Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев


«Заман Қазақстан», 1997 жыл, 26 қыркүйек



Pdf көрінісі
бет11/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53

«Заман Қазақстан», 1997 жыл, 26 қыркүйек

ШЫҒЫСТЫҚ ҚИССА-ДАСТАНДАРДАҒЫ 

ҚАСИЕТТІ ЖЕР-СУ ҰҒЫМДАРЫ

Мəңгілік  ғұмыр,  жайлы  жер  іздеу  қазақ  аңыздарында  Қорқыт  пен 

Асан Қайғыдан көрінсе, жазба əдебиетте əл-Фарабиде «Қайырлы қа ла-

ға» ұла  са ды. Бұл ой Фирдоуси, Низами шығармаларында да кездеседі 

деп  ой лай мыз.  Қисса-дастандардағы  Ирамбақ  та  соның  бір  варианты 

ма? Одан бұ ры ны рақта Платонның «Атлантидасы» жазылған еді (б.з.д. 

421 ж.). Пла тон ның Атлантида мифі «Тимей», «Критий» деп аталатын 

екі диалогінде сипатталған.



120

Негізінде «Атлантида» мекенін Платон өзі ғалым, өзі саясаткер адам 

ретінде ойдан шығарып, оған өзіндік көзқарасын кіргізген. Тіпті Сици-

лия төңірегінде осындай жайлы мекен жасап та көрмек болыпты. Атлан-

тида ойшыл Платонның жағрапиялық, экономиялық, саяси бі лім де рі нің 

өзі өмір бойы арман еткен идеал мемлекет құру идеясына біріккен жиын-

ты ғы көрінеді.

Платонның  қиялынан  туған  «Атлантидасында»  билеушілер  байлық 

пен  алтынды  құндылық  ретінде  бағаламайды.  Осы  ойлар  Платонның 

«Пир» атты шығармасында бар. Апполодор деген кейіпкер байлар ту-

ралы  «Сіздер  мені  бақытсыз  деп  ойлайтын  шығарсыздар,  олай  болуы 

мүм кін,  бірақ  сіздердің  бақытсыз  жандар  екендіктеріңіз  мүмкін  ғана 

емес,  анық», – дейді.  Платонның  суреттеуіндегі  «жерүйектің»  сипаты 

мынадай:


«...Атлантиданың  əкімдері  заңға  қатал  бағынған,  құдайдың  кө ме гі-

нің арқасында ағайын-туыстарымен тату өмір сүрген; адамдары шын-

дық пен ұлы ойларға қызмет етті, тағдырдың салғанын сабырмен қар сы 

алып,  бір-бірімен  кішіпейіл  қарым-қатынаста  болды,  қа йы рым ды лық-

тан басқадан жиіркенетін еді, байлыққа құндылық деп қарамады, алтын 

мен басқадай жылтырақты бекершілік деп есептеді. Олардың бай лық-

тан басы айналмады, дүниеге мастанбады...»

1

Сондай-ақ Платонның «Атлантидасының» сəн-салтанаты қисса-дас-



тан дар да ғы патша сарайынан айнымайды:

«Құдай үйінің (храм) бүкіл сыртқы бетін күмістен, акротерштік ал-

тыннан соққан; үйдің ішінен піл сүйегінен жасалған төбесі көздің жауын 

алады, алтын мен күміспен апталған. Ал үйдің қабырғалары мен еден де-

рі түгелдей архикалктан! Онда алтынданған мүсіндер тұр: алты қа нат ты 

пыраққа  жегілген  арба  үстіндегі  құдай,  құдайдың  айналасындағы  де-

льфиндерге мінген жүз Нероид, сондай-ақ, жекелеген кісілер сый ла ған 

көптеген мүсіндер тұр...»

2

Атлантида қаласы шын мəнінде болмаған. Мұндай атау Ге ро дот тың 



замандасы  Гелланикте  кездескен  екен.  Платон  «Атлантида»  идеясын 

«Мемлекет» атты еңбегінде жалғастырған.

«Қайырлы мемлекет» идеясын Баласағұни де қолдаған. «Құтты білік-

тегі» мемлекеттің оның əрбір мүшесі, оның құрылымы идеал елді елес-

тетеді. Тіпті сюжеттің диалог арқылы өрбуі, кейіпкерлердің да на лық ой-

лары Платонның «Пирін» еске түсіріп-ақ тұр. Сондықтан Ба ла са ғұ ни ді 

Платоннан бөліп қарауға болмайтыны анық.

Жерүйек туралы Ə.Қоңыратбаев былай деп жазады: «Халық сан ал-

уан ертегі, аңыз-мифтерді ойлап шығарып, табиғаттың адамға жау тіл сіз 

күш те рі мен күрескен, соның сиқырын, сырын білуге тырысқан. Сөй тіп, 

1

 Платон. Тимей. Шығармалары, 3 томдық. – М., 1971.



2

 Сонда, 3-том, 1-бөлім.



121

өзі нің тіршілігі мен тұрмысын, қиялын байытып, сиқырлы күш табиғатта 

емес, адам бойында деп ұққан. Тұрмысын жақсарту мақсатында Жер-

ұйық, Жұпар қорым, Жиделі Байсын сияқты қой үстіне бозторғай жұ-

мырт қа ла ған утопиялық өмірді іздеген. Осының бəрі бұлдыр түрде бол-

са да аңсау, армандау, романтикалап тұрмысты өзгерту, жақсарту талабы 

бол мақ».

1

Кей зерттеушілердің айтуынша, жер-суды қасиеттеу Көк бөрі асы ра-



ған баладан туған ұрпақтардың оқиғасына байланысты. Олар жа рық дү-

ние ге қаптаған қалың жаудың ортасында келді. Шыр етіп түс кен сə би ді 

жұм сақ  алақанына  салған  Жерден  басқа  досы  жоқ  еді.  Осыдан  барып 

жер-суды сакрализациялау туды.

2

Біздің ойымызша, жер-су культі Көк бөрі заманынан көп əріде б.з.д. 



ғасырлар тереңінен басталады. Оған дəлелдің біреуі – Авестадағы на-

ным-түсініктер.

Түріктердің алғашқы тотемдік иесі – жайлы қонысы Ұлы өзен, яғни 

Ордостағы Сары өзен де, Алтайға барып қоныстанғаннан кейінгі шығу 

тегі Көк бөрі деуге болады. Сары өзен жөніндегі пікірді зерттеуші əрі 

жазушы  Тұрсын  Жұртбаев  та  айтады («Дулыға»).  Біздің  ойымызша, 

бұл – ті ке лей түрік тарихынан шыққан мифтер. Түсінікті болу үшін та-

рихты еске түсіре кетейік:

Қасиетті жер-су түрік ұғымында кейде Ұмай ана кейпінде алынады. 

Ол – өсіп-өніп, көбею анасы, ошақтың, баланың киесі ретіндегі Кей уана, 

«Баланың кіндігін кескенде: «Менің қолым емес, Ұмай ананың қолы» 

(көбіне «Бибі Фатиманың қолы») немесе баласын алыс жолға шы ға рып 

саларда: «Ұмай енеге тапсырдым», – деп жатады Бұл – моңғұлдың Эту-

ген анасына, Римнің кұдайына, ежелгі үндінің Умасына, Авестадағы Га-

маюнге ұқсас мифтік бейне.

Орхон  ескерткіштерінде  «Ұмай  текті  егем  құтына  інім  Күлтегін  ер 

болды» делінуі. Тувадағы Ұйық өзенінің бойынан табылған көне тү рік 

жазуында: «Мен  жиырма  төрт  жасымда  еліммен,  туыстарыммен,  қа-

руым мен жəне ерлік істеріммен қоштастым. О, қасиетті Ұмай! О, менің 

өмір жылдарым! Туыстарым, мен сендерді қалдырдым», – деген жолдар 

бар (Тюркологический сборник. М., 1981, 70-с.).

Бұдан Ұмай ана бейнесінің Заратуштра замандарынан бүгінге де йін 

жеткен мифтік бейне екенін көреміз. Қазақтың «От ана, май ана» де ген-

де гі «Май анасы – Ұмай ана» екеніне дау туғызбаса керек. Ұмай  ана – 

жер-су – ежелгі анимизмнің айғақтары.

«Күлтегін» жырында «қасиетті жер-су» ұғымы тиянақталып айтыла-

ды. Түріктердің шығысы – Хинганнан Арал теңізіне дейін, Одан Ор дос-

1

 Қоңыратбаев Ə. Қазақ фольклорының тарихы. А., 1991. 35-б.



2

 Орынбеков М. Предфилософия протоказахов. А., 1994. 194-б.



122

қа (Өртөс) дейін созылып жатқан байтақ елді біріктіргені туралы айта 

ке ліп, қасиетті (Ыдүқ) жер суын ерекше атайды Ол – Өтікен жайлауы:

  

О, қасиетті Өтікен қойнауының халқы! 



Біресе ілгері шаптың,

Біресе кері шаптың,

Барған жерде не пайда таптың? – 

деп келеді.

«Өтікен жерінде отырсақ, дүниең көп, қайғың жоқ болады», – дейді.

Сондай-ақ  Бағи,  Ирам – перілердің  мекені  ғана  емес,  ерекше  жер, 

өзін ше қасиетті жер. Қиссадағы негізгі кейіпкерлер жыры – осы Ирам-

бақ ты мекендеген қыздар:

Бəдиғым – Шаһбал қызы, өзі – пері,

Гүлстан Ирамбағы – оның жері.

1

Қасиетті мекен туралы аңыздардың түп тамыры – б.з.д. дəуірлерде 



шы ғып, бүгінге дейін жалғасып келе жатқан өзекті арна. Бүгінгі күндері 

Отан, Республика деген үлкен ұғымға айналғандай.

Қасиетті  жер-су  ұғымының  көне  замандағы  көрінісі – Авестадағы 

Ваего, яғни Окс пен Яксартының (Сырдария мен Амудария) арасы. Ол – 

Құ ді рет тің ең алғаш жаратқан жері. Аңыздың локальдық (аймақтық) си-

паты болатынын еске алсақ, Авестаны шығарушылардың сол аймақтың 

өкіл де рі екені аңғарылады.

Түрік қағанаты құрылудан бұрынғы касиетті жер – Сары өзен (Ху-

анхэ) немесе Сары жазық (Ордос). Өзінің туу тегін өзеннен шығаратын 

аңыздар – соның айғағы.

«Сары  өзен»  аталатын  күй  де  бар.  Онда  қалмақтарға  қолға  түскен 

Сай мақ деген жылқышы жігіт күйшілік өнерінің арқасында тұтқыннан 

босап, еліне қайтады. Жолда Сары өэеннен өтеді. Сол кезде елін таныған 

ат кісінеп қоя береді.

2

 

«Сары өзен» күйі жігіттің туған жерге деген сағынышын суреттейді.



V–VІІІ ғасырлардағы түріктер үшін қасиетті мекен – Өтікен. Ол – тү-

рік тер дің V ғасырда Алтайдың оңтүстігіне келіп қоныстанған жерінде. 

Жаугершіліктен ығысып келген Бөрі тайпасын жылы қойнына алып, құт-

ты қоныс болған Көк бөріден өсіп-өндіріп, Бұмын (Елхан) қағанға, Тү-

рік қағанатына айналдырған ырысты ошақ. 

Қазақ  аңыздарындағы  Жиделі  Байсын  Айриана  Ваегоның  жал ға сы 

ма деген ойға келеміз. Екеуінің де бір аймақта болуы осындай жо ра мал-

ға жетелейді.

1

 Сейфүлмəлік // Ғашық наме. А., 1976. 129-б.



2

 Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А., 1984. 146-б.



123

Ə.Қоңыратбаевтың айтуынша, «Байсын» қала деген мағынаны білді-

реді. Кейінгі дəуірлерде дала атауы болған (Жиделі Байсын). Ол Əму дің 

бас жағында (Қоңыратбаев Ə., 77-б). Көк түріктер Бейжинді «Баршын-

Байсын»  деген  дейтін  деректер  де  бар.  Баршын – Гүлбаршын – Бөрі 

қыз. Əрине, этимологиялық тарихи жағынан зерттеулер бар болса, бі раз 

дəлел айтуға негіз болар еді. Болашақта бұл мəселенің зерттелуі керек 

екені анық.

Мифтерден адам баласының дүниетанымы, түсінігі, дүниенің тұ тас-

ты ғын,  шексіздігін,  мəңгілігін  түйсінуі  аңғарылады.  Қазақ  халқының 

та би ғат таным-түсінігі туралы аңыздарда, өзін қоршаған тұрмыс бұ йым-

да рын да,  жазу-сызуларынан  көрінеді.  Əлемдегі  өз  орнын  бағдарлауы, 

«Əлем  жəне  Мен»  пəлсапасы  мифтерден  орын  алған.  Адамдар  уа қыт 

өте келе, табиғаттың құпия сырларын жете танып, қажетті деңгейде то-

лық меңгерген.

Кешегі  кеңестік  идеология  əдебиеттің  тарихын  тəрік  еткені  өз  ал-

дына, мифтерге «діни қиял, жалған қиял-ертегі» деген нигилистік көз-

қа рас пен қарады. «Əлемді көк өгіз көтеріп тұр» деген халықтық тұ жы-

рым ға күле қарайтын кез еді. Шындығына көз жіберсек, «Халық айтса, 

қалып айтпайды», əлемді көк су көтеріп тұрғаны рас. «Өгіз», «өлең» деп 

бұрынғы қазақтар суды айтқан. «Екі өгіз» аталатын өзендер бар. Тіп ті 

Сырдарияның көне атауы – Окс (грек жазбаларында), «Өгіз» деген сөз. 

Окстың Өгізбен байланысын мына аңыздан көруге болады:

«Ерте, ерте замандарда жер бетінде су жоқ екен. Шөлдеген өгіз тұя ғы-

мен жерді қаза бастайды. Қазған жерден су шығыпты».

1

Дүниені құрайтын төрт тек бар десек (от, су, ауа, жел) осының не гі зін 



төрт түлік малға қатысты да ашып берген. Жылқы – желден, қой – оттан, 

түйе – сордан, сиыр – судан», – деуі де дүниені көтеріп тұр ған су еке-

нін аңғартады. Тіпті «бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс» ертегілік 

кейіпкерлердің құйрықты жұлдыз (комета) болуы мүмкін екен ді гін нақ-

ты ғылымдарда зерттеуші ғалымдар айта бастады.

2

ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы.



1997. № 8, 70-72 бб.

«ЖҰМЖҰМА СҰЛТАН» ХИКАЯСЫ

Жұмақ пен тозақтың көне жəдігерлердегі көрінісі

«Жұмжұма»  дастаны 1370 жылы  Италия  Оянушылығының  алыбы 

Данте ақынның (1265–1321) өмірден өткеніне жарты ғасыр толған кез-

де  Алтын  Орда  даласында  жазылыпты.  Туындыгері – араб-парсы  тілі 

1

 Казахский фольклор в собраниях Г.Н. Потанина, 1972. 52-б.



2

 Ғұзыхан Ақпанбек. Қазақтардың дүниетанымы. 1993. 29-б.



124

үс тем болып тұрған орта ғасырда түрік тілінің поэзиядағы мəртебесін 

кө тер ген Хұсам Кəтиб деген кісі. Өкінішке қарай, өмір жолы белгісіз. 

Қа зақ əдебиетінің терең қайнарындағы бұл шығарма оқушыға аса көп 

таныс емес.

«Жұмжұманы» 1881 жылы қиссашы ақын Мəулікей Жұмашұлы Қа-

зан қаласынан бастырып шығарған. Сол баспасындағы «Жұмжұма сұл-

тан» атымен қазақ арасына кең танымал болды. Қолжазбалары Ленин-

град,  Қазан  қалаларында  сақталған. 1970 жылы  Қазаннан  дастанның 

алты көшірмесі салыстырыла отырып, тұтас бір мəтіні жасалып, жа рық-

қа  шықты.  Діни  шығарма  болғандықтан,  кеңестік  дəуірде  оқы тыл май 

ке ліп, 1992 жылы ғана «Ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиеті» хрестоматия-

сында аударылып, басылды.

Дастанның оқиғасы адамның о дүниедегі өмірі туралы:

Иса  пайғамбар  Шам  елінде  жүріп,  бір  күні  судың  жағасына  келіп, 

демалады. Тас үстінде жатқан қураған басты көреді. Бұл адам тірлігінде 

қандай болды екен деп, білуге құмарланып, Алла тағалаға: «О, құдіреті 

күшті,  өзіңнен  тілегім,  мына  бастың  ахуалын  өз  аузынан  тыңдайтын 

қыл», – дейді.

Алланың құдіретімен бас тіріліп, өз оқиғасын баяндап береді: «Мен 

бір ұлық Мəлік

1

 едім. Атым – Жұмжұма сұлтан, даңқым ға лам ға жа йыл-



ған еді. Тұратын сарайымды сырттан көргендері «Əйбəт!» дер еді. Ішін 

көргендер  «Жаннат»  дер  еді.  Төбесіне  шыққандар  басы  бұлт қа  тимеу 

үшін жүгінер еді. Қырық мың уəзірім бар еді, əрқайсысы арыстан ұс тап 

мінгендей еді. Он мың құлым, он мың ай мен күндей əйел де рім бар еді. 

Сұлулардың ішіндегі айы еді. Бəрі де мені құшуға зар еді».

Жəне бір жақсы əдетім: мүскін, ғарыптардың алдына ас тартып, ас-

тына ат мінгізіп жіберер едім. 

 

Мың түйе, мың ат, мың сиыр, он мың қой,



Өзге тамақ, құс еті, құрт – оларды айтпай-ақ қой.

Кесе, шанақтар қымызға толар еді,

Небір шаһтар менің алдымда мат болар еді

2

.



 

Бір  күні  тахтымда  қош  көңілмен  кəнизактарымның  қасында  отыр 

едім, қызметші келіп, бір мүскіннің қайыр тілеп келіп тұрғанын айтты. 

Мен: «Ей, ақымақ, осы қайыр тілейтін уақыт па? Сенің де, өзгенің де 

өзі не арналған уақыты», – дедім. Əлгі мүскін көңілі жығылып кетіпті. 

Қат ты өкіндім.

Мен өзіме-өзім келген соң, көңіл кірді жумақшы болып, сыртқа шы-

ғып, төбемнен бір бақыр су құйып едім, сол мезгіл көзім қарайып, құ лап 

1

 Мəлік – ел билеуші.



Үзінділер «Ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиеті» (А., 1992) алынды.



125

түс тім. Ешбір ем қонбады. Екі қанаты Күншығыс пен Күн ба тыс ты тұт-

қан Əзірейіл келді. Бір қолында – сүңгі, бір қолында – ыдыс. Кө кі ре гі ме 

сүңгісін қадап, ыдыстан шарап ішкізді. «Біраздан соң қауым – ба уыр ла-

рың ды көресің», – деді. Сол замат жаным шықты.

Содан көзімді ашсам, бір бөлек бөзге оранып, тозаң-топыраққа был ға-

нып жатыр екенмін. Аһ ұрдым:

Аһ ұрдым мен: кəні тағым, дəулетім,

Кəні сансыз жауһар, алтын ақшалар,

Ойламаңдар маған көмегі тиер деп.

 

Сол кезде екі айбатты періште кірді. Кебінімнің бір шетін жыртып 



алды, қылған істерімді соған жазды, мойнына асты. Содан соң екі көр 

жолдас келді, күрзімен ұрды, жеті тамұққа дейін жеткізді. Жетпіс аршын 

шылбырмен ұрып, тілімнің ұшынан тартып, созып, мойныма салды.

Жаһаннамда бір қауым елді көрдім. Басы төмен, аяғы үстінде. Олар 

мұр нын көтеріп: «Мен, мен!» – деп жүреді. Тірлігінде менмен болғандар 

екен. Жəне бір қауым елдің тілі жоқ. Олар қисық үкім жүргізген əкімдер 

екен. 

Енді бір қауым елдің кеудесіне, көзіне шыжғырып алтын ақшаны ба-



сып жатыр. Олар – малынан хақ үлесін шығармағандар.

Тағы бір қауым ел – жалаңаш, басында – тəж. Тəндеріне жетпіс алуан 

жара шығыпты. Олар қайырымсыз ел басылар екен.

Содан  бір  табытқа  кіргізді.  Онда  тірісінде  сұлтан  болғандар  отыр 

екен. Төрт бұрышында жылан мен шаян, тістеп, шаншып азаптайды». 

Иса пайғамбар Жұмжұмадан сұрайды: «Енді не тілегің бар?» Сонда 

Жұмжұма: «Енді тірілсем, өткеніме өкініп, тəубе қылар едім», – дейді. 

Алланың құдіретімен Жұмжұма қайта тірілді. Құлдық ұрды. Туын-

дыгер Хұсам Кəтиб соңын ғибрат өлеңмен бітірген:

Ізгілікпен жауыздықты тазала, 

Мұнша патшалар бұл жаһанға келді,

Көрдіңдер ме, аяғында не болды!

Таппады олар дүниенің мұратын,

Тапса қалар еді ғой ізгі аты.

Тəңір берген ризықтың шүкірін қыл,

Күн сайын Алланы есіңе ал!

Адам өмірі өлгеннен соң да жалғасады деген миф адамзат өмірі қан-

дай  көне  болса,  ол  да  сондайлық  көне  тылсым  дүниемен  тамырласып 

жатады. Қазақтар «Шыбын жан бір-ақ түтін бу секілді» (Əсет) деп, жан 

кеудеден ұшып шыққан соң, екінші өмір кешеді дейді.



126

Жер бетіндегі жақсы тұрмыстың адам қиялындағы о дүниелік идеал 

елесі – Жұмақ. Əр халық оны өз ортасы мен өмір тіршілігіне қарай елес-

тетеді. Бір қызығы, о дүние туралы адам əуелі тек рақат өмірді айт қан. 

Ал «жаза тарту» (тозақ) – кейін пайда болған ұғым. Жұмақ пен то зақ ты 

əң гі ме қылмайтын ел жоқ.

Гренландия мифтерінде: адамның жаны – қолға ұсталмайтын, нə зік, 

же  ңіл нəрсе, о дүниеде бақытқа кенеледі. Адамның жаны кем пір қо сақ 

ар  қы  лы жақсы өмірге жетіп, балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шу -

ла  ған үлкен өзеннің үстіне шатырын тігеді. Өзен суы толып кеткен кезде, 

тасып, жауын жауады, ал жиегі жырылып кетсе, екінші тасқын бол мақ-

шы. Жалпы, адамзат Нұх пайғамбар кезіндегі апаттың қай та ла ну қаупін 

есте ұстайтын болуы керек. Д.Кішібеков: «...ғылымның топшылауынша, 

дүниені үш рет топан су қаптаған. Арасы 3700–4600 жылдан. Үшін ші 

тасқын б.з.д. 875, яғни скиф дəуірінде болған. Төртінші топан су 2858 

жылы қаптайтын сияқты», – деп жазады. Төртінші топан су лайым бол-

масын, бірақ біздің заманымызға дейін бір үлкен апаттың өткені рас.

Мұсылман мифтеріндегі «Жұмақ»: оңтүстік батыс Африкада – «Ка-

лунг»,  Скандинавияда – «Валгалл», «Тауратта» «Шеол»  деп  аталады 

екен.  Ол  жайында  Э.Б.  Тайлор  «Алғашқы  қауымдағы  мəдениет»  атты 

кітабында жазған.

«Адамның  о  дүниелік  өмірі – тозақ»  болуы  мүмкіндігін  айтатын 

теория кейініректе пайда болғанға ұқсайды. О дүниедегі тірлік, бұ дү-

ние де гі құлқына, жақсы-жаман істеріне қарай таразыланатындығы са на-

ның бір қадам алға басуынан туған. Ол, əрине, жақсылық пен жа ман-

дық түсінігінің көрінісі – «Авеста» мен «Гильгамештен» көп замандар 

бұрын.

Көне  адамдарда  жақсылық  пен  жамандық  əуелі:  менің  қауымым 



жəне жауларымыз деген ұғымда беріледі. Мысалы, виргиниялық үн діс-

тер дің «тозағына» – жаулары түседі де, өз елі үшін соғысып өлгендер жұ-

мақ қа барады. Ал Гренландияның Торнгарсукында кит пен ит ба лық ты 

көп ұстаған еңбекқорлар о дүниеде рақат өмірге жетеді. Тупинамба атты 

Бразилия тайпасында соғыста жеңіске жетіп, жауының етін көп жеген 

адамдар о дүниеде жақсы өмір сүреді. Ал елін қорғамағандар мəң гі лік 

азап өмір – Эиньянға жіберіледі. Мұндай мысалдарды басқа да көп те ген 

елдің көне жəдігерлерліктерінен кездестіруге болады.

Келе-келе  осы  мифтер  жақсы  адамдар  о  дүниеден  қайта  тіріліп 

жарыққа шығады, жер бетіндегі жаман адамдар өлілер мекеніне түседі 

дейтін оймен толыққан. Мұсылмандарда Ысрафил керней тартып, қия-

мет-қайым келгенін хабарлайды. Өлілер тіріліп, тірілер жер астына тү-

сіп, сұраққа алынады.

Финдердің «Калеваласында» Вяйнямейннен өлілер патшалығына тү -

се  ді. Онда тірлігінде жамандық жасағандар қып-қызыл шоқ тас тар дың 


127

үс тін де, жыландардың ортасына жатады («Жұмжұма сұлтандағы» сияқ-

ты). Мұнда «жақсы-жаман» ұғымы – ахлақтық категория.

Осы наным-сенімдер будда, христиан, мұсылман діндерінде тү йін де-

ліп,  тұтас  жүйеге  түскен.  Тек  оның  қай  сатыда  іске  асқандығы  мəлім 

емес. Мифтердің даму жүйесі зерттелмеген.

Рим мифтерінде Өлілер мекені – Аид патшалығында орталау топтан 

шыққан адамдар тұрады, оған таяу Зевстің ұлдары Минос пен Радаман-

та сұрақ-жауап алады. «Элизиум» – жұмақ, «Тартар» – тозақ, онда ыңыр-

сы ған күнəһарлардың даусы естіледі.

Арғы-бергі о дүниені көріп қайтқан адамдар туралы мифтер мен көр-

кем  шығармалардың  ойы  Дантенің  «Құдіретті  комедиясында»  көр кем 

тү йін дел ген. Италияда сол уақытта Азия мен Европаны жал ғас ты ра тын 

сауда жолы жүріп жатыпты. Данте туған Флоренция – мəдениет оша ғы 

болған. «Құдіретті комедия» мен «Жұмжұманың» бірі – Италияда, бірі – 

түрік əдебиетінде бір заман, бір ғасырда тууы көп ойларға же те лей ді. 

Түбі бір – араб, иран, түрік, грек, рим, үндістер, индиялықтардың ежел  гі 

мəдениетін бір арнада салыстыра, терең еңбектер келешекте жа  зы  лу  ға 

тиіс.  Əзірге  айтарымыз, «Құдіретті  комедияны»  Италия  Оя ну  шы  лы  ғы 

туғызса, «Жұмжұманы» түрік Оянушылығы туғызды.

Біз Хұсам Кəтиб шығармасы мен Дантені қатар оқи отырып, кейбір 

ұқсастықтарына назар аударуды жөн көрдік. (Бірі – М.Мақатаевтың көр-

кем аудармасы, екіншісі – жолма-жол аударма екенін ескертеміз).

«Жұмжұма»: 

Жəне көрдім бір қауым мен: тілі жоқ,

Һəм тағы бір қауым ел: аяқ-қолы жоқ.

Бастары тəндерінен айырылып,

Жəне хақ құдіретімен бас бітірер.

«Құдіретті комедияда»:

Барша тілдер жамырасып,

Жабайы наз, оттаулар, 

Ашу-үрей, жылау-сықтау, 

өтініштер, даттаулар

Ербеңдейді, қарманады –

Дене, басы жоқ қолдар. 

(3 жыр, 25)

«Жұмжұма»:

Тəндерінен жетпіс алуан

жара шығып,


128

Тыйылмас еді ешбір қан,

ірің ағып

Əрқайсысы солайынша

жалаңаш жүрер

* * *


Жылан мен шаян төрт 

бұрышында тұрсам да

Бірі шаншар инесімен, бірі тістер

«Құдіретті комедия»:

Тіршіліктің пендесін .....

келмейді олар қосуға

Қараң қалған қалың тобыр

тыр жалаңаш босуда.

Арқаларын қанға бояп, 

маса-сона жосуда

Беттерінен қан аралас

көздің жасы ағуда

Құжынаған жексұрын

құрт құлқындарын 

қағуда

Жалма-жан кеп жұтып жатыр,



қоректерін табуда

(«Тамұқ», Ш. 64.67)

 

«Жұмжұманың» ХХ ғасырдың басында жазылған «Кубас» нұсқасы 



да бар.

В.В. Радлов «Оңтүстік Сібір мен Жоңғар даласын мекендеген түрік 

тай па ла ры ның ауыз əдебиеті» атты еңбегінің алғы сөзінде (Баспаға əзір-

ле ген  Б.Уахатов,  С.Қасқабасов,  К.С.  Матыжановтар): «Үлкен  жиын-

дарда  айтылатын  осы  жырды  маған  бірнеше  рет  тыңдауға  тура  келді. 

Жыршы  сөзін  бар  ынтасымен  тыңдаған  жұртшылық  тірі  күнінде  дін 

шарттарын орындамаған мұсылманның өлгеннен кейінгі азабын си пат-

та ған  кезде  қорқынышты  үрей  пайда  болады.  Тыңдаушылардың  үн сіз 

тыныштығын  тек  қана  «О,  құдіретті  Тəңірім», «Қайырымы  көп  құ да-

йым» деген тəрізді лебіздер ғана бұзып отырды. Маған қазақтар арасын-

да исламды орнықтыруға бір «Жұмжұманың» əсері даланы кезіп жүр  ген 

жүз де ген молдадан артық тəрізді», – деп жазады. «Жұмжұма» дас та ны-

ның имандылыққа ұйытудағы рөлін В.В. Радловтан артық айту қиын.

«Түркістан», 1997, 19-25 ақпан


129



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет