкіл  қазақ  тарихыңда  болмаған  іске 
бел буды.
Сəкен  қайраткерлігіндегі  елге  де,  өзіне  де  бір  сəтті 
шақ – қолындағы билікті журналистік қаламының ұшқыр-
лауы,  яғни  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  жауапты  редакторы 
міндетін  қоса  атқаруы,  сөз  бен  істің  арасын  ажыратпады, 
қайта көңілдегі ойды нақты іске айналдырып отыруы болды. 
Жəне  редактор  болған  соң  ешкімнің  қырнап-сырнауы-
на,  тігісін  жатқызуға  мүмкіндігі  болмай,  Сəкен  айтамын 
дегенін  екі  жарым  жылдай  цензурасыз  айтты,  ешкімнің 
аузына қарамай, рұқсатын күтпей өзінің елге айтпақ пікірін 
тоқтаусыз, редакциясыз жеткізіп отырды.
Сəкен  шығармалары  жинағының  томы  мен  бетін 
көрсетпей  ай-күн  жəне  мақаланың  аттарын  атап  отырға-
нымның  мынандай  сыры  бар. 1960–1964 жылдары  Сəкен 
шығармаларының алты томдығын баспаға даярлаған кезде 
Е.  Ысмайылов,  М.  Базарбаев,  əсіресе  баспаның  бас  ре-
дакторының  орынбасары,  атақты  ақын  Тайыр  Жароков 
пен ресми редактор Асқар Лекеровтер сол кездегі идеоло-
гия лық  көңіл-əуенге  бағып,  Сəкеннің  советтік  баспасөзде 
жарияланған дүниелерін қайтадан басуға тəуекелі жетпей, 
көптеген  шығармаларын  алып  қалған  еді.  Заманы  туған-
да  мен  соларды  қайтадан  тірілтіп,  өз  архивімнен  алып, 
Сіздерге  ұсынып  отырмын.  Сондай  «қаһарға»  ұшыраған 
материалдардың ішінде қазақ тілінің тағдыры үшін күрес-
тің  алғашқы  қарлығашы  болған  «Кеңсе  істерін  қазақ 
тілінде жүргізу керек» деген атпен 1923 жылы 9 маусымда 
«Еңбекші  қазақ»  газетінде  жарияланған  мақаладан  едəуір 
үзінді  келтірмекпін.  Себебі  тіл  үшін  күрес  кімнің  кім 
екендігін,  кімнің  қандай  ойы  барын  айқындап  беретін 
қажетті саяси құжат.
«Коммунист  партиясының  жалпы  Россиялық 12-ші 
жиналысының (XII съезд – ред.)  ұлт  мəселесін  дұрыс 
шешуге  жол-жобалар  белгілегенде  істеген  қарарларының 
бірі: «бұрынғы  кемдікте  болған  уақ  ұлттардың  республи-
каларында,  мекемелерде  барлық  үкімет  істерін  сол  ұлт-
тың  өз  тілінде  жүргізу  керек»  деген  қарары  болды»  деп 
Сəкен  кеңінен  толғауға  кіріседі.  Егер  ұлт  тілі  кеңседе 
қолданылатын  болса,  онда  «зор  болып  қалған  ұлтпен» 

116
терезесі тең болары сөзсіз, бірақ оны жүзеге асыра қою көп 
күшті, жігерді талап етеді.
«Əрине, қазақ кедейінің тəнінің, жанының қандай жер-
лерінде  қандай  жараларының  бар  екенін,  қандай  дерт-
терінің  бар  екенін  білетіндер – қазақтың  тілін,  ғұрпын, 
əдетін,  тұрмысын  білетін  қазақтан  шыққан  коммунистер. 
12-ші партия жиналысының бұл қарарын іске асыруға түрлі 
лаж көрсетіп, бұл іске өздері білектерін сыбанып, белсеніп 
кірісуге  сол  қазақтан  шыққан  коммунистер  ең  алдымен 
міндетті.
Əрине, қазақ бұрынғы өгей əкеден қорлық көріп қалған 
жетім бала. Жетім бала көпке шейін бір түрлі қорғалауық, 
жасқаншақ,  қорқақ  болады»  деп  Сəкен  ағынан  жарылады 
да,  қазақ  коммунистері  «ірі  жұмысқа  қасқайып  кірісіп, 
серке  болып  бастай  алмай  отыр»  деп  күйінеді,  осындай 
шешуші  сəтте  «бұл  жұмысқа  барлық  күшін  салып,  қазақ 
коммунистеріне  жəрдем  беретін  жерінде  жəрдем  беріп, 
бастайтын  жерінде  бастап  отыру  орыс  коммунистерінің 
міндеті.  Олай  болса,  тарих  алдында  жауапты»  деп  көңіл 
жықпас  көпшік  пен  салмақты  үлкен  ауылдың  балаларына 
сенімділік  белгісін  көрсеткен  болып  отырып,  негізгі  іске 
кірісудің  жолын  бағдарлайды. «Істі  қазақшаға  аударуды 
ауылдан,  болыстан,  ауданнан  бастау  керек»  деп  алады  да 
«болостной исполкомдарда істі қазақ тілінде жүргізу үшін 
уездерде соларға кісілер даярлап жіберетін курстар ашылу 
керек»,  солардың  жəрдемімен  аудан,  облыс,  республика 
мекемелеріне  қатынас  қағаздарын  қазақ  тілінде  үзбей  жі-
беріп  тұру  керек. «Қалалардағы  мекемелерде  қазақша  хат 
білетін  кісі  жоқ.  Сол  себепті  орысша  жазу  дұрыс  деген 
сөзді  тастау  керек»  деп  ескертеді  де, «қаладағы  мекеме-
лерге  қағазын  қазақша  жазып  отырса,  қала  өздігінен 
қазақша»  үйренеді,  сөйтіп  кеңсе  ісі  қазақшаға  біртіндеп 
көше  бастайды,  сонда  ана  тілінің  қадірі  артып,  еңсесі 
көтеріледі,  ресми  сипатқа  ие  болады  деп  білді.  Үлкен  де 
ауыр  əрі  саяси  астары  күшті  істі  бастап  отырғанын  Сəкен 
білді. Қаншама жұмыс басты болып жатса да, бұл мəселені 
тиянағына  жеткізуге  бел  байлады  жəне  оны  өзім  ғана 
атқарамын, сөйтіп абырой-атаққа кенелемін деп ұққан жоқ.
«Мекемелерде  істі  қазақ  тілінде  жүргізу  бір  кісінің 
айтуымен  болатын  нəрсе  емес,  көптің  күшімен,  жалпы 

117
ынтамен,  тегіс  жұмылумен  болатын  нəрсе.  Қазақтың  шын 
еңбекшіл  табы  шын  қатарға  кірсін,  өз  тізгінін  өзі  алсын 
деген  азамат  бұл  іске  жан  аямай  кірісуі  керек.  Бұған 
жергілікті мекемелер не айтар екен, не істер екен, күтеміз», 
деп  Сəкен  өз  халқына  шындап  еңбек  сіңірудің  жолын 
көрсетіп,  жолдастықпен  өтіне  отырып,  жасқаншақ,  қорқақ 
болып  қалғандарға,  совет  елінде  «күллі  тілдің  бəрі  бірдей 
жүреді  деген  закон  бар»,  сескенбе  деп  қайраттандыруды 
ұмытпайды.  Ана  тілін  ардақтап,  оның  ресми  дəрежесін 
көтеру қажет екенін ұғындырады.
Арасына 16 күн салып екінші мақаласын жазды. Тегін-
де,  жора-жолдастарымен,  ресми  мекемелермен  сөйлескен 
болуы  керек,  енді  нақты  іске  кірісер  сыңай  байқатады. 
«Кеңселерде  істі  қазақ  тілінде  жүргізуге  кірісу»  деген 
мақаласын 25 маусымда  басып  шығарды.  Сөз  саптауы  да, 
айтары  да  алғашқыдан  өзгеше. 12-съезд  «əрбір  аймақта 
қай  халық  көп  болса,  сол  аймақтың  кеңселерінде  іс  сол 
жергілікті  көпшілікті  халықтың  тілінде  жүрсін»  деген 
қарар  шығарды  дейді  де  «бұл  іске  шындап  жəрдем  қыл-
маған  кісі  не  еш  нəрсені  түсінбейтін  адам,  не  еңбекшіл 
табына һəм революцияға шын дос адам емес деп көрсетеді. 
Олардың  жүрегі  жарылып  кетседе  «кеңсе  істерін  қазақ 
тілінде  жүргізуге  қəзір  Қазақстан  үкіметі  кірісіп  жатыр» 
деп  нығырлайды  да,  ішкі  істер  жəне  сот  комиссариаттары 
«Күллі  Қазақстанға  жарлықтарын  жібермек  болып  жа-
тыр», ал жұмыскерлер факультетінде оқып жатқан жастар 
өз  губерниясындағы  мекемелерге  көмектесуге  жіберілмек 
деп  хабарлайды,  тапсырманы  дұрыстап  орындауларына 
сенім  көрсетеді. «Қайда  оқып  жүрсе  де  қазақ  жігіттерінің 
бəрі  де  істі  қазақ  тілінде  жүргізуді  білулері  қажет»  екен-
дігін  ескертіп, «бұл  күнге  шейін  қадірсіз  болып  келген 
қазақша  хат  білетін  адамдардың  бағалары  артады.  Жұрт 
оқуға ынталырақ болып кіріседі» деп жарқын болашақпен 
қызықтырады.
Үш  күннен  кейін,  яғни 28 маусымда  «Қызметкерлер 
даярлау»  деген  практикалық  мəні  зор  ойын  жариялады. 
Сəкен  жалпы  оқу-ағарту  жөніндегі  армандарын  нақты 
іспен,  яғни  кеңседе  қазақ  тілін  жан-жақты  қолданатын 
мамандарды  даярлау  мəселесімен  сабақтастырады.  Хат 

118
білетін  адамдарды  көбейту  үшін  талай  курстар  ашып 
жатқан  тəжірибеге  сүйеніп, «ағыны  тығыз  заманымызда 
екі, үш айда əр түрлі қызметте жүрген хат білетін адамдар-
ды  жинап  алып,  курстерде  оқытып,  керекті  қызметкер-
лер  даярлап  шығару  өте  тығыз,  өте  керекті  іс» (5, 373) 
деп  жанықты.  Орталық  пен  жергілікті  жерлердегі  саналы 
бастықтардан  осы  курсты  тез  ашып,  іске  кірісулерін  өтін-
ді.  Басқа  оқу  орындарының  студенттері  мен  шəкірттеріне 
негізгі мамандығына қоса «Қазақ тілінде іс жүргізуді үйрете 
кету»  қажет  екендігін  де  ескертті. «Барлық  губерниялық 
исполкомдар  қазақша  хатшылық  курстер  ашулары  керек» 
деп  нұсқау  берумен  қатар, «Барлық  Қазақстан  жалпы 
ынтамен кіріссе, қызметкерлер даярлау ісі тез алға баспақ» 
деген жалынышты тілегін айтудан ұялмады.
Енді  бес  күннен  кейін,  яғни 3 шілдеде  «Қазақстанның 
губерниялық  һəм  уездік  исполкомдары  төреағаларына» 
қазақ  азаматтарын  қызметке  тарту  жөнінде  құлаққағыс 
қылды.  Бір  ай  он  екі  күннен  кейін,  яғни 15 тамызда  «Не 
қылдыңдар?»  деп  сауал  қойды.  КирЦИК-тің  үшінші  сес-
сиясында «Қазағы көп жерлерде мекеме істері қазақ тілінде 
жүрсін,  алдымен  болыстардан  басталсын»  деп  қаулы 
қылды  жəне  бірнеше  комиссариаттар  тығыз  бұйрықтар 
жазып,  демалысқа  шыққан  оқушылар  мен  студенттерді 
жіберіп жатыр деп хабарлады. Жер-жерде «қазақ еңбекшіл 
табының  шын  ілгері  басуын,  шын  көркеюін,  гүлденуін 
ойлаған қайратты азаматтар болса, бұл тарихи іске белсеніп 
кірісер» (5,382) деп  үміттенеміз,  өйткені  Ақмола,  Семей, 
Бөкей,  Қостанайлардан  жайсыз  хабарлар  жетіп  жатыр 
дегенді де жасырмады. Алайда, «бұған жалпы ынта, қажы-
мас  қайрат  керек»  деп  жігерлендіреді  де  «келесі  жалпы 
жиылыста  губерниялардағы,  уездердегі  қызмет  басын-
дағы Жігіттерден бұл іс туралы не қылғаны жөнінде əйгілі 
жауап  алынбақ,  олар  лайықты  жауаптарын  даярлай  беру-
лері керек» (5,383) деп сес көрсетіп те қойды. III сессияда 
негізгі  мəселе  қатарында  «Қазақстан  мекемелерінде  кеңсе 
істерін қазақ тілінде жүргізу туралы баяндама» тыңдалып, 
«қазіргі толғағы піскен бір зор тарихи мəселе» екені (5,400) 
атап көрсетілді, арнайы курстар ашу жөнінде қаулы шыға-
рылды.

119
Сегіз  күн  еткеннен  кейін,  яғни 19 қыркүйекте  «Қазақ-
с танның  заң  комиссариатына  теңеліңдер»  деп  жігерлі 
де  ұлтжанды  азаматтарды  көтермелеп, «Қазір  заң. 
комиссариаты  сот  кеңселерінде  жазылатын  түрлі  қаулы, 
қарар,  билік,  кесім,  тексеру,  анықтау  һəм  басқа  нұс-
қаларын  қазақша  баспаға  басып,  Қазақстанның  барлық 
губерниясына  жіберейін  деп  жатыр.  Екпінді  ынта,  шын 
ниет  болса  бірте-бірте  жүріп  кетпек.  Өрнек,  үлгі  болған 
заң комиссариатына теңеліңдер!» деп болайын деп жат қан 
игі  істі  атқарушыларды  қанаттандырды.  Ал  қайдағы  бір 
себептерді  өзінің  жігерсіздігіне  перде  қылып  жүргендерді 
жерлеп  те  өтті. «Ынтасыз,  көңілсіз  іске  сансыз  бөгет, 
сансыз  уайым  табуға  болады.  Бірақ  себептің  ең  үлкені – 
іс  басындағы  адамдардың  бұл  іске  шындап  кіріскен  ниет-
терінің  жоқтығы,  ынталарының  жоқтығы»  қол  байлау  бо-
лып келе жатқандығын өкіне, ренжи баяндады.
Осындай  ерен  еңбек  етіп  жүргенде  Сəкенді  сөзге 
қалдырушылар,  əсіресе  орыстың  шовинистік  пиғылдағы 
коммунистеріне  сыбырлаушылар,  бұрмалап  жеткізушілер 
табылған  шақта  Сəкен  қатты  шамырқанып, «біздің  қазақ 
коммунистерінің  қазақ  тілі  туралы  қатты  кірісуге: «біреу 
ұлтшыл  деп  айтады...»  деп  бой  тартады.  Бірақ  бұл  қулық, 
бұл – коммунистік қылық емес, ол – жарамсақтық, жағым-
паздық.  Кейбір  сасық,  жалмауыз  демагог  өзін  «жақсы 
ком мунист  екен»  деп  айтсын  деп  қазақ  тілін  кіргіземін 
деп  жүрген  белсенді  адамдарды: «анау,  ұлтшыл,  мынау 
ұлтшыл»  дер.  Бірақ  ондай  сасық  демагогтар  коммунистік 
партиянын  Орталық  Комитетін  «ұлтшыл»  деп  айта  алмас, 
– деп бір-ақ кесті.
Өзінің  көріп-біліп,  естіп  жүргендерін  аты-жөнімен 
атамасада,  кежіргісі  кері  тартқан  шенқұмарларды  мықтап 
шенеді.  Тегінде,  партия  комитеті  тарапынан  екпіндете 
бермесеңдерші  деген  ескерту  болды  ма,  жоқ  па,  декрет 
қабылдайтын  Орталық  Атқару  Комитетінің  Төрағасы 
Сейтқали  Меңдешев,  оның  хатшысы,  Сəкеннің  жан  жол-
дасы  Жанайдар  Садуақасов  тартыншақтай  беріп,  түрлі 
қауіп-қатерлерді айтқандары да жоқ емес.
Басталған  істі  тиянағына  жеткізу,  əсіресе  бүкіл 
қазақ  халкының  еңсесін  көтеріп,  ел  екендігін,  ешкімге 

120
жалтақтамай,  басқалармен  қатар  тұра  алатын  жұрт  екен-
дігін  нақты  кезге  көрсететін  мəселені  түбегейлі  шешу 
қажеттігі  Сəкеннен  ерекше  жігерлі  қимылды  талап  етті. 
Республика  басшыларының  бірі  болғандықтан  оның  сөзі 
елеусіз  қалмайтынын  жəне  біраз  адамға  өзінің  абырой-
атағымен  ықпал  жасай  алатындығын  ескеріп,  тезірек  дек-
рет  шығаруға  күш  салды.  Газеттегі  мақала,  əр  жиындағы 
сөздер нақты іске айналу үшін өкімет шешімі керек болды. 
Қазақстан  Халық  Комиссарлары  Кеңесі  мен  ынталы  ха-
лық  комиссариаттарының  табанды  талабы  нəтижесінде 
Қазақстан  Орталық  Атқару  Комитеті 1923 жылы 22 қара-
шада  кеңсе  істерін  қазақ  тілінде  жүргізу  туралы  декрет 
қабылдады. Оның толық тексті «Ана тілі» газетінде 10.01.91 
жылы жарияланды. Қазақ жəне орыс тілдері мемлекет тілі 
болып жарияланып, 1924 жылдың 1 қаңтарына шейін қазағы 
басым  жерлерде, 1924 жылдың 1 шілдесінен  былай  қарай 
бүкіл  Қазақстанда  кеңсе  істері  қазақ  тілінде  жүргізілетін 
болды.  Оның  жүзеге  асуын  бақылап  отыратын  орталық 
комиссия құрылып, Ж. Садуақасов басқарды.
Ел  үшін  еңіреп  туған  азамат  Сəкеннің  осы  шешімнен 
кейін  «тəубе»  деуіне  болатын  еді,  өйткені  басқа  шаруа- 
лары  да  басынан  асып  жатқан-ды.  Қазақ  мінезін  жақсы 
білетіндігін  ол  тағы  да  танытты. «Лап  бергіш,  жалт 
бергіштер» істің ауырлығын сезгеннен кейін қажыры қай-
тып,  басталған  игі  істі  қожыратып  алмау  үшін  амалсыз 
«ба қылаушы, қозғау салушы» рөлін атқаруына тура келді. 
Декрет  алынғанына  бір  ай  толғанда,  яғни 22 желтоқсанда 
«Кеңселерде қазақ тілін жүргізу» деген мақаласын жазды. 
Декреттің  «іске  асуы,  ғаламға  койылуы  зор  қиындықпен 
болып  жатқанын»  жасырмай  ашына  айтып,  оқығандар-
дың, кеңсе ісін жүргізе алатындардың аздығы қол байлап, 
қызметкер жалдауға мекемелердің кедейлігі, «орыс пен қа-
зақ  аралас  отырған  жерлердің  кеңселерінде  қазақша  һəм 
орысша  жазуды  бірдей  білетін  адамдардың»  кемшіндігі, 
бұрынғы ескі əдетпен орысшаға бейім тұратындардың көп-
тігі ілгері бастырмай келе жатқанын санап өтеді де, білімі 
барлардың  кеңсе  ісінен  қашқақтау  себебіне  тоқталады, 
тіпті  игі  істің  өріс  алуына  кедергі  жасап  жатқандары  еске 
түскенде қаһарланып кететін тұсы да жоқ емес.

121
Мұндай  жаман  əдет  «бұрынғы  заманда  патшаның, 
ұлықтарынан өте қаймығып, сол ұлықтарға өте қатты жағы-
нып  қалған  жерлерде  һəм  өздері  сол  патшаның  əр  түрлі 
«ұлығы»  болудың  жолына  қаттырақ  түскен  жерлер  де  кө-
бірек  сезіледі.  Мəселен,  Орал  губерниясында  орысша 
орта  дəрежелі  мектеп  бітірген  елу  қазақтың  списогі  казір 
менің  қолымда.  Бұлар  қызметтен  қашып  елде  жүргендер. 
Мұндай сұмырайлар талай жерде бар» деп шүйлігеді. Өйт-
кені,  бірді  екі  ете  алмай,  игі  істі  алып  кетер  білікті  адам-
дарды  таба  алмай  жатқан  тұста  кейбір  оқығандардың 
аңысын  аңдып  жатуы  Сəкенді  ашындырған,  ащы  сөз  айт-
қызған. Осылайша шамырқанған Сəкен осы декретті «іске 
ассын деген азаматтардың міндеті: 1. Өзі совет кызметінде 
Қазақстанда  жүріп  қазақша  сөйлеуді,  қазақша  жазуды 
менсінбейтіндерді  үйрету  (орыстармен  қатар  қазақша  біл-
мейтін  қазақтарды); 2. Жұрт  қатарлы  ақы  алып,  қызмет 
қылудан  қашып  жүрген  сұмырайларды  қай  ретпен  болса 
да  іске  жегу; 3. Хат  біліп,  кеңсе  ісін  білмейтіндерді  тез 
үйретіп қызметке салу» керек деп нұсқау берді.
Ұсыныс жасап, нұсқау беру оңай, ал оны нақты іске ай-
налдыру қиын екендігін Сəкен ешқашан ұмытқан емес жəне 
бастаған  істі  орта  жолда  қалдырып  кетуге  ешуақытта  ары 
жетпеді.
1924  жылы 5 ақпанда  Мəскеуде  оқушы  қазақ  жас-
тарымен Күншығыс университетінде кездескенде «Осы ян-
варьдың бірінен бастап іс жүргізуге декрет шығардық. Əр 
болыстарда,  уездерде  қазақ  тілі  жүре  бастады»  деп  қуана 
хабарлап, қиындықтың көбін жеңуге болатындығын айтты. 
Ұлттық сезімдерін оятты, жастар қуана қол соқты.
1924 жылдың 17 наурызында, қазақ тілін кеңсеге жаппай 
кіргізерден  үш  ай  бұрын  Қазақстанның  губерниялық  һəм 
уездік комитеттерінің төрағаларына «Еңбекші қазақ» газе-
ті  арқылы  «Ашық  хат»  жазды. «Бостандық  туы», «Қызыл 
ту», «Қазақ  тілі», «Тілші»  газеттері  қайталап  жариялады. 
Алайда  облыстық  партия  комитеті  түсіндірме  қатынас 
қағаз жазбай безірейді.
Қазақ тілін мекемелерде жүргізу «рас, шынында да оңай 
емес, азғантай жерлерде болмаса, қазақ тілі əлі де қазақтың 
өз  аузында.  Кей  жерлерде  қазақ  тілін  кеңсеге  кіргізбек 

122
түгіл,  қазақ  азаматы  аузын  ашатын  емес.  Тіл – жұмылған 
ауыздың  ішінде»  деп  қамығады,  бірақ  жасымайды.  Осы 
игі іске басшы болудың орнына, «жақсы атты болу үшін» 
жарбаңдап жүргендерді мықтап бір сөгіп алады да, жалпы 
жігер мен ынтаны арттыруға жалына өтінеді.
«Менің Сіздерден сұрайтыным мынау:
Əр  губерниядағы,  əр  ұядағы  қазақша,  орысша  жазу 
білетін  адамдардың  тез  есебін  алыңыздар  һəм  қандай 
адам  қандай  қызметке  жарайтынын  анықтаңыздар.  Тиісті 
анықтамалары мен тізімдерін бізге жіберіңіздер». Осы істі 
аяғынан  тұрғызып  жіберуге 3–4 мыңдай  адам  керек. «Тез 
һəм  шындап  іздесе  табылады.  Бірақ  сонша  адам  табыл-
ғанша қазақ тілін кеңсе істеріне кіргізу жұмысын тоқтатып 
қоймай,  үсті-үстіне  істей  беру  керек.  Қазақ  тілін  сіздер 
төменнен жоғары қарай жүргізіңіздер. Біз жоғарыдан төмен 
қарай  жүргізейік» (4 т. (281) деген  жалынышты  да  əмірлі 
сөзін жазды. Сондағы бар мақсаты, бар арманы біреу ғана: 
«қазақ  кедейлері  өз  тілінде  жазылған  бұйрық,  жарлық, 
декрет,  закондарды,  жобаларды,  нұсқаларды  яки  өзі  оқып, 
яки тыңдап, өз мұңын өз тілінде айтып, қатарға кіруі» (4.282).
Қазақтың  өзгелермен  терезесі  тең  болып,  ақысын  бас-
қаға  жегізбейтін  мəдениетті  ел  болуы  ғана  Сəкеннің 
көздегені.  Осыны  ұлтжандық  де  мейлің,  ұлтшылдық  те 
мейлің,  отаншылдық  де  мейлің,  əйтеуір  халқына  қарлы-
ғашша  қанатымен  су  таситын,  соның  құлы,  жегіндісі 
болайын  деген  тілек  қана.  Ол  үшін  Сəкен  бар  абырой-
беделін  де,  күш-жігерін  де  аямады,  тіпті  басқалармен 
алакөз болған сəті де аз емес. Жасыратыны жоқ, ең алды-
мен  орынсыз  тартыншақтанып,  сақтық  жасаған  Орта-
лық  Атқару  Комитетінің  Төрағасы  Сейтқали  Мендешев ке 
ренжіген  сəті  де  бар.  Оны  талайлар  пайдаланып,  шы-
бық қа  сырғауыл  байлап  РКП  (б)  Қазақстан  облыстық 
комитетінің  бірінші  хатшысы,  Орынбор  жүмысшысы 
Г. А. Коростелевке жеткізді. Қазақтың тілі жөнінде Сəкен-
нің  осыншама  жаныққаны  оған  онша  ұнай  қойған  жоқ, 
жүре тындауға айналғанда ашық сөйлесіп, түсінісе алмады. 
Аралары  алшақтай  берді,  араға  кіркілжің  кірді.  Сəкеннің 
көп мəселеде жалғыз қалып қоюы көбейді.
Сонда  да  қазақ  тілін  кеңсеге  тездетіп  кіргізу  мақ-
сатынан  таймай,  Орталық  комиссияның  төрағасы,  Жанай-

123
дар Садуақасовқа қоярда қоймай жүріп декреттің бір жыл-
дығында не істеліп жатқанын білу жəне тежегіш күштерді 
ығыстыру,  істі  қозғап  жіберу  үшін  комиссия  отырысын 
шақыртты.
Қазақ  республикасы  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің 
Төрағасының  өзі  баскөз  болған  іс  алғашқы  нəтижесін 
бере  бастағанмен  мықты  қарқын  алып  кетпеген  соң 
КирЦИК  жанынан  құрылған  «Кеңсе  істерін  қазақ  тілінде 
жүргізу  жөніндегі  Орталык  комиссияның»  кезектен  тыс 
баяндамасын  тыңдау  қажет  деп  табылды.  Өйткені,  қа-
зағы  басым  жерлердегі  жұмыстың  қарқыны  мардымды 
бол мағаны  былай  тұрсын,  белгілі  қарсылықтар  жасалып 
жатқаны  білінді,  ілгері  басқан  аяқты  кейін  шегеруге  ты-
рысқандар табылды.
Қазақ тілін кеңсеге енгізуге дем беріп, екпін бітірмекке 
жан  салған  Сəкен  тіпті  өзінің  қанды  көйлек  жолдасы 
Жанайдармен  «сылбыр  қозғаласың,  басқалардан  үйренген 
сақтығыңды жасайсың» деп түс шайысқан сəті де болды. Тіл 
үшін,  халықтың  жаны  үшін  кездескен  қиындықты  жеңуге 
бел байлаған Сəкеннің дүмпуімен КирЦИК-тің Үлкен Пре-
зидиумында 1924 жылы 6 наурызда  болған  мəжілістегі 
əңгімені  бүгінгі  біздерге,  əсіресе  басшы  азаматтарға  үлгі 
болсын деген ниетпен əдейі мазмұндап беруді қажет санап 
отырмын. (Бұл  тексті  «Қазақстан»  баспасы 1967 жылы 
менің  «Қызыл  сұңқар»  атты  кітабымнан  алып  қалған-ды 
жəне  бұл  материал  Қазақстан  орталық  архивінің 5-қоры-
ның 7-ісінің 11–28-беттерінде хатталып жатыр).
Кеңсе  ісін  қазақ  тілінде  жүргізу  жөніндегі  Орталық 
комиссияның  төрағасы  Жанайдар  Садуақасов  губерния-
лық  комиссиялар  құрылғанын,  əскери  жəне  қаржы  меке-
мелерінен  басқа  комиссариаттарда  қазақ  тілінде  іс  жүр  гі -
зуге  болатындығын,  қазақ  халқы  басым  мекендеген 
болыстардың  көпшілігінде  қазақ  тілінде  іс  жүргізіле  бас-
тағанын, оларға қосымша штат берілгендігін, ал Баянауыл 
мен  Карқаралыда  бұл  іске  мəн  бермей,  қарсылық  жасау-
шылардың табылғанын айтады.
Баяндамадан  кейін  Авдеев: «кеңсе  ісін  қазақ  тіліне 
көшірудің  белгілі  мерзімі  бар  ма?»  Жангелдин: «Қарқара-
лыда қарсылық жасап жатқандар кім?», Саматов: «Түркістан 

124
республикасының  өз  декретін  Мəскеуге  бекіттіріп  алуына 
не  себеп  болды?»,  С.  Сейфуллин: «Павлодар  мен  Бұқ-
тырма аудандарының қазақ тілінде іс жүргізбей отырғаны 
қалай?» – деген сұрақтарына жауап берілген соң, əркім өз 
пікірін ортаға салды.
Əліби  Жангелдин  «комиссияның  алған  бағыты  дұрыс, 
ал  Саматов  жолдастың  орталықта  қазақ  тілін  қолдану-
дың  қажеті  аз  дегеніне  қосыла  алмаймын.  Ал  Қарқаралы 
мен  Баянда  өздері  осы  іске  басшы  болатын  мекемелер 
қарсы  болып  отырса  керек.  Ондайларға  бұл  істің  мəнін 
айқын  түсіндірген  абзал»  деп  сөйлесе,  Халық  Комиссары, 
Президиум  мүшесі  Авдеев  «Мəскеуге  бара  жатқанымда 
Түркістандық  жолдаспен  əңгімелесіп  ем.  Оның  сөзіне 
қарағанда,  жоғарыдан  жүргізілген  шара  еш  нəтиже  бер-
мейтін  көрінеді,  онан  да  болыстардың  өзі  төменнен  бас-
тағаны  оңды  деді.  Менің  ойымша,  біз  осы  арада  кесіп-
пішкенімізбен  іс  алға  баспайды.  Бізге  бір  не  екі  машинка 
керек пе деген мəселенің өзін шеше алмай отырғанда, мы-
надай  көлемді  істің  үдесінен  шығамыз  деуге  шүбəм  бар. 
Сондықтан  да  жергілікті  жерге  назарды  баса  аударайық. 
Жəне  қазақ  тілінде  іс  жүргізуді  тəжірибе-эксперимент  ре-
тінде  қолданып  отырған  Семей  губерниясының  нəтиже-
сін  байқап  көрейік.  Сондай-ақ  кейбір  партия  ұйымдары-
ның жарамсыз қылығын   ашық  айтайық»,  деп  бұлғақтатты.  
Жоғарғы жақтың екпініне күдік келтіріп, сөзбұйдаға салмақ 
ниет танытты.
РКП  (б)  Қазақстан  облыстық  комитетінің  бірінші 
хатшысы,  Президиум  мүшесі  Г.  А.  Коростелев  бірден 
мүйіз  шайқап  сөзге  кірісті. «Іске  кедергі  жасап  отырған 
кім  екенін  ашық  айтыңыздар,  əйтпесе  партия  ұйымдары 
са  налы  түрде  қарсылық  жасап  отыр  деген  сөзбен  ойнауға 
болмайды. Ондайлар кездессе Сəдуақасов жолдастың ресми 
түрде сұрап білуіне болатын еді ғой. Ал жігіттер түсінбей 
қателессе, онда сөз басқа. Өйткені ұлықсат етпеу бір мəселе, 
ал саналы қарсылық жасау екінші мəселе. Біз келгелі бір ай 
болып  қалса  да  газеттерде  дабыл  қаққан  материал  болған 
емес.
Егер қазақ тілін жүргізудің жаңа тəсілі нəтиже беретін 
болса,  онда  қолдану  керек  жəне  бұл  тəсілдің  артықшы-

125
лығын  түсіндіріп,  қандай  кедергі  болып  отырғандығын 
жазған  жөн»,  дегенмен  елпілдеп,  желпілдей  қойған 
жоқ.  Партия  ұйымдарында  кедергілер  кездеседі  дегенге 
шамданбақ  болғанымен,  қаһар  төгер  ниеті  байқалмады. 
Жаңа  тəсілді  байқап  керу  керек  деген  қысыр  пікірді  сөз 
арасына қыстырып та үлгерді.
Республика  прокуроры  Нығмет  Нұрмақов: «Кедергі 
жасауға  келсек,  оның  болатындығын  күні  бұрын  ескеру 
керек  еді.  Өйткені  Қарқаралы  мен  Баянауылдың  баяғыдан 
ірге теуіп қалған чиновниктерінің мұрты қисаймай, тізіліп 
əлі  отыр.  Əрине,  олар  қазақ  тілін  кеңседе  жүргізуге  қар-
сылық жасайды. Орындарынан босата бастаған кезде жоға-
рыдағы  жолдастарының  ұлт  сезіміне  ойнай  бастады.  Ал 
олар  «бұл  шараның,  яғни  қазақ  тілін  кеңседе  жүргізудің 
күні  əлі  туған  жоқ»  деп  əлгілерді  қайтадан  орындарына 
қойды.  Мұндай  пиғыл  Қарқаралыда  ғана  емес,  басқа  бо-
лыстарда  да  бар.  Баянауылда  тəжірибе  ретінде  жүргізуде. 
Мұндай  мəнді  істе  қандай  тəжірибе – эксперимент  болуға 
тиіс?! Ниеті жоқтың белгісі ғой бұл!
Менің  ойымша,  мұндайларға  барынша  қатал  шара 
қолдану  керек  жəне  жергілікті  жолдастарға  қазақ  тілін 
кеңседе  жүргізудің  қажеттігі  Қазақстан  республикасы 
болғандықтан  екенін  ұқтыру  керек  жəне  біреудің  ойына 
келгендіктен  емес,  жергілікті  халықпен  жанды  байла-
ныс  жасау  үшін  қажет  екендігін  мықтап  түсіндіру  керек. 
Мұндай қарқынмен іс жүргізуге болмайтынын Сəдуақасов 
жолдасқа  айтқанмын.  Сондықтан  да  тиісті  мекемелер-
мен  тығыз  байланыс  жасап,  кедергі  жасаушыларға  тиісті 
шаралар қолдану керек», деген-ді.
Қарсы болушыларға жəрдем қолын созған Халық Ком-
иссары Мұхтар Саматов өзінің екінші сөзінде «Жангел дин 
жолдас  мені  дұрыс  түсінбепті,  мұндай  жұмысты  тоқтату 
керек  дегем  жоқ,  бар  назарды  орталыққа  аудара  бермей, 
жергілікті жердегі жұмысты күшейту қажет дегенмін» деу 
үшін ғана орнынан тұрды.
Оқу Халық Комиссары Залиев: «Істі қазақ тіліне кө шіру-
де  талай  кедергілер  кездесуде,  солардың  ішінде  қаражат-
тың жоқтығы жанға батып тұр. Европеец жолдастарға курс 
ашылды,  енді  машинисткалар  курсын  ашпақпыз.  Қаражат 
керек, қаражат» дегенге айрықша екпін түсірді.

126
Бұдан  кейін  сөз  кезегі  Сəкенге  тиді.  Ол  өзінің  ой-
пікірін қазақ-орыс газеттерінде жəне талай жиналыс-мəжі-
лістерде  айтып  жүргендігін  ескерте  келіп,  бірден  нақты 
шараларды  ауызға  алды. «Ең  алдымен  инструкторлар 
курс терін  ашу  жайында.  Бұл  мəселе 1923 жылы  ЦИК-тің 
сессиясында  қаралып,  Орынборда  бүкіл  Қазақстан  үшін 
өлкелік  инструкторлар  курсын  ашуға  қаулы  еткенбіз.  Бұл 
курс жауапты орыс басшы қызметкерлері үшін емес, қазақ 
инструкторларын  даярлау  үшін  ашылуға  тиісті  еді.  Бұл 
жөнінде  мен  Сəдуақасовпен  де  сөйлескенмін.  Олар  бұл 
курсты орыстар үшін ашу керек деп түсініп қалыпты. Мен 
қазақ инструкторлары үшін ашылуға тиіс деп ойлаймын.
Мəскеу  алдына  мемлекеттік  бюджеттің 10 процентін 
кеңсе  ісін  қазақ  тілінде  жүргізуге  бөлу  жөнінде  мəселе 
қойдық.  Біз  қосымша  смета  жасағанда  осы  себепті  бас-
шы лыққа  алыңдар  жəне  Орталық  комиссияға  қазақ  кыз-
меткерлерінің  штатын  беріңдер  деп  Халық  комисса-
риаттарына  жарлық  жасадық.  Өлкелік  бюджеттің 10 
процентіне  қарай  бойды  шақтау  керек  əзірге.  Садуақасов 
жолдас  Совнарком  мен  Заң  комиссариатының  ғана  шта-
тын  қарадық,  өнгесі  əлі  берген  жоқ  деп  отыр.  Штат  саны 
берілмесе – кінəлі Халық комиссариаттары, ал оны кезінде 
қарамаса – онда  кінəлі  комиссия.  Біз  екі  жұмадан  кейін 
Мəскеуге өкіл жібермек едік. Маймин жолдас бұл мəселені 
өзім  шешіп  келемін  деп  отыр.  Меніңше,  бұл  да  біздің  қа-
зақтың  өгіз  аяңынан  əлі  айырыла  қоймағандығының  бір 
көрінісі.
Комиссияның  правосы  жайында.  Егер  оның  қолында 
билік болмаса, онда КЦИК-тің декретін орындамаған жол-
дастарға  шара  қолдануы  екі  талай.  Биліксіз  іс  бітпейді. 
Енді  машинка  жайында.  Таусыла  сөйлеудің  жөні  жоқ, 
10  машинкаға  ақша  берілді,  екеуі  үш  күннен  кейін  даяр 
болады.  Жұмыс  істейтін  адам  да  табылады.  Меніңше, 
инс  трукторлар  даярлайтын  өлкелік  курсты  ұйымдастыру 
керек, оны бітірушілер барлық губернияға жіберілуге тиіс 
жəне  ол  жөнінде  Халық  комиссариаттарына  нұсқау  бере -
мін.  Заң,  оқу  комиссариаттарынан  басқа  комиссариаттар 
əлі  қазақ  тілін  қолдана  қойған  жоқ,  Халық  комиссари-
аттарына  өздерінің  жобаларын  жер-жерге  екі  тілде  бірдей 

127
түсіріп  отыруға  міндетті  екенін  мықтап  ескерттім»  деп 
мəселенің практикалық жағын əңгімеледі.
КирЦИК  Президиумының  осы  мəжілісі 1923 жылы 
22-қарашада  алынған  декретті  нақты  жүзеге  асыру  мақса-
тымен тағы да қаулы алды. Оның практикалык мəні күшті 
болғандықтан түгел келтірген жөн. «1. Кеңсе істерін қазақ 
тілінде  жүргізу  жөніндегі  Орталық  комиссия  жергілікті 
жерлердегі, əсіресе Семей губерниясындағы істі күшейтуге 
назар аударсын.
2.  Қазақ  жастарынан  болыстық  хатшылар  даярлайтын 
курстардың мынадай жүйесі белгіленсін: а) Семей облысы 
үшін Семей қаласында 38 адамға курс ашылсын; б) Ақмола 
губерниясы  үшін  Ақмола  қаласында 25, Атбасарда 30 
жəне  Қызылжарда 20 адамға;  в)  Қостанай  губерниясында 
45  адамға;  г)  Ақтөбе  губерниясы  үшін  Ақтөбе  қаласында 
20,  Шалқарда 20, Торғайда 20 жəне  Темірде 15 адамға: 
д)  Бөкей  губерниясы  үшін  Орда  қаласында 25 адамға; 
е) Орал губерниясында 40 адамға: т) Адай уезінде 30 адамға 
курс ашылсын; з) Орынбор губерниясы үшін арнаулы курс 
ашудың  қажеті  жоқ  деп  табылсын,  сондықтан  Орынбор 
губерниясына  қарайтын  төрт  қазақ  болысына  өлкелік 
партия-совет мектебінен 10 орын берілсін.
3. ВЦИК Президиумынан болыстық хатшылар даярлау 
курсын ашу мен жабдықтау үшін мемлекет есебінен қаражат 
бөлу сұралсын.
4.  КССР-де  кеңсе  істерін  қазақ  тілінде  жүргізу  үшін 
керекті  қаражатты  тауып,  арнаулы  қор  жасау  Кирсовнар-
комге тапсырылсын.
5.  Орынбор  қаласында  қазақтың  инструкторлық  кур-
сын ашу туралы мəселені тиянақты шешу комиссияға тап-
сырылсын.
6.  Комиссия  өзінің  жұмысында  орталықтағы,  сондай-
ақ  жергілікті  жерлердегі  кəсіподақ  ұйымдарымен  тығыз 
байланыс жасап отырсын.
7.  Кеңсе  істерін  қазақ  тілінде  жүргізу  жөніндегі  ко-
миссияның  барлық  қаулы-қарарлары  мен  жарлықтарын 
орындау КССР-дегі атқару комитеттерінің бəріне міндетті 
деп танылсын» – деген нақты да мəнді қаулы алынды.
Осындай  екпінмен  жəне  қажыр-қайратпен  жүзеге 
асы  рыла  бастаған  игі  іске  Нығмет  Нұрмақов 1925 жылы 

128
Қазақстан  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  Төрағасы  бол-
ғаннан  кейін  мемлекеттік  сипат  беріліп,  жергіліктендіру 
(коренизация) комитеті құрылды. Ешқандай айғай-шу болған 
жоқ. Қазақ тілінде іс жүргізе алатын басқа жұрт өкілдеріне 
10–15  процент  үстеме  жалақы  төленді.  Эконо микалық 
ынталаңдыру шаралары мен халықтардың бір-біріне деген 
көңілі  мен  құрметіне  Ф.  И.  Голощекиннің  əпербақан 
саясаты  сызат  түсіре  бастады.  Ол  өткізген  конференция, 
пленумдардың бірде-бірінде қазақ ұлтшылдығымен күресу 
мəселесі  айтылмай  қалған  емес. «Садуақасовшылдық», 
«Қожановшылдық», «Меңдешевшілдік», «Сейфуллин-
шілдік», «Рысқұловшылдық»  қозыдай  қоздап  шыға  кел-
ді.  Қазақ  коммунистері  жиналыс-жиындарда  бір-бірін 
«əш керелемей»  қалған  емес. «Анау  ұлтшыл,  мынау  укло-
нист,  əнебіреу  алашордашыларға  іш  тартушылар»  болып 
шыға  келді.  Берекесіздік  жайлап,  жіктеліс  күшейе  түсті. 
Біреу  өсті,  біреу  өшті.  Ауызбірлік  адыра  қалып,  жұлысу 
науқаны  етек  алды. 1928 жылы  қазақ  зиялыларын  қуғын-
дау  басталып,  жергіліктендіру  саясаты  «ұлтшылдықтың 
ұясы»  деп  танылды.  Қазақ  тілінде  кеңсе  істерін  жүргізуге 
ынтамен  кіріскендерді  жамандау,  қаралау  арқылы  саяси 
капитал  жинаушылар  көбейе  бастады.  Осыған  да  қарамай 
қазақ тілі кеңселерде мықтап өріс ала бастаған тұста 1930 
– 1932 жылдары қолдан жасалған алапат ашаршылық келді. 
Қазақ елі «байтал түгіл бас қайғы» деген күйге түсті.
Əрине  өмір  тоқтаған  жоқ.  Сəкен  қазақ  тілінің  мəсе-
лесіне  он  жылдан  кейін  басқа  қырынан  қарау  қажеттігін 
катты сезді жəне ел-жұрт алдында қандай лауазымдағы адам 
болмасын  ана  тіліне  деген  немкұрайлығын  бетіне  басып 
айту керек деп білді. Əрине, он жыл ішінде қазақ жастары 
жетіліп,  кеңсе  істерін,  əсіресе  қазағы  басым  жерлерде 
жүргізе  бергенімен  қалалы  мекендерде  шүлдірлегендер 
көбейе  бастады,  əсіресе  басшы  қызметкерлердің  ұрпақта-
ры  өз  ана  тілінде  сейлемеу  дертіне  кезігіп,  оны  «мəде-
ниет ке  жетілгендіктің»  белгісіндей  көрді.  Сəкендер  сонау 
20-жыл дары  ана  тілінің  қауқарын  күшейтіп,  мемлекеттік 
дəреже  алып  береміз  деп  жүргенде  жаңалыққа  қызық-
қыш  мінезіміз  балаларымызды  орысшаға  оқытуға  құмар-
ландырды.  Дүниенің  кілті  орыс  тілінде,  қызмет  те,  бақ  та 

129
соны білгендердікі деген насихатқа əбден икемделіп алдық. 
Идеологиялық  қисындарды  былай  қойғанда,  коммунис-
тік  қоғамды  зоналық  тілмен  жасап,  ерекше  мəдениет 
өркендетеміз,  оның  түрі  ұлттық,  мазмұны  социалистік 
болады  деп  ел-жұрттың  есін  шығардық.  Шолақ  ойлылар 
осыған əбден иланып қалды да, ұнамсыз процеске, яғни өз 
ана  тілін  ұмытып,  орысшаға  көшу  процесіне  екпін  беріп 
жібергені сондай, не бəрі 40–50 жылдың ішінде халықтың 
40 проценті өз тілінен айырылып шыға келді.
Міне  осының  зардабын  алғаш  сезгендердің,  ашына 
сөйлегендердің  бірі  Сəкен  Сейфуллин  болды.  Қазақ стан 
жазушыларының 1934 жылғы  тұңғыш  съезінің  стено-
граммасындағы,  кейін  қайта  жарияланбаған  сөзінен  үзінді 
келтірсем,  Сəкеннің  қазақ  тілі  үшін  қандай  майданға  түс-
кенін көреміз де, ардагер азаматтың  ұлтжандылығына  риза  
көңілімізді еріксіз білдіреміз.
Осы  күні  ендеп  кеткен  құбылыстың  алғашқы  ұнамсыз 
ұшқынын  Сəкен 1923 жылы 17 желтоқсан, 1924 жылы 1 
қаң тарда  жарияланғаннан  кейін  қайта  басылмаған  «Орал 
қаласы»  деген  оқшаушасында  аңғартып  еді.  Бұрын  қазақ 
мектебі  болмаған  Орал  қаласында  төңкерістің  дүмпуімен 
қазақ мектептері ашылыпты.
«Қазақстанның барлық кеңселерінде қазақ тілін жүргіз-
бекпіз.  Білмеймін,  қазақ  тілін  Орал  қаласында  губерния-
лық  мекемелерде  қалай  жүргізер  екен.  Оралда  орта  дəре-
жеден  жоғары  оқығандары  қазақшадан  орысшаны  жатық 
сөйлейді.  Қазақша  сөйлегенде  мұзда  жүрген  тайыншаға 
ұқсап тұқжыңдап сөйлей алмайды. Ия, менің айтып отыр-
ғаным  Орал  губерниясының  кейбір  жігіттеріне  «сен-
дер  жақсы  ұлтшыл  һəм  қазақшыл  емес  екенсіңдер»  деп 
кейігендік  емес.  Сөйтіп  «жақсы  ұлтшыл – жақсы  қазақ-
шылдарды»  қуаттағаным  емес.  Мен  өзім  «жақсы  ұлтшыл, 
жақсы  қазақшыл  мырзалардың»  ең  бірінші  дұшпанымын. 
Шын «ұлтшыл», шын «қазақшыл» кісі болса, оның қисайған 
жеріне дəлдеп шоқпар соғасың ғой. Ал өзі ұлық болу үшін 
«қазақшыл»  болып,  жарқұлағы  жастыққа  тимей  жүрген 
«азаматтарды», «мұғалімдерді»  көргенде  кісі  не  қыларын 
білмейді  екен»  деп  Халық  Комиссарлары  Кенесінің  Төр-
ағасы  салы  суға  кеткендей  қамығады,  ел  ісіне  жегілмей 

130
жүргендерге  не  істерін  білмей  налиды,  бірақ  үмітсіздікке 
түспейді.
«Мектептеріне барып сөйлесе бастасақ балалар үйіріле 
кетеді.  Оқуға  ынталары  бар,  оқу-білімге  ұмтылулары  өте 
жақсы.  Түрлі  білімді  үйретуші  адам  болса  бəрі  ілезде-ақ 
азамат  болып  шығып,  жалпы  еңбекшіл  тапқа  шын  кызмет 
қылатын балалар. Тез оқып шығып, өз пайдасын ғана һəм өз 
елінің, өз ұлтының ғана пайдасын көздейтін кейбір арамза 
сұмырайларға  ұксамай,  жалпы  еңбекшіл  таптың  бақыты 
үшін  қызмет  қылатын  болыңдар»  деген  тілек  Сəкеннін 
көкейінен еш уақытта кетпеген. Ноғайша шүлдірлегендерге 
разы болмай жүрген Сəкен енді он жылдан кейін ана тілін 
білмейтіндерге  кезігіп,  қайтадан  күрес  майданын  ашты. 
Оның алғашкы сөзі 1934 жыны Қазақстан жазушыларының 
съезінде  айтылды.  Тұңғыш  съезді  ашқан  да,  қорытқан  да 
Сəкен.  Жарыссөзде  сөйлеген  Жантілеуұлының  пікірлері 
Сəкеннің көптен бері көкейінде жүрген күрделі мəселелер-
ді еріксіз сыртқа шығарды.
«Ең алдымен Жантілеуұлының бір сөзі туралы айтайын. 
Бұл  кісі: «қазақ  өлеңдері  болмағандықтан  қазақ  балалары 
лажсыз  орыс  өлеңдерін  үйреніп,  айтып  жырлайды»  де-
ді.  Менің  білуімше,  бұл  сөз – қате  айтылған  сөз.  Қазақ 
балаларына, яки жас пионерлерге арналып жазылған біздің 
жақсы  өлеңдеріміз  жоқтың  қасы  екені  рас.  Бірақ  қазақ 
балаларының  тек  орысша  өлең  айтып,  қазақша  өлеңдерді 
білмейтін  себептерінің  негізі  жолдас  Жантілеуұлы  айт-
қандай  емес,  одан  басқа.  Бірінші,  қазақ  балалары,  əсіресе 
қаладағы  балалар  күнбе-күн  орыс  балаларымен  ойнайды. 
Соларға  араласып  жүреді.  Сондықтан  орыс  балаларының 
өлеңдерін  үйренеді.  Бұл  жаман  емес.  Бізге  қазақ  тілімен 
бірге  орыс  тілі  де  қажет.  Орыс  пролетариатының  басшы-
лығымен Октябрь төңкерісін жасап, мəдениеттің ілгері са-
тысына аяқ басып отырмыз. Бұл реттегі қазақ балаларының 
өз  тілімен  бірге  орысша  үйреніп,  орысша  өлең  айтуларын 
мен дұрыс нəрсе деп білем. Ал қазақ балаларының қазақша 
өлең айтпай, тек қана орысша өлең айтуынын екінші себебі 
бар. Ол қазақ тілін менсінбеушілік себебінен туып отырған 
нəрсе»  деп  қазақ  зиялыларының,  əсіресе  ірі  қызметтерде 
жүрген  төре-чиновниктердің  өз  ана  тілін  қадірлемеуін 

131
ащы сарказммен айтып, мазақтағандай болды. Жазушылар 
съезіне  бір  елдің  қаймағы  жиналған  жерде  қайсыбір  төре-
лердің  атын  атап  сөйлеуі  əрине  қара  тасқынға  тосқауыл 
бола алмағанмен, біраз қайраткерлерді ойландырғаны сөз-
сіз.  Алайда,  қазақтың  лап  бергіш  мінезін 1937 жылдан 
кейін  тежейтін,  оңға  бұратын  қадам  жасалмады  десе  де 
болады. 1954 жылдан  бастап  қазақ  мектептерінің  қысқа-
рып, орыс мектептерінде қазақ тілі сабағы оқытылмайтын 
ресми  жарлық  шыққан  тұстағы  «Қазақ  əдебиеті»  газеті 
арқылы  ана  тілін  жақтаған  болар-болмас  мақалалардың 
авторларын  қуғын-сүргінге  салу,  əкіреңдеу,  аяғында 1956 
жылы 10 желтоқсанда  Қазақстан  Коммунистік  партиясы 
Орталық Комитетінің мүлəйім де зымиян қаулысы алынып 
1987 жылға шейін созылғанын ешкім жоққа шығармайды, 
Республика  басшылары  «Қазақстан – ұлттар  достығының 
лабораториясы»  деп  санын  шапалақтап,  орден-медальге 
кеудесін толтырып жүргенде қазақ тілі үй-ішіндік қатынас 
құрал болудан да қала бастады. Атасы мен немересі бірін-
бірі  əке-шеше  тілмаштығымен  түсіне  алатын  халге  жетті. 
Міне, соның алғашқы ұсқынсыз көрінісін Сəкен 1934 жылы 
тайға таңба басқандай айтып, қамыққан еді.
«Бір  күні  есік  алдында  тұр  едім,  үйдің  бұрышынан 
айналып 4-5 бала  шыға  келді.  Біреуі  бізбен  көршілес 
қазақтың 7-8 жасар  бүйрек  бет,  шот  маңдай  қара  кызы, 
өзгелері  орыс  балалары  екен.  Орыс  балалары  əлгі  қазақ 
қызынан  бір  сөздің  қазақшасын  сұрады.  Қазақ  кызы 
орысшалап: «Ну, вас, я по казахский не знаю» деді. Сөйтті 
де  əлгі  қара  қыз  «жақсы  айтқан  жоқпын  ба?!»  дегендей 
мақтанған шыраймен маған қарады.
Содан  кейін  жəне  бірде  Карл  Маркс  көшесімен  төмен 
жүріп  келе  жатыр  едім,  театрдан  төменгі  бұрыштағы  ақ 
үйдің  сыртқы  сəкісінде 2-3 қазақ  балалары  отыр  екен. 
Балалардың  бір  ересектеуі  бұл  да 7-8-дегі  бала  түрегеп, 
КазПИ  жақтан  келе  жатқан,  портфель  ұстаған 2-3 қазақ 
жігітінің  біреуіне  орысшалап: «Папа,  на  дверях  замок 
висит, мама, наверно, на базар ушла!» – деді. – Мен бұларға 
қарап,  шыдай  алмай,  қатты  күліп  жібердім»,–  дегенінде 
қаншалықты сарказм жатқанын, қазір ол қасіретке айналып 
кеткенін көріп отырмыз.

132
Сəкен  ата-ананы,  əсіресе  өз  ана  тілін  қадірлемеген, 
бала-шағасына  қадірлете  алмай  жүрген  зиялылар  мен 
шенеуніктерді  тілі  жеткенше  сынап  алады  да  «қазақ  тілін 
менсінбейтін  оқығансымақ,  дүмбілез  оқыған  қазақтарды 
жəне сондайларды ұялтатын қазір үлкен бір үлгіміз бар. Ол 
үлгіміз – Қазақстанға былтыр ғана келіп, қазақ тілін үйре-
ніп жүрген Мирзоян жолдас жəне Əлиев Темір жолдастар. 
Кейбіреулер  қазақ  тілін  оқуға  уақытымыз  жоқ  дейді... 
Күндіз-түні жұмыс істейтін, тынбай істейтін адам Мирзоян 
мен Əлиев Темірлердей-ақ болар... Жəне кеше Украинадан 
Қазақстанға  келгеніне 3-4 ай  ғана  болған  жазушы  Анто-
ненко-Давыденко  осы  съезде  сөз  сөйлегенінде  қазақша 
бастаған  жоқ  па?..  Бұл  да  қазақ  тілін  менсінбейтіндерді 
ұялтар,  егерде  олар  бұған  ұялатын  болса»  дегеннен  ар-
тық  қандай  жөн-жоба  көрсете  алады  қолында  билігі  жоқ 
жазушы адам. Əрине, ақын-жазушы ел сөзін сөйлеп, тілегін 
білдіреді,  бірақ  жүзеге  асыруға  дəрмені  жоқ  жандар  екені 
əлімсақтан-ақ белгілі.
Қазақ  тілі  майданындағы  Сəкеннің  қайраткерлігі  енді 
басқаша  сипат  алды.  Мəскеуде  өткен  КСРО  жазушы ла-
рының  бірінші  съезінде  енді  тіл  емес,  халық  үшін,  оның 
əдебиетіндегі  бет-бейнесі,  кескін-келбеті,  мінез-құлқы 
үшін күресті. Мұндай пікірді айтпақ ойлары болғандардың 
ішінде биік те мəртебелі мінбеден ашық сөйлегені жалғыз 
Сəкен болды. Оқыңыздар, тыңданыздар, ұлтжандылықтың 
көрініс-келбеті қандай болатынын аңғарыңыздар.
Азулы болған да қиын-ау тегі, Сəкен өзінің негізгі ойына 
барар жолда ең аз дегенде Мəскеуде тұратын ақын-жазушы-
лардан өзіне біраз дұшпан тауып алды. «Я хотел выступить 
по докладу тов. Бухарина, но мне не дали слова, по-види-
мому потому, что здесь выступало очень много писателей и 
поэтов, живущих в Москве и без того часто выступающих 
на  таких  больших  съездах  и  собраниях.  К  сожалению  эти 
писатели  и  поэты  вместо  делового  обсуждения  проблем, 
поставленных  докладчиками,  в  большинстве  своем  чита-
ли  декларации,  причем  эти  декларации  по  моему  мнению 
предоставляли  собою  лишь  высокопарные  фразы»  деп 
бастады.  Бұл  жұрт  назарын  өзіне  қаратып  алайын  деген 
шешендік  тəсіл  емес,  айтайын  деген  ойына  жетудің, 

133
басқалардың  көкейіне  қондырудың  амалы  еді.  Съезде 
ақын-жазушылар орыс емес халықтардың өмірін суреттеуге 
салғырт-салақ  қарайды,  ол  елдердің  тарихын,  тұрмыс-
тір шілігін  дұрыстап  зерттеп  барып  жазбайды  деген  ойын 
айтты.
«До  сих  пор  старшие  писатели  и  поэты,  пишущие  на 
русском  языке,  еще  не  взялись  за  показ  жизни  нацио-
нальностей. Не изучая и не зная народов СССР, они выдают 
выдуманное  ими  за  реальное,  ложные  типы  выдают  за 
реальных  людей  наши  эпохи.  Даже  такие  писатели,  как 
Вс.  Иванов,  Шкловский,  Афиногенов  и  автор  пьессы 
«Огненное  кольцо»,  показывая  отдельные  типы,  героев 
из  числа  народов  СССР,  пишут,  что  им  вздумается.  В 
тоне  Вс.  Иванова  поступает  барское  отношение  к  малым 
народностям.  Он  иногда  рисует  представителей  малых 
народностей  наивными,  а  то  и  просто  идиотами.  Его  пос-
леднее  произведение  «Похождение  факира»  доказывает, 
что этот крупный писатель все еще легко относится к по-
казу героев из малых народностей.
В.  Шкловский  написал  очерки  о  Турксибе,  в  которых 
утверждал, что «казахи называют себя киргизами». Другой 
писатель,  Афиногенов,  в  своей  пьесе  «Страх»  выводит 
казаха-студента  и  рисует  его  полушутом,  полуклоуном. 
Автор  пьесы  «Огненное  кольцо»,  выводя  казаха-красно-
гвардейца, дает его дурачком, полуидиотом».
Мен  өзім  əдебиет  пен  ғылымның  айналасында  жарты 
ғасырдай жүрсем де, ұлт намысын қорғаған осындай өткір 
сөзді естіген емен. Сəкен менің шығармаларым орыс тіліне 
аударылып,  Одаққа  танылуым  керек-ау  дегенді  ойламай, 
əрқайсының  атын,  шығармасын  атап,  бүкіл  Мəскеу  жа зу-
шыларының  көңіліне  қарамай,  шындықты  баттитып  айту 
қазақта  Сəкеннің  ғана  қолынан  келді.  Əйтпесе,  пенделік 
тірлікпен, бір жəрдемі тиер ме екен деп жарамсақтана «мə-
дениетті»  сөйлеген  ақын-жазушылар  үлкен-кішінің  ара-
сында  аз  болған  жоқ.  Сəкеннің  бар  арман-тілегі – өз  хал-
қының  шыққан  төбесінің  биік  болуы,  басқалармен  қатар 
тұруы,  ел  болып  қадірленуі  еді.  Сол  үшін  өзінің  қарақан 
басының  көретін  сый-құрметін  халық  үшін  тəрк  етуге 
дайын екендігін көрсете білді. Бұдан Сəкен ұтылды, бірақ 
қазақ елі, басқа ұлттар ұтты.

134
Оның  нақты  мысалын  С.  Сейфуллиннің 1936 жылы 
өңдеп,  толықтырып,  академиялық  қазақ  театрының  сах-
насына  қайтадан  шығарған  «Қызыл  сұңқарлар»  спектаклі 
жайындағы  ожарлықтан-ақ  көруге  болады.  Қазақ  тілін 
кеңсеге енгізу, тазалығын сақтау, қадірлеу жайындағы қи-
ғаш тықтарды  былай  қойғанда,  көркем  шығарманың  бас 
кейіпкері қай ұлттың өкілі болу керек деген ұятсыз, қисын-
сыз  зорлықты  көргенде  не  деріңді  білмей  қалғандайсың. 
Бірақ  жеке  басқа  табынушылықтың  өзін  шовинистік  мақ-
сатқа  пайдаланғандар  совет  еліндегі  ұлт  саясатының  ара-
ламаған  қуысын  қалдырмады,  ұят  дегенді  белге  де  қыс-
тырған жоқ.
1936  жылы  Сəкеннің  «Қызыл  сүңқарлары»  жаңа  ре-
дакциямен  сахнаға  шыққанда  Мəскеуден  жансыз  болып 
келген  Анур  «Пьесада  қазақ  халқының  революциялық 
тарихы  бұрмаланып  көрсетілген.  Пьесаға  жүгінсек  қазақ 
интеллигенті  басшылық  жасаған.  Ол  орыс  жұмысшысы 
мен  неміс  эмигрантына  жəне  украинкаға  ақыл  үйретеді. 
Қазақстандағы  революциялық  окиғалардың  барысында-
ғы  орыс  пролетариаты  мен  большевиктік  партаяның  рөлі 
бұрмаланған», – деп тауып, спектакльді тоқтатуға ақыл қо-
сыпты. Оның осы пікірін өзінен естіді ме, əлде Мəскеуден 
хабарлады  ма,  ел-жұрт  зор  ынтамен  көріп  жатқан  спекта-
кльді  алтыншы  қойылымнан  кейін  токтатып,  сол  тұста 
Өлкелік  партия  комитетінің  Мəдениет  бөлімін  басқарған 
Ғабит Мүсірепов, Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы 
Көркемөнер бас басқармасының бастығы Ғаббас Тоғжанов 
байбаламы басым мақалалар жариялады. Ғаббас: «Пьесада 
ең  бас  қаһарман  орыс  жұмысшыларының  өкілі  болуы  ке-
рек, өйткені революцияда көсемдік қылған орыс халқы ның 
революцияшыл  пролетариаты.  Пьеса  каһармандарының 
ішінде ірі орын алып отырған қазақ – Еркебұлан. Бұл дұрыс 
емес. Бұл тарихқа жала, саяси қателік», – деп айыптады.
Сəкен 1937 жылы 14 қаңтарда  «Социалды  Қазақстан» 
газеті  арқылы  оларға  қайтарған  жауабында  бұл  көзқарас-
та  үш  түрлі  қателік  барын,  бірінші,  пьеса – «революция 
тарихы» емес, екінші – белгілі бір аймақта болған оқиғаға 
негізделеді,  үшінші – «қандай  ауданнан  алынса  да,  қай 
ұлттың  қай  күресінің  оқиғаларынан  алынса  да  ең  бас 

135
қаһарманды  орыс  жұмысшыларынан  қою  керек,  əйтпесе 
бұл саяси қате болады деген «теорияның» өзі дұрыс емес. 
Бұл «теорияны» қолдансақ, совет көркем əдебиетінің талай 
шығармаларын  мансұққа  шығарған  болар  едік»  дей  келіп 
«Тоғжанов пьесаның ең үлкен каһарманы орыс жұмысшы-
сы болсын дейді. Ал мен айтам: бірінші оның қате деймін: 
Екінші – ол  «теорияңыз»  зиянды  теория  деймін.  Өйткені 
ол  орыс  пролетариатының  қасиетті  интернационалдық 
рухына жала жауып отыр деймін» деп негізгі пікіріне қарсы 
шықты.
Ғ.  Тоғжановтың  өз  санасы  жеткен  пікір  болсын,  əйт-
песе  Мəскеулік  жансыздың  ақыл-кеңесі  болсын,  əйтеуір 
30-жылдардан  бастап  ожарлықпен  екпіндеп  келе  жатқан 
«социалистік реализм əдісінің» негізгі бір принципі осын-
дайға негізделіп еді.
Орыс халқының өкілі басшы, ақылшы, жетекші роль де 
көрсетілетін  штамп  бүкіл  совет  əдебиетінің  сорына  шық-
қанын  көреміз.  Сонымен  қатар  Совет  жазушыларының 
Мəскеуде  өткен  съезінде  Сəкеннің  ұлт  өкілдерінің  обра-
зын  реалистік  тұрғыда  көрсету  жөніндегі  талабының  ман-
сұқталатынын  Тоғжанов  мақаласы  айқын  көрсетті.  Қалай 
болған  жағдайда  да  Сəкеннің  ұлтжандығын  айнытпай 
танып, батырлығын, алғырлығын ардақтап, халқын сүйген 
жүрегін  мақтан  етуге  тиіспіз.  Дүние  күйіп  тұрған  уақытта 
ұлттың намысын жырта білген азаматқа теңеу табу қиын.
Міне, Сəкеннің қазақ тілі, əдебиеті мен мəдениеті майда-
нында жүргізген күресінің осындай сыр-сипаты болуымен 
қатар, өзінің ұлттық таным-білігін, кескін-келбетін, мінез-
машығын ғана емес, бүкіл рухани дүниесін, ұлттық арман-
мұратын  жарқырата  көрсетуге  мүмкіндік  алып,  халық 
махаббатына ие болды.
Сонымен, 20-жылдардағы  айтыс-тартыстар,  ұсыныс-
тілектер 30-жылдары  əкімшілік  шараларға  ұласпақ  сипат 
танытып  жатқан  уақытта  да  Сəкен  аяғын  тарта  қоймады. 
Өзі  де  сілтеді,  өзгенің  сойылын  да  жеді,  бірақ  қазақ  үшін 
неге болса да төзуге бақыл екендігін досына да, дұшпанына 
да танытып жүрді.
Жақсылық  күндей  күлімдеп  шыққанша  жамандық  
жаныңды  жеп  үлгеретін  шақ  таянып,  еткен  еңбек,  төккен 

136
тер  зия  кететін  мезгіл  жетті.  Оның  алғашқы  хабаршысы 
Сəкеннің  дос  санап  жүрген  Сібір  жазушысы,  Мəскеуде 
өмір сүріп жатқан Ф. Березовскийдің аузынан шықты.
1936  жылы 10 қаңтарда  Минск  қаласында  КСРО  Жа-
зушылар  одағының  пленумы  болды.  Ойламаған  жерден 
Сəкен  мықты  соққыға  жығылды.  Бүкіл  қазақ  даласын 
жыландай  жалмаған  аштық  пен  ауыртпалықты,  ескі  край-
комның  қайрансыздығын  қазақ  əдебиетінде  жападан-
жалғыз  жырлаған  «Кызыл  ат»  поэмасы  Сəкенді  «пəлеге» 
қалдырды. «В своей поэме «Красный конь», а так же в ряде 
других  произведений  Сейфуллин  допускал  политичес-
кие  ошибки,  которые  сродни  троцкизму»  деп  Сəкенді 
Троц киймен  бауырластырып  қойды. 1922–1924 жылдары 
«Азия (Европаға)» өлеңіне қоса «Қара бүркіт» жырын жəне 
«Домбыра»  атты  жинағын  Арыстан  Дəуітұлы  (Лев  Давы-
дович)  Троцкийге  арнағаны  үшін  көрген  теперіші  енді 
дүние  қусырылып,  ылаң  басталған  кезде  Сəкеннің  бауы-
ры – Троцкий, ойы – троцкийшіл болып шығуы сол кез үшін 
қайырлы сағаттан емес еді.
Өмір қызық. Бірде бетін, бірде сыртын көрсетеді. Сəкен 
Ф.  Березовскийге  шамдана  хат  жазып,  кешірім  сұратсада, 
іште беріш байланып қалды. Оны 1936 жылы Мəскеуде өткен 
онкүндікте  қазақ  жазушыларының  ішінен  бірінші  болып 
алған Еңбек Қызыл Ту ордені де, шілдеде шығармашылық 
еңбегіне 20 жыл толуын атап өткен мерекесі де жібіте алған 
жоқ.
«Қызыл  сұңқарлар»  пьесасының  жаңа  редакциясы 
сахнаға шыққанын көрген Мəскеу жансызы мен Ғ. Тоғжанов,
Ғ.  Мүсірепов  мақалалары 1937 жылы  ресми  түрде 
КСРО  Жазушылар  одағына  М.  Анурдың  (Аршалуис 
Михайлович  Артаруни)  айыптауымен  жетті.  Ол  «на 
протяжении многих лет Сейфуллин, как литератор, допус-
кал  ряд  грубых  политических  ошибок.  В  первые  годы 
революции  Сейфуллин  возглавлял  националистическую 
группу  в  казахской  литературе,  получившую  название 
«Сейфуллинщина».  Ярким  выражением  этих  настроений 
автора было его стихотворение «Азия – Европа» (1922). В 
своих  восхвалениях  алашординского  волка  Байтурсунова 
Сейфуллин  может  вполне  конкурировать  с  председателем 
СПП Казахстана С. Мукановым» деп қаралады.

137
Сəуірдің 5 – 7 күні өткен жазушылар жиналысына кел-
мегені  үшін  сыналса,  мамырда  зорлықпен  сөйлеген  сөзі 
«Социалистік  Қазақстан»  газеті  редакциясын  «қанағат-
тандырмады», өйткені «Сəкен жолдастың осы күнге дейін 
өз кемшілігін көре алмай келе жатқаны бұл сөзінен толық 
айқындалды»  дегенін 1937 жылы 29 тамыздағы  «Қазақ 
əдебиетінде  авербахшылдықтың  қалдығын  жою  керек» 
деген  мақаламен  жалғастырып,  Сəкеннің  сазайын  берді. 
Колдарының  құрышын  бір  қандырып  алды. 7 қыркүйекте 
Сəкен,  Сəбит,  Бейімбет  қатыспаған,  Ілияс  тұтқындалған 
кезде  өткен  жазушылардың  жиналысы  «Əдебиеттегі  ұлт-
шыл-фашистердің  зиянкестік  істерімен  күресу  жəне  жас 
кадрларды  өсіру»  туралы  мəселе  қарап,  қазақ  əдебиетін 
өрге сүйрелеген классиктерді жардың басына əкеп қойды. 
Оларды  итеріп  жіберетін,  мерт  қылатын  құжат  Сəкен 
ұсталардан  сегіз  күн  бұрын,  яғни 16 қыркүйекте  «Казахс-
танская  правда»  газетінде  жарияланды.  Онда  «Выкор-
чевать  национал-фашистскую  мразь  из  Союза  писате-
лей  Казахстана»  деп  зіркілдеді.  Сол  зіркіл  Сəкеннің  сот 
ісіне  тіркеліпті.  Көп  жыл  қауіпсіздік  комитетінде  қызмет 
істеген  полковник  Амантай  Кəкенов  өзінің  «Сəкен  шын-
дығын  діттегенде  немесе  НКВД  құжаттары  шерткен  сыр» 
атты  Ақмола  қаласында  шыққан  деректі  хикаясында  əлгі 
мақаланың  «қиындысын  біз  Сəкен  Сейфуллиннің  «қыл-
мысты» ісінен көріп, оқыдық. Онда мынандай жолдар бар 
«Сəкен  Сейфуллин  является  одним  из  первых,  который 
насаждал  группировочную  борьбу  в  Союзе  писателей. 
Сейфуллинщина повредила казахской литературе.
Сакен  Сейфуллин  в 1936 году  вытаскивает  из  своего 
архива  пьеску  «Қызыл  сұңқарлар» (Красные  соколы)... 
И  гнусно  клевещет  на  руководящую  роль  русского  про-
летариата...  Он  переиздает  с  позволения  сказать  «истори-
ческий  роман» «Трудный  путь – Тяжелый  переход»,  где 
не  постыдился  изображать  себя  героем  и  привести  целую 
контрреволюционных алашординских документов и портретов 
врагов народа. Своеобразная вражеская энциклопедия».
Бұл газет мақаласынан ... қайсыбір қаныпезерлердің жан 
түршігерлік қылмысына сай жазылған сот үкіміндей ызғар 

138
шашып, құрту керек, жою керек, деген шешімді аңғарғандай 
боласыз» (15-бет) дейді көп пəлені көрген полковник.
Ел  үшін,  жұрты  үшін,  оның  əдебиет  мен  мəдениеті 
үшін,  ұлттықтың  ұлы  белгісі – ана  тілі  үшін  күрес  жүр-
гізген Сəкеннің осындай пұшайман күйге түсуі адам түсін-
бес оқиға екенін көреміз де, тергеу барысында өтірікке жал-
ғандық  қосып,  Сəкен  аузынан  шыққандай  қылып  жазыл -
ған мынадай кесірлі де қасіретті сөздерді оқимыз.
«Я  действительно  являюсь  участником  антисоветской 
надционалистической  организации...  С 1922 года,  когда 
впервые  выступал,  как  группировщик-националист,  повел 
борьбу  за  реставрацию  феодально-байского  Казахстана.  Я 
был  организатором  Сейфуллиновской  группировки,  наз-
ванной моим именем, поскольку именно я был идеологом 
и одним из руководителей этого звена. Антисоветская рабо-
та  прикрывалась  революционной  фразеологией.  С  целью 
замаскировать  расстановку  националистических  кадров, 
создавая  видимость  борьбы  с  националистами,  мы  иногда 
снимали  со  своих  постов  зарвавшихся  националистов,  в 
то же время выдвигая перспективных, но менее известных 
националистов – Исаева, Ипмагамбетова и других, которые 
являются  более  гибкими  проводниками  антисоветских 
националистических идей.
Что  касается  меня,  что  я  давно  являюсь  сторонником 
Троцкого, как одного из организаторов борьбы с ВКП (б). 
Еще 1922 – 23 г.г.  воспевал  его  в  своих  произведениях... 
Я  поддержал  антисоветские  разговоры  Серебряковой  и  со 
своей  стороны  проявил  националистические  настроения» 
(71 – 73-беттер)  деген  «мойындаулардан»  кейін  Сəкен 
«ақталып  шығады»  деген  үміттін  өзі  бекершілік  еді. 1937 
жылы 25 ақпанда  сағат 16.40-та  басталған  жабық  сотта 
тексеру  кезінде  айтқандарының  бəрін  Сəкен  теріске  шы-
ғарып,  кінəлі  емеспін,  советке,  партияға  қарсы  ешқандай 
əрекетке  араласқан  емеспін,  бірақ  халқымның  жарқын 
болашағына  қажетті  игі  істердің,  толымды  де  жасампаз 
ой-идеялардың  ешқайсысынан  сырт  айналғаным  жоқ, 
оны  өз  мансабым  үшін  емес,  ел  еңсесін  көтеру  үшін 
атқардым  деп  қасқайып  тұрғанына  қарамастан  сағат 17-

139
де, яғни 20 минуттен кейін «алдын ала жəне сот тергеулері 
анықтағандай,  С.  Сейфуллин 1922 жылдан  троцкийшіл 
көзқараста  болып,  əдебиетте  троцкийшіл  бағытта  қызмет 
жүргізген. 1928 жылдан  ұлтшыл  контрреволюцияшыл 
топтармен  байланысып...  Қазақстанды  Кеңес  Одағынан 
бөліп  əкетіп,  Жапонияның  жетекшілігіндегі  буржуазия-
лық  қазақ  мемлекетін  құруды  көздеген  контрреволюция-
лық  буржуазияшыл,  ұлтшыл  көтерісшіл-террористік  жəне 
бүлдіруші  зиянкестік  ұйымның  мүшесі  болған»,  өкімет 
пен  партия  басшыларына  қастандық  жасамақ  болған  деп 
қарғыс атқан 58-баптың 2, 7, 8 жəне 11-тармақтары бойын-
ша айыпты деп тауып, ату жазасына кеседі де «заңға сəйкес 
шұғыл,  тоқтаусыз  орындалуы  тиіс  деп  үкім  шығарады. 
Тарихтың  қаралы  беті – 25 ақпанда  шамасы 17 – 18.30 
сағаттың  арасында  ардагер  азаматты,  халық  мақтанышын 
жоқ етті.
«Ойнақтаған  бала  от  басар»  деген  ниетпен  баяндап 
отырған  жоқпын.  Тарихи  жағдайлардың  осындай  тоғы-
суы  өзімен  кетсін,  қайтып  оралмасын  деп  тілеген  күннің 
өзінде  ұлтын  сүйгендердің  басынан  өткен  тауқымет 
олардың  абырой-даңқын  асқақтата  берер  сəт  екенін 
жоққа  шығармайық.  Сəкендермен  қатар  кеткендердің 
ішінде  төре  болғаны,  бастық  болғандары  аз  емес,  оларды 
тарих  ұмытпайды,  алайда  Сəкендерге  жасалатын  құрмет 
деңгейіне  халық,  көтере  бермейді.  Халықтың,  ұлттың 
жазылмаған заңы көп, соның биігінен көрінген азамат қана 
қастерленбек. Өйткені, олар ұлттық сезімді мықтап оятқан 
азаматтар.
Тіл – бүкіл  тұрмыс-тіршіліктің,  адами  арман-тілектің 
тірегі,  халықтың  рухы,  жаны.  Сондықтан  да  қазақ  ті-
лінің  аман-саулығы,  тіршілігі  күні  бүгінге  шейін  күн  тəр-
тібінен  түспей  келе  жатыр.  Тіл  үшін  отқа  түсіп,  суыққа 
тоңғандардың  бір  несібесі  халық  алдында  артық,  оны  еш 
уақытта  ұмытпайды,  асқақтады,  қолынан  бөліп  берері, 
демесін жасап жіберері аз болса да айрықша қастерлейді.
Тарих  өткелдері  қиын.  Қазақ  тілі  төңірегіндегі  күрес 
егемендік пен тəуелсіздік қолымызға тисе де əлі басылған 
жоқ. 1930 – 1932 жылдардағы ашаршылықта жартысы қы-

140
рылып қалған халықтың «алла құдайлап» есін жия бастаған 
кезінде 1937 жылдың  қара  дауылы  соғып,  зиялысы  былай 
тұрсын,  қара  танитындарды  түгелге  дерлік  тұтқындау 
басталды.  Сол  тұста  қазақ  тілінің  мемлекеттік  мəртебесін 
жоқтайтын  жан  шыға  қоймады.  Сəкен  іждағат  салған 
алғашқы декрет осындай қасіретпен аяқталған-ды.
1954  жылы  орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  оқытпау 
жөнінде  ожар  əрекет  жасалғанда  С.  Мəуленов  басқарған 
«Қазақ  əдебиеті»  газеті 1956 жыл  тұяқ  серіппек  болды, 
бірақ  өзімізден  шыққан  шенқұмарлар,  нигилистер  мен 
мəңгүрттер  Н.  С.  Хрущевтің  «Коммунизмге  жету  үшін 
орыс  тілін  тезірек  игеруіміз  керек»  деген  жалған  да 
зиянды  дау рықпасына  сенді  де  «аралас  мектеп»  дегенді 
Қазақ стан да  ойлап  тапты.  Мыңдаған  қазақ  мектептері 
жабылды,  балабақшалар  түгіл,  қазақ  тобы  дегенің  өзі 
ашылмады. Орысшадан басқаларға жағдай жасалған жоқ. 
Соның  салдарынан  бүгінгі  қазақтардың 40 проценті  ана 
тілін білмейтін, түсінбейтін ерекше бөлек «қауым» қалып-
тасты.
Қайта  құру  заманының  арқасында  құрып  бара  жатқан 
тіліміз  қайтадан  жандануға  мүмкіндік  алған  еді.  Қалың 
да  қауырт  күреспен  қазақ  тіліне 1989 жылы  мемлекеттік 
мəртебе берілді, 1990 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне 
енді. Іштей де, сырттай қарсылық көбейді. Оның алғашқы 
дауылы  көтерілгенде  төресымақтар  тіл  бағдарламасының 
үш  бабын  ешкіммен  ақылдаспай  өзгерте  салды.  Олардың 
табансыздығы əлсіздігімізді көрсетті де, тіл заңын қайтадан 
қарау керек дегендер тілегіне жетіп тынды.
Тəуелсіздікке  жетудің  жолы  қиын,  бірақ  ана  тілі  уа-
қытша  саясатшының  ойыншығына  айналмай,  дəйекті  де 
мəртебелі  тұрғыда  болуға  тиіс.  Талай  ұрпақтың  ұлттық 
жаны,  көрік-келбеті  болып  табылатын  ана  тілін  көркейту 
жөніндегі күрес əлі аяқталған жоқ. Əсіресе тəуелсіздігінен 
айырылып,  екі  ғасыр  Ресейдің  илеуінде  болып,  қоғамдық 
сферадан  аластатылған  қазақ  тіліне  мемлекеттік  сипат 
дарытып,  кеңсе  істерін  жүргізу  туралы  майданды  алғаш 
бастап,  нақты  жүзеге  асыруға  мұрындық  болған  ардагер 

азамат Сəкен Сейфуллин сияқты күрескерлердің еңбегі зая 
кетпеуін мықтап ойластырған абзал.
Сонымен,  қай  азамат  болмасын  өз  ұлтын,  өз  əке-
шешесін  сүйеді.  Грек  ғұламаларының  айтуына  қарағанда, 
адамның  белгілі  бір  ұлтқа,  халыққа  тəн  екендігін  сезіну 
үшін,  біріншіден,  сол  ұлттың  тілін,  екіншіден,  дінін, 
үшіншіден,  дəстүрін,  төртіншіден,  тарихын,  бесіншіден, 
атамекенін  жақсы  білу  парыз  дегенін  (Қараңыз,  М.  Арын. 
Бес анық, 13-бет) Сəкен сынды қайраткерлер еселеп толты-
рады  да,  жалпы  ұлтжанды  қайраткерлеріміздің  қай-қай-
сысы  болмасын  қазақты  мəдениетті  елдердің  қатарынан 
көруге  жан  салғанын  байқаймыз.  Сондықтан  да  дауылды 
XX  ғасырдағы  қазақ  қайраткерлерінің  ұлттық  сана-сезі-
мінің  биік  болғаны,  олардың  ішінде  Сəкен  жұлдызының 
айрықша  жарқырап  көрінгені  болашақ  ұрпаққа  үлгі-өнеге 
болса, ұлтжандығын арттыра түссе құдайдың бергені.
02.04.1996.

142

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет