Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев


– Сөзіңіз аузыңызда, мына кітапты аударып қарап, оқып отыр-



Pdf көрінісі
бет10/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53

– Сөзіңіз аузыңызда, мына кітапты аударып қарап, оқып отыр-

ған да бір түрлі рухың көтерілгендей болады екен.

–  Кітаптың  ең  басындағы  бірінші  сөйлемді: «Сіз  Қазақ  дейтін  ұлы 

ха лық тың  ұрпағысыз!» – деп  бастадық.  Сол  арқылы  оқушы  жүрегіне 

өз  халқына  деген  мақтаныш  сезімін  қалыптастыруды,  рухын  көтеруді 

мақ сат еттік. Үнді ойшылы Джахарлал Неру елі азаттық алғаннан кейін: 

«Құ ла ған  экономиканы  тұрғызамыз-ау,  бірақ  елімнің  тапталған  рухын 

қа лай көтеремін», – деген екен. Бұл мəселе қазір біздің басымызда да 

бар. Құр көкірек қағудың да уақыты өтті, дəлелді білім керек жастарға.



– «Қорқыт ата кітабы» деген бөлімде «Қазан Соларбектің ауылын 

жау шапқаны» атты сюжет бар. Онда Оразбек ағашпен сөйлеседі. 

Оның мағынасы не? 

–  Кем-кетіктің  панасы,  қара  халықтың  жолбарысы  Қазанбек  аң  ау-

лау ға кеткенде Шөклі патша жетті мың əскермен келіп талқандап, ор-

дада қырық жігітімен қалған Оразбекті байлап əкетеді. Дарға ас пақ шы 



109

болғанда, Оразбек: «Мекке мен Мединенің есігі болған, Ағаш! Құ дай-

мен  тілдескенде  Мұсаның  асасы  болған,  Ағаш!  Ерлердің  ері  Əлидің 

дүл дү лі не ер болған, Ағаш! Зұлпықарға сап болған, Ағаш! Хасан мен 

Хұ сейн ге  бесік  болған,  Ағаш!  Ерге  де,  əйелге  де  қатер  болған,  Ағаш! 

Мені соған асар болса, құлап түс, Ағаш! – дейді. Оразбектің осы сөздері 

əде бие ті міз де XX ғасырдың басына дейін жеткен. Оның көрінісі – мы-

нау: Қа ша ған деген ақын қонатын үй іздеп, Есқали сопының үйіне ке-

леді.  Сопы  сараң  кісі  екен,  қонақты  жақтырмай,  намаз  оқуға  кіріседі. 

Сол  кезде  ақынның  алдында  көлденең  жатқан  домбыраны  сопының 

не ме ре сі  саусағымен  дың  еткізеді.  Сопыға  да  керегі  сол  екен,  бұрыла 

сап: «Бей қа сиет, көргенсіз, бұл үй домбыра тартып, өлең айтуға тігілген 

жын-шайтанның үйі ме еді? Шайтанның қу ағашы бұл үйге қайдан кел-

ді?» – деп жекиді.

Сонда Қашаған домбырасын қолына алып былай депті:

Пайғамбарлар туғанда.

Бесік болған бұл ағаш.

Ибраһим қағба салғанда,

Есік болған бұл ағаш.

...


Жəбірейіл жанаттан, 

Алып келген төрт қылыш.

...

Қынабына солардың



Қап та болған бұл ағаш.

Аруақты ерлерге,

Жақ та болған бұл ағаш. 

Біз  ақынның  ұзақ  жырынан  тек  Оразбектің  сөздеріне  ұқсас  жерін 

ғана қысқартып алып отырмыз. Міне, осыдан мыңдаған жылдар бұрын 

ай тыл ған «Қорқыт ата кітабындағы» сөздердің сол қалпында шығуы – 

дəс түр лі əдеби жалғастықтың көрінісі болса керек.

Бір заманда көк бөрі, аққу тотемі сияқты ағаш тотемі де болған. Қа-

зақ тар дың қыпшақ руы өзінің шығу тегін ағашпен байланыстырғанына 

ежел гі əдебиеттен біраз дəлелдер табылады. Мысалы, Қорқыт атада Тө-

бе көз ді өлтіруге келген Бисат батыр: «Анамды сұрасаң, қатты ағаш», – 

дейді. Одан Бисаттың анасы Қыпшақ қызы деп түсінуге болады. 

«Оғыз қаған» жырында Еділ өзенінен əрі өтіп, Үрім қағанмен со ғы-

са ды. Оғыз оларды жеңіп, мол олжаға батады. Кері қайтуға бет ал ған-

да  Ұлық  Орда  деген  жігіт  ағаштан  сал  жасап,  дүние-мүлкімен  аман-

сау  өткізеді.  Ұлық  Ордаға  сүйсінген  Оғыз  қаған: «Сен  осы  жерге  бек 

бол», – дейді. Сөйтіп, ағаштан сал жасаған жігіт Қыпшақ атанды. Оғыз 


110

қа ған ның кіші əйелі ағаш қуысында отырған қыз, қыпшақ қызы болуы 

керек.

Əбілғазының шежіресінде: Оғыз қағанның əскеріндегі бір жігіт со-



ғыс та қаза тауып, əйелі жүкті екен, айы-күні жетіп, толғағы қысқан соң, 

ағаш тың қуысына кіреді. Ағаш қуысында туған балаға Қыпшақ деп ат 

қояды.

– Сіздің «Жаным садаға» атты кітабыңызда күйеуі үшін жанын 

беретін əйелдің оқиғасы «Қорқыт атадан» ғой?

– Дұрыс айтасыз, кітаптың негізгі идеясы осыдан шыққан болатын. 

Жалпы,  шығыс  əдебиетінде  жаратушымыз  өмірін  ұзартқан  бірнеше 

кейіпкерлер бар. Олар: Темірұл, Жүсіп пен Злиха, Жұмжұма. Те мір ұл-

дың ерлігіне сүйсінген Құдай, ол үшін басқа біреу жанын берсе, оның 

жанын өзіне қалдырмақ болады. Темірұл үшін əкесі мен шешесі де жа-

нын  қимағанда,  жұбайы: «Сенен  қалған  жайлауды  жайлар  болсам,  ол 

менің көрім болсын! Сенен қалған алтын-күміс кебін болсын! Құ дық та-

ры ның мұздай суы бойымды суытқан қаның болсын! Сонан соң біреуге 

тиер болсам, ол мені сары жылан боп шақсын! Құдайдың жарық күні, 

үс тім де гі көк куə болсын, беремін жанымды сен үшін!» – дейді. Бұдан 

соң Құ дай екеуіне 140 жыл өмір береді.

Осыған ұқсас желілер көне грек аңыздарында бар. Еврипидтің «Ал-

кестида» трагедиясы Темірұл сюжетін қайталайды. Ол туралы Платон 

«Пир» атты шығармасында айтып өткен.

– Əл-Фараби бабамыздың «Қайырлы қала тұрғындарының көз-

қа ра сы» атты еңбегін Томас Мордың утопиясымен байланыстыра-

сыз. Себебі не?

– Түрік əдебиетінде Орта ғасыр қайраткерлерінің, ақын-жа зу шы ла ры-

ның, ойшылдарының еңбектерінде кемел адам, кемел мемлекетті сурет-

теп  жазу;  соны  ойша  болса  да  іздеу,  аңсау  үрдісі  болған.  Бұл  үр діс тің 

іздері Қорқыт ата, Асанқайғы, Қазтуғанда да бар. Оны кезінде Мəш һүр 

Жүсіп дəлелдеп жазған. Бұл өзі жазба əдебиеттің классикалық дəс тү рі-

нен  келіп  қалыптасқан.  Əл-Фарабидің  «Қайырлы  каласы»  Пла тон ның 

«Атлантидасынан»  жалғасқан  болу  керек.  Атлантида  мекені  өмір де 

болмаған, оны ғалым-саясаткер ойдан шығарған. Тіпті өз қия лын да ғы-

дай  мекенді  Сициялия  төңірегінде  жасап  көрмекші  болғанға  ұқ сай ды. 

Пла тон ның қиялындағы «Атлантидада» билеушілер байлық пен алтын-

ды  құндылық  деп  есептемейді.  Əкімдері  заңға  бағынған,  елімен  тату, 

адамдары шындық пен ұлы ойларға кызмет етеді, кішіпейіл қа рым-қа-

ты нас  жасайды.  Байлықтан  басы  айналып,  дүниеге  масаттанып,  əуре 

болмайды.

Ал енді осы ой Платон арқылы Фарабиге жеткен. Одан Томас Мор-

дың «Утопиясы» жазылып, Жан Жак Руссо, Шарль Фурьеде жал ғас қан. 

Фарабидің ізін ала Фирдоусидің «Сияуыш қаласы», Ни за ми дің «Ба қыт-



111

ты елі» дүниеге келді. Шығыс ойшылдары елік пен барыс қатар тұ рып 

су ішетін бақытты елді арман еткен.

Осындай кемел мемлекеттің үлгісін Баласағұни де жасаған. Бұл тү-

рік ойшылы кемел мемлекет құрылымын суреттеп, тұтас кітап жаз ған. 

Ба ла са ғұ ни дің «Құтты білігінде» оқиғаның диалог түрінде бе рі луі, да на-

лық ойлары Платонды еске түсіреді. Баласағұни мемлекетінде де «қозы 

мен бөрі бірге өседі». Құт-берекелі елдің патшасы мен уə зі рі, кө пес пен 

саудагері,  ақыны,  ұлы  мен  қызы,  адамы  мен  қоғамы  қан дай  бол мақ? 

Соның бəрін жүйелеп береді.

Бір  қызығы,  тура  осы  ойлардың  жалғасын  Сұлтанмахмұттан  таба-

мыз. «Адасқан өмір» поэмасында кейіпкер əділетті елді іздейді. Өзі нің 

кемел қоғамын: «Ол өмірде бірді-бір алдау болмас, жағынып арды ақ ша-

ға жалдау болмас. Адамды жанқуат, тапқыш, талант, гүл шашпай, же міс 

бермей қалмау болмас», – деп суреттейді. Ағаларымыз кеңестік дə уір де 

Сұлтанмахмұтты əдебиет қітаптарында аман алып қалу үшін «Адас қан 

өмірді – социализмді суреттеп отыр» деуге мəжбүр болған. 

Кемел мемлекет идеясы қазір де жоғалған жоқ, оны на си хат тау шы лар-

ға утопистер деп ат бергенмен, олар ұлы гуманистер, адамды сүй ген дер 

еді. Индияда Ауробиндо ауылы бар. Онда тек қарапайым еңбекпен ғана 

өмір сүреді, күнделікті тіршілігінде адал еңбекке ғана сүйенеді. Ауыл ға 

мүше болып кіру үшін əуелі үш ай, бір жыл, үш жыл сынақтан өту ке-

рек. Сол ауылға мүше болуға деген сұраныс əлем елдерінен көп тү се тін 

көрінеді. Оған əуелі жан тазалығы керек. Лас, арамдықтан жи рен ген дер 

барып мекендейді. 

Бір  кездегі  Иасауидің  жер  астына  түсіп,  жалғыз  өмір  сүруі,  Ақан 

се рі нің оңашалануы, Баласағұни кейіпкері Одғұрмыш əулиенің тауда, 

шə кір ті мен елден жырақ тұруының бəрінің астарында рухани та за лық 

жатыр. Ол – ойшылдардың өзінің ішкі ауробиндосы мен Атлантидасын 

жасап алуынан. Оған сыртқы өмірдің кір-қоқысын жолатқысы келме-

уінен.

–  Оқулықтағы  қызықты  тақырыптың  бірі – «Оғыз  қаған 

жыры».  Сонда  бір  қыз  күннен  түскен  сəуленің  ішінде  отырады. 

Мұны тура ма ғы на сында түсінеміз бе?

– Оғыздың бəйбішесі – күн нұрынан жаралған Нұрсұлу да, кейінгі 

анамыз – ағаштың қуысынан табылған қыпшақ қызы. Бүкіл дүние – ға-

лам неден жаралды деген сұрақ адамзат ойының, таным-түсінігінің не-

гі зі  деуге  болады.  Бүкіл  мифологияның  дені – осы  сұрақ  төңірегінде. 

Бұл жөнінде шығыс пəлсапасы көп ой айтқан. Дін де – соның ішінде. 

Мұ сыл ман баласы «Қашаннан бері мұсылман болдық?» деген сұ рақ қа 

«Əл ми сақ тан  бері»  деп  жауап  береді.  Оның  мағынасы – Алла  та ға ла: 

«Мені  сендердің  раббыларың  емеспін  ме?»  деп  сұрағанда, «бəлі»  деп 

жауап  берген  күннен  бастап,  мұсылмандығын  мойындаған  деген  сөз. 



112

Ал ғы лы ми ұғымдағы «əл-мисақ» – «əу баста, ғалам жаралғанда» деген 

ұғым ға жақын. Ақжан Машанов ақсақал айтқандай, əл-Фараби: «Дүние 

бір шапаты аудандағы нұр-сəуледен жаралған», – деген қорытынды. Қа-

зір гі өте дəл есептейтін электрондық өлшеулер арқылы алғаш дүние жа-

рал ған да пайда болған сəуленің қалдығы табылды дейді.

Адамның  Нұрдан  жаралғандығы  жөнінде  қазақ  аңыз-мифтерінде 

көп  айтылады. «Əуел  баста  əлем  Күннен  жаралды»  деген  ой  ұғы мы-

ның бөлшектеуінен «Нұр» желісі пайда болса керек. Ал жалпы тарихи 

тұлғалардың өміріне құпиялылық, ерекшелік беру мақсатында олар дың 

ана құрсағына нұрдан дарығаны туралы аңыздар мен мифтер айтылып 

келген, мысалы, Заратуштра, Будда, Иса, Мұхаммед пайғамбардың бой-

ларында нұр сипаты бар екені көпке мəлім. Тіпті бір аңызда Күннен басқа 

еш кім ді көрмеген қыздың бойына Нұрдан бала бітіп, одан Шыңғысхан 

туады. «Адам жаны дамып, жетіле берсе» ұлы нұрға қауышады деген сөз 

бар. Ислам дінінен тараған түсінік бойынша, адамның жақсы қасиеттері 

он  нұр дан  бастау  алады.  Нұр – қазақи  пəлсапада  мəңгілік  нəрсе,  оған 

адам ның ақылы жеткен жоқ. Яғни əлі танылмаған. Оғыз қағанның бəй бі-

ше сі нің нұр қызы болу себебін осылай түсінеміз. Қыз бейнесінде жара-

тылыс пəлсапасы жатыр. 



– Осы жырда көк түс туралы көп айтылады.

– Көк түске исламнан да бұрынғы түрік жұрты табынған. Тəңір дінін-

дегі Көк – Тəңірінің нышаны. Оғыз жырында сұлу қыздың көзі көктен 

де  көгірек,  теңіз  толқынындай  болып  келеді.  Оғызды  көк  бөрі  бастап 

жү ре ді. Оғыздың өзі де көк өңді болады. Бұдан біз Оғыз жырының тіпті 

көне замандарда туған мифтерден құрастырылғанын көреміз.



– Оғыз қағанның жорықтары қызықты тарихтың бетін ашатын 

болар. 

– Бұл жағынан əдебиетші-тілші, тарихшылар бас қоса жұ мыс істеуі 

керек шығар. Оғыз қаған жорықтарының картасын сызу, ол басып еткен 

жерлерді анықтауға аталған жұрттардың орналасу тəртібін білу арқылы 

қазақ тарихының көптеген беттері ашылар еді. Бұл мəселе ғылымда əлі 

анықталмаған. Мысалы, Оғыз қаған жорығы оның 40 күн жүріп, Мұз тау-

ға келуінен басталады. Қай бағыттан келді? Оғыздардың мекені Сырда-

рия – Сарысу жағы дейтін болсақ, Мұзтауды Оғыз қарлұқтарға береді. 

Семей жағындағы Абыралы, Дегелең тауларын баяғыда Қарлұқ, Қа зы-

лық  тауы  деп  атағандығын  Əлкей  Марғұланның  жазғаны  бар  еді.  Бір 

заманда қарлұқтар Балқаш маңайында болғандығын тарихшылар айта-

ды. Оғыз Мұзтаудан Еділге дейін келіп, одан өтіп Үрім қағанмен, яғни 

Византиямен соғысады. Орысбекпен достық қарым-қатынаста болады. 

Содан соң Еділ бойындағы қыпшақ руларын бағындырып, кері ше гін-

ген. Шығысқа қарай жылжи отырып, қалаш, таңғұт, шүршіт, масар, ба ра-

қа лар ды да бағындырады.



113

Осы  тарихи  мекендердің  бəрі  Оғыз  қағанның  жорығына  қатысты 

анық та ла тын болса, түрік тарихын байыта түседі деген ойдамыз.

– Оқулық қай сыныптарға арналған?

– Мектепте ежелгі əдебиет 9-сыныптан бастап оқытылады. Бірақ қа зір-

гі қолда бар 9-сыныпқа арналған оқулықта соншама көп дүниеден бір-ақ 

тақырып берілген, бүкіл ежелгі əдебиеттен жалғыз Баласағұниді қал ды-

ру тым кедейшілік деп есептеймін. Бұл – бұрынғы ескі көзқарастың нə ти-

же ле рі. Ендігі бағдарламаларда кеңейтілуі тиіс. Ал өзім ежелгі əде биет-

ті 6–7-сыныптарда екі жыл оқытып көрдім, балалар жақсы қа был да ды.

Тіпті  кейбір  сюжеттерін 3-сыныптың  оқушыларына  айтқанымызда, 

олар да қызығып тыңдады. Соған қарағанда, Америка тарихын ба ла бақ-

ша дан  бастап  түсіндіретін  американдықтардың  тəжірибесі  өте  дұрыс. 

Қа зақ тың ежелгі əдебиеті – баланың рухын тəрбиелейтін тамаша құрал. 

Оны ерте айтып қойдым деп қиналмау керек. Қариялардың тізесіне сү йе-

ніп отырып, небір күрделі тақырыптағы əңгімелерді тыңдаған қа зақ тың 

қара домалақ баласынан даналар шыққан. 



– Мектеп ашқаныңыздан хабарымыз бар еді?

–  Иə,  баланың  ұлттық  рухани  жан-дүниесін  қалыптастыру  арқылы 

ка зір гі əлемге шығару бағдарламасының жобасын жасап, сол бойынша 

ауыл балаларын 3 жыл оқыттық. Материалдық сүйеу болмағандықтан, 

өкі ніш ке қарай, биылғы оқу жылында жабылуға мəжбүр болды. Қа йы-

рым ды лық мақсаттағы мектеп еді. Уақыттан ерте туды ғой деп ойлай-

мын. Көп нəрсе жасалып қалды. 

– Қазір ғылымға көзқарас қандай деп ойлайсыз? 

– Ғылым-білім – мəңгілік нəрсе. Ол уақытқа бағынышты емес. Қан-

дай  қиыншылықтар  болса  да,  оған  көңіл  бөлінуі  тиіс.  Мына  кез  зия-

лыларымызды біраз есеңгіретіп тастады. Əсіресе мың жарым теңгенің 

ма ңа йын да стипендиямен күн көріп оқып жатқан студенттерімізді аяй-

мын. Олардың ішінде қарапайым отбасынан шыққан қабілеттілері көп. 

Ғы лым ның құны азайды деп жатыр ғой, ал жастар арасында оқуға деген 

құл шы ныс зор. Олардың сұранысын қанағаттандыру үшін, көздері жай-

на ған студенттердің талабынан шығу үшін-ақ өзіңді қам шы лай сың.

Бірақ  заман  түзеледі  деп  ойлаймын.  Ұлт  мүддесі,  үлкен  халықтық 

мəселелерге келгенде, қазақ зиялылары бірлікте болса екен деп тілей-

мін. Əрбір отбасы өз баласының рухани жан дүниесіне ие болса екен.



Сұхбаттасқан, Гүлжан Есімбекова,

«Заман Қазақстан». 1997, 9 мамыр

ƏУЕЗОВ ЖƏНЕ ЕЖЕЛГІ ƏДЕБИЕТ МƏСЕЛЕЛЕРІ

Қеңестік дəуірде тосқауыл қойылып, қарапайым адамдардың кө ңі лі-

не енді ғана ене бастаған ежелгі əдебиетіміздің тарихы туралы елуінші 


114

жылдары сөз қозғау ерлікке парапар еді. Бұл мəселе жөнінде ұлы Əуе-

зов тің  қандайлық  пікірде  болғаны – бүгінде  қызықты  бір  дүние.  Оны 

елестету үшін 1959 жылдың бес күнін еске алуымыз керек.

Көпке мəлім, партияның кезектен тыс XX съезі өткеннен кейін, бү-

кіл мұрамызды сызып тастаған 1952–53 жылдарды артқа тастап, 1956 

жылы қазақ зиялыларының «Қазақ əдебиеті» газетінде ұлт мəселелерін 

батыл көтеруіне байланысты, 1957 жылы «Қазақ халқының əдеби-поэ-

зия лық жəне музыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пай да-

ла ну дың жайы жəне оны жақсарту шаралары туралы» қаулысы шықты. 

Осыдан соң Ғылым академиясының Тіл-əдебиет институты 1959 жылы 

маусымның 15–19 аралығында бес күнге созылған конференция өт кіз-

ген. Сол кездегі қазақтың маңдайалды азаматтары Мұхтар Əуезовті бас 

қы лып, қазақ əдебиетінің жүйелі тарихын жасап қалуға, бұрынғы қыс-

пақ тан босай бастаған уақытты барынша пайдаланып, көп нəрсені жа-

рық қа шығарып алуға күш салған күндер деп түсінеміз.

Конференцияға  əдебиетші-жазушылар,  тарихшылар,  философтар, 

жо ға ры  оқу  орындарының  оқытушылары,  Мəскеу,  Тəжікстан,  Өз бек-

стан,  Қырғызстан  ғалымдары  қатысты.  Осы  жиынның  куəгері  бол ған, 

сол мінбеден сөз алған ғалымдардың қатары аз қалып барады. Он алты 

баяндама жасалып, жиырма сегіз адам жарыссөзге шыққан. Баяндама-

шылардан Ғылым академиясының мүше-корреспонденті Е.Ысмайылов, 

Қ.Жұ ма лиев, Н.С. Смирнова, Н.С. Сильченко, Б.Кенжебаев, М.Базарбаев, 

ЬІ.Дүй сен баев, Ə.Дербісəлин, М.Қаратаев, С.Сейітжанов, С.Талжанов, 

Х.Сү йін шə лиев, З.Ахметов, Н.Қарашева болғандарын еске аламыз. Жа-

рыс сөз ге шыққандардың ішінде М.Ғабдуллии, Ə.Қоңыратбаев, І.Ке ңес-

баев, Е.Лизунова, З.Кедрина, А.Нұрқатов, Т.Кəкішев, Р.Сыздықова, Ү.Суб-

хан бер ди на сынды ғалымдарымыздың пікірі əдебиетіміздің болашағын 

анықтады. Жиналысты академик Мұхтар Əуезов қорытындылаған. 

«Өткен төрт күн, міне, бесінші күн бойында біздің мəжілісіміз қазақ 

əде бие ті ғылымының табыстарына, ізденулеріне алдағы міндеттеріне ар-

нал ған мол мəселелермен шұғылданды. Бұл жайларға үлкен бейіл мен 

көп көңіл бөлінді. Зор күш салып, еңбек еткен ғылымдық конференция 

бү гін, міне, осы мəжілісімізде бар жайды аяқтай баяндап, түйіндеу ке зе-

ңі не жетті», – дейді (Əдеби мұра жəне оны зерттеу. – А., 1961. 346-б.). 

Алып  отырған  тақырыбымызға  байланысты  конференцияда  жа сал-

ған  баяндамалардың  ішінде  «Қазақ  əдебиетін  қайдан,  кімнен  бастай-

мыз?» деген мəселені көтерген Қажым Жұмалиев пен Бейсембай Кен же-

баев тың сөздері қызу талқыланып, кейін газет бетіндегі айтыс-тар тыс қа 

дауласқаны  белгілі.  Қ.Жұмалиев «1950–51 жылдардан  бастап  əде биет 

оқулықтарында  өткен  ғасырлардағы  əдебиет  тарихын  жоққа  шы ға ра-

тын теріс көзқарастардың пайда болғандығын» айта келіп, 1952 жылы 

шық қан оқулықтарда ХVІІІ–ХІХ ғасыр əдебиеті жоққа тəндік дə ре же-


115

сі не кеткендігін, ал эпостардан – «Қамбар батыр» ғана, лиро-эпостан – 

«Қозы Көр пеш – Баян сұлу», ақындардан Махамбеттің ғана қал ды рыл ға-

ны на қынжылады. Əдебиет тарихы деп бір ғана ақынды сынады», – дей-

ді. Бұл ақтаңдақтың орнын толтыруда Е.Ысмайылов (Ақындар, 1957), 

М.Ғаб дул лин (Қазақ халқының ауыз əдебиеті. А., 1958), Б.Кен же баев-

тың (Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы демократ-жазушылары) 

біраз еңбектенгендігіне көңіл аудара келіп, жазба əдебиет тарихын XVIII 

ғасырдан, Бұхар жыраудан бастау керектігін айтады. Əділдігіне жү гін-

сек, əдебиет тарихының басын ХVІІІ ғасырға жеткізудің өзі 50-жылдар 

үшін аз олжа емес еді. Қ.Жұмалиев осы ойды негіздеуге күш салған. 

«Осы күнге де жеттік қой», – деп, «я, құдайлап» отырған көп ші лік ті 

селк еткізгендей əсер қалдырған Б.Кенжебаевтың сөзі болды. Үш рет шы-

ғып сөйлеген Б.Кенжебаев: «Біз Қ.Жұмалиевтің пікіріне қо сыл май мыз, 

біраз қарсы дау айтамыз», – деп алып: «Қазақ – көп рудан құралған ха-

лық. Осы күні қазақ X ғасырда халық болып құралды десе, екінші біреу-

лері XV ғасырда халық болып құралды деп жүр. Қалайда, қазақ болып 

бі рік кен рулар дүниеге дəл сол қазақ болып біріккен ғасырда ғана келген 

жоқ, тарихта онан көп бұрын бар рулар... Міне, осы рулардың жүрген 

жерлерінде  ерте  уақыттарда  жасалған,  сол  рулардың  тірлігін,  салтын 

бейнелейтін, бір кезде сол руларға түсінікті болған жазу-сызулар, жаз-

ба əдебиет нұсқалары болса, олар... халық жазба əдебиетінің нұсқалары 

болып есептеледі», – дейді. Орыс, украин, белорус халықтарының ер-

тедегі əдебиеті бір екенін, Еуропа халықтарының бір кездегі əдеби тілі 

латын тілі болғаны сияқты, шағатай тілінің де Орта Азия халықтарына 

ор тақ əдеби тіл болғандығын дəлелге келтіреді. Сөйтіп, əдебиетті VIII 

ғасырдан бастауды ұсынады. Тіпті соңында: Абайдың ақындық үш бұ-

ла ғы ның бірі – шығыстың ертедегі мəдениеті мен əдебиеті болса, «сон-

да ғы  біздің  Абай  шығармаларынан  іздейтін,  тауып,  теріп  көр се те тін 

шы ғыс тық əдеби дəстүріміз ертедегі қытай мен жапон, араб пен тү рік 

əде бие ті нің  дəстүрі  емес  (бұл  жерде  сыртқы  шығыс  елдерінен  əдейі 

қа шы рып тұрғаны түсінікті), өзіміздің қазіргі советтік шығыс ха лық та-

ры ның, атап айтқанда, өзбек пен тəжіктің, əзірбайжан мен түрікменнің, 

қа  ра  қал  пақ пен қазақтың, ұйғыр мен қырғыздың ертедегі жазба əде бие-

ті нің дəстүрі», – деп, əңгімені конференцияны басқарып отырған М.Əуе-

зов тің айтып жүрген ойларына карай ойыстырады. Сол арқылы өз сө зі не 

кө  мек күткені аңғарылады.

Б.Кенжебаевтың бұл сөзі күтпеген жерден жарқ еткен найзағайдай, 

көп ші лік ке түсініксіз болды. Əсіресе өмірде жұмсақ мінезді, шағын кі-

сі нің беделді де айбатты ғалымға қарсы дау айтамын деуі таңғаларлық 

еді.

Бұдан кейін қорытынды сөзге шыққан Қ.Жұмалиев: «XVIII ға сыр дың 



бергі  жағындағы  тарихқа  аты  мəлім 4–5 ақындардың  өзі  тексерілуден 

116

бірде шығарылып, бірде енгізіліп жүргенде, сонау VIII ғасырға баруға 

бола ма?.. Бөркі қазандай, əліпті таяқ деп білмейтін шалдардың өлең де-

рін де  діншілдік  бар  деп  көп  адам  жолай  алмай  жүргенде,  шы ғыс та ғы 

суфизмнің ордасы болған, бүкіл өмірі, шығармасымен ислам дінін жыр-

лап өткен Қожа Ахмет Иасауиді əдебиет тарихының басы ету – «кө те ре 

алмаған қосып арқалайдының кебі», – дейді.

Б.Кенжебаев өзінің қорытынды сөзінде айтқанынан қайтпайды: «Қ.Жұ-

ма лиев не десе де, мен пікірімде қалам. Қазақ халқы жазба əде бие ті нің 

тарихын VІІІ–ІХ ғасырдан бастау керек, сонан бергі қазақ же рін де жа-

сал ған, қазаққа ортақ, бір кездері түсінікті болған жазу-сызу лар ды, жаз-

ба əдебиет нұсқаларын зерттеу қажет деп білем», – деп жауап бе реді.

Жарыссөзде сөйлеген 28 кісінің ішінде Б.Кенжебаевтың сөзіне қол-

дау көрсеткендер мəскеулік ғалым, филология ғылымдарының докторы 

В.М.  Сидельников  пен  тəжікстандық  А.Сайфуллаев  болды.  В.М.  Си-

дельников қызу сөйлеген Б.Кенжебаевтың пікірі қызықты екенін, бұрын 

ол туралы Е.Э. Бертельстің де айтқанын (1939 жылғы «Новый мир» жур-

на лын да ғы мақаланы еске алса керек) атап өтеді.

Ендігі сөздің түйінін көпшілік М.Əуезовтен күткені анық. М.Əуе зов: 

«Көпшілікке ұнаған баяндаманың бірі Бейсембай Кенжебаев жол дас тың 

баяндамасы болды. Ол баяндаманың өзіне тəн, көбімізге соны, ерек ше 

бір қорытындылары болғандықтан, сол тұсына аз тоқтап кетейін», – деп 

бастайды да, XX ғасыр басындағы əдебиет туралы пікірлеріне ауысады. 

Əдебиетті VIII ғасырдан бастау мəселесін қозғамаған.

Сонда М.Əуезов ежелгі дəуірді білмегендіктен бұл мəселеге бармай 

отыр ма? деген сұрақ келеді. Қалай білмесін! 1922 жылы Ташкент мем-

лекеттік  университетінің  тыңдаушысы, 1923–28 жылдарда  Санкт-Пе-

тербург университетінің филология факультетінде оқыған, 1930 жылы 

Орта  Азия  мемлекеттік  университетіндегі  шығыс  факультетінің  аспи-

рантурасын аяқтаған, ғұлама түркітанушылар мен шығыстанушылардан 

дə ріс алған кісінің шығыс мəдениетін, ежелгі жазба əдебиетті терең біл-

гендігін айтып жату да артық. Оның қазақ əдебиетінің тамырында жат-

қан дүниелер екендігін терең талдап берер ғалымның бірегейі де Əуе зов 

болған болар еді. «Манас» жырын зерттеуге арналған Фрунзе (Біш кек) 

қаласындағы Бүкілодақтык конференцияда, совет түр кі та ну шы ла ры ның 

алдында былай демеп пе еді:

«Орхон жазулары» деген не? Бұл күнге дейін оларды тіл тарихының 

ес керт кі ші ретінде зерттеп жүр. Соған қоса ол фольклордың мейлінше 

көне үлгілерінің де ескерткіші емес пе? Сол жазуларда эпостық аңыз дар-

дың шағын да ықшам фабулалық желілері бар ғой» (М.Əуезов. Таң да ма-

лы. А., 1997).

Бұл  сөздерден  М.Əуезовтің VIII ғасырда  жазылған  Орхон  ес керт-

кіш те рі нің  мазмұн-мəнін  жетік  білгендігі  көрінеді.  Жалғыз  ол  ғана 


117

емес, Қор қыт ты да, Иасауи, Қашқариді де қазақ ғалымдарының ішінде 

бұ рын та ны ған ды ғы на күмəн болмаса керек-ті. Кенжебаев тілге тиек 

еткен Е.Э. Бер тельс тің «Новый мирдегі» көне замандардан XV ғасырға 

де йін гі  Орта  Азия  əдебиеті  туралы  мақаласымен  де  таныс  болмауы 

мүм кін емес. Бі рақ конференциядағы қорытынды сөзінде ол жағын ір-

кіп қа лып, ашық əң гі ме, үзілді-кесілді тұжырымға бара қоймады. Бірақ 

Кен же баев тың сө зін «көпшілікке ұнаған» деуінің ішінде өзі де бар деп 

тү сі ну ге болады. Енді қазақ ұлтының мүддесін баршадан артық бі ле-

тін Əуе зов тің ежел гі əде биет мəселесіне көзқарасын бүл конференция-

да іркіп қалуының себебіне келсек, оны жазушының басынан кешкен 

қиын шы лық та ры нан, 30-жылдар өз алдына, 1951–53 жылдардан ізде-

геніміз жөн секілді.

Елуінші жылдардың бас кезінде жаңа ғана аяқталған соғыстан есін 

жия  алмай  жатқан  қазақ  халқының  санасынан  шын  тарихын  өшіруге 

ба ғыт тал ған саясат қайтадан қысымға ала бастады. 1951 жылы қыр кү-

йек те М.Əуезовті Академияның президиум мүшелігінен босатады. Ке-

несарыны дəріптегені үшін, Абай шəкірттерінің бірі ретінде Шə кə рім ді 

ата ға ны, Абайды шығыстың атақты ақындары Фирдоуси, Низами, Фи-

зули, Науаи үлгілерінен ғибрат алды дегені, тіпті 1927 жылы жа зыл ған 

«Əде биет тарихы» үшін де саясат таяғы аямай тиіп жатқан кез. Абай-

дың  ақын дық  мектебінен  диссертация  қорғаған  Қайым  Мұхаметқанов 

пен Е.Бек ма ха нов тар 25 жылға сотталып кеткен еді. Бұл кездегі қазақ 

зия лы ла ры ның тарт қан жан азабы түрлі жабық құжаттардан енді ғана 

жарыққа шы ғып кө рі ну де. 

1953 жылғы «Казправда» газетіндегі редакциялық мақала, Əуе зов ті 

анық құртуға бағытталған əрекет еді (Р.Бердібай. Мұхтар шыңы, 1997). 

Осы кезде Мұхаңның атылып кеткен Алаш көсемдерінің соңынан кет-

пей, Мəскеуге кетуі тағдырдың қазақ халқына деген мейір-шапағаты бол-

са керек. Сөйтіп, Ломоносов университетінің СССР халықтары əдебиеті 

кафедрасында қызмет істегені, «Литературная газетадағы» ашық хатын 

сонда жазғандығы мəлім. 1930 жылдары абақтыға жабылып, 37-жылғы 

ату-асуды  көрген, 50-жылдардың  басындағы  қуғындауды  басынан  өт-

кіз ген  адамының  жан  дүниесі  қандай  болмақ?  Сол  жан  жаралары  жа-

зылып  үл гер ді  ме?  Осы  конференциядан  бұрын  өткен  жазушылардың 

Бү кіл одақ тық III съезінде əдебиеттің саясат құралы болатындығын Мəс-

кеу  тағы  да  шегелеген  жоқ  па  еді?  Мұны  М.Əуезов  кон фе рен ция да ғы 

қорытынды сөзінде де былай еске алады: «Орталық партия ко ми те ті нің 

совет  жазушыларының III съезіне  арналған  хатында  жəне  жазушылар 

съе зі нің Орталық Комитетке жазған жауап хатында да идея мен шебер-

лік талаптарын біртұтас, бір дəрежедегі талаптар ретінде атас қан. Егер 

ұлт тық  спецификаны  ерекшелік  дегенде,  өзгеде  ерекшелік  жоқ тай,  өз 

əде бие ті нің ғана бөлекше жаралған, өзгеге бітпес ар тық шы лы ғы, ел дің 


118

ерекше дара үздік бітімі деп қарайтын болсақ, онда бұл мə се ле ні ұлт-

шыл дыққа айналдырамыз», – деп ескертеді.

Рас, Əуезов 1957 жылы Ғылым академиясының Президиум мə жі лі-

сін де халық ауыз əдебиеті бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 

Осы жылғы 28 наурызда «Қазақстан мұғалімі» газетіне «Ана тілі, əдебие-

тін сүйіңдер» деп мақала жазды. Конференцияның алдында ғана 22 нау-

рызда Лениндік сыйлық алды. Бірақ мұның бəрі талай қуғын-сүр гін мен 

езілген жүрекке əлі толық сенім орнатпаса керек. 

Конференция материалдарын оқи отырып, М.Əуезовтің əдебиет та-

рихын Бұхардан арғы заманнан бастау мəселесі жөнінде тұжырым ай-

туды ерте деп білгенін, алдымен Бұхарға дейінгі мұраны бір сіңіріп алу 

ке рек ті гін ойлағанын байқаймыз.

Ежелгі əдебиеттің тағы бір қызықты əлемі – М.Əуезов айтқан «нə зи-

ра». Өкінішке орай, бұл мəселе əлі күнге сол Əуезов айтқан анық та ма-

дан əріге бара алмай, жете зерттелмей келе жатыр. Қазақ əде бие ті нің та-

рихында XIII ғасырдан бастап XX ғасыр басына дейін келген бұл əдеби 

тəсілдің нақты сипаттарын ең əуелі Мұхаң айтып берген еді. Т.Із ті ле уов-

тің  «Рүстем-дастанының»  алғы  сөзінде  бұл  құбылыс  нақты  ережедей 

тү сін ді ріл ген болатын. Онда: шығыста бір классик жырлаған та қы рып-

ты келесі буында тағы бір шығыс ақыны қайталап, əңгіме ететін, тың 

дастандар шығаратын дəстүр бар екенін айта келіп, оның «еш уа қыт та 

аударма деп танылуы керек еместігін» көрсетті. «Рүстемнің жайы жал-

ғыз  Фирдоусиден  басталмайды.  Ол  турасындағы  көне  аңыз-əң гі ме лер 

Фирдоусиден бұрын да көп жайылған болатын», – деп жазады. Бұл жер-

де «Фирдоусиден де бұрын жазылған əңгіме», – деп Авестаны меңзеп 

отыр ға ны анық.

Əуезов айтқан нəзира тəсілі Ассирия-Вавилон əдебиетінен бері қа рай 

келе жатқан дəстүр еді (Смирнова В.В. Мировая художественная куль-

тура. М., 1995.). Ол кезде де бұрыннан бар сюжеттерді қайталап жазып, 

бел гі лі мифтер мен культтерді жаңғыртатын болған. Қазақ тарихына қа-

тысы бар сумерлердің (шумер) «Гильгамеш» жыры (б.д.д. XXX ғ.) Ва-

вилон мəдениеті дəуірінде (б.д.д. XX ғасыр) нəзиралық жолмен қай та-

лай жазылып қалған екен. Бəлкім, сол арқылы кейінгі ұрпаққа жеткен. 

Бұл күнде «Гильгамешті» гректердің «Бильгамос» деп жазғандығы біз ді 

ойлантуы тиіс. Ол «Білге жыры» болуы да мүмкін.

М.Əуезов  шығыс  əдебиетіндегі  нəзирашылдык  немесе  нə зи ра гөй-

лік үрдісті ежелгі грек əдебиетінен де кездестірген болар. Нəзира Фир-

доуси заманынан өріс ала бастағанның өзінде, оның негізгі та қы рып-

тық  аясы  шығыс  мифологиясынан  басталып,  одан  діни  сюжеттерге, 

ға шық тық,  қаһармандық  оқиғаларға  ауысқан  деуге  болады.  Грек  нə-

зи ра шы ла ры ның (кикликтирі) негізгі тақырыбы да ежелгі мифология 

болатын. Бір ғана «Иллиада» мен «Одиссеяның» айналасында көп те-


119

ген  шығармалар  жа зыл ған  (Немировский  А.И.  Мифы  древней  элла-

ды. – М., 1992). Тіпті ескі аңыздар мен мифтерді жаң ғыр ту шы лар дың 

ішін де Гекатей Милетский («Генеалогия»), Геродот («Тарих») сынды 

тарихшылар да бар. XII ға сыр да Иоанн Цец атты білімдар кісі «Иллиа-

да»  мен  «Одиссеяның»  өзі нен  көлемі  анағұрлым  артық  түсініктеме 

жазған.

«Нəзираны»  туғызған  Оянушылықтың  көне  Египетте  əр  замандар-



да қайталанып отырғаны Əуезовке мəлім болса керек. Мысалы, біздің 

дə уі рі міз ге  дейінгі VII ғасырлардағы  САИС  Ренессансының  деректері 

бел гі лі, Еуропа оянушылығымен салыстырыла айтылады. Бірақ САИС 

мə де ние ті  жаңадан  өрлеу  емес,  оның  «аққу  əніндей»,  тарих  бетіндегі 

соң ғы серпілісі болды деседі. Египетті Александр Македонский (б.д.д. 

332 ж.) басып алған замандардан бастап, эллиндік мəдениет қалыптаса 

бастайды. Осы кездегі тарихи даму көне Египет жəне грек-македония 

мə де ние ті нің симбиозы (аралас) түрінде қалыптасады.

Сонымен, нəзира дəстүрі бұрынғыны, ежелгі сюжеттерді жаңғырту 

идеясынан  шыққан.  Бұл – ежелгі  замандардан  Оянушылықтың  негізгі 

белгілерінің  бірі.  Оянушылықтың  төркіні – көне  мəдениетті  қайта  ті-

ріл ту.  Осы  дəстүр  ислам  мəдениеті  аясындағы  араб-иран  жəне  қытай 

əде биет те рін де басталған уақытта, оны түрік (түркі) əдебиеттері де қа-

был дап алып жалғастырды (ХІІІ–ХІV ғ.). Түрік ақындарының нəзирасы 

ежелгі мұсылман аңыздарын, антикалық ойшылдар идеясын жаңғырта 

отырып, түріктік мүддені көтеруді ұмытқан жоқ. Сондықтан да нə зи ра-

ның орта ғасырдағы үрдісін тудырған күш – Түрік Оянушылығы немесе 

Түрік Ренессансы дегенді бүгінгі таңда батыл айтуға болады. 

Қорыта келе айтарымыз, Мұхтар Əуезов саяси қыспақтың ке сі рі нен 

ежелгі жазба мұралар жөніндегі көзқарасын ашық айта алмады. Асыл-

дың сынығындай жекелеген пікірлері кейінгі зерттеулерге ой-та мы зық 

болды. Ежелгі əдебиет жайлы алғашқы зерттеу еңбектері Əуезов өмір-

ден өткен соң, 1967 жылдары жарық көрді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет