Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет49/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

Р.S.  Иə,  мен  құрсақта  жатқандағы  анамның  сол  кездегі  сезім-күйін 

осылай əңгімеме арқау еттім. Бəріміз үшін де аса ардақты ұстаз, көреген-

данышпан Алма Қыраубаеваның рухына арнадым.

Елена ƏБДІХАЛЫҚОВА

ҚАЗІР ТАЛҒАМ ҚАТТЫ ТӨМЕНДЕП КЕТТІ

(Сұхбаттан үзінді)



– Марқұм əдебиетші, ғалым Алма Қыраубаева апаймен кезінде 

таныс-біліс болған шығарсыз, əдебиеттің айналасына келген қыз-

дар дың  қай-қайсысы  да  ол  кісінің  назарынан  тыс  қалмаушы  еді. 

Сіз дің айтыстағы аяқ алысыңыз бен əндеріңіз туралы пікірі жоғары 

болатын. 

– Əрине. Алма апай шын мəніндегі ғалым, шын мəніндегі ұстаз еді. 

Мен Əл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-да сырттай ізденуші болдым. Ара-

сында өзім жақсы көретін əдебиетшілердің лекцияларына қатысып тұ ра-

тын едім. Алма апайдың əкесі Мүтəліп Қыраубаев – Сыр бойында айту-

лы жырау болған кісі. Алма апай да əнді өте керемет айтатын. Адамгер-

шілігі мол кісі еді. Ерте кетті. Ғылымда қыздар көп емес қой. Апайды 

ке зін де З.Қабдолов ағамыз да «Алма қарағым» не «қарындасым» демей, 

жасы кіші болса да, «Алма апай» дейтін. Университеттегі Ханғали Сү-


491

йін шə лиев, Тұрсынбек Кəкішевтер барлығы солай деп атайтын. Сол кі-

сі лер дің сый лас ты ғы мен сыпайылығына қатты қызығатын едім. Алма 

апай мені де қат ты жақсы көріп, бауырына тартты. Кейін Астанаға қоныс 

аударды,  көп  ұза май  жаман  аурумен  ауырды.  Естіп,  арнайы  көңілін 

сұрай бардым. «Ен Сыр бойынан менің көңілімді сұрап келген жалғыз 

сен сің» деп тебіреніп, қатты разы болды... Шүкір, қазір ол кісінің ұр пақ-

та ры апай дың отын өшірмей келеді. Өнер қуғандары да бар. «Орнында 

бар оңа лар» деген осы да. 

«Ақтөбе», 2010 жыл, 25 ақпан

Асылбек ҚЫРАУБАЕВ

ЖАДЫМНАН ӨШПЕС ЖАН АПАМ

«Қара  қызым!»  дейтін  əкеміз  Мүтəліп  Қыраубайұлы.  Сол  кішкене 

«қара  қызының»  əдебиет  шыңына  шыққандардың  қатарына  қосылар, 

бү кіл Қазақ елінің «қара қызына» айналар деп үміт ететін арманының 

шын дық қа ұласар күндерін толық көре алмай кетті.

«Алма – абзал азамат, арманымды арқалап Алматыға апарады, адал 

абыройлы адам аталады», – деуші еді, кілең «А»-дан құрастырып:

Алма деген қайда екен,

Алматыда жүр екен,

Онда неғып жүр екен,

Алма теріп жүр екен,

Алмасынан кəнеки,

Жаңа теріп жүр екен,

Қызыл алма қолында,

Қыздар мұның соңында, – 

деп еркелететін.

Соның əсері болар, «Алмагүл, сен кім боласың?» деп сұраса, «Мен 

ға лым боламын. Алматыға барамын!» – дейтін.

Сол Алма апам 3 жасында екі қуыршақ қолдан жасаса керек. Бір бұ-

ры шы на  құм  толтырып  шүберекті  буып,  түйсе  бас  болатын,  бас  киім, 

үс ті не көйлек, шалбар тігіп кигізіп қыздар əуре болып жатушы еді.

Алма апамыз сондай екі қуыршақты жастыққа жатқызып, жастықты 

аяғына салып тербетіп өлең айтып отырса, əкем кіріп қалыпты. «Алма-

тай, бұл қуыршақтар кімдер?» – десе, – «Бұл – менің інілерім» дейтін 

көрінеді.

– Аттары кім?!

– Асылбек, Жақыпбек.


492

Сол Асылбегі – мен, 5 жас кішімін. Ал Жақыпбегі менен 9 жас кіші. 

Ал ма ның  сол  айтқаны  айнымай  келгеніне  ата-анамыз  кейін  таңданып 

отырушы еді.

Алманың əдебиетті сүйіп өсуіне үлкен əсер етушінің бірі əкесі болды 

деп білемін.

Əкеміздің  бойында  жаттау  қабілеті  ерекше  дарынды,  əрі  ақындық, 

əрі палуандық қатар сіңген азамат еді.

Палуандығы жайлы бір сəтін айтса да болар.

1. Əкеміз бір топ баланы жиып алып, қармақ аулап отырса керек. Ба-

ла лар ға  не  керек,  əңгіме  керек,  шулап  күліп  отырғанда,  үстіне  колхоз 

бас тық та ры ның бірі Базарымбет деген (ірі денелі кісі еді) келіп қалады 

да, атпенен суды кешіп тұрып айқай салады:

– Ей, Мүтəліп, қып-қызыл бастықсың, балалармен қармақ ау лай сың, 

жұмыс қайда?! – деп аузына келгенін айтып, тілі тиеді. Сонда əкем суды 

кешіп барып сүңгіп кетіп, кенет ат-матымен Базарымбетті көтеріп алып 

шалқасынан тастағанында, аттың төрт аяғы көктен келіп, Базарымбет ат-

тың астында қала жаздап: «Өзі тəйірі, күйеу деп айтқаным ғой», – депті 

сас қа лақ тап. Өмірінің соңғы кезеңіне дейін əкеміз қолы боста кішкене 

балаларды жиып алып күрестіріп, қызығына балаша қуанып отыратын.

Əкемнің  ауыл  арасындағы  күрестері  өз  алдына,  сабан  тойларда 51 

жасына дейін күресті, жауырыны жерге тимеген.

100–150 бет жырды бір рет оқып шығып, бір рет домбыраға салып 

айтып шығып, «Ал кітабыңды жап!» деп сөзбе-сөз қалдырмай жырлай-

тынын көрдім. Мұндай жаттау қабілеті қазақта бұрын да болған. Жырды 

айтысып жатқанда-ақ жаттап алатын небір мықты бабаларымыз бол ған 

ғой, солардың əкем соңғы бір іздері екен-ау деймін, осы күні.

Біздің үйде кітап оқу бірінші орынды алатын. Ұйқыға жатар алдында 

1–2 сағат біз Алма апамыз екеуміз кітап, ертек, жыр дауыстап оқи тын-

быз. Əке-шешеміз тыңдап, бағасын беруші еді.

Осы оқу біз жоғары оқу орнын бітіргенше жылда жалғасып келді.

Алманың əдебиетті ғана емес, барлық пəнді сүйіп өсуіне əсер еткен, 

екінші – мектеп. Ол заманда қарапайым ауылдық мектепте бір класта 2 

алтын, 1 күміске бітіріп шығушылардың болуы – үлкен таңғалушылық, 

жан-жақтан  тексеріс  тудыратын.  Алма  апамыз  Райхан  замандасымен 

бірге мектепті алтын медальмен бітіріп шықты.

Ер  балалардың  ішінен  Қайроллаев  Қорғанбекті  «білімді  жігіт»  деп 

қат ты сыйлаушы еді. Жарысып оқитын. Мүғалімнің бір сұрағына жауап 

бермеу олар үшін ұяттың ең сұмдығы еді.

Өйткені мен сырлас інісі болдым. Алма оқу жайында, кімнің қалай 

жауап  бергенін,  қалай  оқитынын  əңгімелеп  беретін.  Олар  мұғалімнің 

берген тапсырмасының көлемінде қалмай, жаңалық қосып айту үшін га-

зет, журналдарды, бұрынғы жақсы оқып кеткен оқушылардың конспек-


493

тілерін оқып, соларды талдап, өзара баға беріп отыратын. Бұл жай оқу шы-

лар емес, қай мұғалімнің болса да жүрегін дір еткізер білімді жастар еді. 

Алма шемішке мен сүзбеден кептірген құртты жақсы көретін. Қайсысы 

табылса, соны қасына үйіп қойып, етпеттеп жатып кітап оқитын. Мен 

қа сын да қызықтап отырып-отырып ұйықтап қаламын, не күндіз ойнап 

кететінмін.

Əттең, сол балалық шақ қайта келер ме еді, қасында отырудан жа лық-

пас едім-ау, қайран дүние-ай!

Біздің отбасымызда ең қадір тұтатынымыз, бұл домбыра, жыр өнері 

еді.

Əкем арқасы қызып, делебесі қозып, ешкім айт демесе де, біраз бі ле-



тін терме, жырын айтып шығатын. Өнер адамы деген қызық қой. Біреу 

тың дап отыр ма, жоқ па – өз делебесіне өзі қозып, қашан есін жиғанша, 

апиын ішкен адамға ұқсап кейде көзі жұмулы, кейде ашық отырып тоқ та-

май айта береді де, бір кездері ішіндегі жалыны басылғандай, ұйқыдан 

оян ған дай  қалыпқа  түсіп  бір  жұмысы  біткендей  домбыраны  орнына 

жаймен ғана сүйеп орнынан тұрады. Бұл арқасы бар өнер адамының бə-

рі не тəн ортақ сезім болса керек.

Дəл осы жағдай əкемде, Алма апамда, жалпы, біздің тұқымда бар.

Əкем өлең айтып болған соң енді бізге айтқызатын. Білетінімізді ай-

тып береміз, əкем рақаттанып тыңдайтын еді. Содан соң əкем ойдан шы-

ға ру ды бастайды. Ол үшін бізден тақырып сұрайтын. Тарихтан бастап, 

əлеу мет тік, тіпті саяси тақырыптар беретінбіз. Əр тақырыпқа жарты са-

ғат не 15 минут уақыт береміз. Ол уақыт ішінде тоқтамай айту керек бо-

лады, ал əкеміз кейде тоқтай алмай қалып, кейде қосымша уақыт сұ рап 

жататын  еді. «Жүріп  келе  жатқан  пойызды  қалай  тоқтатасыңдар»  деп 

кү ле тін əкеміз.

Арасында  əзіл-оспақ  айтып,  қыран-топан  күлетінбіз.  Біздің  үй  он-

дайда өз алдына бір театрға айналатын. Қоюшы да – өзіміз, күлуші де 

өзі міз едік. Бізге де ойдан шығару кезегі келеді, біздің айтқанымыз көп 

қиы са бермейді, ұйқас іздеп отырыңқырап қаламыз. 6-сыныпта оқимын, 

са бақ тан келіп есіктен кіргенім сол еді, əкем 4-5 адамның алдында өлең 

айтып отыр екен, маған домбыраны ұсына қойып: «Ал балам, бір шумақ 

өлең айтшы!» – демесі бар ма. Сонда былай деппін:

Оу, əке, сізден несін жасырамыз.

Иіліп аяғыңа бас ұрамыз.

«Өлең айт, өлең айт» деп қинағанша,

Онан да бізді өлгенше асыраңыз.

Əрине, бұл күлкі үшін айтылған шумақ еді. Алма мектепте оқып жүр-

ген де қысқа əңгіме де, өлең де жазып жүрді. Бірақ ол кейін бірте-бір-


494

те  терең  білімге  бой  ұрды.  Білімге  құштар  болуына  негізгі  əсер  еткен 

ҚазМУ-дың құдіреті, ондағы елім деп еңіреген, қазақ ғылымының май-

талман  ғалымдарының  құдіреті,  əдепкі  ғылыми  жетекшісі  Бейсембай 

Кенжебаевтың құдіреті дер едім.

Екінші, ғылым бұлағын аңсап келген сол кездегі əдебиетке бет алған 

жаңа толқын жастардың ортасы деп білемін.

Жалпы, өмірде Алманың ғылым дүниесіне батыл қадам басуына, ер-

кін  алға  ұмтылуы  да  қатар  өскен,  ғылым  жолын  бірге  бастаған  курс-

тастар,  замандас-армандастар,  бүгінде  қазақ  елінің  мақтаныштары – 

Мыр за тай  Жолдасбеков,  Нұрлан  Оразалин,  Əшірбек  Көпішев,  Алдан 

Смай лов, марқұм болған Сағат Əшімбаев, Ризабек Əдуов, Əділбек Тауа-

саров сияқты азаматтардың əсері мол болды деп есептеймін.

Ал ақындық жолын Алма ұстаған жоқ.

Алма апамыздың өлеңмен жазған хаты мен əкеміздің жауабы сақ та-

лып ты. Онда былай делінген:



Алманың папасына жазған хаты

Ата-анам, сəлем бердім бəріңізге,

Кеп қалды-ау күндер жылжып, кəрі күз де.

Жаз еді мен кеткенде жадыраған

Сол күндер елестейді əлі бізге,

Алматың алыс еді мұнша неткен?

Хаттың өзі 5 күнде зорға жеткен,

Папаң болып, соңыңнан хат сап тұрса,

Соншалық оның өзі бақыт екен.

Мотоцикл «на ходу» жүріп тұр ма?

Асекең жиі-жиі мініп тұр ма?

Қол боста қырғауылға күнде шығып,

Барған сайын 4–5-тен іліп тұр ма?

Апамның дені сау ма, халі қалай?

Жақаны шаршамай ма, қарай-қарай,

Біздерді адам етті-ау бағып-қаға,

Əйтпесе неге ағарған ана самай.

Ұзап кетсем уайымдап көз ілмейтін,

Алдымнан «айналайын» əзірлейтін,

«Жетпіске» жүген берме, мен барғанда

Болсыншы қартайғаның сезілмейтін,

Жұмыс қалай, ақ жеңеше, ауылдағы,

Қойды ма жүрегіңнің ауырғаны?

Оңай ма бүкіл үйдің ешкі-лағы,

Не көмек Жақыпбектің қайырғаны.


495

Асеке, жақсымысың «қара тырна»,

Жүргендей мен соғыста, өзің тылда,

Үй жұмысы оқудан оңай ма екен,

Дегенмен жеңешемнің сөзін тыңда.

Жақыпбек бұрынғыдай шауып жүр ме?

Детсадқа жалқауланбай барып жүр ме?

Көшеде Набаханмен ойнап-ойнап,

Келе ме кешке жақын бір-ақ үйге?

Атам мен əжеме бардыңдар ма?

Хабарын қарт кісінің алдыңдар ма?

Апайға, Жайдаркүлге менен сəлем,

Əділ ағай, басқа да жақындарға.

Өзімнің халім жақсы, жүріп жатқан,

Қуанам хабар алсам ауыл жақтан.

Мен дей бер, қара қызды көрсең күнде

Почтаға екі келіп, екі қайтқан.

Əкесінің жауабы

Саламат, саусыздар ма Үміт, Алма.

Папасы ақ Алманы ұмытар ма?

Тетігі техниканың білімде тұр.

Меңгерер соны деген үміт – алда.

Бірінші декабрьде хатың келіп,

Қуандық өлеңіңді мақұл көріп.

Анаңды жақсы сөзбен шаттандырдың

Жақаға, Асылменен ақыл беріп.

Жақыпбек қуанғаннан күліп жатыр,

Мəнісін жазған сөздің біліп жатыр.

«Бұзық болма» депті апаң саған десе,

Айтқанын апасының қылып жатыр.

Ден сау деп есіткен соң жайларыңды,

Бір қалып жүрек соғып жайланылды.

Арада 8 күндей хатың келмей,

Уайымдай жүрген едік ойлануда.

Өлеңмен қара сөзің қабат келіп,

Қуандық екеуін де оқып көріп.

Жалықпай қайта-қайта оқи бердік.

Қалдырмай əр əрпін санап қойып.

Ал енді бізден хабар өлеңдегі,

Жағдайы еліміздің төмендегі:

Дайындық қысқа тегіс малшы, егінші

Дегендей «ер еңбегі – ел еңбегі».


496

Күніміз аздап суық қардан аман.

Ер-əйел, ауылдағы балдар аман.

Арадан Биімбетті ұстап беріп,

Сосынғы кемпір менен шалдар аман.

Қуатты əжең, атаң бабында жүр

Малдарын сулап, шөптеп бағуда жүр

Керімқұл жаңа тамға кірген екен.

Мал сойып, соған ойым баруда жүр.

Қуатты, халі жақсы қадірлі анаң,

Тілеуқор, болсын деуші бəріңді аман,

Хат жазсаң қадағалап отырады,

Еш хабар қалмасын деп жазылмаған.

Асылбек оқуда жүр білім алар.

Тырысып көп сабақты біліп алар.

Қолқабыс үй ішіне тигізіп жүр,

Күлжанның, апасының тілін алар.

Жақыпбек балдай тəтті балбыраған.

Көк майса, жасөспірім жалбыраған.

Бір бөлме темір-терсек – соның мүлкі,

Сүйретсе жіпке байлап салдыраған.

Күлжахан бəйге атындай жарап жүрер,

Жағдайын үй-ішінің қарап жүрер.

Жауапты «ферма бастық» болғаннан соң,

Түгендеп ешкі-лағын санап жүрер.

Бүгінде денсаулығы оңдалып тұр.

Семіріп бұрынғыдан қомданып түр.

Азайып қыңқыл-сыңқыл бас ауруы,

Шаруасын үйдің қатты қолға алып тұр.

Мал семіз, қора жылы, шөп жететін,

Қысылмай биыл қысқа мол жететін.

Сен – онда, біз бұл жақта аман жүрсек,

Болып тұр жақсылыққа қол жететін.

Əкем,  Əбдімүтəліп  (Мүтəліп)  Қыраубайұлы,  бірінші  рет  облыстық 

ай тыс қа 1979 жылы қатысқан. Ең бірінші айтысқан ақыны, кейін халық 

ақы ны болған Манап Көкенов еді. Айтыста М.Көкенов жеңілді.

Айтысқа дейін Манап 40 рет айтысқа түскен екен. Сондықтан же ңіл-

ге ні мойындалып, бірақ еңбегі ескеріліп, Республикалық айтысқа Мү тə-

ліп пен Манап Қызылорда облысынан бірге жіберілген еді.

Əкеміз республикалық айтыстан абыройлы оралды. Кілем, домбыра, 

шапан, диплом алған екен. Шапанын ғылым жолында жүрсің ғой деп – 

Алма апамызға, кілемді – ініме, домбыраны маған ұсынған еді.



497

Домбыраны қолға алып, үйде бір өзім отырып арқам қозып, өлең ай-

татын осы əулетте үлкені əзірге өзім қалдым. Тек балам Жошыхан анда-

санда қолына домбыра алатыны бар.

Қайран дүние-ай, домбыраны қолға алған кезде əкем мен Алма апам 

тыңдап  отырғандай  кейде  дүбірлеп  те  кетемін,  олардың  енді  қайтып 

келмесі еске түскен жүрегім аузыма тығылып, өзімді қояр жер таппай, 

көзімнен жас аға береді, аға береді. Сағынамын да, жаныма сая таппай 

қиналамын.

Əкеме деген сағынышымды былай деп айтқан едім:



Əкеме арнау

Түсті əке ойыма

Жүгірдім қаламға.

Жырласам бір сəтке

Қайғы, мұң тарар ма?..

Жалғызбын əкесіз,

Қалғандай аралда.

Өткелсіз өмірім

Бар шығар əлі алда.

Сүйенер дарағым

Құлады даламда.

Құлазып көңілім

Кетемін əр ойға.

Сағындым əкемді

Жас келіп жанарға.

Сағыныш қайғының

Орнына толар ма?..

Көлдеген көз жасым

Əкемдей болар ма?!.

Бір ғасыр əкеме

Налимын қимаған

Өмірдей сараңға.

Қайтейін жанымды

Тасқа ұрып жарам ба?!.

Қайғыны неге осы,

Берді екен адамға?!.

Сонда да сілкінтіп,

Өзімді алам да

Батырдай сезінем,

Тұрғандай алаңда.

Тағдырдай алдырмас

Ұмтылам қамалға.



498

Тоқтатпай сүйрейді,

Тағдырдың жолы алда.

Жүремін, күлемін,

Білмеймін тағы да

Тосарын тағдырдың

Əлі де нені алға.

О, əке, теңейтін

Тең нəрсе таппадым!

Білемін көп жанның

«Биік» деп жатқанын

Сіз барда тиетін

Төбеме аспанның.

Иіліп көрдім бе?..

Алдында басқаның…

Жақсы іс атқарсам,

Бір мақтап тастадың.

Кеудеме нұр құйып,

Жаңа іске бастадың.

Өзіңнің үлесің

Бел болса асқаным.

Бір кірпіш ел үшін

Болса егер қосқаным.

Үйрендім өзіңнен

Өмірдің дастанын.

Кім білген ғайыптан

Ажалдың тосқанын.

Қоштастың қолымда,

Қиналды-ау жас жаным.

Қимадым өлімге

Егілдім, сасқаным,

Мəңгіге қоштастық…

Əкежан, асқарым!

Кеттіңіз өмірден

Жастығым, тоқтадың.

Енді мен қалайша

Борышты ақтадым?!.

Жаспын деп жүгірдім,

Тұлпардай баптадың.

Алдыма əкелдің

Бар болса тапқаның.

Кім білген дүние

Болар деп қас-қағым.

Көзіңнің тірінде



499

Көңіліңді ашпадым.

Үстіңе дүрімді

Неге əкеп шашпадым?!.

Осылай жегідей

Жейді ой жанымды.

Келмесін білемін,

Көзден жас ағылды.

Ақылдың кені едің,

Дарақ ең тамырлы.

Көлеңкең түспейді-ау…

Көңілім сағынды…

Ал Алма апам болса, терме мен өлеңді мақамын, үнін мəнерлеп кел-

тіріп айтқанда, ешбір айтушы алдына шыға алғанын көрген емеспін. Өз 

қатарының  сұрғылтайы.  Терме  жарысынан  республикалық  дə ре же де гі 

об лыс ара лық  айтыстарда  Қызылорданың  намысын  қорғауға  қа тыс ты. 

Өз алдына терме айтып, Қазақ теледидарынан 1976–2000 жылдар ара-

сында көрініп отырды.

«Шіркін-ай, бір арманым – сахнаға шығу», – дейтін. Қайтыс бо лар-

дың алдында əңгімелесіп отырғанымызда: «Бір арманым саханаға шығу 

еді, толық болмаса да шықтым. Өнер деген адамның бойына біткен бір 

қа сиет-ау, қолыма домбырамды алып, елдің алдына шыққым келетін де 

тұ ра тын», – деп еді.

Алматы, Шымкент, Түркістан, Семей қалаларында студент жастар-

мен кездесу өткізіп, айтқан өлеңдері елдің есінде болар.

Бізге ауыл мектептерінде нота үйрететін мұғалім болмады, сон дық-

тан да көп талантты, өнерлі жастар домбырамен шектеліп жататыны өкі-

ніш ті-ақ. Егер нота білгенде, Алма апамыздың өнерінің тағы бір қыры 

ашылар ма еді, қайтер еді.

Алма апамыз ғалым, жазушылармен кездесулерден, ғылыми конфе-

ренциялардан, шақырылған жерлерден қалмайтын. Əр сағаты блокнотта 

белгіленген, асығыс болатын. Соның арасында достарының да кө ңі лін 

тауып, тойларға да барып үлгеретін. Əсіресе Түркістанның 1500 жыл-

ды ғы на барып қайтамын деп деп бар күшін жиып, емге бармай қойды. 

Себебі Түркістанда өтетін ғылыми конференцияда баяндамашы болып 

белгіленген екен. Тек 2000 жылы 17 қазан күні бара алмайтынын сезген 

соң ғана барып ауруханаға жатуға келісім берді ғой.

Сол күні Түркістанға қарай пойызға мінуі керек еді, бірақ басы айна-

лып, шамасы келмеді. 20-сы күні операция жасалды, бірақ ол операция 

өмі рін 3 ай 15 күнге ғана ұзартты. Ауруына араша тұрар жер бетінде жан 

баласын таба алмай біз қиналдық. Қайран апам 2001 жылы 5 ақпан күні 

кешкі 21-де үзілді.



500

Алма апамыз Қазақ елін шексіз сүйетін еді. Əрбір сөзінде, ісінде, ең-

бе гін де елінің ұлылығын паш етуге тырысатын.

Қазақ  балаларына  отбасында  жекіріп  сөйлеуге  үзілді-кесілді  қарсы 

болатын: «Біз, қазақтар, ескі түркі тайпалары, жер бетінде болған та рих-

тың куəгеріміз жəне сол тарихты жасаушылармыз. Біз сондықтан да кеу-

демізді жоғары ұстауымыз керек. Біз ұлы халықтың ұрпағымыз. Қы зы-

мыз ды қадірлеген, ұлымызды батыр деген халықпыз. 

Біздің  ата-бабамыз  жасап  кеткен,  салт-дəстүріміздегі  ата-ана  мен 

бала арасындағы қарым-қатынас мəдениетіне жете алмай келеміз.

Осы ойын іске асыру үшін 1992 жылдары Алматы облысы Қаскелең 

ауданы  Жандосов  ауылында  қазақтың  салт-дəстүрін  оқытатын  лицей 

ашты. Бірақ қалай ашты, талай бармағын тістеп, ызаланған күндері бол-

ды. Кей басшылардың қазақтың салт-дəстүрін оқыту дегеннің не екенін 

тү сін бей,  мұнан  қандай  пайда  түсуі  мүмкін  жақтарын  зерттеп,  көмек 

бе ру дің орнына көлденең жатқан күндері болды. Ол кезде лицей деген 

енді-енді əңгіме бола бастаған уақыт еді. Ал қазақтың салт-дəстүрін оқы-

ту  деген орысша оқыған адамдарға «қырық өтірік» ертектің нағыз өзі 

емес пе?

Алма апамыз ҚазМУ-дегі айлығын салып жүріп, түсінбегендерге қай-

та-қайта барып, түсіндіре жүріп, əйтеуір, лицейді ашты-ау.

Қазақ  салт-дəстүрін  оқыту  жөніндегі  мұндай  лицей  республикада 

атымен жоқ еді. Мұндағы оқыту процесі инновациялық оқыту методи-

касын өзінің педагогикалық еңбектерінде жазып қалдырды.

Біз  ініміз  Жақыпбек  екеуміз  де  бұл  мəселеден  сырт  қала  алмадық. 

Інім  Жақыпбек – «Жигули-06»,  мен  «Волга-21»  машинасын  мектепке 

бердік.

Апам сол «Жигули-06» машинасын білекті сыбанып тастап өзі жүр-



гі зе ді. Алматы қаласының орталығы мен Жандосов арасы 50 км жа қын, 

апамыз  сол  екі  араға  күніне 2–3 келіп  кететін.  Лицейдің  мың-сан  жұ-

мыс та ры на шаршамады. Тіпті Жандосов ауылына көшіп барды. Ол кез 

«перестройка  уақыты,  əлі  белгіленген  заңдар  жоқ». «Мына  жұмысты 

былай бастаймын» десең, бетіңе түсініксіз бажырая қарайтын, бірдеңе 

бер ме сең,  көшің  қозғалмайтын  уақыт  еді  ғой.  Апамды  тек  осы  жағы 

шаршататын. «Барған  адамның  бетінен  дүние  көрінген,  тас  қамалдай 

бюрократ  түрін  көргенде,  жарылып  кете  жаздаймын», – дейтін.  Өмір 

бойы адалдық пен адамгершіліктен аспаған, біреудің ала жібін аттамай, 

пара алу, пара беру дегенді білмей өскен қарапайым əдебиет-тарихшы 

ғы лым ға, оң қолымен амандасып, сол қолымен пара тілеген ті лем сек тер-

дің тəрбиесіздігі ашындыратын.

«Сіз өз еңбегіңізбен адам бойындағы қалыптасқан құлдық психоло-

гияны өзгертесіз. Білімді, мəдениетті, батыл қазақтарды тəрбиелеп шы-

ға ра сыз. Сіздің осы күнгі шəкірттеріңіз ел басқарғанда қазақтың салт-


501

дəс тү рі өркендейді, сізді шақырып, ақылдасып отырады, сонда сіз шар-

ша ға ны ңыз ды ұмытасыз!» – деп сабырға келтіретін едік. Сол күн дер ге 

де жете алмай кетті, бауырым!

Лицейде жұмыс істеген мұғалімдер де таза патриот азаматтар бола-

тын.  Алма  апамыз  көп  жағдайда  айлықтарын  бере  алмай  қиналғанда, 

сол азаматтар қиналғандарын білдірген жоқ еді.

Бір қиналған кезінде мен: «Апа, осындай лицейді неге Алматы қа ла-

сы нан ашпайсыз жəне онда ағылшын, араб, түрік, қытай тілдерін қо сып 

оқыт са ңыз, ақша да мол, жағдай да жақсарар еді ғой. ҚазМУ-де 30 жыл 

мұғалім болыпсыз, ең болмаса бір бөлме пəтер де бермепті, ең болма-

са бір бөлме пəтерді сатып алар едіңіз», – деп пендешілікпен ақыл бе-

реміз ғой баяғы. Сонда апамның: «Ауыл баласы салт-дəстүрді жылдам 

түсінеді, мен пайда үшін емес, елімнің келешегін жақсартатын бір топ 

қар лы ға шын тəрбиелеп жүрмін. Жұрттың бəрі шетел тілін үйреніп, ше-

телге кеткенде елді кім басқарады», – деп күлімсіреп еді-ау.

Қайран бауырым! Бүкіл өмірі тек күреспен, еңбекпен өтті ғой. Ер бо-

лып тумасаң да, өмір қиыншылығымен күрескендігіңіз əкеңіздің па луан-

ды ғы на ұқсайды екен-ау.

Бұл қасиет те бар екен ғой сізде, бауырым!

Осы бейнет сіздің денсаулығыңызға да əсер етті-ау. Өзіңіз жоқсыз, бі-

рақ сайрап тұрған еңбектеріңіз қалды соңыңызда. Халық үшін, ел үшін 

ең бек еттіңіз, өміріңізді арнадыңыз. Білетін, көрген ел, түсінген ел ең бе-

гі ңіз ді ұмытпас, əрине.

Бірақ  жаныменен,  бауырымен  қиналып,  өзіңді  қайтып  көре  алмай-

тын бізге қиын болды-ау, қайран бауырым-ай!

Жанымды күйзелтіп, көңілімді құлазытқан ауыр қайғы болды. Қай-

ран  бауырым-ай,  өмір  бойы  өзіңді  жоқтап  өтер  жүрегімдегі  орныңды 

бұл жалғанда толтыра алар емеспін…

Бауырым маңдайыма жаратылған,

Сен кеттің, айырылдым ғой қанатымнан.

Кеудемнен «аһ» дегенде шыққан жалын,

Қайғыдан от сияқты жан атылған.

Барады ішім қайнап жанатындай,

Жүрегім қақ жарылған қара қылдай.

Жалтақтап есік жаққа қарай берем,

Жан апам қайта келіп қалатындай.

Жан апам – көздерімнің қарашығы,

Қиналғанда жанымның жанашыры.

Өзіңді аңсап үзілген бір тамшы жас,

Секілді мөлдіреген дала шығы.


502

Сағынсам көзден жасым төгіледі,

Өзің барда өміршең өмір еді.

Маңымда жан бауырым жүрген кезде,

Кеудемде күндей күлген көңіл еді.

Бұл өмір біреуге арзан, біреуге арман,

Кезекпен келіп-кетер өмір жалған.

Басыңды жастық болып демеп тұрсын,

Бір уыс топырағың анаң салған.

Мəңгілікке жамылдың сұрыпты алып,

Денең тоңып қалды ма суық қарып.

Құдайдың құдіретінен аса алмадық,

Кешір, бауырым! Көмдік-ау буып салып.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет