Бағдарламасы келесі пәндер бойынша Археология Қазіргі заман тарихы Тарихты оқыту әдістемесі


Шығыс және Солтүстік Қазақстанның тас дәурі археологиялық ескерткіштерінің аймақтық ерекшеліктері



бет4/23
Дата28.03.2023
өлшемі57,58 Kb.
#76874
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
-6В01510-География-Тарих БББ бойынша күндізгі жоғары білім негізінде оқитын студенттерге арналған екінші кешенді емтихан бағдарламасы 2

10. Шығыс және Солтүстік Қазақстанның тас дәурі археологиялық ескерткіштерінің аймақтық ерекшеліктері. Негізінен қазіргі Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы жәдігерлерді біріктіреді. Түрлі тарихи дәуірлерді қамтитын, көлемі бойынша Қазақстандағы аса үлкен топтардың бірін құрайтын, саны жағынан мыңдап саналатын ескерткіштерді зерттеу 19 ғасырда басталды. Оған белгілі ғалымдар.
11. Палеолит және мезолит кезеңдері ескерткіштерінің арасындағы байланыс. Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде көнетас (палеолит) дәуірінің үш аймағы белгілі. Олар: Оңтүстік Қазақстан (Қаратау, Жетісу); Батыс Қазақстан (Маңғыстау, Мұғалжар) және Орталық Қазақстан (Солтүстік Балқаш, Сарыарка). Тас дәуірінің осы үш аймағының өзіндік ерекшеліктері болғанымен, олардағы тас өндірісінің жалпы даму бағыты ұқсас.
Қазақстанның палеолит дәуірінің ескерткіштері екі түрлі: бірінші түрі — бірнеше мәдени қабаттан тұратын ескерткіштер.
12. Мезолит дәуіріндегі адамзаттың негізгі жетістіктері. Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты. Ер адамдар аң аулаумен, ал әйелдер терімшілікпен айналысты. Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау (инициация) ғұрпы арқылы жүзеге асырылып отырды. Мезолит заманының үлкен жаңалығы микролиттер болды, яғни ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды. Микролит деген сөздің мағынасы ұсақ тас дегенді білдіреді.
13. Тас құралдарын жасау технологиясының дамуы. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары – қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар. Алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Тастан жасалған құралдар орта ғасыр мезолитте пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады. Б. з. б 5 мыңжылдықта неолитте тас өңдеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Адамдар неолитте тасты жылтырата тегістеуді үйренді. Неолит кезеңінде еңбек құралдарының жаңа түрлері: дәнүккіш, келі, балта, қайланы ойлап тапты.Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан айырмашылығы – еңбек құралдарын жасай білуі еді. Бұдан 100 мыңнан 13 мың жылға дейін жердің бетін мұз басып жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет