Сабақты талдау түрі және негізгі типтері
Мақсаттылық принципі негізінде сабақты талдаудың 4 типін бөледі: 1) толық, 2) кешенді, 3) қысқа, 4) аспектілі.
Әрқайсының түрі бар: дидактикалық, психологиялық, тәрбиелік, әдістемелік, ұйымдастырушылық.
Дидактикалық талдау жасау - негізгі дидактикалық категориялары (сабақтың мақсатын қою, дидактикалық принциптерін сақтау, оқу тақырыбын баяндау логикасы, оқыту үрдісінің логикасы, оқыту әдістері мен құралдарын пайдалану, оқушылардың танымдық қызметін белсендіру сұрақтарын, өзбетіндік жұмыстарды ұйымдастыру, оқыту және тәрбие принциптерін жүзеге асыру) бойынша сабаққа талдау жасауды қарастырады.
Психологиялық талдау сабақтағы - психологиялық жағдайды, мұғалім және оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылар арасындағы қатынасты, мұғалімнің педагогикалық әдеби сұрақтарын, оның оқушыларға жеке қарым-қатынасын, ықпал ету деңгейтін, оқушылардың эмоциялық көңіл-күйін зерттеуді қарастырады.
Тәрбиелік талдау – оқушыларға сабақ тәрбиелік ықпал ету сатысын зерттеу мақсатында жүргізіледі.
Сабаққа әдістемелік талдау – мұғалім мен оқушылардың қызметін, сабақтың негізгі құрылымдық компоненттерінде олардың қызметтеріндегі өзара іс-әрекетін зерттеу қарастырылады.
Сабақтың ұйымдастырушылық аспектісіне талдау жасау – сабақты ұйымдастыру тәсілдерін, сабақта көрнекі құралдардың қамтамассыз етілу деңгейін, сабақта техникалық құралдармен оқытуды тиімді пайдалану, мұғалімдердің құжаттарды жүргізуі, сабақта уақытты тиімді пайдалануы, санитарлық – генетикалық тәртіпті орындау және т.б. зерттеуді қарстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |