келіп шекарашыларымызға жолығыпты. Исет Мұратов деген татар арқылы Захарин сұрап білсе, олар былай депті: «Біз Абылай сұлтанның әскеріміз, басшымыз Қожаберген батыр. Бір мың түндікпен Ертісті жоғары бойлап, көшіп барамыз. Бұл жерде екі күн тұрамыз да, Осмо- рыж (сегізінші) бекінісіне және одан әрі Құлсары батырдың әскеріне қосыламыз. Оның он мың әскері бар, Ертістің жоғарғы ағысында тұр». омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты. 1-қор, 1-тізбе, 58-іс 65, 65- сыр. 66-пар. қожаберген батыр – орыс тарихшысы Вельяминов-зернов қазақ тарихын зерттеу барысында кездескен құжаттарға сүйеніп, былай деп жазады: «... Абылай ханмен бірге Қытайға қарсы соғысқан қазақ көсемі Қожаберген 1757 жылдар шамасында Қытай үкіметіне бағынды. Осы Қожаберген 1750 жылы керей руын басқарды. Орынбордан табылған деректерге қарағанда 1752 жылы абақ-керейдің ел ағасы аталған Қожаберген осы болуға тиіс. Ол кезде Қожаберген Есіл өзенінің бойын- да, өзге керейлерден шығысқа қарай қоныс тепкен» 63 . 63
Вельяминов-Зернов И. «Исторические известия о киргиз-кайсаков за 1748-1765 годы
Уфа. С.113-114.
120
121
Кіші керей руы – Орта жүздегі Керей, Уақ тайпаларының тари- хын түсінбегендіктен, Уақ-керей және керей руларын шатастыру жиі кездеседі. Тәуке ханның тұсында, шашырап жүрген рулардың басы біріктіріліп, «уақ-керей руы» деген атаумен Арғын тайпасына қосылған бұл дербес ру Солтүстік Қазақстандағы Преснов бекінісінен батысқа қарай, Обаған-Тобыл төңірегін мекендеген. Кезінде орыс