Баға қоюдың негізгі өлшемдері «А», «А-» (өте жақсы)
а) студент билеттіңбарлық сұрақтарына толық жауап берді;
б) материалды ойлы, дәлелді, нақтылы баяндап берді;
в) студент оқу және нақтылы материалды жинақтау қабілетін танытып, ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттердіңнегізгісін бөліа айта алады
«В+», «В», «В-», «С+» (жақсы)
а) студент толық жауап берген кезде негізгі тарихи материалды баяндауда кейбір дәлелсіздіктерге жол береді;
б) баламалы тұжырымдарға баға бере алады;
в) толықтыру сипатындағы қосымша сұрақтарға дұрыс жауап береді.
«С», «С-», «D+», «D-» (қанағаттанарлық)
а) студент нақты материалды білуде кемшіліктерге жол береді, оның жауаптары толық емес және үзінді күйінде келеді;
б) негізгі және қосымша сұрақтарды қамтыған кезде студент дәрістердіңконспектісімен шектеледі;
в) тарихи терминдер мен түсініктерді жетік білмейді.
«FX», «F» (қанағаттанарлықсыз)
а) студент нақты материалды білуде айтарлықтай кемшіліктерге жол береді;
б) негізгі тарихи даталарды білмейді, терминдер мен ұғымдар туралы түсінігі толық емес;
в) материалды нақты және түсінікті баяндай алмайды, оқиғалардың орны мен барысын анықтауды болжай алмайды;
г) толықтыру сипатындағы қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.
Бағаларды анықтау кезіндегі талаптар Білімді бағалаған кезде осы билеттіңсұрақтарына жауаптар ескеріледі;
Кешенді емтихан алушы бағаны негіздейді;
Қорытынды аттестаттауға комиссия мүшелері билет мазмұны бойынша қосымша сұрақтар қоя алады;
Қорытынды баға қорытынды аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің дауысымен қойылады.