Бағдарламасы келесі пәндер бойынша Археология Қазіргі заман тарихы Тарихты оқыту әдістемесі


Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан



бет13/23
Дата28.03.2023
өлшемі57,58 Kb.
#76874
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
-6В01510-География-Тарих БББ бойынша күндізгі жоғары білім негізінде оқитын студенттерге арналған екінші кешенді емтихан бағдарламасы 2

25. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. Қазақстанда шетел соғыс интервенциясы мен азамат соғысының басталуы. Өлкеде Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы. Шығыс және басқа майдандардың құрылуы. Қазақстан территориясындағы партизан қозғалысы. Уфа директориясы, Комуч, Сібір үкіметі, Алашорда.
26. Қазақстанның Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет. 1990 ж. 25 қазан Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясының жариялануы. Тоталитарлық жүйенің күйреуі. 1991 жылғы «тамыз бүлігі» Кеңестер Одағының ыдырауы. ҚР тұңғыш Президентін сайлау (1991 желтоқсан). 1991 16 желтоқсан «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы. Мемлекеттің қайта жаңғыруы. Қазақстан тәуелсіз мемлекет.
27. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы экономикалық қайта құрулар. Нарықтық қатынастарға өту және оның қиындықтары.Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың стратегиялық бағыттары. Экономикалық мақсаттарға жетудің мезгілдік шеңбері мен кезеңдерін анықтау. Жекешелендірудің алғашқы жылдардағы қорытындысы.
28. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері және бағыттары. Тәуелсіз Қазақстан республикасын әлемдік қоғамдастықтың мойындауы және қазіргі заманғы Қазақстан дипломатиясының қалыптасуы. ҚР сыртқы саяси басым бағыттары. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.
29. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар. 90-жылдардың орта кезінен бастап саяси партиялардың көптеп құрыла бастауы (Халық бірлігі, Дәуірлеу, Аграрлық, Демократиялық, Отан партияларының құлылуы). Көппартиялы парламент.
30. Қазақстан және әлемдік қауымдастық: жаһандану және ықпалдасу жолдары. ЕЫҚҰ. ЕвразЭС. ШОС. Астана экономикалық форумы. Әлемдік діндер съезі. Медиафорум.
3-БЛОК.Тарихты оқыту әдістемесі


1. Тарихты оқытуда оқушылардың құзырлық-біліктілік қабілетін (компетенттілігін) қалыптастыру жолдары. Оқушылардың Қазақстан тарихы пәніндегі танымдық қабілетін дамытуда және білімін сыныптан тыс жұмыстың рөлі. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, түрі және әдістері.Кейбір оқушылардың тапсырманы орындаудағы жекелеген өздік жұмыстары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет