Бағдарламасы келісілді гпи директоры Абиев Б. К


-тапсырма. Кіші мектеп оқушыларын жан-жақты тәрбиелеудегі мұғалімнің жұмысын оқып-үйрену



бет16/30
Дата06.01.2022
өлшемі0,9 Mb.
#12690
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
4-тапсырма. Кіші мектеп оқушыларын жан-жақты тәрбиелеудегі мұғалімнің жұмысын оқып-үйрену

Педагогикадаға тәрбие дегеніміз әлеуметтік тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа берілуі, ұрпақты қоғамда өмір сүруге дайындау. Әлеуметтік тәжірибе тұлғаның дамуында және қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік тәжірибеге мыналар кіреді:



  • Ғылыми білімдер жүйесі

  • Іс-әрекет түрлері (репродуктивті және продуктивті)

  • Адамның әлеуметтік қарым-қатынастары (қоршаған ортаға, қоғамға, өзге адамдарға және өзіне)

Жан-жақты қалыптасу дегеніміз әлеуметтік тәжірибені меңгеру нәтижесінен оқушы тұлғасындағы интеллектуалдық, адамгершілік, эстетикалық, физикалық қасиеттерінің санды және сапалы өзгерістер процесі.

Тапсырма мақсаты: практиканттардың кіші мектеп оқушыларын жан-жақты тәрбиелеудегі мұғалімнің жұмысын оқып-үйрену жөніндегі білімдерін кеңейту, мұғалімнің оқу іс-әрекетін бақылауға, анализдеуге үйренуін қалыптастыру.

Тапсырманы орындау. Әр практикант бастауыш сынып мұғалімі әр түрлі пәндерден өткізген бірнеше сабақтарға қатысады. Кіші мектеп оқушыларын жан-жақты қалыптастырудағы мұғалімнің іс-әрекетін бақылап, суреттейді. Тапсырманың орындалуы туралы есепте мына сұрақтарды қарастырғаны жөн:


  1. Мұғалім кіші мектеп оқушырында ақыл-ойын тәрбиелеумен, таным процестерін қалыптастырумен жұмыс жасай ма? Мысал келтіру.

  2. Бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырумен жұмыс жасай ма?

  3. Қандай сабақтарда мұғалім эстетикалық тәрбие береді? Нақты мысал келтіру.

  4. Бастауыш сынып мұғалімі сабақтарда физикалық тәрбиемен айналыса ма? Нақты мысалдармен көрсету.

Сонымен қатар практикант-студенттер мұғалімнің кіші мектеп оқушыларының жан-жақты қалыптасуына арналған оқудан тыс жұмыстарын оқып-үйренеді. Ол үшін әр практикант мұғалімнің тәрбие жұмысының жоспарын жеке дәптеріне көшіріп жазып алып, оқып-үйренуі тиіс және де мынадай нәрселерге көңіл бөлуі керек:

  • тәрбие жоспарында көрсетілген тәрбие міндеттерін және олардың оқушы тұлғасының жан-жақты қалыптасуындағы бағыттылығына;

  • бастауыш сынып мұғалімінің оқушылармен тәрбие жұмысының жоспарындағы негізгі бөлімдеріне және оның бағыттылығына;

  • бастауыш сынып мұғалімінің оқушыларға адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, физикалық тәрбиелері бойынша жоспарланған негізгі тәрбиелік іс-шараларна және іс-әрекет түрлеріне.

Ескерту. Тапсырманың орындалғаны туралы есеппен қоса практикант бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие жұмысының көшірілген жоспарын өткізуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет