Жоғары оқу орынан бекітілген психологиялық-педагогикалық практиканың жетекшілері:
Білім беруді басқару органдарымен бірлесіп, практика өтетін мектептерді анықтап, практиканың өтілетіндігі туралы бұйрық жобасын дайындайды;
Практикаға жіберілетін студенттерге, практика жетекшілеріне тағайындау және қорытынды конференцияны өткізеді;
Практиканы ұйымдастырып, оның жүргізілуін қадағалайды;
Мектеп әкімшілігімен бірлесіп практикант-студенттерді практикасын өту үшін сыныптарға бөледі;
Бастауыш сынып мұғалімінің оқушылармен жүргізетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруы жайындағы сұрақтар бойынша кеңес береді, оқу практикасы тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады;
Практикант-студенттердің мектептегі жұмыстарын қадағалайды, практикасын ұйымдастырылуындағы және жүргізілуіндегі кемшіліктерді анықтап, оны түзету жұмыстарымен айналысады;
Практиканттардың есеп беру құжаттарын сараптап, практикасын қорғауын ұйымдастырып, бағасын қояды.
Бастауыш сынып мұғалімі:
Практикант-студенттерді өзінің оқу іс-әрекетінің мазмұнымен және ондағы ұстанатын негізгі бағыттарымен таныстырады;
Практиканттарға практикасының тапсырмаларын орындауға көмек көрсетеді;