Бағдарламасы edt 1203 Ежелгі дүние тарихы 5В020300 Тарих мамандығы бойынша



бет15/17
Дата19.04.2023
өлшемі81,15 Kb.
#84567
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Б.з. I–IV ғғ. мәдениет
Жерорта теңізі халықтарының мәдени дамуының нәтижесі ретінде жерортатеңіздік антикалық мәдениеттің жасалуы. Антикалық мәдениеттің гүлденуі, оның алғышарттары мен себептері. Августың Римнің дәстүрлі дінін реформациялауы. Император культі. Христиандықтың Рим империясының идеологиялық дағдарысының көрінісі ретінде пайда болуы. Халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуы. Рим әскерінің варварлануы. Феодосий І және оның империяны сақтау жолындағы күресі.
ІV ғ. Рим мәдениеті. Мәдени құндылықтар жүйесінің өзгеруі. Христиандық дүниетанымның енуі және антикалық мәдениеттің күйреуі. Хат алысулар әдеби жанр ретінде. Риторикалық және әдеби шығармашылық.
Тәрбие және білім беру жүйесі. Ағартушылық және ғылыми өмір. Жаратылыстану және географиялық ғылымдардың дамуы. Клавдий Птоломейдің ғылыми шығармашылығы. Аға Плинийдің «Жаратылыстану тарихы». Техникалық жетістіктер. Рим құқығы және оның гүлденуі. Стоиктік философия: Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Әдебиет және оның жанрлары. Жазу жанрлары. Кіші Плиний. Ғылымның жағдайы. Римдік сәулет өнері мен қала салудың гүлденуі. Рим мүсін өнерінің дамуы.
Марциал эпиграммалары және Ювенал сатирасы. Апулейдің «Алтын есек» романы. ІІ ғ. христиан әдебиеті. Рим мүсін өнерінің дамуы. Рим құқығы және оның гүлденуі. Рим сәулет өнері мен қала құрылысының өркендеуі.
Мәдени құндылықтар жүйесінің өзгеруі. Христиандық дүниетанымның енуі және антикалық мәдениеттің күйреуі. Кейінгі антикалық христиандық философия. Плотин және неоплатониктер. Августин және оның философиялық жүйесі. Кейінгі ақындар. Хат алысулар әдеби жанр ретінде. Риторикалық шығармалар. Панигириктер. Христиан әдебиеті. Кейінгі римдік тарихнама. Хроникалар. Бреварийлер. Арнайы білімдер. Кейінгі Империя дәуіріндегі мәдениеттің құлдырауы.


Батыс Рим Империясының құлауы
Рим империясының Батыс және Шығыс (Византия) болып бөлінуі. Феодосий қайтыс болғаннан кейінгі батыс Рим империясының жағдайы. Мемлекеттің ішкі тұрақсыздығы. Әскер мен мемлекеттік аппаратың варварлануы. Шіркеу ішіндегі күрес. Құлдар, колондар және провинция халқының басқа да төменгі топтарының қозғалыстары.
Халықтардың Ұлы қоныс аударуы. Ғұндар мен готтар. Вестготтардың қозғалысы. Герман тайпа бірлестіктерінің Рейнде белсенділік көрсетуі. Аларихтің Римді талқандауы және оның салдары. Аттиланың басып кіруі. Каталаун даласындағы «халықтар шайқасы». Вандалдардың Римге шапқыншылығы. Батыс Рим империясының территориясында варварлық корольдіктердің құрылуы. Рим орталық билігінің күйреуі. Батыс Рим империясының құлауы. Оның тарихи маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет