Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4133
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Т. О.) съезінде-ақ, ұлттық мүддені бірінші орынға қоятынын 
байқатты.
Егер  кадеттер  өз  бағдарламаларында  Қазақстан  тəрізді 
бұрынғы  отар  елдерге  Ресей  қол  астында  жергілікті  өзін-
өзі  басқару  құқын  ғана  беруді  қаласа,  ал  алаш  козғалысы 
өзінің  алғашқы  съезінде-ақ  Қазақстанға  федеративтік 
басқару  жүйесін  беруді  талап  етті.  Яғни  егер  кадеттер 
Ресейде  конституциялық-демократиялық  республика  құ-
ру ды  ұсынса,  алаш  қозғалысы  Ресейде  демократиялық 
федеративтік  парламенттік  республика  құруды  қажет 
деп  тапты.  Соңғы  шешім  бойынша  Ресей  құрамындағы 
Қазақстан  өзінің  дербестік  автономиялы  құқын  сақтап 
қалуы  тиіс  еді»
4
, – деген  ойы  тарихи  шындықтан  туған. 

К. Нүрпейісов. «Ақиқат» журналы, № 11,1992, 39-бет. 
2
 Т. Омарбеков. Бұл да сонда, 40-бет.
3
 «Қазақ» газеті, 31.07.1917.
4
 «Ақиқат» 1992, № 11, 41-бет.

168
Əрине,  ғалымның  бұл  ойы  Ақмоладағы  «Жас  қазақ»  ұйы-
мы  мүшелерінің  жіберген  телеграммасының  съезде  пікір-
талас туғызғаннан соң барып, осындай шешімге келгендігі 
жөніндегі мəліметке кездессе бұдан да айқынырақ болары 
сөзсіз еді.
Сонымен  мемлекет  құрылысы  жөніндегі  көзқарастың 
ең  алғаш  басталған  сəтінде  əр  қилы  ойлар  айтылғанымен, 
«Алаш»  партиясы  бағдарламасының  жобасында,  екінші 
жалпықазақтық  съездің  шешімінде  Россия  демократия- 
лық  федеративтік  республика  болып,  Қазақстан  оның  құ-
рамында болуға тиіс деген шешім алаш қозғалысы тұсында 
тұрақты позицияға айналды. Бұл арада «Жас қазақ» ұйымы, 
Сəкендер бірден көрегендік жасады деп қолпаштамаған мен, 
жалпы  қоғамдық  дамудың  аңғарын  бақылай  білгендерін 
теріске  шығармау  керек,  өйткені  бəрінің  де  арман-тілегі – 
қазақтың  басқалармен  терезесі  қалай  тең  болып,  қатарға 
қосылуы, ел болып өркендеп кетуі сияқты негізгі мақсаттан 
таралағанын  көреміз.  Алайда,  тарих  өзінше  шешті.  Ресей 
империясының сойылын соғушы болсын, ұлы-державалық 
көзқарасты  коммунистік  қызыл  түспен  бояғандар  болсын, 
оң ниетті теріске бұрып жібергенін енді көріп отырмыз.
Сонымен,  Қазақстанның  келешегі  жөніндегі  аса  түбе-
гейлі  мəселенің  шешім  табуының  сырына  тереңірек  көз 
жіберсек,  қазақ  зиялыларының  көзқарасында  əр  қилы  тү-
сінік  болғанын  көре  отырып,  бір  мəселеге  айрықша  тоқ-
тамасқа болмайды.
Алаш  қозғалысын,  əсіресе  оның  көсемдерінің  іс-əре-
кеттерін  кешегі  коммунистік  идеология  заманында  ылғи 
қаралап,  даттап  келдік.  Алашшылдар  қазақ  хандығын 
қайтадан  орнатып,  Ресейден  бөлініп  кету  үшін  əрекет  жа-
сады деген жалған түсінікті олай-бұлай бұрқыраттық. Əсі-
ресе  «федерация  деген  терминнің  өзі  айтып  тұрғанындай, 
алаш  көсемдері  бірінші  жалпықазақтық  съезде  «в  России 
должна  быть  демократическая  федеративная  республика. 
Киргазские  области  должны  получить  областную  авто-
номию,  смотря  по  национальным  различиям  и  бытовым 
условиям»
1
  дегенінде,  ал  екінші  съезде  қазақ  облыстары-
1
  Алаш-Орда.  Сборник  документов.  Составитель  Н.  Мартыненко. 
А., «Айқап», 1992, стр. 46-47.

169
ның  «территориально-национальная  автономиясы  «Алаш» 
атанғанда  «Конституция  автономии  Алаш  утверждается 
всероссийским  учредительным  собранием»
1
  деп  жат қа-
нында,  тіпті  «Алаш»  партиясы  бағдарламасының  жо    ба -
сында  «Россияда  демократическая  федеративная  рес-
пуб лика  болу  (демократия  мағынасы – мемлекетті  жұрт 
билеу.  Федерация  мағынасы – құрдас  мемлекеттер  бірле-
суі).  Федеративная  республикада  əр  мемлекеттің  іргесі 
бөлек,  ынтымағы  бір  болады.  Əрқайсысы  өз  тізгінін  өзі 
алып  жүреді.  Қазақ  жүрген  облыстардың  бəрі  бір  байла-
нып,  өз  тізгіні  өзінде  болып,  Россия  республикасының 
федерациялық  бір  ағзасы  (мүшесі  К.  А.)»
2
  болады  деп 
тұжырымдауында  Россиядан  бөлініп  кетеміз  деген  ой 
байқалмайтыны  былай  тұрсын,  тіпті  бүгінгі  шындыққа 
шылбыр тастап жатқаны байқалады.
Осындай  түбегейлі  мəселенің  бастауында,  яғни  қазақ-
ты теңдікке жеткізудің жолын іздеген Əлихан, Сəкен сын-
ды  ардагерлеріміздің  болғандығы  қазақ  санасының  биік 
деңгейін көрсетсе керек.
Енді  теңдікке,  азаттыққа  жеткізудің  стратегиялық 
жоспарын жүзеге асыру үшін жетекші, бастаушы орталық 
болуға  тиіс.  Олай  болса  партия  ұйымдастыру  проблема-
сын  əңгімелеудің  ешбір  артықтығы  бола  қоймас.  Сəкен 
Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты роман-эссесінде 
алаш  қозғалысы, «Алаш»  партиясы.  Алаш-Орда  өкіметі 
деген  атаулардың  бəрі  аралас  қолданылады.  Ешқайсы-
сына арнайы тоқтамай, ыңғайына қарай атай береді. Кейде 
оларды  басшыларымен,  əсіресе  Əлихан  Бөкейхановпен 
қапсыра бауырластырып жіберетін сəттері де аз емес.
Сəкеннің  көзқарасын  түсіну  үшін  «Алаш»  партиясы-
ның  азды-көпті  тарихына  тоқтай  кеткен  жөн.  Өйткені 
қазіргі  тарихшылар  мен  əдебиетшілер  арасында  əр  қилы 
ой-пікірлер  айтылып  жүр.  Көпшілік  зерттеушілер  бұрын-
ғы  коммунистік  идеология  кезінде  қалыптасып  қалған 
«Алаш»  партиясы  деген  атауды  оңды-солды  қолдануда. 
1
 Бұл да сонда, 69-бет.
2
 «Қазақ» газеті, 21.11.1917 немесе Ə. Бөкейханов. Шығармалар, 1994, 
259-бет.

170
Сонымен  қатар  алаш  қозғалысы  ішінде  алаш  партиясы -
ның құрылуының ерекшелігіне назар аудара бастағандар да 
бар.
Алаш қозғалысына басшы болған Ə. Бөкейханов, М. Ты-
нышбаев,  М.  Дулатов.  А.  Байтұрсынов, X. Досмұхаметов, 
М.  Шоқай  сынды  ұлы  азаматтардың  іс-əрекеті  «Тар  жол, 
тайғақ  кешуде»  аталып  қана  қоймайды,  талай  қияпатта 
суреттеледі.
Сонымен, «Алаш» деген партия заң жүзінде құрылады 
ма? Жоқ па? «Алашорда» деп аталған Халық кеңесі үкі ме-
тінің атқарған қызметі, не болмаса бүкіл алаш қозғалысы-
ның іс-əрекеті осы партия атына икемделіп кеткен жоқ па?
Тарихшылардың басым көпшілігі, əсіресе орыс тіл ді лер, 
«Алаш»  партиясының  болғандығына,  іс-əрекет  жасаған-
дығына  еш  шүбə  келтірмейді.  Қысыр  да  қияс  істерін, 
ұлтшыл  ниет-пиғылдың  бəрі  «Алаш»  партиясының  үгіт-
насихатымен  уағыздалып,  тарап  жатты,  төңірегіндегілер-
дің  бəрін  ұлтшылдықпен  улады,  совет  өкіметіне  жəне 
коммунистік  рухта  тəрбиеленіп  келе  жатқан  жас  ұрпаққа, 
əсіресе  қазақ  жастарына  қастандықты  бұдан  артық  жаса-
ған  партия  Қазақстанда  болып  көрген  жоқ  дегенді  қадай-
қадай  айтып,  жазып,  кімнің  болса  да  миына  сіңіріп-ақ 
тастағанымыз  рас.  Ал  сол  партия  қашан  құрылды  деген 
мəселеге 1988 жылдан  бастап  əдебиетші  Т.  Кəкішев  пен 
тарихшы К. Нүрпейісов назар аударғанын көреміз. «Бұрын-
ғы  жазғандарымда  бұқпантайлап  айтқан  бір  жайды  қазір 
ашық  айтайын. «Алаш»  партиясы  болыпты  дегенге  менің 
көзім  жетпейді: «Алаш»  партиясының  бағдарламасының 
жобасы 1917 жылы  қарашаның 21 жұлдызында  «Қазақ» 
га зетінде  жарияланды.  Ал  партия 1917 жылдың  маусым 
айында  құрылды  деп  қысылмай  жазып  келеміз.  Жер-жер-
лерде қазақтардың басы құралған топ «Алаш» партиясы ның 
съезі  болды  деп  дауырғуымызды  əлі  қойған  жоқпыз.  Ал 
шындығында,  яғни  партия  құрылуының  заңдылығы  талап 
ететін шарттарға келсек, онда оның уставы болмай ма, сол 
жарғы  мен  бағдарламаны  жүзеге  асыратын  комитеттері 
мен  жергілікті  ұйымдары  болмай  ма?  Архив  қарап  жүріп 
осының  біріне  де  кездескен  емеспін,  тарихи  деректерді 
көрген  жоқпын.  Көрдім,  білдім  дегендерді  кездестірген 

171
емен»
1
  дегені  зерттеушілер  тарапынан  түбегейлі  қолдау 
таба  қоймағанмен  тарихи  шындықты  мойындату  жағына 
ойысып келе жатқан сияқты.
1992  жылы  «Ақиқат»  журналының  дөңгелек  үстелінде 
Талас  Омарбеков,  Мəмбет  Қойгелдиев,  Кеңес  Нүрпейісов 
үшеуі  «Алаш»  партиясы  туралы  өткізген  əңгімесінде 
М.  Қойгелдиев: «Əрине,  еуропалық  түсінік,  өлшем  тұр-
ғы сынан  алғанда  Алаш  саяси  партия  деңгейіне  көтері-
ле  алмаған  сияқты  болып  көрінуі  əбден  мүмкін.  Ал  қазақ 
қоғамының  сол  тұстағы  қоғамдық,  даму  ерекшелігін  ес-
керсек, Алаш саяси партия есебінде өз міндетін атқара алды 
жəне  бұл  ретте  ұлт  тарихында  өшпес  терең  із  қалдырып 
кетті деп ойлаймын»
2
, – деп, алаш қозғалысы мен «Алаш-
орда» үкіметінің іс-əрекетін көлденең тартады.
«Алаш»  партия  дəрежесіне  көтеріле  алды  ма  деген 
мəселеге  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  ғылым  ака-
демиясының корреспондент-мүшесі, профессор Кеңес Нүр-
пейісов  бұлтартпас  деректерге  сүйене  отырып  ой  өрбіте-
ді. «Ең алдымен, «Алаш» саяси партия деңгейіне көтеріле 
алды  ма? – деген  сұраққа  жауап  берген  жөн  болар.  Алаш 
саяси  ұйымының  қатарында  болғандардың  санын  дəл  ба-
сып  айту  қиын.  Өйткені,  оның  мүшелеріне  партия  билет- 
тері  берілмеген,  ұйым  қатарындағылардың  саны  туралы 
архив  құжаттарында  сенімді  мəліметтер  де  кездесе  қой-
майды. Осы күнге дейін Алашқа мүше болғандардың саны 
туралы  айтылып  жəне  жазылып  жүрген  мəліметтер  тек 
жорамалдар  ғана.  Мұны  Міржақып  Дулатовтың  ОГПУ-
дің  тергеушісіне 1929 жылы 30 қарашада  берген  жауабы 
растай түседі. Осы құжатта Міржақып былай дейді: «Алаш 
партиясының жарғысын бекіткен съезд болған емес. Газет 
арқылы («Қазақ»  газеті, 1917, 21 қарашада – К.  Н.)  жа-
рияланған  жобамен  танысқан  жəне  оны  мақұлдағанның 
бəрі өзін партияның мүшесімін деп санады... Шын мəнінде 
нұсқау (директива) беретін қалыптасқан партия болған жоқ. 
Тек  қана  Құрылтай  депутаттығына  кандидаттар  осы  пар-
тияның  атынан  ұсынылды,  бұдан  басқа  партия  тарапынан 
1
 Т. Кəкішев. «Санадағы жаралар», 1992, 68-бет.
2
 «Ақиқат», № 11,1992, 43-бет.

172
жасалған əрекет болған емес. Сондықтан да Алаш партиясы 
көпшілікке кең танылған Алашорданың (қазақ автономия-
сы үкіметінің – К. Н.) көлеңкесінде қалды», – дегені белгілі. 
Ал  ОГПУ-дің  тергеушісіне 1929 жьиғы 14 шілдеде  бер-
ген  жауабында  Мағжан  Жұмабаев  та  Міржақыптың  осы 
тұжырымына жақын пікір айтады: «Алашты» саяси партия 
деп санаған емеспін. Тек қана Алашорда үкіметі болды».
1990  жылы  мен  осы  журналда  (ол  кезде  «Қазақстан 
коммунисі»)  жарияланған  мақаламда  «Алаш – шын  мə-
ніндегі  саяси  партия  болып  қалыптаспаған  ұйым...  Де мек, 
Алашты  саяси  ұйым  ретінде  қоғамдық  қозғалыс  дəре же-
сінен  əдеттегі  партияға  ауысу  «кезеңін»  бастан  кешірген 
өтпелі  саяси  ұйым  деп  қарастырған  жөн  сияқты»  деген 
пікікір  айтып  едім. (1990, № 5,73-бет).  Енді  осы  пікірдегі 
«сияқтыны»  алып  тастап,  Алаш  қозғалыстан  партия  дəре-
жесіне жетпеген саяси ұйым болды деп нық сеніммен айта 
аламын»
1
  дегенін, 1993 жылы  «Азия»  апталығында «60 
жыл  айтылмаған  ақиқат, «Алаш»  партиясының  зерттелуі 
туралы» деген мақаласында«Т. Кəкішев пен осы жолдар дың 
авторы  (яғни  К.  Нүрпейісов – К.  С.)  алаш  құрылған 1917 
жылғы шілдеде оның нағыз саяси партияға тəн қабылдаған 
жарғысы  мен  бағдарламасы  болмағандығын,  ресми  бас-
қару  органдарының  сайланбағандығын  айта  келіп,  оны 
шын мəніндегі саяси партия болып қалыптасып үлгермеген 
ұйым деп бағалады»
2
 дегенін ескермеске болмайды.
Əрине,  мұндай  күрделі  мəселеге  төбе  би  боларлық 
халім  жоқ,  ал  Сəкеннің  «Тар  жол,  тайғақ  кешуін»  оқып 
отырғанда  алаш  қозғалысын  да,  алашорда  үкіметін  де, 
алаш  азаматта ры  мен  «Алаш»  партиясының  да  ара  жігін 
ажыратпай,  араластырып  жіберетін  тұсы  өте  көп  кезде-
седі. Əсіресе 1936 жылғы түзетілген қытымыр басылымда 
шындықтың  шырайын  бұзатын  сөз  орамдары  да  кездес-
пей қалмайды. Демек, Сəкен қаншама нақты дерекпен сөй-
леймін десе де жалпы дүрмектен шыға алмаған, бұра тарта 
алмай, кезеңдік идеологиянын ыңғайымен кеткенін көреміз.
1
 «Ақиқат», № 11, 1992, 43-бет.

К.  Нүрпейісов. 60 жыл  айтылмаған  ақиқат. «Азия»  апталығы, 
02.12.1993.

173
Ал  алаш  қозғалысына  оралсақ,  онда  Бірінші  жалпы 
қазақ съезіне барып келген Асылбек Сейітов: «Алаш» пар-
таясын  жасауға  қаулы  қылғандарын  айтып,  баспаға  ба-
сылған қаулыларын оқыды»
1
, – дейді. Бұл жерде Сəкеннің 
айтып  отырғаны  «Қазақ»  газетінің 31 шілдедегі  санында 
жарияланған  съезд  қаулысы.  Олай  дейтініміз  бұл  бірінші 
жалпы  қазақ  съезі  қаулысының 12-бабында  «қазақ  халқы-
ның өз алдына саяси партиясы болуға тиіс. Бұл партияның 
жобасын жасау Шураи-исламға сайланған қазақ уəкілдері-
не  тапсырылсын.  Партияның  негізі  демократическая  фе-
де ративная  парламентская  республикаға  құрылмақ.  Жо-
баны  кейін  бекітеді»
2
  деп  жазылғанын  ескерер  болсак, 
онда  Қазақ  ССР  тарихы  жазғанындай,  мамыр  айы  түгіл, 
идея  оянған  шілде  айының  өзінде  «Алаш»  партаясының 
құрылмағандығы  анық.  Оны  тіпті  Ə.  Бөкейхановтың 
«Алаш»  партиясын  ашуға  тырыстым.  Мұны  мен  июльдегі 
жалпы қазақ съезінде айтқан едім»

дегені де дəлелдейді.
Ал  «Алаш»  партиясы  атауына  келсек,  онда  ол  Жанша 
Досмұхамбетовтің  Санкт-Петербургтен 1917 жылы 15 
қыркүйекте  жазған  хатында  алғаш  рет  ауызға  алынды. 
Бүкілресейлік  Құрылтай  сайлауына  дайындалу  мезгілі 
келіп қалған уақытта, сайлаудан қалып қоймау үшін партия 
атынан  кандидаттар  ұсыну  қажеттігі  партияны  ұйым-
дастыру процесін ептеп жеделдетуге себепші болған. Бізге 
белгілі  деректер  бойынша,  Жанша  осы  хатында  ешбір 
партиялық  бағдарлама  жасамай,  жарғымен  бекітпей-ақ, 
əзірге  кандидаттарды  партия  атынан  ұсына  беруге  ақыл 
қосқан. «Постановление  съездов  известно  всем,  поэтому, 
недолго  думая,  партию  нашу  желаем  именовать  именем 
(лозунгом)  наших  прадедов  «Алаш».  Все  те,  кто  стоит 
за  постановление  всекиргазского  съезда  и  за  отдельную 
киргазскую  политическую  партаю,  должны  именовать 
список  кандидатов  на  собрании  (учредиловке)  списком 
партии  «Алаш»
4
  дегенді  де  жадымыздан  шығармауға 
тиіспіз.
1
 Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 77-бет.
2
 «Қазақ» газеті, 31.07.1917.
3
 Ə. Бөкейханов. Шығармалар, «Қазақстан» 1994, 269-бет.
4
Алаш-Орда.  Сборник  доқументов.  Составитель  Н.  Мартыненко. 
А. «Айқап» 1992, 61-бет немесе «Қазақ» № 244. 05.10.1917.

174
«Алаш»   партиясының   ұйымдасуын,  құрылуын, бағдар-
ламасы  жобасының  жазылуын  Сəкен  Сейфуллиннің  «Тар 
жол, тайғақ кешу» (1927) роман-эссесіндегі мəліметтермен, 
басқа да деректермен салыстыра келіп қорытқанда «Алаш» 
партиясының  дүниеге  келуінің  мынадай  хронологиялық 
кестесі шығады.
1917  21-28. 
VII. Бірінші «Жалпықазақ» съезінде  
 
 
 
қазақтың саяси партиясын құру  
 
 
 
идеясы айтылып, қаулы алынады.
1917  15.    
IX. Ж. Досмұхамбетов «Алаш» деген  
 
 
 
атау берілсін деген ұсыныс жасайды.
1917  21.    
XI. «Қазақ» газетінде партия    
 
 
 
программасының жобасы  
 
 
 
жарияланады.
Сонымен  «Алаш»  партиясы  төңірегіндегі  тұжырымдар 
мен  артық-кем  айтылған  ойлар  есімізді  жинап,  тəуел-
сіздігімізді  алып  жатқан  кезімізде  əбден  зерттеліп,  оқушы 
қауымға  тарихи  дəлдікпен  жазылған  еңбек  берілер  деген 
үмітке бастайды. Өйткені, ондай қажеттік осы аз ғана шо-
лудан-ақ аңғарылса керек.
Əрине, «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  роман-эссесінің 
1916–1919  жылдар  оқиғасы  қамтитындығын  ескерсек, 
онда  біз 1917 жылы  екі  жалпықазақтық  съездердің  не гізгі 
мəселелерін  əңгімелеуді  тарихшылардың  үлесіне  қал-
дырып,  идеологиялық  майданның  көркем  шығармаға  жа-
сайтын  əсерлеріне  ғана  назар  аударған  жөн  деп  білеміз. 
Сəкен  Сейфуллин  алаш  қозғалысының  негізгі  мақсатына 
қарсылығы  болмағанмен  оның  орындалу  барысында,  əсі-
ресе  Алашорда  үкіметінің  іс-əрекетіне  көзқарасы  роман-
эссенің өн бойынан сезіліп отырады. Мұны психологиялық 
тұрғыдан  түсіну  қиын  да  емес,  өйткені  Сəкеннің  револю-
ция  жолындағы  қиямет-қайымы  тап  сол  кезде  қазақтың 
бірде бір қайраткерлерінің басынан өтпегені белгілі.
Сондықтан  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  роман-эссесінде 
тарихи  шындық  жүйелі  түрде  баяндалғанымен  кейде 
Сəкенді  «суреткерлік  қысып  кеткенде»  алабажақ  бояулар 

175
мен ащы тілдің тізгінін босатып қоя беретін тұстары барын 
көреміз.
Алаш  козғалысының  алдына  қойған  мақсатына  жете 
алмауы  тек  заманның  қысастығы,  аумалы-төкпелі  дəуір-
дің  болуымен  бірге  жеке  адамдардың,  басшылардың 
іс-əрекетіне  байланысты,  елдің  ниетіне  тəуелді  болары 
белгі лі.  Бүкіл  алаш  қозғалысына  болмағанмен,  белгілі 
дəре жеде  «Алашорда»  үкіметінің  іс-қылығына  Сəкен 
жинаған деректер тұрғысынан қарасақ, роман-эссенің негі-
зінде  тарихи  шындық  жатқанын  көреміз.  Əрине,  жазып 
отырған  кезде  қаламгердің  ықылас-пейілі  мен  көңіл  күйі 
қатысып  отырады.  Сондықтан  объективтік  жағдайлар-
ға  субъективтік  түсіндірмелер  қосылмай  тұрмайды.  Бұл 
жөнінен  келгенде  Сəкеннің  Əлихан  Бөкейхановты  «Ала-
шорда»  үкіметінің  жиынтығы  деп  түсінуі, «Алашорда» 
үшін, əсіресе Ə. Бөкейханов жауап беруге тиісті деп ұғуы 
қаламды  қатты  ұстауға,  əжуа-мысқылды  қолдануына  тура 
келген сəті де жоқ емес. Шамадан асып кеткен тұстарында 
Сəкенді жақтай қою қиын, ал əсірелеп жеткізуге, суреттеп 
көзге көрсетуге жазушы ретінде правосы барлығын тағы да 
жоққа шығара алмаймыз.
Жалпы «Алашорда» үкіметі жайында болсын, не оның 
жекелеген қайраткерлері туралы болсын, Сəкен тапшылық 
тұрғыдан пікір толғағанын ешкім жоққа шығара алмайды, 
шығаруға тырысудың қажеті шамалы. Сондықтан Сəкеннің 
«Алашорда» үкіметі жөніндегі түйінді ойын айтпай кету не 
көрмегенсіп өте шығу жөн болмас.
«Сібірді,  Уфаны,  Самарды  чехословактар  алысымен 
əлеумет майданына шығып, əр жерде үкімет жасауға кіріс-
ті.  Əлденеше  ақтардың  үкіметтері  жасалып,  өз  беттерімен 
əрекет қылып жатты. Олармен қатар «Алашорда» «біз де өз 
алдымызға  үкіметпіз»  деп  жар  салып  жатты.  Əкімшілікті 
қанша  жүргізбек  болғанмен,  қамшы  мен  қылышты  қанша 
жарқылдатып  ойнатқанмен  «Алашорда»  үкіметінің  əмірі 
Семей,  Торғай,  Орал,  Жымпиты  аудандарынан  жөнді  аса 
алмады.  Орталық  «Алашордаға»  губерниялардағы  жасал-
ған «Алашорда» үкіметтерінен қайрат болмай жатты.
«Алашорда»  барлық  Қазақстанды  меңгере  алған  жоқ. 
«Алашорданың» өзі екіге жарылып, «Күнбатыс алашорда», 

176
«Күншығыс  алашорда»  деген  болды.  Бұлардың  арасын-
да  «Торғай  алашордасы»  болды. «Алашордашылар»  бет-
беті мен  əкімшілік  жүргізіп,  төңкеріске  қарсы  əрекет  істеп 
жатты...
«Үкіметпіз» дегенмен «Алашордалар» Омбыдағы Сібір 
үкіметіне бағынып отырды. Жəне Самардағы Учредитель-
ное  собрание  комитетіне  алыстан  бағынып,  екеуінен  де 
көмек сұрап алып жатты. Үш мың солдатқа киім алды. Көп 
қару-жарақ  алды.  Жəне  «Күнбатыс  Алашорда»  өз  алдына, 
екі мың мылтық, 37 пулемет, екі зеңбірек, екі автомобиль 
алды...
«Алашорда»  үкіметінің  ең  мықты  болған  ісі  больше-
викке,  совдепке  ерген  қазақтарды  құрту  əрекеті  болды. 
Одан басқа істе «Алашорданың» əрекеті ескі болыс, діншіл 
ишан,  патшаның  оязнайларының  əрекетіндей  болды»
1
  де-
гені  өкінішке  қарай  кұжаттармен  дəлелденетін  жайлар. 
Өзі баррикаданың екінші жағында болған Сəкеннен бұдан 
басқаша айтуды күте қою да қиын.
«Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі негізінен алғанда 
қазақ  оқығандарының  төңкеріске  калай  қарағандығынан 
хабар  беретіндігі  əмбеге  аян.  Жəне  Сəкеннің  өз  танымы, 
өз  түсінігі,  əсіресе  коммунистік  тұрғыдан  қарағандығы, 
түсіндіргені,  баяндағаны,  суреттегені  ешкімнен  жасыра-
тын  сыр  емес.  Көркемдік  шартын  қолданған  уақытта  реа-
листік  баяндаулармен  келеке-қалжың  да,  улы  сатира  да, 
алабажақ  бояулар  да  араласып  жатқанын  көреміз.  Жəне 
бұл  көркемдік  тəсілдер  газет-журналдардан  келтірілген 
де ректерді  жандандыру,  оқушыларды  жалықтырып  алмау 
үшін қолданылып отырғанын аңғармау əбестік болар еді.
«Тар жол, тайғақ кешудің» əрі тарих, əрі көркем шығар-
ма  болып  халық  қолынан  түспеуі,  оны  біреудің  ұнатып, 
екінші  біреулердің  тыржия  оқуы,  ұнатпауы,  қарсы  болуы 
заңды  құбылыс,  өйткені  шын  өмір  көрінісі  еш  уақытта 
тəтті  де,  сəнді  бола  бермейтіні  табиғи  нəрсе.  Міне,  сон-
дықтан  Сəкеннің  қазақ  зиялылары  жөнінде  жүргізген  сая-
саты  болсын,  пенделік  қарым-қатынасы  болсын  осы  жай-
ларды əрқашан есте тұтып отырғанды қалайды.

С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 240-244-беттер.

177
Сəкеннің  алаш  азаматтарымен  қарым-қатынасын  «Тар 
жол,  тайғақ  кешу»  роман-эссесі  арқылы  суыртпақтай  шы-
ғарған  уақытта  алаштың  көсемі  Əлихан  Бөкейхановқа  ең 
алдымен  тоқтамай  кетуге  еш  болмайды.  Қайсыбір  даңғаза 
əңгіме көбіне-көп Сəкеннің Əлиханға көзқарасының роман-
эсседе  суреттелуіне  байланысты  дабыраланып  жүргені  де 
өтірік  емес.  Сондықтан  Сəкен – Əлихан  арақатынасы  тек 
пенделік  түрғыдан  ғана  емес,  екі  идеология  өкілі  ретінде 
қаралса өзінің дұрыс шешімін табады.
«Бар өмірін өз халқының болашағы үшін күреске арнаған 
үлкен  қайраткер»
1
  бүкіл  алаш  қозғалысының  көсемі, XIX 
ғасырдың аяғынан XX ғасырдың 30-жылдарына дейін қазақ 
халқының  ақыл-парасатын,  сана-сезімін  биікке  көтеріп, 
көпшілікке саяси-рухани азық сыйлаған, өз елі үшін басын 
тауға да, тасқа да ұрған, оқтаулы ақ береннен қаймықпаған 
ұлы  азамат – Əлихан  Бөкейханов  екені  қазақ  тарихында  
мықтап орнықты. Мақсатқа жетудің ақ жолын іздеген қай-
раткерлердің еңбегі айрықша құрметтелуге тиіс.
Қазақ халқына азаттық, теңдік алып берудің ең шешуші 
бағыты  орыс  еңбекшілерімен  бірлесе  іс-əрекет  жасағанда 
ғана  жетуге  болады  деген  түсінік  Сəкенде  басым  болғаны 
рас. Ал Əлихан Бөкейхановтың да орыссыз аттап баспаға-
ны былай тұрсын, тіпті асырып жіберген сəттерін, əсіресе 
батысшылдыққа  құлай  берілгенін  ескерусіз  қалдыруға 
болмайды.  Ұлттық  мүддені  Ресейдің  кадеттер  партиясы 
деңгейінен  іздеп  табуға  ұмтылғаны,  насихаттаған  кезі  де 
белгілі.  Алайда  неге  екенін  кім  білсін,  Əлихан  қазақтың 
бұ рынғы  хандық  заманын  қайтадан  орнатпаққа  күш-жігер 
жұмсап  жүр  деген  түсінікті  роман-эсседен  көп  кездесті-
реміз.  Хандықты  өткен  кезең  деп  білу  Сəкенге  талай  ащы 
сөздер  айтқызып  тастатқан.  Сондықтан  осы  қарым-қаты-
насты  суыртпақтап  шығарып  алсақ,  онда  көп  жайлар  өз 
жөнін табары сөзсіз.
Əрине,  Əлихан  Бөкейхановтың  қазақ  халқының  сана-
сезімін  оятуға  қосқан  үлесі  мол  болғандықтан  алаш 
қозғалысының көсемі болуы əбден заңды. Ұлттық мүд деге 
1
М. Қойгелдиев. Алаштың Əлиханы. Алғы сөз. Ə. Бөкей ханов. Шығар-
малар, 1994,38-бет.

178
жету  жолында  тактикалық  талай  қадамдар  жасалу  мүм-
кіндігін диалектика заңдылығы теріске шығармайды. Оны 
Сəкен  де  түсінген,  ұққан.  Қадір-құрметін  жайып  салуға 
даяр  екенін  роман-эссенің  алғашқы  тарауынан-ақ  аңғар-
тады.  Алайда  Қазан  төңкерісінен  кейін  қолына  қылыш 
ұстап,  жасақ  ұйымдастырғаны,  қанды  майданға  шық қа ны, 
большевизмге  қас  болуы  төңкерісшіл,  соның  жаршысы 
болған  Сəкенге  ұнамағаны  былай  тұрсын,  тіпті  таптық 
өшпенділікке  ұластырып  жібергендей  көрінетін  тұстар  да 
жоқ  емес.  Барикаданың  екі  жағында  болғандардың  аянып 
қалмасы тағы белгілі. Егер «Тар жол, тайғақ кешуде» өңсіз 
беттер,  ащы  теңеулер,  орынсыз  салыстырмалар  кездесер 
болса, онда оны екі идеологияның жұғыны деп білу керек. 
Ал  пенде  ретінде  бір-біріне  деген  шетін  қылықтары  онша 
көріне бермейді.
Осы  арада  уақыт  пен  идеология  қысымын  дəлел деу 
үшін  бір  деректі  келтіре  кету  айрықша  қажет. «Тар  жол, 
тайғақ  кешудің» 1927 жылғы  басылымындағы  Əлиханға 
деген құрмет пен көңіл-күй 1936 жылғы түзету кезінде алы-
нып қалыпты. Оны редактор жасады ма, əлде Сəкеннің өзі 
алып тастады ма, əйтеуір Əлихан – Сəкен қарым-қатынасын 
ашатын мəнді тарихи дерек соңғы басылымдарда кездеспей 
Сəкеннің сөзі қатқыл болып көрінеді.
Сөзіміз  дəлелді  болу  үшін  роман-эссенің  соңғы  басы-
лымдарында  жоқ,  ал 1927 жылғыда  бар  деректердің  қай-
сыбірін  түгелге  жақын  келтіре  кетсек,  біраз  шындықтың 
беті ашылмақ.
«Қазақ»  газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы 251 
санында  «Əлиханның  Семейге  келуі»  деген  жалпы  тақы-
рыппен бірнеше материал берілген.
Бас жағында кішкене хабарлама басылып, онда «Əлихан 
Томскідегі Сібір съезінен қайтып, баяндама оқуға Семейге 
барған  еді.  Семей  халқы  Əлиханды  қалай  қарсы  алғаны 
туралы «Сарыарқа» газетінде бір мақала басылып шықты.
Əлихан  Семейге 21 қазан  күні  келетіндігі  күн  ілгері 
мəлім болған екен. Сол күні алдынан шығып, құрмет көр-
сетуге  Семей  қазақтары  бұрынғы  губернатор  мекемесі, 
қазіргі  «Бостандық  үйіне»  ағыла  бастаған,  семинаристер 
бір  рет,  гимназистер  бір  рет,  мұғалімдер  бір  рет,  тұрғын 

179
саудагерлер,  қырдан  келгендер  «сегіздегі  бала  мен  сек-
сендегі  шал  да  қалмай»  дегендей  қуанышпен  отарбаның 
келуін тосқан еді.
Мұнша халықтың артықша зор құрметпен, қуанышпен, 
сағынып күткен адамы:
«Ел үшін құрбандыққа жанын берген, 
Бит, бүрге, қандалаға қанын берген, 
Ұрадай сасық ауа, темірлі үйде, 
Зарығып Алаш үшін бейнет көрген.
Заманда басқан аяқ кейін кеткен, 
Жасымай Алашына қызмет еткен. 
Балса да қалың тұман, қараңғы түн, 
Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.
Түймеге жарқылдаған алданбаған, 
Басқадай бір бас үшін жалданбаған. 
«Көркейер қайткенде «Алаш» деген ойдан, 
Басқа ойды өмірінде малданбаған, 
Əлихан  Нұрмұхамбетұлы  Бекейханов  еді»
1
 – деп  жа -
зыл ғанға  кітабынан  орын  берді.  Бұл  материалды  «Қазақ» 
газеті  «Сарыарқадан»  көшіріп  басқан  уақытта  көше  толы 
ағылған  халықтың  бəрі  «Бостандық  үйіне»  барып  толға-
нын,  тəртіп  сақтаушы  кісілер  халықты  реттеп  отырғыз-
ғанын жазғанына шейін ұмытпайды.
Жиналған  жұрт  Əлиханмен  көріспекке  дуылдап  тұр-
ғанда,  поезды  тосып  алуға  жіберілген  екі  кісі  құрметті 
қонақты  «Бостандық  үйіне»  түсіреді.  Жұрт  амандасып 
болғаннан  кейін,  қара  халық  атынан  Шайық  Мұстайұлы, 
Комитет  атынан  Ахметжан  Қозыбағарұлы,  оқытушылар 
атынан мұғалім Маннан Тұрғанбайұлы сөйлейді.
«Сүйікті  басшымыз!  Еңбегің  жанды,  ұлтыңның  жан-
дана  бастағанын  көзің  көрді,  өзінің  оқытушы  екенін  жа-
сырып  жүретін  оқытушылар  мынау  отырғандар.  Олар  бұ-
рын  келгеніңізде,  дидарын  көрсетпей  жауып  қойған  да 
уақыттары  болды.  Жүзі  қаралардан  қорқып,  біз  де  бүйтіп 
көрініп,  алдыңыздан  шыға  алмаушы  едік.  Құдай  бізді 
1
 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 69-бет.

180
бүйтіп  қарсы  алуға  жеткізді.  Біз,  оқытушылар,  Сіздің 
пікіріңізді  жайып,  елімізді  тірілтуге  даярмыз.  Көп  жаса 
басшымыз, сені көрумен өзімізді бақытты санаймыз» деді.
Жалпы  жастар  атынан  С.  М.  Торайғырұлы  былай  құт-
тықтады:
«Көш бастаған еріміз 
Куанышта еліңіз. 
Төбеміз көкке жеткендей, 
Көкіректен бүгін кеткендей, 
Сізді көріп шеріміз. 
Еліңіздің бұл шағын 
Алаш туын һəм бағын, 
Көзбен көріп төленді 
Көптен бергі теріңіз, 
Алаш туын қолға алған, 
Қараңғыда жол салған, 
Арыстаным келіңіз»
1
.
Бүгінгі  оқырман  қауымға  сол  кездегі  жазу  үлгісі, 
психологиясы  жете  берсін  деген  мақсатпен  тарихи  факт, 
дерек ретінде осы хабарламаны сол күйінде келтіріп отыр-
мыз.  Өйткені,  Ə.  Бөкейхановтың  елге  қанша  қадірі  ба рын 
бір көрсек, екінші Сəкен алаш көсемі туралы ке йінгі баян-
дауларында эпитет, теңеу қосып отырғанына қа рамай, сонау 
1927  жылы  əділдіктен  көз  жазбағанын,  шын шылдығынан 
азбағанын, адалдықтан айнымағанын көреміз.
«Ал  енді  оқушылар  атынан  Аймауытұлы  мынаны  айт-
ты»  деген  хабарламасында  «Қараңғыда  қан  жылап,  қаң-
ғырған  күнде  басыңды  Алаш  жолына  құрбан  қылған  аға-
мыз, асқар беліміз!
Сізді  көргендегі  жүректің  қуанышын  тіл  айтып  жет-
кізерлік емес. Өмірінде жүрген жолың – бар інілеріңе жағып 
қойған шамшырақ.
Жасасын сүйреген Алашың! 
Көп жаса сабазым!»
Басқалар тарапынан да осы секілді сөздер сөйлеп болған 
соң, Əлихан мынаны айтты:
1
 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 70-бет.

181
«Ағалар, інілер! Мені бұлай қарсы алғандарыңа рахмет, 
бірақ  үғыну  керек;  бостандықты  туғызған  мен  емес,  орыс 
ерлері. Мен олардың жолында жолдастықта жүрген кісімін. 
Жүз жылдан бері бостандық үшін асылған, атылған солар.
Тəңірі жарылқасынды соларға бұрын айтуға керек.
Бостандыққа қуансаңдар, мені «басшымыз» деп айтқан-
дарың шын болса, міне мен, өле-өлгенше сендерге қызмет 
қылуға уағда беремін. Сеңдер уағда бересіңдер ме бостан-
дық  жолымен.  Бостандық  жолында  болсаңдар,  нашар ды 
жебеу  керек,  партияны  қойып  бірігуге,  бас  пайдасы  мен 
жұрт  пайдасын  бірдей  көруге,  барлық  күштеріңді  ғылым 
жо лында жұмсауға керек.
Міне,  бостандық  болғалы  осыларды  қылып  отырған 
шығарсыңдар,  бостандық  өзінен  өзі  сендерге  түк  əкеліп 
бермейді», – деді.
Міне, Əлиханды осылай қарсы алды»
1
.
«Тар жол, тайғақ кешудің» бірінші басылымында (1927) 
жазушы  Əлихан  Бөкейханұлын  құрметтеген  материалдар-
ды  романда  толық  келтіруі  Сəкен  Сейфуллиннің  азамат-
тық көз-қарасының Əлихан Бөкейханұлына пəлендей теріс 
болмағандығын  аңғартады.  Ал  жазушы  пайдаланған  бұл 
материалдардың,  əсіресе  Əлихан  Бөкейханұлының  орыс 
ағайындарға деген көзқарасының, Россияны өзіне бел тұта 
сөйлеген сөздерінің бүгінгі оқырманға айтары ғана емес, ой 
салар тұстары да бар екенін көргендейміз.
Бұл  хабарламаны  əдейі  толық  келтірген  уақытта  «Тар 
жол, тайғақ кешу» роман-эссесі 1936 жылы өңделіп, толық-
тырылғанда,  көп  өзгеріске  түскенін  аңғарту  мақсаты  бір 
болса,  екіншіден,  кезең  идеологиясының  қыспағы  тіпті 
Сəкен дей  жау  жүрек  батырдың  өзін  жасқантып  тастаға-
нын  көрмей,  алаш  азаматтарын  əдейі  қысастықпен  сөзге 
қалдырған  деген  қысыр  ойларға  берілген  жауап  та  болар 
деп білеміз.
Біздің  бүгінгі  оқушы  «Тар  жол,  тайғақ  кешудің» 1936 
жылы  өзгерген  нұсқасын  пайдаланып,  негізгі  түсінігі  сол 
басылым  бойынша  қалыптасқанын  ескере  отырып,  арғы-
бергі  деректер  негізінде  Əлихан – Сəкен  қарым-қатысын 
1
 С. Сейфуллии. Тар жол, тайғақ. кешу, 1927, 71-бет.

182
суыртпақтап  шығарсақ,  артық  айтылып,  кем  өлшенгеннің 
ара  жігі  айырылары  белгілі  «Алашорда»  үкіметін  айтқан-
да Ə. Бөкейхановты есіне алып отырады, сондықтан екеуін 
біртұтас көретін сəттері өте көп деп ескерттік. Алаш, алаш-
орда  деген  атаулардың  ар  жағында  қазақ  зиялыларының 
үлкен шоғыры жатқандай болып көрінеді.
Мəселен,  Сəкенді 1918 жылы  Ақмола  абақтысында 
тергегенде Шонтонов:
– Сіз «Алашордаға» қарсысыз ба? – деді.
– Қарсымын, – дедім.
– Неге қарсысыз? – деді. Мен:
«Алашшылдар»  орыстың  патшасы  түскеннен  кейін 
қазақты орыстан бөліп, өздері қазақ халқына хан болғысы 
келеді, өздері патша болғысы келеді. Езілген қазақ халқына 
енді  хандардың  ешбір  керек  жері  жоқ.  Жəне  бұлар  қазақ 
халқын  орыстан  мүлдем  бөлмек  жəне  бұлар  қазақ  жері-
нен  күллі  крестьян  орыстарды  қумақ.  Олай  болса,  үлкен 
бүліншілік  болмақ.  Қазақтың  нашар  бұқарасына  патша 
үкіметін құлатып, теңдік əперген орыс еңбекшіл халқынан 
біз  онда  айырылып  қалмақпыз.  Міне,  осы  себепті  мен 
«Алаш ордаға» қарсымын! – дедім.
Орыстардың көздері шығып кете жаздады.
Əсіресе қара сақалды крестьянның көзі ежірейіп кетті.
«Алашорданың  шын  ниетін»  орыстар  менен  ғана  біл-
ген дей  болды. «Алашордамыз»  деп  ақтармен  бірге  бізді 
тек серіп отырған үш қазақ: Төлебай мырза, Тəшти саудагер, 
Мəнтен  молда  не  қыларын  білмеді.  Қып-қызыл  болды. 
Қы зарғанда  большевик  болып  қызарған  жоқ,  тек  сасық 
қарындарындағы арам қандары беттеріне келді.
Орыстар «Алаштарға» ала көздерімен «əдемілеп» қарап 
қойды. Найзамның дəл тигенін біліп, қыбым қанып, қағазға 
қол қойдым»
1
.
Бұл ұзақтау үзіндіні келтірген уақытта «жан беріп, жан 
алатын»  тұста  Сəкен  өзінің  дұшпандарын  мұқату,  яғни 
алашшылдарды  қасындағыларға  жаман  атты  етіп  көрсету 
үшін  тактикалық  жүріс  жасап, «жалған  сөйлеуіне»  тура 
келген.  Алашордашылардың  бар  мақсаты  орыстардан  қа-
1
 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 221-222-беттер.

183
зақ даласын тазалау, кетіру деп түсіндірген. Оған орыстар 
сенген, сөйтіп ақтар лагерінің өзіне жік түсіруге тырысқан.
Əрине,  жаны  мұрнының  ұшына  келгенде  пенде  не 
демейді дегенге бағар болсақ та, Сəкеннің «Алаш» партия-
сының  бағдарламасы  жобасына  жазылғанды  білмеді, 
Ə.  Бөкейхановтың  орыстарға  іш  тартып  отыратынын  біл-
мей тін  еді  деуге  тіпті  болмайды.  Шалыс  баспайтын  пенде 
жоқ екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.
Тарихи  құбылыстарда,  келелі  істерді  атқаруда  ортаға 
ой  салар  көсемдігімен,  жөн  сілтер,  жолбасшылығымен 
ерек  шеленетін  Бөкейхановтай  тұлғаның  болуы  заңды 
құбы лыс. Осы тұрғыдан алып қарағанда XX ғасырдың бас 
кезіндегі  тарихи  жағдайлардағы  қоғамның  професті  эле-
менттерін, мемлекет туралы ұғым түсінігін, бағыт-бағдарын 
Ə.  Бөкейхановтың  мақалаларынан  көптеп  табуға  болады. 
Бұл  мəселе  біздің  жұмысымыздың  алдына  арнайы  қойыл-
ған  міндет  болмағанмен,  оның  ең  негізгі  жақтарын  қарас-
тыра кеткеніміз орынды.
Қанына қызбайтын қайраткер болмайтыны əмбеге аян. 
Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  Əлихан  Бөкейханов  өз 
ұлтының  мəдениетті,  өркенді,  жан-жақты  сауатты  болуын 
ойлағандықтан  өздері  əбден  бейімделген  орыс  жəне 
да мы ған  батыс  елдерін  үлгі  тұта  сөйлегені  орынды  да 
шығар.
Ə.  Бөкейханов  мақалаларында  «Біздің  Россияда» 
деген  сөздер  көңіл  үшін  ғана  емес,  белгілі  мəнге  де  ие. 
«Біздің  Россия  патшалығы,  яғни  біздің  патшалық  сияқты 
патшалықта  не  болса,  закон  арқылы  болады,  законсыз 
жалғыз қылшық түспейді»
1
 дегенді көпшік қою деуге келе 
қояр ма екен.
Қыр баласының (Əлихан Бөкейханов – К. А.) «Біз Стам-
булды  алсақ,  дүние  жүзіндегі  адам  баласына  сүйіспен-
шілік,  татулық,  құрдастығына  жол  ашамыз.  Осындай 
адам  баласына  бірдей-ақ  жол  шығарып,  адам  баласына 
біздің  орыс  жұрты  көсем  болады-ау  деймін. «Біздің  орыс 
жұртынан  ешкім  кемшілік,  зорлық  күтпес.  Біз  Стамбул 
менікі дегенде осыны бетімізге ұстай жүріп іс қыламыз»
2
 –
1
 Кыр баласы. Тағы соғыс, «Қазақ» газеті, 1914, №54, 71.
2
 Кыр баласы. «Трубецкой лекциясы», «Қазақ» газеті, 1915, 96.

184
дегендерге  зер  салған  кісі  біраз  жəйтқа  қанығар.  Ал 
«Россияның Стамбулды аламыз дейтіні де жөн. Правосла-
вия  дініндегі  жұртқа  Ая  София  мешіті  мақсуд.  Екіншісі, 
Россия  суы  қатпайтын  мұхитқа  құмар.  Бұ  да  жөн»
1
  деген 
тұстарын  қалай  түсінбекпіз?  Осындайларды  оқып-біліп 
жүрген Сəкен қандай пікірде болмақ?
Алаштың  көсемі  Ə.  Бөкейхановтың  «батысшылдығы» 
жөнінде  Санжар  Асфендияров 1933 жылы  марксизм  инс-
титутының  қазақ  филиалында  өткен  дискуссияда  сөйле-
ген  сөзінде  мынадай  естелік  айтқан: «... Алашорда  лидер-
лерінің «батысшылдығы», «түрікшілігі» жөнінде де басын 
ашатын  нəрсе  баршылық.  Менің  есімде, 1912 жылдың 
күзінде  Петербургтағы  қазақ,  татар,  өзбек  студенттері 
арасында  Балкан  соғысына  байланысты  Түркияны  қол-
даған үлкен қозғалыс болды. Болгар студенттері бізбен жұ-  
дырықтасудың  сəл  алдында  тұрды.  Сол  кездері  болып 
тұрған бас қосулардың бірінде Бөкейхановқа «біз Түркияға 
барамыз,  нағыз  ұлтжандылықтың  белгісі  осы  болмақ» 
сияқты  ойларымызды  айттық.  Ол  Түркия  құлағалы  тұр, 
оған ешқандай да үміт артудың қажеті жоқ дегенді айтып, 
бізді батысқа бағыттады»
2
, – дегені көп жайдан хабар беруге 
жарайтыны даусыз.
Сəкен  Сейфуллиннің  алаш  азаматтары  ішінен  Əлихан 
Бөкейхановқа  тиісе  сөйлеуі,  қағытып  отыруы  кейінгі  тап-
тық  көзқарастың  салқыны  екенін  байқау  қиын  емес.  Оны 
кейбір  зерттеушілер  Əлихан  Бөкейхановтың  ұлтжан ды-
лығын  Сəкен  айрықша  айыптайды  деп  түсіндіруге  ыңғай-
ланын, кінəлі етуге тырысуы, əрине, біржақты түсінік.
Кезінде  нағыз  ұлтжанды  Ахмет  Байтұрсыновтай  аза-
маттың ұлтын сүюдегі түпсіз тереңдігін Сəкен Сейфуллин-
дей түйсінген, түсіндірген, сол үшін аса төнкерісшілдерден 
сөз естіген кім бар?!
Осындай  тұрғыдан  келгенде XIX ғасырдың  аяғы  мен 
XX ғасырдың басынан елім деп егілген, етігімен су кешкен 
Əлихан  Бөкейхановтың  «бостандықты  туғызған  мен  емес, 
орыс ерлері. Мен олардың жолында жолдастықта жүрген кі-
сімін. Тəңір жарылқасынды соларға бұрын айтуға керек»
3
, – 
1
 Қыр баласы. «Стамбул һөм кылилар», «Қазақ» газеті, 1915, №117.
2
 Қараңыз. Ə. Бөкейханов. Шығармалар. Алғы сөз, 17-бет.
3
 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу. 1927,71-бет.

185
дегені де есте ғой. Уақытша өкіметті құттықтап телеграмма 
салған  кəдешілдігін  Қазан  төңкерісінен  кейіи  Ресейде  өз-
ді-өзі  атысып,  шабысып  жатқанда  «Бізде  большевиктерге 
қарсы амал қылатын болған соң біздің милиция жасаймыз 
деген  ісімізді  өздеріне  көмек  көріп,  атты  қазақтар  қару-
жарақ  жағына  қарасса  деген  үмітіміз  бар. 5 желтоқсанда 
Орынборда атты қазақтардың да съезі болмақшы. Екі съезд 
уақыты  бірге  болған  соң  кару-жарақ  жайынан  да,  қалай 
милиция жасап, қалай тəртіптеу туралы да атты қазақ съезі 
мен  қазақ-кырғыз  съезіне  келген  адамдар  ақылдасар»
3
 
дегендерін əрине Сəкен құптай қоймаған.
Сəкендердің  алаш  қозғалысы  аумағына  сыймайтын 
сыңайлары уақыт өткен сайын анық біліне бастауы, Қазан 
төңкерісі тұсында интернационализм идеясына берілу про-
цесі  айқындалған  соң,  əсіресе  Алашорда  үкіметі  басшы-
ларының  əр  қилы  одақ  іздестіріп,  Алаш  автономиясын 
таныту, мойындату жөніндегі қадамдарын толық қабылдай 
алмауы, азамат соғысының басталуы, Совдептердің уақытша 
құ лауы, төңкерісшілердің тұтқынға алынып, атаман Аннен-
ков тың ажал вагонында өліммен «ойнаулары» əрине Сəкен-
нің көзқарасына ықпал жасағаны даусыз.
Осы  туралы  академик  М.  Қозыбаевтың  мына  пікіріне 
қосылмасқа болмайды. «Алаш қозғалысы – қазақ қауымын-
дағы  отаршылыққа  қарсы  бағытталған,  прогреске  ұмтыл-
ған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс. Ал «Алаш» 
партиясының  негізін  қалаған  үркердей  топтың, «Алашор-
даның»  басынан  аяғына  дейін  жүргізген  саясаты  дұрыс 
еді.  Сəкендердікі  қате  еді  деп  айтуға  бола  ма?  Алаш  же-
текшілерінің 1916 жылғы  көтеріліс  кезіндегі  позициясын 
Тұрар, Сəкен, т.б. түсінбеді деп кінəлау қиын. Тұрар, Сəкен, 
Жүсіпбек,  Бейімбет  дүркіреп  көтерілген  қалың  халық-
пен  болды,  оның  трагедиясын  көзімен  көрді.  Олар  отар- 
шыл дыққа  қарсы  шыққан  қалың  елмен  болды.  Ол  боль-
шевиктік үгіттің нəтижесі емес еді. Ол атадан балаға мұра 
болған  жол  еді.  Ал  Қазан  төңкерісінен  кейін  Ресей  қоға-
мы  екіге  бөлініп,  қарама-қарсы  тұрып,  екі  ұдай  атысқан, 
3
 Ə. Бөкейханов. Шығармалар, 1994, 240-бет.

186
шабысып  жатқан  уақытта  əділдік  тек  ақтар  жағында 
болды деп айту қиын. Егер Анненков келіп, орыс-қазағын 
қырып, əйелін қорлап, қызын зорлап, малын талап, қанжы-
ғалап  жатса,  ал  Алаш  Калединмен,  Колчакпен  бірлесіп 
жатса,  сонда  Колчактың  ажал  вагонына  отырған  Сəкен 
«Алашты»  қалай  аялауы  керек?»
1
  деген  ой  толғамдары 
шындыққа негізделгені сөзсіз.
Алаш  қозғалысының  кейбір  қайраткерлерімен  Сəкен-
нің қарым-қатынасын кейде қинала əңгімелеуге тура келсе, 
ал Ахмет Байтұрсынов туралы көңілдене пікір айтарымыз 
анық. «Тар жол, тайғақ кешуде» Ахмет аты жиі аталғанмен 
Сəкеннің ашына да таусыла айтқан ойы, орынсыз қаралап 
атау  ниеті  жоқтың  қасы.  Ахаң  жөніндегі  ішкі  ілтипаты  əр 
тұста қылаң беріп қалып отыратындығын байқаймыз.
Ахмет  Байтұрсыновтың  алаш  азаматтары  ішінде  тари-
хи дамуды түсініп, совет жағына шығуы, алаш қозғалы сы-
на  қатысқандарға  кешірім,  амнистия  алып  беріп,  респуб-
ли каны  басқаратын  революциялық  комитет  бастығының 
орын басары  болуы,  қазақ  елі,  жері  үшін  үкімет  алдында 
зор мəселелер көтеріп, Қазақстан пайдасына шешуі, əсі ресе 
қазақ  зиялыларының  тағдыры  жөнінде  айрықша  қам  жеуі 
Сəкенге белгілі болатын.
Қандай да бір жиын-той болмасын, сол тойды ұйым дас-
тыруда, əдетте, сол той иесінің жанашырлары, ел үшін ең-
бек етер дос-жарандары, жақындары жүретіні жазылмаған 
заң.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  Орынбор  каласының 
Свердлов  атындағы  орталық  клубта  Ахмет  Байтұрсынов-
тың  торқалы  тойынын  құрметіне  арналған  жиынды 1923 
жылы 28 қаңтарда  Сəкеннің  басқарып,  жүргізіп  отыруы 
жəне  онда  айтқан  сөзін  ертеңіне  газетке  мақала  қылып 
беруі айрықша ескерерлік жай екені даусыз
2
.
Қазан  төңкерісінен  кейінгі  кезеңде  тəкаппар,  тапшыл 
Сəкенді Ахметке иілдірген қандай құдіретті күш?!
Бұл  жауапты  өмір  жолдарындағы  ұқсастықтардан 
1
  М.  Қозыбаев. «Ғасыр    қасіретін  арқалаған  арыстар».  «Егемен  Қа-
зақстан» 12.08.94 .
1
 Манап Шамиль. Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды. «Еңбекші қазақ» 
газеті. 30.01.1923 немесе «Бес арыс», 1992, 180-185-беттер.

187
гөрі  ұлтқа,  ұлттық  санаға  деген  парасатты  көзқарастан, 
күрес  керлік машықтан іздеген дұрыс сияқты.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-лингвистігі, қазақ алфа-
витін жүйелеуі, оқу құралдарын жасаудағы еңбегі ерекше. 
Өмір  бойы  ана  тілінің  жоғын  жоқтау,  ана  тілін  таза  сақ-
тау,  əрі  қарай  дамыту,  қазақ  байларын  ұлт  тілінде  оқыту 
керектігі  үшін  күрес  жүргізуі  халқымыздың  болашағын 
ойлағандығынан  екені  сөзсіз.  Ана  тіліміздің  мəртебесін 
биіктетуге  бар  білімі  мен  қабілетін,  дарынын  аямай  сарп 
еткен  Ахмет  Байтұрсынов  болса,  сол  бір  аумалы-төкпелі 
заманда  ұлттық  тіліміздің  тағдыры  үшін  арпалысқандар-
дың  бірі  Сəкен  Сейфуллин  болғанын  жəне  Ахмет  үлгісін 
бүгінгілерге түсіндіріп, ұрпаққа мұрат етпекке талпынғаны 
еш күмəн тудырмайды.
Осы  уақытқа  дейін  əдейі  жасырып  келген,  көпшілік 
білмейтін Ахмет Байтұрсыновтың В. И. Ленинге 1920 жы-
лы 17 мамырда  жазған  хатына  назар  аударайық,  өйткені 
онда  қазақ  зиялыларының  рөлі,  атқарар  қызметі  жайында, 
олар  жөнінде  қандай  қиястықтар  болып  жатқаны  ашық  та 
батыл айтылған.
Қазақстандағы  ұлт  алакөздігі  мен  сенімсіздікті  жою 
үшін  «орыс  ұлтының  пролетариаты  жаңадан  құлдыққа 
түсіруші  мырзалар  емес,  оларды  азат  етушілер  екенін  дə-
лел деуге  жəне  іс  жүзінде  көрсетуге  тиіс
1
  екенін  жалпы 
талаптың  өзегі  етеді  де,  қазақ  зиялыларының  Қазақстан 
үшін  қанша  пайдасы  барын  баса  көрсетеді. «Қазақ  зиялы-
ларының  ішінде  халық  толық  сенетін  белгілі  бір  бөлігі 
бар.  Қазіргі  жаңа  басшылар  солардың  айтқанына  құлақ 
салса,  қазақтың  еңбекші  бұқарасымен  тез  табысады,  ал 
революция  кезінде  зиялылар  большевиктердің  соңынан 
ермеген  болса,  бұл  олардың  өз  халқын  азат  етуге  қарсы 
болғандығынан емес
2
 деп талай дəлелдер келтіреді де, Ахаң 
алаш  қозғалысының  басынан  өткен  тауқыметті  қысқаша 
түйіндей  қайталап,  өзара  сенімге  жетудің  арналы  жолда-
рын іздестіреді. Қазақтар нені қалайды жəне кеңес өкіметі 
1
  Қазақстан тарихы. Хрестоматия. Құрастырған академик М. Қ. Қозы-
баев, профессор І. Қозыбаев. «Атамұра» баспасы, 1994, 101-бет.
2
 Қазақстан тарихы. Хрестоматия. Құрастырған академик М. К.. Қозы-
баев, профессор I. Козыбаев. «Атамұра» баспасы, 1994, 101-бет.

188
одан нені талап етеді деген замана сауалын қояды да, өзінің 
негізгі  ойын  жеті  баппен  баяндайды. «Шет  аймақтарда 
сүттен ақ, судан таза интернационалистер жоқ немесе мүлде 
аз.  Өздерін  интернационалистер  деп  атайтындардың  көбі, 
шынына келгенде, ұлтшылдар, империалистер» деп қадай-
қадай  айтып, «Қазақстанды  басқару  үшін  нағыз  идеялы 
коммунистер»
2
  мен  зиялыларды  таңдау  керектігіне  назар 
аударады.  Ал  зиялылар  заман  жүктеген  үлкен  міндетті 
абыроймен атқара алатынына сенеді. Сондықтан қазақтың 
есті  азаматтары  осы  жолдың  қолайлы  да  пайдалы  екенді-
гін ұқпады деп ешкім айта алмайды. Осыны үкімет басын-
да отырғандар ішінде алғашқылардың бірі болып түсінген 
Сəкен Сейфуллин болды.
Орынбордың  орталық  клубында  Ахаңның  елу  жыл-
дығына  арналған  салтанатты  жиналысты  Қазақ  АССР  Ха-
лық  Комиссарлары  Советінің  Төрағасы  Сəкен  Сейфуллин 
ашып:  мəдениетті  елдерде  мүшел  той  жасау  дəстүрі  бар, 
содан  біз  де  үйренейік, «Ахмет  Байтұрсынұлы  қарапайым 
кісі емес, оқыған кісі, оқығандардың арасынан өз заманын-
да  патшаның  арам  құлықты  атарман-шабармандарының 
қорлығына,  мазағына  түскен  халықтың  намысын  жыр-
тып, дауысын шығарған кісі. Қазақ халқын байға, кедейге 
бөлмей,  намысын  бірдей  жыртты,  арын  бірге  жоқтады. 
Ахмет  Байтұрсынұлы  ұлтын  шын  сүйетін  шын  ұлтшыл»
3
 
деп  бастағанын  Смағұл  Садуақасов  «Ақаңның  алдында» 
деген  баяндамасымен  жалғастырды. «Ахаң  байлардың 
құлдығында шіріген жарлылардың айғайшысы емес, олар-
дың  шоқпаршысы  емес,  бірақ  байын,  кедейін  айырмай, 
қазақты ғана сүйетін адал жүрек таза ұлтшыл. Қалай болса 
да жазушысы аз, əдебиеті нашар қазақ жарлыларына «Оқу 
һəм  тіл  құралдарымен»  қылған  қызметі  таудай»
4
  деген 
ойы  қалың  елге  жетті.  Осыны  кешірмес  кінəдай  санаған 
төңкерісшілер  де  табылды.  Олар  үшін  алаш  көсемдерінің 
біріне  жасалып  жатқан  құрмет  мейлінше  сорақы  қылық 
1
 Бұл да сонда, 102-бет.
2
  А.  Шамиль.  Ахмет  Байтұрсынұлы  елуге  толды. «Еңбекші  қазақ» 
газеті, 30.01.1923 немесе «Бес арыс» жинағы. Жалын, 1992, 180-бет.
3
 Бұл да сонда, 181-бет.

189
болып  көрінді.  Мақала  шыққаннан  кейін  төңкерісшілдік 
екпіні басылмаған ойлардың сілемі Ə. Əйтиевтің «Степная 
правда»  газетінде  жарияланған  «Фактические  поправки», 
Сəбит  Мұқановтың  «Қара  тақтаға  жазылып  жүрмеңдер, 
ше шендер»  деген  мақалаларынан  көрініп,  кейін  жаңбыр-
дан  кейінгі  саңыраукұлақтардай  солақайлықпен  жазылған 
дөрекі де содырлы жазбалар көбейіп кетті.
Əрине, Сəкен де қарап қалмады. Əбдірахман Əйтиев тің 
сынына  «Тағы  да  Ахмет  туралы.  Əйтиевке  жауап»  деген 
мақаламен  жауап  берді.  Сəкен  өзінің  қазақ  тілінде  жазған 
мақаласына  орыс  тілінде  ескертпе,  сын  жазған  Əйтиевтің 
өзін сынға ала отырып, Əйтиевтің «Алашты жасағандардың 
бірі Ахметтің өзі емес пе?» – дегеніне Сəкен: «Рас, Əйтиев 
жолдас  рас.  Олардың  ішінде  шенқұмар,  жалған  ұлтшыл-
дар  болды.  Ахмет,  əйтеуір  қазаққа  қызмет  қыламын  деп 
солармен  бірге  болды,  Ахметтің  ұлтқа  қызмет  қылмақ 
болып  коммунист  партиясына  кіргенін  Манап  Шамиль 
(Сəкеннің  бүркеншік  аты)  жолдас  дұрыс  деп  біледі  жəне 
басқаларға  да  солай  қылуды  мəслихат  қылады»
1
 – дегені-
не Сəкен: «Ахметтің коммунист партиясына ере алмай шы-
ғып  қалуына  үлкен  себеп – өзінің  шын  нəзік  жанды  ұлт-
шылдығы»  себеп  болды  деп  кесіп  айтуы,  большевиктік 
ұран  тұтанып  тұрған  уақытта  Ахметтің  бұл  қайраткерлігі 
өзі үшін емес, елі үшін, ұлтының қамы үшін тыным таппай 
шарқ ұрған жанның адал ниеті екенін тəптіштей түсіндіруі 
ғибрат аларлық қадам еді.
Жалпы өмірде болған жағдайды түйсіну бар, түйсінуді 
түсіну бар. Осындағы түйсінуді – пайымдау, түсінуді – зе-
ректік,  түсіндіруді – шеберлік  дейтін  болсақ,  Сəкеннің 
Ахмет туралы пікірінен өмірде, яғни күнделікті тіршілікте 
жиі кездесе бермейтін ғажап қасиетті көреміз.
Сəкенді Ахаңа айрықша иілдірген проблеманың бірі қа-
зақ тілінің тағдыры еді. Жаңа заман орнағанымен қазақ тілі 
бұрынғысындай қаға берісте қала беруі Сəкеннің де жанын 
жеп  жүрген-ді. 1923 жылы  өткен XII съезден  кейін  Сəкен 
қазақ тілінде іс жүргізу қажеттігі жөнінде мақала жазып, іс 
1
 Манап Шамиль. Тағы да Ахмет туралы. Əйтиевке жауап. 04. 02. 1923. 
Бұл да сонда, 182-бет.

190
басындағы  азаматтарға  арнайы  хат  жазып,  үлкен  науқан-
ды  өзі  ашты.  Сонда  Ахаң  ойларын  мықтап  ескерді.  Билігі 
бар  зиялы  қауымға  түсіндірді.  Тіл  мəселесі  жиырмасын-
шы жылдарда ғана емес, күні бүгінге дейін мəнін жоймай 
келе жатқан ең өзекті мəселе екенін көріп отырмыз ғой.
Сəкенше  айтқанда, «Қазақстандағы  қазіргі  піскен  бір 
зор  тарихи  мəселе – мекемелерде  кеңсе  істерін  қазақ  ті-
лінде  жүргізу  ісі.  Өзінің  білетін  тілінде  сөйлесіп,  бұйрық-
жарлықтарды білетін тілінде оқып, тыңдап, жазатын арыз-
дарын  сол  өзінің  білетін  тілінде  жазбаған  соң,  жергілікті 
еңбекшіл  халық  көңілдегідей  бұрынғы  тілі  һəм  өзі  үстем 
болып  қалған  халықпен  қатар  отырып  істей  алмайды»
1
  –
деуі қарапайым халықтың тағдырына алаңдаушылы ғы екені 
сөзсіз.
Ұлттық  тіл,  оның  келешегі  туралы  өткір  де  батыл  ой-
ұсыныстар  Сəкен  қаламынан  там-тұмдап  емес,  түйдек-
түйдегімен  жазылғанын  тоғыз  мақаласынан  оқимыз.  Əри-
не,  сол  кезде  мынау  бір  керемет  мəн  берерлік  жай  екен 
деу ден  гөрі  кереғар  пікірде  болғандар  да  аз  болмаған.  За-
манның  қай  кезі  болмасын,  өмірдің  өзекті  мəселесі  сөз 
бола қалған жағдайда өзінің білімсіздігін, не халқына жаны 
ашымастығын  «аңғармайтын  аңқаулар  мен  жатып  ішер 
жалқаулар» кері тартатыны белгілі. Сондай тұстарда Сəкен: 
«Ынтасыз  іске,  көңілсіз  іске  сансыз  бөгет,  сансыз  уайым 
табуға болады. Бірақ біздің айтуымызша бұл іске бөгеттің 
көптігі басқа себептерден. Себептің ең алды – іс  басындағы 
адамдардың  бұл  іске  шындап  кіріскен  ниет терінің  жоқ  ты-
ғы,  ынталарының  жоқтығы.  Біздің  қа зақ  коммунистері-
нің  кейбіреулері  қазақ  тілі  туралы  қат ты  кірісуге: «біреу 
ұлтшыл  деп  атайды...»  деп  бой  тар тады.  Бірақ  ол  қулық, 
бұл коммунистік қылық емес, ол жарамсақтық, жағымпаз-
дық»
2
, – деп ащы да болса ақиқат ты айта білуінің өзі бүгінгі 
азаматтарға үлгі болса игі.
Сонымен  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  жылдарда  Сəкен 
ұлт  тіліне  байланысты  ой-тұжырымдарын  Ахмет  Бай тұр-
сыновтың «Ұлтты сақтайтын ең соңғы қамал – тіл» – деген 
даналық  қағидаларынан  өрбіткенін,  сол  арқылы  бір-біріне 
ілтипатының  күшті  болғандығын,  айрықша  қадірлегенін 
аңғармау ағаттық болар еді.

191
Ахаңа тəкəппар тапшыл Сəкенді құштар еткен құдіретті 
күштің  бірі  ұлттық  тілге  деген  қамқорлық  екені  даусыз. 
Екінші,  Ахаңдай  ұлы  ағартушыны  кеңестің  пайдалы  ісіне 
тарту талабы де қатарласа жүргені белгілі. Өкінішке қарай, 
осы  саясат  сол  кезде  құштарлықпен  қолдаушыларды  көп 
таба бермеді. Тапшылдық көзқарас өз дегенін жасады.
Сəкен Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» роман-
эссесінде Ахмет Байтұрсыновтың атын атап, түрін түстеп, 
артық сөз айтпайды.
«Аттың сыры шапқанда білінеді, достың сыры сасқанда 
білінеді» – деп  аталарымыз  тек  айтпаса  керек.  Ахмет 
Байтұрсыновтың жаңа түсінік жағына шыға алмай елі үшін 
шыбын  жаны  шырқырағанда  қызыл  сұңқар  Сəкеннің  қол 
ұшын  беруі,  ерен  еңбегін  танып,  арлы  азаматтығын  сый-
лауы  нағыз  зерделінің  ісі.  Ащы  шындықтардың,  тереңде-
гі  сырлардың  бір  құпиясы  осындай.  Осыны  дұрыстап  ұға 
білмесек, біреу мен біреуді шатастырып, тарихты ыластап 
алу оп-оңай. Елі үшін асыл ойларын, асқар арманын, азапты 
ғұмырын  арнаған  ардақтылар  заманның  қиын  кезінде-ақ 
бір-бірін бағалап кеткеніне айрықша мəн берейік.
Сонысымен  де  олар  ұлылығын  ұрпаққа  дəлелдеп 
тұрғандай.
Сəкен мен Ахмет Байтұрсынов карым-қатынасын айтқан 
уақытта бір мəселені қатты ескеру шарт. Ə. Əйтиевтің орыс 
тілінде  қарсы  жазған  мақаласына  айрықша  мəн  берілді 
де,  Қазақстан  коммунистерінің III конференциясында 
А. Оразбаева Сəкенді ұлтшыл деп айыптап, алаш зиялыла-
рына қол ұшын беріп келе жатқанын дəлелге келтірді. Оны 
Мəскеудін  өкілі  Партияның  Орталық  Комитетінің  хат шы-
сы  Е.  Ярославский  қостады.  Сəкеннің  «Азия-Европаға» 
атты  өлеңін  «маркстік»  сынға  алды.  Əділетсіз  сынға  кон-
ференцияға  қатысқан  оншақты  қазақ  коммунистері  ресми 
мəлімдемемен  қарсы  шығып,  қазақ  қызметкерлерінің 
ара сына  жарықшақ  түсе  бастағанының  арғы  бастауында 
Ахаңа көретілген құрмет жатқан болатын. Ал бұл сол кезде 
қусырылып  келе  жатқан  идеологиялық  қысымның  Сəкен 
сезген алғашқы дүмпуі еді.
1
 С. Сейфуллин. Шығармалар, 1963, 5-том, 400-бет.
2
 Бұл да сонда. 410-бет.

192
«Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  алғашқы  тараулары  осы 
кезде  жазылып, «Қызыл  Қазақстан»  журналының  бетінде 
жариялана  бастағанын  ескерер  болсақ,  онда  Сəкеннің 
таптық позиция дегенге айрықша қарауыл қоймасқа шама-
сы  қалмағынын  көру  онша  қиындыққа  түспейді.  Кітап 
1927 жылы шыққанға дейін идеологиялық толқындар «Ең-
бек ші  қазақ»  жəне  «Ақ  жол»  газеттеріндегі  айтыс-тартыс 
мақалаларымен  толыса  түскені,  əсіресе  «қазақта  төң-
керісшіл, тапшыл ақын-жазушылар бар ма? Болса кім дер? 
Тапшыл  ақындар  жоқ  болса,  себеп  не?  Қашан  болады? 
Тоғыз қабат тас үйді, қаңғыр-күңгір зауытты, əуені шарық-
таған аэропланды жырлағанша қазақтың қара лашық үйін, 
жер  ошағын,  майсыз  арбасын,  бақырауық  түйесін  жыр-
лаған  жақсы»
1
  деген  ой  оңды-солды  айтылып,  жазылып 
жатты.  Осындай  жəйттар  Сəкеннің  қаламына  тапшылдық 
екпін  бітіру,  бояуды  қалыңырақ  жағу  қажеттігін  еріксіз 
таңғанын жоққа шығара алмасақ керек.
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  роман-эссесінде  қазақ  оқы-
ғандары  мен  зиялыларына  байланысты  айтылатын  ойлар 
қаншама  тарихи  деректерге  негізделсе  де  Сəкен  қала мы-
ның  тізгінін  тартпай  баяндағанын,  суреттегенін  көріп, 
сезіп  отырамыз.  Оған 1925 жылдан  «Еңбекші  қазақ» 
газетінің  редакторы  болған  Смағұл  Сəдуақасовтың  іс  əре-
кетінің  «шапағаты»  да  тиген  сияқты. 1925 жылы  Мəс кеу-
ден  «Қазақстанға  келісімен  «Қара  жер»  деген  поэмамда 
«Еңбекші қазақ» редакторы Смағұлға бердім. Смағұл поэ-
мамды алып, қалтасында екі айдай сақтап, созбалап баспау-
ға айналды. Əрі-беріден соң қалжың-мазаққа айнал дыр ды. 
Аздан  соң  «Советстан»  атты  поэма  жаздым.  Мұны  əкеліп 
Смағұлға  тағы  да  бердім,  Смағұл  бұрынғыдай  күлмеді, 
бірақ  «баспаймын»  деді.  Поэмамды  өзіме  қайтармай  алып 
қалды. «Қызыл»  тақырыпты  жазудан  тыйылдым.  Еш  нəр-
сеге  араласпайтын  тұрмысқа  көштім.  Редактор,  оқу  ком-
миссары  Смағұл  бұрынғысынан  танбады.  Ұлтшыл  жазу-   
шы  лардың  жазғандарын  газет-журналдарға  құмартып 
баса   тын,  ақшаны  соларға  төгетін  болды.  Біздердікін  бас-
пайтын,  бассада  зордың  күнінен  басатын  болды.  Мен 

Тікен. Көркем əдебиет туралы. «Ақжол» газеті. 1985. №555-558. 

193
өлкелік  комитеттің  бөліміне  арыз  бердім.  Ұйымдастыру 
бөлімінің  орынбасары  Ж.  Исаұлына  шақтым.  Сонымен 
тіпті  алаш  жазушыларымен  бірдей  көрсе  ырза  болар 
едім»
1
 – деуі  «Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  қандай  жағдайда 
жазылғанын  аңғартады  да,  кейбір  бояулардың  алабажақ, 
сөзі  ащылау  болуына  себепкер  шығар  деген  ойды  еріксіз 
көлеңдетеді. «Малын  алдырмағандардың  есебі  толық»  де-
гендей мұндай теперішті көрмегендерге бəрі де оңай, өзі нен 
өзі бола қалатындай көрінетіні де жоқ емес.
Ал 1936 жылы роман-эссесін қайтадан қарап, көптеген 
түзетулер мен толықтыру қосқанда Сəкенге, сөз жоқ, Өлке-
лік  партая  комитетінің  Мəдениет  жəне  Насихат  бөлім дері 
мен  Қазақстан  марксизм-ленинизм  институты  бірлесіп 
«Ста лин жолдастың хатына байланысты Қазақстанның тео-
риялық  майданындағы  күрестің  міндеттері  туралы» 1932 
жылы 10 қаңтарда алған зымиян хаты мейлінше қатты əсер 
еткені  сөзсіз.  Өйткені,  онда  алаш  қозғалысына  қатысқан-
дар түгелімен кеңес өкіметіне қарсы ұлтшылдар, ал қайсы-
бірі  анасының  құрсағында  жатқан  уақытта  ұлтшылдық 
дертіне  шалдыққандар  деп  есептелсін  деп  көрсетілген  бо-
латын.
Социализм  жеңген  сайын  таптық  күрес  күшейе  түседі 
дейтін  Сталиннің  теориялық  қисыны  əсіресе  «Тар  жол, 
тайғақ кешуде» айрықша ескерілетін жай екенін енді айтып 
жатудың  өзі  орынсыз.  Өйткені,  Сəкен 1935-36 жылдары 
«Қы зыл  сұңқарлар»  атты  революциялық  драмасын  жаңа 
ре дакциямен  сахнаға  шығарғанда,  аузы-мұрны  қисай мас-
тан  орыс  пролетариатына  үлгі-өнеге  көрсететін  қазақтан 
қандай  революционер  шыға  қоймақ,  қазаққа  ондай  жетек-
шілік рөл қашан бітіп еді деген ойлар орысша да, қазақша 
да  жазылып,  Сəкеннің  коммунистік  идеология  алдында 
«күнəһəр» болып қалғаны бар. Сондықтан «Тар жол, тайғақ 
кешудің» 1936 жылғы  басылымының  тұздығы  ащылау 
болып шықпасқа шарасы қалмаған еді.
Міне, осы жайларды ескергенде Сəкеннің алаш азамат-
тары  жөніндегі  айтар-жазары  тарихи  шындық  деңгейін-
1
  С.  Сейфуллин.  Менің  қателерім  туралы. «Еңбекші  қазақ»  газеті. 
02.09. 1929.

194
де  көрінгенмен  сөз  қолданысы  мен  бояу  жағуында  азды-
көпті  қысастық  танытуы  əбден  мүмкін.  Олай  болмаған 
жағдайда  кешегі  алашшылдарды  мадақтап  жатыр,  объек-
тивті түрде насихат етіп отыр деп айтудан ешкім тар тына 
қоймайтын  еді.  Басқадан  гөрі  Сəкен  мұндай  құқайды  көп 
көрді, 1937 жылы  «Это  своеобразная  вражеская  энци кло-
педия» деп тапқандар болғаны белгілі.
Жалпы  өмірде  болсын,  өзінің  осы  «Тар  жол,  тайғақ 
кешу»  роман-эссесінде  болсын (1927) Сəкен  Сейфуллин 
тарих алдында да, алаш азаматтары алдында да өзінің адам-
гершілік, азаматтық қасиетімен ерекшеленген. Оны Мұхтар 
Əуезовтің  тілімен  айтсақ: «Шыны  қайда,  өзі  қайда  екенін 
білдірмейтін, жаза баспайтын, кедір-бұдырсыз тақтақ жол-
дың ақыны Сəкен емес. Оның шындығы қозып, жанып оты-
ратын,  ішіне  тығынған  буы  білініп  тұрған  барынша  шын 
сезім, шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы 
–  əр  адымын  санап  басқан  кісінің  жолы  емес,  ылдиы  бар, 
өрі бар шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз ақын жолы»
1
 – 
деген пікірі дəлелдей түссе керек.
Тарихтың  дауылды  кездегі  қай  сəті  болмасын,  күні 
бүгінге  дейін  беймəлім  болып  келген,  тереңде  жатқан  құ-
пия лардың  бірі – Сəкен  Сейфуллиннің  алаш  азаматтары -
на  деген  көзқарастарындағы  бүгінгі  уақыт  талабы  күтпе -
ген  риясыз  тазалығы.  Біздің  бұл  ойымызды  Сəкен  Сей-
фуллиннің романды жазу мақсатынан бастап, шығарманың 
өн бойы дəлелдей түседі.
Енді  осы  кең  тынысты  тарихи  шығарманың  дүниеге 
келу мақсатына зер салсақ, Сəкен Сейфуллин шығарманың 
беташарында: «Мақсұт – 1916-17-18-19 жылдардағы тари- 
хи  қозғалыстың,  ұлы  өзгерістің,  революцияның  Қазақ-
стандағы өзім көрген, өзім білген оқиғаларынан баспа жү-
зінде  із  қалдыру»
2
  деп  жазған-ды.  Ал  осы  жолдар  соңғы 
басылымдарда  «əйтеуір  із  қалдыру  болды»  деп  қысқаша 
қайырылып  жүр. «Мұнда  талай  кісілердің  аттары  атала-
ды.  Тарихи  қозғалыстың  өзім  көрген,  білген  оқиғаларын 
жазған  сон,  əрине,  кісілердің  аттары  кірмесе  болмайды. 
1
 М. Əуезов. Шығармалар, 1985, 17-том, 48-49-беттер.
2
 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 3-бет.

195
Мақсат  біреуді  көтеру,  біреуді  жамандау  емес.  Зор  қозға-
лыстың,  зор  өзгерістің  əр  кезінде  əртүрлі  пікір,  əртүрлі 
əрекет болған. Ол – тіршіліктің, тарихтың ісі.
Бұл  кітапта  «Алаш»  туралы  əңгімелер  айтылғанда, 
əлгі  айтқандай,  сол  Алашордада  болғандарды  айыптамақ 
ниетімен айтылып отырған жоқ»
1
 дегені түсіндіруді қажет 
етпейді.
Романның  бірінші  басылымының (1927) 68-бетінде 
«Совет  өкіметі  заманында»,  ал  соңғы  басылымының 
(1977) 69-бетіндегі «Совет үшін күресте» деген тарауында 
Əлихан  Бөкейханұлының  Семейге  келуі  жөніндегі  айыр-
машылықты  баяндап  өттік,  сонда  «Бөкейханұлы  Сібір 
съезіне  келді,  Омбыға  келді,  Семейге  келді,  баяндамалар 
жасады.  Оқыған  мырзалар,  оқып  жүрген  мырза  болам 
деушілер Бөкейханның жолын тосып, қарсы алды» – десе, 
ал осы жолдар соңғы басылымдарында анықтаушы теңеу-
лер  беріліп  «Бөкейханұлы  Сібір  съезіне  келді,  Семей-
ге  келді,  баяндамалар  жасады.  Оқыған  ұлтшыл  мыр за-
лар,  оқып  жүрген  мырза  болам  деуші  бай  ниетті  ұлдар 
Бөкейханұлының  жолын  тосып,  қарсы  алды.  Омбыда, 
Семейде Бекейханұлын байшыл-ұлтшылдар, саудагерлер 
кұрметтеп  жатты»

деп  өзгертілген. «Үш  жүз»  партиясы 
мен  «Алаш»  азаматтарының  арасындағы  қарым-қатынас 
кереметтей «тəтті» болмағаны көпшілік оқырманға аян.
Əсіресе «Үш жүздегілер» «Алаш» басшыларын «орыс-
тан  қатын  алған», «балалары  орыс», «дін  бұзған», «сары 
орыстың  бəрі  орыс»  деп  сөгіп,  буынсыз  жерге  пышақ  ұр-
ғандай дөрекі сөйлеп жатқан сəттерінде Сəкен Сейфуллин 
«үш жүздіктерге» бүйрегі бұрылмай, пенделікке салынбай, 
ақиқатты айтуды жөн санап, əділ төрелігін айтқан.
Сəкен  Сейфуллин  «Үш  жүздің»  жігіттерінің  «Бөкей-
ханды жəне кейбір «Алаш» көсемдерін мінегенде «орыстан 
қатын  алған», «балалары  орыс», «дін  бұзған»  дегендері 
үлкен  шатасқандық.  Өз  жолын  өзі  анық  білмегендік. 
Əрине,  ол  уақытта  бəріміз  де  сара  жолды  қолмен  сипа-
лап  жүрген  кезіміз  еді.  Бірақ  сонда  да  əлгіндей  сөздер 
1
 Бұл да сонда, 1927,68-бет.
2
 С. Сейфуллин. «Тар жол, тайғақ кешу», бесінші басылым, 1988, 69-бет.

196
тым  оғаш  шыққан  қате.  Бізді  сырттан  билеп,  партиясына 
жазып  алған  Шəймерденге  мұны  айтып  мен  хат  жаздым. 
Жəне бұл партияның беті мен əдісі осылай болатын болса, 
біз қосыла алмайтынымызды айттым.
Менің хатыма жауап болған жоқ, «Үш жүз» бастықтары 
«алаш»  көкжалдарына  керексіз  сөздерді  айтып,  қазақша 
боқтай  берді»
1
  дегеніне  айрықша  мəн  берген  абзал. 1927 
жылы  осындай  ескерту  жасаған  Сəкен 1936 жылы  ол  тіз-
гіннен  айырылып  қалып,  өзі  де  сөз  бояуын  өзгертіп  алған 
тұстары да жоқ емес.
Ұлттық  мүдделері  бір  болғанмен  бағыттары  бөлек 
зиялылардың  бір-біріне  айтқандары  кінəмшіл  көңілге 
кір бің  ұялатары  хақ.  Бірақ  бұндай  тұстарда  майдалыққа 
салынып,  тырнақ  астынан  кір  іздеуден  гөрі  аталарымыз- 
дың «ашыққан ұры, ашынған тілді болады» деген даналық 
сөзді  осындай  жайттарға  байланысты  айтқандығын  еске 
алсақ жетіп жатыр.
Ал  түптеп  келгенде, «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  романы- 
ның 1927 жылғы  бірінші  басылымы  мүсіркеуді,  жеңілде-
туді  тіпті  де  тілемейді.  Оған  негіз – роман-эссенің  соңғы 
басылымдарында Сəкен тарапынан айтылатын артық-ауыз 
сөздердің бірінші 1927 жылғы басылымында болмауы.
Мəселен, 1918 жылдың  қаңтар  айында  Орынборды 
большевиктер  алып,  Бөкейханұлы,  Байтұрсынұлы,  Дулат-
ұлы,  Омарұлдары  Семейге  аттанғанда,  не  болмаса, 1913 
жылдан  шыққан  «Қазақ»  газетінің  иесіз  қалғандай  күйге 
түсіп,  Əбділхамит  Жүндібайұлының  басқарған  тұсында 
да  Сəкен  Сейфуллин  алаш  азаматтарының  атын  атап,  на-
мыстарына тиерліктей сөз айтпайды. Ал Мағжан Жұма баев 
жөнінде шамданарлық жайттар тіпті де кездеспейді.
Сəкен  Сейфуллин  романының  бірінші  басылымын- 
дағы (1927) аса мəн берерлік тағы бір жай, ол – бірі гіп те, 
же келей де түскен Əлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұр сын-
ұлы,  Міржақып  Дулатұлы,  Халел  Досмұхам бетұлы,  Жан-
ша  Досмұхамбетұлы,  Мірзағазы  Есполұлы,  Мұхаметжан 
Тынышбайұлы,  тіпті  батыс  алашорда  басшыларын  бір  кі-
тапта екі рет көсілте жариялауы жəне Ақмоланың имамы, 
1
 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, бірінші басылым, 1927, 104-бет.

Рақымжанмен  бірге  түскен  Сағынайдың  Нұрмағамбетінің 
суреттері.  Қазақ  зиялыларының  елге  сіңірген  еңбектеріне 
қарай  қалың  жұртшылыққа  таныстырудың, «объективті» 
насихаттың  түрі  екенін  қазір  алғыс  сезіммен  айтуға  тиіс 
шығармыз.
Дауылды  кезеңнің  шындығын  көзбен  көріп,  өзі  ара-
ласқан  оқиғалардың  тарихи  деректерінің  жанды  болары 
роман-эсседен  анық  сезіледі,  оның  өміршеңдігіне  негіз 
болып жарқырай түсуіне себепкер болады.
Сонымен  «Тар  жол,  тайғақ  кешуде»  баяндалған  оқи-
ғалар  арқылы  алаш  қозғалысының  өзекті  мəселелерін 
суыртпақтап шығарғанда ең негізгілеріне ғана назар ауда-
руға  мұршамыз  келген  сияқты.  Қазақ  елінің  автономия 
алуы,  теңдікке  қолы  жетуі  жолындағы  ізденістердің  əр 
қи лы өңірден өрбігендігін, бүкіл алаш қозғалысына саналы 
қадам дарытатын ұйымдық орталық, яғни алаш партиясы-
ның  құрылуы  жай-күйін  қазақ  халкының  жаңа  дəуірдегі 
ұлы  көсемі  Əлихан  Бөкейханов  пен  данышпан  кемең-
гері  Ахмет  Байтұрсынов  арқылы  көрсетіп,  Сəкен  Сейфул-
линнің  көзқарасын,  қарым-қатынасын  шынайы  қалпында 
танытуға  тырыстық,  өйткені  бұл  мəселелердің  шындығы 
қазіргі кезде айрықша қажет екендігін уақыт көрсетіп отыр.
Коммунистік  идеологияның  қиястығына  ұшыраған 
«Тар жол тайғақ кешудің» 1927 жылғы басылымын қайта-
дан  қалпына  келтіріп  қалың  оқушы  қауымға  ұсынсақ, 
кейбір  қыңыр  пікірлер  сабасына  өзінен  өзі  түседі.  Əрине, 
мүмкіндік болса, академиялық басылым жасалса нұр үстіне 
нұр болар еді.

198

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет