Бағдарламасы келісілді гпи директоры Абиев Б. К


-тапсырма. Мектеп құжаттарымен және олардың жүргізілу ретімен танысу



бет17/30
Дата06.01.2022
өлшемі0,9 Mb.
#12690
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
5-тапсырма. Мектеп құжаттарымен және олардың жүргізілу ретімен танысу

Тапсырма мақсаты: практиканттардың мектеп құжаттарының жүргізілу ретімен, құрылымымен және мазмұнымен танысу.

Тапсырманы орындау. Бұл тапсырманы орындау үшін практиканттар сынып оқушыларының жеке құжаттарын, сынып журналын оқып-үйренулері керек. Тапсырманың орындалуы есебінде міндетті түрде осы құжаттардың құрылымын, жүргізілу ретін, мазмұнын көрсетулері керек.
6-тапсырма. Бастауыш сынып мұғалімінің оқу іс-әрекетінің құрылымын оқып-үйрену

Мұғалімнің оқу іс-әрекетінің құрылымы теориялық білім жүйесінен тұрады. Мектептің оқу-тәрбие процесінде бастауыш сынып мұғалімі оқу іс-әрекеттердің мынадай түрлерін орындайды:



  1. диагностикалық жобалау

  2. конструкторлық ұйымдастырушы

  3. коммуникативтік-ұйымдастырушылық

  4. аналитикалық бағалау

  5. ғылыми-зерттеушілік

Тапсырма мақсаты: практиканттардың бастауыш сынып мұғалімінің оқу іс-әрекетінің құрылымын, оның оқу іс-әрекетін бақылай және анализдей алуын қалыптастыру.

Тапсырманы орындау. Практикант-студенттер бастауыш сынып мұғалімінің оқу іс-әрекетін бақылау, анализдеу нәтижесінің негізінде және де мұғаліммен әңгімелесу барысында оның оқу іс-әрекетінің құрылымынанықтаулары керек. Тапсырманың орындалуы туралы есебінде міндетті түрде келесі сұрақтарды көрсетуі тиіс:



  1. Бастауыш сынып мұғалімі кіші мектеп оқушыларының дамуын, тәртіптілігін диагностикалайды ма? Өзінің жұмысын жоспарлаған осы диагностиканың нәтижелерін ескере ме?

  2. Бастауыш сынып мұғалімі оқу-тәрбие жұмыстарының қандай түрлерін жоспарлайды? Мұғалімнің жұмыс жоспарынан мысалдар келтіру.

  3. Кіші мектеп оқушыларының қандай іс-әрекет түрлерін мұғалім басқарады?

  4. Бастауыш сынып мұғалімінің коммуникативтік-ақпараттық іс-әрекеті неден көрінеді?

  5. Мұғалімнің өзінің оқу іс-әрекетіне анализ жасай ма?

  6. Мұғалім ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе ме? Кіші мектеп оқушыларын оқытудағы және тәрбиелеудегі қандай мәселелерін шеше білді? Қазіргі уақытта қандай мәселелермен жұмыс жасауда?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет