Бағдарламасы "Интеллект" бағдарламасының жалпы тұжырымдамасы


Оқу-әдістемелік кафедрасының функциясы



бет3/6
Дата27.11.2022
өлшемі35,37 Kb.
#52939
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Интеллект Пән жобасы

Оқу-әдістемелік кафедрасының функциясы:

  • Пән бойынша дарынды балалармен жүргізілетін жұмысқа әдістемелік ұсыныстарды жобалау;

  • Бағдарламаны жүйелі таратудың диагностикалық құрылымын жобалау;

  • Пән комиссиялары арқылы дарынды балаларға күрделілігі жоғары деңгейлі тапсырмаларды іріктеу, жобалау.

  • Жыл сайын мектепішілік пән апталықтары мен пән олимпиадаларын жоспарлау.

  • Пән комиссиясы қызметінің нәтижесін қорытындылау.

  • Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысын жинақтау;

  • Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысын көбейту.

5. Психология қызметінің функционалдық міндеттері:

  • Дарынды балаларды анықтау үшін диагностикалық материалдарды жинақтау;

  • Берілген проблемаға байланысты материалдарды жүйелеу және жинақтау;

  • Дарынды балалармен жүргізілетін жұмысқа ұсыныстар дайындау;

  • Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстағы проблемаға байланысты педагогикалық-психологиялық семинарлар өткізу;

  • Дарынды балалар туралы мәліметтер жинақтау;

  • Дарынды балаларды психологиялық қолдау;

  • Дарынды балаларға арналған дамыту бағдарламасын құру.

6. Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің функционалдық міндеттері:

  • Өз пәндері бойынша дарынды балаларды анықтау;

  • Дарынды балалармен өткізілетін сабақтарды ұйымдастыру;

  • Күрделілігі жоғары, шығармашылық, ғылыми-зерттеушілік деңгейлі тапсырмаларды енгізе отырып, дарынды балалармен жұмыс жоспарын жобалау, жүйелеу, жетілдіру.

  • Дарынды балалармен өткізілген сабақтардың нәтижелік көрсеткішінің мониторингі;

  • Дарынды балалармен жеке жұмыс түрін ұйымдастыру;

  • Оқушыларды олимпиадаларға, байқауларға, мектепішілік, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі викториналарға дайындау;

  • Дарынды балалардың білімін және бағдарламаның орындалуын бақылауды ұйымдастыру;

  • Дарынды балалармен жүргізілетін жеке білім бағдарламасының орындалуын бақылау;

  • Дарынды балалармен жүргізілген жұмыстың материалдары мен қорытындысын жүйелеу және жинақтау;

  • Пәндер бойынша "Интеллект" бағдарламасын тарату негізінде шығармашылық есептер беру;

  • Дарынды балалармен жұмыс жоспарын жасауда әдістемелік ұсыныстар мен материалдарды дайындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет