Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата22.12.2016
өлшемі1,24 Mb.
#56
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

* * *
Дастанның «Хикаят» аталатын шағын бөлімі шығарманың негізгі 
мазмұнынан  оқшау  тұр.  Негізгі  ойы — дүние-малға  қызықпай,  азды 
қанағат тұтуға, бұрыннан келе жатқан жақсы дəстүр-салтты сақтауға 
шақыру, ақыл-парасатты жоғары қою. Азды қанағат тұту идеясы өзінен 
бұрын өткен ақындар М.Қашғари, А.Иүгінеки ойларымен қиысады.
468. Аз нəрсеге жоқтықта қанағат қыла білгенің — 
Өз еркіңе ие боп, патша боп өмір сүргенің.
469. Уайымы жоқ мұңы жоқ шат көңілде боласың, 
Лайықты орныңды мына өмірден табасың.
470. Əуре болма сарай іздеп, көк тіреген керемет, 
Бір үзім нан, суың болса, одан артық не керек?!
«Хикаятта»  оқиға  бірінші  жақтан  баяндалады.  Белгісіз  кейіпкер 
Тайфурды  (Византия)  басып  өтіп,  Шамға  сапар  шегіп  бара  жатады. 
Сапарында  Сейіттер  əулетінен  шыққан
1
  бір  жас  жігіт  жол  көрсетіп 
жүреді.  Қос  тұлымы  иығына  талғаммен  өрілген,  салмақты,  білімді 
жас  жігіттің  киген  киімі  Сейіт  əулетінен  шыққан  адамға  сай  емес, 
қайыршыға  ұқсайды.  Сонда  керуеннен  əлдекім  оны  табалап: «Бұл 
Сейіт ұрпағы емес, тақыр кедей, өзін-өзі көтермелеп жүрген біреу»,— 
деп  тиіседі.  Оған  қарсы  бір  қарияның  айтқан  ақылын  келтіреді  де, 
Хорезми: «Аз нəрсеге қанағат қылсаң, ешкімге құл болмай, еркіңмен 
жүресің. Уайымсыз өмір сүремін десең, есепсіз байлық пен дүниенің 
керегі жоқ»,— деген өз ойларымен түйіндейді. Бұл ойлар Хорезмиден 
бұрынғы  өткен  Махмұд  Қашғари,  Жүсіп  Баласағұни  ақындардың 
шығармаларына  өзек  болған  негізгі  идея  болатын.  Хорезми  осы 
алдыңғы ақындардан үлгі алып, олардың адамгершілік туралы ойларын 
дамытқан. Махмұд Қашғари «Түркі сөздерінің жинағында»:
1
  Сейіт  əулеті — Мұхаммедтің  немересі  Хұсайыннан  тарайтын  ұрпақтары. 
Мұсылман еліндегі аса беделді əулет. 

102
103
«Иағы ерүр йалңұқұқ нəңі тауар,
Білік ері йағысын нелік сəуар».
— Жауы (еді) адамның зат пен тауар 
Білікті ер жауларын қалай сүйер,— десе;
Жүсіп Баласағұни дүниеқорлық туралы:
«Чығай қылса кімні көзі сүқлүқы Байүтмас аны азұн тоқлүқы».
— Шығай (тойымсыз) қылса кімді көзі сқтығы, 
Байытпас оны дүниенің тоқтығы,— деген.
Бұл ойлар Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйында»:
«Иығып көңлі тоймас сүқ бахил, 
Құл ол малға малы аңар ерклиг ол».
Қанша жиса сараң көзі тоймайды,
Малдың құлы ол, мал—билемей қоймайды,— 
болып келеді.
Қорыта айтқанда, қазіргі оқырманның да бұл дастанның тіл қолдану 
шеберлігінен,  сезім  тазалығынан  лəззат  алып,  көп  нəрсені  үйренері 
анық.
Төртінші тарау
ЕЖЕЛГІ ƏДЕБИЕТ ДƏСТҮРІ
Көне  Русь  əдебиетінің  белгілі  зерттеушісі  Д.С.Лихачев  «Неделя» 
газетіндегі  мақаласында  ежелгі  əдебиетті  тамырын  тереңге  жайған 
мəуелі  ағашқа  теңеген  еді. («Неделя», 1973, 13-19 август).  Үлкен 
ғалымның  бұл  сөздері  əдебиет  тарихындағы  өшпейтін  өзіндік  ізді, 
бабадан балаға мирас болып жететін дəстүр жалғастығын айтып тұрған 
жоқ па? Осы тұрғыдан алғанда, арғы негіздері Орхон ескерткіштерінде, 
«Құдатғу  білік», «Хұсрау  уа  Шырын», «Мұхаббатнамада»  жатқан 
ежелгі  жазба  əдебиетіміздің  дəстүрі  деген  не,  оның  кейінгі  қазақ 
əдебиеті  тарихындағы  ізі  қандай? — деген  проблемалық  мəселелер 
əлі  күнге  жауабын  күтуде. XV ғасырға  дейін  басқа  да  түркі  тектес 
ру-тайпалардың  ортақ  ошағында  болған  ежелгі  жазба  əдебиетіміздің 
дəстүрі XV ғасырдан кейін қайда кетті, сақталды ма, болмаса алыстағы 
архаизмге айналып, кейінгі ұлттық төл əдебиетімізге өгей болып қалды 
ма?  Бұл  мəселелердің  егжей-тегжейлі  зерттелуі  түркі  əдебиетінің 
қазақтың төл əдебиетімен дəстүрлі тамырластығын дəлелдей түспек.
Көпке  белгілі,  революциядан  бұрынғы  жазба  əдебиетіміздің  екі 
саласы болған еді. Бірі қазақ өмірін, уақыт тынысын өз шындығымен 
көрсеткен,  озық  ойлы  орыс  мəдениетінен  тəлім  алып,  мүлде  жаңа 
арнада дами бастаған əдебиет те, екіншісі шығыста бұрыннан белгілі 
сюжеттерді  жаңғырта  жазған,  ежелгі  əдебиетіміздің  гуманистік 
идеяларын, жазу дəстүрін бүгінгі күнге жақындатқан Шəді Жəңгіров, 
Мəшһүр  Жүсіп  Көпеев,  Əріп  Тəңірбергенов,  Тұрмағамбет  Ізтілеуов, 
Жүсіпбек  Шайхұсламұлы,  Ақылбек  Сабалұлы,  Мəулікей  Жұмашев, 
Мұхамедғали  Өндірұлы,  Жүсіп  Таубаев,  Кете  Жүсіп  Ешниязов, 
Бекежан Мансұров, т. б. үлкен бір ақындар тобы жасаған əдебиет еді. 
Оларды негізінен қиссашыл ақындар деп атаған. Аталған ақындардың 
қаламынан  туған  «Хикаят  Орқа — Күлше», «Гүлшат — Шеризат», 
«Зияда — Шаһмұрат», «Рауа — Бану», «Жүсіп — Зылиха», «Мұңлық 
— Зарлық», «Таһир—Зуһра», «Дариға қыз», «Еренғайып шаһ Ғаббас», 
т. б. көп қиссалар — əдебиетіміздің тарихындағы өзінше бір қызықты 
құбылыс,  маңызды  сала.  Қарапайым  адамдардың  «Қыз  Жібек», 
«Қобыландымен» қатар ол шығармаларды да сүйіп оқып, тыңдағанын 
С. Мұқанов еңбектерінен де көреміз («Халық мұрасы», А., 1974), көзі 

104
105
тірі қарттардан да естіп жүреміз. Халық Жүсіп пен Зылиханы немесе 
Сейфулмəлік  пен  Бəдіғұлжамалды  Мысырдан,  Иранбақтан  екен  деп 
жат  санамаған,  олардың  күйініш-сүйінішін,  ғашықтық  мехнаттарын 
өз  басынан  өткергендей  қабылдаған.  Өйткені,  аталған  жырлардың 
көтерген  мəселесі  жалпы  адам  баласына  ортақ  жайлар  еді.  Бұл 
шығармалар кезінде сан рет қайталанып басылып шығып, ел арасына 
кеңінен тараған.
Қисса — шым-шытырық  оқиғаға  құрылған  ғашықтық,  тарихи 
қаһармандық сипаттағы əңгіме, аңыз түрінде келетін жазба əдебиеттің 
жəне фольклордың жанры (А. Квятковский. «Поэтический словарь». М., 
1966). Бұл таяу жəне Орта Шығыста, Орта Азияда кең жайылған, шығыс 
əдебиетінде  ертеден  қалыптасқан  жанр.  Арғы  негіздері  Фирдоусидің 
«Шаһнамасына», арабтың «Мың бір түн» ертегілеріне барып ұласады. 
«Қисса»  сөзінің  түп  төркіні  арабша:  əңгіме,  баяндау,  оқиға,  мысал 
деген  ұғымдарды  білдіреді.  Қазақ  əдебиетіндегі  қисса  жанрына 
шығыс аңыз-ертегілерінің сюжеті бойынша жазылған көлемді көркем 
шығармалар, жыр-дастандарды жатқызамыз. Төңкерістен бұрын қазақ 
өмірінен  алынған  эпостық  жырлар,  басқа  да  кітаптар  «қисса»  деген 
атпен жарияланған («Қисса Айман — Шолпан», «Қисса Қыз Жібек», 
«Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны», т. б.). Əйтсе де олар 
қисса  ретінде  қарастырылмайды.  Қисса  қазақ  əдебиетінде XIX—XX 
ғасырдың бас кезінде кең өріс алған. Ел арасында ертеден-ақ ауызша 
да, қолжазба күйінде де кең тараған. Кітап бастырушылар өз бетінше 
жырлағандығын немесе тек жинаушы екендігін ашып айтып жатпайды. 
Кейбір  қиссалардың  оқиғасы  шығыстан  болса  да  қазақ  тіршілігіне 
жақындатылып, қазақ ауыз əдебиетінің дəстүрінде жырланады.
Қазақ  əдебиетіндегі  қисса  жанры  əзірше  арнайы  зерттелмей  келе 
жатыр.  Оның  бір  себебі,  қисса  жанрының  бастау-бұлақтарының 
тереңде жатқан қиындығынан болса керек.
Рас, «Сейфүлмəлік», «Мұңлық—Зарлық»  секілді  қазақ  ауыз 
əдебиеті дəстүріне етене жақын жазылған қиссалар ұшырасады. (Бұлар 
ауызша да жырланған.) Бірақ қазақ қиссалары жазылу əдісі жағынан 
ауыз əдебиетімен сабақтас болғанымен, олардың негізгі арнасы ежелгі 
түркі əдебиетінде екенін аңғарамыз.
XIX—XX ғасыр басында жазылған қиссалардың негізгі ерекшелігі 
— шығыста бұрыннан белгілі сюжетке құрылады. Осылайша шығыста 
бұрыннан  бар  сюжетті  өз  тұрғысынан  қайталап  жырлаудың  өзі 
(М.  О.  Əуезов  түсіндірген  «нəзирашылдық»  əдіс) — ежелгі  жазба 
əдебиетіміздің дəстүрі.
Араб  халифатының  қол  астына  кірген  елдердің  мəдениеті  мен 
əдебиетінің  бірыңғай  əдеби  дəстүрмен  дамығандығы,  ол  əдеби  дəс-
түрдің шығыста, оның ішінде түркі халықтары əдебиетінде орнықты 
болғандығы  сондай,  халифат  ыдырап,  оларды  монғолдар  жаулап 
алған  кезде  де,  сол  халифаттар  құрамындағы  ру,  ұлыстар  жеке-жеке 
хандықтарға, мемлекеттерге бөлініп кеткеннен кейін де ұзақ уақыттар 
сақталды деуге болады. Сондықтан шығыс  алыптары  Фирдоуси, Ни-
зами, Сағди қалдырған жолдар түркі тілдес халықтар əдебиетіне де етене 
жақын еді. Олардан қалған үлгі араб, парсы, түркі тілдерін бірдей бі-
летін  түркі  ақындарына  шеберлік  мектебіндей  болған.  Өз  творчес-
твосында олардың шығармаларын еркін пайдаланған. Бұрынғы араб, 
парсы  ақындары  жазып  кеткен  сюжеттерді  түркі  тілінде  қайта  жаң-
ғыртып жазушылық дəстүрі пайда болды. Түркі əдебиетіндегі шығыс 
дəстүрі  осындай  мазмұн  сипатынан  ғана  емес,  өлеңдік,  поэтикалық 
фор-ма тұрғысынан да танылады. Нəзира дəстүрі жалпы шығыс əдебие-
тінде  үлкен  бір  құбылыс  ретінде  кең  тараған  да,  түркі  əдебиетінде 
XIII—XIV  ғасырларда  айрықша  дамыған.  Мысалы,  Сағдидың 
«Гүлстанының» сюжетін Сəйф Сараи жаңғыртса, Низамидің «Хұсрау 
уа  Шырынын»  Құтба  ақын,  Фирдоуси  поэмасын  Əли  ақын  қайталап 
жазды.  Берідегі  қиссашыл  ақындар  өздеріне  осы  дəстүрді  тағылым 
еткен. Көне дəуірде, ауызша, жазбаша əдебиеттердің ара жігі қазіргідей 
айқын  болмай  жатқан  кезде,  жазба  əдебиеттің  негізгі  материалы 
халықтың ауызша мұралары болғандығына қарамастан, шығыс аңыз-
ертегілері, «Мың  бір  түн», «Тотынама»  əдебиетімізге  Фирдоуси, 
Низами, Жəми, т.б. алыптар туғызған жазба əдебиет арқылы келген.
Эпос  дəстүрін  мұрат  еткен  қазақтың  халық  ақындары  эпостық 
жырларды  импровизация  (суырыпсалма)  əдісімен  қайта-қайта  жыр-
лап,  мол-мол  варианттарын  туғызғанмен,  қиссаларды  ауызша  көп 
жырлай  бермеген  секілді.  Оның  негізгі  бір  себебі  де  бұл  жанрдың 
бастапқы дəстүр-салты жазба əдебиетте жатқандығынан болса керек. 
Сондықтан  да  қиссаны  шығыстың  ежелгі  жазба  əдебиетін  жақсы 
білген, сол дəстүрді ұстанған ақындар тобы жазған. Шығыс дəстүрін 
тəлім  еткен  ақындар  творчествосының  ірі  көрінісі,  М.О.Əуезов 
анықтап  көрсеткеніндей,  Тұрмағамбет  Ізтілеуовтың  «Рүстем-дастан» 
вариантын  туғызу  ізденістерімен  ұқсас  келеді.  Осы  ретте  қиссашыл 

106
107
ақындарды  тек  қана  ауыз  əдебиетін  жинаушы  деп  қарамай,  шығыс 
сюжеттерінің  қазақша  варианттарын  жасаған  жазба  ақындар  деп 
қарағанымыз жөн бе деп ойлаймыз.
Қиссаның  ежелгі  дəуір  əдебиетімен  сабақтастығының  тағы 
бір  көрінісі  ежелгі  жазба  ескерткіштерде  ғана  кездесетін  сөздерді, 
сөйлем  стилін  қолданудан  жəне  сонымен  қатар  көркемдеу  тəсілінің 
ұқсастығынан байқалады. Оны аңғарту үшін XIX—XX ғасырдың бас 
кезінде жазылған қолымыздағы М. Көпеевтің «Гүлшат — Шеризат», 
Ə.Тəңірбергеновтың  «Зияда — Шаһмұрат»  жəне  «Сейфүлмəлік», 
«Жүсіп — Зылиха» қиссаларын XIII—XIV ғасырлар ескерткіштерінің 
текстерімен салыстыра қарайық. Мысалы, «Сейфүлмəлікте»:
Ақ жүзді, ал йаңақты шаһизада, 
Жаралған саф алтыннан сүйектері,—
деген  жолдардағы  «ал  йаңақ»  сөз  тіркесі («Ғашық  нама»  кітабында 
«ал жаңғақ» болып қате басылған) ежелгі түркі ескерткіштері М.Қаш-
ғаридың  «Диуани  лұғат  ат-түрк»  кітабында,  Құтбаның  «Хұсрау  уа 
Шырын»,  Рабғузидің  «Қиссас-и  Рабғузи»  кітабында: «ал — қызыл», 
«иаңақ — бет, жүз» деген ұғымда беріледі: «Анартег жүрегін күйдірер 
нартег  йаңақы» (тег — дай,  дей  жұрнағы).  Сөйтіп,  Сейфүлмəліктің 
қазақша  вариантын  жазған  ақын  аталған  сөз  тіркесінің  тілімізде 
қазақша баламасы бола тұра ежелгі сөздерді өзгертпей қолданады.
Сол  сияқты  көркемдеу  тəсілдеріндегі  ұқсастықтар  да  аз  емес. 
Мысалы, «Сейфүлмəлікте»:
Ғұнша гүл, аузы оймақтай, қасы айдай,
Пендеге ұқсамаған қиындығы, —
деген жолдардағы «ғұнша» (қауызын ашпаған гүл бүршігі) эпитеті дəл 
сол қалыпта XIV ғасырда жазылған «Махаббатнама» дастанында жиі 
ұшырасады:
Ашылса лағлыңыз шекер шашылар,
Көріп гүл ғұншаның аузы ашылар. (155-бəйіт)
Əсірелеудегі ұқсастықтар: 
Өртейді мақлұқ оты жанған жерін, 
Жігіттер, ғашық оты əлемді өртер.
(«Сейфүлмəлік»)
Сенің ғашқың əманда бізді тартар,
Жамалың раунақы (жарық, сəуле) ғаламды өртер.
(«М. нама», 232-бэйіт)
Жүзің нұры құйаштың нұрын өртер, 
Сақақың (иек) шұғласы ғаламды өртер.
(Сонда, 245-бəйіт)
Қазақ  қиссаларында  портреттеуде  мол  кездесетін  қыз  келбетін, 
əдемілікті  асыл  тастарға,  аспан  денелеріне  теңеу,  оларды  əсірелей 
суреттейтін ерекше əдіс ежелгі əдебиеттен келе жатқан дəстүр екендігі 
көрінеді.
«Гүлшат—Шеризатта»  М.Көпеев  қыз  Гүлшаттың  сұлулығын: 
«Тілі — жақұт, тістері маржан екен» деп жырласа (54-бет), «Зияда—
Шаһмұратта» Əріп ақын: «Ақ маңдай, қол — зүбəржат, көзі — гауһар», 
— дейді (3-бет). Портреттеудегі мұндай тəсіл көне ескерткіштерде де 
дəл осы сипатта қолданылады:
«Көздері — жұлдыз, көзі — күн, алыны (маңдайы) — көк айдын» 
—  делінеді XIV ғасырда  жазылған  «Рабғузи  қиссалары»  кітабында 
(Қазан, 1859 ж. 158-бет).
«Көзін  оқтег,  йаңақларын  ғақықтег,  кірпігін  нартег,  ерінлерін 
інжутег,  тіслерін  пістетег...» (Рабғузи.  С.Е.Маловтың  жариялауы 
бойынша, 510-бет).
«Жүзің,  қасың — құйаш,  ай  бүржы  (шоқ  жүлдыз)  ічре  (ішінде)» 
(«М. нама», 249-бəйіт).
Жарық күнтег сен, ол — бишара жұлдыз,
Өлер жұлдыз, нетег кім, болса күндіз 
(нетег —неліктен, кім — сөз бен сөзді байланыстыратын шылау). 
(«Хұсрау уа Шырын», 187-бет).
Салыстыра  оқып  отырғанда,  мұндай  айқын  ұқсастықтарды  көп 
кездестіреміз.
Əріп  ақын  бұрынғы  шығыстың  жазба  əдебиет  дəстүрін  тағлым 
еткенін айқын аңғартып, «Зияда — Шаһмұратта» жеке өлеңдерін ғазал 
деп  көрсетіп  отырады.  Мысалы, «Зияданың  Хорлыны  жоқтап  айіқан 
ғазалы», «Зияданың анасының ғазалы», «Мұхтар хан ғазалы», т. б.
Замандар ағысы əдебиетке өз бедерін салмай тұрмайды. Халық 
тарихының  тағдыры  əдебиеттің  формасы  мен  мазмұнына  да  із 
түсіретінін білеміз. Түркі əдебиетінде араб өлеңінің аруз өлшемімен 
жазу  «Құдатғу  біліктен»  басталады.  Осы  ықпал  кейінгі  əдебиетте 

108
109
көп  уақытқа  дейін  сақталады. XIII—XIV ғасыр  ескерткіштері  де 
аруз өлшемімен жазылған. Əрине, белгілі эпостық жырлардың өлең 
өлшеміне  қанық  оқушыға  аруз  формасында  туған  дастандардың 
қазіргі  құлаққа  жат  естілуі  де  мүмкін.  Бірақ  беріде  жазылған 
қазақ  қиссалары  мен  ежелгі  ескерткіштердің  өлең  формасындағы 
айырмашылықтарын  түсіне  қабылдап,  бұлардың  барлығы  ұзақ 
даму кезеңдерінде əртүрлі формалық өзгерістерді басынан өткізген 
тұтас  бір  əдеби  процестің  көріністері  деп  қарағанымыз  жөн. 
Қорыта  келгенде,  қазақ  қиссалары — ежелгі  жазба  əдебиет  пен 
ауыз əдебиетінің дəстүрін қатар жалғастырған жанр.
* * * 
Түркі  халықтарының,  оның  ішінде  қазақтың  ата-бабаларының 
ежелден көршілес жатқан шығыс елдермен Орта Азия, Индия, əсіресе 
Иранмен  тығыз  қарым-қатынаста,  байланыста  болғандығы  мəлім. 
Қарым-қатынастың  күшейе  түсуі  территориялық  жағынан  жақын 
орналасқандығынан ғана емес, VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың 
басында  мұсылман  мемлекеті — араб  халифатының  құрылуына 
да  байланысты  еді.  Индиядан  бастап,  Батыс  жəне  Шығыс  Азияны, 
Африканы,  т.б.  көптеген  елдерді  қамтыған,  осы  елдерге  ортақ  араб 
мəдениеті дамыды. Соның нəтижесінде жаңа қалыптаса бастаған араб 
əдебиетінің  ежелден  келе  жатқан  түркі,  Иран,  Индия  əдебиетімен 
өзіндік қарым-қатынасы басталды. Ол елдерге ортақ болғаи ислам діні 
барлық  əдет-ғұрып,  мораль  нормаларының  негізін  жасады.  Мұндай 
бай-ланыс саяси, сауда қатынастары арқылы дамып отырды.
Түркі  халықтарының  Иранмен  ежелден  байланыста  болуының 
кейбір көріністері өте көне замандарда жазылып қалған зороастризм 
дінінің «қасиетті» кітабы Авестадан, Фирдоусидің «Шаһнамасынан» 
аңғарылады.  Мысалы,  Авестада  тұр  тайпалары  мекендеген  ел 
туралы дерек беріп, ол елді Турийана
1
 деп айтады. Турийаналықтар 
«Шаһнамада» — Тұран,  көп  уақыттар  бойы  Иранмен  соғысып 
келген түркі тайпалары еді. Оған дəлел «Шаһнамада» Иран батыры 
Гив Сиявуштың баласы Кей-Хұсрауды іздеп Тұранға барады. Өзінің 
ирандық  екенін  танытпау  үшін  сол  елдің  өз  тілінде — түркіше 
сөйлейді.
1
 Короглы X. Г.— Взаимосвязи эпоса народов Средней Азии, Ирана и Азербайджана. 
М., 1983.
«Шаһнамада»  Тұран  мен  Иран  елдері  арасындағы  алыс-берісті, 
соғыстарды,  түркілердің  патшасы  Афрасиябты  (Махмұд  Қашғарида 
—  Алып  Ер  Тұңға)  суреттеуге  көп  көңіл  бөлінді.  Сол  сияқты 
X.Г.Короглының  айтуынша,  парсы  жазбаларында  Афрасияб  туралы 
аңыздар да бар екен. Ол аңыздар бойынша қазақ арасында айтылатын 
Қорқыттың өлімнен қашқанындай, Афрасияб та адам бойынан мың есе 
ұзын, есік-тесігі түгел бекітілген қорған салып алып, тығылып жатыпты. 
Алтынмен  аптап,  күміспен  күптеп  ай  мен  күн  жасатыпты,  жұлдыз 
орнына  інжу  іліпті.  Қорғанның  іші  алтын  тастардың  жарқылынан 
күндізгідей жарық болып тұрады екен. Бірақ Афрасияб неше жыл қор-
ғаннан шықпаса да, өлімнен тығылып қала алмапты. Ажал адам кейпіне 
еніп, Афрасияб серуендеп жүргенде ағаш арасынан шыға келіп, жанын 
алып кеткен екен. Бұл мотивтің түркілер арасында кең тарағандығын 
«Қорқыт  ата  кітабындағы»  Домрұл  оқиғасынан  да  көруге  болады. 
Бұл сюжеттен ислам дінінің қазақ даласына жаңа келе бастаған кезін 
аңғаруға болады. Оқиғаның кейіпкері Домрұл құдайды да, əзірейілді де 
мойындамай, жанын алуға келген əзірейілмен күреседі. Бірақ бəрібір 
жеңе  алмайды.  Домрұл  үшін  əйелі  жанын  бермекші  болады: «Сенен 
қалған соң маған биік таулардан не пайда? Сол тауларды жайлау етер 
болсам,  ол  менің  көрім  болсын!  Құдықтарыңның  мұздай  суы  менің 
бойымды суытқан қаным болсын. Сенен қалған алтын-күмісті жаратар 
болсам, ол маған кебін болсын. Сенен қалған жүйрік аттың үсті маған 
көр болсын. Сенен соң біреуге тиер болсам, ол мені сары жылан болып 
шақсын»,— дейді. Мұнысын естіген Домрұл: «Əйелімнен қалдырмай, 
менің жанымды қоса ал!» — деп жалынады. Бұл екеуінің адалдығына 
ырза болған құдай екеуіне 140 жыл өмір беріпті
1
. Оның орнына кəрі 
əкесі мен шешесінің жанын алыпты.
Осы мотив «Тарихи систан» кітабында, тіпті көне грек аңыздарында 
да  бар  екен.  Еврипидтің  «Алкестида»  трагедиясында:  өлгелі  жатқан 
Адметтің  орнына  əйелі  Алкестида  өлуге  келісім  береді.  Соңында 
Геракл  адам  жанын  билеуші  Танатпен  соғысып,  Алкестиданы  аман 
алып қалады
2
.
Түркі  əдебиетінің  классикалық  араб-парсы  əдебиетімен  ортақ 
1
 Қорқыт ата кітабы. А., 1986, 71-бет.
2
 Короглы X. Г. Взаимосвязи эпоса народов Средней Азии, Ирана и Азербайджана. 
М., 1983 стр. 113.

110
111
арнадағы  байланысы  біз  əңгімелеп  отырған  дəуірде,  яғни XIII—XIV 
ғасырлардағы  жазба  ескерткіштер  «Махаббатнамадан», «Рабғузи 
қиссаларынан», «Хұсрау уа Шырын», «Қисса Жүсіптен», «Гүлстан би-
т-түркиден» айқын көрінсе, осы дəстүр XIX ғасырдың екінші жартысы 
мен XX ғасырдың  бас  кезінде  қиссашыл  ақындар  творчествосында 
жалғастық тапты.
Шығыс  сюжеттерін  қазақ  топырағында  қайта  жаңғыртқан  ақын-
дардың бірі Тұрмағамбет Ізтілеуов болды. Тұрмағамбет революцияға 
дейін  «Мың  бір  түн», «Шаһнама», «Тоты  нама»  сюжеттері  бойынша 
«Рауа бану», «Тұтқын қыз», «Мəрді дихан», «Əшкубас» дастандарын, 
Рабғузиден «Лұқпан əкім», «Ата мен бала» өлеңдерін жазған еді. Ол 
өз  творчествосына  өзек  болған  осы  нəзира  дəстүрін  «Шаһнаманың» 
қазақша вариантын жазу үстінде тереңдете түсті. Тұрмағамбеттің 1961 
жылы  басылып  шыққан  «Рүстем-дастан»  кітабында  «Шаһнаманың» 
оқиғасы:
Мəлике жүкті болып бір ұл туды,
Етті елі ұл туды деп ұлы дуды.
Түк басқан тұла бойын түрі жаман
Бұл не деп көргендердің көңілі суыды,—
деп Сам мен оның жұбайы Мəликеден Залдың тууынан басталды. Зал 
— парсы тілінде қарт деген мағынаны білдіреді. Жаңа туған баланың 
шашы қардай аппақ болған соң, солай атаған.
«Рүстем  дастан»  кітабына  Тұрмағамбеттің  «Шаһнама»  желісімен 
өзінше  жазған 40 000 жол  қазақша  нұсқасының  жартысына  жуығы 
ғана кіргендігі мəлім. Жарияланған бөлімдерін М.Əуезов, Ə.Тəжібаев, 
М.Қаратаев аса жоғары бағалап, М.Байділдаев, Ө.Күмісбаевтар арнайы 
зерттеу еңбектер жазды. Біз бұл жағын қайталап жатпай, Тұрмағамбет 
ақынның осынау ғажап еңбегінің жарияланбай қалған бір бөлімі «Сам 
палуан» туралы əңгімелемекпіз.
Тұрмағамбет  өлеңдерінің  ерекше  бір  қасиеті — сиясы  кеппей 
жатып,  маңайындағы  жыршы-жыраулардың  жаттап  алып  айтуымен 
көпшілікке  тез  тарап  кетіп  отырғандығында  болса  керек.  Енді  бірде 
олардың айтуынан екінші біреулер жазып алып таратқан. Осындай бір 
ретпен «Сам палуан» бізге де жетті
1
.
1
  «Сам  палуанды»  бізге  жеткізген  республикаға  белгілі  қызылордалық  жырау 
Мүтəліп Қыраубаев.
Дастанның бұл жарияланбаған бөлімі — Зал оқиғасының алдында 
тұруға  тиісті.  Самның  Мəликеге  үйленуін  баяндайтын  тұсы,  стилі, 
өлеңдік қасиеті жағынан Тұрмағамбеттікі екендігіне күмəн туғызбайтын 
бас-аяғы бүтін, дербес поэма.
Мазмұны:
Дүнияның бұрынғы өткен күндерінде, 
Қытайдың болған екен бір падишасы. 
Жоқ еді еш перзенті ол патшаның
Бір күні қыз тауыпты зағифасы. 
Сол қыздың Мəлике деп атын қойды, 
Жиналған əлеуметтің барышасы.
Сақтады тағдыр қосып Мəликені.
Аман-сау он алтыға келген жасы. 
Сол қыздың сұлулығы туған айдай, 
Мысалы, шыққан күннің шұғыласы. 
Ал енді құлақ салып тыңдай берсеңіз 
Айтылар Сам палуанның тамашасы,—
деп  басталып,  Мəликені  сұрата  неше  патшалар  келсе  де,  қыздың 
бірін  қалап  бармағаны  айтылады.  Өзіне  лайықты  жігіт  таңдап, 
жиналғандарды  аралап,  көріп  жүргенде  қыз  сынынан  өтуден 
дəмелілермен бірге келіп жеткен Сам палуанға көзі түседі: 
Сам сонда жігіт екен отыз жасар, 
Сəулетті сұлу екен дейді жұрттан асар.
Қолында төрт мың батпан шоқпары бар
Көтерсе жұрттың бəрі тұра қашар... 
...Гауһарлы басында бар алтын қалпақ, 
Есіктей омырауы, төсі жалпақ,
Самға енді көңлі кетіп Мəликенің
Сол жерде қарай беріпті жалтақ-жалтақ. 
Самды ұнатқан Мəлике қызметші əйелдерден жүзігін беріп жіберіп, 
шақыртады.
Осыдан  қырық  күндей  өткен  соң  қызды  тартып  алмаққа  қасына 
ерткен бес жүз зəңгісі бар Қараңғы Тау патшасы келеді. Сам жалғыз 
өзі бес жүз кісімен соғысып, жеңіп шығады. Оған риза болған қытай 
патшасы  қызы  Мəликені  Самға  қосады.  Біраз  уақыт  тұрған  соң 
артындағы  елін  сағынып,  атасынан  рұқсат  сұрап,  Сыстанға  көшіп 

112
113
кетеді (Сыстан — Фирдоусиде Систан — Орта Азияда көне заманда 
мекендеген  сақ-скиф  тайпаларының  жері.  Иран  мен  Ауғанстан 
арасында.  Ежелгі  аңызда  Систанға  Самның  бабасы  Жəмшид  жылан-
патша — Зоххақтан жеңілген соң қашып барған. Жəмшидтен тараған 
батырлар — Систан батырлары деп аталады).
Дастанның  негізгі  идеясы — туған  жерді  сыртқы  жаудан  қорғау. 
Елге қорған болған батырдың ерлігін дəріптеу.
Дастанда  қазақтың  эпостық  жырларындағыдай  соғыс  суреттерін 
əсерлі  етуге  мəн  беріледі.  Батырдың  ерліктері  сүйсіне  жырланып, 
нақты детальдармен толықтырылып отырады:
Біреуі мұны көріп тұра қашты. 
Тайраңдап сол арада жаман састы. 
Оны да өлтіруге Сам палуан 
Керкіне астындағы қамшы басты.
Сам жетіп арқасынан найза ұрды, 
Көкіректен кере қарыс шығып тұрды. 
Ойнатып найза ұшында маймылдайын 
Көтеріп кейін қарай алып жүрді. 
Алдына падишаның тастап еді
Сол жерде талып жатып жан тапсырды.
Қорыта айтқанда, «Сам палуан»— ежелгі əдебиетіміздің аударма-
нəзира  дəстүрін  творчестволық  көзқараспен  тереңдете  пайдаланып, 
бүгінгі  күнге  жеткізудің  ең  жарқын  үлгісі  дей  аламыз.  Ал  мұндай 
мысалдар қазақ əдебиетінде де аз емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет