Практиканы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Психологиялық-педагогикалық практикасынан өту барысында «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері ІІІ семестрде оқудан босатылмайды. Практика 1 кредит, 30 сағатты қамтиды.
Мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша топ жетекшісі практикант-студенттерді бір-екі адамнан әр сыныпқа бекітеді.
Әрбір практикант практикадан өту барысында бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындау жөнінде жеке күнтізбелік жоспарын құрады. Жеке күнтізбелік жоспар бастауыш сынып мұғалімінің келісімі бойынша құрастырылып, оны практиканың топ жетекшісі бекітеді.
Оқу практикасы барысында практикант-студент мектепте өткізген жұмысының мазмұнын, өзінің бақылауларын, ескертулерін, қорытындыларын, тапсырмалардың орындалғанын тіркеп отыратын практика күнделігін жүргізеді (1-қосымша).
Практиканы бір мектепте өтетін студенттер тобында топ басы сайланады. Топ басы практиканттардың мектепке келуін қадағалайтын журнал жүргізіп, практика жетекшісінің тапсырмаларын орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |