|
Байланысты: Интеллект Пән жобасыКүілетін нәтиже: Олимпиадалық резерв мектептерінің қатарына ену, Республикалық, халықаралық байқаулар мен ғылыми жобалардан орын алу.
Дарынды балалармен жұмыс істеу барысындағы білім-тәрбие бағыттары:
Дарынды балаларда сапалы, жоғары деңгейдегі дүниетанымдық көзқарасын дамыту.
Гуманитарлық ойлау стилін қалыптастыру.
Рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру, тұлғаның ішкі күштерін шығармашылыққа бағыттау.
Оқушының салауатты өмір салтын нығайту.
Дарынды балалардың ғылыми-зерттеулік дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
"Интеллект" бағдарламасының іске асыру принциптері.
Гуманизм;
Демократизм;
Ғылым мен интеграттық;
Индивидуалдық пен дифференциалдық;
Жүйелілік;
Дамыта оқыту;
Интеллектуалдық, моральдық, эстетикалық және жеке дамудың интеграциясы.
ІІ. "Интеллект" бағдарламасының ұйымдастырушылығын және функционалдығын қамтамасыз ету.
1. Бағдарламаны іске асыру аспектінде интернат директорының құқықтары мен функциялары:
Бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жайлы жалпы нұсқаулық;
Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету: координацияны ұйымдастыру, бақылау.
2. Директордың бейінді білім беру ісі бойынша орынбасарының атқаратын қызметі:
Ағартушылық, білім беру жұмысының басым бағыттарын анықтау.
"Интеллект" бағдарламасымен байланысты білім беру процестерін реттеу және түзету.
Берілген проблема бойынша мәлімет жинау және жүйелеу.
Дарынды балалармен жұмыс атқарғанда туындайтын проблема жөнінде семинарларды ұйымдастыру және өткізу.
Дарынды балалар жайында мәлімет жинау.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің іс-әрекетінің үйлестірілуі;
Дарынды балаларға арналған жеке білім бағдарламасымен жұмыс істеуге көмектесу;
Тараз қаласының жоғары оқу орындарымен байланысын қамтамасыз ету.
"Интеллект" бағдарламасының талдауы, қорытындысы және оны тарату.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|