Г – Меланхолик – Ауырқанды Қай нұсқаның балы көп болса, сол темперамент иесінің көрсеткіші.
ХОЛЕРИК - Қимыл –қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, ылғида күйіп пісуге дайын тұратын күйгелек адамдар болады. Мұндайлар істі бұрқыратып істейді, кейде қолын бір сілтеп сылқ түседі. Еті тірі, ойнақы, тынымсыз, көңіл – күйі аумалы – төкпелі, жұртпен қарым – қатынаста тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам келеді. Ғыдымда оны холерик деп аталады.
САНГВИНИК – адамның енді бір тобы кісімен тез тіл табысады, өзін көңілді ұстайды, бұл ақкөңіл қызу істің адамы. Қысылып – қымтырылмайды, кісіге қайырымды, еті тірі адамдарды Сангвиник өкілі дейді.
ФЛЕГМАТИК – Енді біреулері сақ, байыпты, байсалды, ынтымақшыл келеді, әр ісін ойлап істейді. Тұрақты, бір қалыпты жүреді, орындаусыз қалдырмайды, мінезі ауыр, көрсе қызар емес, қимыл – қозғалыстары баяу. Бұл флегматик темпераментінің өкілі.
МЕЛАНХОЛИК – темпераментіне жататындар сәл нәрсеге ренжитін, өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ, пессимист, өте баяу қозғалатын жайбасар адам. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, өте ынжық адам, «МЕН» деп ешқашан ұмытылмайды, өте ұялшақ, жұрттан аулақ жүргенді жаны сүйеді.