122
123
шығарған деген пікірімізге дәлелді айғақ дер едік. Әрине, кейін арада
талай заман өтті. Уақыт өте келе, әнді шығарған өнерпаз әйелдің
аты ұмтылды да, туынды «халық әніне» айналып кете барды. Кейін,
Жарылғапберді, Қали Байжанов сияқты ұлы әншілер бұл әнді сан
түрлендірді. Әннің «киноға сұранып тұрғанын» нәзік, сыршыл жүрегімен
сезе қойған Шәкен Аймановтай кинорежиссер ағамыз «Жиырма бес-
ке» жаңа сөз жаздырып, «Атаманның ақыры» кинофильміне пайдалан-
ды. Осындай толып жатқан факторлардың әсерінен
бірте-бірте әйелдік
табиғатынан ажыраған туынды келе-келе нағыз ер дауысты әншілер сал
сағынышпен күңіренте салатын осы күнгі айтылып жүрген «Жиырма
бес» болды да шықты. Осы орайда «Елім-айдың» да әу бастағы шыға-
рушысы әйел болған-ау деп топшылаймыз. Шынтуайтына келгенде,
«Елім-айды» ән дегеннен гөрі зар деген дұрысырақ. Өйткені «Елім-ай-
дың» табиғаты таза зарға, жоқтауға тұнып тұр. Кәдімгі шабындыға
ұшыраған, босқын елді жоқтаған шерлі ананың зары екені сезіледі.
Әсіресе, ән сөзінің әр екі жолы сайын «Елім-айлап» қайталанып отыра-
тын зарлы қайырмасы әйел табиғатына «құйып қойғандай». Бұлай зарлау
еркек болмысына үйлеспесе керек. Осы уақытқа дейін «Елім-ай» әнін
айтқан ер әнші көрмегеніміз сондықтан да шығар.
Бір таңғаларлығы – кәсіби сахналардан да күні бүгінге дейін аталмыш
әнді тек әйел әншілердің орындауында ғана естіп келеміз. Егер, шыны-
мен-ақ шығарма Қожаберген жыраудыкі болса, «еркек негізді» әнді ер
дауысты әншілер де зарлап салмас па еді. Алайда, осы уақытқа дейін
бұл әнді бірде-бір ер әнші айтқан емес. Осыған қарағанда, «Елім-айдың»
әйел зары екенін ер әншілер еркектік түйсікпен сезетін тәрізді. Әйтеуір
қазақ ән өнерінің тарихында «Елім-айды» айтқан еркек әнші жоқ.
Осының өзі аталмыш зардың ілкіден әйелдікі екеніне айғақ болып
тұрғандай.
Хош, сонымен, фольклор жинаушы Қаратай Биғожин «негізін салған»
Қожаберген жырау мен Сегіз сері Баһрамұлы «шығармаларының»
жалғандығын оқырманға жеткізе әшкерелегендейміз. Десек те, «қожа-
бергентанушылардың» қолында Сегіз серіге «қарсы шығушыларды»
тыпыр еткізбеуге жарайтын «айқайлаған айғақтар» әлі де жетіп артыла-
тын көрінеді. Соның бірі – Сегіз серінің ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев-
тың әкесі Имантай туғанда бата беруі. Әлі күнге дейін «сегізсерітану-
шылар» осы бір «батаны» Сегіз серінің тарихи тұлға екендігіне
дәлелді «көзір» ретінде пайдаланудан бас тартар емес. Ал, бұл «бата»,
керісінше, Сегіз сері туралы қалың өтіріктердің ара жігін аршуға қызмет
еткен алғашқы дәйектердің бірі болғанын айтқым келеді.
Бала кезімізде үлкендердің қолына талай су құйдық, сонда ақсақал-
дар бата беруші еді. Сол баталардың дені «Тең құрбыңның алды бол»,
«Мұғалім бол», «Өркенің өссін» дегендей қысқа да, нұсқа болып
келетін. Бұдан сәл ұзақтау келетін «Асың, асың, асыңа, Береке берсін
басыңа...» болып басталатын дастарқан батасы да екі-үш ауыз лебізден
әріге ұзамай, «әумин» делініп, қайырылатын. Содан бері халық аузынан
жиналып хатқа түскен жүздеген баталармен таныстық. Осы баталардың
барлығы ары кеткенде бес алты ауыздан аспайды. Ұзақтау, шұбыртпалы
ұйқаспен келетін он шумақтан асатын баталар аса сирек болады. Ал,
Сегіз серінің Имантайға берген
батасының ұзақтығы өз алдына, осын-
дағы аты аталатын ел жақсыларының санының өзі 80 адамнан асып
жығылады. Бір қызығы, 80-нен аса ел жақсыларының атын атай келе,
Сегіз сері Имантайға сен осылардың барлығындай бол деп бата тілейді.
Осыншама 41 шумақтан тұратын, ұзақтығы кішігірім дастанға бергісіз,
ұзын сонар батаны қолын жайып кім тыңдап отырады? Сексен түрлі
тұлғаға ұқсаған бала болашақта кім болмақ? Ақылға сыймайтын, қисын-
сыз «бата». Сөйтсек, бұл «батаны» да ел арасынан «тауып әкеліп»
Шамшиябану Қанышқызына беріп жүрген тағы да сол Қаратай Биғожин
болып шықты. Бұған Шамшиябану Сәтбаеваның «Сәулелі әулет» кіта-
бымен танысқанымызда көзіміз анық жетті.
«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей, қызықтың
көкесін 2003 жылы Сегіз серінің екі томдық
таңдамалы шығармалары
жарыққа шыққанда көрдік
67
. Осы қос томдықта не жоқ дейсіз ғой? Сегіз
сері «шығарған» әндер мен дастандарға, толғаулар мен жырларға және
оған арналған мадақ өлеңдерге толы екі томдық бұл жинақ, айтары жоқ,
сірескен-ақ кітап болып шығыпты. Сонау заманда атағы алысқа кеткен,
бұл заманда да есімдері есті қазаққа тегіс мәшһүр Біржан сал мен Ақан
сері, Жаяу Мұсалардың, осы күнге дейін әр жылдары басылып шыққан
қалыңдығы пышақ сыртынан сәл-ақ асатын шығармалар жинағы – мына
қос томдықпен салыстырғанда, тіпті, қораш көрінері анық. Десек те, бұл
кітап та сол баяғыдай – «ақсақты тыңдай, өтірікті судай» қылғандығымен
«менмұндалайды».
Енді осы кітаптардағы өрескел өтіріктерді бір шола кетейік. Әуелі
жоқтаулар жөнінде бірер сөз. Аталмыш жинақтың екінші томында Сегіз
серінің бірнеше «Жоқтаулары» берілген. Атап айтқанда, «Ардақты туған
67
Сегіз сері (Мұхамед-Қанафия) Баһрамұлы. Таңдамалы шығармалары. – Петропавл,
2003.
124
125
Көтекем» деп келетін Көтібар батырға арнаған жоқтауы, сондай-ақ, Иса-
тай мен Махамбетке, Ғайни қызға арналған жоқтаулары осы томнан ойып
тұрып орын алыпты. Ал, аталмыш жинақтың бірінші томында Уақ Елем-
бай Ерменұлы деген ақынның Сегіз серінің өзі өлгенде шығарған жоқ-
тауы беріліпті. Ер-азаматтар топырақты өлімде ешқашан жоқтау
айтпайды, қаралы үйге тек «ой, бауырымдап», ат қойып келуімен
қайғыны
бөліскенін білдіреді, дауыс салып жоқтау айту – ол ежелден
әйелдер дәргейіндегі дүние. Десек те, халқымыздың сан ғасырлар бойы
қалыптасқан қағидалы рәсімдерін мойындамайтын болса керек, Сегіз
сері еркек басымен аңырап жоқтау айтады. Дұрысы, «сегізтанушылар»
айтқызып қойған. Әрине, ақылға сыймайтын дүние. Сайып келгенде,
бұл жоқтаулардың дәстүрлі жоқтау үлгісінен мүлде алшақтығы бірден
байқалады. Сірә, бұл жоқтаулар да Сегіз серінің басқа «шығармалары»
сияқты, өткен ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдары «дүниеге
келсе» керек. Сондықтан ойдан шығарылған өлең-сымақтарға сөз
шығындап әуре болып жатпай, бірден жинақтағы
Сегіз серіге телінген
әндерге келейік. Аталған жинақтың бірінші томында Сегіз серінің 43 әні
беріліпті. Жалпы, «композитордың» 75 әні бар көрінеді. «Сегізтанушылар»
бұл деректі Жаманқұл Досжанұлы деген ақынның мына «жоқтауынан»
алған сияқты:
Достарыңызбен бөлісу: