Сəбит Мұқанов жəне қазақ əдебиеті:
Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары.
Алматы: Қазақ университеті, 2000. 73-79 бб.
ЕЖЕЛГІ ƏДЕБИЕТТЕГІ ҚЫПШАҚ ДЕРЕКТЕРІ
Х–ХІІ ғасырларда түркі өркениетінің қара шаңырағын құраған қып-
шақ тар туралы деректер одан да əрідегі аңыз-мифтерді жинақтаған жаз-
ба ескерткіштерде кездеседі. «Қорқыт ата кітабы» мен «Оғыз қаған жы-
рында» қыпшақтың киесі – ағаш десек, сенер ме едіңіз?
«Қорқыт ата кітабындағы» «Қазан Саларбектің ауылын жау шап қа-
ны» деген əңгімеде: Кем-кетіктің панасы, қара халықтың жолбарысы
Қа зан бек аң аулауға кеткенде, Шөклі патша жеті мың əскермен келіп тал-
қан дап, ордада қырық жігітімен қалған Оразбекті байлап əкетеді. Оның
етінен кəуап пісірмекші болады, себебі анасы – Бөрілі сұлудың қы рық
қыздың ішіндегі қайсысы екенін анықтауы керек. Баланың етінен пісір-
ген кəуапты қайсысы жемесе, сол Оразбектің анасы демекші. Осы кезде
Оразбек ағашқа қарап сөйлей бастайды:
«Атың ағаш десем, шамданба, Ағаш! Мекке мен Мəдиненің есігі
бол ған, Ағаш! Ерлердің ері Əлидің дүлдүліне ер болған, Ағаш! Зұл пы-
қар ға сап болған, Ағаш! Хасан мен Хұсейнге бесік болған, Ағаш! Ерге
де, əйелге де қатер болған Ағаш! Мені соған асар болса, құлап түс,
Ағаш!» – дейді.
«Қорқыт ата» сюжеттерінің қазақ əдебиетінің бастау-бұлақтарында
тұр ған ды ғы ның бір көрінісі – дəл осы сөздер ХІХ–ХХ ғасыр басында
өмір сүрген Қашаған Күржіманұлының бір өлеңінде айтылады:
Қашаған ақын Каспийдің маңында қонатын үй іздеп, Есқали со пы-
ның үйіне тап келеді. Сопы сараң кісі екен, қонақты жақтырмай, те ріс
қарап, намаз оқып отырады. Ақынның алдында көлденең жатқан дом-
быраны сопының немересі саусағымен дың еткізеді. Сопыға да керегі
сол екен, бұрыла сап: «Бейқасиет көргенсіз, бұл үй домбыра тартып,
өлең айтуға тігілген жын-шайтанның үйі ме еді? Шайтанның қу аға шы
бұл үйге қайдан келді?» – деп жекиді. Сонда Қашаған домбырасын алып
жіберіп былай депті:
Пайғамбарлар туғанда,
Бесік болған бұл ағаш.
Ибраһим қағба салғанда,
Есік болған бұл ағаш.
...
149
Жəбірейіл жаннаттан,
Алып келген төрт қылыш.
...
Қынабына солардың,
Қап та болған бұл ағаш.
Аруақты ерлерге,
Жақ та болған бұл ағаш...
Тағы да сол «Қорқыт ата кітабында» Төбекөзді өлтіруге келген Бисат
батыр өзін таныстырғанда: «Анамды сұрасаң – қатты ағаш», – дейді.
Одан Бисаттың анасы Қыпшақ қызы деп түсінуге болады.
«Оғыз қаған жырында» Еділ өзенінен əрі өтіп, Үрім қағанмен со ғыс-
қан Оғыз батыр оларды жеңіп, мол олжаға батады. Еділдің суынан кері
қа рай дүние-мүлкін алып өте алмай, Ұлық Орда деген жігіт ағаштан сал
жасайды. Ұлық Ордаға сүйсінген Оғыз қаған: «Сен осы жерге Бек бол.
Қып шақ бол!» – дейді. Сөйтіп, ағаштан сал жасаған жігітті Қыпшақ
атандырып, оған Каспийдің шығыс жағын мекен етуге береді.
Оғыз қағанның көзі көктен де көгірек, шашы теңіз толқынындай, тісі
інжудей, көргендер: «Ай, аһ, өлерміз!» деп, сүттен қымызға айналып
кететін сұлу əйелі ағаштың қуысынан табылған болатын. Оның көк тен
де көгірек болуы тəңір дінінің нышаңдары еді. Ал Əбілғазы шежіресін-
де: Оғыз қағанның əскеріндегі бір жігіт соғыста қаза тауып, əйелі жүк ті
екен, толғақ қысқан соң бір ағаштың қуысына кіреді. Ағаш қуы сын да
туған балаға Қыпшақ деп ат қойып, Қарахан бауырына салып алады.
Оғыздың кіші əйелі де қыпшақ қызы болса керек. Бұл мысалдардан
қыпшақты ағашпен байланыстыратынын көруге болады.
Ежелгі нанымда адам – Аспан əке мен Жер ананың баласы.
Аспан мен жер, ай мен күн,
Қараңғы-жарық, күн мен түн
Əуелден жолдас – некелі, –
дейді маңғыстаулық ақын Түмен Балтабасұлы (1884–1957). Ежелгі шы-
ғыс та адамның жаралуы – ағаш, тууы – от, өсуі – топырақ, қартаюы – те-
мір, өшуі – су деп аталған екен (А.Мұңғыл-Алтай). Өмірдің бес тіре-
гі осылар екен. Сонымен бірге алты нəрседен қуат алады: жел, ыстық,
суық, дымқыл, құрғақ, ғарыш толқыны. Ағаш судан нəрленіп өседі.
Адам ның өсіп-өнуі де ағаш сияқты. Осыдан барып ағашты кие санау
пайда болса керек.
1341–42 жылдары Алтын Орда кезінде жазылған Құтбтың «Хұсрау
уа Шырын» дастанының көшірушісі Берке Факих – қыпшақ ақыны бол-
ған. Осы дастанның соңындағы оның өз өлеңдерін ескере отырып, аты
150
мə лім қаламгер ретінде əдебиетте қарастырған жөн. Өкінішке қа рай,
бұл есім бұрын белгісіз болып келді.
Берке Факих «Хұсрау-Шырын» дастанын көшіріп болған соң, өз аты-
нан өлең қосып жазған. Осы өлеңнен Берке Факих жайында мына дерек-
терді білуге болады: Ол Алтынбұғы деген байдың қызметінде болып,
Алтын Ордадан Мысырға, Ескендірия шаһарына барған. Қызметінің
ауыр екенін айтады, Алтынбұғыны мадақтайды. Өлеңнен Берке Фа ких-
тің тек көшіруші емес, өз жанынан өлең шығарушы, білімпаз кісі екенін
аң ға ру ға болады. Факих – дін-шариғатты жетік білушіге ғана берілетін
атақ. Дастанның туындыгері Құтб та үлкен əулие болғандығын аты аң-
ғар та ды. Ескі сенімде ең төменгі 300 əулие – ахийарлар болса, одан жо ға-
ры – шілтендер (ғайып ерен қырық шілтен), одан соң – абрар, аутад, ну-
каб. Ал Алланың назарында болған, əлемге сəуле шашқан əулие – Құтб
(Н.Нұртазина).
Берке Факих – Құтб ақынмен замандас, ХІV ғасырдың екінші жар-
тысында өмір сүрген кісі. Төмендегі өлеңнен үзінді Варшавада 1958–61
жылдары А.Зайончковский жариялаған «Хұсрау уа Шырын» дастаны-
нан алынды:
Иары берді ұған түкəттім бітіб,
Иедімке бұрұнрақ түкел айтыб.
Иедім тауфық бердің тамам қылдым өш,
Иəдігер менден саңа қойдым өш.
Мұхаммед Расулға түмен мың сəлем,
Тегүргіл рухыңға меніндін əлем.
Тағу елшінге салам дұрұд,
Кесіксіз ұлату болсын бұрұд.
...
Атағым ма Берке Факих деп анчақ,
Өзім-мұғмұн, уа мүслім, уа асылым – қыпшақ.
Менім бірле келген табып дүниалық,
Меңа берді йазмақ, оқымақ, білік.
Мұның бірле мəшһүр Мысырда өзім,
Факих деп аүрлар, ай, екі көзім.
Алтынбұғы атлығ бір бек қатында,
Тұрұрмын мулəзім өш қыдметінде.
Бұл өлең жолдарының мағынасы былай:
Жар барді жаратушым түгестім жазып,
Иеме бұрынырақ түгел айтып.
Ием көмек берді, содан тамам қылды,
151
Менен саған жəдігерлік қойдым.
Мұхаммед Расулға мың-мың салем,
Рухына жеткіз менен бір сыйлық.
Тағы төрт досына сəлем жеткіз,
Сəлемім үзіліссіз ұласа берсін!
...
Берке Факих деген атақ алдым,
Өзім – мұсылман, асылым – қыпшақ.
Мені ертіп алып келген кісі –
Маған жазып, оқу-білімін берді.
Сонымен Мысырға мəшһүр болдым,
Факих деген атақ берді, қуаныштымын.
Алтынбұғы атты бір бектің қасындамын,
Оның əрдайым қызметіндемін.
Əдебиетіміздегі қыпшақ субстраты – əлі де зерттей түсуді қажет ете-
тін мəселе.
Қолжазбадан
Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың күй аңыздары»
(құрылымы жəне жанрлық ерекшеліктері) атты
докторлық диссертациясының авторефератына
ПІКІР
Тамыры тереңде жатқан, біздің жыл санауымыздың арғы жа ғын да ғы
мифтермен жалғасатын қазақ мəдениеті тарихының елеулі бір тар ма ғы –
күй аңыздары. Хатқа түскен, таспаға жазылып алынған мыңдаған күй-
лер дің атын білгенмен, оның шығу төркінін, жай-жапсарын баяндайтын
аңыз дар ды фольклорлық мұра ретінде арнайы зерттеудің қажеттілігін,
оны жеке жанр ретінде қарастырудың қаншалықты маңызды дүние екен-
дігін А.Сейдімбектің жарияланып жүрген көлемді еңбектері, док тор лық
дис сер та ция сы ның авторефераты айғақтайды. Бұл жұмыста əде бие ті міз
үшін аса маңызды мəселелер көтеріліп, жан-жақты талқылаған, ғы лы ми
мəні зор тұжырымдар мен қорытындылар жасалынған. Мəселен:
1. Күй аңыздарының құрылымы мен жанры айқындалып, са ра лан-
ған. Бұрын жалпылама айтылып келген пікірлер түйінделіп, да мы тыл-
ған, ғылыми жүйеге түскен. Күй аңыздары қазақ халқының эт ни ка лық
мəдениетімен сабақтас рухани құбылыс ретінде қарастырылған.
2. Күй аңыздарының тарихи деректілігі дəлелденіп отырған. Ол үшін
Махмұд Қашқари, Марко Поло, Рубрук, Сыма Цянь т.б. көне жазба де-
рек көз де рі тиімді пайдаланылған. Бұл ретте Сыма Цянь, Гередот жаз-
ба ла рын да ғы қазақ тарихына қатысты дүниелерді таныту мақсатында
152
А.Сей дім бек тің үлкен еңбек жасап келе жатқан ғалым екенін айта кету
ар тық емес.
3. Диссертацияда күй аңыздарының ежелгі тарих аясында қа рас ты ры-
луы, тарих кезеңдері бойынша жүйеленуі, тіпті б.д.д. замандардан бас-
тап таратылуы əдебиеттануда бұрын жасалмай, қолға алынбай келген
қиын шаруаның жүзеге асуы деп білеміз. Бұл – жұмыстың мəні мен сал-
ма ғын ерекшелей түсетін, халықтану дейтін зор мақсатқа қызмет ете тін
еңбек.
4. Сондай-ақ күй аңыздарының құрылымдық-тақырыптық қа сиет тер
бойынша: тарихи оқиғаларға арналған күй аңыздары, күйші-компози-
торлар өміріне қатысты күй аңыздар, тұрмыс-салтқа байланысты, арнау
т.б. деп бөлініп, жүйеленген.
5. Күй мен күй аңыздарының арақатынасын саралау, күй аспаптары-
на арналған аңыздарды жинақтай талдау т.б. мəселелер – əде бие ті міз
үшін тың дүниелер.
6. Жұмыста біраз жаңа терминдердің бар екені байқалады, кө ңіл ге
қонымды осы терминдер əдеби айналымға еркін түсіп, кірігіп кетеді
деген үміт əкеледі. Мысалы, «жағдаят», «көшпелі мотив», «тармақты
күйлер» т.б.
Қорыта келгенде, А.Сейдімбектің авторефераты «Қазақтың күй аңыз-
да ры» атты докторлық диссертациясының əдебиеттануға қосылған үл-
кен үлес, тың жаңалық екендігін танытады. Авторы – рес пуб ли ка мыз ға
танымал зерттеуші ғалым, көптеген мақала-кітаптардың туындыгері ре-
тінде мəлім. Филология ғылымының докторы ғылыми дəрежесін алу ға
əбден лайық деп білеміз.
17.XII.97
«БАҺРАМ»
«Баһрам» – қазақ арасына кең тараған «Шаһнама» сюжеттерінің
бірі. 1908 ж. Қазандағы Университет баспаханасынан, 1912 ж. Домбров-
ский баспаханасынан, 1995 ж. Алматыда басылып шыққан.
«Баһрам» – ғашықтық дастан. Кіріспесінде дүниеде жеті ғашық бар
екенін айта келіп, «Жетінші ғашық болған – Ер Баһрам» дейді. Оқи ға-
сы: Пері қызы Гүлəндам сары далада алтын киік болып мұнарланып,
көр ген кісіні есінен адастырады. Оның соңынан қуған Баһрам суретін
кө ріп ғашық болады. Диюмен соғысып, теңізбен жетіп, керуенге ілесіп,
қиын шы лық тар ды жеңіп, қосылады.
Бұл дастанда «Шаһнамадағы» үш кейіпкер: Баһрам, Үрім қызы,
Киікті алады да, оны шығыста кең тараған ғашықтық қисса-дас тан дар-
дың құрылым-жүйесіне салып, тыңнан жалғастырып əкетеді. Оқи ға ның
түп-төркіні «Шаһнамадан» алынғанымен, «Мың бір түндегі» «Сей фүл-
мə лік» сюжетіне көбірек ұқсайды.
153
Баһрам бейнесі Фирдоуси, Низами, Дехлеви, Науаи, Сайхали дастан-
дарында кездеседі. Науаидың «Фархад-Шырынында» Баһрам – не гіз гі
қаһарман Фархадтың досы. Фархадтың өлімін есітіп, Арменияға ке ліп,
Шируаны жеңіп, патша тағын Мехин Бануға береді де, өзі дүниеден баз
кешіп, диуана болып кетеді. Сондай-ақ Науаидың «Жеті аруында» да
«Шаһнаманың» «Баһрам» сюжеті алынған. Ондағы қыздың аты – Ди-
лорам.
«Шаһнаманың» «Баһрам» жырында Баһрам патша Үрім қызы Азадені
өзімен бірге аңға алып шығады. Қашып бара жатқан киікті көз деп тұ рып
қыздан: «О, айым, қай жерінен тигізейін?» – деп сұрайды. Азаде: «О,
арыстаным, киікке оғын қай жігіт тигізбейді дейсің, ол аса бір мақ та ныш
болмас. Сен, əуелі, киіктің еркегін ұрғашы қылып бер, тағы бір жебеңді
жай оғындай зымыратып жібер, құлағының түбінен зу ете түс кен де ая-
ғы мен құлағын қаси қалар. Сол кезде екінші оқпен құ ла ғы на ая ғын тіге
қой», – дейді. Тіксініп қалған Баһрам сыр бермей, екі жебені қа тар лай са-
лып, тартып жібергенде, əп сəтте киіктің екі мүйізін жоқ қы ла ды. Қал ған
шарттарын да орындап болған соң, Баһрам қызды жерге ұшы рып тү сі ріп,
түйенің табанымен таптатып: «Ақылсыз қыз, осыншама қа тер ге сал дың,
егер оғым тимей кетсе, бүкіл үрім-бұтағыма таң ба болар еді», – деген.
Ал Науаида Баһрам намысына тиген қыздың қо лын өз ша шы мен бай лап,
ай да ла ға тастап кетеді, кейін ашуы қайтып, іздеп табады.
Баһрам бейнесіне Иранның сасан ұрпақтарынан патша болған Ва рах-
ран ның (421–438 жж.) тұлғасы алынса керек.
Əдебиеттер: Батырлық жырлар. А., «Ғылым», 1995 (Құрастырған
Ү.Сұб хан бер ди на); Азибаева Б. Казахские романтические дастаны. А.,
«Ғы лым», 1990; Қыраубайқызы А. Шығыстық қисса-дастандар. А., «Ра-
уан», 1997.
ГИЛГАМЕШ
Гилгамеш – б.з.д. мыңыншы жылдардағы шумер өркениетінің миф-
тік-эпикалық қаһарманы. «Гилгамеш» жырларының негізгі сарындары
қа зақ əдебиеті мен фольклорларының да ең көне архетиптерінен табы-
лады.
Шумер мəдениеті – адамзат өркениетінің алғашқыларының бірі. Б.з.д.
3 мыңыншы жылдықтарда сына жазуы болған. Қазақ зерттеушілері ара-
сында шумерлер (семрелер) Месопотамияға Кіндік Азиядан барды де-
ген болжамдар да бар. Оған түркі тілдерінің шумер тілімен көне мə де ни
туыстығын көрсететін дəлелдер келтіріледі (О.Сүлейменов. Ақын мен
Əріп). Тау бейнесінің «т» əрпімен белгіленуі, 60 шақты сөздердің тү бір-
лік ұқсастығы осы ойларға себеп болады. Белгілі ғалымдардың айтуын-
ша, Гил га меш тің шумерлік түпкі аты – Білге-мес, яғни Білге.
154
Гилгамеш – тарихи тұлға, б.з.д. XXVII–XXVI ғасырлардағы Үрұқ
қа ла сы ның билеушісі. Эпикалық мəтіндерде күн құдайы – Оттың (Ут)
ұр па ғы, адамды жыннан қорғаушы, о дүниедегі «жарылқаушы», алғаш
қала салған кісі.
Гилгамеш жайында 5 шумер жыры сақталған. Онда: 1) Гил га меш тің
Аға сы мен соғысы; 2) Таудағы Хумбаба тажалмен соғысы; 3) Көк Өгіз-
бен со ғы сы; 4) Гилгамеш, оның досы Энкиду жəне жер астындағы жы-
лан пат ша лы ғы; 5) Өлімі туралы жазылған. Соңғы бөлімінде Гилгамеш
Ер Төс тік сынды жер астына түсіп, оны билеуші əйел Ерешкигалға сый
тартады.
Гилгамеш бейнесі шумерлер мəдениетінің жалғастырушысы ак кақ-
тардың 12 жырдан тұратын «Бəрін бастан кешкен кісі туралы» эпо-
сында кеңірек ашылады. Эпостың үш нұсқасының соңғы б.з.д. VII–VI
ғасырларда жазылған мəтінінің «Гилгамеш, оның досы Энкиду жəне жер
асты патшалығы» деген бөлімінде Гилгамештің Іштар атты құдай əйел-
дің ынтықтығын қабылдамай, бөтен елдің ханшасы Ішхарға үйленуін,
Энкиду досын өлімнен құтқару үшін От-напишти деген кісі арқылы
«мəң гі жастық» гүлін іздеп тапқаны, бірақ гүлді жылан ұрлап кетіп, сол
мезетте терісін сыпырып тастап, жасарғаны айтылады. Жыр Гилга меш-
тің Үрұқ қаласына қайта оралып, қаланы қоршай салған қамалға сүй сі не
қарап тұрғанымен аяқталады. Бұл оқиғаның негізгі сарыны – «Қор қыт
атадағы» сияқты, «адамның өзі өлгенмен, артындағы жақсы ісі өл мей-
ді» демек. Қорқыт мифтерінің түп-төркіні Гилгамешпен сабақтас екені
осыдан аңғарылса керек. Қорқыттың өзі VIII ғасырда өмір сүргенімен,
XV ғасырға дейін мифтенген қаһарманға айналғанын көрсетеді.
Қазақ ертегілері мен қисса-дастандарын жиі кездесетін «мұнара ба-
сын да ғы қыздың белгісіз біреуден (кейде қасқырдан) жүкті болуы»,
«тастанды баланы бағбанның асырап алуы», «тастанды баланың патша
та ғы на ие болуы» желілерінің түп-төркіні де Гилгамеш аңыз-мифтеріне
жатады. Аңыздың б.з.д. 2 мыңыншы жылдықтарда Палестина, Кіші Азия-
да тараған қолжазбаларының бірінде Үрұқ патшасы Зеухоросқа (шумер
нұс қа сын да Эухорос) өз жиені тағын тартып алатындығы жөнінде аян
бе рі ле ді. Патша қызын биік мұнара басында қамап ұстайды, бірақ ол
бел гі сіз біреуден жүкті болып, ұл табады. Патша əмірімен мұнарадан
лақ ты рыл ған баланы бір бүркіт тұмсығымен іліп алып, баққа апарып
тастайды. Бағбан асырап өсірген бала (Гилгамеш-Білге), ақыры, нағашы
ата сы ның тағына ие болады.
Археологиялық қазбадан мəлім болғандай, Гилгамеш пен Энкидудің
б.з.д. VIII ғасырда жасалған мүсіндері Ассирия патшасы II Саргонның
сарайына кіре берісте қойылған. Гилгамеш жырының сюжеттері ежелгі
түркілер арасында ертеден белгілі болған.
Энциклопедияға дайындалған материалдар
ІІІ БӨЛІМ
ҰЛЫҚТАП
ӨТКЕН
ҰСТАЗДЫ...
156
БЕЙСЕКЕҢ ТУРАЛЫ СӨЗ
ХІІІ–ХІV ғасыр ескерткіштері – түпкі бастаулары тереңде жатқан
қа зақ əдебиетіндегі ежелгі дəуірлердің бір арналы бұлағы. Оны алғаш
профессор Бейсембай Кенжебаев «Алтын орда дəуіріндегі түркі əде бие-
ті» деп атап, бұл бір дəуір əдебиетінің түбегейлі зерттелуі керек екен-
дігін қа зақ əдебиеттану ғылымының алдына проблема етіп қойып бер-
ген еді.
Б.Кенжебаевтың туғанына 90 жыл //
«Қазақ əдебиеті». 1994, 11 қараша
«ДУЛЫҒА» – ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІК ШЕЖІРЕСІ
(Жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбаев туындысы)
Бодандықтың кезінде қазақ тарихындағы əрбір тұлға үшін, əрбір ға-
сыр үшін күрес жүрді. Əрісін айтпағанда, Сұлтанмахмұтты, Абайды
тарихта қалдыру жолында мылтықсыз майдан жүргені аян. 50-жыл дар-
да ғы кеңестік идеологиядағы сəл ғана тоң жібуін пайдалана қалып, қа-
зақ қамын жеген азаматтар дереу тарих қойнауындағы тағылымды сыр
сан дық тар ды жарыққа шығаруға талап қыла бастады. Еріксіз кеңес за-
манын аңсаған қалып көрсетуге тырысты, тəуелсіздік үшін күресті төң-
ке ріс идеясына жұғыстырды, əйтеуір, ел санасын оятуға қызмет етті.
Елі міз ді рухани жағынан бүгінгі тəуелсіздігімізге дайындап əкелуде
өл шеу сіз үлес қосты. Əсіресе əдебиеттің көне дəуірін тірілтудегі Бей-
сембай Кенжебаевтың, Əлкей Марғұланның, Əуелбек Қоңыратбаевтың
ең бек те рі тарих көрігі болды. Осы адамдардың ішкі жан дүниесінің қо-
па ры лы сы нан тарих вулканы оянды.
Осындай ояну əдебиетімізге бүгін де керек, бірақ ол бұрынғыдан да
гөрі сапалы ояну болса.
Осы ретте жазушы, əдебиетші ғалым Тұрсын Жұртбаевтың «Ду лы ға-
сы» тарих пен əдебиет арналарының тоғысқан тұсынан шыққан сал мақ-
ты дүние дер едік. «Дулығаның» екі кітабында айтылған дүниелер та-
лай-талай ғылыми жұмыстарға жүк болуға лайық. Осыншалық тарихты
қо па ру, оның ұңғыл-шұңғылын қарап, тер төгу тек өз елін шексіз сүй ген
адам ның ғана қолынан келер іс болса керек. Кітаптың əр жолы жа зу шы-
ның өз ойымен қайнап піскен, толып жатқан тарихи фактілер өз салыс-
тыруынан өткен, өзіндік ойымен салмақтанған. Мұндағы туын ды гер дің
«мені» өте айқын да сенімді.
Кітап атының «Дулыға» деп қойылуы да орынды. «Дулыға» – «тү-
рік» сөзінің баламасы, ерлік, мықтылық ұғымын береді. Кітапты ашып
қараған адамның рухын көтеретін сөз. Туындыгер одан əрі қарай тү рік
батырлары туралы тарихи əпсаналарды тірілте отырып, оны та рих тың
157
сан тарамдарымен, көптеген құжаттар, шежіре, ғылыми-зерттеулермен
салыстырады. Бұл тұста – тарихтың шым-шытырық іздерін əсерлі жет-
кізу үшін жазушының машықты қаламы таптырмайтын құрал. Тарих
оқи ға ла рын əсерлі баяндап, жүрекке жеткізе толғау, талдай отырып бү-
тін деу – əдебиетімізде Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарынынан» бастау
алып, «Қазақ тарихының əліппесіне» (1994) айналған кітаптарынан аса
сəт ті көрініп еді. Бұл өзі – бір кездегі Радищевтің тарихи жазбалары,
Абай дың, Шəкəрімнің ұлт тарихын пайымдау жолындағы шежірелері,
Олжас Сүлейменовтің «Ақын мен Əлібі» сияқты, бүгінгі таң да ғы бір
соны сүрлеу. «Дулыға» жазушы Т.Жұртбаев пен зерттеуші Т.Жұрт баев-
тың бірігіп жасаған азаматтық үлкен еңбегі деп қабылдадық. «Осы ең бе-
гім арқылы Гердер мен Миллерге, Рыбаковқа тағы сол сияқты ғы лым да-
ғы «Кузьминнің балалары» – «кесірлі ғұламаларға» жауап бергім келе-
ді», – дейді. Батылдық білімдіге жарасқан.
Кітаптың I томы скиф-ишкуз жəне хұн дəуіріндегі түрік батырлары
туралы болса, екіншісі түрік жəне оғыз-қыпшақ дəуіріндегі тарихи аңыз-
дар ға əкеледі. Бұлардың барлығы да – əдебиетімізде дəл осылай жү йе ге
түс пе ген, терең талданбаған мəселелер.
Шындығында, түріктер туралы біздің жыл қайыруымызға дейінгі VI
ға сыр да жазылған Авеста кітабында (Онда «Тұр» елі, «Тұран» – «Тұр
елі» деген сөз), Фирдоусидің «Шаһнамасында», Қытай жылнамаларын-
да жазылып қалған. Тіпті б.з.д. скифтерді көзімен көрген жалғыз тарих-
шы Геродоттың «Тарихында» айтылатын искиттер, парсылардың – сақ,
масагеті (ма-сақ) – бəрі-бəрі қазақ, түрік тарихының іздері еді. «Геро-
дотты толықтырудың қажеті жоқ, түсініп оқысақ болғаны» дегендей, Ге-
ро дот та ғы тайқазан асып, арбаның үстіне киіз үй тігіп, көшіп жүрген
ата ла ры мыз дың қазақ болып өз алдына дербес мемлекетке бөлінгенге де-
йін гі тарихында əлі анықтала түсетін жайлар баршылық. Сократ айт қан
ғой: «Менің білетінім – түк білмейтінім», – деп. Осы ретте Т. Жұрт баев
скифтер туралы мынадай қорытындыға келеді: «Скифтер де, сақ тар да,
хұндар да – шығыстан батысқа қарай жыл қайыруымыздан бұ рын ғы II
мыңыншы жылдары қоныс аударған түрік тайпалары, белгілі дə ре же де
біз дің бойымызда солардың қаны бар деген тұжырымды ұс та на мын», –
дейді. Сондай-ақ М.А. Артамоновтың «Хазарлар тарихы», А.К. Ге ре нож-
кин нің еңбектерін талдай отырып, кемерліктер тарихымен жал ғас ты ра-
ды. Мидиялықтар, Римге дейін барған хұндар туралы да көңілге қо ным -
ды пікірлер айтады.
Тарихтың қойнауын ашқан сайын түрлі-түрлі оқиғалардың бір-бі рі-
мен байланысын табу қиындығы тұрары сөзсіз. Əдебиетте Əлкей Мар-
ғұ лан, Əуелбек Қоңыратбаев еңбектерінде аттары жазылған көп те ген
есімдерді тарихи тұлға ретінде «Дулыға» кітабынан тереңірек танимыз.
Бұл салада туындыгер көп ізденіп, еңбектенген. Мысалы, Иш па қай,
158
Мəди, Анақарыс, Идамбарыс, Сыпатай, сатир т.б. туралы оқушы көп
мағ лұ мат алады.
«Дулығада» ежелгі түрік көсемі Афрасияб туралы қызықты пікірлер
айтылады. Өйткені түрік (түркі) тарихында Афрасиябтың дəл қай ға сыр-
да өмір сүргені анықталған жоқ. Түркия əдебиетінің тарихында біз дің
жыл санауымызға дейінгі VII ғасырдан біздің заманымыздың бас ке зі не
дейінгі аралықта өмір сүрген түрік көсемі деп белгіленген. Оның себебі
Геродотқа сүйенсе керек. XIII ғасырда өмір сүрген, тү рік тер ден шық қан
алғашқы зерттеуші ғалым Махмұд Қашқари мəліметі бойынша, Фир-
доуси «Шаһнамасында» айтылатын Тоңа Алып Ер – Аф ра сияб тың өзі.
Афрасиябтың ұлының аты – Барысхан, қызы – Қаз. Қаздың екі ша һа ры:
Қаз ойын, Қаз суы – Іленің бойы, Қазақстан жеріндегі қалалар.
Махмұд Қашқари Афрасиябтың өмір сүрген уақытын анық көр сет-
пей ді, «Шаһнама» оқиғаларына сүйеніп: «Таһмұрастан үш жүз жыл ке-
йін Мару (Мерв) шаһарын салдырған. Кейбіреулер бүкіл Мəуреннаһрды
Тү рік елі деп те есептейді. Ол Янкенттен басталады... Қазір бүкіл Түрік
елі нің шекарасы Абискүн (Каспий) теңізінен айналып, Рүм елі мен Өз-
кент тен – Шынға дейін созылады», – дейді («Түбі бір түрік тілі». А.,
1993, 17-б.).
Афрасияб жөнінде Фирдоусиден де бұрын IX ғасырда өмір сүрген
Табари: «Фрасияб Фашандж ұлы, оның əкесі – Рүстем, оның əкесі – Тү-
рік», – деп көрсетеді. Хұсейн ибн Халиф Табризи деген кісі «Түркістан
патшасы» деген.
«Шаһнамада» Оғыз қағанның əкесі Қарахан – Афрасиябтың төр тін-
ші ұлы. Егер Оғыз қағанды IX ғасырдағы Оғыз бірлестігінің көсемі
десек, Афрасияб заманына сəйкес келмес еді, ал Мөде дəуіріне апар-
сақ, Афрасияб пен Оғыз дəуірінің жақын келетінін Қ.Өмірəлиев те жаз-
ған еді. Қазіргі ғылымның дамуына сəйкес, бұл пікір де көңілге қона
қоймайтыны анықталып келеді.
Қазақ мифтерінің терең қайнарларының бірі болған Авеста кі та бын-
да Афрасияб – Франграсйан болып берілген. «Шаһнамадағы» Аф ра сияб-
тың бауыры – Агрерас, Авестада – Агрегат. Яғни Афрасияб Авеста шық-
қан заманның өзінде мифке айналып үлгірген бейне. Ендеше, оның өмір
сүр ген дəуірі Авеста туған, тіпті зороастризм діні пайда болған (біз дің
за ма ны мыз ға дейінгі XV ғасыр) уақыттан да тым əрі болуы керек. XIII
ғасырда жазылған «Заратушт нама» атты кітапта (аударған Х.Розен берг)
Заратуштра дін жолымен өз Отанынан Иранға барады. «Өз Отаны –
Ираннан солтүстік батыста. Əуелі Иранның солтүстік шы ғы сын да ғы
өзен нен, одан соң Даитья өзенінен өтеді. Даитья – қазіргі Əму да рия мен
Сыр да рия ның бойы.
Тағы бір ретте Авеста мифтерінің оңтүстік Месопатамиядағы шу-
мер мəдениетімен (б.з.д. үш мың жылдықтар) байланысын еске ал сақ,
159
оның айғақты белгісі – Авестаның өзінен бұрын туған шумер жыры
«Гильгамашпен» түптес-тамырлас екенін Афрасияб мифтерінен де кө-
ру ге болады. Афрасияб мифтерінде ол өліммен күреседі. Гильгамеш те
өзі нің жақын досы Энкидуден айырылғаннан кейін өлмеудің жолын із-
дей тін. Қазақ пен жалпы түрік жұртына ортақ Қорқыт ата өлмеудің жо-
лын өнерден, артына өлмейтін іс қалдырудан тапты. Абай оны өлең мен
тү йін де ді. «Гильгамеште» өлмеудің жолы – өмірде бір нақты іс қал ды-
ру» деп түсіндірді. Афрасияб болса, өлім қаупі жақындаған кезде, кісі
бойынан неше есе артық болат қорған орнатып, есік-тесігін қалдырмай
бе кі те ді. Алтын, күміс, інжуден ай, күн, жұлдыз орнатады, ішінде сырт-
қа шықпай, қамсыз өмір сүреді. Бірақ ажал алмай қоймайды. Бір күні ба-
ғын да серуендеп жүргенде, ағаш тасасында тағылған суық өңді біреуді
кө ре ді. Ол Əзірейіл болатын.
Афрасияб мифінің бұл тұстары Афрасиябтың соғыс кезінде жауынан
ығыса келіп, үңгірге тығылуын бейнелеуі де мүмкін. (Х.Короглы). Қа-
лай болғанда да Афрасияб Авестадан да ерте заманда болған болса, ол
туралы сақ-скифтер білсе, оған Қашқари жазып кеткендей, түрік жұр ты
жоқ тау шығарса, өзі Тұран көсемі болса, Афрасиябтың жиынтық бейне
еке нін көрсетпей ме?
Бұл жөнінде Тұрсын Жұртбаевтың: «Тұрдың немересі Афрасиябтың
тұсында Иранның жеті мұрагері тақтан ауысқан. Сонда Афрасияб қанша
ғасыр жасаған!» – дей келіп: «Афрасияб – Алып Ер Тұңға – жалпы түркі
жұр ты ның хандарының жиынтық тұлғасы», – деген пікіріне толығымен
қо сы ла мыз. Сол сияқты Оғыз қаған да жиынтық бейне деген ойын ғы-
лым өз дəлелімен толықтыра берер.
Сондай-ақ кітапта қазақ тарихына қай тұрғыдан қатысты екені нақ ты
анықталмай келген Тарғытай, Тұмар, Ширақ, Зарина оқиғалары дə лел ді
пайымдаулармен ел тарихына сыналай кіріккен. Мөде, Көкбөрі, Елжау
бейнелері, басқа да əдебиетіміздің қалтарыс тұстары осы кітап ар қы лы
айқындалып шыға келген. Бұрынғы ғылыми қолданыста көріне бермей-
тін Сыма-Цянь мен Бань-Гудың «Жылнама», «Ханнама» еңбектері тар-
тыл ған. Көне тарихшылардың еңбектеріне сүйене отырып, скиф-сақ тар-
дың қазақ тарихына қаншалықты қатысы бар екенін тереңнен тартып
талдайды.
Қорыта айтарымыз, «Дулыға» – көне түрік батырлары туралы ежелгі
саналарды тірілтіп, қазақтың ежелгі тарихына жазушы көзімен барлау
жасауға, оны жазушының əсерлі тілімен оқушыға жеткізуге арналған кі-
тап. Туындыгер өз ойын ешкімнің зердесіне таңып бермейді. Абай айт-
қан дай, «Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, не оқысын,
керегі жоқ десе, өз сөзі – өзінікі». Бірақ кеудесінде сəулесі бар əрбір
адам ның рақаттана, тебірене оқитын, өз халқы үшін мақтаныш сезімін
оятатын кітап екені даусыз. Халқының рухын көтере алудан артық мін-
160
дет бола ма? Осы міндетті жазушы Тұрсын Жұртбаев абыройымен алып
шық қан.
Достарыңызбен бөлісу: |