Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата22.12.2016
өлшемі1,24 Mb.
#56
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Өмірхан ƏБДИМАНҰЛЫ,
əл-Фараби атындағы 
Қазақ Ұлттық университетінің 
доценті, филология 
ғылымдарының кандидаты.

20
21
Бірінші  тарау
УАҚЫТ БЕДЕРІ
Құтырынған төрт арлан,
Қыруға дүйім пендені,
Шыққандай темір құрсаудан.
Аузының суы шұбырып,
Апшыны келед қуырып.
Сілекейді нəр еткен,
Сірнекейді ас еткен.
Көк дауылды ат еткен,
Көк садақты дос еткен —
Темүжиндік төрт төбет
Тұра ұмтылды ентелеп.
(«Құпия шежіре»)
1
 
Орталық  Азия,  Оңтүстік  Сібір,  Орта  Азия,  Қаспий,  төменгі  Еділ 
жағалауында ежелден өмір сүріп келген түркі халықтарының қоғамдық 
тіршілігінде,  тарихында XIII—XIV ғасырда  үлкен  əлеуметтік  өзгеріс 
болды.  Оларды  Шыңғысхан  бастаған  татар-монғол  шапқыншылары 
басып алып, билеп-төстеді, Алтын Орда мемлекеті құрылды.
XIII  ғасырдың  басында  монғол  тайпаларының  бірінен  шыққан 
Есүхей  ұлы  Темүжин (1155—1227) көп  жасақ  жинап,  монғол  жерін 
өзіне  бағындырып  алады. 1206 жылы  Онон  өзенінің  жағасында 
ұйымдастырылған  құрылтайда  Темүжин  бүкіл  Монғолияда  қаған 
көтеріліп, «Шыңғысхан»  деген  атақ  алды.  Осы  кезден  бастап 
Монғол  мемлекеті  құрылған  болатын.  Шыңғысхан  билеуші  таптың, 
феодалдардың,  нояндар  мен  нөкерлердің  мүддесін  қорғайтын  адам 
еді.  Шыңғысхан  мен  оның  əскерлерінің  басқыншылық  шабуылдары 
ханның  тірі  кезінде  жазыла  бастаған  «Құпия  шежіреде»  айтылып 
кеткен. Кітапта Темүжин анадан алақанына асықтай ұйыған қан уыстап 
туыпты делінеді.
 Шыңғысхан мол əскер мен жеке билікке ие болған соң көптен ойға 
1
 Құпия шежіре. Өлгий. 1979. Аударған Мағауия Сұлтанияұлы.
алып  жүрген  «жиһангерлік  қиялын»  іске  асыруға  кірісті. 1211 жылы 
Қытайға  қарсы,  одан  батысқа  қарай  Орта  Азияға,  Дешті  Қыпшаққа 
шабуыл бастады.
Монғол  шапқыншылары  Орта  Азияны  айналасы  үш  жылдың 
ішінде (1219—1221) бағындырып үлгірген. Оның артынша Солтүстік 
Иранды,  Кавказды,  Қырымды  да  алды.  Монғолдардың  жеңіске 
мұнша тез жетуінің себептері: түрлі хандықтарға бөлініп, бытыраңқы 
жүрген  түркі  тайпаларының  бірігіп  күш  көрсете  алмауынан,  бір-
бірімен бақталас хандардың басы қосылмай, монғолдармен жеке-жеке 
соғысуынан,  ақыр  соңында,  елді  билеп-төстеушілердің  бұқара  халық 
қамын ойлағаннан көрі, қара басын көбірек күйттеуінен болған.
Мысалы, Хорезмнің шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы соғысуға 
əскері  жеткілікті  бола  тұра: «Барлық  əскерлерді  жинасам,  өзіме 
шабар», — деп қорқып, хандықты соғыссыз беріп, өзі қашып кеткен. 
Ол кезде Хорезм шахтың қол астына Орта Азия (Сырдарияға дейін), 
Ауғанстанның  солтүстік  батысы,  Иранның  біраз  бөлігі  кіруші  еді. 
Монғолдар  Бұхара,  Самарқанд,  Мерв,  Үргеніш  сияқты  қорғанысы 
нашар қалаларды да сондай себептермен жеке-жеке жаулап алды.
1
Шыңғысханға қатты қарсылық көрсеткендер Яксарты (Сырдария) 
өзені  бойындағы  қалалар  болды. «1219 жылы  қыркүйек  айында 
Шыңғысхан  əскері  Отырар  қаласын  қоршауға  ала  бастады.  Отырар 
қорғанысы Қазақстан мен Орта Азия халықтары бұқарасының монғол 
басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің бір айқын көрінісі 
болып  табылады.  Шыңғысханның  қарамағында  қамал  бұзатын 
техникасы,  соның  ішінде  өртегіш  мұнайлы  күбішектер  ататын 
машиналары  болса  да,  монғолдар  бұл  қаланы  бес-алты  ай  бойы  ала 
алмады. Алайда, кейбір опасыз əскербасыларының сатқындық жасауы 
Отырар қаласының құлауын тездетті. Парсы тарихшысы Джувейнидің 
айтуына қарағанда, бес ай қоршауда болған Отырардың, тіпті билеуші 
адамдарының да халі мүлдем нашарлаған кезде, яғни аштық басталған 
кезде, шонжарлар арасында алауыздық туып, монғолдармен келісімге 
келу əрекеті істелді...»
2
1
 Қараңыз: Семенов В.Ф. «История средних веков». М., 1956, стр. 165. Греков Б.Д., 
Якубовский А. Ю. «Золотая Орда и ее падение». М.—Л., 1950, стр. 49.
2
  Қазақ  ССР  тарихы. 1-том,  Алматы, 1957, 126-бет.  Қазақ  ССР  тарихы. 2-том, 
Алматы, 1983, 122-бет.

22
23
Осылайша  сырттан  келген  жауға  қарсы  жан  аямай  күрескен 
Отырар халқы бес айдан кейін берілуге мəжбүр болады. Жау Яксарты 
бойындағы Сауран, Жент, Баршынкент, Сығанақ қалаларының халқын 
да қырып-жойып, бағындырады.
Шыңғысханның  ат  тұяғы  тиіп,  жаулап  алған  жерінің  бəрі  додаға 
түскен тоқымдай тілгіленіп төрт ұлына бөлінді: Мауреннахр, Шығыс 
Түркістан,  Жетісудің  оңтүстік  бөлігі  Шағатайға  тиді,  Хорасанға — 
Тулуй,  Монғолияға — Үгедей  иелік  етті.  Жаулап  алынған  жерлердің 
негізгі  бөлігі  Дешті  Қыпшақ  болатын.  Ол  Шыңғыстың  үлкен  ұлы 
Жошыға тиді. Ол туралы парсы тарихшысы Қази Ахмед Ибн Мұхаммед 
Ғафари Казвини былай деп жазған:
«Жошыхан шешесі — қоңырат тайпасының қызы Бөрте— Күжин 
еді. Басында Меркіт руы Шыңғысханның Ордасын талап, оны (Бөртені) 
тұтқынға алып кеткен. Қайтып келе жатқанда жолда босанды, баланы 
орайтын ештеңе болмаған соң, қамырға орап Шыңғысқа əкелді, атын 
Зочи қойды, яғни «Жаңа қонақ келді» деген сөз. Ол Үгедей, Шағатаймен 
бір  анадан  туса  да,  араларында  іштей  қастық  болды,  олар  (Үгедей, 
Шағатай) далада туғанын бетіне басты. Шыңғысхан тəжіктерге қарсы 
жорықта  оған  (Жошыға)  Дешт-и-Қыпшақ  пен  Солтүстік  Хорезмді 
берді. Ол Тышқан жылының бірінші айында əкесінен 6 ай бұрын өлді. 
Батухан — Жошының ұлы, лақап аты Сайнхан. Үгедейдің бұйрығымен 
ол əкесінің орнына отырды...»
1
Парсы тарихшысы Казвинидің айтқанындай, Жошы шынында ерте 
өледі де, Дешті Қыпшаққа оның баласы Бату (1237-1256) иелік етеді.
Алтын Ордаға қараған жерлер, тарихшылардың көрсетуі бойынша: 
«Бұлғар,  Қырым,  Дербендке  дейінгі — Қавказ,  Үргеніш  қаласы  мен 
Хорезм, Батыс Сібірге, Сырдарияға дейінгі аралықтар»
2
. Ал, Сырдария 
жағасындағы Алтын Ордаға қарайтын қалаларды араб тарихшысы əл-
Омари былай көрсеткен:
«...Бұл  мемлекеттің  Жейхун  жағасындағы  шекарасы — Хорезм, 
Сығанақ, Сайрам, Жаркент, Дженд, Сарай, Мажар қаласы (Кавказда), 
Азақ  (Азов),  Ақша  Кермен,  Кафа,  Судақ,  Сақсын,  Үкек  (Волга 
1
 Тизенгаузен В.В. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды.—
М.—Л., 1941, стр. 210.
2
  Греков  Б.Д.,  Якубовский  А.Ю.  «Золотая  Орда  и  ее  падение».  М.—Л., 1950, 
стр. 61.
жағасында),  Бұлғар,  Сібір  аймағы,  Сібір,  Башқырд  жəне  Чулыман.., 
Баку қаласы, Ширван өлкесіндегі қалалардың бірі жəне оның жанында 
түркілер «Демиркапу» деп атайтын «Темір қақпа» бар»
1
.
Бату өлген соң, оның орнын басатын балалары Сартақ пен Улагчи 
да ұзамай қайтыс болып, інісі Берке хан көтерілді (1257—1266). Берке 
ханның  тұсында  Алтын  Орда XIII ғасырдың 50-жылдарында  Иран 
территориясында  құрылған  Хулагу  мемлекетімен  жойқын  соғыстар 
жүргізді.  Берке  хулагидтерге  қарсы  жасақтарды  көбейту  мақсатымен 
Египетпен  (мысырлықтармен)  жақсы  қарым-қатынас  жасап  тұрды. 
Беркеден кейін Мөңке Темір (1266—1280), Туда Мөңке (1280—1287), 
Тулабұғы (1287—1290), Тоқты (1290—1312), Өзбек (1312—1342) 
хандар  болды.  Əсіресе,  Өзбек  ханның  тұсында  Алтын  Орда  саяси-
экономика, əскери күші жағынан айрықша өсіп, мəдени, сауда қарым-
қатынастары дамыды.
Алтын  Орданың  бөлініп,  құлдырауға  бет  алуы  Жəнібек  ханның 
кезінде-ақ (1342—1357) байқалған.  Мұны 1360—1380 жылдардың 
арасында Ордада 25 ханның ауысуы да айқын дəлелдейді.
XIV  ғасырдың  бас  кезінде  мемлекет  екіге  бөлінді:  Көк  Орда,  Ақ 
Орда  деп  аталды.  Бұған  себеп  болған  жағдай — жеке  хандықтар 
арасындағы алауыздық, əрқайсысының өзінше билік құруға ұмтылуы 
еді.
2
Ақ  Орданың
3
  құрамына  Сырдарияның  төменгі  ағысы  (Сүткент, 
Саураннан  Аралға  дейін)  енді.  Тарихшы  Муин  ад-дин  Натанзидің 
еңбегінде: «Ақ Ордаға кіретін жерлер Ұлұғтаға, Сегіз ағаш, Қаратал, 
Түйсенге  дейін,  Жент,  Баршынкенттің  маңайы»
4
  деп  көрсетеді. 
Орталығы қазіргі Сырдарияның бойындағы Түркістанға жақын жерде 
орналасқан Сығанақ қаласы болды.
1
 Бұл да сонда, 61-бет.
2
 Федоров-Давыдов Г. А. «Общественный строй Золотой Орды». М. Изд. МГУ, 1973, 
стр. 68—74.
3
 Кейінгі кездері «Ақ Орданың» шын атауы «Көк Орда» деп айтылады. Көне түркі 
тілінде көк — шығыс, ақ — батыс деген ұғымды білдіреді. Ал «Ақ Орда» деп Алтын 
Орданы айтқан көрінеді.
4
 Тизенгаузен В. В. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды.— 
М.—Л., 1941, стр. 127.

24
25
* * *
Монғол шапқыншыларына дейінгі Дешті Қыпшақтың қалаларында. 
сауда,  өнеркəсіп  жақсы  дамыған  еді.  Ауыл  шаруашылық  өнімдерін 
өңдеуге  арналған  құралдар  жасайтын,  металл  өнімдерін  шығаратын 
шеберханалар болған, тігіншілік бұйымдары, жібек-мата, алтын-күміс, 
ыдыс-аяқтар сатылған, тері өңдеп, қару-жарақ дайындаған.
Соғыс  кезінде  бұрынғы  гүлденген  қалалардың  біразы  əлсіреді. 
Əсіресе  Сығанақ,  Отырар,  Үргеніш,  Мерв  қалалары  аса  күйзелген 
болатын.  Шапқыншылықтан  кейін  сауданың  қайтадан  жандана 
бастауына байланысты бұл қалалардың бірқатары қалыпқа келгендей 
болды.  Сол  кездегі  қалалар:  Бату  сарайы,  Берке  сарайы,  Үргеніш, 
Азақ, Керчь, Судак, Маджар, Сығанақ, Ясы, Сауран, Баршынкент тағы 
басқалар.
XIII—XIV  ғасырдағы  Алтын  Орда  қалаларының  бірі — Сарай. 
Сарай қаласы екеу болған: Бату Сарайы, Берке Сарайы. Екеуі екі ханның 
тұсында  салынды. XIII ғасырдың  бірінші  жартысына  дейін  Орталық 
болған Бату Сарайының шөккен қалдықтары Волганың төменгі ағысы 
жағында (Ахтуба).
Берке  Сарайы  Берке  ханның  тұсында (1257—1266) тұрғызылған. 
Қаланың  орны  қазіргі  Волгоградтың  маңайында,  Ахтуба  бойында. 
Екеуі  де  хан  сарайы  орналасқан  қалалар  болғандықтан,  мемлекеттің 
астанасы болып есептелген. Əсіресе, Берке сарайының жай-жапсары, 
тіршілігі жайлы араб, парсы тарихшылары мен саяхатшылары көбірек 
жазып  қалдырған
1
.  Мысалы,  əл-Омари (1348 жылы  қайтыс  болған) 
Сарайды  өзі  көрмесе  де,  сонда  болып  қайтқан  көпестерден  естуі 
бойынша былай суреттейді:
«Сарайды  Берке  хан  салдырған...  Ол  сортаң  жерде  (орналасқан), 
ешқандай  қоршауы  жоқ.  Ондағы  ханның  тұратын  жері — төбесінде 
алтыннан  соққан  айы  бар...  сарай.  Сарайды  айнала  тас  дуалдар, 
мұнаралар,  ханның  əмірлері  тұратын  үйлер  орналасқан.  Осы  сарай 
— олардың қыстауы. Сарай-базарлары, моншалары, тақуалар баратын 
үйлері бар, əртүрлі заттар ағылып келіп жататын ұлы қала».
2
1
 Якубовский А.Ю. Феодализм на Востоке.— Столица Золотой Орды Сарай Берке. Л. 
Изд. ГАИМК, 1932, стр. 17—18.
1
 Якубовский А.Ю. Феодализм на Востоке.— Столица Золотой Орды Сарай Берке. Л. 
Изд. ГАИМК, 1932, стр. 17—18.
Ибн Батута 1333 жылдары Берке сарайына барып, біраз уақыт сонда 
тұрған. Ол кісінің айтуы бойынша:
«Сарай қаласы — аса үлкен, əсем қалалардың бірі. Жері тегіс, халқы 
көп. Базарлары, əдемі көшелері, 13 мешіті бар (біреуі шафиттердікі). 
Одан  басқа  да  мешіттер  көп».  Міне,  осылайша  көзімен  көрген,  не 
көргендерден  естіп  жазған  саяхатшылар  Сарай  қаласын  тамсана 
суреттейді.
Осындай  жазбаларға,  қазба  жұмыстары  кезінде  табылған 
бұйымдарға  (пеш,  су  құбырлары,  құмыра,  қазандардың  ішінен 
шыққан жездің қалдығы, қолдан құйылған түрлі ыдыстар) қарағанда, 
Сарай  қаласы  кезінде  жан-жақты  дамыған  болса  керек.  Мұнда  ұста 
дүкендері,  пышақ,  қару-жарақ,  қола  мен  жезден  ыдыс-аяқ  жасайтын 
шеберханалары  да  болған  көрінеді.  Шыны  жасалған.  Қала  байлары 
саудамен айналысқан. Қолөнер кəсібі, сауда — қаланың басты тіршілігі. 
Сауда  керуендері  арқылы  əртүрлі  мата,  қолөнер  бұйымдары,  тері, 
шыны, зергерлік заттар жан-жаққа жөнелтіліп, алтын-күміске айналып 
келіп жатты.
Бұл  уақыттағы  түркі  рулары  мен  тайпалары  жартылай  көшпелі, 
жартылай  отырықшылық  тұрмыс  құрды.  Отырықшы  елді  мекендер, 
қалалар  қай  заманда  болмасын,  неғұрлым  сулы  аймақтарда,  өзен, 
көлдердің    бойында  шоғырланғаны  белгілі.  Ал,  атам  заманнан  қып-
шақтар Қырым жағасы, Сыр бойы, Талас — Шу аймағы, Жетісу өлкесі 
тəрізді  сулы  жерлерді  мекендеген.  Бұл  өлкелер  ежелден  мемлекеттің 
сауда  айналысының  қан  тамырлары  іспетті  болды.  Темірден  түйін 
түйетін ұсталар, өрнекшілер жан-жақтан келтіріліп, іші-сыртын қыш-
тан қиюластырып, ою-өрнекпен безендірілген əсем сарай, мешіт-мед-
ресе, мазарлар салынды. Мысалы: Берке сарайы қаласында Қавказдан, 
Египеттен, Византиядан, Русьтен келген шеберлер жұмыс істейді. 
Сырдария өзенінің бойындағы қойнауына талай шежіре — тарихты 
бүгіп  жатқан  кең  алқаптарда,  құм  төбелерде  бағзы  замандарда  аты 
жазба ескерткіштерге түскен көптеген қалалар бар еді. Қазірде олардың 
ескі жұрттарының жұрнағы ғана сақталған. Кейінгі ұрпақтар ғасырлар 
бойы қарапайым халықтың қаны мен теріне шыланып тұрғызылған тас 
қабырғалар мен тарихи ескерткіштерді қастерлейді. 
Гүлденген  қалалар  хандардың  өзара  бақталасы,  тақ  таласы  үшін 
болған жойқын соғыс, жаугершілік замандарда қирай-қирай жоқ болған 
еді. Олар араб шапқыншылығында бір күйреп, одан қайта қалыпқа келе 

26
27
бастағанда монғол нояндарының қанды қырғыны мен талан-таражына 
тағы ұшырады. Сығанақ қаласынан шыққан ақын əл-Сығанақи:
Бұрын бұл — бейбіт, еркін ел еді,
Білімділер мекен еткен жер еді.
Мұнан «Нығаяны» жазған ақын шыққан,
Мұнан «Қидаяны» жеңілдеткен ғалым шыққан,
Егер бізге қайта туу нəсіп болса,
Біз осы Сығанақта ғана туар едік,
1
 —
деп  сол  оқиғаларды  бейнелеп  айтқан.  Сол  сияқты  Алтын  Орданың 
батыс  өлкесі  мен  Қытай,  Монғолия  арасында  созылып  жатқан  сауда 
керуендерінің  жолында  орналасқан  Сайрам,  Сүткент,  Үзкент,  Жент, 
Баршынкент қалалары қайтадан жандана бастады. Ал, Алтын Орда екіге 
бөлінген  кезде  бұл  жерлер  Ақ  Орданың  орталық  аймағына  айналған 
соң,  маңызы  бұрынғыдан  да  артты.  Мысалы,  Отырарда  керамика, 
қолөнер бұйымдары жасалған. Қазба кезінде табылған 16 түрлі қолдан 
жасалған ыдыстардың ою-өрнегі таза, сапасы жоғары болып шыққан. 
Ғалымдар  сол  дəуірде  «Отырар — Қаратау  керамикалық  мектебі» 
(«Отрарско-Каратауская керамическая школа») болғандығын айтады.
2
Сығанақ  та  Эрзэнхан,  Орысхандар  кезінде  арналы  қалыпқа 
қайта  келе  бастаған.  Жаңа  құрылыс,  мешіт — медреселер  салынған. 
Археологиялық зерттеу кезінде əдемі үйлердің қалдығы табылды.
Ал  Баршынкент  қаласы  жөніндегі  мəліметті  академик  Əлкей 
Марғұланның  «Ежелгі  жыр-аңыздар»  атты  еңбегінен  табамыз: 
«Тарихтың  көрсетуі  бойынша,  оғыздардың  ең  көркем  қаласының 
біреуі — Баршынкент. Бұл қалада даңқты Алпамыс батырдың жұбайы 
Баршын сұлу (Гүлбаршын), XIII ғасырдың орта кезінде жасаған атақты 
ғалым,  əрі  ақын  Хисам-ед-дин  Баршынлығы  тұрған.  Бұл — Қорқыт 
пен Əбунасыр əл-Фарабидің соңын ала Сыр бойынан шыққан атақты 
даналардың  бірі.  Ол  өзінің  тамаша  шығармаларын  үш  тілде  (түрік, 
араб, парсы) жазып, кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Хисам-ед-
дин Алмалық — Жетісудан шыққан атақты ғалым Жамал Қаршидың 
досы. 1270 жылы Жамал Қарши Баршынкентті көру үшін Сыр бойына 
келіп, көп уақыт Хисам-ед-диннің үйінде қонақ болып жатады. Жамал 
1
 Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары. А., 1964, 24-бет.
2
 Акишев Қ.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алма-Ата, 1972, стр. 
204.
Сыр  бойын  мекендейтін  Оғыз  тайпаларымен  танысып,  олардың 
қоныстап отырған жері Баршынкент пен Жент қаласының арасы екенін 
анықтайды. 
Оғыз тайпаларынан қалған қалалардың əлеуметтік, тарихи, мəдени 
маңызына тоқталып, оларды Баласағұн, Алмалық, Қашғар, Самарқанд, 
Ташкент қалаларымен салыстырады.
1
Жамал  Қарши  Баршынкенттен  соң  Жент  қаласына  барса  керек. 
Жент  бұл  кезде  бұрынғы  күйінен  нашар  болса  да,  қайнаған  базары 
əлі  тарқамаған  еді.  Көп  пайдаға  кенелуді  көздеген  көпестер  асыл 
бұйымдарын алып, Жент базарына аттанатын.
2
Алтын  Орда  мемлекетінің  экономикалық  мəдени  дəрежесі,  ең 
алдымен,  саудаға  байланысты  болды.  В.В.Бартольд: «Монғолия 
империясының  құрылуына  Монғолия  мен  Қытай  арасындағы  сауда 
қатынасын  қол  астында  ұстаған  мұсылман  саудагерлерінің  қызметі 
біраз əсер етті»
3
, — деген болатын. Шындығында, сауда мемлекеттің 
басқа  елдермен  қарым-қатынасын  тездетті.  Орта  Азия  тарихы  үшін 
таптырмайтын  естелік  жазбалар  қалдырған,  сол  кездегі  елдердің  ол 
шеті  мен  бұл  шетін  кезімен  көрген  саяхатшы-елшілер, 1246 жылы 
Қарақорымдағы  Күйік  ханға  барған  папа  Иннокентий IV-нің  елшісі 
Плано  Карпини, 1255 жылы  Монғолияда  болған  Людовиктің  елшісі 
Рубрук, сондай-ақ Ибн Батута, Цегалотти Алтын Ордаға осы уақыттарда 
келген.
Саудамен  билеуші  ақсүйектер  де,  хандар  мен  əскер  басылары 
да  айналысты.  Сондықтан,  жол  қауіпсіздігі  барынша  жақсы  жолға 
қойылып, саудагерлер үшін жағдай жасалды.
Бұл кезде бұрыннан сорабы бар керуен жолдары үлкейтіліп, жаңа 
жолдар да ашыла бастады. Бір жол Волга, Сарай, Гурьев қалаларының 
үстімен өтіп, екіге айрылады. Бірі Отырарға тіке тартады да, екіншісі 
Хорезм арқылы келеді. Екеуі де Отырарда түйісіп, əрі қарай Алмалық, 
Бешбалық  арқылы  Монғолияға  кетеді.  Саяхатшылардың  жазбалары 
бойынша,  Сарайдан  Үргенішке  дейін 40 күн,  Үргеніштен  Отырарға 
дейін 35—40 күн,  ал  Сарайдан  Отырарға  тіке  кетсе, 50 күндік  жол 
болған. Сарайдан Қытайға дейін тоғыз айдан астам жүрген. Орта Азияны 
мекендеген  халықтар  ертеден-ақ  көршілес  елдермен  дипломатиялық 
1
 Марғулан Ə. «Ежелгі жыр-аңыздар». А., 1985, 190-бет.
2
 Бартольд В. В. Сочинения. Том III, M., 1965, стр. 230.
3
  Бартольд  В.В.  Место  прикаспийских  областей  в  истории  мусульманского  мира. 
Баку, 1924, стр. 136.

28
29
қарым-қатынас жасап тұрған еді. Бұл байланыс Алтын Орда дəуірінде 
де үзілген жоқ. Византия, Иран, Русь, Египетпен
1
 хулагидтер кезіндегі 
Персиямен дипломатиялық сауда қатынасын жасады, əсіресе Египетпен 
тығыз байланыста болады. Шыңғысханның кіші ұлы Төленің иелігіне 
тиген жерлердегі кейінгі ұрпақтары Хулагудың хандығы кезінде Хулагу 
мемлекетін құрып, хулагидтер деп аталған еді. Жошының ұлы Берке хан 
Шыңғысханның үлкен ұлының баласы болғандықтан өзінің ағалығын 
алға  тартып,  Хулагуден  кішілік,  інілік  салтын  сақтап,  сөзге  келмей 
бағынышты болуды, айтқанынан шықпауды талап етті. Бұл кезде үлкен 
мемлекет құрып, айналасын бірте-бірте жаулап алып, күшейген Хулагу 
Беркеге көнбеді. Осыдан екеуінің арасында араздық туды. Түпкі мақсаты 
Хулагу  мемлекетін  өзіне  қосып  алмақ  болған  Берке  оның  күшеюіне 
мүмкіндік  бермеу  үшін,  сол  кезде  экономикалық  жағынан  аса  күшті 
мемлекет  Египетпен  одақтасты.  Берке  мұсылмандықты  қабылдады. 
Алтын Ордадан қауіп күтіп, сақтанып отырған Египет сұлтаны мұны 
қуана  қарсы  алды.  Іш  есебі  бойынша,  Беркемен  одақтаса  отырып, 
Алтын  Орда  мен  хулагидтерді  бір-біріне  айдап  салып,  екеуін  бірдей 
əлсіретпек  еді.  Бұл  екі  мемлекеттің  тығыз  байланысты  болуына  сол 
тұста Египетті Бейбарыс бастаған қыпшақтардың билеуі себеп болды. 
Қыпшақтар  Алтын  Ордаға  туыстары  ретінде  де  іш  тарта  қарады. 
Бұлардың  арасында  əскери  көмектен  басқа  экономикалық,  мəдени 
алыс-беріс те жүріп жатты.
Адамзат  мəдениетінің  қай  дəуірін  алсақ  та,  арғы-бергі  заманнан, 
тарихи  оқиғалардан,  қоғамдық  құбылыстардан,  уақыттан  өзінше 
бөлек  тұйықталып,  олармен  ешбір  байланыссыз  тылсым  сыр  болып 
жатқан  өзгеше  мəдениет  болмаған.  Ендеше,  Алтын  Орда  дəуіріндегі 
— XIII—XIV ғасырлардағы  түркі  мəдениетін,  əдебиетін,  оның 
көнеден жалғасып келе жатқан негізгі арқауын, алыс-жақын елдермен 
жан-жақты  байланыс,  қарым-қатынас  арқылы  баю  жолдарын,  уақыт 
ағымы тудырған ішкі қоғамдық жағдайларын ескермей, кең ауқыммен 
талдамай түсіну де мүмкін емес.
XIII—XIV  ғасырдағы  түркі  əдебиеті  бір  жағынан  əл-Фараби, 
Сағди, Фирдоуси, Низами, Юсуф Хас Хаджип, Ахмед Яссауи тəрізді 
алдыңғы дəуір ғұламаларынан жалғасқан мұра болса, екінші жағынан 
өз тұсындағы бүкіл дүниежүзі мəдениетінің дамуы барысымен үндесе 
туған əдебиет.
1
  Закиров  С.  Дипломатические  отношения  Золотой  Орды  с  Египтом.  М., 1966; 
Семенова Л. А. Салах-ад-дин и мамлюки в Египте. М., 1966.
Бұл уақыттағы жер жүзі мəдениетінің басты бағыты, жаңалығы не 
еді? Ол — Қайта өрлеу (Ренессанс). Адамзатты биік бір сатыға көтерген 
бұл  ұлы  қозғалыстың  алғашкы  белгілері  Қытайда VIII ғасырда  Хань 
Юй,  Ван  Вэй,  Ли  Бо,  Ду  Фу,  Бо  Цзюйлердің  тұсында,  Тан  дəуірінде 
поэзияның  гүлденуімен  көрініп, X—XV ғасырлардағы  Сун,  Юань 
дəуірінде озық дəрежеге жетті.
1
 Прозаның əртүрлі жанрлары: новелла, 
халық əңгімелері, драма, роман туды. Ол еңбектерден буддизм, даосизм 
дініне, дін философиясына қарсы шығу, дүниетанымының діни схолас-
тикалық формасымен, догматизммен күресу байқалады.
Шығыс  Ренессансы
2
,  Орта  Азия  мəдениетіндегі  Қайта  өрлеуге 
бетбұрыс X ғасырда  байқалады.  Отырардан  шыққан  Əбу  Насыр  əл-
Фараби  көне  грек  философтары  мен  математиктерінің  еңбектерін 
аударып, оларға түсініктеме жазды. Араб, парсы, грек тілдерін өзінің ана 
тіліндей меңгерген ол Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», 
«Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», «Аналитика»,  Евклидтің 
бірінші  жəне  бесінші  кітаптарына,  Порфирийдін, «Философияға 
кіріспе» атты кітабына, Птоломейдің «Алмагесіне» түсініктеме жазып, 
грек  ойшылдарының  философиялық  пікірлерін  дамытып,  орта  ғасыр 
схоластикасына қарсы қолданады.
Əл-Фараби — өзінің  данышпан  болмысымен,  энциклопедиялық 
ақыл-ойымен Қайта өрлеу дəуірінің қайнар бастауында тұрған тұлға. 
Əл-Фараби  ғылымның  сан  түрімен  айналысып,  жүзден  астам  кітап 
жазған.  Оның  ішінде  философия,  музыканың  теориясы,  астрономия, 
математика, лингвистика, поэзия жайлы жазған еңбектері Ренессанстың 
дəуірлеген кезінде көне грек ғылымына шөлдегендердің рухани азығына 
айналды. Батыс елдері антиканы оқу үшін осы арабша аудармалар мен 
түсініктерді де пайдаланған.
Фараби  өлең  жазуда  қолданылатын  сөйлемдердің  ырғақ,  ұйқас 
ретін  талдап,  нағыз  Ренессанс  үлгісін  танытатын  «Өлең  өнерінің 
қағидасы туралы трактат» жазды, «Қайырлы қаланың адамдары» атты 
еңбегінде  болашақтың  адамдары  қандай  болуы  керектігін  баяндады. 
Механика,  жаратылыстану,  метафизика  ғылымдарының  принциптік 
ерекшеліктерін айтты. Өзі музыка аспабында ойнай білді, өлең жазды. 
Сол кезде көне грек ойшылдарына ден қойған Фараби шəкірттері оны 
Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп атады.
1
 Конрад Н.И. «Философия китайского возрождения».— Запад и Восток. М., 1966, 
стр. 201—239.
2
 Конрад Н.И. Запад и Восток. М., 1966.

30
31
Фарабидің  ізбасар  шəкірттері  көп  еді.  Соның  бірі — Əбу  Əли 
ибн  Сина.  Ибн  Сина  да  Фарабидің  ғылымдағы  жолын  қуып,  түрлі-
түрлі  салада  бірдей  еңбек  жазып,  олардан  өзара  сабақтастық  тапқан. 
Оның  кітаптары  философия,  геология,  медицина,  жаратылыстану, 
математика ғылымдарына, поэзияға арналды. Ол да Евклид, Птоломей 
шығармалары  арқылы  геометрияны,  астрономияны  оқып,  грек 
дəрігерлері  Гиппократ,  Галендер  арқылы  медицина  сырына  үңіледі. 
Фараби түсініктемелері бойынша Аристотельді талдайды.
Ибн  Сина  еңбектері  Шығыс  пен  Батысқа  түгел  жайылып,  ғылым 
тарихына үлкен үлес қосқан.
Орта  Азияда  əл-Бируни,  əл-Хорезми  сынды  кешелі  ғалымдар 
дүниеге келіп, олар да ғылымның əр тарауын ілгері дамытты.
Əбурайхан  Бируни  айналысқан  ғылымдар  да  сан  түрлі.  Ғалым 
солардың əрқайсысынан да салихалы еңбектер қалдырған: «Кометалар», 
«Айдың фазаларын зерттеу», «Жыл мезгілдері жəне климат», «Евклид 
еңбектеріне  түсініктеме», «Аристотель  жəне  Гален  еңбектеріндегі 
бастапқы қозғалыстар», «Птоломейдің астрономиясына түсініктеме», 
тағы тағылар.
Ой  қорытындысында  дін  догмасын  емес,  математиканы,  ғылым 
теориясы  мен  тəжірибені  ұштастыра  пайдаланған  Бируни  кезінде 
билеуші  алпауыттар  мен  діншілдердің  қысымын  көп  көрген.  Сөйтсе 
де əл-Фараби, əл-Хорезмилердің батыл қадамдарын əрі қарай жалғап, 
еңбектенумен  болған.  Ол  аспан  əлемін  зерттеп,  классификациялаған, 
Пифагор  айтқан  гелиоцентризм  заңын  жақтап,  геоцентризмді  жоққа 
шығарған.  Жалпы,  ол  астрономияда  ұлы  жетістікке  жетті.  Аспан 
денелерін  зерттейтін  құралдар  ойлап-тауып,  құрастырды.  Ай  мен 
жұлдыздар арасының қашықтығын есептеп, күннің тұтылу себептерін 
іздестірген.  Ол  қала,  жер  координаттарын  байқап,  Бұхара,  Үргеніш, 
Қият,  Самарқандтың  ұзындық-ендіктерін  көрсетіп,  география  ғылы-
мына да үлес қосты.
Поэзияда  дін  карьеризмін  уытты  мысқылмен  сынау  Яссауи, 
Бақырғани шығармаларынан көрінді. Халық аузында ажалды, о дүниені 
мойындамай, өлімнен қашқан Қорқыт аңызы да осы дəуірде таралды.
Біздің байқауымызша, Орта Азияда Қайта өрлеу X—XII ғасырларда 
көбіне нақты, дəл ғылымдарда, философияда қанат жайды да, Монғол 
шапқыншылығы келіп, ел бүлінген XIII ғасырда тоқырап барып, XIV 
ғасырда қайта жанданды. Бұл кезде Қайта өрлеудің жеке элементтері 
негізінен поэзияда көрініс берді деуге болады.
XIII  ғасырдағы  Монғол  шапқыншылығы  өсіп  келе  жатқан  Қайта 
өрлеу  гуманизміне  тосқауыл  болып,  ілгерілетпей,  қатты  əлсіретіп 
тастады. Ренессансты дəуірлетіп тұрған, əлемге аты шыққан қалалар 
қирады.  Біраз  уақыттай  шетелдермен  сауда,  мəдени  байланыстар 
қарқыны  кері  кетті.  Сөйтіп,  əл-Фараби,  əл-Бируни,  əл-Хорезми,  Əбу 
Əли  ибн  Сина  сынды  алыптар  дамытқан  Ренессанс  идеяларының 
əрі  қарай  жалғасуын,  өсіп,  өр-кендеуін  күтіп  түрған  табиғи,  заңды 
процестер  тоқырап  қалды.  Бұл  əсіресе  Орта  Азия  Ренессансының 
өркендеуіне мүмкіндік бермеді.
Алайда XIII—XV ғасырда Қайта өрлеу идеясы түгелдей жойылып 
кеткен  жоқ.  Əл-Фарабиден  жалғасып  келе  жатқан  гуманизм  арнасы, 
сол  дəуірдегі  мəдениет  əлемінде  батыс  пен  шығыс  озық  елдерінің 
бəрін  қамтыған  Ренессанс  бағытының  ықпалы XIV ғасырдағы  түркі 
əдебиетінде де ептеп көрінді.
Шығыс  Ренессансының XV ғасырдағы  көрнекті  өкілі -—Əлішер 
Науаи. Ренессанс мəдениетінің негізгі сипаты: адам ақыл-ойының діни 
догмадан  қашып,  еркіндікке  ұмтылуы,  гуманистік  көзқарасқа  келуі, 
табиғат  пен  адам  арасындағы  қарым-қатынасты  түсінуге  ұмтылыс, 
ғылым мен өнердің дамуы, қарапайым халық тілін құрметтеу, оларға 
түсінікті  тілде  шығармалар  жазу  еді.  Италияда  Данте,  шығыста — 
Науаи халықтың қарапайым тілінде трактаттар жазып, өздері сол тілде 
əдеби мұралар қалдырған.
Италия  Ренессансын  зерттеген  ғалым  А.К.Дживгелов: «Қайта 
өрлеу  мəдениетінің  лабораториясы — қала...  Қайта  өрлеу  идеясына 
қала мəдениеті ғана тұғыр бола алады. Сондықтан, Қайта өрлеуді өзі 
өскен  ортасынан,  қаладан  бөліп  алуға  болмайды.  Қайта  өрлеуді  тек 
қана идеялардың эволюциясымен тексеріп, ал оны тудырған қоғамдық 
себеп-салдарды  қалдырып  қоюға  болмайды»
1
, — деп  Ренессанстың 
өсіп-өнуіндегі қала мəдениетінің ролін жоғары қояды.
Жоғарыда  көрдік,  мұндай  қала  мəдениеті XIV ғасырда  Алтын 
Орда  мемлекетінде  болды.  Олар  шапқыншылық  кезінде  қирағанмен, 
мемлекеттің экономикалық қажеттігіне байланысты біраз уақыт өткен 
соң қайта қалыпқа түсе бастады. Осы кезде Византия, Египет, Русьпен 
сауда-саттық, қарым-қатынас жасалды. Сауда арқылы қала мəдениеті 
гүлденді.  Қолөнершілік  кəсібі  өнер  ретінде  танылып,  шеберлердің 
1
 Дживгелов А.К. Начало Итальянского Возрождения. К. М., 1925, стр. 7.

32
33
беделі  артты.  Шама-шарқынша  сəулет  өнерінің  туындылары  бой 
көрсетті.
XIII—XIV ғасырларда қыпшақ қалаларында ой еңбегімен айналы-
сатын дарын иелері өмір сүрді. Олар поэма-дастандар, қиссалар жазып, 
сол дəуірдің алдыңғы қатарлы ақыл-ой бағытын бейнелеп берді.
Бұл дəуірдегі көркем əдебиет, негізінен екі түрлі. Біріншісі, аударма-
нəзиралық  шығармалар:  Құтбаның  «Хұсрау  уа  Шырыны»,  Сəйф 
Сараидың  «Гүлстан»,  Əлидің  «Қисса  Жүсібі»,  Рабғузидің  «Қисас-и 
Рабғузи» кітабы, Махмуд бин Алидің «Неһдж ул Фарадис» («Жұмаққа 
апарар  жол»),  Хусам  Катибтың  «Жум-жума»  кітабы,  тағы  басқалар. 
Екіншісі — тыңтума əдебиет: «Махаббатнама».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет