Сəйф Сараи. «Сүһаил мен Күлдірсін». «Гүлстан би-т-түрки»
Сəйф Сараидың өмірі жөнінде мағлұмат аз. Бір өлеңінде:
Қамышлы йұртда бенім туған елім еді,
Білің ғарытқа келтұрған білім еді.
1
Хосроу Уа Ширин. «Кутба и его язык». Тюркологичес. сб. М., 1966.
2
Маллаев Н.М. История узбекской лит-ры с древнейших времен до XVII века.
Автореферат. Ташкент, 1963, стр. 40.
3
Кутбун «Хұсрау уа Шырыны» уа діл хұсұсиятлары. Стамбул, 1968.
Қазақшасы:
«Қамысты» деген жұрт менің туған елім еді,
Білсеңіз шет жұртқа білім іздеп келгенмін,— деген.
С.Сараи творчествосын арнайы зерттеген ғалымдар X.Ю.Мин-
негулов, Н.А.Давроновтар Қамысты қаласы, тіпті ауылы болған жер-
лер қазіргі Саратов (Сарытау), Қырым, Орал маңында, сондай-ақ өзбек
жерінде де кездесетіндігін, олай болса С.Сараидың сол маңайдан
шыққан ақын екендігін айтады
1
.
Сараи өмір сүрген XIV ғасырда біраз қыпшақ ақындары Алтын
Орданы тастап, сол кезде ірі мəдени орталықтардың бірі болған
Египетке кеткен. Себебі ол уақытта Египетті қыпшақтар билеп тұрған,
оларды «Мамлүктер» деп атаған, ал Алтын Орда болса, бұл кезде
бөлшектеніп ыдырай бастаған. Мамлүктер билеген кезде Египетте
түркі тілдерін, түркі əдебиетін білуге деген ықылас зор болды. Қазақ
шежіресінде де Сыр бойынан Мысырға ауып кеткен оғыз, қыпшақ
тайпалары болғандығы, оларды «көндігер» деп атағандығы жөнінде
айтылады екен (Ə.Марғұлан). С.Сараи да Сарай қаласынан шыққанмен,
кейін Мысырға кеткен, өмірінің соңын сонда өткізген ақын. Шамамен
1320 жылдары туып, 1396 жылы қайтыс болған.
С.Сараидың екі шығармасы белгілі. Бірі «Гүлстанның» аудармасы,
екіншісі өзінің төл шығармасы «Сүһаил мен Күлдірсін».
Сəйф Сараи бұл дастанында
2
өз дəуірінің актуалды мəселелерін
арқау ете отырып, Ақсақ Темірдің шапқыншылығын бірін-бірі сүйген
қыз бен жігіттің тағдырын көрсету арқылы сынайды. Поэманын
басы соғыс қиыншылықтарын, оның қарапайым халыққа əкелетін
тауқыметін суреттеуден басталады Қазіргі қазақ оқушысының
ұғымына аудармасыз-ақ түсінікті.
Темір Үргенішке тартып келді лəшкер,
Көріп көз көр болып, қалды құлақ кер (керең),
Қозытты (қоздырды) шаң білен ғаламда топан
1
Миннегулов X. Ю. Переводы и оригинальные произведения Сайфа Сараи. Автореф.
канд. дисс. Казань, 1972; Сəйф Сараиның тормышы һəм ижаты. Қазан, 1972.
2
Миннегулов X. Ю. Переводы и оригинальные произведения Сайфа Сараи. Автореф.
канд. дисс. Казань. 1972; Давронов Н. А. Сайфи Сараи. (Жизнь и творчество). Автореф.
канд. дисс. Ташкент, 1968.
126
127
Ақытты (ағызды) су текін (су сияқты) йер үзре
(жер үстінде) көп қан.
Егінші үйлері жағылды отқа
Бидай сүйрігі топырақ болды ботқа.
(ҚГУ. Татар филологиясы кабинеті «Ядгарнама», 5-бет., X.Ю.Мин-
негулов. Сəйф Сараиның тормышы һəм ижаты. Қазан, 1972).
Дастанның оқиғасы: Бір соғыста Сүһаил атты жас жігіт тұтқынға
түседі. Оған ғашық болған шаһтың қызы Күлдірсін жігітті тұтқыннан
босатып алып, сонымен бірге қашып кетеді. Бірақ екеуінің ойлаған
арманы іске аспай, жол азабынан Күлдірсін қайтыс болады. Ол қайғыға
шыдамаған Сүһаил өзіне-өзі қанжар салып өледі.
Сəйф Сараи бұл дастанды Темірдің қызы мен Тоқтамыш ханның
ұлы жайлы халық арасына тараған аңызға сүйеніп жазған.
С.Сараидың «Гүлстан би-т-түркиі» парсы-тəжік əдебиетінің
ұлы ақыны Сағдидың «Гүлстан» атты шығармасынан 1391 жылы
аударылған. Сағдидың бұл кітабы орта ғасырдың өзінде көптеген
тілдерге тəржімаланды, соның ішінде С.Сараи бірінші аудармашы
болды. Сараи түркі тіліне аударғаннан кейін 1430 жылы осман
түріктерінің тіліне аударылған.
С.Сараи «Гүлстанды» ешбір өзгеріссіз аударма жасауға ты-
рыспаған, көптеген қысқартулары, өз жанынан шығарып қосқан
жерлері де бар екендігі дəлелденген. Мысалы, кітаптың I—VII
тарауларындағы 182 хикаяттың 178 ғана аударған. Үшінші тарауына
өз тарапынан жаңа əңгіме қосқан, сонымен бірге кітаптың кіріспесі
мен соңғы жағына біраз өзгерістер енгізген. Онда өз тұстастарынан
бірнеше ақынның төрттағандары, көктем туралы өлеңі берілген. Нəзира
тəсілімен жазылған сегіз ақынға жауап өлеңдері, жалпы аударманың
өзі С.Сараидың нəзира шебері екендігін көрсетеді. С.Сараида:
Хұснұның жауи Хытай уа Чын ічіндə бар ерүр,
Аслы алчын сезлəрі Чын көзлəрі татар ерүр.
Қазақшасы: Сұлулығыңның даңқы Қытай мен Чынға (Шығыс
Түркістан) жетті.
Асылың алшын, сөзің майда, көздерің жаудырайды,— деген өлең
жолдарындағы «асылың алшын» сөз тіркесі Тұрмағамбет ақынның:
Есімім — Тұрмағамбет, асылым алшын, — дегенін еске түсіреді.
Сондай-ақ С.Сараи кітабындағы: жұрт, рең, көр, лағыл, анар,
гауһар, дембе-дем, т. б. сөздердің қазіргі қазақ тілінде сол қалпында
сақталуы да қызықты.
Төменде Сəйф Сараидың осы кітабының жекелеген өлең,
əңгімелерін қазақшаға аударып ұсынып отырмыз.
С. Сараидың өз өлеңі
Ей, жиһани ғылм уа ұстаду һүнəр,
Мағрифəтінің мəнбəн сахиб назар.
Гүл тілəсə хатырың толы табақ
Бұл «Гүлстанымдан» оқы бір вəрəқ,
Гүл жамалы бір нечə күндə кечер,
Бұ «Гүлстан» дайыма көңүл ачар.
Ол ажайыб кім ғəрайыб мүнда бар
«Хосрау уа Шырын» ічіндə канда бар.
Бұ лəтайыф бағы-бұстаны тұрүр,
Бұлбұл — муғəнныйы гүлстаны дұрүұр.
Би сифəтлəр бірлə кезлəргə толуп
He əжəб болса мəсабиһ əл-кулуб.
Түркиге кіліп əжəмдəн бү кітаб
Меғрифаткə ачты сəкіз түрлү наб.
Тегме бір жанға мүфəрриһ болмаға
Тегме хатірні мүшəррə қылмаға
Бұ гүлстанға тамаша қылған ер,
Дəмбе-дəм мағна иемішін тазə йер.
Жан қачан болғай гүлстандан мəлүл,
Күн көрүчек шадман болүр көңүл.
Хайыр етіп болған мөліклəр намыдар
Кетті қойуп һəр бірі бір йадгар.
Егү аты қалса ернің йахшырақ
Соңра қалғанча толы алтун рəвəқ.
Иадгары қалса кімнің егү аты.
Өлмəс ол ер кімде болса бу сифат
Бу сифатлы ер бүгун хəйры қазір
Мысыр ічінде бар бір ғарыф əмір
Егүлүк тұр дəм ба-дəм елге іші.
128
129
Жаһ уа дəулет, фəтһ уа нусрат тұр іші.
Лұтфу əхлак уа кəрəм каны дурур
Егу аты дайыма тілде ерүр.
Діну дүниа, дəулəты заты шəриф
Мəғрифəтның мағдəны өзі зариф.
Бұ «Гүлстан» зинəті Тейхбас бек
Хажыт ұл — Хүжжаб сұлтана хас бек
Хəр біріга жан бекін елгə йəрар
Олтуруп йерғу йəрарда қыл йарар.
Хақ тағала дəулəтын қылсун зийад
Дайныдын алсун тəнəғұм бірлə дад.
Ей мəлəк сурəт, мəлік нусраты инан
Жүд ічінде Хатəми Тайы зəман.
Бəдри дəулет алəме қүтлу иүзуң
Кім білік, бəһрі өзүң жəуһəр сөзүң
Біліклі фарис сəн, ол арслан йүрəк
Сəн-сəн ол лəшкəрде сафлар үзгəн ер
Ердəмінде ердəмын кергүзгəн ер.
Көрмəдім ғарыф жəугһəрі
Дүррі мəнагə мубассар мүштəрі.
Назм етіп көркіл дүғалар затықа
Таң һəдийа келтүрүп мəн атыңа.
Ол һəдийə бу кітаб ерүр мүфид,
Жүмлə əлфазы толу мағнайы жадид.
Өзіңе болұп мүбарəк бу кітаб
Дайым алсун нəфғ мүндан шəйху шаб
Егу аты йады бірлə көп көр заман,
Тазə болсын бү «Гүлстаны» жунан
Бұ кітап бағбаны ол əдіб,
Кім сарайы Сəйф ерүр назми ғəріб.
Аудармасы
Ей, жер жаһанның ғалымы, өнерде ұстазым,
Білімнің бұлағы, мейірім иесі.
Жаның табақ толы гүл тілесе,
Бұл «Гүлстанымнан» бір парақ оқы.
Гүл шырайы күнде солар,
Ал бұл «Гүлстан» дəйім көңілді ашар.
He ғажайып, не қызықтар мұнда бар,
Олар, «Хұсрау уа Шырында» қайдан болсын!
Бұл сымбатты бақ — гүл бағы,
Гүл бағының жыршысы — бұлбұл.
Міне, осы сипаттағандарым көз алдыңда
Жүректерді билесе ғажап емес.
Парсыдан түркі тіліне аударылды бұл кітап,
Алдыңнан сегіз түрлі білім жолы ашылды,
Бір жанға қуаныш əкелсін деп,
Біреудің санасына сəуле түссін деп.
Бұл «Гүлстанды» тамашалаған кісі
Дембе-дем өмір мағынасының тап-таза жемісін жер.
Жаның «Гүлстаннан» жалықса,
Күнді көріп шат-шадыман болар көңіл.
Қайырымды небір патша етіпті,
Əрқайсысы артына жəдігерлік тастап кетіпті.
Ер артында ізгі аты сақталып қалса жақсырақ,
Қалғанынша соңында алтын толы қазына.
Кімнін, аты жəдігерлік боп қалса
Ол сипатты ер еш уақытта өлмес.
Мұндай ер бүгін бізде бар,
Ол Мысырда бар, ол — дана əмір
Дембе-дем елге қайырымды іс қылар
Лауазымды, дəулетті, жауынгер, тек жеңіске жетеді,
Ол — мейірім бұлағы, қайырымдылық қанында,
Ізгі аты дəйім ел аузында,
Дін, дүние, атақ-даңқ — бəрі өзінде
Білімнің бұлағы, тамаша жан
«Гүлстанның» сəні — Тейхасбек
1
.
Сұлтанның Хаджиб Əл—Худжабы, нағыз бегі,
Əрбіріңе жан секілді, елге сүйкімді,
1
Сейф Сараи кітабын осы əмір Тейхасбекке арнаған.
130
131
Төрелік айтса, қара қылды қақ жарар.
Хақ тағала дəулетін молайта берсін,
Бұл өмірдің сый-құрметін көре берсін!
Ей, мəлік суретті патшам, тəңірдің
тілеуімен еліңді басқар,
Мырзалықта осы заман Хатымтайысың,
Құтты жүзің əлемге дəулет берер.
Өзің — білім теңізі, сөзің — жауһар,
Білікті, арыстан жүректі салт аттысың,
Соғыста жаудың сапын қақ бөлген ерсің,
Ерлердің ішінде ерлігімен көзге түскен ер,
Сенің жақтырмаған көзқарасыңды байқамадым,
Дүр қадірін алушы білер.
Жыр маржанын сыйлық етіп ұсынсам,
Сыйлығым сол — пайдалы кітап.
Бар сөзі естімеген ойларға толы,
Өзі де қасиетті болсын осы кітап
Жас та, шал да дəйім керегін тапсын одан,
Оның ізгі аты замандарға жайылсын.
Таза болсын бұл жұмақ «Гүлстаны».
«Гүлстанның» бағбаны, ол — жазушы
Сəйф Сараи болар ақын — ғаріп.
1
Көктем туралы өз өлеңі
Иəнə кийді йəнгі ашжар хил’ əт
2
Безəнір бағ уа бустан тұтты зинəт.
Бұтақлар алды бустандан баж
Чəчəклəрдан орунуп һəр бірі таж.
Бинəфшə бойын егді гүлгə кəршы
Ачып ‘əнбəр көзін сүнбұлгə кəршы
Болуп мутриб гүлстанларда бұлбұл
1
«Ғаріп» деп ақын өзінің Мысырға шет жерден келгенін айтып отыр
2
Өлеңдер Э.Н.Наджиптің жариялауы бойынша алынды. Қараңыз: Э.Н.Наджип.
Тюркоязычный памятник ХІV века «Гулистан» Сейфа Сараи и его язык.А.,1975,
стр.53.
Қылур мың түрлі нəғмə бірлə гүлгүл
Иəнə фирдəусі ағлатек болды бағ
Зүмəррəд рəңін алды тəгмə бір тағ.
Аудармасы
Жəне киді жас ағаштар шапанын,
Безенді бақ, əсемденді гүлзарлар.
Бұтақтар бақ ағашынан тамырланды,
Гүлшешектен орнатып басына тəж.
Шегіргүл иіледі раушанға,
Ашып құмар көздерін сүмбілге қарай.
Жыршы болып гүлстанда бұлбұлдар
Мың бұралта əнге салар,
Жəне жұмақ бағына айналар,
Барлық таулар реңі зұмрадқа
1
айналды.
1
Зұмрад — изумруд.
132
133
ХИКАЯТТАР
1
Бір патша құлымен бірге кемемен жүзіп келе жатты. Бұрын кемеге
мініп көрмеген құлы қорқып жылай бастады. Жұрттың мазасын алды.
Оны ешкім сөзбен жұбата алмады. Сонда бір данышпан кісі патшаға:
«Егер рұқсат етсеңіз оны тыныштандырайын»,— депті. Патша рұқсат
беріпті. Данышпан құлды теңізге тастатады. Байғұс құл суға бір батып
— бір шығады. Екінші батқанында оны шашынан тартып, қайтадан
кемеге шығарып алыпты. Құл кемеге əзер дегенде мініп, бір бұрышқа
барып бүрісіп, үн-түнсіз отырып қалыпты. Патша: «Бұл қалай болды?»
— дегенде, данышпан: «Бұл адам теңізге қарық болудың машақатын
көрмегендіктен, өзінің сау-саламат отырғанының қадірін білмеді.
Бейнет көрмеген адам рахаттың қадірін білмес», — депті.
Бадаз шаһарында дүғасы дарымай кетпейтін бір дəруіш бар еді.
Уəзірі патшаға хабар етіп, дəруішті алып келеді де, оңашалап: «Маған
арнап дұға қыл!» — деп бұйырады. Сонда дəруіш:
«Е, құдая, уəзірдің жанын ал!»—дейді. Уəзір: «Бұл дұғаңның мəнісі
не?» — дейді. Дəруіш: «Бұл дұға саған да, бүкіл мұсылмандарға да
пайдалы»,— депті.
Бір сұлтанның үш ұлы бар еді. Екеуі ұзын бойлы, өңді, ал бірі қысқа
бойлы болыпты. Бір күні сұлтан қысқа бойлы баласына жақтырмай
қарады. Бала əкесінің көзқарасын байқап қалып: «Ай ата, ұзын бойлы
ақымақтан қысқа бойлы ақылды артық» — депті.
Бір патшаның уəзірі қызметінен босап, сарайдан қуылды. Ол
барып дəруіштерге қосылды. Дəруіштер сұхбатымен ақылына ақыл
қосылды, жақсы адам болды. Патша бір күні ол уəзірге қайтадан көңілі
түсіп: «Маған уəзір бол!» — дейді. Ол кісі келіспейді. Патша: «Біздің
мемлекетімізге білімді, данышпан уəзір керек», — дейді. Сонда уəзір:
«Уəзір болуға келіспегендіктің өзі — даналық», — депті.
Наушаруан (Ануширван) қауап пісірмекші болып еді, тұз жоқ
екен. Құлының бірін бір жерден тұз алып келуге жұмсайды. «Ақшасын
төлеп ал, өйтпесең, біреуден-біреу тегін алуға тырысатын əдет пайда
болмасын!» — дейді. Құлы: «Сол титтей тұзды тегін алғанда тұрған
1
Қараңыз: Борынгы төрки һəм татар əдəбиəтының чыганаклары. Қазан, 1981,
Гүлстан бит-түрки.
не бар дейсіз!» — дейді. Наушаруан: «Əуелде əлемде зұлымдық аз еді.
Кейін əр адам титтейден қосқанда, зұлымдық көбейіп кетті»,— деді.
Хасан Маймандийден сұрасыпты: «Сұлтан Махмұдтың қаншама
көрікті де ақылды құлдары бар. Соның ішінде неге Аязды жақсы
көрген?» Сонда Хасан Маймандий айтыпты: «Көңілге ұнаған көзге
сұлу көрінер».
Бір уəзірдің баласы ақымақ екен, адам болсын деп ғалымға
жіберіпті.— Тəрбиеле, ақылды болар ма екен,— дейді. Ғалым уəзірдің
баласын ұзақ оқытыпты. Бір күні əкесіне хабар жіберіпті: «Балаң
ақылды болатын емес, оның есесіне өзім ақымақ болуға айналдым»,—
депті.
Адамның жүрегі қабылдаса,
Тəрбиеден із қалады.
Егер ақымақ болса,
Темірді қанша ысқыласаң да жалтырамайды.
Итті суға бір апта салсаң да,
Күннен күнге кір болуын қоймайды.
Иса мінген есекті Меккеге апарсаң да,
Меккеден бəрібір есек болып оралады.
Араб патшаларының бірі: «Лəйлі — Мəжнүн» қиссасын есіткен
соң, Мəжнүн мен Лəйліні іздетіп тауып алдырыпты. Лəйліге қараса,
өз кəнизектерінен артық емес. Мұны байқаған Мəжнүн: «Уа, патшам,
Лəйліге менің көзіммен қараңыз»,— депті.
Мысал. Шаяннан сұрапты: Сен неге қыста ініңнен шықпайсың?
Шаян жауап берді:—Жазда шыққанда не пайда тауып едім, енді қыста
несіне шығам?
Шайх Сағди айтады: Бір дəруіштің баласы жоқ екен. Əйелі
екіқабат болыпты. Дəруіш: «Осыдан ұлды болсам, бар дүниені шашар
едім, пақырларға таратар едім»,— депті. Əйелі ұл туып, дəруіш бар
малын таратып беріпті. Бірнеше жыл өткен соң Шам сапарынан
оралып, əлгі дəруіштің халін білмек боп ауылына келдім. Келсем,
зынданда жатыр екен. Бір кісі:—Баласы мас болып, адам өлтіріп
қашты. Содан əкесінің мойнына шынжыр, аяғына кісен салды, — деді.
Мен: — Бұл құлдықты оның өзі құдайдан тілеп алған еді! — дедім.
Ақылсыз баладан гөрі
Заһарлы жылан туғаны жақсы еді.
134
135
Шайх Сағди айтады: Бір байбатша əкесінің қабірінің басында
отырып, кембағалдың ұлына айтты: «Менің атамның қабірі тастан
салынған, жазулары алтын, үстіне мəрмəр қойылған. Сенің атаңның
осындай жайы бар ма? — деді. Сонда кембағал айтады: «Сенің
атаңды тас басып, қозғала алмай жатқанда, менің атам жəннатқа жетіп
барады».
Патшаның достығына, баланың шаттығына сеніп болмайды.
Патшаның достығы бір сəтте, баланың шаттығы бір кеште өзгереді.
Əр кісіге сырыңды айта берме. Бір күні досыңның дұшпан болуы
ғажап емес. Жасырған сырыңды жақын досыңа айтпа, ол досыңның
досы, досыңның жəне досы бар.
Екі дұшпан арасында байқап сөйле, олар бір күні дос болып кетсе,
ұятқа қаларсың.
Дұшпанға рақым етпе, сен қолға түссең, ол саған рақым етпес.
Кім жауыз адамды өлтірсе, халықты оның бəлесінен, жауызды
құдайдың жазасынан құтқарады.
Айлалы дұшпан өзін дос қылып көрсетеді. Дос болып алған соң,
оның қылған жамандығын дұшпан да жасай алмайды.
Жыланның басын дұшпан қолымен жанышта. Егер дұшпан жеңіп
шықса, жыланды өлтірген боласың. Ал егер жылан жеңсе, дұшпаннан
құтыласың.
Біреудің көңілін ренжітетін хабар естісең, сабыр қыл, оны басқа
біреу айтсын.
Он адам бір дастархан басында дəм татады. Екі иттің басы бір
жерге сыймайды.
Ашкөз адам бар жаһан малына тоймайды, қанағатты адам бір үзім
нанға тояр. Данышпандар айтады: Мол мүлік жинап бай болғаннан
гөрі, қанағат қып бай болған жақсы.
Кімде-кім құдіретті болғанда кісіге жақсылық қылмаса, басына іс
түскенде құтыла алмас.
Асығыс істің құны жоқ.
Дұшпанның айласына алданба, аярдың мақтауын бір сомға да
алма. Бірі саған тұзақ құрған, екіншісі тамұқ есігін ашып тұр. Ақымақ
мақтаудан семіреді.
Əр іс сабырмен істеледі. Асығыстың арты пұшайман.
Жаманмен жүрген жақсылық қылмайды.
Білім алып, оны жұмсамаған адам, жерді жыртып қойып, тұқым
шашпаған диқанға ұқсайды.
Сырты сұлу адамның мінезі сұлу бола бермейді, мəселе сыртқы
сұлулықта емес, көңілде.
Алдындағы дұшпанын өлтірмеген кісі — өзіне дұшпан.
Аз жиылып көп болар, тама-тама көл болар.
Кісінің тірісінде нанын жемегендер, өлген соң дəмін ауызға
алмайды.
Жүсіп патша Мысырда аштық болған жылы аштарды ұмытпас
үшін тамақ жемепті.
Махмуд бин Əли. «Неһдж-ул-Фарадис»
(Жұмаққа апаратын жол)
Кітап 1358 жылы жазылған.
Бұл төрт бөлімнен тұратын көлемді прозалық шығарманың
мазмұны: Мұхаммед пайғамбардың өмірі, Мұхаммедтің ізбасарлары,
діни адамдардың өмірі, қызметі жайлы, адамдардың жақсы, жаман
істері мен мінездерінен мағлұмат əңгімелер.
«Неһдж-ул-Фарадистің» қазір төрт қолжазбасы белгілі. 1930
жылы Ялтадағы шығыс музейінің ғылыми қызметкері Якуб Кемаль
бір қолжазбасын тауып оқып шығып, зерттеу еңбек жариялады
1
.
Қолжазбада «Неһдж-ул-Фарадистің» алғашқы екі тарауы бар. Небары
549 бет. Қолжазба XIV ғасырда көшірілген, яғни бұл «Неһдж-ул-
Фарадистің» ескі көшірмесі. Екіншісі — Стамбул нұсқасы. Мұны
1928 жылы Зеки Велиди Тоған Стамбулдағы «Яни-Джами» мешітінен
тапқан. Зеки Велидидің көрсетуі бойынша, көшірген адам Мұхаммед
ибн Мұхаммед ибн Хосроу əл-Хорезми. Бұл қолжазба Анкарада 1965
жылы жарияланған. Стамбул көшірмесі толық, жақсы сақталған.
Сондай-ақ Қазанда үш көшірмесі бар. Қазан университетіндегі
екі көшірмесі нашар сақталған, көпшілік беттері жоқ, XVII—XVIII
ғасырларда жазылған
2
. Үшінші қолжазба Қазандағы педагогикалық
1
Якуб Кемаль. Тюркско-татарская рукопись XIV в «Нехдж-ул-Фарадис».
Симферополь, 1930.
2
Наджип Э. Н. О памятнике XIV века «Наһдж-ал-Фарадис» и его языке.— Советская
тюркология, 1971, № 6, стр. 56—68.
136
137
институттың татар əдебиеті кабинетінде. Ол XVIII ғасырдың аяғында
көшірілген.
1885 жылы Шихаб-уд-дин Маржани «Китаб мистафад əл-ах-
бар...» деген кітабында осы «Неһдж-ул-Фарадистің» XIV ғасырдағы
бір көшірмесінен үзінді келтірген. Бірақ ол қай көшірме екендігі қазір
мəлім емес. Сонымен «Неһдж-ул-Фарадистің» ең толық көшірмесі
Стамбулда Я. Экман жариялаған нұсқа болып отыр.
«Неһдж-ул-Фарадис» жайлы Б. А. Яфаров арнайы зерттеу жұмысын
жазған
1
.
«Жумжума»
Авторы — Хұсам Катиб, 1369—70 жылдары жазылған. «Жум-
жума» жайлы Е.Э.Бертельс былай дейді: «Поэмаға сопылық мистика
көп енген. Бұл өмірді тұрақсыз, опасыз етіп көрсетуге тырысады. Бірақ
поэманы түгелдей діни шығармалардың қатарына қосуға болмайды, ол
— үлкен мəні бар шығарма». («Новый мир», 1939, № 9.)
«Жумжуманың» қолжазбалары Ленинградта, Қазанда сақталған.
1881 жылы қазақ фольклорисі Жұмашев Мəулікей бастырып
шығарған.
1
Яфаров Б. А. Литература Камско-волжских булгар X—XV в. Нахдж-ул-Фарадис.
Казань, 1950.
МƏТІНДЕР
МƏШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ
Қисса «Гүлшат — Шеризат»
1
Жігітке өнер берсе қиын емес,
Болғаным менің ақын биыл емес.
Бетіне ақ қағаздың салып шимай
Қиссасын «Гүлшат — Шеризат» қылдым кеңес.
Сөзімді естіген жан ұғып алсын,
Қапалы ғаріптердің мейірі қансын.
Мəшһүрдің бір сөйлеген сөзі ғой деп,
Кейінгі бозбалаға мирас қылсын.
Жүйріктің сөз сөйлейтін келді кезі,
Ойласам дөп-дөңгелек дүниежүзі.
Қыз Гүлшат Шеризатпен ғашық-мағшұқ
Бозбала енді тыңда қисса сөзін.
* * *
Ертеде бір патша өткен аты Кəркін,
Аямай берген екен дүние мүлкін.
Билеген жеті жұртты асып күші
Тұрақтап кімге тұрар дүние шіркін.
Уақытында ондай болған патша жоқ-ты,
Жігіттер əуес қылма бұзықтықты
Болмаған мұңсыз пенде бұл жалғанда,
Сол патша перзент үшін болған дертті.
Қайғысы падишаның болды қатты,
Үйінде қырық күн тұрмай жылап жатты.
1
Қаз. КСР Ғылым академиясының қолжазба қоры. Папка № 1173, 12-дəптер.
138
139
Қайғырып бір перзент тілеу үшін,
Жидырған пақыр, мүскін, жамағатты.
Кімге айтып ғаріп пенде қылады наз,
Жалғанда кім бар дейсің қайғысы аз,
Кедейдің ол күндегі тілеуі оң ғой,
Қатыны падишаның болды буаз.
Падишаға буаздығы болды мəлім,
Аямас шаһи Кəркін дүние, малын.
«Əр қамалға бір зауал» деген сөз бар,
Айтайын болған қандай енді халін.
Аруағы жақсылардың маған жұққан,
Жас едім қариялардың сөзін ұққан.
Қапалы шат болған соң көңілдері,
Ат мініп, шаһи Кəркін аңға шыққан.
Он түрлі сайман алған бір басына,
Қырық жігіт жолдас алған өз қасына.
Далада құлан аулап келе жатып,
Килікті қалың орман ағашына.
Жігіттер есітіңіз сөзім майда,
Сөз есіт қызықпенен осындайда.
Ішіне қалың орман барып кірсе,
Айбатты бір арыстан болды пайда.
Арыстан қарсы алдынан ақырады,
Падиша мұны көріп тоқырады.
Ат үркіп арыстаннан шығып кетті
Тағдырдың құдіретін көр не қылады?
Жығылып аттан патша жерге түсті,
Қырық жігіт қашып кетті, зəресі ұшты.
Патша аттан жығылып түскенінде
Арыстан жағаласып бірге түсті.
Арыстан падишаны басып қалды,
Шошынып патша жаман сасып қалды.
Ақ алмас қылышымен шауып еді
Арыстан өліп, патша аман қалды.
Қиындық мұндай патша көрмеген-ді,
Қылышты қысылған соң сермеген-ді.
Арыстан өліп қалды қылыш өтіп
Ажалсыз патша мұңлық өлмеген-ді.
Жиылып келді бұған нөкерлері,
Құл болып көрмедік деп жігерленді.
Падишаны теңге салып алып кетті
Ағаштан жасап теңді шеберлері.
Падишаны алып келді теңге салып
Жылайды мұны көріп халқы налып.
Патшадан əділетті айрылдық деп
Шуласып зар жыласты барша халық.
Жиылып елі-жұрты бəрі келді,
Падиша жараланған көзі көрді.
Өсиет сөзім бар деп жарандарға
Падиша жылап тұрып жауап берді.
Жылайды жұрты көріп мұңдап халді,
Салған соң басқа бүйтіп қайғы-зарды.
Патшаға аса жақын жүретұғын
Парахзат деген бір уəзір бар-ды.
Сөйлейді сөз болсын деп жамиғатқа;
Болдық деп бір болмақшы ақиретте.
Мал-мүлкін, иесіз қалған ел-жұртымды,
Тапсырдым аманат қып Парахзатқа.
Парахзат ал қолыңа мал-мүлкімді,
Таза қыл арамдықтан іш-құлқыңды.
140
141
Ренжітпей халқыма тыныштық қыл,
Билеп тұр аздырмастан ел-жұртымды,
Аманат саған қойдым біл мал-жаным,
Билерсің мен өлген соң мүкаммəлім.
1
Халқыма дəл өзімдей əділдік қыл
Ренжітпей жетім қалған ғаріптерім.
Ей, халқым, риза бол бəрің маған,
Кешіңдер жерім болса ұнамаған.
Аманат адамдықпен сақтар болсаң
Парахзат бір сөзім бар айтар саған.
Ел-жұртым құлағың сал бұл сөзіме,
Толмайтын құм құйылды сұм көзіме.
Орынсыз аңға шығып келемін деп
Қапыда іс қылдым ғой мен өзіме.
Дүниеден жиренбестен құрыдым ба,
Түсімді жамандыққа жорыдым ба?
Парахзат бұл сөзімді қабыл тұтып
Өзімнің падиша болсаң орныма.
Басыма заман қайғы салды деді,
Көңілімде ойлағаным анық еді.
Ұл туса патша сайла өз орныма
Қатыным екіқабат боп қалып еді.
Артымда буаз қалды ханым дейді,
Көп еді жиған мүлік-малым дейді.
Ұл туса хан көтерсең орныма
Əруағым риза болар менің дейді.
Халайық ризамын бəріңізге,
Тағдыры келді осылай енді бізге.
1
Мүкаммəлім — дүние-мүлкім.
Қыз туса күтіп-сыйлап теңіне қос,
Айтатын сөзім осы бəріңізге.
Ел-жұрты құп тыңдады пəлі десіп,
Ұл туса хан сайлаймыз оны десіп.
Дүниеден шаһи Кəркін етті дейді,
Өлімнің тағдыр жазған суын ішіп.
Достарыңызбен бөлісу: |