18. Орталық Қазақстанның қола дәуірі археологиялық ескерткіштері. Орталық Қазақстанда Атасу кезеңінің ескерткіштері көп, олар: Қоңырат ауданындағы Былқылдақ, Қарасай, Темірастау, Қарабие қорымдары, Шерубай-Нұра өзені алқабындағы Басбалдақ. Ақсу-Аюлы-1 қорымдары, Бетпақдаланың солтүстік шетіндегі Елшібек, Беласар қорымдары және басқалар. Құрбан шалынатын орындар да Орталык Қазақстандағы (Атасу озені алқабыныңтаулы жерлеріндегі, Нұра, Қарасу, Жарлы, Акбілек езендерінің алқаптарындағы) дамыған коланың өзінше бір үлгідегі ескерткіштері болып табылады.
19. Шығыс Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің аймақтық ерекшеліктері.Шығыс Қазақстанның кола дәуірі ескерткіштері төрт кезеңге белінеді. Олар: Усть-Бөкен кезеңі (біздің заманымызға дейін XVIII—XVI ғасырлада) Қанай кезеңі (біздің заманымызға дейін XV—XIII ғасырлада) Кіші-Красноярка кезеңі (біздің заманымызға дейін XIII—IX ғасырлада) Трушниково кезеңі (біздің заманымызға дейін IX—VIII ғасырлада).
20. Оңтүстік Қазақстанның және Жетісудың қола дәуірі археологиялық ескерткіштерінің жалпы және ерекше жақтары.Жетісуда Андроново мәдениетінің өзіндік нұсқасы бар. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы суреттердің аса үлкен шоғыры Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінен ғана табылды.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қола дәуірі ескерткіштері аздау зерттелген. Оңтүстік Қазақстанда қола дәуірінің ортаңғы кезеңінде жер бетіне қазылмай қойыла салған жұмыр тастардан салынған қоршаулар тән. Олардың пішіні тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша, дөңгелек болып келеді.
21. Тамғалы тас кешені – қола дәуірінің маңызды ескерткіші.Тамғалы петроглифтері немесе Таңбалы — петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі. 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген. Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан. Петроглифтер кездейсоқта табылғанмен, бұл жаңалықтың мәні төмендегідей болды,