Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет35/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
...Қырық хиссасын Сегіздің,
Өзім жұртқа тараттым.
Жырларынан нәр алып,
Бас пайдама жараттым. 
Жетпіс бес әнін Сегіздің,
Айтып жүрдім әр елде.
Елу бес күйін батырдың,
Тартып бердім әр елде
68
.
Мейлі, қос атпен қуып айдасаң да осы әндердің бірде-біреуі Сегіз 
серінің ауылына бармайды. Өйткені, бұлардың көбі – әлдеқашан халық 
әні болып келе жатқан дүниелер. Біразы, кәдімгі авторлық туындылар. 
Атап айтсақ, «Мақпал» – Ақан серінің, «Гауһар тас» – Жарылғапбердінің, 
68
Сегіз сері (Мұхамед-Қанафия) Баһрамұлы. Таңдамалы шығармалары. – Петропавл
2003. 2-том, 215–216-б.
«Тік шырқау» – Кененнің, «Ақ бидай» деп атын өзгертіп жіберген
«Сары бидай» әні – Сәдіқожа Мошанұлының шығармасы екендігі белгілі. 
Аталған әндердің шығу тарихын құрастыруға «сегізтанушылардың» 
біраз еңбектенгендіктері сезіледі. Мәселен, «Сары бидай» туралы мынан-
дай өтірік ойлап табылыпты: «Жар таңдау жолында сәтсіздікке ұшырай
берген Сегіз сері Кіші жүз елінен оралған соң, бір үлкен тойда Ырыс- 
бике деген қызбен танысады. Ырысбикенің әкесі Елғұн Бағаналы Най-
ман елінен мал қыстату үшін келген екен. Ырысбикеге көңілі кеткен
Сегіз сері өзіне жар болуға лайықты деп санап, өз көңілін жұмбақтай 
білдіріп «Ақбидай» деп айтқан екен. Қазір «Ақбидай» әні өзгеріске
ұшырап «Сары бидай» аталып жүр»
69
.
Сөйткен «Ақбидайдың» сөзі төмендегідей:
Мекенің ну орманның етегінде,
Ауылыңа ерте шықсам жетемін бе?
Жолығып тамағыңнан бір иіскетсең,
Бөгелмей қотаныңнан кетемін бе?
Қайырмасы: 
Аулың маңы топ қайың,
Думан болмас әрдайым. 
Есіме, сәулем, сен түссең,
Қобыз тартып жырлайын.
Сағынып ем бір кезде,
Жерімнің ақ бидайын. 
Бұлт арылмай тұрса да бастан, шіркін,
Сенсіз өмір секілді жалған, шіркін.
Ат терлетіп әдейі келгенімде,
Ақ маралдай ойнақтап жүрсең, шіркін!
Ал, мынау Сәдіқожа Мошанұлының «Сары бидайы»:
Біздің ауыл Кетпеннің етегінде,
Ерте шықсам аулыңа жетемін бе?
Сары бидай, сағындым, қалқам, ауылыңды-ай.
Ақ тамақтан емінтіп бір иіскесем,
Айналсоқтап қасыңнан кетемін бе?
Сары бидай,
Сағындым, қалқа, ауылыңды-ай.
69 
Сонда, 215–216-б.


126
127
Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
Сағынып сонда
Сары бидай әнін салғаным.
Қойды басым арылмай бұлттан бір күн,
Сенсіз жалған секілді өмір, шіркін
Сары бидай,
Сағындым, қалқа, ауылыңды-ай.
Ат терлетіп алыстан барғанымда,
Ақ маралдай керіліп шықсаң, шіркін!
Бұл дегеніңіз өткен ғасырда ғана дүниеден өткен Сәдіқожаның (1917–
1946) шығу тарихы белгілі «Сары бидай» әніне жасалған қиянат емей, не-
мене. Осындай қиянат көргендердің қатарында еліміздің батыс өлкесінің 
әндері: «Шашбаулым», «Ақ ерке», «Жылыой», сондай-ақ Кененнің «Тік 
шырқау» әні бар.
Зорлықшылар осы бетте еш қымсынбастан Мұстафа Бүркітбайұлы-
ның (1853–1880) «Бүркітбай» әніне ауыз салады. Ол аздай, оған да 
«әдемі тарих» ойлап табады: «Ақбет», «Қыз келбеті», «Ойлан, Ақбет», 
«Қош бол, Ақбет» әндерін Сегіз сері Баянауыл өңіріне барғанда Ақбет 
сұлу Бүркітбайқызымен танысып, соған арнап шығарыпты. Ақбет әнінің
мәтіні өзгеріске ұшырап, осы күні «Бүркітбай» әні деп бұрмаланып
айтылып жүр. Сегіз серінің «Қайран жастық», «Назқоңыр», «Ақбет», 
«Қыз келбеті», «Ойлан, Ақбет», «Қош бол, Ақбет» әндерінің шығу
тарихын, мәтіндерін Павлодар облысының Лебяжье ауданындағы 
Шарбақты ауылында кездесіп, Темірғали деген ән орындаушыдан, 
Павлодардағы Түсіпбай қариядан ағарту ісінің үздігі Елеуке Қалданов
1940 жылы жазып алыпты»
70
. Өй, дөйт де! Қиыстырып айпаған соң
өтірікке де обал-ау осы. Расында да, атақты композитор Мұстафа 
Бүркітбайұлы, оның апасы Ақбет сұлу – екеуі де қазіргі Павлодар об-
лысы Баянауыл ауданында туып-өскен адамдар. Десек те, Сегіз серінің 
1854 жылы өмірден өтіп кеткенін, ал, Мұстафа Бүркітбайұлының бұл 
уақытта жаңа ғана дүние есігін ашып жатқанын қайда қоямыз. Кезінде 
осы өтірігінің ізін жасыру үшін Қ.Биғожиннің Мұстафа Бүркітбайұлын 
70
Сегіз сері (Мұхамед-Қанафия) Баһрамұлы. Таңдамалы шығармалары. 1-том. – Петро-
павл, 2003. 313–314-б.
1806 жылы «туғызып», 1833 жылы «өлтіргенін», бұған кәдімгідей сеніп 
қалған зерттеуші Жәнібек Кәрменовтің өзінің «Халық әндері мен халық 
композиторларының әндері» атты кітабына бұл деректі еш тексерместен 
(әлде Қ.Биғожиннің қатты қолқалауымен) кіргізіп жібергенін білеміз. 
Жәнібек ағамыз былай дейді: «Әнші, зерттеуші Мұстафа (1806–1833) 
Омбыдағы офицер мектебінде Сегіз серімен бірге оқыған. Ереймен тауға 
жазғы демалысқа барып, руы Қанжығалы Қасқара деген қайнағасымен 
күресіп, мертігіп 27 жасында қайтыс болды»
71
. Сегіз сері Баһрамұлын 
тарихи тұлғаға айналдыру жолында «сегізтанушылар» кісі өлтіруден 
тайынбайтындай. Шынында да, 1853–1854 жылдар шамасында туған 
адамды, шімірікпей 1833 жылы «өлтіре салу» сұмдық емес пе? Бұл 
қадамға «сегізтанушылар» Сегіз серіні Мұстафамен «курстас» қылу үшін 
барғандығы сезіледі. Арғы жағы белгілі: Мұстафа мен Сегіз сері жазда 
Омбыдан Баянауылға «каникулға» келеді. Сол жолғы сапарында Сегіз 
сері Мұстафаның апасы Ақбет сұлумен танысады. Мұның соңы Сегіз 
серінің «жүрегін жарып» шыққан: «Ақбет», «Қыз келбеті», «Ойлан, 
Ақбет», «Қош бол, Ақбет» әндеріне ұласады. Әдемі, жұп-жұмыр әфсана 
ойлап тапқандары үшін «сегізтанушыларды» құттықтап қоюға болар еді. 
Өкінішке қарай, Мәшһүр Жүсіптің мына жазғандары әдемі әфсананының 
тас-талқанын шығарғаны. Сол заманның куәгері Мәшһүр Жүсіп былай 
дейді: «Мұстафаның туып-өскен жері – Сарыарқа: Баянаула тауы. Туған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет