Бағдарламасы келесі пәндер бойынша Археология Қазіргі заман тарихы Тарихты оқыту әдістемесі


Қазақстан территориясында Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті



бет7/23
Дата28.03.2023
өлшемі57,58 Kb.
#76874
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
-6В01510-География-Тарих БББ бойынша күндізгі жоғары білім негізінде оқитын студенттерге арналған екінші кешенді емтихан бағдарламасы 2

22. Қазақстан территориясында Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті — қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9 — 8 ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, мәдениет атауын ғылыми айналымға енгізген академик Ә. Марғұлан. Беғазы-Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңт-нде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен.
23. Темірдің пайда болуы және адамзаттың ерте темір дәуіріне өтуі. Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды.
24. Жетісу және Оңтүстік Қазақстанның ерте темір дәуірі археологиялық ескерткіштері. Б. з. б. I мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан — болжамдардың бірі бойынша тиграхауда-сақтарға баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этномәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды.Сақ өркениеті— Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктерінің бірегей синтезі.
25. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі археологиялық ескерткіштері. Ерте Темір дәуіріңдегі Шығыс Қазақстан Ертедегі темір дәуірі ескерткішінің едәуір бөлігі Шығыс Қазақстанның ең басты су артериясы — Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. Оның сол жақ жағалауындағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және оңтүстік баурайына шоғырланған, ал онаң әрі оңтүстік-батысқа Шыңғыстауға және Тарбағатайдың батыс аудандарына дейін созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет