Бағдарламасы келісілді гпи директоры Абиев Б. К


-тапсырма. Бастауыш сынып мұғалімінің оқушылармен қарым-қатынасын бақылап, өзара қарым-қатынас стилін анықтау



бет18/30
Дата06.01.2022
өлшемі0,9 Mb.
#12690
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
психологиялық-педагогикалық практика ПМНО

7-тапсырма. Бастауыш сынып мұғалімінің оқушылармен қарым-қатынасын бақылап, өзара қарым-қатынас стилін анықтау

Мұғалімнің коммуникативтік ұйымдастырушылық іс-әрекеті:

І. Авторитарлық (императивтік) стиль. Мұғалім оқушылардың көзқарасымен санаспай, өзінің көзқарасын басты етіп көрсетеді. Осы жас кезеңде бастауыш сынып оқушысына мұғалім идеал бейне ретінде көрінеді. Мұғалім осы жағдайды пай даланып, оқушыларға басымдық танытады. Бұйрық түрінде сөйлеседі, қорқытады, жазалайды. Оқушыларды тегімен атайды.

ІІ. Демократиялық стиль. Оқушымен түснісушілік қарым-қатынса орнатуға тырысу, талап қоя білу. Осындай қарым-қатынас стилін ұстанатын мұғалім басқа мұғалімдерден шыдамдылығымен, оқу тактісімен, эмоционалды тұрақтылығының жоғарылығымен ерекшеленеді. Оқушыларға дауыс көтермейді, тегімен атамайды.

ІІІ. Либеральды стиль. Мұғалім өзінің міндеттерін формалды түрде ғана орындайды. Оқушыларға толық бостандық беріп, сабаққа кедергі келтіргендерге мән бермеу арқылы сынып ұжымында оңтайлы қарым-қатынас орнатуға тырысады.

Тапсырма мақсаты: практикант-студенттер бастауыш сынып мұғалімінің оқушылармен қарым-қатынасын бақылап, өзара қарым-қатынас стилін анықтаулары тиіс.

Тапсырманы орындау. Практиканттар сабаққа, тәрбиелік іс-шараларға қатысқанда мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне мән бергені дұрыс. Сонымен қатар үзілісте оқушылармен қалай сөйлеседіндігіне көңіл бөлулері тиіс. Тапсырманың орындалуы туралы есебінде міндетті түрде келесі сұрақтарды көрсетуі тиіс:


  1. Мұғалім оқушыларға қандай талаптар қояды және қандай түрде? 1-2 мысал келтіру.

  2. Оқушылар сабаққа кедергі келтіргенде, тапсырманы орындамағанда, ұқыпсыз болғанда мұғалім қандай ескертулер жасайды және қандай түрде? Мысалдар келтіру.

  3. Оқушылармен қарым-қатынаста мұғалімнің оқу тактісі, эмоционалды тұрақтылығы, сыйластық қарым-қатынасы қандай деңгейде көрінеді?

Практикант-студент тапсырманың орындалуы туралы есебінде мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас стилінің қай түрі басым екендігіне қорытынды жасауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет