Психологиядағы тұлға мәселесі Тұлға түсінігі. Адамға қатысты басқа категория (индивид, субъект, жеке даралық). Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық. Тұлға -әлеуметтік индивид. Тұлға - психикалық құбылыстардың интеграторы.
Тұлға құрылым жайлы түсінік. Тұлға құрылымының негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік қызмет - рөлдері, әлеуметтік жүріс - тұрыс, мотивтер, бағыттылық, мінезі. Тұлға құрылымындағы интеллект және қабілеттілік.
Тұлға теориялары. Тұлғаның "Өзіндік сана" теориясындағы "Мен" бірлігі. Өзін-өзі бағалау және өзіндік қатынас.
Қарым-қатынас пен топтар психологиясы Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері. Қарым-қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, интерактивті, перцептивті; олардың бірлескен іс-әрекет сипаты мен қарым-қатынастағы серіктеспен қатынас сипатымен байланысы.
Қарым-қатынас қиындықтары мен кедергілері. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы. Кинесика және оның компоненттері (ым, ишара, поза, жүріс, көз контактісі, вербальды әрекекттер) қарым-қатынас үрдісінің факторы ретінде.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы: тұлға аралық қабылдау және өзара түсіністік. Қабылдау механизмдері мен эффектілері. Стереотиптілік құлысының мазмұны мен мәні.
Шағын топтардың жіктелуі. Тұлға және топ. Топтағы ережені қалыптастыру. Топтық әсер ету әдістері мен механизмдері. "Конформизм" құбылысы.
Танымдық үрдістер психологиясы Сезімдік таным психологиясы. Түйсік - бейнелеудің алғашқы үрдісі және қоршаған болмысты тану ретінде. Түйсік түрлерінің жіктемесі. Сезгіштік туралы жалпы ұғым және оның динамикасы.
Қабылдау және елес. Қабылдау сезімдік бейнелеудің негізгі үрдісі. Қабылдау қасиеттері. Қабылдаудың жеке дара дамуы, жастық ерекшеліктері.
Елестер мен қиял өткен немесе мүмкін болатын бейнелер ретінде. Елестерде кеңістік пен уақытты бейнелеу. Тануға елестердің қатысуы. Қиял түрлері.
Ес. Ес құбылыстары. Естің түрлері. Естің жеке дара еркешеліктері. Есте сақтаудың психологиялық заңдылығы және негізгі факторлары. Мотивациялық және эмоциялық реакциялар, ішкі дайындалудың ролі. Адамның ес үрдісін ұйымдастырудың негізгі принциптері. Қысқа мерзімді ес. Қысқа мерзімді естің құрылымы мен көлемі. Ұзақ мерзімді ес.
Зейін. Зейін ұғымын анықтау. Зейін теориялары және олардың физиологиялық ерекшеліктері. Зейін түрлері. Зейіннің негізгі қасиеттері. Зейін көлемі. Зейіннің концентрациясы, тұрақтылығы, тербелісі.
Ойлау және сөйлеу. Ойлау туралы ұғым. Ойлау түрлері. Ойлау үрдісінің құрылымы мен динамикасы. Ойлау және оқыту. Ойлау патологиясы. Ойлаудағы жеке дара ерекшеліктер және ойлау типтері. Сөйлеуді психологиялық талдау. Сөйлеу үрдістерінің түрлері. сөйлеу функциялары.