ІІІ ғасырдағы Рим құлиеденушілік қоғамы мен мемлекетінің дағдарысы Саяси дағдарыс және 193-197 жж. азамат соғысы. Северлер әулеті. Септимий Севердің әскери-саяси реформалары. Император және бюрократиялық аппарат билігінің нығаюы. Армияның рөлінің күшеюі. Септимий Север мұрагерлері. Каракалла эдиктілері. Орталық биліктің әлсіреуі. Саяси дағдарыстың шиеленісуі. Жауынгерлік және сенаторлық императорлар және олардың саясаты. Сепаратизм және провинциялардың уақытша бөлінуі.
ІІІ ғ. Рим экономикасының дағдарысы. Қалалар мен қалалық өмірдің құлдырауы. Құлдық жүйенің дағдарысы. Шаруашылықтың натуралдануы. Пекулий. Колонаттың өсуі. Әлеуметтік-экономикалық қайшылықтардың шиеленісуіне саяси тұрақсыздықтың ықпалы. Дәстүрлі мәдени құндылықтар жүйесінің дағдарысы. Халық қозғалыстары. Багаудтар және агностиктер. Варварлардың Рим шекараларын бұзуы, олардың Рим территориясында қоныстануы және оның салдары. Дағдарысты жоюға тырысу шаралары.
Христиан дінінің пайда болуының тарихи жағдайлары және алғышарттары. Христиан ілімінің көздері. І-ІІІ ғғ. христиан әдебиеті. Христиан діни ілімінің мәні. Табыну рәсімдерін ұйымдастыру. Христиан шіркеуінің генезисі. Қауымдар және епископат. Христиандықтың рим қоғамында таралуы және әлеуметтік құрамының өзгеруі. Шіркеу ішіндегі күрес. Гностиктер және христиандық діни философияның жасалуы. Христиан діні, рим қоғамы мен мемлекеті. Христиандардың қуғындалуы. Христиан шіркеуі ІІІ ғ. рим қоғамы мен мемлекетінің дағдарысы жағдайында. Христиандықтың эволюциясы және оның император билігімен жақындасуы.
IV ғ. Рим қоғамы мен мемлекеті. Доминат жүйесі ІІІ ғ. дағдарыстан шығу. Диоклетиан және доминат саяси жүйесінің жасала бастауы. Басқару жүйесінің жаңа белгілері. Провинциялардағы әкімшілік басқару аппаратының қайта құрылуы. Армия және оның ұйымдасуы. Салық саласындағы реформалар және салық қысымының күшеюі. Диоклетианның діни саясаты. Христиандарды қуғындау. Диаклетианның сыртқы саясаты. Константиннің билігі. Саяси және әскери-әкімшілік реформаларды аяқтау. Сословиелерді бекіту. Діни саясат. Милан эдиктісі.
Христиан дінінің үстем мемлекеттік дінге айналуы және оның салдары. Ариандық бағыт және Никея соборы. Константинополь негізінің қалануы және император резиденциясының сонда көшірілуі.
ІV ғ. империяда экономикалық жағдайдың тұрақтануы. Константин ұрпақтары, олардың билік үшін күресі. Юлиан Шегінуші және оның діни және әлеуметтік саясаты. Оның ұрпақтары тұсында христиан дінінің біржолата жеңіске жетуі. Шіркеу ішіндегі күрес. Ариандық. Донатизм. Монахтық және оның рөлі.