Бағдарламасы келесі пәндер бойынша Археология Қазіргі заман тарихы Тарихты оқыту әдістемесі



бет5/23
Дата28.03.2023
өлшемі57,58 Kb.
#76874
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
-6В01510-География-Тарих БББ бойынша күндізгі жоғары білім негізінде оқитын студенттерге арналған екінші кешенді емтихан бағдарламасы 2

14. Ботай мәдениеті. Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін кұраған тайпалар қатысты. Оның қалыптасу барысына Шығыс Каспий маңы өңірі мен Онтүстік Оралдың сырттай ыкдал жасағаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В. В. Зайберт ашты. В. Н. Логвин, С. Калиева оның батыстық нұскасын, терсек мәдениетін бөліп көрсетті.
15. Андронов мәдениеті: шығуы және кезеңдеу мәселелері. Андронов мәдениеті, хронологиясы, уақыт межесі. Андронов қауымдастығы. Мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары мен тастағы суреттер – петроглифтер. Андронов қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі аймақтардың бірі Орталық Қазақстан болған. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары мен тастағы суреттер – петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі қабыр табылып зерттелген. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты – оның монументалдығы, мазарларының күрделілігі, тас өндеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
16. Петроглифтер археологиялық дерек ретінде. Петроглифтер Таңбалы шатқалының аса маңызды және көптүрлі ескерткіштерінің бірі болып табылады. Тастағы суреттердің бәрі пикетаж техникасында, кейде ғана темір аспаптың немесе тастың көмегімен ойып жасалатын, бояумен жасалғандары кездеспеген. Тастағы суреттер галереясын арғы ата бабаларымыз орта қола, кеш қола, өтпелі дәуір (ертедегі сақ), ертедегі темір дәуір (сақ және үйсін), ортағасыр (ертедегі түрік) және жаңа заман (жоңғар және қазақ) сияқты әртүрлі тарихи дәуірде құрған. Таңбалы тастағы суреттердің көне және ең әсерлі сериясын құрайтын, орта қола дәуірдің петроглифтары эстетикалық және мәдени құндылықтарға ие.
17. Солтүстік және Батыс Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері. Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген Андроново мәдениеті ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты- бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Батыс аудандарда сақина секілді дөңгелете салынған қоршаулар етек алған. Ерте қола кезеңіне мәйітті өртеп көму рәсімі жатады. Орта қола кезеңінде үй салу, қоныстандыру ісі, өлікті жерлеуді ұйымдастыру, жерлеу ғұрпы біраз өзгерген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет